Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, пайдалану
2. Тараптардың және қалған тұрғындардын құқықтары мен міндеттері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары ішінде тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып танылды және жалпыұлттық сипаттағы ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2011 жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша 6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жоспарланған іске қосу көлемінен 8,3 % артық.
Осылайша, тұрғын үй құрылысының жоғарыда көрсетілген бағдарламасын іске асырудың нәтижесі туралы айтсақ, жүргізілген талдаудың нәтижесінде алға қойылған міндеттер толық орындалды деп айтуға болады.
Сонымен бірге, талдау бағдарламада көрсетілген әлсіз жақтарды көрсетті:
1) халықтың экономикалық жағынан белсенді негізгі топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік болмады;
2) мемлекет олардың алдында белгілі бір міндеттемелер алған азаматтарды, сондай-ақ жас отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету жылдамдатылған жоқ. Осы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында құрылыс саласында қолданылып жүрген бағдарламаларға тексеру және талдау жүргізуді, олардың негізінде жыл сайын жалға берілетін тұрғын үйдің көлемін 1 млн. шаршы метрге жеткізуді және сатып алу құқығымен жалдау тетігін, сондай-ақ құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі кешенді шараларды көздейтін бірыңғай Қолжетімді тұрғын үй - 2020 бағдарламасын әзірлеуді және бекітуді тапсырды.
Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша тұрғын үйдің иесі немесе оның уәкілетті адамды(жалға беруші) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелеріне тұрғын үйді ақы төлеп пайдалануға міндеттенеді. Сол себепті алдымызға тұрғын үйді жалдау шартын жасасу барысындағы жалға берушімен жалға алушының міндеттерін анықтауды мақсат етіп қойдық.

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, пайдалану

Мемлекеттік тұргын үй қорынан тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазакстан Республикасы азаматтарынын пайдалануына беріледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй пайдаланумен байланысты қарым-қатынастар меншік кұкығы бойынша мемлекетке тиесілі және жергілікті атқарушы органдардың (мемлекеттік коммуналды тұрғын үй коры) немесе мемлекеттік кәсіпорынның (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) баскаруындағы тұрғын үй азаматтарға берілген жағдайларда пайда болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді беру, жалдау және пайдалану тәртібін реттейтін заңнама уақытша құрылым мен маусымдық тұрғын жайларда, бау-бақшалық пен аңшылық үйлерде, туристік базаларда, мотелдерде, кемпингтерде, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, пансиоанатгарда, интернаттарда тұруға таралмайды.
Мемлекеттік түрғын үй қорынан тұрғын үй, сондай-ақ, тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери кызметшілерге және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға беріледі. Оларға берілетін тұрғын үй қызметтік тұрғын үйге теңестіріледі.
Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалуға жататын топтарына мыналар кіреді:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар;
2) I және ІІ топтағы мүгедектер (өздері қылмыс жасаудың салдарынан мүгедек болған тұлғаларды қоспағанда);
3) Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп жатқан отбасылар;
4) Белгіленген заңдық тәртіпте бекітілген аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне шалдыққан тұлғалар;
5) Жасына қарай зейнетке шыкқан тұлғалар;
6) Кәмелетке толғанға шейін ата-аналарынан айрылған жиырма жасқа толмаған жетім балалар. Осы тұлғалар әскерге шакырылғанда бұл жас әскери қызметті өтеу мерзіміне дейін ұзартылады;
7) Репатрианттар;
8) Экологиялық зілзалалар, табиғи жэне техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айрылған адамдар;
9) Көп балалы отбасылар;
10) Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін кұткару кезінде, кұқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапкан адамдардың отбасылары;
11) Толык емес отбасылар.
Азаматтар мына жағдайларда тұрғын үйге мұқтаж деп танылады, егер:
1) олар Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығы бойынша тұрғын үйге ие болмаса;
2) олар тиісті елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан, сондай-ақ меншіктің мемлекеттік емес нысанына негізделген заңды тұлғаларға тиесілі үйлерде, соның ішінде, тұрғын үй (тұрғын үй - кұрылыс) кооперативтерінің үйлерінде тұрақты түрде пайдаланатын тұрғын үйге ие болмаса;
3) отбасы тұрып жаткан тұрғын үй нормативті санитарлық және техникалық талаптарға сай келмесе;
4) аралас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі немесе одан да көп отбасылар тұрып жатса;
5) отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне (белгіленген заңдық тәртіп бойынша бекітілген аурулар тізімі бойынша) шалдықкан аурулар болса, және сол аурулармен бір тұрғын үйде (пәтерде) тұру мүмкін болмайтын болса.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуі мүмкін азаматтарды есепке алу тұрғылықты жері бойынша жергілікті органдарда жүзеге асырылады. Есепке әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар немесе тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, әскери кызметшілер мен сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда отырған тұлғалар алынады.
Есепке алу үшін қажетті кұжаттардың тізбесі мен нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Азаматтардан кандай да бір қосымша құжаттарды беруді талап етуге тыйым салынады.
Азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап, тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Әлеуметтік қорғауға жататын табысы аз азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер үшін жергілікті аткарушы органдар кезектіліктің бөлек тізімін жүргізеді. Жанадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқанына қарамастан, тұрғын үйлерді бөліп тарату екі түрлі бөлек тізімдердің кезегінде тұрғандар арасында жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тұрғын үйлер әрбір тізімде кезекте тұрғандардың санына қарай пропорционалды түрде бөлінеді. Заңнамада тұрғын үйді бөлудің өзге де тәртібі көзделуі мүмкін.
Мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерінен тұрғын үй алуға азаматтардың құқықтары тең екенін жария ете отырып, жаңа тұрғын үй заңнамасы тұрғын үйді кезектен тыс және бірінші кезекте алу деген түсініктерді сақтап қалған. Тұрғын үйді кезектен тыс және бірінші кезекте алу Қазакстан Республикасының "'Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын күшіне енгізу сәтінде тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке койылған кейбір категориядағы азаматтардың тұрғын үй құқықтарының кепілдіктерін қолдаумен байланысты. Бұған қоса аталған заңды күшіне енгізгенге дейін есепке қойылған барлық азаматтар үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың бұрынғы тәртібі сақталады. Тұрғын үйді кезектен тыс алу мына жағдайларда көзделген:
- азаматтың тұрғын үйі Қазақстан Республикасының аумағында орын алған табиғат апаттарының салдарынан тұру үшін жарамсыз болып қалса;
- тұлға мемлекеттік балалар мекемесінен, туған-туысқандарынан, қорғаншысынан немесе қамкоршысынан бұрын тұрған үйіне қайтып оралғанда, ол үйді оның бұзылуы немесе тұрғын емес үй-жай етіп жабдыктауына байланысты қайта беру мүмкін болмаса;
- заңсыз сотталу салдарынан тұрғын үйінен айрылған ақталған адамдарға бұрынғы тұрғын үйін қайтару мүмкін болмаса (бұл жағдайда тұрғын үй беру туралы талап ақталғаннан кейінгі бір жылдың ішінде мәлімделуге тиіс);
- кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айрылған жиырма жасқа толмаған жетім балаларға. Әскери қызметке шақырылған кезде мұндай адамдардың жасы олардың мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;
- тұлғаға шарттан (келісім-шарттан) туындайтын мемлекеттік міндеттемелер әсерімен тұрғын үй берілуге тиісті болса немесе ол бұрынғы тұргын үйін пайдалану мүмкіндігінен заңсыз айрылса;
- бұрынғы тұрғын үйі өзінде сақталмайтын жағдайда, егер бұл оның басқа жерге көшуіне әкелсе, тұлғаның сайланбалы мемлекеттік қызметке сайлануына байланысты.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй әр адамға кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын пайдалы алаң мөлшерінде беріледі. Тұрғын үйді бір азамат алатын барлық жағдайларда оған, алаң мөлшеріне қарамастан, жеке бір бөлмелі пәтер берілуге тиіс.
Әлеуметтік тұрғын үй беру (мемлекеттік немесе әскери қызмет атқармайтын, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда жұмыс істемейтін азаматтарға) нормалары азайтылуы мүмкін. Бұл норма Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталады, бірак ол бір адамға қолданылатын санитарлық нормадан кем емес тұрғын алаң және бір тұрғын бөлмеден кем емес болуға тиіс.
Көрсетілген мөлшерден асатын тұрғын үйдің алаңы артық деп са-налады және ол тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жоғары мөлшердегі төлем төлеуге алып келеді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тұрғын үйді жалдау шарты
Жеке пәтерлерде пәтерлерді жалға беру
Муниципалдық тұрғын үй саясаты
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру
Тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу мен берудің тәртібі
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау
Жас отбасылардың қатынастарын бұзушы факторлар
Жалға алушы кәмелетке толғкан отбасы мүшелерінің келісімімен кез келген уақытта жалдау шартын бұзуға құқылы
Пәндер