Кітапхана деректер базасының қосымшаларын бағдарламалау
КІРІСПЕ
1 Пәндік аймақтың мәліметтер қорын жобалау және анықтау
1.1 Мәселенің қойылымы. Автоматтандырылатын тақырыпты талдау және модельдеу
1.2 CASE.құралдары арқылы пәндік аймақтың мәселелеріне қатысты деректер моделін құру
1.3 Замануи ДҚБЖ.де мәліметтер қорын анықтау
2 Мәліметтер қорының қосымшаларын бағдарламалау
2.1 Серверде анықталған деректер базасымен байланыс орнату
2.2 Мәліметтер қорының деректерін басқару
2.3 Мәліметтер қорының деректерін таңдау, SQL сұраныстар
3.Мәліметтер қорының деректерін қорғау
3.1 Программалау ортасында деректерді қорғау әрекеттер
3.2 Қолданушылардың мәліметтер қорына қол жетілімділігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қазіргі кездегі ақпараттар өте маңызды ресурсқа, ал ақпараттық жүйелер барлық қызметтегі қажетті құралға айналып отыр.
Ақпараттық жүйе – бұл ұйымдарға ақпаратты жинақтауды, өңдеуді, сақтау мен тасымалдауды қамтамасыз ететін ақпараттық, кадрлық және материалдық ресурстар мен үрдістер арқылы айқындалған өзара байланысқан элементтердің жиынтығы.
Ұйымдарда ақпараттық жүйелердің көптеген типтері болады: локалды және глобалды компьютерлік желілерде жұмыс істейтін дәстүрлі типтен күрделі типке шейінгі.
Ақпараттық бөлімде мәліметтер базасында болатын бастапқы мәндерді іздеп тауып, содан кейін оларға өңдеу мен талдау жүргізу керек. Бұл жағдайда деректер базасын басқару жүйесі маңызды рөл атқарады.
Алғашқы кезеңді көп жағдайда деректер базасын жобалау (ДБЖ) деп айтады, мұнда деректер базасын құрайтын барлық кестелерді және олардың өзара байланысын анықтау, әрбір кесте бойынша қажетті индекстерді анықтау, кестелерде категориялық бүтіндік пен сілтеме үйлесімділік шарттарын анықтау, автоматтандырылатын тақырыптағы бизнес-амалдарға қатысты деректер базасында сақталатын триггерлер мен процедураларды (көмекші программалар) жобалау көзделеді. Толық мағынасында ДБЖ ұғымы таңдалған тақырыпқа қатысты белгіленген барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін деректер базасын пайдаланып жазылған АЖ дайындауды білдіреді.
Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп ДБ-н құруға және көптеген пайдаланушыларға қолдануға мүмкіндік беретін тілдік және программалық құралдардың жиынын түсінеміз. ДББЖ ортасының ең маңызды компоненті болып деректер табылады. Деректер адам және компьютер арасында көпір ролін атқарады.
Ақпараттық жүйелерді фирмалар мен ұйымдардың қолдануы олардың қазіргі таңдағы ұйымдық әкімшілік басқарудағы деңгейін анықтайды.
Қазіргі кезде көптеген мекемелерді автоматтандыру маңызды орын алады. Соның ішінде кітапхананы автомаматтандыру маңызды.
Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.

1. Смайлова Ұ.М. Деректер базасын жобалау және қолдану: ERWIN, INTERBASE/FIREBIRD. Алматы, 2011
2. Маклаков С.В. BPWin и ERWin. CASE -средства разработки информационных систем. М. ДИАЛОГ-МИФИ, 2000
3. Астахова И.Ф. и др. SQL в примерах и задачах. Из-во Питер, 2001
4. Бондарь А. InterBase и Firebird. Прак. рук-во для умных польз-й и нач-щих разработчиков. «БХВ-Петербург», 2007
5. М.М. Ерекешова, Т.А.Әмірғалиева «Delphiортасындапрограммалаунегіздері» Ақтөбе, 2004
6. Дарахвилидзе П., Марков Е. Программирование в Delphi7. Санкт-Петербург, «БХВ-Петербург», 2003
7. Епанешников . А.М. Епанешников В.А. Delphi. Проектирование СУБД. М., Диалог МИФИ 2001
8. Завгородний В.И. Комплексная защита информации в компьютерных системах. М., Диалог МИФИ 2002
9. Калянов Г.М. CASE-технологии. Консалтинг и автоматизации бизнес-процессов. 2-е изд. –М.:Горячая линияТелеком, 2000
10. Кандзюба С.П., Громов В.Н. Delphi6/7. Базы данных и приложения. Лекции и упражнения. -К.:Издательство «ДиаСофт ЮП», 2002
11. Маклаков С.В. BPWin и ERWin. CASE -средства разработки информационных систем. М. ДИАЛОГ-МИФИ, 2000
12. Томас Конноли, Каролин Бегг, Анна Срачан. Базы данных. Проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика. М., СПб., К., 2000 2- издание.
13. Федоров А., Елманова Н. Базы данных для всех. – М.: КомпьютерПресс, 2001
14. Хомоненко А.Д., Цыганков В.М., Мальцев М.Г. Базы данных. СПб.:КОРОНАпринт, 2000
15. Чекалов А.П. Базы данных: от проектирования до разработки приложения. – СПб.: БХВ-Петербург, 2003
16. Чекалов А.П. Базы данных: Delphi, SQL сервера. – СПб.: БХВ-Петербург, 2003

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі ақпараттар өте маңызды ресурсқа, ал ақпараттық жүйелер барлық қызметтегі қажетті құралға айналып отыр.
Ақпараттық жүйе - бұл ұйымдарға ақпаратты жинақтауды, өңдеуді, сақтау мен тасымалдауды қамтамасыз ететін ақпараттық, кадрлық және материалдық ресурстар мен үрдістер арқылы айқындалған өзара байланысқан элементтердің жиынтығы.
Ұйымдарда ақпараттық жүйелердің көптеген типтері болады: локалды және глобалды компьютерлік желілерде жұмыс істейтін дәстүрлі типтен күрделі типке шейінгі.
Ақпараттық бөлімде мәліметтер базасында болатын бастапқы мәндерді іздеп тауып, содан кейін оларға өңдеу мен талдау жүргізу керек. Бұл жағдайда деректер базасын басқару жүйесі маңызды рөл атқарады.
Алғашқы кезеңді көп жағдайда деректер базасын жобалау (ДБЖ) деп айтады, мұнда деректер базасын құрайтын барлық кестелерді және олардың өзара байланысын анықтау, әрбір кесте бойынша қажетті индекстерді анықтау, кестелерде категориялық бүтіндік пен сілтеме үйлесімділік шарттарын анықтау, автоматтандырылатын тақырыптағы бизнес-амалдарға қатысты деректер базасында сақталатын триггерлер мен процедураларды (көмекші программалар) жобалау көзделеді. Толық мағынасында ДБЖ ұғымы таңдалған тақырыпқа қатысты белгіленген барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін деректер базасын пайдаланып жазылған АЖ дайындауды білдіреді.
Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп ДБ-н құруға және көптеген пайдаланушыларға қолдануға мүмкіндік беретін тілдік және программалық құралдардың жиынын түсінеміз. ДББЖ ортасының ең маңызды компоненті болып деректер табылады. Деректер адам және компьютер арасында көпір ролін атқарады.
Ақпараттық жүйелерді фирмалар мен ұйымдардың қолдануы олардың қазіргі таңдағы ұйымдық әкімшілік басқарудағы деңгейін анықтайды.
Қазіргі кезде көптеген мекемелерді автоматтандыру маңызды орын алады. Соның ішінде кітапхананы автомаматтандыру маңызды.
Кітапхана - оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.
Кітапхана ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы.
Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын сақтау - бұл бүгінгі күннің белесі.
ДБ жобалау процесі пәндік облыстың ақпараттық құрылымының сипаттамасынан басталып, белгілі бір модельдің терминдерін қолдана отырып, пәндік облыстың объекттеріне формалды түрде берілген сипаттамасымен аяқталады
Курстық жұмыстың тақырыбы: Кітапхана деректер базасының қосымшаларын бағдарламалау
Курстық жұмыстың мақсаты - Кітапхана автоматтандарылған ақпараттық жүйесін құру. Осы мақсатқа жету үшін келесі жұмыстар орындалады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Кітапхана жұмысын автоматтандыру арқылы кітаптар туралы ақпараттар мен әр басылымның жекелеген даналарының саны және орны туралы ақпаратты, кітап айналымы туралы мәліметтер мен оқырмандар жайлы деректер енгізуге, сақтауға және өңдеуге арналған бағдарлама құрып кітапхана қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі жұмыстар жүргізіледі.
Кітапхана пәндік аймағына талдау жасау;
Кітархана мәліметтер қорының құрылымын CASE құралдары арқылы жобалау;
ДҚБЖ ортасында мәліметтер қорын құру;
Мәліметтер қорын толтыру;
Заманауи бағдарламау ортасында деректер қорымен жұмыс: клиенттік қолданбаны әзірлеу, мәліметтерді енгізу, өзгерту, түзету, сақтауды қамтамасыздандыру;
1 Пәндік аймақтың мәліметтер қорын жобалау және анықтау
1.1 Мәселенің қойылымы. Автоматтандырылатын тақырыпты талдау және модельдеу.
Кітапхана - қоғамдық баспа жұмыстар мен өзге де құжаттарды жинау, сақтау және пайдалануды ұйымдастыратын мәдени мекеме. Кітапханалар жүйелі жинау, сақтау, басып шығарылған шығармаларды оқырмандарға насихаттау және беру, сондай-ақ ақпараттық-библиографиялық жұмысымен айналысатын, білім мен өзін-өзі тәрбиелеу үшін негізгі базаның ортақ көзі болып табылады.
Кітапхана құрылымы:
Кітапты толықтыру және өңдеу бөлімі - кітапхана қорын жаңарту және толықтырумен айналысады.
Ақпараттық-библиографиялық бөлімі - кітапхананың ақпараттық және анықтамалық жұмыстарына жауап береді, пайдаланушылар сұранысы бойынша ақпарат іздейді, өлкетану ақпараттық ресурстарының түрлі санаттағы пайдаланушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, өлкетану білімін жетілдіруді жүзеге асырады, кітапханаға келіп түскен ақпарат көздерін жүйелеп, оларды электронды каталогта көрсетеді, пайдаланушы тапсырысына сәйкес біздің кітапхана мен өзге кітапханалар қорларынан құжат көшірмелерінің электрондық жеткізілімін жасайды.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі - кітапхана қорынан құжаттарды тауып беру арқылы ақпараттық сұраныстардың толық қамтылуын қамтамасыз етеді.
Оқу залы.
Шетел әдебиеттер бөлімі
Балалар әдебиеттері бөлімі
Кітапхана пайдаланушылардың оқу бағдарламасы, кәсіптік мамандығы, ғылыми тақырыптардағы ақпараттық сұраныстарына қанағаттандыру мақсатымен жедел түрде қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімі - кітапхана-библиографиялық үрдістерінің автоматтандыруы мен ақпараттандыруын және кітапхананың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Интернет орталығы - желіден ақпарат іздеу, ақпараттарды басып шығару немесе сыртқы тасымалдағыштарға сақтау, компьютерлерді немесе семинар жүргізу үшін орталықты толығымен жалға алурезервтеу, қысқа мерзімді тренингтер, ДК негіздері, Интернет желісі және т.б. бойынша курстар жүргізіледі.
Кітапхананы дамыту бөлімі - облыстың аудан мен ауыл кітапханаларының кітапханалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеріп, пайдалануына көмек көрсетеді; тұрақты түрде кітапхана мәртебесі мен имиджін көтеруді ұйымдастырады және дамытады.
Кітапхананың негізгі міндеттері мен бағыттары: оқырмандарды тарту және оларға қызмет көрсету сапасын арттыру, қажетті басылымдармен қамтамасыз ету, түрлі әдеби шаралар өткізу, кітапханашыларды жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруге уйрету.
Кітапханалардың негізгі мақсаты-пайдаланушылардың ақпараттық қорларға тегін және еркін енуін қамтамасыз ету және кітап қорын толыққанды, нәтижелі толықтыру, мәдени мұраларды сақтау және насихаттау болып табылады.
Кез келген кітапхана жұмысының негізгі бағыттары мыналар болып табылады: кітап қорын іріктеу және ұйымдастыру; оқырманға қызмет көрсету.
Оқырмандарға қызмет ету түрлі жолдармен орындалады:
кітапты оқу залына да, кітапханадан тыс жерге беру;
оқырмандар мен мекемелерге қажет әдебиеттерді таңдағанда жеке көмек беру;
кітапхана каталогы жүйесі арқылы кітапхана кітап жинақтары туралы ақпаратты ашып көрсету;
әр түрлі типтегі ақпараттық- библиографиялық әдістемелерді құрастыру;
құнды әдебиеттер тізімін насихаттау және т.б.
Кітапхана жұмысының кіріс ақпараттарына кіретіндер:
кітаптар қоры.Кітапхана қорына енгізілетін кітаптар кітапханалық өңдеуден өткізілуі тиіс.
Кітапхананың жалпы қоры- 1395448 дана әдебиеттер құрайды.
Электрондық ресурстар қорында- 20945құжат бар.
Мерзімді басылымдар қорында- 6514 аталым әлеуметтік- гуманитарлық, ғылыми-жаратылыстану, техникалық және әдістемелік журналдар мен газеттертоптастырылған;
Әрбір кітапқа штемпель қойылып, инвентарь номері және оның шифры жазылады.Тіркеу барысында кітаптар жайлы ақпарат енгізіледі. Әр кітапта
кітап аты
шыққан жылы
басылымы
авторы
пәндік аймақтары мен бөлімдеріне байланысты іріктеледі.
Кітаптар ресурстарын пайдалану үшін оқырмандарды тіркеу қажеттілік туады. Тіркеу барысында оқырманға
уникальді номер тағайындалған оқырман билеті беріледі
оқырман аты-жөні
адресі
телефон номері .
Қызметкерге
Арнайы тағайындалған таб.номер беріледі
Қызметкер аты-жөні
Қызметі
Адресі
Телефон номері
Кітап берілімі- оқырмандар мен абоненттердің сұранымы бойынша берілген құжаттар аты мен шифрлары. Ол оқырмандарға қызмет көрсетудегі кітапхана қорының пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Оқырман кітап алған кезде
кітаптың аты, авторы;
оқырман билетінің номері
кітап алған күні
кітап кайтару мерзімі;
кітапты берген қызметкер туралы ақпараттар тіркеледі.
Кітапхана жұмысының шығыс ақпараты окырмандардың талаптарына сай келіп, сұраныстарын қанағаттандыру керек.
Кітаптар жайлы толық ақпарат алу;
Ескі кітаптарды есептен шығару;
Кітап берілімінде кітаптардың аты, кітап алған оқырман жайлы, кітапты берген қызметкер және кітап берілген күн жайлы ақпараттар жатады.
Бүгінгі кітапхана ұжымдарының өздерінің дәстүрлі болмысына табан тірей тұрып, осы заманғы ақпараттық жаңа технологиялар қоғамының тірек элементіне айналуға ұмтылған әлеуетті, әлеуметтік топқа жатады. Кітапхана қызметін автоматтандыру жіне компьютерлендіру деңгейі, бұл процестерді электрондық үкімет жүйесінде пайдалану мүмкіндіктері осыған меңзейді.
Программаға қойылатын талаптар: сенімділік, қол жетімділік, қауіпсіздік .
Жұмысты орындауда компьютер осындай сипаттамаға сай келу керек:
Процессор: Intel core I5 3770
Жедел есте сақтау кұрылғысы: 8 GB
Қатқыл диск: western digital 1000 GB(1tb)
Дисковод:DVD+RW
Видео карта: GT640 2GBDDR3
клавиатура + мышь+ колонка
Монитор Philipsдиог.22,3
Бағдарламалық қамтама: WINDOWS 8.1
Microsoft office 2016
Антивирус: касперского 2017
Блок питания: AeroCool 550W
1.2 CASE-құралдары арқылы пәндік аймақтың мәселелеріне қатысты деректер моделін құру
Деректер моделі деп берілген талаптарға сәйкес мәліметтерді интерпретациялауды жүзеге асыратын құралдарды айтамыз. Сонымен қатар, мәліметтер моделі мәліметтердің мағлұматтық мазмұнын көру мүмкіндігін беретін абстрактілі ұғым болып табылады.
Мәліметтер моделі екі класқа бөлінеді:
oo Мықты типтендірілген моделі, мұнда барлық мәліметтер қандай да бір категорияға қатысты болады.
oo Әлсіз типтендірілген моделі, категорияға қатысты ешқандай болжамдармен байланысты емес.
Деректер моделі деректердің құрылымдарының жиынтығының деректер бүтіндігін шектеу және деректермен операциялар жасау әрекеттерін орындайды.
Жалпы айтқанда, деректер моделі - деректер құрылымы жиынтығы мен оларды өңдеу операциялары. Деректер базасын басқару жүйелері иерархиялық, желілік және реляциялық модельдеуге немесе осы модельдердің белгілі бір жиынындағы комбинациясына негізделген.
Деректер моделінің үш негізгі типін қарастырайық: иерархиялық, желілік, реляциялық.
Реляциялық деген ұғым (ағыл.relation - қатынас) деректер базасы жүйелерінің маманы белгілі американдық ғалым Е.Коддонның есімімен байланысты.
Бұл модельдер деректер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға ыңғайлы кесте түрінде сипаттайды және бұл модельде қатынастардың және деректерді өңдеуде реляциялық есептеулердің формальды алгебралық аппаратын қолдану мүмкіндігі бар.
Реляциялық модель деректерді екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастыруға бағытталған. Әр реляциялық кесте екі өлшемді массив түрінде беріледі де, мына қасиеттерге ие болады:
oo кестенің әр элементі деректердің бір элементі;
oo кестедегі бағандардың барлығы біркелкі, яғни бағандағы барлық элементтер бір типке (сандық, таңбалық т.б.) және бәрінің ұзындығы бірдей;
oo әр бағанның өзіне тән аты бар;
oo кестеде бірдей жолдар жоқ;
oo кестеде жолдар мен бағандардың орналасу тәртібі әркелкі.
Қатынастар кесте түрінде беріледі. Кестедегі жолдар мен кортеж немесе жазба деп, ал бағандар қатынастар атрибуты немесе домен, өрістер деп аталады. Бір мәні жазбаны анықтайтын өрісті - қарапайым кілт (кілттік өріс) деп атайды. Егер жазбалар бірнеше өрістермен анықталса, онда мұндай кестенің құрамды кілті бар деп есептеледі. Екі реляциялық кестені ұйымдастыру үшін бірінші кестенің кілтін екінші кестенің кілтінің құрамына енгізу керек (кілттер бір-бірін қайталуы мүмкін). Басқа жағдайда бірінші кестенің құрылымына сыртқы кілтті енгізу қажет. Сыртқы кілт екінші кестенің кілті болады.
Кез келген деректер қорын құру үшін , құрушысы бірнеше модель жасайды. Модель логикалық және физикалық болып қарастырылады. Методологиялық көзқарастан модельдердің деңгейлерін және ДБ жобалау кезеңдерін бәрі - бір белгілеуге болады. Деректер базасының даталогиялық модель логикалық деңгейдің моделі болып табылады және ол деректер элементінің логикалық арасындағы байланысты бейнелейді.Даталогиялық модельдің сақталатын орнына байланыстыру үшін физикалық деңгейдің деректер моделі қолданылады.
Кестелерді байланыстыру және байланыс түрлері
Кестелерді байланыстырудың негізгі және қосымша кестелері болады. Негізгі және қосымша кестелердің байланыс өрістері қалай анықталуына тәуелді. Жалпы жағдайда екі кесте арасында келесі 4 негізгі байланыстар түрі орнатылуы мүмкін:
oo 1:1 - негізгі және қосымша кестелердің өрістері кілтті болған жолдарда құрылады және мұндай екі кестенің кілттік өрістің мәндері қайталанылады;
oo 1:К - негізгі кестенің бір жазбасы қосымша жазбаның бірнеше жазбаға сәйкес келген кезде орындалады;
oo К:1 - бір немесе бірнеше негізгі кестенің жазбаларының бір жазбасы сәйкес келсе, оны бірдің көпке байланысы деп атайды;
oo К:К - негізгі кестенің бірнеше жазбалары қосымша кестенің бірнеше жазбаларына сәйкес келгенде орындалады .
Erwin- деректер базасын жобалаудың қуатты құралы, соңғы кезде кең танымал құрал болып табылады. Ол ДБ қолданатын қосымшаларды құру және сүйемелдеу бойынша ең жоғарғы еңбек өнімділігін қамтамасыз етеді. Erwin ДБ-ң құрылымы мен негізгі элементтерін визуализациялауға үлкен мүмкіндік береді. Erwin қуатты жобалау құралы болып табылады.
ERwinERX бағдарламасында деректер базасын жобалауда логикалық және физикалық деңгейлері қолданылады: логикалық деңгейде мәліметтер өзімізге түсінікті кәдімгі тілде сипатталса, физикалық деңгейде модель ServerTarget Server... нұсқауы арқылы шақырылатын (бұл нұсқауды беру үшін физикалық деңгейде отыру керек) сервер орнату терезесінде көрсетілген нақты сервердің ерекшеліктеріне байланысты анықталады. ERwin ортасында анықталған деректер қорын MS Acces, VisualFoxpro, InterBase, Oracle, Microsoft SQL Server т.б. деректер қорын басқару жүйелеріне генерациялауға, яғни аударуға болады
Erwin диаграммасының негізгі компоненттері - бұл қатынас, атрибуттар және байланыстар. Әрбір қатынас даналар деп аталатын, жеке объектілер тәрізді жиынтықтар болып табылады. Әрбір дана дербес және басқа барлық даналардан өзгеше болуы қажет. Мәліметтер моделін құру маңыз мен атрибуттар анықтамасымен болжамдалады, яғни нақты маңыз немесе атрибутта қандай ақпарат сақталатынын анықтап алу қажет. Егер диаграмманы пәндік аймақтың ережелерінің графикалық көрсетілімі ретінде қарастырылса, онда маңыз мен атрибуттар зат есім, ал байланыс етістік болыпта былады.
Кітапхана деректер базасын орындағанда мынандай маңыздарды қолданамыз:
1.Книга(шифр книги, название, код издательства, год издания, автор, сфера, раздел, количество);
2.Экземпляр книги(ID номер книги, шифр книги, состояние книги, место расположения);
3.Читатель(номер билета, ФИО, телефон, адрес);
4.Сотрудники(таб.номер, ФИО, должность, телефон);
5.Выдача книги(код выдачи, шифр книги, код читательского билета, дата выдачи, дата возврата, таб.номер,ID номер книги).
2.1 сурет. Erwin ортасында кітапхана пәндік аймақтың логикалық моделі
1.3 Замануи ДҚБЖ-де мәліметтер қорын анықтау
Деректер базасы (ДБ) ұғымының пайда болуы программалық жабдықтау саласында ең құнды жетістіктердің бірі болып табылды. Деректер базсын ұйымдастыру және пайдалану программалау технологиясын байытып, программалау өнеріне деген қызығушылықтың артуына әсерін тигізді.
ДБ жобасы нақты түрде - бағдарламалық кешеннің негізі болып табылады, өйткені ол ұзақ мерзімде әртүрлі қолданушылардың талабына сай жұмыс істейтін болады. Қандай да болмасын құрылыста фундаментін өзгертпей-ақ, есік-терезесін, немесе екінші қабатын қосуға болады ғой, ДБ өңдеуде де осыған ұқсас принциптерді ұстанған жөн.
Деректер базасы деп белгілі бір тәртіптер бойынша бір құрылымға келтіріліп ұйымдастырылған мәліметтер (деректер, ақпараттар) жиынын түсінеміз.
Деректер қорының үлкен ұқыптылықпен ойланыстырылған құрылымы келешек қосымшалардың табысты орындалуына оте маңызды. Жобалау кезінде мәліметтер қорының нақты архитектурасына бейімделу жолдарын қарастырайқ. ДҚ төрт түрлі архитектурасы бар:
oo жергілікті (локальды);
oo файл-сервер сәулеті;
oo клиент-сервер сәулеті;
oo көпжұлдызды (үшжұлдызды N-tier немесе multi-tier) архитектурасы.
Клиент- сервер архитектурасында клиент-прогграмма желіге салмак түсірмей, тез орындалуын талап ететіндіктен, ақпараттық жүйеде қарастырылатын мәселеге қатысты негізгі бизнес- әрекеттер серверде іске асырылады.
Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп ДБ-н құруға және көптеген пайдаланушыларға қолдануға мүмкіндік беретін тілдік және программалық құралдардың жиынын түсінеміз.
Деректер базасы принциптері: мәліметтердің қайталануы, бір-бірімен қайшылығы болмауы және өзара үйлесімділігі қатаң ескерілуі керек. Бұл шарттар ескерілмеген деректер базасын өңдеу программасында (қолданушының программасында) көптеген кемшіліктер болып, қате нәтижелер беретіні айқын.
Interbase - Borland компаниясының шығарған мәлімет қорын басқару жүйесі. Бұл мәлімет қорын басқару жүйесінің негізі болып Джим Старкидің құрған Datarive мәлімет қорын басқару жүйесі саналады. Джим оны көпнұсқалы архитектурадағы реляциялық мәлімет қоры ретінде құрған. InterBase МҚБЖ көмегімен жергілікті және қашықтатылған мәлімет қорын құруға болады.
Алдынғы кезде ERWin программасында деректер базасын жобалау барысында анықталған метадеректерді пайдаланып, ақпараттық жүйенің деректер қорын Borland InterBase6.5 SQL -серверінде анықтайық. Ол үшін
IBConsole - серверді баптау, серверде деректер базасын анықтау және басқаруға қатысты барлық амалдарды іске асыруға болатын және интерактивті режимде серверге SQL-сұраныстарды жазып, орындауға мүмкіндік беретін InterBase пакетінің құрамындағы графикалық утилита болып табылады.
IBConsole утилитасы мәлімет қоры нысандарын құруға өзгертуге, тұтынушы функцияларын құруға, ерекше жағдайларды өңдеуге толық мүмкіндік береді. IBConsole-дегі мәлімет қорының негізгі нысандары: кесте, домен, индекс, сақталатын процедуралар, көрсетілімдер, генераторлар, тұтынушы функциялары, триггерлер, рольдер, ерекше жағдайлар.
Сурет 1.2 IBConsole ортасында Local Server тіркеу
IBConsole утилитасы арқылы SQL-сервермен жұмыс істеу үшін (жаңа база анықтау немесе анықталған базаны тіркеп, өңдеу мақсатында) алдымен сервер тіркеледі. Сервер локалды Local Server немесе қашықтағы Remote Server болуы мүмкін. Серверді тіркеу үшін утилита терезесінде ServerRegister... нұсқауы арқылы Register Server and Connect терезесін ашып, серверді таңдап, SYSDBA пайдаланушысын және оның құпия сөзі еңгізіледі. Терезенің жоғарғы жағынан Local Server таңдаймыз. Қолданушының акты - SYSDBA, пароль masterkey.
Сервер тіркелгеннен кейн, деректер базасын құру керек және оның кестелерін, домендерін анықтау керек.
InterBase-серверінің ДБ файл ретінде сақталады және оның қосымша аты .gdb болады. Жаңа ДБ құру үшін IBConsole программасында Database Create Databaseкомандасын таңдаймыз. Ашылған диалогты терезеде келесі ақпаратты еңгіземіз:
Сурет 1.3 LIBRARY деректер базасын кұру
Домендер мен кестелер құру- (DDL - Data Definition Language), абстракцияның әр түрлі деңгейлерінде (сыртқы, логикалық және ішкі) мәліметтерді сипаттауға арналған. Мәліметтер қорын сипаттау тілі сыртқы деңгейде қолданушылардың талаптарын сипаттау үшін және МҚ-ның инфологиялық үлгісін құру үшін қолданылады. SQL (Structured Query Language - құрылымды сұраныс тілі) - сұраныс тілі. SQL тілі бірнеше категорияға жіктеуге болатын операторлар жиынынан тұрады. Олар: Data Definition Language (DDL), Data Manipulation Language (DML), Data Control Language (DCL).
DDL мәліметтермен емес, мәліметтер қорының объектілерімен жұмыс жасайды. Объектілерге кесте, көрініс, индекс, тізбек (sequence), синоним жатады. DDL командалары: CREATE (объектіні құру), ALTER (объектіні өзгерту), TRUNCATE (кестедегі барлық жазбаларды жою), DROP (объектіні жою), RENAME (объектінің атын өзгерту).
Домен - бұл бір немесе бірнеше атрибуттардың мүмкін болатын мәндерінің жиыны. InterBase-те ол алдын-ала құрылған кестенің бағандарының сипатын сақтайтын жиын. Домендер кестелердегі бағандардың сипатын қайта-қайта енгізбеу үшін арналған, мысалға егер сізде үш кестеде де бір типті өрістер болса онда сіз берілген сипаттарды жеке кілттік сөзді енгізу арқылы жылдам енгізе аласыз.
CREATE DOMAIN D_Data DATE;
CREATE DOMAIN D_Integer INTEGER;
CREATE DOMAIN D_Char25 CHAR(25);
CREATE DOMAIN D_Char250 CHAR(250);
CREATE DOMAIN D_Char4 CHAR(4);
CREATE DOMAIN D_Char50 CHAR(50);
CREATE DOMAIN D_Char6 CHAR(6);
Сурет 1.4 Домендер құру
IBConsole терезесінде белсенді LLIBRARY.gdb базасында кестелерді анықтау үшін келесі скрипті пайдаланамыз, яғни InteractiveSQL терезесінде AVTOR кестесін құратын төмендегі операторларды орындаймыз:
Сурет 1.5 Кестелер құру
Мәліметте қорындағы шектеулер - кестелер арасындағы қатынастарды анықтайтын ережелер болыптабылады, осы ережелерге сәйкес кестелердегі мәліметтерді тексеруге және өзгертуге болады. InterBaseмәліметтерқорындакелесішек теулер бар:
PRIMARYKEY - бірінші кілт;
UNIQUE - уникалды кілт;
FOREIGN KEY - сыртқы кілт.
Сурет 1.6 Кестеге кілт орнату
Пайдаланушының төтенше жағдайы EXCEPTIONS
Базада орын алатын қателіктерді тиімді өңдеу үшін базада қатені айқындап, түсініктеме беретін айрықша жағдай алуға болады. Сақталған процедуралар мен триггерлерде деректерге қатысты бір тексеру нәтижесі бойынша қателік болған жағдайда нақты хабарлама беретін төтенше жағдай ұйымдастыруға болады. Бұл базада оқыс оқиғалардың нәтижесінде болатын айрықша қателерді өңдеудің ыңғайлы құралы болып табылады. Яғни InteractiveSQL терезесінде келесі операторды орындау керек:
Сурет 1.7 Пайдаланушының төтенше жағдайы EXCEPTIONS
Генератор мен триггерлерді құру. Мәліметтер қорында деректер бірмәнді және біртұтас үйлесімді болуы үшін реляциялық модельде шектеуші шарттар анықталады. Шектеуші шарттар дегеніміз мәліметтердің мүмкін мәндерін қадағалаушы тәртіптер. Мұндай бүтіндік шарттары мәліметтер қорын өндеу және өзгерту кезінде кетуі мүмкін қателерді болдырмауға мүмкіндік береді Мәліметтер қорының шектеулері категориялық, бүтіндік және сілтеме болу мүмкін.
Триггер - бұл кестеде жасалынған өзгерістерге байланысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz