Кредиттік жүйеде оқу үрдісін ұйымдастырудың арнайы ерекшеліктері


КІРІСПЕ
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновация технология бағыты мен дамыту мақсатының аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім берудің - бүгінгі күннің басты талабы.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.
ХХ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бағытында Қазақсатан жоғарғы оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін шәкірттер мен мамандарды қазіргі қоғам үрдісіне сай инновациялық технологиялармен білім беру негізінде меңгерту қажет.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім
Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Автоматтандыру - техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану.
Ақпараттандыру жағдайында білімгерлерді тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) білім және ғылым, өнеркәсіп процестерінде маңызды орын алады. Қазіргі кезде қай мамандық иесін алатын болсақ та оның айналысатын мамандығы туралы ақпараттар жиналуы керек. Бұл мамандық иесі сол ақпараттармен жұмыс жасай білуі керек. Ал дербес компьютерлерде осындай ақпараттармен жұмыс жасауға арналған МҚБЖ өте көп, соның бірі InterBase бағдарламасы.
Курстық жұмыстың мақсаты және міндеттері. Нақты мақсат келесі мәселелерді шешуге бағытталған:
- кредиттік жүйеде оқу үрдісін ұйымдастырудың арнайы ерекшеліктері;
- нақты бағдарламалық өнімді өңдеудің жалпы мақсатын негіздеу, бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етудің жүйесін қалыптастыру;
- пайдаланып отырған классификаторлар негізінде қалыптасқан жүйенің ақпараттық - логикалық моделін жобалау және ақпараттарды алмастыру, өңдеу, жинау ерекшелігін білу;
- деканат жұмысының база арқылы жүргізудің бағдарламасын жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:
І - бөлім.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде факультет деканатының қызметтері қарастырылды және талдау жүргізіледі. Мекемеде атқарылатын негізгі қызмет түрлері анықталып, күнделікті қолданылып жүрген бағдарламалық құралдар талданады және автоматтандыруды қажет ететін мәселелер тізбегі анықталады. Әрбір мәселенің орындалуының және басқа мәселелермен байланысының технологиялық схемалары көрсетіледі. CASE-құралдары арқылы соның ішінде ERwin программасы арқылы тақырыптық мәселелерді моделдеу көрсетілген.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде Erwin-де жобаланған деректер базасының схемасын қолдана отырып InterBase SQL-серверінде деректер базасын құру, базада домендер, кестелер, көріністерін анықтау, кесте кілттерін жобалау және генераторлар мен триггерлерін, сақталған процедураларын анықтау.
Үшінші бөлімде Delphi программасы арқылы базадағы деректерді өңдеу және басқаруды қарастырдық. Интерфейс, сұраныстар (Запросы) құру, мәліметтерді іздеу, сұрыптау, есептер (Отчеты) жасау жұмыстары ұйымдастырдық. Деканат қызметтеріне білімгерлердің оқу жүйесін бақылап отыратын қосымшалар құрылады.
Қорытынды бөлімінде атқарылған жұмыс бойынша қысқаша талдама келтіріледі: қарастырылған мәселелер, қолданылған құралдар мен технологиялар және әдістер, қол жеткен нәтижелер баяндалған.
- МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ
Деректер базасы (database) қарастырылатын мәселелерге қатысты арнайы жолмен белгілі бip ережелер бойынша бip құрылымға келтіріп ұйымдастырылған деректер мен меліметтер жиынтығы. Мұнда деректердің қайталануы мен бip-бipine қайшы болмауы жене өзара үйлесімділігі қатаң eciкepілyi керек. Бұл шарттар ескерілмеген деректер базасын (ДБ) өңдеу құралдарында - қолданушының бағдарламасында көптеген кемшіліктер орын алып, қате нетижелер алынады.
Деректер базасының администраторларының тобының құрамында олардың атқаратын функцияларына байланысты әртүрлі топшаларды бөліп көрсетуге болады. Әкімшілік топтың құрамының саны, олардың атқаратын қызметі деректер базасының масшатабына, онда сақталатын ақпараттың спецификасына, деректер базасының типіне, қолданыстағы бағдарламалық жабдықтар ерекшеліктеріне және кейбір басқа факторларға белгілі бір дәрежеде тәуелді болады.
Деректер базасының әкімшілігінің құрамында жүйелік аналитиктер, деректер базасына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық қамсыздандыруды жобалаушылар, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесстерінің жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы программисттер, операторлар, техникалық қамсыздандыру бойынша мамандар болуы керек. Егер әңгіме коммерциялық деректер базасы жөнінде болса, онда бұл жерде маңызды рольді маркетинг бойынша мамандар ойнайды.
Деректердің реляциялық моделін (ДРМ) деректер қоры саласын зерттеуші белгілі маман Е. Ф. Кодд (Dr. E. F. Cood) ұсынған, ол өзара байланыстар арқылы нақты құбылысты және ақпараттар ағымын өрнектеуге мүмкін екенін ашып көрсетті. Ең алғаш рет бұл модельдің тқжырымдамасы 1970 жылы «A Relation Model of Data for Large Shared Data Banks» //CACM, 1970, v. 13№6 мақаласында жарияланған. Реляциялық модель деректерді қолданбалы программадан тәуелсіз етіп бөлектеуге, яғни деректер базасының басқарудың маңызды мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Реляциялық деректер базасында (РДБ) барлық деректер екі өлшемді жазық кестелерде сақталады. Реляциялдық базада кестелер арқылы ұйымдастырылған деректер мен осы деректердің сипаттамалары - метадеректер сақталады. Метадеректер жүйелік кестелерде сақталады. Реляциялық деректер қорын басқаруға арналған құралдар жиыны реляциялық деректер базасын басқару жүйесі деп аталады. Реляциялық базада кез келген кесте (table) бірнеше қатарлардан (row) немесе жазбалардан (record) тұрады. Бір кестенің барлық жазбалары бірдей құрылымен анықталады. Жазбалармен немесе бірнеше бағанадан (column) немесе жиектен (field), деректер элементінен (data element) тұрады. Әрбір жиек нақты деректер түрімен анықталады.
Деректер түрі (datatype) - кесте жиегінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Ол жиектің қабылдайтын мүмкін мәндерінің жиыны мен оған қатысты орындалатын амалдарды анықтайды. Мысалы INTEGER түрі бағанада белгілі бір диапазондағы (4 байт 2 147 483 648-ден, 2 147 483 647-ге дейінгі бүтін сандар) сандарды сақтауға мүмкіндік береді және бұндай жиекке төрт арефметикалық амал қолдануға болады: қосу, азайту, бөлу және көбейту. Тіркестік деректер түрінің қабылдайтын мәндерінің жиыны кез келген символдар тізбегінен тұратын тіркес болып табылады, оларға тек бір конкатенция, яғни екі тізбекті жалғастыру амалы ғана қолданылады.
Деректер базасы (database) қарастырылатын мәселелерге қатысты арнайы жолмен белгілі бip ережелер бойынша бip құрылымға келтіріп ұйымдастырылған деректер мен меліметтер жиынтығы. Мұнда деректердің қайталануы мен бip-бipine қайшы болмауы жене өзара үйлесімділігі қатаң eciкepілyi керек. Бұл шарттар ескерілмеген деректер базасын (ДБ) өңдеу құралдарында - қолданушының бағдарламасында көптеген кемшіліктер орын алып, қате нетижелер алынады.
Деректердің реляциялық моделін (ДРМ) деректер қоры саласын зерттеуші белгілі маман Е. Ф. Кодд (Dr. E. F. Cood) ұсынған, ол өзара байланыстар арқылы нақты құбылысты және ақпараттар ағымын өрнектеуге мүмкін екенін ашып көрсетті. Ең алғаш рет бұл модельдің тқжырымдамасы 1970 жылы «A Relation Model of Data for Large Shared Data Banks» //CACM, 1970, v. 13№6 мақаласында жарияланған. Реляциялық модель деректерді қолданбалы программадан тәуелсіз етіп бөлектеуге, яғни деректер базасының басқарудың маңызды мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Реляциялық деректер базасында (РДБ) барлық деректер екі өлшемді жазық кестелерде сақталады. Реляциялдық базада кестелер арқылы ұйымдастырылған деректер мен осы деректердің сипаттамалары - метадеректер сақталады. Метадеректер жүйелік кестелерде сақталады. Реляциялық деректер қорын басқаруға арналған құралдар жиыны реляциялық деректер базасын басқару жүйесі деп аталады. Реляциялық базада кез келген кесте (table) бірнеше қатарлардан (row) немесе жазбалардан (record) тұрады. Бір кестенің барлық жазбалары бірдей құрылымен анықталады. Жазбалармен немесе бірнеше бағанадан (column) немесе жиектен (field), деректер элементінен (data element) тұрады. Әрбір жиек нақты деректер түрімен анықталады.
Деректер түрі (datatype) - кесте жиегінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Ол жиектің қабылдайтын мүмкін мәндерінің жиыны мен оған қатысты орындалатын амалдарды анықтайды. Мысалы INTEGER түрі бағанада белгілі бір диапазондағы (4 байт 2 147 483 648-ден, 2 147 483 647-ге дейінгі бүтін сандар) сандарды сақтауға мүмкіндік береді және бұндай жиекке төрт арефметикалық амал қолдануға болады: қосу, азайту, бөлу және көбейту. Тіркестік деректер түрінің қабылдайтын мәндерінің жиыны кез келген символдар тізбегінен тұратын тіркес болып табылады, оларға тек бір конкатенция, яғни екі тізбекті жалғастыру амалы ғана қолданылады.
- 1. 1 Пәндік аймақты сипаттау. Есептің қойылымы
Қазіргі таңда жергілікті есептеу желісінің құру мен ұйымдастыру технологиясы және оның компоненттері есептеу техникасының басқа технологияларына қарағанда қарқынды және тұрақты даму үстінде.
Бүгінгі таңдағы желі мамандардың әрекеттерімен әр күн сайын өзгеруімен кездесіп отырады. Internet интелектуалдарға арналған үлкен орталықтандырылған аймақтан гөрі, дәрежелері әртүрлі қолданушылардың толық қанды көпсалалы ақпарат ошағына айналады.
Зерттеушілердің пайымдауынша, соңғы жылдары Қазақстанда 50 пайызға жуық жанұяның үйлерінде Internet-ті күнде қолданатын болады. Телехабарлар сандық жүйеден компьютерге алмастырылған, интеллектуалды ойлайтын объект ретінде қызмет атқара алады.
Қазіргі заманда әрбір адам комьютердің көмегімен өзін қызықтыратын тақырып бойынша мақалалар, суреттер, видео немесе дыбыс ақпаратын жүктеп алуға мүмкіндігі бар. Енді әрбір пайдаланушы интернеттен ақпаратты өзінің қалаған уақытында және талғамына сай таңдап алады. Қазіргі уақытта жасанды интеллект жүйелері - параллелді машиналы аударма, сондай-ақ идентификация және дауысты ажырату, соңғы ұлттық және тіл кедергілерін жойып, ұлтаралық ақпарат айналымына мүмкіндік береді.
Деканаттың негізгі міндеттері:
- Білім алушылардың жеке оқу жоспарының орындалуын ұйымдастыру және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларының орындалуын қадағалау; Оқу бағдарламасы бойынша айырмашылықтарды есептеп отырады; Аралық және қорытынды бақылау жүргізу ; Аралық және қорытынды бақылау бойынша үлгерімін нәтижесін талдау; Білімгерлердің GPA балын есептеу;
Деканаттың келесі функцияларды атқарады:
- Білімгерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және басқару; Білімгерлерді академиялық үлгерімінің жазбасы бойынша ақпаратты сақтау және басқару, институт үшін білімгерлердің академиялық жағдайын бағалау, магистрант рейтингісін құру, транскрипт қалыптастыру; Білімгерлер тізімін координаттау, академиялық топ пен ағымдарды қалыптастыру; оқытушылар мен құрылымдық бөлімшелерге ақпарат пен есеп ұсыну; барлық кафедралар үшін академиялық жазбаларды құру процесін, бағаларды қою саясатын басқару.
Университеттің факультет деканаты, қабылдау коммиссиясы, студенттер бөлімі, тестілеу орталығы, факультеттер арасында ақпараттық ресурстарымен алмасуын қамтамасыз ету үшін университеттің бірыңғай корпаративті жүйесін құру қажет, ол сурет 1 сәйкес байланысады.
Сурет 1. 1 Факультет деканатының басқа бөлімдермен байланысы
Оқытудың кредиттік жүйесіне көшу [4] :
- кредиттерді жинақтау және ауысу жүйесін міндетті енгізу;
- білім алушыларға оқу пәндерінің көп бөлігін жеке өзіндік даярлануына (оқытушы мәселені қалыптастырады, оның өзектілігін негіздейді, білім алушымен қызмет ету барысында тәжірибелік мәнге ие басшылық ету) ;
- білім алу процессінде қажетті оқу-әдістемелік материалдармен электронды түрде немесе баспа түрінде болсын толық қамтамасыз етілуі. (үй тапсырмасының текстін теру, әр пән бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, курстық жұмыс және рефераттардың тақырыбы, кітапханаларда электронды оқу материалдары, білімді бақылау үшін материалдар: жазбаша бақылау тапсырмалары, жазбаша және элетронды тестер, әр пән бойынша емтхандық билеттер) ;
Оқу үрдісінің ең негізгі аспектісі болып, ол пәндерге білімгерлердің жазылу үрдісін ұйымдастыру болып табылады.
Оқытудың кредиттік жүйесінің ережелеріне сәйкес тіркеу мен магистранттардың пәнді таңдау мүмкіндігі бар. Оқытудың кредиттік жүйесінің кредит сағатын енгізу оқу үрдісін ұйымдастыруға көптеген өзгерістер тудырды. Академиялық күнтізбені құру принципі, әрбір оқу жылын екі семестрге бөлуге алып келді, олардың әрқайсысы 15 аптаға тең. Екі семестрдің қорытындысы бойынша оқу бағдарламасында айырмашылықты өтеу, қосымша оқыту, жылдам тапсыру үшін жазғы семестрде тапсыру енгізілген.
1. 2. ERwin программысыда деректер базасын жобалау.
ERwin - деректер қорының құрылымын өңдеу құралы. ERwin - WINDOWS - тың графикалық интерфейсінен тұрады, яғни мұнда ER диаграмма салу үшін аспаптар орналасады, соның ішінде деректер моделінің логикалық және физикалық сипаттамасын құру үшін арналған редакторлар және белгілі ДҚБЖ - ның реляциялы түрлерін ұстанады. Erwin - нің көмегімен ДҚ кері жобалау (реинжеринг) немесе құруға болады. ERWiN - де моделдеуде реляциялық ДҚ теориясының базасында немесе IDEF1х методологиясында таратуға болады IDEF1х методологиясы терминология стандарттарын анықтайды, олар ақпаратты моделдеуде және диаграммалардағы типтік элементтердің графикалық бейнелеулері кезінде қолданылады.
Инфологиялық жобалаудың мақсаты - құрылып жатқан ДБ-да сақтауға арналған ақпараттардың адам үшін ыңғайлы жинау әдісін және сол ақпаратты көрсетуді қамтамасыз етеді. Сондықтан деректердің инфологиялық пішіні табиғи ұқсастығы арқылы құрастырмақшы. Инфологиялық пішіннің негізі конструктивтік элементтері маңыз, олардың арасындағы байланыс және олардың қасиеттері (атрибут) болып табылады.
Маңыз - деректер базасында сақтауға арналған ақпараттардың кез-келген нысаны. Маңыздар түрінің ұғымы бірдей заттар, тұлғалар, оқиғалар немесе ой- пікірлер жиынтығына жатады және бір бүтін түрінде беріледі. Маңыздар экземплярлары жиынтықтың нақты болжағышына жатады.
Концептуалды база деректер базасының логикалық жобалаудың негізгі ақпарат көзі болып табылады. Концептуалдық жобалау нәтижесінің бірі қойылған мәселенің ақпараттық моделі - «маңыз-байланыс» диаграммасы. Бүгінгі таңда осы диаграммаларды өңдеуде қолданылатын құралдардың бірі-ол CASE-технологияларын іске асыратын Erwin ERX бағдарламасы. Erwin диаграммасында (Entity Relationship Diagramm) көрінісі болып табылады.
Erwin бағдарламасында жұмыс жасау барысында терезенің үстіңгі жағында титулды тармақ орналасқан, онда бағдарлама аты, модель атауы, жиынтық (Subject Area) және сақтаулы бейненің атауы (Stored Display) көрсетіледі. Логикалық және физикалық деңгейлер арасында өту үшін құралдар панелінде тізім бар (Сурет 1. 2) .
Сурет 1. 2 Модель анықтау
Бағдарламаның негізгі ортасын жұмыс аймағы алады, онда ER-диаграммасы жасалады.
Бұл тізімнен басқа, құралдар панелінде пернелер де бар (Кесте 9) . Erwin бағдарламасының құралдар панелінде орналасқан пернелер
Кесте 1.
Құралдар панеліндегі батырмалар






Модельдің элементтерімен тікелей жұмыс жасау үшін бағдарламада «қозғалмалы терезе» түріндегі құралдар палитрасы (Erwin Toolbox) бар (Сурет-2) . Қажетінше құралдар палитрасын экраннан алып және шақыру үшін «CTRL-T» пернелерінің комбинациясын басуға болады. Диограмма құрмас бұрын домендерін анықтарп алу керек. Доменді анықтау палитрасы да осы терезеде орналасқан. Деректер базасын жобалау кезеңінде Edit/Domain Dictionary… нұсқауы арқылы атрибуттардың типін анықтауға негіз болатын домендер анықтауға болады (Сурет 1. 3) .
Сурет 1. 3 Домен анықтау терезесі
Модельді құрастыру барысында ол бірнеше деңгейлі детализациядан өтеді. Сондықтан біз мәндер мен атрибуттар деңгейінде сақтаулы бейнелердің екі «закладкасын» құрып аламыз.
Бас мәзірдің Edit Stored Display Settings пунктін таңдаңыз. Экранда сақтаулы бейнелерді өзгертудің терезесі пайда болады (Сурет 1. 4) .
Сурет 1. 4 Stored Display Settings терезесі
Терезенің жоғарғы бөлігінде модельдің сақтаулы бейнелерінің тізімі орналасқан. Қазіргі уақытта онда Display1 үнсіздігі бойынша жасалатын тек бір бейне бар. Терезенің төменгі бөлігінде модель бейнеленуінің қасиеттерін беруге арналған закладкалары бар бірнеше беттер болады. Тізімнен Атрибуттар деңгейі бейнесін таңдап Logical бетінде Cурет 1. 5 көрсетілгендей ауыстырғыштарды орнатыңыз.
Сурет 1. 5 Атрибуттар деңгейінің қасиеттерін орнату
Бұл жерден біз логикалық және физикалық деңгейде байланыстардың аттарын, кілттердің аттарын көрсетпей қоюға немесе көрсетуге болады. Енді диаграмманың әр деңгейлі детализациясы бар екі бейне анықталды, мәндер режимінен атрибуттар деңгейіне өту үшін сызбаның төменді жағындағы тиісті закладканың үстінен басып қою жеткілікті (Сурет 1. 6) .
Сурет 1. 6 Сақтаулы бейнелердің закладкалары
Атрибут - маңыздар мінездемесінің аталуы. Оның аталуы нақты маңыз түрі үшін бірегей, бірақ әр - түрлі маңыздар түрлері үшін бірдей болуы керек. Атрибуттарды маңыздар жайлы қандай ақпараттар жиналуы керектігін анықтау үшін қолданылады.
Кілт - атрибуттардың ең төмен жиынтығы, мағынасы жағынан бір мағыналы маңыздардың керек экземплярларын іздеуге болады. Негізгі кілт (PRIMERY KEY) - мәндері кесте жазбаларының ерекшеліктерін қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше жиек. Кестенің кілтіне қойылатын негізгі талап - бір кестеде бірдей жазбалардың болмауын қадағалау. Кесте кілтінің құрамындағы ешбір жиек NULL мәнін қабылдауы мүмкін емес; негізгі кілт кестенің категориялық біртұтастығын (integrity) қамтамасыз етеді. Әр кестенің тек бір ғана негізгі кілті анықталуы мүмкін. Осы амалдарды орындаған соң ER-диаграммасын құрамыз және келесі Сурет 1. 7 көрсеткендей аламыз:
Cурет 1. 7 Деканат бөлімінің ДБ логикалық моделі
Алынған логикалық ДБ моделін физикалық модельге айналдырайық. Бұл үшін әр маңызды кесте түрінде көрсетейік. Маңыз аты осы кестенің аты болып табылады. Әр маңыздың атрибуттары бағандарда сол атпен өзгертіледі. Маңыздардың бірегей идентификаторының құрамына кіретін атрибуттары кестенің бастапқы кілтіне өзгертіледі.
1. 3. Деректер базасының кестелерінің арасында сілтіме үйлесімдік шарттар.
ERwin/ERX бағдарламасында деректер базасын жобалауда логикалық және физикалық деңгейлері қолданылады: логикалық деңгейде мәліметтер өзімізге түсінікті кәдімгі тілде сипатталса, физикалық деңгейде модель Server/Target Server… нұсқауы арқылы шақырылатын (бұл нұсқауды беру үшін физикалық деңгейде отыру керек) сервер орнату терезесінде көрсетілген нақты сервердің ерекшеліктеріне байланысты анықталады. ERwin ортасында анықталған деректер қорын MS Acces, VisualFoxpro, InterBase, Oracle, Microsoft SQL Server т. б. деректер қорын басқару жүйелеріне генерациялауға, яғни аударуға болады (Сурет 1. 8) .
Сурет 1. 8 Сервер орнату терезесі
Маңыздарды байланыстыру барысында сілтеме үйлесімдік шартын орнату - клиент қосымшада мәліметтерді қолданудың бизнес ережелерін көрсететін логикалық конструкциялар болып табылады. Олар базадағы реляциялық кестеге жазба енгізгенде, жазбаны өшіргенде немесе өзгерткенде мәліметтер қорын басқару жүйесінде қандай әрекет орындауы керек екендігін анықтайды. Осылай белгіленген әрекеттер серверде деректердің біртұтас бүтіндік шарттарын қолдайтын триггерлерді анықтау үшін қолданылады. Клиент-сервер архитектурасында бизнес-қағидалар серверге жүктеледі.
Логикалық моделдеу барысында маңыздарды өзара байланыстырғанда қолданылатын ережелер мен әрекеттердің мынадай түрлері бар:
RESTRICT маңыздағы жазбаны өзгертуге (UPDATE), енгізуге (INSERT) немесе өшіруге (DELETE) тыйым салынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz