Тұрғын үй немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелері



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері
2. Тұрғын үй немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Тұрғын үй негізінен тұрғын үй - жайлардан және жалпы мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құбылыс. Яғни, тұрғын үй - тұрақты тұруға және соған пайдаланатын белгілерден техникалық санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үйді айтамыз.
Тұрғын үйдегі тұрғын үй - жайлардан тұрғын емес жайларды қайта жобалауын, қайта жоспарлауды үй - жай иесінің келтірген және жобалаудың құрылыс нормативтік ережелерімен сәйкес келуімен жауап беретін заңды немесе жеке тұлға орындайтын жоба болған жағдайда жүзеге асады.
Ал, өз кезегінде тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінен ерекшелігі тұрғын үй кооперативтері кәсіпорыннан, бірлестіктерден, ұйымдардан және жергілікті атқарушы органдардан жаңа немесе күрделі жөндеу жүргізілген тұрғын үйлерді алу үшін және кейін оны пайдалану үшін құрылады.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері үйлерінен тұрғын жайды алу құқығы - бұл азаматтың айрықша тұрғы үй құқығы болып табылады.Тұрғын үйге деген азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың бір тәсілі тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері болып табылады. Азаматтар тұрғын үй және тұргын үй-құрылыс кооперативтеріне кіруге құқылы. Тұрғын үй кооперативтері пәтерлері немесе өзге де тұрғын үй-жайлары кооператив мүшелеріне берілетін тұрғын үйді сатып алу үшін, ал тұрғын үй-құрылыс кооперативтері тұрғын үй салып, оны кейіннен кооператив мүшелерінің тұруына тұрғын үй-жайлар ретінде пайдалану үшін құрылады. Тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын үй-құрылыс кооперативі тұрғын үй кооперативінің мәртебесін алады.

1. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері

Тұрғын үй деген азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың бір тәсілі тұрғын үй және тұрғын үй құрылыс-кооперативтері болып табылады. Азаматтар тұрғын үй және тұрғын үй құрылыс кооперативтеріне кіруге құқылы.
Тұрғын үй кооперативтері пәтерлері немесе өзге де тұрғын үй-жайларды кооператив мүшелеріне берілетін тұрғын үйді сатып алу үшін, ал тұрғын үй-құрылыс кооперативтері тұрғын үй салып, оны кейіннен кооператив мүшелерінің тұруына тұрғын үй-жайлар ретінде пайдалану үшін құрылады. Тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын үй-құрылыс кооперативі тұрғын үй кооперативінің мәртебесін алады.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінен ерекшелігі тұрғын үй кооперативтері кәсіпорыннан, бірлестіктерден, ұйымдардан және жергілікті атқарушы органдардан жаңа немесе күрделі жөндеу жүргізілген тұрғын үйлерді алу үшін және кейін оны пайдалану үшін құрылады.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері үйлерінен тұрғын жайды алу құқығы - бұл азаматтың айрықша тұрғын үй құқығы болып табылады.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінде мүше болу тұрғын үй-құрылыс кооперативтері үйлерінен тұрғын үй жайды алу құқығына қатысты әр түрлі аспектіде болады. Бір жағынан, азаматтың тұрғын үй-құрылыс кооперативтері үйлерінен үй жайды алуға ниет білдіруі тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне алдын ала мүше болуын білдіреді, яғни кооперативке кіруге өтінішті беру, оның жарғысына сәйкес мүшелік құқықтық қатынастардың туындауына әкеп соғатын заңды факт негіз ретінде болады.
Екінші жағынан Тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне мүше болу аталған кооперативтің үйінен тұрғын үйді алудың шарты ретінде болады. Аталған тұрғын жайлар өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуды қажет ететін азаматтардың пайдалануына беріледі, егер олар белгіленген тәртіпте кооперативке мүше болса. Жаңадан салынған немесе босатылған Тұрғын үй-құрылыс кооператив үйлерінің пәтерлеріне кооператив мүшелері жергілікті атқарушы орган берген ордердің негізінде кіреді. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне мүше болу Тұрғын үй-құрылыс кооператив үйлеріндегі тұрғын үйді тұрақты пайдаланудың негізі болып табылады.
Тұрғын үй-құрылыс және тұрғын үй кооперативтері жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың және бірлестіктердің жанынан құрылады. Бірнеше шағын кәсіпорын, ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ зейнеткерлері бір кооперативке бірігуі мүмкін.
Тұрғын үй-құрылыс және тұрғын үй кооперативтері кооператив мүшелерінң жалпы құрылтай жиналысында қабылданған Жарғы негізінде жұмыс істейді. Жиналысқа кооператив мүшелігіне кіретін адамадардың немесе сенім білдірген адамдардың кемінде үштен екісі қатысуға тиіс.
Жарғы жалпы құрылтай жиналысына қатысушылардың үштен екі көпшілік даусымен қабылдануы мүмкін.
Кооператив жарғысында кіру жарналары мен өзге де жарналардың мөлшері, тұрғын үй-жайларды жалға берудің немесе оны тұрғын ү емес мақсатта пайдаланудың тәртібі, тұрғын үй-жайларға уақытша тұрғындарды тұрғызу шарттары, жиналған пайда бөлген ретте тұрғын үй-жайларды пайдалану тәртібі, кооператив мүшесінің құқықтары мен міндеттерін басқа адамдарға берудің тәртібі мен шарттары, үйдегі тұрғын үй-жайларды пайдаланудың өзге де шарттары көзделуге тиіс.
Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері заңды тұлғаларды тіркеу үшін белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс. Тіркелген кезінен бастап кооператив заңды тұлға құқығын алады. Меншік құқығымен кооперативке тиесілі жылжымайтын мүлік, соның ішінде тұрғын үй жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс. Бұл орайда кооперативтің әрбір мүшесіне пайдалануға берілетін әрбір пәтер және тұрғын үйдегі адам тұрмайтын үй-жай тіркеледі.
Кооперативтік тұрғын үй құрылысы мемлекеттік несие көмегімен кооперативтің өзінің қаржысынан жүзеге асырылады.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің ерекшеліктерінің бірі олар өздеріне тиесілі тұрғын үйді пайдалану бойынша қызметтерін өзін-өзі ақтау, яғни, кооперативтің қаржысы негізінде жүзеге асырады. Сондықтан мемлекеттік комиссиямен үйді пайдалануға алған кезден бастап үйді ұстау және пайдалану бойынша шығындарды кооператив мүшелері төлейді.
Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің саны кәмелетке толған үш азаматтан кем болмауы керек. Меншікті тұрғын үйінің болуы, егер аталған кооперативтің Жарғысында өзгеше көзделмесе, тұрғын үй немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативіне кіруге кедергі болмайды. Кооператив мүшесі пайдалануға құқылы үй-жайлардың санына, сондай-ақ олардың мөлшеріне шек қойылмайды.
Тұрғын үй кооперативтері мен тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінде тұрғын үй жайды алудың шарты ретінде азаматтың пай жарнасының төлеуі болып табылады. Тұрғын үй кооперативтері мен тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне пай жарнасы кооператив мүшесі алатын тұрғын үйдің құрылыстық немесе сатып алудың жалпы құнына тең келетін мүліктік жарна болып саналады.
Тұрғын үй немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің арасында тұрғын үй-жайларды бөлу енгізілген немесе енгізілетін пай жарналарының сомасына сәйкес кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен жүргізіледі. Пай жарналарының мөлшері кооператив мүшесіне берілетін үй-жайдың пайдалы алаңының жалпы үй алаңына қатынасымен анықталатын үлесіне сәйкес белгіленеді. Кооперативтің жалпы құрылтай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері
Тұрғын үйге меншік құқығын тоқтатудың негіздері
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдары
Тұрғын үй-жайға меншік құқығы
Кондоминимум
ҚР заңнамасы бойынша кондоминиум мәселесін құқықтық реттеу негіздері
Жалға алушы кәмелетке толғкан отбасы мүшелерінің келісімімен кез келген уақытта жалдау шартын бұзуға құқылы
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқарудың жағдайы
Тұрғын үй құқығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Пәндер