Марк Твен Том Сойердің басынан кешкендері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Марк Твен «Том Сойердің басынан кешкендері»

Атақты американдық жазушы - Марк Твенның «Том Сойердің басынан кешкендері». Кітапта баланың өмірі жайлы сипатталады. Романды бастап оқыған кезде суық үйде отырғандай әсер алдым. Себебі романда суреттелген Том Сойер Полли атты апайымен, ағайындас Сидпен тұрған, ата-анасы жоқ болған. Полли апай Сидты жақсы бала деп, ал Томды жаман деп есептеуі баланың болашағына кедергі келтіруі әбден мүмкін деген ойға келдім.

Марк Твен оның өмірбаяның сипаттай отырып, кішкентай баланың, ересек адамдарымен қарым-қатынасын нағыз өмірмен байланыстырып көрсеткендігі таң қалдырды.

Кітаптың шыққанына жүз жылдан астам уақыт өтсе де оқырман қолынан түспеуі менің ойымша шығарманың көңілден шығуы. Оқиға желісі қазіргі таңда да ахуалды орын алады. Бұнда көптеген мектептегі қызықты оқиғалардың бейнеленуінің кейбір сәттері өз өмірімізден алынғандай әсер етті.

Нағыз достықты шебер суреттей білген жазушы менің көзқарасым бойынша азаматтықтың биік тұғырын көрсеткені деп түсінемін. Том мен Гектің достығы мен үшін жаңа ашқан жаңалығымдай болды. Осы бағалы достықтың мысалы өз өміріме әсер етеді деп ойлаймын.

Марк Твеннің кейіпкерлері үлкендердің айтуынша емес, табиғат сияқты еркін өмір сүруді бейнелеуі-менің ойымша әркім өз ісіне жауап беретіндей адам болуы тиіс. Тыңдауды білмейтін, кейде дөрекі Том - қиялшыл, өжет, адал, достыққы берік. Шыншыл емес адамдарды жақтырмауы оның өзінің көзқарасының жоғары екендігін көрсетеді деп ойлаймын.

Томның достары көп еді, бірақ ең адал досы Гелькберри Финн болуы олардың өмірлерінің ұқсастығы деген пікірдемін. Кез келген адамның өмірінде махаббат болады. Дос махаббатын түсінген досының шыдамдылығы арамдықтан аулақ болуға жол салды деп білемін.

Өмірде кездескен қауіпті жағдайларды досымен бірігіп жеңуі оның жақсы жақтарын да көрсете білгені деп ойлаймын. Менің көзқарасым бойынша үлкендердің қатігездігі мен қатар балалық өзекті мәселелерді автордың нақты шындықты көрсете білуі асқан тапқырлық.

Том Сойердің ештеңеге қарамастан мейірімді және адал әрекетті адам болып шығуына оқырман сенеді. Романда бала арманының барлығы орындалады. Бала кезінде барлық бала пират болып қазына табуды армандайды.

Осы кітапты оқыған соң байлық емес достықтың жоғары екендігіне тағы да дәлел тапқандай болдым. Орта буында оқыған бұл романды биыл қайтадан қолға алуым «алтын қойма» табумен бірдей болғандай. Кітапты үлкейген кезде де оқу керек екенін түсіндім.

Алған білімім Том мен оның достары сияқты азғана жетістікке қуана білу керектігін көрсетті. Романнан Гектің достығы маған үлкен әсер етті. Өзіме алған білімді өмірде қолдануыма себепші болары сөзсіз. Барлық ауыртпалыққа қарамастан мейірімді адал достықты бағалау кез-келген адамның қолынан келе бермейтіндігін аңғардым.

Кітапты оқыған үлкен-кіші көптеген жақсылықты үйренеді. Өз балалық шағыңды, денеңді тер жауып, суық қорқынышты, қауіпті жағдайды елестетесің. Маған шығарма үлкен ой салды.

Кітап беттерін аша отырып, шексіз қызықты оқиғаларға таң қалдым. Жақсы жазылған романды оқи отырып, жүрегің оқиға не болар екен деп лүпілдеп соғады. Автор әлемді баланың көзқарасымен көрсете білді. Өскенде де достықтары жоғалмайды деп ойлаймын.

Достық пен арманның орындалуы романда көрсетілді. Армандай білудің өте зор маңызы бар екен. Мақсатқа жететіндігіңді білген кезде ой тұнық, арман орындала бастайды деп ойлаймын.

Мен де Гек пен Том сияқты достардың болғанын қалаймын. Әрқашан шындықты айтып, қиын сәттерде қол ұшын беретін. Бір-біріне берген сертте тұруы, құпияны сақтауы адамгершіліктің белгісі.

Менің ойымша нағыз достықтың мысалы табылған байлыққа олардың көзқарастарын оқыған кезде аңғардым. Әсіресе ақша достықты бұзады дейді. Бұнда балалар байлықтарын достық, орманға махаббат, өзенге, қарапайым өмірге беруге дайын.

Арман мен мақсат - ақылдың көмекшісі деген ой түйдім. Арман жаныңа қуат беріп, білім кеңістігін кеңейтеді. Ішкі мамыржай қалыпқа келтіреді. Осыдан өмірдің ширығуына шыдайтын күш көбейері сөзсіз. Романнан алған әсерім қандай шырғалаң болмасын оны шешуге болатындығы.

Өзіңді сыйламаған адамға ренжімеңіз. Себебі ең бастысы өзіңізді-өзіңіз сыйлауыңыз. Егер де күніне екі рет таңертең және кешке жатар кезде асқақ армандап, жақсы кітап оқысақ, ішкі күшімізді нығайтсақ, біз жеңбейтін кедергі болмайды. РАХМЕТ!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Марк Твен стилін көркемдейтін Том мінезі
Марк Твеннің өнердегі бейнесі
Шетелдік юморларды аудару
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктері
Англия әдебиетінің өкілдері
Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Балалар поэзиясы мен драматургиясы
Шығарманың образдар жүйесіне талдау
АҚШ тың экономикалық даму ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz