Студенттің сабаққа қатысу деректер қорының қосымшасын бағдарламалау



КІРІСПЕ
І Пәндік аймақтың мәліметтер қорын жобалау және анықтау
1.1 Мәселенің қойылымы. Автоматтандырылатын тақырыпты талдау және модельдеу
1.2 CASE.құралдары арқылы пәндік аймақтың мәселелеріне қатысты деректер модельін құру.
1.3 Заманауи ДҚБЖ.де мәліметтер қорын анықтау (кестелер, домендер, индекстер, байланыстар және т.б.)
2. Мәліметтер қорнының қосымшаларын бағдарламалау
2.2 Мәліметтер қорының деректерін басқару (деректерді енгізу, өзгерту, жою, іздеу
3. Мәліметтер қорының деректерін қорғау
3.1 Программалау ортасында деректерді қорғау әрекеттер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану.
Онда:
1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер;
2) күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау;
3) цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
4) ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады.
Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.
Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т.б. жүйелерді басқара алады.
Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату.
1. Архангельский А.Я. Программирование на Delphi - 7-Москва: Бином, 2005.
2. Абдолдина Ф.Н. Delphi ортасында бағдарламалау. Әдістемелік құрал.- ШҚМУ баспасы, Өскемен, 2005.
3. Балапанов Е.Қ, Бөрібаев Б, Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30сабақ Алматы ЖТИ 2005ж.
4. Гофман В.Э, Хоманенко А.Д. Delphi - 6-СПБ:БХВ.2001. /2005
5. Дейт К.Дж. Введение в базы данных. – М.: Изд.дом Вильямс, 2007.
6. Иванова Т.С, Ничушкина Т.Н, Пугачев Е.К. Объектно – ориентирование программирование - Москва: изд.МГТУ Им.Н.Э.Баумана, 2006.
7. Мейірбеков А. Қ. Әлеуметтік сақтандырудың маңызы мен міндеттері.-Алматы.-2006 ж
8. Могилев. А.В, Пак Н.И. Информатика Москва 2005ж.
9. Федотова С.В. Москва: Создание Windows – приложений в среде Delphi, 2008.

КІРІСПЕ
Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Автоматтандыру - техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану.
Онда:
1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер;
2) күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау;
3) цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
4) ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады.
Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.
Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т.б. жүйелерді басқара алады.
Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату.
Автоматтандыру - ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты.
Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл.
Автоматтандыру дәрежесі - автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы.
Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйені дамығанн талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер қоры - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры өзінен белгілі бір ережелерге сай құралған деректер жиынтығын құрайды.
Мәліметтер қоры деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
Курсттық жұмыстың тақырыбы: Студенттің сабаққа қатысу деректер қорының қосымшасын бағдарламалау.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде деканат жұмыс бағыттары анықталып, күнделікті қолданылып жүрген бағдарламалық құралдар талданады және автоматтандыруды қажет ететін мәселелер тізбегі анықталады. Әрбір мәселенің орындалуының және басқа мәселелермен байланысының технологиялық схемалары көрсетіледі. CASE-құралы Erwin арқылы тақырыптық мәселелерді моделдеу корсетілген. Реляциялық ДБ қалыптастыру, индекстер анықтау, базада сақталатын триггерлер мен процедураларды анықтау қарастырылады. ERwin (Power Designer, т.с.с.) программасында деректердің ЕR-моделін анықтап, InterBase- ке генерациялаймыз.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде Erwin-де жобаланған деректер базасының схемасы холдана отырып клиент-сервер архитектурасында MySQL-серверде физикалық модель анықталды.
Үшінші бөлімде phpMyAdmin ортасынан сервердегі деректер қорына қол жеткізу ұйымдастырылды. Интерфейс, сұраныстар (Запросы) құру, мәліметтерді іздеу, сұрыптау, есептер (Отчеты) жасау жұмыстары қарастырылды. Ұсынылып отырған phpMyAdmin құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.
Қорытынды бөлімінде атқарылған жұмыс бойынша қысқаша талдама келтіріледі: қарастырылған мәселелер, қолданылған құралдар мен технологиялар және әдістер, қол жеткен нәтижелер баяндалған.

Пәндік аймақтың мәліметтер қорын жобалау және анықтау
1.1 Мәселенің қойылымы. Автоматтандырылатын тақырыпты талдау және модельдеу

Деканаттың жұмысы студенттер туралы автоматтандырылған анықтаманы жасау - еліміздегі жоғарғы оқу орындарының мыңдаған студенттер базасын кішкентай ғана компьютерлік бағдарламаға сыйғызу десе де болады. Университеттің әкімшілігі осыншама күрделі ақпараттарды осындай автоматтандырылған программалық қамтама арқылы реттеп отыр. Жасалынған жоба студенттердің қандай да бір ретпен берілген тізімінен тұрады. Жобадағы берілген деректерді пайдаланып студент жөнінде толық мағлұматтарды алуға болады.
Оқу орындарының нәтижелі жұмыс жасауы үшін мәліметтерді жинау, сақтау, жөндестіру және өңдеу процестерін автоматтандыруға арналған мүкіндіктері зор ақпараттық жүйе қажет. Жоғарғы оқу орындарын басқару жүйелерінің дәстүрлі программалық ішкі жүйелері: Абитурент, Кадрлар, Оқыту бағдарламалары, Стипендия, Сессия, Оқытушылардың жүктемесі, Аралық үлгерім т.б. Мұндай программалар көптеген жоғарғы оқу орындарында қолданылады. Дегенмен, ол жүйелердің ол қылықтары да аз емес, әлде де болса зерттеуді, жаңартуды талап етеді.
Осы жұмыста кафедраның оқу процесін басқару жұмыстарының іс-қағаз айналымын автоматтандыру мақсатында деректер қорын құру жұмысы және осы декектер қоры негізінде Оқыту бағдарламасын жасау жолдарын автоматтандыру қарастырылады.
Ақпараттық жүйелерді фирмалар мен ұйымдардың қолдануы олардың қазіргі таңдағы ұйымдық әкімшілік басқарудағы деңгейін анықтайды.
Қазіргі кезде көптеген мекемелерді автоматтандыру маңызды орын алады. Соның ішінде сабаққа қатысу көрсеткішін автоматтандыру маңызды.
Сабаққа қатысу көрсеткіші ЖОО оқиытын студентің білім алу барысында өте маңызды роль атқарады. Бұл процессті автоматтандыру арқылы біз қол жеткізетін нәтижелер:
1.Уақыт үнемдеу
2.Сараптама жасауға ыңғайлылығы
3.Сабаққа қатысу көрсеткіші төмен студентті және ата аналарын автоматты түрде хабарлама жіберу

1.2 CASE-құралдары арқылы пәндік аймақтың мәселелеріне қатысты деректер модельін құру.
CASE-құралдары дегеніміз - бұл ақпараттың жүйелерді құрастыру және оларға ілесе жүру үдерістерін қолдайтын программалық құралдар, оларға келесілер жатады: талаптарды талдаудан өткізу және тұжырымдау, мәліметтер қоры мен қосымшаларды жобалау, кодты генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз ету, конфигурациялық басқару, және тағы сол сияқты ақпараттық жүйені дайындау және іс жүзінде дұрыс қолданылуын қадағалауды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар деп түсінеміз.
CASE-жүйе белгілі қызметтік мақсаты бар және біртұтас программалық өнім шеңберінде орындалған CASE-құралдардың жинағы болып келеді.
CASE-жүйелері мен құралдарының негізгі мақсаты - программалық қамтамасыз етудің жобалануын, оны кодтау мен кейінгі жасау кезеңдерінен бөліп алу, сондай-ақ программалық жүйелерді құрудың бүкіл үдерісін автоматтандыру болып табылады.
CASE-технология ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдіснамасы ретінде көрсетіледі. CASE-технологиясы дегеніміз - бұл сонымен қатар тақырыптық саланы үлгілеуге, оның үлгісін ақпараттық жүйені әзірлеу мен оған ілесе жүрудің барлық кезеңдерінде талдаудан өткізіп отыруға және пайдаланушыларға арнап қосымшаны жасауға мүмкіндік беретін саймандық құралдар.

MySQL операторлары және phpMyAdmin
phpMyAdmin - PHP тілінде жазылған web-программа және MySQL жүйесін басқаруға арналған web-интерфейс.Ол арқылы браузерді пайдаланып MySQL серверін басқаруға, SQL командаларын орындауға, деректер қорындағы кестелердегі жазбаларды өңдеуге болады.
phpMyAdmin нің кең қолданылатын себебі - осы интерфейс арқылы SQL операторларын қолмен жазып отырмай-ақ MySQL жүйесін оңай басқаруға болады.
Яғни phpMyAdmin арқылы дереқорды,оның кестелерін,жазбаларды жасауға, оларды өңдеуге,жойып жіберуге, дерекқорды бір орыннан келесі орынға көшіруге,кез келген операциялар кезінде кеңесін пайдалануға болады.
Бір сөзбен айтқанда, phpMyAdmin сайт жасаушылардың ең негізгі сайманы.Сондықтан қасықты қалай пайдалансаңыз, бұл құралды да солай жақсы меңгеру керек.Және оны үйрену оп-оңай!
SQL операторлары.
SQL (Structured Query Language - Құрылымдалған Сұраныстар Тілі) ОПЕРАТОРЛАРДАН - НҰСҚАУЛАРДАН - ЕСЕПТЕЛІНЕТІН ФУНКЦИЯЛАРДАН құралған жиынтық.
SQL операторлары ортақ келісілген программа жазу стилі бойынша бас әріптермен жазылады.
Оларды мынадай топтарға бөлуге болады:
- Деректерді анықтайтын операторлар
. CREATE объектіні жасайды
. ALTER объектіні өзгертеді
. DROP объектіні жояды
- Деректермен әртүрлі әрекеттер жасайтын операторлар
. SELECT берілген шарт бойынша деректерді оқиды
. INSERT жаңа деректерді қорға қосады
. UPDATE қордағы деректерді өзгертеді
. DELETE деректерді жояды
- Деректерге рұқсат берумен айналысатын операторлар
. GRANT пайдаланушыларға объектімен белгілі бір операциялар төңірегінде рұқсатты айқындайды
. REVOKE бұрын берілген рұқсаттарды қайтарып алады
. DENY берілген рұқсаттың басымдылығын айқындап, оны жоққа шығарады
- Транзакцияларды басқаратын операторлар
. COMMIT транзакцияны қолданады
. ROLLBACK транзакцияға ұшыраған өзгерістерді бұрынғы қалпына келтіреді
. SAVEPOINT транзакцияны кішкене бөлшектерге бөледі
SQL операторларымен таныс болдыңыздар.Олай болса келесі қадамға көшейік, яғни енді осы операторларды қалай пайдалануды үйренейік.
Денвер пакетін жүктеу сабағында жаңа деректер қорын жасаған болатынмын - оны "mylessons" деп атағанмын.
Сонымен, StartDenwer ді түртіп жібердім,екі қара окно жүгіріп өтті.Сосын браузерді аштым да localhosttoolsphpmyadmin деп жазамын.Сосын ENTERді басамын.

Енді mylessons ды үстінен түртіп жіберіп, келесі окноға түсеміз.Бұл жерде дерек қорды құрайтын кестелерді жасауға көшеміз.
.Алдымен,"classes"- ол мысалға әзірше 5 өрістен тұрады делік, керек кезде өрістерді кестелерге еш залалсыз көбейтіп не болмаса азайтып отыруға әбден болады.Сонымен "classes" кестесін жасау үшін "Имя" жанындағы өріске "classes" деп, ал "Количество столбцов" дегеннің жанындағы өріске "5" санын жазамыз.Сосын ОК ді басамыз:

OK ді түрткен соң бос өрістер көрсетілген жаңа бет пайда болады.Өрістерді толтыру үшін мына келесі кестедегі алдыңғы 4 бағандағы мәндерді пайдаланамыз.

Өріс_Аты
Типі
ҰзындығыМәні
A_I
Сипаттамасы
id
INT
5
Қанат Белгі қою
Автоматты түрде жүйе өзі белгілейтін рет саны,жазба қайталанбас үшін керек
teacher
INT
20

мұғалімнің жазылатын өріс атауы
subject
INT
25

пәннің аты жазылатын өріс атауы
room
INT
40

аудитория аты жазылады
student
INT
15

студенттің аты-жөні жазылады

Ол бетте тек сары түспен боялған өрістерді толтырамыз, яғни өрістерді сипаттаймыз.Сосын СОХРАНИТЬ түймесін басамыз :
Енді жазбаларды жасауға кірісеміз- олай істеу үшін төмендегі суретте көрсетілген ВСТАВИТЬ түймесін басамыз.

Осылайша қалағанымызша жазбаларды жаза береміз.Ал егер олар ұнамай қалса, ол жазбаларды төменде көрсетілген сурет бойынша өзгертуге, жоюға не болмаса басқа бір жазбаға көшіруге болады.Тек өзгеріске ұшырайтын жазба алдына қанат белгісін салуды ұмытпаңыз!
Ал егер жазбаларға қосымша өрістер қосқыңыз келсе, не болмаса оларды өзгерту, ия болмаса жойғыларыңыз келсе келесі 2 суретте көрсетілгендей әрекет жасаңыз.Бірінші суретте СТРУКТУРА-яғни жазбаның құрылымы сипатталған бетке кіресіз, екінші суретте осы құрылым бетіндегі өрістің жанына қанат белгісін салып оны өзгерте, не болмаса жоя аласыз.

Ал тағы өрістер қосқыңыз келсе, сары жолақтағы көрсетілген әрекетерді жасасаңыз болғаны:
Осылайша қалаған мөлшерде "targu" кестесінің жазбаларын толтырып аламыз.

ERwin - деректер қорының құрылымын өңдеу құралы. ERwin - WINDOWS - тың графикалық интерфейсінен тұрады, яғни мұнда ER диаграмма салу үшін аспаптар орналасады, соның ішінде деректер моделінің логикалық және физикалық сипаттамасын құру үшін арналған редакторлар және белгілі ДҚБЖ - ның реляциялы түрлерін ұстанады. Erwin - нің көмегімен ДҚ кері жобалау (реинжеринг) немесе құруға болады. ERWiN - де моделдеуде реляциялық ДҚ теориясының базасында немесе IDEF1х методологиясында таратуға болады IDEF1х методологиясы терминология стандарттарын анықтайды, олар ақпаратты моделдеуде және диаграммалардағы типтік элементтердің графикалық бейнелеулері кезінде қолданылады.
Сабаққа қатысу көрсеткіші деректер базасын орындағанда мынанадй маңыздарды қолданамыз
subjects (id, name)
classes (id, teacher, subject, room, date, student, cause, bool)
users ( id, login, password, name, surname, email, statusld)

Кілт - атрибуттардың ең төмен жиынтығы, мағынасы жағынан бір мағыналы маңыздардың керек экземплярларын іздеуге болады. Негізгі кілт (PRIMERY KEY) - мәндері кесте жазбаларының ерекшеліктерін қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше жиек. Кестенің кілтіне қойылатын негізгі талап - бір кестеде бірдей жазбалардың болмауын қадағалау. Кесте кілтінің құрамындағы ешбір жиек NULL мәнін қабылдауы мүмкін емес; негізгі кілт кестенің категориялық біртұтастығын (integrity) қамтамасыз етеді. Әр кестенің тек бір ғана негізгі кілті анықталуы мүмкін.
Бұл жерде келесі тапсырмаларды көруге болады:
- classes - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттің сабаққа қатысу деректер қорының қосымшасын программалау
Университетте студенттер контингенті ДБ жобалау
Студенттердің сабаққа қатысу және үлгерімін есепке алу ақпараттық жүйесін жобалау
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі - мәтінді талдау
Электрондық есептеуіш машинаның мүмкіндіктері
Мәліметтер қорының жіктелуі
Балабақша деректер қоры
Тестілеу бағдарламасы туралы жалпы мағлұмат
Dekanat деректер қорының үлгілерін құру
Пәндер