Жасушалық дақлдар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
  1. Ағынсыз дақылдар- жасушаны бекітілген ортаға енгізумен жасалатын дақыл түрі. Жасушаның қоректенуіне байланысты қоректік заттарды қолдану мен метаболиттердің жиналуы артады, сондықтан қоректік ортаны периодты түрде ауыстырып отыру керек. Бұл физиологиялық дифференцировка деп аталатын жасушалық метаболизмнің өзгерісіне әкеледі. Уақыт өте келе ортада қоректік заттардың азаюына байланысты жасушалардың пролиферациясы тоқтайды.

Ағынсыз дақылдардың өмір ұзақтығын келесі әдістермен ұзартуға болады:

  • үздікті (орта сол көлемдегі жаңа ортамен ауыстырылып отырады)
  • тұрақты (дақыл көлемі аз жылдамдықпен үнемі артып отырады, ал жасушалардың аз порциялары периодты түрде алынып отырады) .
  • перфузионды (дақылды үнемі жаңа ортамен толықтырып отырамыз, ал ескі қолданылған ортаны алып тастаймыз)

Перфузия ашық болуы мүмкін, бұл кезде жүйеден бүкіл орта алынып тасталады және жабық болуы мүмкін, ал бұл кезде алынып тасталған орта қосымша құбыр арқылы өтеді. Мұнда осы ортаның аэроциясы жүріп, рН-ы қайта қалпына келеді. Содан кейін бұл орта қайтадан дақылдау ыдысына жіберіледі.

Ағынсыз дақылдар бөліністердің жиналуымен және сыртқы ортаның тұрақсыздығымен сипатталады.

  1. Ағынды дақылдар- қоректік заттардың және метаболиттердің концентрациясының өзгерісі терісіз шынайы гомеостатикалық жағдайларды қамтамасыз етеді. Гомеостаз ортаның дақылға тұрақты түрде енуімен және сол көлемге тін жасушасы бар ескі ортаның алып тасталуы арқылы қамтамасыз етіледі. Бұндай жүйелер суспензионды дақылдарға және көп қабатты дақылдарға қолайлы.

Жануарлар жасушаларын дақылдандырудың екі негізгі бағыттарры бар: көп қабатты және суспензионды дақылдар.

Суспензионды дақылдар жасушалар шығуының артуы жағынан тиімді.

Көп қабатты дақылдардың да көп артықшылықтары бар:

1. ортаны толық ауыстыру жеңіл өтеді және жаңа ортаны қосар алдында жасушаларды оңай шаюға болады.

2. жасушалардың жоғары тығыздығын қамтамасыз етеді.

3. жасушалар субстратқа жабысқан болса, қажетті заттардың экспрессиясы белмендірек өтеді.

4. көп қабатты дақылдандыруды кез келген жасуша түрінде қолдануға болады.

Көп қабатты жасушалардың кемшіліктері:

-көп кеңістікті қажет етеді.

-масштабы үлкейгенде қиындықтардың пайда болуы.

-сынаманы таңдай қиындығына байланысты дұрыс бақылаудың жасалмауы.

Дақылдардың әдістерін жасуда Каррель еңбектерінің маңызы зор. Ол жануар жасушаларын жасанды жағдайда өсе алатынын дәлелдей отырып олардың «өміршеңдігін» және басқа бір жасушалы ағзалармен ұқсастығын көрсетті. Бұл бағытта Эрл бастаған топ көп жеңістіктерге жетті. Олар алғаш рет шыныда және сұйық суспензияда өте көп жасушаларды өсіре алды.

Бір қабатты жасушалық дақылдардың екі түрін ажыратады:

Біріншілік және егілмелі (перевиваемые) . Біріншілік жасушалық дақыл - бұл адамнан немесе жануардан эмбриональдық немесе постнатальдық кезеңде алған тіндер. Бұндай дақылдардың өмір сүру ұзақтығы шектелген. Уақыт өте келе бұл дақылдарда пайда болады. Бұл процесс цитоплазманың вакуолизациясы және грануляциясының және субстрат және жасуша арасындағы байланыстың үзілуімен көрінеді. Ортаны периодты түрде ауыстыру және басқа да процедуралар біріншілік жасушалық дақылдардың өмірін тек біразға ғана ұзарта алады. Бұл жасушалардың өлуі олардың біртұтас ағзада қажет ететін нейро-гуморальдық фактордың бақылауынан шыққандықтан болатын метаболитикалық активтіліктің төмендеуіне байланысты.

Тек кейбір жасушалар ғана дегенерация фонында өзгерісінің өміршеңдігін сақтап, ары қарай өсе алады. Бұл жасушалар in vitro көбейе алады, оларды көп рет еге берсе олар егілмелі дақыл түрі болады.

Егілмелі жасушалардың түрлері мен штаммаларын ажыратады. Егілмелі жасушалардың түрлері деп - гетероплойдты кариотиппен және «өміршеңдігімен» сипатталатын жасуша түрлері. Ал егілмелі жасушалардың штаммалары - бұл диплойдты храмасоммалар жиынтығы бар жартылай егілмелі және in vitro жағыдайында өмір сүру ұзақтығы шектелген жасушалар.

Егілмелі жасушалардың in vitro шексіз көбеюі оларда жасанды ортада ортада өсірілетін микроорганизмдердегі сияқты автономды өмір сүру қабілетінің пайда болуына әкеледі. Жасушада мұндай ерекшеліктерге әкелетін өзгерістер жиынтығы трансформация деп аталады, егілмелі жасушалар дақылы - трансформацияланған деп аталады. Егілмелі жасушалардың тағы бір көзі - қатерлі ісіктер. Бұл кезде трансформация патологиялық процестің дамуы нәтижесінде in vivo жағыдайында дамиды. Бірақ барлық қатерлі ісіктер егілмелі дқылдардың көзі бола алмайды. Мысалы, адамның асқазан және сүт безі қатерлі ісігінен егілмелі жасушаларды алу әрекеттері сәтсіз аяқталған.

Біріншілік жасушалық дақлдарды дайындау.

Біріншілік дақыл - бұл суб дақылдандандыруға дейін, яғни бірінші егуге дейінгі уақытта алынған in vitro жағыдайында өсірілген тіндерден алынатын дақыл. Біріншілік дақыл бастапқы тінмен салыстырғанда көптеген жасушалардан айырылған, себебі кейбір жасушалар субстратқа жабыса алмайды және in vitro жағыдайында өмір сүре алмайды.

Біріншілік дақылды алудың алғащқы сатысында жануар мүшелерін немесе тін фрагментін стерильді түрде алу және оның механикалық және ферментативті дезагрегатциясы жүргізіледі. Тінді 1-3 мм-ге дейін ұсақтайды. Тін бөлшектері эритроциттерін антибиотик қосылған Хенкс ерітіндісімен тазартылады. Тін дезагрегатциясы үшін трипсинді (0, 25%тазартылмаған немесе 0, 01-0, 05%тазартылған) немесе коллагеназаны (200-2000 ед/мл тазартылмаған ) және тағы басқа протолитикалық ферменттерді қолданады. Дақылды дайындаудың мұндай әдісі жасушаладың көп шығуын қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ бонитировкасы
Вирусты инфекциялардың жасушалармен әрекеттесуі
Митоздық циклдың анықтамасы және оның фазалары
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары
Каллустық жасушаның өсу фазалары
Жасушалық инженерия жайлы ақпарат
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Биотехнологиялық объект ретінде өсімдік жасушаларын өсіру жайлы ақпарат
Клеткалық селекция және әдістері
Адаптивті иммундық жүйенiң құрылысы. лимфоциттер генезi. иммундық бақылау концепциясы. адаптивті иммунды жауап
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz