Студенттің сабаққа қатысу деректер қорының қосымшасын программалау


КІРІСПЕ

Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.

Автоматтандыру - техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану.

Онда:

1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер;

2) күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау;

3) цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;

4) ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады.

Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.

Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т. б. жүйелерді басқара алады.

Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату.

Автоматтандыру - ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты.

Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл.

Автоматтандыру дәрежесі - автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы.

Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйені дамығанн талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.

Мәліметтер қоры - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры өзінен белгілі бір ережелерге сай құралған деректер жиынтығын құрайды.

Мәліметтер қоры деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.

Курсттық жұмыстың тақырыбы : Студенттің сабаққа қатысу деректер қорының қосымшасын бағдарламалау.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде деканат жұмыс бағыттары анықталып, күнделікті қолданылып жүрген бағдарламалық құралдар талданады және автоматтандыруды қажет ететін мәселелер тізбегі анықталады. Әрбір мәселенің орындалуының және басқа мәселелермен байланысының технологиялық схемалары көрсетіледі. CASE-құралы Erwin арқылы тақырыптық мәселелерді моделдеу корсетілген. Реляциялық ДБ қалыптастыру, индекстер анықтау, базада сақталатын триггерлер мен процедураларды анықтау қарастырылады. ERwin (Power Designer, т. с. с. ) программасында деректердің ЕR-моделін анықтап, InterBase- ке генерациялаймыз.

Курстық жұмыстың екінші бөлімінде Erwin-де жобаланған деректер базасының схемасы холдана отырып «клиент-сервер» архитектурасында MySQL-серверде физикалық модель анықталды.

Үшінші бөлімде phpMyAdmin ортасынан сервердегі деректер қорына қол жеткізу ұйымдастырылды. Интерфейс, сұраныстар (Запросы) құру, мәліметтерді іздеу, сұрыптау, есептер (Отчеты) жасау жұмыстары қарастырылды. Ұсынылып отырған phpMyAdmin құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.

Қорытынды бөлімінде атқарылған жұмыс бойынша қысқаша талдама келтіріледі: қарастырылған мәселелер, қолданылған құралдар мен технологиялар және әдістер, қол жеткен нәтижелер баяндалған.

  1. Пәндік аймақтың мәліметтер қорын жобалау және анықтау

1. 1 Мәселенің қойылымы. Автоматтандырылатын тақырыпты талдау және модельдеу

Деканаттың жұмысы студенттер туралы автоматтандырылған анықтаманы жасау - еліміздегі жоғарғы оқу орындарының мыңдаған студенттер базасын кішкентай ғана компьютерлік бағдарламаға сыйғызу десе де болады. Университеттің әкімшілігі осыншама күрделі ақпараттарды осындай автоматтандырылған программалық қамтама арқылы реттеп отыр. Жасалынған жоба студенттердің қандай да бір ретпен берілген тізімінен тұрады. Жобадағы берілген деректерді пайдаланып студент жөнінде толық мағлұматтарды алуға болады.

Оқу орындарының нәтижелі жұмыс жасауы үшін мәліметтерді жинау, сақтау, жөндестіру және өңдеу процестерін автоматтандыруға арналған мүкіндіктері зор ақпараттық жүйе қажет. Жоғарғы оқу орындарын басқару жүйелерінің дәстүрлі программалық ішкі жүйелері: Абитурент, Кадрлар, Оқыту бағдарламалары, Стипендия, Сессия, Оқытушылардың жүктемесі, Аралық үлгерім т. б. Мұндай программалар көптеген жоғарғы оқу орындарында қолданылады. Дегенмен, ол жүйелердің ол қылықтары да аз емес, әлде де болса зерттеуді, жаңартуды талап етеді.
Осы жұмыста кафедраның оқу процесін басқару жұмыстарының іс-қағаз айналымын автоматтандыру мақсатында деректер қорын құру жұмысы және осы декектер қоры негізінде Оқыту бағдарламасын жасау жолдарын автоматтандыру қарастырылады.

Ақпараттық жүйелерді фирмалар мен ұйымдардың қолдануы олардың қазіргі таңдағы ұйымдық әкімшілік басқарудағы деңгейін анықтайды.

Қазіргі кезде көптеген мекемелерді автоматтандыру маңызды орын алады. Соның ішінде сабаққа қатысу көрсеткішін автоматтандыру маңызды.

Университеттің факультет деканаты, қабылдау коммиссиясы, студенттер бөлімі, тестілеу орталығы, факультеттер арасында ақпараттық ресурстарымен алмасуын қамтамасыз ету үшін университеттің бірыңғай корпаративті жүйесін құру қажет. Кіру құжаттары ретінде университет бойынша өкімдер мен бүйрықтар және келесі ақпараттар қолданылады.

  • Оқытушы туралы мәліметтер (жеке, қызметтік тұрғыда) ;
  • Студент туралы мәліметтер (негізгі, қосымша) ;
  • Оқу топтары туралы мәліметтер (атауы, адам саны, топ жетекшісі) ;
  • Мамандық туралы мәліметтер (атауы, енгізу жылы) ;

Деканат кіріс деректер қызметіне жататындар:

  • Оқытушылар тізімінің есебі (қызметтік мәлімет, жеке мәлімет, ғылыми дәрежелері) ;
  • Студенттер тізімінің есебі;
  • Студенттердің тегі бойыша тізімінің есебі;
  • Студенттердің түскен жылы бойынша тізімінің есебі;
  • Кураторлар тізімінің есебі;
  • Эдвайзерлер тізімінің есебі;
  • Студенттердің тобы бойынша тізімінің есебі;
  • Кафедра студенттері тізімінің есебі;
  • Топтар тізімінің есебі.

Сабаққа қатысу көрсеткіші ЖОО оқиытын студентің білім алу барысында өте маңызды роль атқарады. Бұл процессті автоматтандыру арқылы біз қол жеткізетін нәтижелер:

1. Уақыт үнемдеу

2. Сараптама жасауға ыңғайлылығы

3. Сабаққа қатысу көрсеткіші төмен студентті және ата аналарын автоматты түрде хабарлама жіберу.

Студенттің сабаққа қатысу көрсеткіші жұмысының кіріс ақпараттарына кіретіндер:

  • Біріншіден құрылған сайтқа мұғалімдер жайлы мәліметтер тіркелуі қажет. Тіркеу барысында әр мұғалімнің логин және құпия сөзі болады.
  • Студенттер мен пән атаулары тіркеледі.
  • Студенттердің сабаққа қатысу көрсеткіші - Мұғалімдер құрылған сайт арқылы студенттің қай сабақтан, қай аудитория, қай күнде, қандай себеппен қалғанын белгілеу мүмкідігі.
  • Студенттер жайлы ақпарат алу
  • Семестр сайын студенттердің сабаққа қатысу көрсеткішін алу

Студенттің сабаққа қатысу көрсеткіші жұмысының кіріс ақпараттарына кіретіндер:

  • Біріншіден құрылған сайтқа мұғалімдер жайлы мәліметтер тіркелуі қажет. Тіркеу барысында әр мұғалімнің логин және құпия сөзі болады.
  • Студенттер мен пән атаулары тіркеледі.
  • Студенттердің сабаққа қатысу көрсеткіші - Мұғалімдер құрылған сайт арқылы студенттің қай сабақтан, қай аудитория, қай күнде, қандай себеппен қалғанын белгілеу мүмкідігі.
  • Студенттер жайлы ақпарат алу
  • Семестр сайын студенттердің сабаққа қатысу көрсеткішін алу

1. 2 CASE-құралдары арқылы пәндік аймақтың мәселелеріне қатысты деректер модельін құру.

CASE-құралдары дегеніміз - бұл ақпараттың жүйелерді құрастыру және оларға ілесе жүру үдерістерін қолдайтын программалық құралдар, оларға келесілер жатады: талаптарды талдаудан өткізу және тұжырымдау, мәліметтер қоры мен қосымшаларды жобалау, кодты генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз ету, конфигурациялық басқару, және тағы сол сияқты ақпараттық жүйені дайындау және іс жүзінде дұрыс қолданылуын қадағалауды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар деп түсінеміз.

CASE-жүйе белгілі қызметтік мақсаты бар және біртұтас программалық өнім шеңберінде орындалған CASE-құралдардың жинағы болып келеді.

CASE-жүйелері мен құралдарының негізгі мақсаты - программалық қамтамасыз етудің жобалануын, оны кодтау мен кейінгі жасау кезеңдерінен бөліп алу, сондай-ақ программалық жүйелерді құрудың бүкіл үдерісін автоматтандыру болып табылады.

CASE-технология ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдіснамасы ретінде көрсетіледі. CASE-технологиясы дегеніміз - бұл сонымен қатар тақырыптық саланы үлгілеуге, оның үлгісін ақпараттық жүйені әзірлеу мен оған ілесе жүрудің барлық кезеңдерінде талдаудан өткізіп отыруға және пайдаланушыларға арнап қосымшаны жасауға мүмкіндік беретін саймандық құралдар.

ERwin - деректер қорының құрылымын өңдеу құралы. ERwin - WINDOWS - тың графикалық интерфейсінен тұрады, яғни мұнда ER диаграмма салу үшін аспаптар орналасады, соның ішінде деректер моделінің логикалық және физикалық сипаттамасын құру үшін арналған редакторлар және белгілі ДҚБЖ - ның реляциялы түрлерін ұстанады. Erwin - нің көмегімен ДҚ кері жобалау (реинжеринг) немесе құруға болады. ERWiN - де моделдеуде реляциялық ДҚ теориясының базасында немесе IDEF1х методологиясында таратуға болады IDEF1х методологиясы терминология стандарттарын анықтайды, олар ақпаратты моделдеуде және диаграммалардағы типтік элементтердің графикалық бейнелеулері кезінде қолданылады.

Сабаққа қатысу көрсеткіші деректер базасын орындағанда мынанадй маңыздарды қолданамыз

  • subjects (id, name)
  • classes (id, teacher, subject, room, date, student, cause, bool)
  • users ( id, login, password, name, surname, email, statusld)

Кілт - атрибуттардың ең төмен жиынтығы, мағынасы жағынан бір мағыналы маңыздардың керек экземплярларын іздеуге болады. Негізгі кілт (PRIMERY KEY) - мәндері кесте жазбаларының ерекшеліктерін қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше жиек. Кестенің кілтіне қойылатын негізгі талап - бір кестеде бірдей жазбалардың болмауын қадағалау. Кесте кілтінің құрамындағы ешбір жиек NULL мәнін қабылдауы мүмкін емес; негізгі кілт кестенің категориялық біртұтастығын (integrity) қамтамасыз етеді. Әр кестенің тек бір ғана негізгі кілті анықталуы мүмкін.

Бұл жерде келесі тапсырмаларды көруге болады:

- classes- мұғалім, студент, пән атауы, аудитория, студенттің сабаққа келу-келмеуі және қандай себеппен келмегені жайлы ақпарат ;

- Subjects - пән атауы толтырылады;

- users - мұғалімдермен студенттер тіркелу жайында мағлұмат;

  1. Сурет Erwin ортасында Студенттің сабаққа қатысу корсеткішін жобалау

1. 3 Заманауи ДҚБЖ-де мәліметтер қорын анықтау (кестелер, домендер, индекстер, байланыстар және т. б. )

«Деректер базасы» (ДБ) ұғымының пайда болуы программалық жабдықтау саласында ең құнды жетістіктердің бірі болып табылды. Деректер базсын ұйымдастыру және пайдалану программалау технологиясын байытып, программалау өнеріне деген қызығушылықтың артуына әсерін тигізді.

ДБ жобасы нақты түрде - бағдарламалық кешеннің негізі болып табылады, өйткені ол ұзақ мерзімде әртүрлі қолданушылардың талабына сай жұмыс істейтін болады. Қандай да болмасын құрылыста фундаментін өзгертпей-ақ, есік-терезесін, немесе екінші қабатын қосуға болады ғой, ДБ өңдеуде де осыған ұқсас принциптерді ұстанған жөн.

Деректер базасы деп белгілі бір тәртіптер бойынша бір құрылымға келтіріліп ұйымдастырылған мәліметтер (деректер, ақпараттар) жиынын түсінеміз.

Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп ДБ-н құруға және көптеген пайдаланушыларға қолдануға мүмкіндік беретін тілдік және программалық құралдардың жиынын түсінеміз.

Деректер базасы принциптері: мәліметтердің қайталануы, бір-бірімен қайшылығы болмауы және өзара үйлесімділігі қатаң ескерілуі керек. Бұл шарттар ескерілмеген деректер базасын өңдеу программасында (қолданушының программасында) көптеген кемшіліктер болып, қате нәтижелер беретіні айқын.

MySQL операторлары және phpMyAdmin

phpMyAdmin - PHP тілінде жазылған web-программа және MySQL жүйесін басқаруға арналған web-интерфейс. Ол арқылы браузерді пайдаланып MySQL серверін басқаруға, SQL командаларын орындауға, деректер қорындағы кестелердегі жазбаларды өңдеуге болады.

phpMyAdmin нің кең қолданылатын себебі - осы интерфейс арқылы SQL операторларын қолмен жазып отырмай-ақ MySQL жүйесін оңай басқаруға болады.

Яғни phpMyAdmin арқылы дереқорды, оның кестелерін, жазбаларды жасауға, оларды өңдеуге, жойып жіберуге, дерекқорды бір орыннан келесі орынға көшіруге, кез келген операциялар кезінде кеңесін пайдалануға болады.

Бір сөзбен айтқанда, phpMyAdmin сайт жасаушылардың ең негізгі сайманы. Сондықтан қасықты қалай пайдалансаңыз, бұл құралды да солай жақсы меңгеру керек. Және оны үйрену оп-оңай!

Сурет 1. 2 Деректер базасын құру

Домендер мен кестелер құру - (DDL - Data Definition Language), абстракцияның әр түрлі деңгейлерінде (сыртқы, логикалық және ішкі) мәліметтерді сипаттауға арналған. Мәліметтер қорын сипаттау тілі сыртқы деңгейде қолданушылардың талаптарын сипаттау үшін және МҚ-ның инфологиялық үлгісін құру үшін қолданылады. SQL (Structured Query Language - құрылымды сұраныс тілі) - сұраныс тілі. SQL тілі бірнеше категорияға жіктеуге болатын операторлар жиынынан тұрады. Олар: Data Definition Language (DDL), Data Manipulation Language (DML), Data Control Language (DCL) .

Сурет 1. 3 Кесте құру

Бұл бетте тек сары түспен боялған өрістерді толтырамыз, яғни өрістерді сипаттаймыз. Сосын СОХРАНИТЬ түймесін басамыз :

Сурет 1. 4 Домен құру

Генератор мен триггерлерді құру. Мәліметтер қорында деректер бірмәнді және біртұтас үйлесімді болуы үшін реляциялық модельде шектеуші шарттар анықталады. Шектеуші шарттар дегеніміз мәліметтердің мүмкін мәндерін қадағалаушы тәртіптер. Мұндай бүтіндік шарттары мәліметтер қорын өндеу және өзгерту кезінде кетуі мүмкін қателерді болдырмауға мүмкіндік береді Мәліметтер қорының шектеулері категориялық, бүтіндік және сілтеме болу мүмкін.

Сурет 1. 5 Триггер бұл кестеде жасалынған өзгерістерге байланысты сервер бөлігінде орындалатын бөлшек бағдарламалар.

Сурет 1. 6 Генераторлар - бұл триггерлер арқылы жүзеге асырылатын есептеуіштер.

Бұл жерде логин мен пароль тексеріледі

"Select * from users where login=\"". $login. "\" and password = \"". $password. "\"";

$query=$connection->query($sql) ;

if ($row=$query->fetch_object() ) {

$_SESSION['user'] =$row->id;

$_SESSION['user_id'] =$row->id;

$_SESSION['userData'] =$row;

Қолданушыны қосу амалы

INSERT INTO `targu`. `users` (`id`, `login`, `password`, `name`, `surname`, `email`, `statusId`) VALUES (NULL, '$login', '$password', '$name', '$surname', '$email', '$statusId') ";

$connection->query($sqlAddTeach) ;

if($statusId==2)

Қолданушыны деректер қорынан алып тастау

"deleteUser") {

$id=$_POST['id'] ;

$sqlDeleteTeach="DELETE FROM `targu`. `users` WHERE `users`. `id` = $id";

$connection->query($sqlDeleteTeach) ;

$_SESSION['messageSuccess'] ="Успешно удален";

header("Location:. . /index. php?page=teachers") ;

Деректер базаға пән атауын қосу

}else if($_POST['act'] =="addSubject") {

$name=$_POST['name'] ;

$sqlSubject="INSERT INTO `targu`. `subjects` (`id`, `name`) VALUES (NULL, '$name') ";

$connection->query($sqlSubject) ;

$_SESSION['messageSuccess'] ="Предмет успешно добавлен";

header("Location:. . /index. php?page=subjects") ;

Деректер базасын модификациялау: Data Manipulation Language ( DML ) (деректерді басқару (манипуляциялау) тілі) - дерекқордағы деректерді, кірістіру, жою немесе өзгертуге арналған дерекқорлардағы компьютерлік бағдарламалар немесе пайдаланушылар пайдаланылатын компьютерлік тілдер отбасы.

Бүгінгі күні, РДҚБЖ деректерін алуға және басқару үшін пайдаланылатын, ең танымал болып табылатын DML тілі SQL. DML өзге де нысандары IMS/DL1, CODASYL дерекқорларында (IDMS сияқты), және басқаларда пайдаланылады.

DML тілдері бастапқыда компьютерлік бағдарламаларда ғана пайдаланылды, бірақ SQL келуімен сондай-ақ адамдар пайдалана бастады.

Сурет 1. 11 Деректер базасына мәліметтерді енгізу

2. Мәліметтер қорының қосымшаларын бағдарламалау

2. 1 Серверде анықталған деректер базасымен байланыс орнату

Web бағдарлама php тілінде mysql қорында жасалады. Дерекқорды әзірлеу ортасы phpMyAdmin. Web бағдарлама model view controller принціпі арқылы жасалады. Қолданушы бөлігі bootstrap csshtml framework арқылы жасалады. Бұл құрылғы біздің web бағдарламаға бейімділік қасиетін береді. Қолданушы компьютер немесе мобильді құрылғы арқылы кіргенде ыңғайлы интерфейс көрсетіледі. Қолданушы барлық іс-әрекеті index. php файылында жасалады. Мысалы Предметы батырмасы басылған кезде index. php файылында page=subject атаулы get запросы құрылады. Index файылында бұл кезде page айнымалысы subject мәні тең болған жағдайда алдын-ала шартнама бойынша index файылына subject. php жүктеледі. Бұл әдіс web бағдарламаны тез әрі жылдам жұмыс істеуге болады.

Сурет 2. 1 Деректер базамен сайттын байланысы

2. 2 Мәліметтер қорының деректерін басқару

Студенттердің сабаққа қатысу көрсеткішін бағдарламалау үшін web бағдарлама таңдалынды, себебі алдын ала web бағдарлама ешбір қосымшаны талап етпестен жүйеге қосылған кез-келген құрылғы арқылы біздің жүйені қолдануға мүмкіндік береді.

Деректер базасымен құрылған сайтымызды байланыстырған соң web бағдарламаға келесі сілтемені тереміз localhost/targu сонда бізге құрылған сайтымызды шығарып береді.

Сұраныс келген жағдайда controller тексерісті бастайды. Егер сұраныс тек пост арқылы жасалса ғана операция орындалады. Операция орындалу процесі: сұраныс келгеннен кейін, керекті айнымалылар мәні толтырылып деректер қорында сұраныс жасалады, сәйкесінше жауап қайтады. Мүмкін болатын жауаптар: егер дерек қорда логин мен пароль сәйкес келсе контроллер пайдаланушыға арналған user атаулы сессия құрылады және керекті парақшаға пайдаланушыға жіберіледі. Жоғарыда аталған әрекеттер арқылы біз тіркелмеген пайдаланы жүйеге тіркейміз.

Сурет 2. 2 Бағдарлама орьасына кіру терезесі

Сурет 2. 3 Бастапқы бет

Сурет 2. 4 Мұғалімдер жайлы ақпарат енгізу

Қолданушының мәліметтер қорына тікелей доступ жоқ. Бұл біздің мәліметтерді заңсыз өзгертулерден алдын алады. Мәліметтер қорымен байланысы бар іс-әрекеттер тек қана controller арқылы жасалады.

Сурет 2. 5 Студенттердің сабаққа қатысу жайлы ақпарат толтыру

Бұл жерде кез-келген тіркелген мұғалім студенттің қай уақытта, қандай сабақтан қалғанын белгілейді.

2. 3 Мәліметтер қорының деректерін таңдау, SQL сұраныстар

Сұраныстар - бұл мәліметтерді талдауға, таңдауға және өзгертуге арналған құрал. Сұраныс QBE-үлгі бойынша сұраныс тілінде немесе SQL құрылымдық сұраныс тілінің көмегімен құрылады.

ДБ-мен жұмыс кезіндегі жұмыстың маңызды бөлігі ол - ақпараттарға талдау жасау. ДББЖ - де мәліметтерді талдау, сұрыптау, іздеу (Query) сұраныстарымен орындалады. Бұл сұраныс аумағында тұтынушы іріктелген ақпараттардың және сұрыпталған мәліметтер қорының қасиеттерін қалыптастырады. Жұмыстың нәтижесінде тұтынушы тапсырыс берген мәліметтері бойынша қажетті сұранысты алады.

Қазіргі таңдағы СУБД- да сұраныстарды жобалаудың 3 түрі белгілі, олар:

1. RQBE (Relational Query By Example - үлгі бойынша сұраныс) - әдісі.

2. Wisards - шебері.

3. SQL (Structured Query Language - құрылымды сұраныс тілі) - сұраныс тілі.

SQL-дегі сұраныстар тілі (Data Query Language) жие қолданатын SELECT операторынан тұрады. SQL - бұл клиент/сервер жүйелерінде МҚ басқарудың ең кең тараған тілі.

Сурет 2. 6 Калаган уақыт арасында студенттердің сабаққа қатысуын бақылау

3. Мәліметтер қорының деректерін қорғау

3. 1 Программалау ортасында деректерді қорғау әрекеттер

Ақпаратты қорғау- жүйені құру және енгізу барысын сипаттайтын құқықтық қатынастар, құқықтық нормалар жиынынан тұрады. Жүйені құру барысындағы құқықтық жабдықтауға жүйені құру процесіндегі жобалаушы мен тапсырыс берушінің келісім қатынастарына байланысты нормативтік актілерден тұрады. Жүйенің қызмет ету барысындағы құқықтық жабдықтауға мемлекеттік басқарудың нақты саласындағы олардың статусын анықтау, звено қызметтерін ұйымдастырудың құқықтық ережелері, құқықтары, персоналдың міндеттері мен жауапкершілігі, жүйеде ақпараттарды құру мен қолданудың тәртібі, оны тіркеу процедуралары, жинау, сақтау, беру және өңдеу, алу тәртібі және электронды есептеу техникасын қолдану, математикалық және программалық жабдықтауды құру және қолдану төртібі кіреді. Есептеу құралдарының және ақпаратты беру жүйелерінің интенсивті дамуына байланысты ақпаратты қорғау мәселесі актуалды проблема болып тұр.

Қорғау бағыттары ақпараттарды санкциясыз алуға, физикалық жойып жіберуге және қорғалып отырған ақпараттың модификациясына бағытталған. Осы мақсатта бүгінде тек жеке қорғау механизмдерін жасап қана қоймау емес, жалпы әдістер кешенін яғни арнайы құралдарды, тәсілдерді және шараларды ақпараттарды жоғалтудың алдын-алу мақсатында ұйымдастыру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттің сабаққа қатысу деректер қорының қосымшасын бағдарламалау
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Университетте студенттер контингенті ДБ жобалау
Мәліметтер қорының жіктелуі
Электрондық есептеуіш машинаның мүмкіндіктері
Ms access-ті үйренуде компьютерді пайдаланудың алғышарттары
Microsoft Access мәліметтер қорының басқару жүйесінің обьектілері
Электрондық оқулық және оның құрылымы
Dekanat деректер қорының үлгілерін құру
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz