Зейіннің физиологиялық механизмі


Семей Мемлекеттік Медициналық Академия
Философия, мәдениеттану және психология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Зейіннің физиологиялық механизмі. А. Ухтомский, И. П. Павлов ілімдері
Пән аты: Психология негіздері
Орындаған: Жакупжанова Қарлығаш
Тобы: 108
Мамандығы : Жалпы медицина
Семей 2007ж
Жоспар:
- Кіріспе
Зейін туралы жалпы ұғым
- Негізгі бөлім
- И. П. Павловтың зейіннің физиологиялық механизмі
(Жүйке процестерінің индукция заңы)
- Доминанта принципі(А. А. Ухтомский)
III. Қорытынды
Зейін ерекше психологиялық феномен себебі: әлі күнге дейін психологтардың арасында қалыптасқан біркелкі пікір жоқ. Біреулері зейінді жеке құбылыс, екіншілері жеке психикалық процесс, үшіншілері танымды психикалық процесс, төртіншілері зейінді ерік және адамның іс әрекетінің негізімен байланыстырады.
Адамға әр әрекетінің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Сондықтанда адамның психикалық іс-әрекетінің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адамның санасы белгілі бір мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттармен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағыттауы және өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекетімен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Мысал келтірсек: Оқушы математикалық есептер шығарып отыр делік. Ол есеп шығарып отырып есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Осы оның психикалық кейпінен жақсы көрінеді: есепке шұқшия үңіледі, көзін қадайды, т. б. Есеп шығарып болғаннан кейін ол басқа да әрекеттермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекетінің әрбір түріне өз зейінін қойып, ойын басқа нәрселерден бөліп отырды. Яғни осы түрлі кезентерде бала өз психикасын белгілі бір объектіге бағыттап және сонда азды-көпті тұрақтатты. Сонымен зейін дегеніміз адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтамыз. Дәлірек айтсақ зейін деп, айналадағы заттардың керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Зейін сөзді сонымен бірге біздің ой-санамыздың белгілі іс-әрекетке шоғырлану мен шому мағынасын да білдіреді. Адамның алдында тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті болады.
Сонымен, біз қандайда бір затқа зейін қойсақ, ол зат біздің санамыздың төрінен орын алып, қалған деректер санамыздан шеткері ығыстырылады. Осыған орай сол заттың бейнесі айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар мақсатқа жеткенше, санамызда сақталады. Зейін, адамның бет-бейнесінен де, дене қалпымен қозғалыстарында да көрінеді. Яғни адамның сыртынан көріп-ақ зейінін байқауға болады. Кейбір кездерде зейін айналадағы заттарға ғана емес, адам санасының ойлары мен бейнелерге де бағытталуы мүмкін. Мұндай зейін интеллектуалды деп аталады. Ол сезімдік зейінен өзгеше келеді. Ал егер сана дене қозғалыстарына бағытталатын болса, қимылдық зейін деп аталады. Мұнын бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болмай, өзге танымдық процестердің қосалқы қызметтерін атқаратының дәлелдейді. Себебі, адам өз өмірінің әрбір кехендерінде бір нерсе жөнінде ойлайды, қиялдайды, бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді. Ал зейін бұлардай дербес түрінде кездеспей, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылыды. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтуі мүмкін. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейін кез-келген психикалық процесс сияқты физиологиялық негіздерге сүйенеді. Адамға әсер ететін тітіркенгіш, мидың белсенділігін тудырады. Ал ол ретикулярлық формация арқылы жүзеге асады. Жоғарлаушы ретикулярлық формация мида тез, жылдам болатын электірлік жиілікті тудырып, жүйке процесінің табалдырығын азайтады. Сонымен қоса, мидың активті бөлігінде диффузиялық таламус жүйесі, гипоталамустың жүйесі де жұмысқа қосылады. Ретикулярлық формацияда бағдарлаушы рефлекстің де маңызы зор. Ол туа біткен организмнің реакциясын көрсетеді. Ол адамдар мен жан-жануарларда да бар.
Зейіннің физиологиялық негізі өте күрделі. Психологиялық әдебиеттерде оның негізгі екі топ механизмін көрсетеді: перифериялық және орталық.
Перифериялық механизге органдардың күйін келтіру жатады. Адам әлсіз дыбысты естіген кезде, оған құлақ түреді, соның нәтижесінде сезімталдық артады. Қатты дыбыста жарғағы босатылады да ол инфорация орталық құлаққа жіберуде жиілігі әлсірейді. Д. Е. Бродбенттің атуынша, зейін - информацияны кіре берісте талдаушы, өткізгіш (фильтр) яғни ол периферия бөлімінде болады. Оның тәжірибесінде дәлелденгені адам әртүрлі информацияны бір мезгілде екі құлаққа айтқан кезде, адамның сол құлағы информацияны жақсы қабылдап, оң жақ құлағы информацияны толық теріске шығарған. Кейін дәлелденгені перифериялық бөлім информацияны физикалық механизміне қарай талдап алған. У. Нейсер бұны зейіннің алды деп атады, оны информацияны өңдеуші, фигураны фоннан бөліп алу деді.
Орталық механизм - жүйке орталықтарының біреуінің қозу, екіншілерінің тежелуімен сипатталады. Жүйкенің қозу күші, ішкі тітіркендіргіштердің күшіне байланысты. Қатты қозу, төменгі қозуда болады, өктемділік, басымдылық жүргізеді.
Ч. Шеррингтонның жүйке процесінің заңдылығымен, И. П. Павловтың оны кеңінен қолдануы, зейінді тудырушы физиологиялық процесс динамикасының деңгейін түсіндіреді. Зейіннің физиологиялық негіздерін И. П. Павлов ашқан жүйке процесітерінің өзара индукция заңына байланысты түсінцге болады. И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен бвйланысты қаоған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығн айтқан. Мәселен, бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Ос кезде мидың бір алабында күшті қозу процесі болып жатады да, айналасын дағы алаптарда тежелу болады (бір мезгілдік индукция) немесе басқа бөлігінде тежелу болса, екінші бөлігінде қозу болады (бірізділік индукция) . И. П. Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Иррадияция пайда болғаннан кейін мидың бөлігі - қозудың оптимальдық жағдайларына негізделеді. Сондықтан да бұнда дифференцировка жеңіл орнайды, жаңа шартты белгілер пайда болады. Мидың басқа бөлігі адамның санасыз, автоматтанған әрекеттерде көрінеді. Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап - ми қабығының шығармашылық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: « Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті кара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді». Қозудың оптимальдық ошағы құбылмалы. Ұлы физиолог оптимальдық қозу болатын үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытынын да өзгеріп отыруы деп түсіндіріледі. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып клгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді. Тәлім-тәрбие істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың оптимальдық ошағының жасалу заңдарына сүйенеді. Мысалы, «Балалар, дұрыстап отырыңдар, маған қараңдар, тыныш отырыңдар!» деу арқылы мұғалім оқцшыларға әсер етіп олардың зейінін негізгі объектіге аударады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz