Тамақтану жайлы ғылым



1 Тамақтану организмі
2 Тәні саудың . жаны сау
3 Тиімді тамақтану
4 Тағамның адам мінезіне әсері
5 Тамақтануды нормалау
Тамақтану организмінің қалыпты жағдайда тіршілік етуін,оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор.Тамақтану жайлы ғылымды нутрициология дейді.Қазіргі заманда тамақтануды түсіну өте қиын.Өйткені тағамның түсуі,қорытылуы,сіңуі организмінің,оны өз қажетіне жаратуы өте күрделі процесс.Тағам организмнің жұмсаған энергиясын толтыру,өлген клетка мен тканьдерін қайта қалпына келтіру және барлық дене құрамына кіретін мүшелердің қызметін реттеуді және барлық дене құрамына кіретін мүшелердің қызметін реттеуді қамтамасыз етеді.Организмге қажетті энергия және құрылыс материалдар тағам құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт.Тамақтану процесі жүйке және гуморальдық жолмен реттеледі.Осы өте күрделі тамақтану процестерімен қатар организмнің сол тамақты іздеп табу тәртібін қамтамасыз ететін жүйе бар-оны функциональдық тамақтану жүйесі деп атайды.
Жас ерекшеліктеріне,дененің жалпы салмағына,жынысына,атқаратын қызметіне,қоршаған ортаға қарай,әр адамға тән белгілі бір мөлшерде,құрамда қажетті белок,май,көмірсу,минералды заттары және витаминдері бар тағам қажет.Қазіргі уақытта тағамның құрамы және ондағы калория мөлшері жақсы зерттеліп,анықталған,соның нәтижесінде әр адамға қажетті тәуліктік тамақ мөлшерін жұмсалған энергия мөлшеріне сәйкестендіріп қабылдауға болады.Тамақтанудың қазіргі ғылыми теориялық негізі ретінде МҒА академигі А.А.Покровскийдің айтып ұсынған,теңдік концепциясын жатқызуға болады.Бұл теорияны кеңейтіп,нақтылы әр түрлі жағдайларда біздің еліміздің белгілі бір аудандарында қалай пайдалану керек екенін МҒА академигі Т.М.Шарманов зерттеп ұсынған.Осы концепцияға байланысты тамақ құрамында организм тіршілігі үшін қажет мөлшерде,белгілі бір қатынаста энергия,белок,көмірсу,май,витамин,минералды заттар,су болуы керек.Сонымен қатар басты көңіл алмастырылмайтын тамақ құрамына аударылады.Бұл тамақ құрамы организмде ферменттер жүйесімен жасалмайды,сондықтан да олар желінетін аспен сырттан енгізілуі шарт.Тамақтың мұндай қоспасына алмастыруға болмайтын амин қышқылдарынан валин,лейцин,изолейцин,май қышқылдарынан қанықпаған май қышқылдары және витаминдер жатады.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тамақтану организмінің қалыпты жағдайда тіршілік етуін,оның денсаулығын
және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор.Тамақтану жайлы
ғылымды нутрициология дейді.Қазіргі заманда тамақтануды түсіну өте
қиын.Өйткені тағамның түсуі,қорытылуы,сіңуі организмінің,оны өз қажетіне
жаратуы өте күрделі процесс.Тағам организмнің жұмсаған энергиясын
толтыру,өлген клетка мен тканьдерін қайта қалпына келтіру және барлық дене
құрамына кіретін мүшелердің қызметін реттеуді және барлық дене құрамына
кіретін мүшелердің қызметін реттеуді қамтамасыз етеді.Организмге қажетті
энергия және құрылыс материалдар тағам құрамымен күнделікті үздіксіз
сырттан түсіп тұруы шарт.Тамақтану процесі жүйке және гуморальдық жолмен
реттеледі.Осы өте күрделі тамақтану процестерімен қатар организмнің сол
тамақты іздеп табу тәртібін қамтамасыз ететін жүйе бар-оны функциональдық
тамақтану жүйесі деп атайды.
Жас ерекшеліктеріне,дененің жалпы салмағына,жынысына,атқаратын
қызметіне,қоршаған ортаға қарай,әр адамға тән белгілі бір
мөлшерде,құрамда қажетті белок,май,көмірсу,минералды заттары және
витаминдері бар тағам қажет.Қазіргі уақытта тағамның құрамы және
ондағы калория мөлшері жақсы зерттеліп,анықталған,соның нәтижесінде әр
адамға қажетті тәуліктік тамақ мөлшерін жұмсалған энергия мөлшеріне
сәйкестендіріп қабылдауға болады.Тамақтанудың қазіргі ғылыми теориялық
негізі ретінде МҒА академигі А.А.Покровскийдің айтып ұсынған,теңдік
концепциясын жатқызуға болады.Бұл теорияны кеңейтіп,нақтылы әр түрлі
жағдайларда біздің еліміздің белгілі бір аудандарында қалай пайдалану
керек екенін МҒА академигі Т.М.Шарманов зерттеп ұсынған.Осы
концепцияға байланысты тамақ құрамында организм тіршілігі үшін қажет
мөлшерде,белгілі бір қатынаста
энергия,белок,көмірсу,май,витамин,м инералды заттар,су болуы
керек.Сонымен қатар басты көңіл алмастырылмайтын тамақ құрамына
аударылады.Бұл тамақ құрамы организмде ферменттер жүйесімен
жасалмайды,сондықтан да олар желінетін аспен сырттан енгізілуі
шарт.Тамақтың мұндай қоспасына алмастыруға болмайтын амин
қышқылдарынан валин,лейцин,изолейцин,май қышқылдарынан қанықпаған май
қышқылдары және витаминдер жатады.
Алмастырылмайтын амин қышқылдары арнайы белок синтезі үшін қолданылады
әрі түрлі гормондар және нейромедиаторлар синтезделетін бастапқы қоспа
(тироксин,адреналин,ацетилхолин) көп қанықтырылмаған май қышқылдары
(олеин,орехиндон т.б) биологиялық мембрана құрамына кіретін негізгі
бөлік, олар простогландин,нейропептид т.б биологиялық белсенді заттар
жасалатын негізгі қажетті материал.
Қажетті энергия мөлшерінің деңгейі организмдегі негізгі алмасу мен
атқаратын жұмыс тәртібіне байланысты энергия шығыны арқылы
анықталады.Атқаратын жұмыс неғұрлым ауыр,әрі тез орындалатын
болса,соғұрлым тамақта қоректік заттар мөлшері көп болуы қажет.
Тәні саудың - жаны сау” – деп атамыз қазақ дөп басып айтқан сияқты.
Ал, деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтану қажет. Ас - адамның арқауы,
өмірінің жалғастырушысы, ал кейде өмірін тоқтатушы ажал көзі. Дұрыс
тамақтанудың маңызы, оның денсаулыққа әсері бізге көптен белгілі.
Тамақтану – біздің биологиялық қажеттілігіміз. Тамақтану арқылы біз ең
алдымен тіршілігімізді жалғастыру үшін қажетті энергия аламыз,
ағзамызға қажетті құрылыс материалдар аламыз. Әр түрлі ауруларды
емдегенде тағамның шипалы әсерлерін пайдалану жөніндегі мағлұматтар
көне заманнан бері бізге аян. Жалпы бұл саладағы тәжірибе дами келе
тағаммен емдеу – диетология (емдәмтану) жеке ғылым ретінде пайда
болды. Диетология (грек diata - өмір сүру салты, тамақтану тәртібі,
logos- ілім) – дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді
тамақтануы туралы ілім; дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін
зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен шұғылданады. Диетологияның
ғылым ретінде пайда болуын көне заманнан бері Гиппократ есімімен
байланыстырады.
Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың ішінде 50℅
тамақтануға, 20℅ қоршаған ортаның әсерлеріне, 20℅ тұқым қуалайтын
қасиеттерге, тек 10℅ ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына
байланысты. Егер адам денсаулығына әсер ететін бүкіл факторлардың
жиынтығын алсақ, соның 35℅ тамақтанудың үлесіне тиеді.
Тамақтану, яғни тағамдық қорек алу - тіршіліктің негізі болып
саналатын организмдегі зат алмасудың дұрыс жүруіне, организмнің
гомеостаз деп аталатын өзіндік ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына,
сонымен қатар қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең
негізгі фактор.
Денсаулық дегеніміздің өзі – организмнің сыртқы орта факторларының әр
деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы
жағдайларына тез бейімделіп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу
қабілеттілігі, күші. Жағдайға сай тамақтанбау көптеген ауруға
шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады.
Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында
жұқпалы емес алиментарлық аурулар ( жүрек-қантамыр аурулары, диабет,
семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейіп
кетті.
Ұзақ өмір сүру үшін, сондай-ақ жас ұрпақтың дұрыс дамып, өсуі үшін
тиімді тамақтанудың және азық-түлікті зиянды контаминанттардан
қорғаудың маңызы ерекше.
Тиімді тамақтану дегеніміз – тамақ ішу
режимін бұзбай, күнделікті рациондағы негізгі қоректік заттар мен
биобелсенді заттардың организмге қажетті үйлесімдігін сақтай отырып,
энергия кірісі мен шығынының тепе- теңдігін сақтау.
Күнделiктi дұрыс тамақтануға қажеттi тағам түрлерiн алты топқа
жiктеуге болады. Оның алғашқысы құрамында ағзаға қажеттi белок, май,
көмiртегi, дәрумендер (витаминдер) мен минералды тұздары бар сүзбе,
сүт, қаймақ, айран, iрiмшiк, құрт, құрғақ сүт, қаймақты балмұздақ,
қымыз, шұбат деймiз.
Бұдан кейiнгi өте пайдалы белоктарға бай әр түрлi еттер, шұжық,
балықтың түрлерi және жұмыртқа. Бұлардың құрамында белоктан басқа
майлар, көмiртегi, дәрумендер, минералды тұздар бар.
Құрамында көмiртегi көп тағамдарға қара және ақ нан, кептiрiлген нан,
қант, бал, шоколадты конфеттер, халуа, печенье, макарон, тосап, манна
жармасы, картоп, бұршақ, жүгерi және күрiш жатады. Ал, құндылығы
жағынан күштi тағам ретiнде түрлi майларды атауға болады. Олардың 100
грамындағы қуаттылық 700-800 калориядан кем түспейдi. Тағамның V және
VI топтарына құрамында А дәрумендерi мол тағамдар мен С, Р дәрумендерi
жатады. Мысалы, жаңғақ, қара өрiк, лимон, жүзiм, қауын, қарбыз,
қызанақ, қызылша, тұздалған және жас қияр, көк пияз, қызыл пияз,
капуста, күлтелi капуста.
Дұрыс тамақтану ережесiн сақтаймын деген адам тағамдардың осы
топтарынан мәзiр жасап алуына болады. Онда бiр күндiк тағам құрамына
100 грамнан белок пен май, 450-500 грамм көмiртегi, 1,5 мг А дәруменi,
1,5-2,0 мг В1 дәруменi, 70-100 мг С дәруменi, 80-100 мг кальций тұзы
болуы қажет.
Яғни, күнiне 500 г сүт немесе айран iшiп, 150-200 г ет жеген адам
ағзаға қажет бiр тәулiктiк белок алған болып есептелiнедi. Осылайша
майды, түрлi дәрумендердi, минерал тұздарын, көмiртегiн ескере отырып,
тағамдардың түр-түрiн әзiрлеуге болады. Жаз, көктем және күздiң
алғашқы айларында ет азырақ пайдаланылады.
Құрамында белок, май, витамин, минералды тұз, әсiресе, темiр тұзы бар
ет организм үшiн өте пайдалы. Еттi шамадан тыс, әсiресе, жатар алдында
көп жеп, сорпасын iшу бүйрек пен жүйке жүйесiне, бауырға ауыр соғады.
Көп жеген еттi қорыту үшiн асқазаннан мөлшерден артық сөл бөлiнiп,
оның соңы асқазан жарасы (гастрит) ауруына соғуы ықтимал. Орта жастағы
адам үшiн тәулiгiне 150-200 грамм ет жеткiлiктi.
Балық тағамдарын жиiрек пайдалану тиiмдi, олар ағзаға өте пайдалы.
Оның үстiне, балық етi мал етiне қарағанда ағзаға жеңiл және тез
сiңедi. Балық етiнде А дәруменi мен қанықпаған май қышқылдары бар.
Мысал ретiнде Америкаға кеткен жапондықтардың атеросклерозбен көп
ауырғанын айтуға болады. Олар өз жерлерiнде жүргенде балық етiн көп
жегеннен болса керек, мұндай ауру байқалмаған. Ағза үшiн өсiмдiк майы
пайдалы.
Нанның құрамында триптофон, литионин, лизин деген құнды амин
қышқылдары аз. Әсiресе, семiруге бет алған адам нанды аз мөлшерде
пайдалануы тиiс. Сөйтiп күнделiктi тағамға ет, тауық етi, көкөнiс пен
жемiстердi қажеттi мөлшерде пайдалану денсаулық сақтауға көмектеседi.
Күнделiктi тағамға картоп та керек. Кейде күнiне 300 грамдай картоп
жеуге болады. Жемiс пен көкөнiстер iшек-қарын қызметiн жақсартып, iш
жүргiзудi реттеп отыруға көмектеседi. Ас қорыту жүйесiнiң жұмысын
жақсартуға жәрдемдеседi.
Тағамның адам мінезіне әсері
Адамның мінезіне жеген асы белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Тіпті,
етін жеген малдың кейбір мінездерін адамның өз бойына сіңіріп алуы
мүмкін. Өздеріңізге белгілі, доңыздың торайларын тапқаннан кейін
құтырынып кететіні, оны торайынан ажыратып алмаса, жеп қоятыны.
Доңыз тышқан, көртышқандармен де қоректенеді. Ол өзінің ұрғашысын
қызғанбайды. Сол себепті доңыздың етін жейтіндердің бойында жарына,
анасына деген бөгде еркектің арам пиғылына қарсы намыс, қызғаныш
сезімі біртіндеп жоғала бастайды. Доңыз етін жеушілер түрлі ауруларға
жиі шалдыққыш. Және де доңыздың геномы адам геномына өте ұқсас, ішкі
ағзалары да адамның ішкі ағзаларындай, терісінің құрылсы адамдардың
терісінің құрылысындай. Сапалы өнімдерден пісіру, қуыру технологиясын
сақтай отырып әзірленген дәмді тағамдарды белгілі мөлшерде, тамақтану
тәртібімен ішіп-жеудің зияны жоқ. Керісінше, оған мән бермесең, ол-
түрлі ауру көзі. Өйткені, ғалымдардың дерегіне сәйкес, жасы 30-35-тен
асқан адам- дардың 80-90 пайызы асқазанның түрлі ауруымен ауырса,
соның көбі дұрыс тамақтанбау салдарынан.
Шамамен жыл санауымыздан ХІ ғасыр бұрынғы Тибет медицинасының өзінде-
ақ емшілер асқазан ауруына байланысты Барлық аурудың қақпасы – ауыз
деген тұжырым жасаған. Асқазан қызметінің нашарлап, тамақтың дұрыс
қорытылмай, әртүрлі аурулардың пайда болуына басты себептер: тамақтану
тәртібін сақтамау, бей-берекет, не болса сонымен тамақтану, майлы,
ащы, қышқылды тағамдарға әуес болу, тамақты толық шайнамай жұту,
көкөністер мен жеміс-жидектерді жумай жеу, спирттік ішімдіктерді
шамадан тыс жиі және көбірек ішу, нашаға құмар болу, дәрі-дәрмектерді
ретсіз пайдалану. Тамақты өте ыстық, не өте салқын ішу де қарынға
зиян.
Кейбір адамдар тістерінің кем-кетіктігінен немесе асығыстықтан тамақты
толық шайнамай, жұта салады. Мұндай асты қорытуға асқазан сөлі-нің
шамасы келмей, асқазан бүрлері үлкен күйзеліске түсіп, тітіркенеді.
Қарын және ішек жолдарындағы шырышты қабық жарақаттанады. Бұл тәннің
өзге ағзаларына да ықпал етіп, олардың қызметін әлсіретеді. Әсіресе,
бұдан жүйке-психикасына зақым келеді. Асқазаны науқас адамдар спирт
ішімдіктерін көбірек ішіп қойса, ұйықтап жатқанда өліп кетуі де
мүмкін. Мұндай жағдай созылмалы алкогольдік гастритпен ауыратын
адамдарда жиі кездеседі. Ғылыми болжамдар бойынша, аштық, семіздік,
қанда холестериннің көбейіп кетуі, қан қысымының көтерілуі, микроқорек
заттардың тапшылығы сияқты денсаулыққа қауіп төндіретін 10 фактор-дың
жетеуі дұрыс тамақтанбаудан. Академик Төрегелді Шармановтың
мәлімдеуінше, ауру атаулының 70, өлім-жітім атаулының 60 пайызы дұрыс
тамақтанбаумен тікелей байланысты.
Есте сақтайтын ескертулер Тамақта белоктың жетіспеуі баланың дамуын
күрт тежеп тастайды, ересек адамдардың денсаулығын едәуір бұзады:
еңбек қабілеті нашарлайды, ағзаның тұмауға, басқа да жұқпалы ауруларға
қарсылығы кемиді. Жануарларға жасалған тәжірибе баланстанбаған, теріс
тамақтану (рациондағы тамақтық заттардың сапалық және сандық
арақатынасының ағза қажетіне сәйкес келмеуі), тамақта белок пен
холиннің жетіспеуі қатерлі ісіктердің дамуына соқтыруы мүмкін екенін
көрсетті.
Дене салмағының шамадан тыс молдығы адам өмірінің орташа ұзақтығын
едәуір қысқартады. Семіздіктен зардап шегетін адам салмағы қалыпты
адаммен салыстырғанда шамамен 7 жыл аз жасайды. Жарты литр сүт немесе
100 грамм сыр ересек адамның кальцийге деген тәуліктік қажетін
қанағаттандырады.
Адамның тәуліктік қажеті – 0,1 – 0,2 миллиграм йод. Йодтты тұздар
салыстыра алғанда теңіз өнімдерінде көп. Рахит – күннің сәулесі
түспейтін қараңғы, сыз жертөледе тұратын балалардың көп тараған ауруы.
Тамақ жеуге тек көңіл-күйіңіз жақсы кезде кірісіңіз. Ашулы, абыржулы
күйде жеген тамақтың пайдасы шамалы. Асты тек бір рет қана жейтіндей
етіп даярлаңыз. Бірнеше сағат тұрып қалған тамақтың құнарлығы
жойылады.
Сусынды тамақтан 10-15 минут бұрын, ал тамақтан кейін 1,5 – 2 сағаттан
соң ішу керек. Сонда тағамды аз мөлшерде жесеңіз де тойып қаласыз.
Жас ұлғайған сайын жейтін тағам мөлшерін азайтып, қимыл-қозғалысты
көбейте түскен жөн. Тағамдық аллергия Оның таралуына мынандай
факторлар басты себеп:
1.Науқастың өзінде, туыстарында аллергияға тектік бейімділік. Мұндай
науқастар – 1 пайыз.
2.Әйелдің жүкті кезінде дұрыс тамақтанбауы (балықты, жұмыртқаны,
шоколадты көп жеу) – 3 пайыз.
3. Сәбиді емшектен ерте суалту, жасанды тамақтандыру, сәбидің жасы
мен салмағына тағамның сәйкес келмеуі – 8 пайыз.
4.Асқазан – ішек жолының қабынуы.
5. Иммундық механизмсіз тағамдық аллергия (тағам қабылдағанда
байқалады).
Тағамдық аллергияның дамуына жағдай жасайтын факторлар – ас қорыту
ағзалары тарапынан анатомиялық, физиологиялық және иммунологиялық
факторлар болып табылады. Сонымен қатар мынандай жағдайлар да әсер
етеді:
1.Ақуызды тағамдарды шамадан тыс қабылдау;
2.Тағам өнеркәсібінде консерванттар қолдану;
3.Ішек құртының өршуі;
4.Азық-түлікке улы химиялық заттардың араласуы
Тамақтан уланудың алдын алу Тамақтан уланудың алдын
алуда тұтынушылардың сауаттылығы мен жеке гигиеналық тәртіпті қатаң
сақтау өте маңызды.
Тибет медицинасы тағамдар туралы Тамақ пен сусынды дұрыс
пайдалану денсаулықты жақсартады. Шамадан тыс көп тамақтану, аш жүру,
дұрыс тамақтанбау ауру- сырқауға ұрындырады. Қойдың еті – жылу мен әл
– ауқатты арттырады, денедегі желді басады. Асқа тәбетті арттырады.
Ешкінің еті – ауыр, салқын.
Сиырдың еті – салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады. Жылқының еті –
іріңді тоқтатады. Бүйрек пен белді желден тазартады. Тауықтың еті –
ұрықты көбейтеді. Жарақат алған кезінде жақсы. Суырдың еті – майлы,
ауыр, қызулы, ісік кезінде пайдалы. Асқазан, бүйректен, бел мен бастан
ұстаған суықты шығарады. Балық – асқазан ауруларына ем. Тәбетті
арттырады, көзге пайдалы, ірің мен жалқыншақты тияды. Жануарлардың
аталықтарының кеуде жағының еті, аналықтардың бөксе жақ еті,
буаздарының бар еті ауыр болады. Малда аналықтардың, ал құстарда
аталықтардың еті жеңіл.
Сарымай, жұлын мен іш май – дәмді, ішкі ағзаны жұмсартады. Әлсіреген,
шаршаған, ұрығы мен қаны әлсіз қарттар мен балаларға іштерін
тазартуға, желді шығаруға пайдалы. Жаңа сары май әл – ауқатты
арттырады. Дененің қызуын қайтарады. Сүр май – ақылынан адасқан,
есінен айырылған, есінен танған адамдарға көмектеседі, жарақаттың
жазылуына жақсы.
Шыжғырылған май – ойды өткірлейді, жадты кеңейтеді. Жылу мен күш қуат
береді. Өмірді ұзартады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Факультативті сабақтардың жалпы сипаттамасы
Дұрыс тамақтану жайлы мағлұмат
Эко - стильдегі кафе дизайнының негізгі принциптері мен ерекшеліктері
Салауаттылық мәні және қалыптастыру жолдары
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру
Мейрамханалар түрлері мен ерекшеліктері
Әлеуметтік желілердің мейрамхана бизнесіндегі тұтынушылардың шешім қабылдауына әсері
Қарт және егде жастағы адамдар үшін азық-түлік өндірісінің технологиясының ерекшеліктері
Егде жастағы адамдардың тамақтануы
Колледж студенттеріне салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру аспектілері
Пәндер