Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау жайлы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
2. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері
I. Қорытынды
II. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағынан заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарынның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі беркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.Құқықтық мемлекетті құру, прокурорлық қадағалау әрекеттерін және дәрежесін жоғарлатуды, прокуратура дербестігін күшейтуді, оның қызметіне қандай да бір араласудың болмауын, олардың алдына қойылған тапсырмаларды табысты орындау үшін жеткілікті кепілді жасауды талап етеді.Шын мәнінде, прокуратура тапсырмаларды шешуде ерекшелік күшіне сай, билікті бөлудің таптық сызбасына кірмейді, яғни заң шығару, орындаушылық міндеттерді және соттық билікті жүзеге асырмайды. Республикада прокуратура жын мәнінде сот саласында және мемлекеттік басқару саласында заң бұзушылыққа қарсы тұрады.
Дамушы конституциялық билікті бөлу қағидаларын әрбір билік тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, билік өкілеттілігін шынайы мазмұнмен толықтыруды қарастырған. Қазакстан Республикасының Қылмыстык іс жүргізу кодексі қылмыстык процестің міндеттерін қылмысты тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану деп белгілеген болатын (ҚР ҚІЖК 8-бабының 1-бөлігі).Осы міндеттерді орындауға тергеу органдарының ездерінің іс жүзіндегі қызметін аткару кезінде заңдылықты тікелей камтамасыз етуімен, сондай-ақ қылмыс жасауға жағдай туғызатын себептер мен шарттарды дер кезінде әшкерелеумен және болдырмаумен кол жеткізіледі.Қылмыстық сот ісін жүргізуде заңдылықты камтамсыз етудің бірден-бір жолы прокурорлық қадағалау болып табылады.Прокуратура қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдарды әртүрлі жолдармен дәлме-дәл және біркелкі ғана емес, бұлжытпай орындауға, кімнің тарапынан болса да кез келген заң бұзушылықты жоюға дер кезінде шара колдануға, сондай-ақ азаматтарды заңды қастерлеу рухында тәрбиелеуге шақырылады.

1. Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау

ҚР Конституцисында жарияланған және бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тәжірибеде іске асыру едәуір қиыншылық тудырады.Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы құқық қорғау органдары азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, меншікке қылмыстық қол сұғудан сақтау жөніндегі міндеттерін кейде тиісті түрде орындамайды. Сондай ақ жедел іздестіру қызметін жүзеге асыра отырып, осы саладағы заң талаптарынан жалтаруға жол беріп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.Шұғыл қызметтер тапсырмаларын орындау маңыздылығын, олардың жұмыстарының ерекшеліктерін ескерсек, ол үнемі прокурорлық қадағалауды талап етеді. Бірақ жедел іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың қажеттілігі теорияда дұрыс негізделгеніне қарамастан, көптеген жылдар бойы жеке прокурорлар тәжірибеде осы қызметті жүргізу барысында заңдардың орындалуын тексерген. Бұл жағдай прокурорлардың қадағалау жұмыстарын жүзеге асыруға құқықтық негіздердің болмауымен түсіндірілген 1992 жылдан бастап тәртіп өзгерген.
1992 жылы қабылданған ҚР Проркуратурасы туралы Заңы прокуратура органдары қызметінің басқа бағыттары ішінен жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыруды атаған.Прокуратура туралы заңда жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен заңдардың орындалуын қадағалауды прокуратураның құқық қорғау міндетін жүзеге асыру бойынша негізгі бағыттарының бірі деп негіздеуінің себебі, бұл органдар қылмыстылықпен күресті жүзеге асырады.Жедел іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде азаматтардың Конституциясымен және өзге де заңдармен жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің құпиялылығы сақталуы, ерін жүріп тұрулары кепілденген құқықтары мен заңды мүдделері кейде елеулі түрде шектеледі.Құқық қорғау міндетін жүзеге асыра отырып, прокурор бірде бір қылмыстың ашылмай немесе бірде бір кінәлі адамның заңда көзделген жауапкертшілікке тартылмай қалмауын қамтамасыз етуге шаралар қолдануға міндетті. Мұнымен жасалған қылмыстан құтылмаушылық қамтамасыз етіледі. Прокурор жедел іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтауды реттейтін заң нормаларын ешкімнің бұзбауын қадағалауға, ал заң бұзушылықты анықтағанда оларды жоюға шұғыл шаралар қолдануға, азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге, заң бұзушылықты ескертуге мңндетті. Қылмыстармен күрес оларды дереу және толық ашылуын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауына жол бермеу кезеңінде ғана нәтижелі болады.Жедел іздестіру қызметі саласындағы прокурорлық қадағалаудың бұл міндеттері оның мәнімен тығыз байланысты. Бұл бағыттағы қадағалаудың мәні ҚР прокуратурасы туралы заңына сәйкес: бірінші, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; екінші, жасалған немесе дайындалып жатған өылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қараудың белгіленген тәртіптерін сақтау, жедел іздестіру шараларын орындау; үшінші, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен қабылданатын шешімдердің заңдылығы болып табылады.
Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурорлар Конституция және өзге заңдармен кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудің негіздері мен тәртіптеріне назар аударуға тиіс.ҚР Конституциясы әркімнің жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы бар екенін жария ете отырып, бұл құқық тек сот шешімі негізінде ғана шектеледі деп қарастырады. Жедел іздестіру қызметі туралы заңына сәйкес мұндай шектеулер мүмкіншілігі жедел іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде тек мынадай хабарламалар:Құқыққа қарсы әрекет белгілері туралы, ол бойынша алдын ала тергеу міндетті түрде қажет.Құқыққа қарсы дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасаған тұлғалар туралы, ол бойынша алдын ала тергеу міндетті түрде.ҚР мемлекеттік, әскери, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін оқиғалар мен әрекеттер туралы. Кейінге қалдыруға болмайтын және басқа да ауыр немесе ауыр қылмыстарға әкеліп соғуы мүмкін, сондай ақ ҚР мемлекеттік, әсери, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін оқиғалар мен әрекеттер туралы мәліметтер бар болғанда, құқықтар мен мүдделерді шектеу біршама жақсы, бірақ бұл да Заң нормасымен қатаң регламеттелген.Тексеріс жүргізу кезінде прокурорлар жәбірленушілердің қылмыстардан құқықтары мен заңды смүдделерін, сондай ақ өзге де заң тыңдаушы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, материалдық немесе моральдық залалды өтеуге барлық шараларды қорлдануға тиіс.Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалау бойынша прокурор жұмысының маңызды бөлігін жедел іздестіру шараларының белгіленген тәртібін орындауды құрайды. Жедел іздестіру қызметі туралы заңда ұйғарылған жедел іздестіпу қызметін жүзеге асыру тәртібіне: жедел іздестіру шараларын жүргізудің заңда қарастырылған негіздері бар болуы; жедел іздестіру шараларының жедел іздестіру қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі; жедел іздестіру шараларын жүзеге асыратн адамда өкілетінің бар болуы; жедел іздестіру шараларын жүргізу талаптарын сақтау; жедел іздестіру қызметін міндетті түрде құжаттау; жүргізілетін тексерістердің объективті және толық болуы; жедел іздестіру мәліметтерін, материалдарын тергеу органдарына уақтылы ұсыну; тергеу әрекеттерін әзірлеуге және жүзеге асыруға арнайы техникалық құралдарды қолдану; жедел іздестіру шараларын әзірлеуге немесе өткізуге азаматтарды құпия түрде тарту шарттары жатады.
Прокурорлардың анықтауына жататын тағы бір негізгі тақырыптардың бірі, жедел іздестіру шараларын өткізу негіздері болып табылады.
Заң бойынша жедел іздестіру шараларын өткізу негіздері:
1.қозғалған қылмыстық істің болуы;
2.жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға мәлім болған: құқыққа қарсы әзірленіп жатқан немесе жасаған әрекеттер, сондай ақ оны әзірлеуші, жасап жатқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жедел-іздестіру әрекетіне қатысты бақылау мен қадағалау сұрақтары
Прокурорлық қадағалау жайлы
Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
Сот билігі органдарының бақылау өкілеттіктері
Прокурорлық қадағалаудың ұйымдық-құқықтық негізі
Прокурорлық қадағалау түсінігін ашу
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiнің жалпы сипаттамасы
Прокурорлық қадағалау туралы
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қылмыстық-процесуалдық қызметінің теориялық проблемалары
Пәндер