Құжаттарды криминалистикалық зерттеу



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Криминалистика ұғымы
2. Құжаттарды криминалистикалық зерттеу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Криминалистика(лат. crіmіnalіs - қылмысқа қатысты) - қолданбалы заң ғылымы. Қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде соттық дәлелдемелерді жинақтаудың, тиянақтаудың, зерттеудің және пайдаланудың арнаулы тәсілдері, әдістері мен құралдары жүйесін жасақтайды. Бұл тәсілдер мен әдістер қылмыстық сот ісін жүргізуде қылмыстарды алдын алу, анықтау және тексеру үшін қолданылады, сондай-ақ, қылмыстық, кей жағдайларда азаматтық істерді сотта қарау үшін пайдаланылады.Криминалистиканың бұл тарауына сот баллистикасы, трассология, соттық қолтаңбатану, дактилоскопия, оттық фотография, криминалистикалық сараптама техникасы, криминалистикалық одорология, т.б. жатады.
Криминалистикалық тактика - іс бойынша нақты ахуалды ескере отырып, әрбір тергеу мен соттық іс-әрекеттің шұғыл іздестіру шараларының мүмкіндіктерін неғұрлым тиімді пайдалану тәсілдерінің жүйесін жасақтайды. Криминалистикалық тактиканың тәсілдері тергеу іс-әрекеттерін жүргізу: тергеушілік тексеру, тергеу эксперименті, тану, жауаптау, т.б. кезінде кеңінен пайдаланылады. Қылмыстың нақты түрлерін (кісі өлтіруді, ұрлықты, тонауды, өртеуді) тексеру барысында қолданылатын тәсілдердің, әдістер мен құралдардың жиынтығы криминалистиканың айрықша тарауын - қылмыстың жекелеген түрлерін тексерудің ("жеке әдістеме" деп аталатын) әдістемесін құрайды. Криминалистика қылмыстарды болдырмаудың және ашудың стратегиясын, шұғыл, тактикалық және техникалық әдістерін зерделейді, қылмыстың жасалуының объективті және субъективті мән-жайларын жан-жақты зерттейді. Объективті мән-жайларда қылмыстың жасалған жері, уақыты, жасалу барысы, т.б. қамтылады. Субъективті мән-жайларға қылмыскердің өзіне қатысты мән-жайлар жатады, олар: қылмыс жасауға түрткі болған себеп (уәж), қылмыс жасау кезіндегі психикалық күй; қасақылық (қылмысты саналы түрде жасау), абайсыздық. Криминалистиканың принциптері бойынша:
Қылмысты кім жасады?
Қылмыс қашан, қай күні, тәуліктің қай мезгілінде жасалды?
Қылмыс қайда, қай жерде жасалды?
Қылмыскер нендей әрекет жасады немесе нендей әрекет жасамады?
Бұл әрекет жалпы қылмысты әрекет пе; әңгіме қандай заң бұзушылық туралы болып отыр?
Қылмыскер бұл орайда қалай әрекет етті, көмекшісі, айдап салушысы немесе жасырушысы болды ма немесе қылмыстың көрінісі қылмыскерде ондайлардың болғанын айғақтай ма?
Қылмыс немен жасалды, қылмыскер қандай құралдар мен аспаптарды (қаруларды) қолданды?
Қылмыскер қылмысты неліктен жасады, қылмыс жасауға қандай сыртқы және ішкі себептер түрткі болды? - деген сауалдардың айқын жауап-шешімі табылуға тиіс.
1. Криминалистика ұғымы

Криминалистика - бұл қылмыс тетігінің заңдылықтары, қылмыс және оның қатысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, бағалау мен қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және алдын алуға бағытталған әдіс-тәсілдерінің танымдылық заңдылықтары туралы ғылым.
Криминалистикада қолданылатын тәсілдер мен әдістер дәлелдемелерді жинақтауға бағытталған. Дәлелдемелерді жинақтау төрт кезеңнен тұрады, олар:
-- дәлелдемелерді немесе іздерді іздеп табу;
-- оларды бекіту;
-- оларды алу;
-- алынған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді алу барысы мен қорытындысын рәсімдеу.
Криминалистиканың пәні қылмысты сапалы тергеу мен болдырмау үшін қажетті білім және объективті заңдылықтар жиынтығы болып табылады. Криминалистиканың пәнімен, заңдылықтардың негізгі үш тобы қамтылады:
-- қылмыстың ішкі механизміндегі байланыс пен қатынастың пайда болу және даму заңдылықтары: іс-әрекетпен оның салдары арасындағы байланыс, әрекеттің ұқсас жағдайларда қайталануы қылмыстық субъект тәртібінің көріністері және т.б. с.с;
-- қылмыс заңдылықтары, қылмысты жасау мен жасыру әдістерінің қалыптасуы және жүзеге асуы, қылмыскер тұлғасы мен әдіс-тәсілдің байланыстары, қылмыс істеу тәсілінің қылмыс жасаудағы нақты жағдайларға тәуелділігі және т.б;
-- тергеуде маңызы бар қылмыспен байланысты пайда болу және өтпелі жағдай заңдылықтары; қылмысты жасауға жасырын дайындық, құралдарды таңдау, жағдайды тексеру, қылмыстық қол сұғушылық пәнін зерттеу және т.б. с.с.
Көрсетілген заңдылықтардағы әрекеттер, байқалған деректер, құбылыстар, процестер криминалистикалық ғылым объектісі болып табылады: қылмыстық әрекет, қылмыстың пайда болуы, ашу және тергеу бойынша жасалынатын әрекет қылмыстық іс бойынша заттық дәлел ретінде көрсетілген материалдық объектілер, куәгерлердің, сезіктілердің, айыпкерлердің көрсетпелерін қалыптастыру және беру процесі, осы көрсетпелерді алу әдіс-тәсілдері т.б. Құқық қорғау органдарының қылмыспен күестегі ықпалы криминалистиканың жалпы мақсаты болып табылады.
Заттай дәлелдемелерді немесе іздерді табу дегеніміз-ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Айғақ заттарды іздеуге арнаулы әдіс-тәсілдер және техника-криминалистік құралдар қолданылмаса, арнайы дайындықтан өткен маман болмаса, қылмысты дәлелдеуге қажетті іздерді, микрообъектілерді жай көзбен қарап тез арада тауып алу оңайлықпен келетін жұмыс емес. (Мәселен, қолдың майлы тер іздері).
Дәлелдемелерді зерттеу-деп қылмыстық іс бойынша жинақталған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді құзырлы тұлғалар заңды түрде қабылдап, олардың пайда болу тегін және қаралып отырған қылмыстың басқа да материалдарымен қарым-қатынасын тексеруін айтамыз. Іс бойынша заңды түрде жиналған және бекітілген заттай дәлелдемелер криминалистік тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, қайдан қалайша пайда болғандығы тергеудегі қылмысты оқиғаға қандай дәрежеде қатысы бар екендігі анықталады. Сонымен қатар жеке іздерді, кейбір заттай дәлелдемелерді тексеруге арнаулы білімділік қажет болған кезде, күрделі криминалистік техниканы қолданып сарапшы зерттеуінен өткізеді. Сарапшылық зерттеуде дәстүрлі басқа да күрделі физикалық, химиялық әдістер спектрографиялық талдау,, газды, сұйық хроматографиялық зерттеулер және басқа да көптеген ғылыми-техникалық арнайы әдістер мен құралдар бар.

2. Құжаттарды криминалистикалық зерттеу

Құжаттарды криминалистикалық зерттеу- бұл хаттың, осыдан шыққан кейбір тұлға құралын, құжатты жасау әдістерінің табиғи заңдылықтарын, сонымен бірге қылмысты ашу мен тергеу мақсатындағы тану әдістері мен тәсілдерін қарастыратын криминалистикалық техника саласы.
Құжаттар- қылмыстық әрекеттер, қылмыс жасау құралдары немесе қылмыс іздерін жабушы құрал ретінде заттық дәлел болып табылады.
Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің 2 түрі бар:
-- хатты криминалистикалық зерттеу;
-- техника криминалистикалық зерттеу.
-- хатты криминалистикалық зерттеу;
-- техика криминалистикалық зерттеу.
Хатты криминалистикалық зерттеу объектілері жазбаша сөйлем мен қолжазба болып табылады. Сонымен бірге орындаушы авторлар мен олардың құрамы, жынысы, жасы, физиологиялық және профессионалды ерекшеліктері анықталады.
Құжаттарды техника криминалистикалық зерттеуде оның мазмұны, жасалу материалы, оның мағынасын өзгерту мақсатындағы тиген іздері тексеріледі. Сонымен қатар, идентификациялық және диагностикалық мәселелер шешіледі. Осындай мәселелерді шешу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады:
-- химиялық-құжаттың материалдық құрамын анықтау;
-- фототехникалық-сурет бойынша фотоаппараттарды салыстыру;
-- фотоскопиялық - магнитті баспаның шифрлерін алу және т.б.
Қылмысты тергеуде заттық дәлел ретінджегі құжаттармен жұмыс істеудің ережелерін сақтау нұсқалынады.
а) құжаттармен бес саусақты қолғап немесе пинцеттерді қолдану арқылы жұмыс істеу;
ә) құжаттарды сулы немесе дым қолмен ұстауға тыйым салынады;
б) сулы немесе кір орындарға құжаттарды қоюға болмайды;
в) құжаттардың теріс немесе артқы жақтарына жазулар жазылмауы тиіс;
г) іске қатысты құжаттың шетінен тіреп тігуге болмайды, оларды конверттерге салып, конверт тігіледі;
д) құжатқа зияны тиетін әрекеттер қолданылмайды.
Хатты криминалистикалық зерттеу.
Жазуды үйрену ұзақ оқу мен жаттығу салдарынан қалыптасады. Осыдан қолжазба құралады, бұл адамның ортақ жүйке әрекетінің қалыптасқан ауыр жүйесі. Хат жазу қалыптасуының топталуы:
-техникалық қалыптасу-адамның жазу барысындағы отырысы немесе тұрысы, қағаздың жатуы, жазу құралын ұстау және т.б;
-- графикалық қалыптасу -- хат заңдылықтары мен олардың ұйқастығын қалыптастыру;
-хат сөйлемінің қалыптасуы-сөздің құрамы және мәтін мен тақырыптардың орнығуы.
Хат сөйлемінің қалыптасуы әр адамның белгілерін сипаттап, екі топқа жіктейді:
-- хаттағы сөйлем белгілері;
-- қолжазба белгілері.
Хаттық сөйлем белгілері-бұл адамның сауаттылығын анықтайтын мәтін мазмұнын құрау, сөздің даярлығы, кәсіби әрекет сипаты мен басқа да жағдайларды ұғындыру қасиеті.
Хаттық сөйлем грамматика, лексика және құрау стилі жағынан бағаланады:
а) граммматикалық белгілер орындаушының хат грамматика ережелерінен сауаттылығын немесе керісінше жағдайын көрсетеді. Осы ережелерді сақтау орфографиялық, синтаксистік немесе пунктуациялық қателерге әкеліп соқтырады. Бұл қателер салыстырушы белгі ретінде қарастырылады.
Жазбадағы кездесетін грамматикалық қателіктердің сипатына қарай орындаушының білім деңгейі төмен, орташа немесе жоғары болып анықталады;
ә) лексикалық белгілер жазушының жалпы сөздік даярлығын және оның жалпы білім алу мен кәсіби даму деңгейін сипаттайды. Хат бойынша адамды салыстыру оның хатты пайдалану ынтасын көрсетеді:
-- кәсіпқойлық -белгілі бір мамандыққа арналған сөздер;
-- архаизм-ескірген сөздер мен сөйлемдер;
-- диалектизм-жергілікті жерлер диалектілерімен байланысты сөздер мен сөйлем оралмалары;
-- жаргонды сөздер және олардың айтылуы белгілі бір топтағы адамдарға тән.
б) стилистикалық белгілер мазмұндаманың жазу тілін, қолжазбаның қалыптасуын түсіндіреді.
Ол әдеби тіл (көркем, іскерлік, ғылыми, бұқаралық) және жай сөйлем тілі деп 2-ге бөлінеді.
Кеңістіктегі түсінік пен мазмұндаманың мәні қысқа және көп сөзді болады.
Композициялық құрылыс нақты бөлшекті жазбалардың болуы (кіріспе, негіз, қорытынды) сөйлем түрлерін қолданушы ойдың мазмұн құрылысы бойынша анықталады (жай, күрделі, хабарлаушы, сұраушы және т.б.).
Қолжазба белгілері нақты және жеке болып келеді.
а) Жалпы қолжазбаны қозғалыс ретінде сипаттайды. Оған:
-- қолжазбаның қалыптасуы-жазушының жылдам жазу жүйесі мен қолдану әдісі жоғары, орташа және аз қалыптасқан қолжазбалар;
-- қолжазбаның иілуі жазбаша белгінің ұзартылған өсіндегі сызық жолымен анықталады. Тіке, көлденең, оңға иілген және солға иілген қолжазбалардың түрлері болады. Иілу тұрақты белгі болып саналмайды және қолжазбаның өзгерту мақсатында жиі өзгеріп тұрады;
-- қолжазбаның жылдамдық қарқыны жол белгілерінің биіктігі мен олардың аралық ендерінің немесе жол белгілерінің биіктігі мен енінің сай болуы. Жылдамдық үлкен, орта және кіші болады.
-- қолжазба мөлшері жолақ әріптерінің орташа биіктігі бойынша анықталады. Ірі жолақ әріптерінің биіктігі 5мм., орта 2 мм-5 мм дейін, майда 2 мм көп емес;
-- қолжазбаның байланысы белгілі бірнеше әріптердің бір сөзде үзіліссіз қозғалыс арқылы жазумен сипатталады. Байланысына қарай жоғары байланысты қолжазба-5-6 әріптермен, орта байланысты -3-4 әріптермен, үзілісті 2-ден кем емес әріптермен байланысты орындалады. Бұл белгі тұрақты, себебі қолжазба байланысын ұзақ тәжірибесіз өзгерту мүмкін емес.
ә) қолжазбаның жеке белгілері бөлек әріптерді олардың элементтері мен әріа аралық қосындыны жазудағы әрекеттің ерекшелігін көрсетеді. Қолжазбаның жеке белгілеріне мыналар жатады:
-- әріптер мен олардың элементтерін қосуда және орындаудағы қозғалыс формасы-тік сызықты, доға тәрізді, ілмек тәрізді, бұрыш тәрізді, иректі;
-- қозғалыс бағыты-төменнен жоғары қарай, жоғарыдан төмен қарай, сол оралымды және оң оралымды;
-- қозғалыстың сызылуы-әріп элементтері штрихтарының әр түрлі өлшемдеріне негізделумен сипатталады;
-- қозғалыстың байланысы, яғни әріптердегі элементтердің бірігуі, сонымен бірге әріптердің өзара байланысы;
-- нүктелердің басында, соңында, қиылысында және қозғалыстарының бірігуінде әріптердің шартты орналасуы;
-- қозғалыстың жалғасуы онымен әр түрлі әріп элементтері мен олардың бірігуі орындалады;
-- әріптерді орындағандағы қозғалыс күрделілігі-жай күрделенген және қысқартылған әрекеттер.
Құжаттарды техника криминалистикалық зерттеу- бұл жазбаша құжаттарды жасайтын, өзгертетін және олардың белгілерін сипаттайтын әдістерді тексеруші болып табылатын пән, сонымен қатар тергеу мен соттық іс қарауға маңызы бар, салыстыру және басқа деректерді білу мақсатындағы құжаттарды қарау мен зерттеу әдістерін, құралдарын жақсартушы құжаттарды зерттеу бөлімі.
Құжаттарды зерттеу мақсаттары:
-- құжаттарды немесе оның бөлімдерін дайындау жағдайын анықтау (әдіс, шарт, уақыт);
-- құжаттағы өзгеріс пен оның ену әдістерін анықтау (тазалау, өшіру,қосымша жазу және т.б.);
-- жай көрінетін көрінбейтін, сонымен қатар құйылған, жапсырылған, сызылған жазулар мен құжаттағы бұзылған мәтіндерді табу;
-- құжатты жасауда қолданылған материалдың топтық құрамын анықтау (қағаз, бояу, желім);
-- құжаттарды немесе олардың бөлімдерін жасау уақытын анықтау;
-- құжаттарды дайындау немесе оларға енгізілетін өзгерістер үшін қолданылған құралдарды салыстыру;
-- құжат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
Криминалистикалық техниканың жалпы қағидалары
Криминалистік құжаттарды тану Оқу-әдістемелік құрал
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Кримналистік жалған құжаттарды жасау жолдары
Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Құжаттарды, жазуды криминалистикалық зерттеу, жалған таңбалар, мөрлер, мөртабандар жасау фактілерін анықтау
Қылмыс. Криминалистика
Экономикалық қызмет саласындағы криминалды жасағансуды тергеу барысында арнайы білімдерді қолдану
Пәндер