Азаматтық істерді жүргізудегі өкілдік етуде адвокатураның атқаратын қызметі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:
Аннотация
Бітіру жұмысының тақырыбы: «Азаматтық істерді жүргізудегі өкілдік етуде адвокатураның атқаратын қызметі»
Жұмыс кіріспеден; 4 тараудан: І тарау 3 бөлімнен, ІІ тарау 3 бөлімнен, ІІІ тарау 3 бөлімнен, IV тарау 3 бөлімнен; қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер, баспасөз материалдарының тізімінен тұрады.
Кіріспеде бұл тақырыпты таңдап алудағы себептері, тақырыптың өзектілігі, оны зерттеудегі мақсаттары көрсетіледі.
І тарауда адвокатура, оның даму тарихы, қоғамдағы ролі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негізі, адвокаттың мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттері, адвокаттың кеңес беру қызметі кеңірек қарастырылады.
ІІ тарауда Сотта өкілділік ету, сотта өкілділік түрлері, тапсырма бойынша өкілділік, адвокаттың азаматтық процесте атқаратын қызметі және оның процессуалдық жағдайы қарастырылады
ІІІ тарауда адвокаттық істің құқықтық бағытын анықтап және азаматтық істі сотта қарауға дайындалуы мен оның ерекшеліктері, азаматтық істі негізінен қарағанда және дәлелдемелерді тексеруде қатысу тәртібі, адвокаттың іс барысындағы жарыссөзі, адвокат сөзі кеңірек қарастырылады.
ІV тарауда апелляция сатысындағы адвокаттың атқаратын қызметі, заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарауға адвокатттың қатысуы, атқару өндірісіндегі адвокат қызметінің ерекшеліктері және адвокатура қызметін жетілдіру мәселелері кеңірек қозғалады.
Қорытынды бөлімде зерттелген мәселелер төңірегінде адвокаттық қызметтің кез келген түрімен айналысатын, соның ішінде азаматтық іс жүргізуге де қатысатын адвокаттардың тәжірибедегі проблемаларын шешу жолдарын көрсетіліп, автордың өз ұсыныстары келтіріледі.
Жұмыста қолданылған негізгі терминдер: азаматтық процесс, адвокатура, адвокат, өкіл, өкілділік, тапсырма бойынша өкілділік, консультациялық қызмет, сот жарыссөзі, адвокат сөзі, апелляциялық инстанция, атқару өндірісі.
Жұмысты зерттеу барысында әдебиеттер, баспасөз беттерінен материалдар және нормативтік-құқықтық актілер пайдаланылды.
Көлемі 69 бет.
Пайдаланған әдебиеттер саны - 45
Орындаған студент - Елғонов Н. Н.
Ғылыми жетекшісі - Орынтаев Ж. Қ.
Жылы: 2016
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе. ………9
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АДВОКАТУРАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ ТҮСІНІГІ, МАҚСАТЫ, ҚЫЗМЕТІ МЕН ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ . . . 11Адвокатура, оның даму тарихы, қоғамдағы ролі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негізі . . . 11Адвокаттың мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттері . . . 15Адвокаттың кеңес беру қызметі . . . 16
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕ АДВОКАТТЫҢ ӨКІЛЕТТІЛІГІ . . . 21
2. 1 Сотта өкілділік ету . . . 21
2. 2 Сотта өкілділік түрлері. Тапсырма бойынша өкілділік . . . 32
2. 3 Адвокаттың азаматтық процесте атқаратын қызметі және оның процессуалдық жағдайы . . . 42
3. АДВОКАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТТЫҢ І-САТЫСЫНА ҚАТЫСУЫ . . . 44
3. 1 Адвокаттық істің құқықтық бағытын анықтап және азаматтық істі сотта қарауға дайындалуы мен оның ерекшеліктері . . . 44
3. 2 Азаматтық істі негізінен қарағанда және дәлелдемелерді тексеруде қатысу тәртібі . . . 46
3. 3 Адвокаттың іс барысындағы жарыссөзі. Адвокат сөзі . . . 47
4. АДВОКАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМІН ҚАЙТА ҚАРАУ БОЙЫНША СОТ ҚАУЛЫЛАРЫНА ШАҒЫМ КЕЛТІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. . 53
4. 1 Апелляция сатысындағы адвокаттың атқаратын қызметі . . . 53
4. 2 Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарауға адвокатттың қатысуы. 57
4. 3 Атқару өндірісіндегі адвокат қызметінің ерекшеліктері және адвокатура қызметін жетілдіру мәселелері . . . 59
Қорытынды . . . 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66
Нормативтік сілтемелер
Осы дипломдық жұмыста келесі сілтемелер қолданылған:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30. 08. 1995 ж. (7. 10. 1998 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен қоса) . Алматы, 2005 жыл.
2. Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызметі туралы» заңы 5 желтоқсан 1997 жыл. 11. 07. 2001 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
3. Қазақстан Республикасының «Азаматтық процестік кодексі». 13 шілде 1999 жыл, өзгертулер мен толықтырулар 1 қаңтар 2016 жыл.
4. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңы 30 маусым 1998 жыл. 01. 01. 2016 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.
Анықтамалар
Осы дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылған:
Адвокатура - адвокаттық қызмет атқаратын азаматтардың құрылағн ерікті қоғамдық ұйым.
Заңи консультация - заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін адвокаттар алқасының төралқасы құрады.
Адвокат термині латын сөзінен аударғанда (advocatus, advoco сөзінен приглашаю, призываю) --1) заңгер, яғни кеңес беру, қорғау арқылы сотта кәсіби құқықтық көмек көрсету; 2) біреуді қорғау үшін қатысу деген ұғымдарды білдіреді.
Соттағы өкілділік - азаматтық іс жүргізу құқығының жеке өз алдына институты болып табылады, бұл жердегі қатынастар екі жақты болып келеді, яғни сот пен өкілдің арасындағы қатынас және өкіл мен өкілдік берушінің арасындағы қатынас.
Соттағы өкілділік институты азаматтық іс бойынша іске қатысушы тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау кезінде кәсіби заңи көмек көрсетуден тұрады.
Соттағы өкілдің қызметі оның өкілдік берушінің атынан және оның мүддесінде процессуалдық әрекеттерді жасау.
Адвокат сөзі латыншадан аударғанда қолдаушы, жақтаушы, іс қуушы деген мағынаны білдіреді.
Сот өкілділігі - сот пен сот өкілі арасындағы барлық қоғамдық қатынастарды емес, қоғамдық қатынастың тараптарын (элементтерін) реттейтін азаматтық прцессуалды құқықтың жалпы институты.
Істі сотта қарауға дайындық - бұл азаматтық іс жүргізудің бір сатысы болып саналады. Сот алдына қойылған мақсаттар мен міндеттердің орындалып, азаматтық даулардың шешілуі соттың бірінші сатысы бойынша сот мәжілісінде қамтамасыз етіледі.
Соттағы жарыссөз - сотта іс қарау сатысының қорытынды бөлімі болып табылады. Осы бөлімге адвокат қатыса отырып, сенім білдіруші клиентінің позициясымен істі сотта қарауды негізінен аяқтап қортынды ойын пысықтап, дәлелдемелерді бағалаудың өзіндік бағасын береді. Адвокат құқықтық нормаға қарай өзінің ой-тұжырымын және талап арыздың талаптарына деген пікірін айтады.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудың негізі осы істі қарағар кезде сотпен жіберілген заңды бұзу және жаңа дәлелдемелер емес, жаңадан ашылған мән-жайлар болып табылады.
Заңи кеңес беру қызметі адвокаттардың қызметтерінің бір түрін көрсетеді, яғни заң көмегімен қамтамасыз етеді.
Азаматтық процестегі сот өкілі дегеніміз өкіл берушінің (азамат немесе ұйым) атынан оның мүддесі үшін процессуалды әрекеттер жасайтын тұлға.
Белгілер мен қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚРАК - Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі
ҚРАПК - Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексі
КіріспеТақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады: Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң оларға өкілділікті - өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек алуына мүмкіндік беріп отыр. Міне, осы орайда мен бітіру жұмысымда құқықтың теориялы әрі қолданбалы саласы болып табылатын азаматтық іс жүргізу құқығының ауқымды институты - өкілділік институтындағы тапсырма шарты бойынша азаматтық іске қатысатын адвокаттар қызметі, адвокатураның азаматтық іс жүргізудегі ролі, ерекшеліктері, маңызы жөнінде айтпақпын [1] .
Ғылыми жаңалық және ғылыми жаңалықтар жағдайы. Зерттеуде азаматтық процессте адвокаттың атқаратын қызметтерінің мәселелері және олардың атқаратын саласындағы иеленетін орнының дәрежесі жаңаша көзқарас тұрғысынан кешенді түрде қарастырылды.
Зерттеудің практикалық қажеттілігі. Дипломдық жұмыста зерттелген ойлар мен тұжырымдамалар болашақта азаматтық істер ғылыми ізденушілік жұмыстарына негіз бола алады.
Дипломдық жұмыстың обьектісі. Азаматтық сот iсiн жүргiзу кезінде адвокаттыі өкілдік ету мәселелерін реттейтін және азаматтық іс жүргізу ережелерін қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы адвокаттардың азаматтық іс жүргізуге қатысуының іс жүзінде маңыздылығы, қолданыстағы заңнаманың негізінде адвокаттық қызмет мәнін қарастыру және олардың алатын орнын теориялық - тәжірибелік тұрғыдан зерттеп зерделеу.
Дипломдық жұмыстың мақсаты зерттеу құралы - азаматтық іс жүргізу істеріндегі адвокаттық қызмет принциптерін айқындайтын, құқықтық қатынастарды реттейтін «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің» және «Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет туралы» заңының нормалары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың құқықтық мәдениеті; санасының өсуімен олардың қандай да болмасын құқықтары бұзылған жағдайда адвокаттар алқасына көбірек жолдануы, сонымен байланысты сот тәжірибесіндегі қаралатын істердің басым көпшілігін түрлі азаматтық істер құрайтындықтан процеске адвокаттарды көп жалдайтындығы, адвокаттың кеңесіне көбірек жүгінетіндігі;
2. Осыған орай елімізде тапсырма бойынша өкілділік етудің, соның ішінде адвокаттың азаматтық іс жүргізу саласында көрсететін қызметінің әлі толық зерттелмеуі;
3. Қазақстан Республикасының адвокаттарының азаматтық іс жүргізуге қатысуы, олардың алатын орнын теориялық-тәжірибелік тұрғыдан зерттеп зерделеу;
4. Адвокатура мәселелерін саралап оның шешу жолдарын қарастыру;
Дипломдық жұмыс зерттеу барысында. Қазақстан сот тәжірибесіндегі адвокат қызметінің мәселелері атты І-тарауда В. А. Мусин, Н. А. Чечина, Д. М. Чечот Гражданский процесс, Д. П. Ватман Право на защиту, М. К. Треушниковтың жетекшілігімен шығарылған Гражданский процесс, В. М. Шерстюк Судебное представительство по гражданским делам, И. М. Ильинская, Л. Ф. Лесницкая Судебное представительство в гражданском процессе, Д. Р. Джалилов Гражданское процессуальное правоотношение и его субьекты, т. б. ; ІІ-тарауда Д. П. Ватман, В. А. Елизаров Адвокат в гражданском процессе, О. В. Арсентьев Адвокатура. Адвокат в уголовном и гражданском процессах. Нотариат; ІІІ тарауда М. С. Шакарянның жетекшілігімен шығарылған Гражданский процесс, М. Ю. Барщевский Адвокат, адвокатская фирма, адвокатура, Б. С. Антимонов, С. Л. Герзон Адвокат в советском гражданском процессе, Л. М. Орлова Права сторон в гражданском процессе, Л. М. Орлова Права сторон в гражданском процессе, Д. П. Ватман Адвокатская этика, Р. И. Давиденко Рассмотрение гражданских дел, П. Я. Трубников Судебное разбирательство гражданских дел, Н. Н. Ивакина Культура судебной речи, З. Х. Баймолдина Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции, С. Т, Тыныбеков Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике Казахстан, Е. А. Борисова Апелляция в гражданском и арбитражном процессе, т. б. пайдаландым. Аталған тарауларды жазу барысында сонымен қатар негізгі заңымыз - Конституцияны басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексін; Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңын, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы Заңын және ғылыми-теориялық конференциялар мен ғылыми еңбектердің жинақтарын, республикалық баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды да қолдандым. Тәуелсіз Қазақстанның адвокаттық қызмет туралы Заңы 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданды. Осы заңға сәйкес адвокаттар заңда көрсетілген барлық тәсілдермен азаматтардың құқықтарын кез келген қол сұғушылық пен бұзудан қорғау жөніндегі міндеттерін жүзеге асырады. Атап айтсақ, қылмыстық істер бойынша қорғаушы қызметін атқару; жауапкер, талапкер және іске қатысушы өзге тұлғалардың өкілі ретінде азаматтық істерді сотта қарауға қатысу; ұйымның тапсырмасы бойынша сотта өкілділік; заңи мәселелер бойынша кеңестер беру; өзге де заңи көмек көрсету.
Зерттеудің әдістемелері мен теориялық негіздері. Осы жұмыста ғылыми танымның талдау, синтез, индукция және дедукция сияқты әдістер қолданылған. Сонымен қатар тарихи, нақтылық және т. б. теориялық қағидалар басшылыққа алынған.
Зертеудің нормативтік базасы. Зерттеу жұмысының базасын Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының Заңдары, азаматтық заң актілері, Президент Жарлықтары, Қазақстан Үкіметінің қаулылары, сонымен қатар Кеңестер Одағы мен Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің нормативтік-құқықтық актілері және бірқатар шетелдік заң актілері құрайды.
Дипломдық жұмыста зерттелген ойлар мен тұжырымдамалар болашақта азаматтық істерде ғылыми ізденушілік жұмыстарына негіз бола алады. Қоғамдық өмірде адвокаттың атқаратын қызметін зерттеу үшін ғылыми көзқарас қамтамасыз етіліп, әлеуметтік шындық, ғылыми білімнің диалектикалық әдісі негізделген.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмысты зерттеу барысында В. А. Мусин, Н. А. Чечина, Д. М. Чечот Гражданский процесс, Д. П. Ватман Право на защиту, М. К. Треушниковтың жетекшілігімен шығарылған Гражданский процесс, В. М. Шерстюк Судебное представительство по гражданским делам, И. М. Ильинская, Л. Ф. Лесницкая Судебное представительство в гражданском процессе, Д. Р. Джалилов Гражданское процессуальное правоотношение и его субьекты, т. б. ; ІІ-тарауда Д. П. Ватман, В. А. Елизаров Адвокат в гражданском процессе, О. В. Арсентьев Адвокатура. Адвокат в уголовном и гражданском процессах. Нотариат; ІІІ тарауда М. С. Шакарянның жетекшілігімен шығарылған Гражданский процесс, М. Ю. Барщевский Адвокат, адвокатская фирма, адвокатура, Б. С. Антимонов, С. Л. Герзон Адвокат в советском гражданском процессе, Л. М. Орлова Права сторон в гражданском процессе, Л. М. Орлова Права сторон в гражданском процессе, Д. П. Ватман Адвокатская этика, Р. И. Давиденко Рассмотрение гражданских дел, П. Я. Трубников Судебное разбирательство гражданских дел, Н. Н. Ивакина Культура судебной речи, З. Х. Баймолдина Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции, С. Т, Тыныбеков Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике Казахстан, Е. А. Борисова Апелляция в гражданском и арбитражном процессе, т. б. пайдаландым. Аталған тарауларды жазу барысында сонымен қатар негізгі заңымыз - Конституцияны басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексін; атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңын, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы Заңын және ғылыми-теориялық конференциялар мен ғылыми еңбектердің жинақтарын, республикалық баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды да қолдандым.
АДВОКАТУРАНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ 1. 1 Адвокатура, оның даму тарихы, қоғамдағы ролі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылықық негізі, міндеттеріАзаматтарды квалификациялық заңды көмекпен қамтамасыз ету - бұл маңызды конституциялық ереже болып табылады. 1995 жылдың 30-шы тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-ші бабына сәйкес әрбір тұлға сот арқылы қорғалуына, заңда көрсетілген әдістер негізінде өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, білікті заң көмегін алуға құқылы. Ата заңымыздың осы бабын негізге ала отырып, азаматтардың құқықтары тек мемлекеттік органдармен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдармен де қорғалынады. Заңды әдіс ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын арнайы адвокаттар алқасы болып табылады. Белгілі бір тұлғаның мүддесін әділдікке сай қорғау адвокаттық қызметтің бағытының саяси мәні болып саналады. Адвокатура - адвокаттық қызмет атқаратын азаматтардың құрылған ерікті қоғамдық ұйым. Адвокатураның шынайы құралы - Қазақстан Республикасының адвокатурасы - өзін-өзі басқаратын, шаруашылық есептегі қоғамдық ұйым. Қоғамдық ұйымдардың беделі көтерілген сайын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кеңейтілген сайын адвокаттардың ролі күннен-күнге дейін өсуде. 1997 жылдың 5-ші желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы заңы адвокатураның қазіргі кездегі жұмысын, қызметінің бағытын, мақсатын анықтайды. Осы қабылданған заң арқылы адвокатураның беделі өседі деген ойдамын [1] .
Аталып кеткен Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы заңның 1-ші бабында адвокаттық қызметтің, яғни адвокатураның мақсаты белгіленген Қазақстан Республикасындағы адвокатура - адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдем беру мақсаты болып табылады.
Адвокатура ұғымына бірнеше анықтама бар, көбіне:
Адвокатура - адвокаттық кәсіп, яғни сотта адамның мүддесін қорғаудан тұратын қызметтің белгілі бір түрі.
Адвокатура - адвокаттардың сословиясы, яғни өздерінің кәсібін өздеріне арнаған тұлғалар тобы.
Адвокатура - сот өкілдігінің қарама-қайшылықтарына құқық қорғаушылық.
Арсеньтев В. О. адвокатураның ең толық ұғымын былай деп айтқан.
Адвокатура - бұл заң негізінде жергілікті халыққа және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсететін кәсіби ұйым.
Адвокатураның даму тарихын қарастыратын болсақ, соттар сияқты адвокатураны ежелгі институт деп айтсақ ол біздің қателескеніміз.
Классикалық дәуірдің грек және рим тарихында ерікті азамат, сот алдында өзі жауап беруге міндетті болатын. Сондықтан Ежелгі Грецияда негізгі заңдарды білу халықтың білімін көтеру үшін зерделеп оқытуға әкелді.
«Отбасы өкілдігі» - бұрын пайда болған өкілдіктің бір түрі. Отбасы өкілдігі адвокатураның туындауына ең басты маңызды себептер болып келген. Осы өкілдіктің барысында отбасы ағасы өзінің отбасы мүшелерінің әрқайсысының мүдделерін сот алдында қорғаған және де бұған қоса ол тек өзінің қандас туысқандарының мүдделерін ғана емес, сонымен қатар, қорғау қажеттігін талап еткен басқа да отбасы мүшелерінің мүддесін қорғайтын. Осыдан басшылар мен қорғалынушылар деген ұғым тараған. Біріншісі - адвокаттардың қатарына жатса, екіншісі - қорғалатын істерін адвокатқа тапсырушылар қатарына жатты. Сол кездер аралығында заңды тұлғалардың өкілдігі туындаған болатын. Мысалы: ақ сүйек заңдарымен танысып, дәріс алған монахтар, сотта монастырь мүддесін қорғаған. Орта ғасырда сотта өз өкілді пайдалану тек патша тұқымының айырықша құқығы болып есептелінген. Сонымен қатар ерекше қызметке ие болғандар бұл құқықты қолдана алатын. Кәсіпкерлік пен сауданың өсіп дамуына орай кәсіпкерлердің сот алдында өз мүдделерін қорғау туралы кеңес беру қажеттілігін пайда бола бастағандықтан жоқтан барды қарастырушылар мамандығы пайда болған. Осыдан соң бұл мамандар ортағасырдың цехтық ұйым болып бірігіп заңгерлерді дайындап шығаратын болған. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып XІV-XV - ғасырларда Англияда Шиндерге біріктірілген берристтер - заңгерлерінің ассоциациясы пайда болды. Бұл корпрациялар әлі күнге дейін жұмыс жасауда. Лондонда қазіргі кезде төрт институт бар. Әрқайсысы өзінің құқық мектебіне сүйенеді, келуші клиенттерді қабылдайтын бөлмелерімен өздерінің кітапханалары бар және өздерінің символикалық белгілері бар. “Барристер - деген сөз ағылшын тілінен «вач» - қабырға, қорған деген сөзден шыққан. Сол кезде осы сөз арқылы магистрлер мен оқушыларды ажыратқан болатын және сол кезде Англияда солистер институты дамыған. Яғни, егер барристер сол алдында сөйлесе, онда солистер оған қажетті құжаттар жинаумен айналысқан, біріктіре отырып іздеуші ретінде салық салуға, сақтандыруға байланысты берілген тапсырмаларды, нотариустың қызметін қосып жұмыс жасайтын. Қазіргі уақытта солисттер кіші магистрлік соттарға біріктірілген, кейбіреулері - тәж соттарына енгізілген.
XVІІ-XІІІ - ғасырда Европада мемлекеттік Үкіметтік адвокатура институты дамыған. Оның бастаушысы болып Пруссия патшасы Ұлы Фридрих - ІІ-ші болған. 1780 жылы ол Пруссияда адвокатураны жойып оның орнына белгілі бір еңбекақы алып тұратын сот ассистент-чиновниктерімен ауыстырды. Бұл чиновниктер туралы бұлар жалдамалы немесе қарапайым іс басқарушулар емес, соттың көмекшілері яғни, істі қарауда соттың ақиқатқа жетуіне көмектесетін тұлғалар болып саналды. Бірақ сол дәуірдегі адвокаттар өз қызметін тек қана қай соттың құрамында болса, сол сотта сөйлеу құқығын пайдалана алған. Мемлекеттік адвокатура өзінің даму жолын ала алмағандығы осыдан келіп шыққан. Бұған И. Фойницкий былай деген: “Адвокаттар лауазымды тұлғаға айнала бастаса, сотта өзіне сеніп берген міндеттемелерді қорғауға беретін бостандықты, дербестік және тәуелсіздікті жоғалтады [2] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz