Университетте студенттер контингенті ДБ жобалау



КІРІСПЕ
1. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ
1.1 Пәндік аймақты сипаттау. Есептің қойылымы
1.2. ERwin программысыда деректер базасын жобалау
1.3 Деректер базасының кестелерінің арасында сілтіме үйлесімдік шарттар
1. INTERBASE/FIREBIRD SQL.СЕРВЕРІНДЕ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН АНЫҚТАУ
2.1. Базада домендер, кестелер, көріністер анықтау
2.2. Кесте кілттерін жобалау: негізгі, альтернативті, индекстік
2.3. Базада генератор, триггерлер, сақталған процедуралар анықтау
3. КЛИЕНТ.СЕРВЕР ҚОСЫМШАНЫ ҚҰРУ
3.1. Delphi МҚ байланысты орнату
3.2. ДБ қосымшаларын дайындау
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
|Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. /1/
Онда:
1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер;
2) күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау;
3) цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
4) ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады.
Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.
Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т.б. жүйелерді басқара алады.
Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату.
1. Архангельский А.Я. Программирование на Delphi - 7-Москва: Бином, 2005.
2. Абдолдина Ф.Н. Delphi ортасында бағдарламалау. Әдістемелік құрал.- ШҚМУ баспасы, Өскемен, 2005.
3. Балапанов Е.Қ, Бөрібаев Б, Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30сабақ Алматы ЖТИ 2005ж.
4. Гофман В.Э, Хоманенко А.Д. Delphi - 6-СПБ:БХВ.2001. /2005
5. Дейт К.Дж. Введение в базы данных. – М.: Изд.дом Вильямс, 2007.
6. Иванова Т.С, Ничушкина Т.Н, Пугачев Е.К. Объектно – ориентирование программирование - Москва: изд.МГТУ Им.Н.Э.Баумана, 2006.
7. Мейірбеков А. Қ. Әлеуметтік сақтандырудың маңызы мен міндеттері.-Алматы.-2006 ж
8. Могилев. А.В, Пак Н.И. Информатика Москва 2005ж.
9. Федотова С.В. Москва: Создание Windows – приложений в среде Delphi, 2008.
10. Уэйт М., Прата С., Мартин Д. Язык СИ. Москва: Мир, 2008.
11. Фаронов В.В. Москва, изд. Нолидж: Работа в среде Delphi, 2009.
12. Фаронов В.В., Шумаков П.В., Delphi 5 – Руководство разработчика БД.
13. Культин Н. Основы программирования в Delphi 7.0 - Санкт-Петербург, 2005.
14. Гофман В. Delphi6/В.Гофман, А.Хомоненко. – Санкт-Петербург: БХВ – Петербург, 2006
15. Фленов М. Delphi 2005 секреты программирования. – Питер, 2006.
16. Харрингтон Д. Проектирование объектно-ориентированных баз данных. Пер. С англ. – М.: ДМК Пресс, 2007.
17. www.rambler.ru
18. www.5ballov.ru
19. www.referat.ru
20 .www.Google.kz

КІРІСПЕ

Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Автоматтандыру - техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. 1
Онда:
1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер;
2) күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау;
3) цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
4) ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады.
Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.
Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т.б. жүйелерді басқара алады.
Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату.
Автоматтандыру - ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты.
Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл.
Автоматтандыру дәрежесі - автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы.
Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйені дамығанн талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер қоры - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры өзінен белгілі бір ережелерге сай құралған деректер жиынтығын құрайды.
Мәліметтер қоры деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Университетте студенттер контингенті ДБ жобалау. Жұмыстың мақсаты: стуленттер тұралы ақпараттарды қадағалап отыратын деректер базасын жобалау. Бұл жүйе арқылы ақпаратты енгізуге, мәліметтерді сақтауға және редактілеуге ыңғайлы..
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде деканат жұмыс бағыттары анықталып, күнделікті қолданылып жүрген бағдарламалық құралдар талданады және автоматтандыруды қажет ететін мәселелер тізбегі анықталады. Әрбір мәселенің орындалуының және басқа мәселелермен байланысының технологиялық схемалары көрсетіледі. CASE-құралы Erwin арқылы тақырыптық мәселелерді моделдеу корсетілген. Реляциялық ДБ қалыптастыру, индекстер анықтау, базада сақталатын триггерлер мен процедураларды анықтау қарастырылады. ERwin (Power Designer, т.с.с.) программасында деректердің ЕR-моделін анықтап, InterBase- ке генерациялаймыз.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде Erwin-де жобаланған деректер базасының схемасы холдана отырып клиент-сервер архитектурасында InterBase SQL-серверде физикалық модель анықталды.
Үшінші бөлімде Delphi ортасынан сервердегі деректер қорына қол жеткізу ұйымдастырылды. Интерфейс, сұраныстар (Запросы) құру, мәліметтерді іздеу, сұрыптау, есептер (Отчеты) жасау жұмыстары қарастырылды. Автопарк кассаларыннда автобустарды бағыттау бағдарламалық қосымшалар құрылды. Delphi жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер басқару жүйесі ) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған Delphi құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.
Қорытынды бөлімінде атқарылған жұмыс бойынша қысқаша талдама келтіріледі: қарастырылған мәселелер, қолданылған құралдар мен технологиялар және әдістер, қол жеткен нәтижелер баяндалған.


1. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ

1.1 Пәндік аймақты сипаттау. Есептің қойылымы

Бұл курстық жұмыстың мақсаты- деректер базасын құру және онымен
жұмыс істеу.Олардың қарым-қатынасын құрып, оларға қойылған талаптарды жүзеге асыру. Қатынастар құру барысында "Реляциялық алгебра"- операциясын қолдандық. Қатынастарда келесі шарттар орындалуы тиіс:
1) Атрибуттарға есім берілуі керек және олардың құрылымы біртекті болуы тиіс.
2) Жолдың реттілігі маңызды емес.
3) Атрибуттардың реттілігі маңызды емес.
4) Қайталанатын жолдары болмауы тиіс.
Сонымен қатар біз SQL-тілін қолдануымыз керек. Бір маңызды қасиет SQL-тілі тек "Реляциялық алгебра" оперциясында ғана істейді. Осы жұмысты іске асыру алдында, қатынас құру схемасын сызып ақиқатқа жақын жолын таңдадық. Оның ең тиімді жолы екі кестені қолдану болып табылады.
Деканаттың жұмысы студенттер туралы автоматтандырылған анықтаманы жасау - еліміздегі жоғарғы оқу орындарының мыңдаған студенттер базасын кішкентай ғана компьютерлік бағдарламаға сыйғызу десе де болады. Университеттің әкімшілігі осыншама күрделі ақпарттарды осындай автоматтандырылған программалық қамтама арқылы реттеп отыр.Жасалынған жоба студенттердің қандай да бір ретпен берілген тізімінен тұрады. Жобадағы берілген деректерді пайдаланып студент жөнінде толық мағлұматтарды алуға болады.
Деканат жұмысын автоматтандырудағы біздің мақсатымыз - өте аз уақыт ішінде студенттер жайлы толық, нақты мәліметтерді алу.Сонымен қатар мәліметтер қорын пайдаланып, Delphi ортасында жұмыс жасай білу керек.
Деканаттың негізгі міндеттері:
Білім алушылардың жеке оқу жоспарының орындалуын ұйымдастыру және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларының орындалуын қадағалау;
Оқу бағдарламасы бойынша айырмашылықтарды есептеп отырады;
Аралық және қорытынды бақылау жүргізу ;
Аралық және қорытынды бақылау бойынша үлгерімін нәтижесін талдау;
Білімгерлердің GPA балын есептеу;
Қойылған мақсаттарға сәйкес анықталған міндеттер:
Есеп жүргізу процесін автоматтандыру және ақпаратты өңдеу;
- Деректер базасының концепциялы модельін әзірлеу ;
Мақсаттық ДБЖБ (СУБД) кеңістігіндегі деректердің сұлба генерациясы
SQL тіліндегі сұраныстардың құрылуы
Деканаттың келесі функцияларды атқарады:
Білімгерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және басқару;
Білімгерлерді академиялық үлгерімінің жазбасы бойынша ақпаратты сақтау және басқару, институт үшін білімгерлердің академиялық жағдайын бағалау, магистрант рейтингісін құру, транскрипт қалыптастыру;
Білімгерлер тізімін координаттау, академиялық топ пен ағымдарды қалыптастыру;
оқытушылар мен құрылымдық бөлімшелерге ақпарат пен есеп ұсыну;
барлық кафедралар үшін академиялық жазбаларды құру процесін, бағаларды қою саясатын басқару.
Университеттің факультет деканаты, қабылдау коммиссиясы, студенттер бөлімі, тестілеу орталығы, факультеттер арасында ақпараттық ресурстарымен алмасуын қамтамасыз ету үшін университеттің бірыңғай корпаративті жүйесін құру қажет. Кіру құжаттары ретінде университет бойынша өкімдер мен бүйрықтар және келесі ақпараттар қолданылады.
oo Оқытушы туралы мәліметтер (жеке, қызметтік тұрғыда);
oo Студент туралы мәліметтер (негізгі, қосымша);
oo Оқу топтары туралы мәліметтер (атауы, адам саны, топ жетекшісі);
oo Мамандық туралы мәліметтер (атауы, енгізу жылы);
Деканат кіріс деректер қызметіне жататындар:
oo Оқытушылар тізімінің есебі (қызметтік мәлімет, жеке мәлімет, ғылыми дәрежелері);
oo Студенттер тізімінің есебі;
oo Студенттердің тегі бойыша тізімінің есебі;
oo Студенттердің түскен жылы бойынша тізімінің есебі;
oo Кураторлар тізімінің есебі;
oo Эдвайзерлер тізімінің есебі;
oo Студенттердің тобы бойынша тізімінің есебі;
oo Кафедра студенттері тізімінің есебі;
oo Топтар тізімінің есебі.

1.2. ERwin программысыда деректер базасын жобалау

ERwin - деректер қорының құрылымын өңдеу құралы. ERwin - WINDOWS - тың графикалық интерфейсінен тұрады, яғни мұнда ER диаграмма салу үшін аспаптар орналасады, соның ішінде деректер моделінің логикалық және физикалық сипаттамасын құру үшін арналған редакторлар және белгілі ДҚБЖ - ның реляциялы түрлерін ұстанады. Erwin - нің көмегімен ДҚ кері жобалау (реинжеринг) немесе құруға болады. ERWiN - де моделдеуде реляциялық ДҚ теориясының базасында немесе IDEF1х методологиясында таратуға болады IDEF1х методологиясы терминология стандарттарын анықтайды, олар ақпаратты моделдеуде және диаграммалардағы типтік элементтердің графикалық бейнелеулері кезінде қолданылады.
Инфологиялық жобалаудың мақсаты - құрылып жатқан ДБ-да сақтауға арналған ақпараттардың адам үшін ыңғайлы жинау әдісін және сол ақпаратты көрсетуді қамтамасыз етеді. Сондықтан деректердің инфологиялық пішіні табиғи ұқсастығы арқылы құрастырмақшы. Инфологиялық пішіннің негізі конструктивтік элементтері маңыз, олардың арасындағы байланыс және олардың қасиеттері (атрибут) болып табылады.
Маңыз - деректер базасында сақтауға арналған ақпараттардың кез-келген нысаны. Маңыздар түрінің ұғымы бірдей заттар, тұлғалар, оқиғалар немесе ой- пікірлер жиынтығына жатады және бір бүтін түрінде беріледі. Маңыздар экземплярлары жиынтықтың нақты болжағышына жатады.
Концептуалды база деректер базасының логикалық жобалаудың негізгі ақпарат көзі болып табылады. Концептуалдық жобалау нәтижесінің бірі қойылған мәселенің ақпараттық моделі - маңыз-байланыс диаграммасы. Бүгінгі таңда осы диаграммаларды өңдеуде қолданылатын құралдардың бірі - ол CASE-технологияларын іске асыратын Erwin ERX бағдарламасы. Erwin диаграммасында (Entity Relationship Diagramm) көрінісі болып табылады.
Erwin бағдарламасында жұмыс жасау барысында терезенің үстіңгі жағында титулды тармақ орналасқан, онда бағдарлама аты, модель атауы, жиынтық (Subject Area) және сақтаулы бейненің атауы (Stored Display) көрсетіледі. Логикалық және физикалық деңгейлер арасында өту үшін құралдар панелінде тізім бар (Сурет 1.2).

Сурет 1.2 Модель анықтау
Бағдарламаның негізгі ортасын жұмыс аймағы алады, онда ER-диаграммасы жасалады.
Бұл тізімнен басқа, құралдар панелінде пернелер де бар (Кесте 9). Erwin бағдарламасының құралдар панелінде орналасқан пернелер
Кесте 1.
Құралдар панеліндегі батырмалар
Перне
Қызметі

Модельдің жасалу, ашу, сақтау мен басылуы

Есептерді генерациялау үшін Report Browser диалогын шақыру

Модельді қарау деңгейін өзгерту: мәндер, атрибуттар, анықтауыш деңгейлері

Модельді қарау масштабын өзгерту

ДБ сызбасының генерациясы, сызбаны модельмен тегістеу және сервер таңдау (тек физикалық модель деңгейінде ғана қолжетімді)

Subject Area моделінің аумақтары арасында ауыстыру

Модельдің элементтерімен тікелей жұмыс жасау үшін бағдарламада қозғалмалы терезе түріндегі құралдар палитрасы (Erwin Toolbox) бар (Сурет-2). Қажетінше құралдар палитрасын экраннан алып және шақыру үшін CTRL-T пернелерінің комбинациясын басуға болады. Диограмма құрмас бұрын домендерін анықтарп алу керек. Доменді анықтау палитрасы да осы терезеде орналасқан. Деректер базасын жобалау кезеңінде EditDomain Dictionary... нұсқауы арқылы атрибуттардың типін анықтауға негіз болатын домендер анықтауға болады (Сурет 1.3).

Сурет 1.3 Домен анықтау терезесі

Модельді құрастыру барысында ол бірнеше деңгейлі детализациядан өтеді. Сондықтан біз мәндер мен атрибуттар деңгейінде сақтаулы бейнелердің екі закладкасын құрып аламыз.
Бас мәзірдің Edit Stored Display Settings пунктін таңдаңыз. Экранда сақтаулы бейнелерді өзгертудің терезесі пайда болады (Сурет 1.4).

Сурет 1.4 Stored Display Settings терезесі

Терезенің жоғарғы бөлігінде модельдің сақтаулы бейнелерінің тізімі орналасқан. Қазіргі уақытта онда Display1 үнсіздігі бойынша жасалатын тек бір бейне бар. Терезенің төменгі бөлігінде модель бейнеленуінің қасиеттерін беруге арналған закладкалары бар бірнеше беттер болады. Тізімнен Атрибуттар деңгейі бейнесін таңдап Logical бетінде Cурет 1.5 көрсетілгендей ауыстырғыштарды орнатыңыз.

Сурет 1.5 Атрибуттар деңгейінің қасиеттерін орнату
Бұл жерден біз логикалық және физикалық деңгейде байланыстардың аттарын, кілттердің аттарын көрсетпей қоюға немесе көрсетуге болады. Енді диаграмманың әр деңгейлі детализациясы бар екі бейне анықталды, мәндер режимінен атрибуттар деңгейіне өту үшін сызбаның төменді жағындағы тиісті закладканың үстінен басып қою жеткілікті (Сурет 1.6).

Сурет 1.6 Сақтаулы бейнелердің закладкалары

Атрибут - маңыздар мінездемесінің аталуы. Оның аталуы нақты маңыз түрі үшін бірегей, бірақ әр - түрлі маңыздар түрлері үшін бірдей болуы керек. Атрибуттарды маңыздар жайлы қандай ақпараттар жиналуы керектігін анықтау үшін қолданылады.
Кілт - атрибуттардың ең төмен жиынтығы, мағынасы жағынан бір мағыналы маңыздардың керек экземплярларын іздеуге болады. Негізгі кілт (PRIMERY KEY) - мәндері кесте жазбаларының ерекшеліктерін қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше жиек. Кестенің кілтіне қойылатын негізгі талап - бір кестеде бірдей жазбалардың болмауын қадағалау. Кесте кілтінің құрамындағы ешбір жиек NULL мәнін қабылдауы мүмкін емес; негізгі кілт кестенің категориялық біртұтастығын (integrity) қамтамасыз етеді. Әр кестенің тек бір ғана негізгі кілті анықталуы мүмкін. Student облыстық нысаны.
Student. Бұл жерде келесі тапсырмаларды көруге болады:
- Prepodavatel - топ кураторына қатысты оқытушының тегі, аты-жөнін қамтиды;
- Student - студент туралы мәліметтер;
- Specialnost - студенттерге арналған мамандықтар туралы мәліметтерді сақтайды. Студенттердің арнайы топтары жатады;
- Gruppa - Prepodavatel, Student, Specialnost. атауларын байланыстырады.

Сурет 1.7. Prepodavatel және Gruppa арасындағы байланыс

Сурет 1.8. Gruppa және Student арасындағы байланыс

Сурет 1.9. Gruppa және Specialnost арасындағы байланыс

Сурет 1.10. Student нысанының сызбанұсқасы

Кесте 2. Домендерді анықтау
Домена логикалық атауы
Доменнің физикалық атауы
Аталық домен
Тегі
Аты
Әкесінің аты
Куәліктің нөмірі
Куәліктің берілген күні
Куәліктің берілген жері
Жанұялық жағдайы
Туған жылы
t_familia
t_imya
t_otchestvo
t_nomer_UL
t_data_vidachi_UL
t_vidano_UL
t_sem_pol
t_data_rojdenia
String
String
String
String
Datetime
String
String
Datetime

Алынған логикалық ДБ моделін физикалық модельге айналдырайық. Бұл үшін әр маңызды кесте түрінде көрсетейік. Маңыз аты осы кестенің аты болып табылады. Әр маңыздың атрибуттары бағандарда сол атпен өзгертіледі. Маңыздардың бірегей идентификаторының құрамына кіретін атрибуттары кестенің бастапқы кілтіне өзгертіледі.

2.3 Деректер базасының кестелерінің арасында сілтіме үйлесімдік шарттар

Маңыздарды байланыстыру барысында сілтеме үйлесімдік шартын орнату - клиент қосымшада мәліметтерді қолданудың бизнес ережелерін көрсететін логикалық конструкциялар болып табылады. Олар базадағы реляциялық кестеге жазба енгізгенде, жазбаны өшіргенде немесе өзгерткенде мәліметтер қорын басқару жүйесінде қандай әрекет орындауы керек екендігін анықтайды. Осылай белгіленген әрекеттер серверде деректердің біртұтас бүтіндік шарттарын қолдайтын триггерлерді анықтау үшін қолданылады. Клиент-сервер архитектурасында бизнес-қағидалар серверге жүктеледі.
Логикалық моделдеу барысында маңыздарды өзара байланыстырғанда қолданылатын ережелер мен әрекеттердің мынадай түрлері бар:
RESTRICT маңыздағы жазбаны өзгертуге (UPDATE), енгізуге (INSERT) немесе өшіруге (DELETE) тыйым салынады.
CASCADE Parent - аналық (басыңқы) маңыздың жазбасын өшіргенде (өзгерткенде), сол жазбаға сілтемесі бар Child - туынды (бағыныңқы) маңыздың барлық сәйкес жазбаларын әсерлі өшіреді (өзгертеді).
SET NULL басыңқы маңыздың жазбасын өшіргенде (өзгерткенде), онымен байланыстағы бағыныңқы маңыздың сыртқы кілт (FOREIGN KEY) атрибуттарына NULL мәні меншіктеледі.
SET DEFAULT жоғарыдағыдай, бірақ NULL мәнінің орнына алдын ала белгіленген келісімді мән меншіктеледі.
NONE ешқандай әрекет орындалмайды.
ERwin ортасында бұл ережелер жазба енгізу, өзгерту және өшіру үшін аналық(Parent) және туынды(Child) маңыздары үшін қатар беріледі. Осылай, әр байланыс үшін алты ереже жиынын анықтауға болады, көрсетілген әрбір ережеге сәйкес сілтеме үйлесімдік шарттары (REFERENTIAL INTEGRITY) мен әсерлі амалдарды (СASCADE) іске асыратын триггерлер анықталады. Бұл ережелердің екі маңызды өзара байланыстырғанда байланыс түріне (Identifying, Non-Identifying: Nulls Allowed, Non-Identifying: NoNulls, Subtype) қатысты үндеусіз қабылданатын мәндерін PLATINUM ErwinTarget Server терезесінде RIDefaults... батырмасын басып шақырылатын Referential Integrity Default Editor терезесінде белгілеп қоюға болады (Сурет 1.11).

Сурет 1.11 Referential Integrity Default Editor терезесі

Біздің Erwin ортасында құрған моделімізде аналық(Parent) маңызға өзгерту үшін ғана рұқсат берілді, жоюға рұқсат берілмейді туынды(Child) маңыз үшін барлығына тыйым салынды.
Мысал ретінде екі маңыз арасындағы байланысты алып қарастырайық (Сурет 1.12):

Сурет 1.12 Маңыздар арасындағы байланыс

маңыз арасындағы Dicsiplina аналық маңыз болса Sessia туынды маңыз.

1. INTERBASEFIREBIRD SQL-СЕРВЕРІНДЕ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН АНЫҚТАУ

2.1. Базада домендер, кестелер, көріністер анықтау

Клиент-сервер технологиясы - жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға - клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер екіге бөлінеді:Бір деңгейдегі желілер,серверлік желілер.Бір деңгейдегі желілерде айырықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі - әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.Бір деңгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі - олардың жұмыс өнімділігінің төмендігі. Ол ресурстардың әр жұмыс станцияларына бөлініп, жұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент, әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр. Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған - оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады.
Клиент-сервер архитектурасы бойынша үлестірілген МҚ-ны құрудың негізгі нұсқалары Клиент-сервер архитектурасы бөлімінде қарастырылатын болады. Дербес МҚ-лар мен олармен жұмыс істейтін қосымшаларды құру және басқару үшін Microsoft фирмасының Access және Visual FoxPro, Borland фирмасының Paradox тәрізді МҚБЖ-лары қолданылады. Корпоративтік МҚ, мысалы Microsoft SQLServer немесе Oracle Server тәрізді МҚ серверінің басқаруымен құрылып, қолданылады, қызмет етеді.
Шешілетін міндеттерді ұйымдастыру мөлшері мен ерекшеліктеріне қарай ақпараттық жүйе келесі конфигурациялардың біріне ие болуы мүмкін:
oo корпоративтік және дербес қорлардан тұратын компьютер-сервер;
oo ДМҚ бар компьютер-сервер мен дербес компьютерлер;
oo ДМҚ бар бірнеше компьютер-серверлер мен дербес компьютерлер.
Клиент-сервер архитектурасын пайдалану біріншіден, кәсіпорынның даму барысында, екіншіден, ақпараттық жүйенің өзінің дамуы барысында кәсіпорынның ақпараттық жүйесін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді.
. Курстық жұмыс тақырыбы бойынша жасаған ERWIN бағдарламасындағы деректер базасын жобалау барысында анықталған метаберектерді пайдаланып жұмысты ары қарай жалғастырамыз, ақпараттық жүйенің деректер қорын Borland InterBase6.5 SQL-серверінде анықтайық.
Жалпы InterBase серверінің іске қосылғандығын Windows-диспетчері арқылы ibquard.exe және ibserver.exe файлдарыныңорындалуы бойынша тексеруге болады (Сурет 2.1). Қажет болсы осы файлдарды белгілеп, Процесті тоқтату батырмасын басу арқылы сервердің жұмысын тоқтатуға болады.

Сурет 2.1 Windows-диспетчер терезесі

InterBase-серверді іске қосу немесе тоқтату үшін InterBase Manager терезесін пайдалануға болады (Сурет 2.2).

Сурет 2.2 InterBase Manager арқылы серверді басқару

Деректер базасын жобалау үшін қолданылатын бағдарлама IBConsol танысайық
StartInterBaseIBConsole
нұсқауы арқылы SQL-сервердің құрамындағыIBConsole утилитасын іске қосамыз Сурет 2.3

Сурет 2.3 IBConsole терезесі

IBConsole - серверді баптау, серверде деректер базасын анықтау және басқаруға қатысты барлық амалдарды іске асыруға болатын және интерактивті режимде серверге SQL-сұраныстарды жазып, орындауға мүмкіндік беретін InterBase пакетінің құрамындағы графикалық утилита болып табылады.
IBConsole утилитасы арқылы SQL-ссрвермен жұмыс icтey үшін (жаңа база анықтау немесе анықталғам базаны тіркеп, өңдеу мақсатында) алдымен өз компьютеріңіздегі жеке (локалды) - Local Server немесе жергілікті желідегі бізден өзге бip компьютердегі (қашықтықтағы) - Remote Server серверді тіркеу керек. Ол үшін утилита терезесінде Server\Register... нұсқауы арқылы Register Server and Connect терезесін ашып, серверді таңдап, SYSDBA пайдаланушысын және оның құпия сөзін - masterkey енгізу керек. Бұл терезе келесі суретте көрсетілген (Сурет 2.4)

Сурет 2.4 Серверді тіркеу терезесі

Серверді тіркеуді аяқтаған соң келесі терезе пайда болады, суретте көрсетілгендей осы жерде базамызды құрамыз (Сурет 2.5)

Сурет 2.5 IBConsole бағдарламасының серверді тіркеген соң ашылатын терезе.
DatabaseRegister арқылы базаны тіркеу терезесі арқылы тіркейміз, базаны тіркеу Сreate Database терезесін келесі суреттен көре аламыз (Сурет 2.6)

Сурет 2.6. Деректер базасын тіркеу терезесі
Екінші кезең - мәліметтер қорының объектілерін құру. Мәліметтер қорына қосылғаннан кейін оған кіретін барлық компоненттерді көреміз. IBConsole құрамында мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін қосымша құрал - SQL-сұраныстармен интерактивті жұмысқа арналған программа Interactive SQL. Оны іске қосу үшін менюден ToolsInteractive SQL командасын таңдау керек. Бұл программа SQL-сұраныстарды жазуға және орындауға, және бірден нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Сол себептен программаның терезесі екі облысқа бөлінеді: жоғарғысы - SQL-сұраныстар облысы және төменгісі - нәтижелер терезесі.
Бізде бар мәліметтер қорында кестелер, индекстер, триггерледі құрамыз.
Домендерді құру.Домен (domain) - математикалық терминде деректер элементінің мүмкін амалдар жиыны. Мәліметтер қорының әр түрлі кестелеріндегі бағандарда бір типті мәліметтер болуы мүмкін. Сонымен қатар осы мәліметтер бақылау түрлері бірдей болуы да мүмкін. Осындай шарттарда мәліметтерді сипаттау және оларды бақылау әдістерін бір рет орындасақ, онда кестелерді сипаттағанда сәйкес мәліметтерді сипаттау атын көрсетсе жеткілікті. Домендер осы мақсатта қолданылады. Домендерге сілтелінетін бағандарды құрмас бұрын, домендердің сипатталуын беру керек. Осы мақсатта CREAT DOMAIN командасы қызмететеді. Оны орындау нәтижесінде кестелерді құру және өзгерту командаларында сілтелінетін шаблондар құрылады.
Енді базада пайдаланылатын домендерді анықтайық. Ол үшін InteractiveSQL терезесінде ERwin программасында анықталған төмендегі дайын домендерді орындаймыз:
CREATE DOMAIN d_data DATE;
CREATE DOMAIN d_integer INTEGER;
CREATE DOMAIN d_char25 CHAR(25);
CREATE DOMAIN d_char50 CHAR(50);
CREATE DOMAIN d_char10 CHAR(10);
Кестелердің көбісі мәліметтердің идентивті типтерінен тұратын болса домендерді қолдану ыңғайлы.
Сурет 2.6 деIBConsole программасында домендер енгізгеннен кейінгі терезе көрсетілген.

Сурет 2.6 Домендерді құрғаннан кейінгі IBConsole терезесі

Кестелерді құру.Кестелерді құруға көшпес бұрын мәліметтер қорын жобалауды және кестелерді нормализациялауды орындау керек.
Ары қарай қандай кестелерді және қандай бағандармен құру керек екендігін анықтап аламыз. Қажетті домендер жиынтығын құрып алып, содан кейін кестелерді сипаттаудың физикалық енгізуге кірісуге болады.Келесі кодта Fakultet кестесін құру жолы көрсетілген:
IBConsole терезесінде белседі Dekanat7.GDB базасында кестелерді анықтау үшін Erwin ортасында дайындалған операторлар негізінде анықталған SQL-скрипті пайдаланамыз, яғни InteractiveSQL терезесінде төмендегі операторларды орындаймыз:

CREATE TABLE student (
kod_student d_integer NOT NULL,
kod_spesialnost d_integer,
FIO d_integer,
Adres d_integer
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
);

CREATE TABLE Fakultet (
Cod_fak D_Char4 NOT NULL,
Fаkultet D_Char50
);

CREATE UNIQUE INDEX XPKFakultet ON Fakultet
(
Cod_fak
);
CREATE UNIQUE INDEX XAK1Fakultet ON Fakultet
(
Fokultet

CREATE TABLE kafedra (
kod_kafedra d_integer NOT NULL,
nazvanie_kafedra CHAR(18)
);

2.2. Кесте кілттерін жобалау: негізгі, альтернативті, индекстік

Реляциялық ДББЖ-де кестелердің байланысын көрсету үшін оларды өзара байланыстыру (relationship) амалын қолданады, бұл деректер базасына енгізілген мәліметтердің үйлесімділігін және деректер қорының бүтіндігін қадағалауға, сондай-ақ мәліметтер қорын өңдеу барысында қажетті деректерді тез табуға, жылдам оқуға, көруге, өзгертуге, теріп (таңдап) алуға және қорытынды құжаттарды оңай дайындауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандай деректер базасының екі кестесінің арасында бір-біріне тәуелділік қатысы болуы мүмкін; өзара байланыстағы екі кестенің біреуі master - аналық (негізгі, басыңқы), екіншісі detail - туынды (қосымша, бағыныңқы) кесте болып табылады. Реляциялық деректер базасында кестелер байланысының негізгі үш түрі кездеседі (1.2-кесте):
oo бірге-бір (1:1) - one-to-one relationship;
oo бірге-көп (1:М) - one-to-many relationship немесе көпке-бір (М:1);
oo көпке-көп (М:М немесе M:N) - many-to-many relationship.
oo Бірге-бір байланысы (1:1) екі кестенің де байланыстырушы жиектері олардың кілті болған жағдайда орын алады, сондықтан бұл кестелердің дәрежелері өзара бірдей. Бұл байланыс деректер базасында сирек қолданылады, себебі ЭЕМ жадын тиімді пайдалану және кестелердегі деректерді оқуды жылдамдату мақсатында мұндай кестелерді бір кестеге біріктіруге болады.
oo Деректер базасын өңдеуді тездету, әртүрлі деңгейдегі қолданушылардың тек өзіне қажетті деректермен ғана жұмыс істеуі арқылы олардың жұмысын жеңілдету және жылдамдату мақсатында кейде бір кестедегі деректерді әдейі екі немесе одан да көп бірнеше кестелерге жіктеуге болады, мысалы, бір мекеменің жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы деректер қорын құру керек болсын: ғылыми жұмыстың тақырыбы, мақсаты, шифры, басталған күні, аяқталған күні, зерттеу кезеңдерінің саны, басты орындаушы, қосымша мәліметтер. Бұл деректердің кейбіреуі құпия, кейбіреулері - жалпыға ортақ пайдалану мақсатында болса, оларды екі кестеге жіктеген дұрыс; мысалы, құпия деректерді - жұмыстың шифрын, тақырыбын және басты орындаушыны бір кестеге, қалғандарын - екінші кестеге. Мұндай екі кесте жұмыс шифры атрибуты арқылы байланыстырылады, әрине бірінші кестені рұқсаты жоқ қолданушылардан қорғау керек болады.
oo Көпке-бір байланысы (М:1) негізгі және қосымша кестені анықтау барысына байланысты деректер базасында кеңінен қолданылатын бірге-көп байланысының (1:М) бір түрі болып табылады.
oo Негізгі кілт (PRIMERY KEY) - мәндері кесте жазбаларының ерекшеліктерін қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше жиек. Кестенің кілтіне қойылатын негізгі талап - бір кестеде бірдей жазбалардың болмауын қадағалау. Кесте кілтінің құрамындағы ешбір жиек NULL мәнін қабылдауы мүмкін емес; негізгі кілт кестенің категориялық біртұтастығын (integrity) қамтамасыз етеді. Әр кестенің тек бір ғана негізгі кілті анықталуы мүмкін. Кестенің кілті жазбалардың ерекшеліктерін бақылаумен қатар басқа кестелермен байланыс орнату ҥшін де қолданылады. Негізгі кілт бойынша деректер базасын басқару жҥйесі өздігінен керекті жазбаларды теріп алуды жылдамдататын индекс анықтайды, сондықтан кестенің кілті болып тұрған жиек (жиектер) бойынша арнайы индекс анықтауға болмайды. Кейде кесте жиектерінен негізгі кілт бола алатын жиекті немесе жиектерді белгілеу қиын болуы мҥмкін, мҧндайда кестеге бүтін мәнді жасанды негізгі кілт енгізіледі. Бүтін мәнді негізгі кілттің мәнін генератор арқылы енгізуге болады.
Құрған базадағы негізгі кілтімізді мысалға келтіре аламыз. Fakultet кестесіндегі негізгі кілт.

ALTER TABLE Fakultet
ADD PRIMARY KEY (kod_ fakultet);

Ерекше (UNIQUE) кілт. Кестеде негізге кілтпен қатар ерекше кілт анықтауға болады. Ерекше кілт те негізгі кілт сияқты өзара бірдей емес әртүрлі мәндер қабылдап, кесте жолдарының бірдей болмауын, яғни кестеде жазбалардың қайталанбауын қадағалайды. Ерекше кілт негізгі кілт сияқты базадағы кестелермен байланыс үшін қолданылуы мүмкін - оған өзінің немесе өзге кестелердің сыртқы кілттері сілтеме жасауы мүмкін. Кестеде бірнеше ерекше кілт анықталуы мүмкін. Ерекше кілт бойынша да жүйеде өздігінен индекс анықталады, сондықтан мұндай құрылымды индексті арнайы анықтаудың қажеті жоқ.

CREATE UNIQUE INDEX XAK1Fakultet ON Fakultet

Сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер қорының физикалық моделін құру
Оқу - тәрбие жұмыстары және педагогикалық жүктеме
Қазақстанның жоғарғы оқу орындары
Бағдарламалау аймағын таңдау және негіздеу
Орта білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану әдістемесі
Ақпараттық жүйе құру арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру
Отандық білім беру
Кәсіби құзыреттілік және кәсіби құзыреттілік
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері
Қазақстанның Болон жүйесіне қосылуы
Пәндер