Туроператордың және турагенттің, жеке нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру



Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру
2. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру
3. Жекеше нотариустардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Мемлекет Басшысы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам бағдарламалық мақаласындағы әлеуметтік саясаттың басты міндеттерінің бірі экономикалық табыстар арасындағы тиімді балансты және қоғамдық игіліктерді қалыптастыру екендігі атап өтілді. Осыған байланысты жаңа әлеуметтік саясат ең алдымен Жұмыспен қамту -2020 мемлекеттік бағдарламасы мен 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде экономикалық белсенді халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Халықтың әлеуметтік тұрақтылығы, оның әлеуметтік қорғалуы кез келген мемлекеттің экономикасының гүлденуі мен қазіргі заманғы демократиялық қоғамның дамуы болып табылады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы әлеуметтік қамсыздандыруға жауапкершілікті бөлуді қарастыратын халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылды.
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ (бұдан әрі - Қор) арқылы мемлекет өзіне мынадай әлеуметтік тәуекелдерді сақтандыруды алды:
* еңбек ету қабілетінен айрылу;
* асыраушысынан айрылу;
* жұмысынан айрылу;
* жүктілігі және босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу;
* бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуы.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін (бұдан әрі - МӘСЖ) ұйымдастырудың негізіне МӘСЖ қатысудың міндеттілігі, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттің кепілдендірілген шараларын сақтау мен орындаудың, жалпыға бірдей принциптері қойылған.
Қордың миссиясы әлеуметтік қатерлер туған жағдайда әлеуметтік қамсыздандырылуға азаматтардың жауапкершілігін ынталандыру, МӘСҚ активтерінің тұрақтылығы мен халықтың қанағаттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында оны толыққанды басқару болып табылады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің басымдығы сонда, егер экономикалық белсенді халық өзінің еңбек қызметін жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек шарттары негізінде неғұрлым көбірек жүзеге асыратын болса, соғұрлым олар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен көбірек қамтылатындығында. Төлеушінің (жұмыс беруші және (немесе) өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға) өзінің жалдамалы қызметкерлері үшін ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды Қорға уақытында және толық төлеу жауаптылығы Заңмен көзделген. МӘСЖ қатысудың ынтымақты принципі ескеріле отырып, тек әлеуметтік тәуекел жағдайы туған қызметкерлер ғана Қордан әлеуметтік төлем алушылар болып табылады.



1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру

2004 жылғы 13 желтоқсанында №11-ІІІ және 20 желтоқсанындағы заңдарына сәйкес өзгерістермен толықтырулар енгізілген, халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен қамтылған азаматтар әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі болып табылады
Әлеуметтік қорғау жүйесінде міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі принптеріне
1. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдарын сақтаудың жалпыға бірдейлілігі.
2. Әлеуметтік төлемдерді қамтамассыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттік кепілдік беруі.
3. Міндетті әлеуметтік жүйесіне қатысудың міндеттілігі.
4. Заңға сәйкес әлеуметтік аударымдарды тек әлеуметтік төлемдерді пайдалану.
5. Әлеуметтік төлемдердің осы заңда көзделген мән жайлар бойынша міндеттілігі.
6. Әлеуметтік төлемдер мөлшерін саралау.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қамтамассыз ететін әлеуметті органдар жариялылық сияқты принциптері жатады.
Әлеуметтік қатерлі жағдайлар басталған кезінде мемлекет азаматтарға осы заңда белгіленген шарттылықтарға қарай міндетті әлеуметтік сақтандыру тҥрлерә бойынша әлеуметтік төлемдерді алуға кепілдік береді. Әлеуметтік -экономикалық орнықты дамып кележатқан Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының конституциясына негізделеді және Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтық актілерінен тұрады. Сонымен бірге егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Зандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Осы Заңның 4-бабында міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері ретінде:
1) еңбек ету қабілетінен айырлу жағдайы;
2) асыраушысынан айырылу жағдайы;
3) жұмысынан айырылу жағдайы көрсетілген. Оның 8-бабына сәйкес: Жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмысын камтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс.
Осы Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиісінше жұмыс істеуіне айтарлықтай септігін тигізетін, тиісті азаматтарды, олардың отбасы мҥшелерін және тұрғылықты халықтың өзге де санаттарын әлеуметтік қатерлі жағдайлардан сақтандыру қорғауымен қамысыздандыруға аса қажетті Мемлекетік сақтандыру қорын құрудың құқықтық негізін қалыптастыратын, сондай-ақ осы ауқымдағы әлеуметтік аударымдарға, әлеуметтік төлемдерге және тиісті субъектілердің мүліктік мүдделеріне байланысты туындайтын материалдық сипатты қоғамдық қатынастарды мұқият реттейтін нормативтік құқықтық акті болып табылады.

2. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру

Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы туроператордың және турагенттің туристік қызметтер көрсетуі кезінде туристерге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген міндетін, былайша айтқанда осы
туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың құқықтық, шарттық, экономикалық-қаржылық әрі ұйымдастыру негіздерін айқындап, белгілеу, сондай-ақ міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша шарт жасасу және оны атқару барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 2006 жылғы 10 қаңтардағы №116-III және 31 қаңтардағы №125-III ҚР Заңдарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Осы Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес туристік қызметтер көрсету жөніндегі қызметін жүзеге асыратын туроператордың және турагенттің жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады. Осы Заңнын 7-бабына сәйкес туроператордың және турагенттің өз жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру шартын жасаспай тұрып туристік қызметтер көрсету жөніндегі қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осындай түрі бойынша лицензиясы бар сақтандырушы мен сақтанушының арасында туристік қызметтер көрсету кезінде мүліктік немесе өзге де мҥдделеріне зиян келтірілеуі ықтимал пайда алушының пайдасына осы Заңның ережелеріне сәйкес жасасылған келісім болып табылады. Демек, туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасасылған міндетті сақтандыру шартының негізінде жүзеге асырылады. Осы Заңның 17-бабының 1-тармағына сәйкес сақтанушының туристке туристік қызметтер көрсетуі кезінде оның мүліктік немесе өзге де мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі аталмыш міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы ретінде танылады.
Осы Заңнынң 4-бабына сәйкес туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісіне туроператордың және турагенттің туристік өнімді сату (қызметтер көрсету) жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде олардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген туристің мүліктік немесе өзге де мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі жатады. Осы Заңның 3- бабының 1-тармағына сәйкес туроператордың және турагенттің туристік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруы кезінде туристердің мүліктік немессе өзге де мүдделерін сақтандыру төлемдерін төлеу арқылы қорғауды қамтамасыз ету турагенттің және туроператордың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты ретінде көрініс табады. Осы Заңнын 5-быбының 1-тармағына сәйкес туроператор мен турагенттің осы Заңның туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу міндеттілігіне қатысты бөлігіндегі талаптарын орындауын мемлекеттік бақылау, сондай-ақ осындай талапты бұзған туроператор мен турагентке тиісті шаралар қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы қаланың, астананың) атқарушы органына жүктеледі. Осы баптың 3-тармағына орай туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды туроператордың немесе турагенттің өз азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды туроператордың немесе турагенттің өз азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуын растайын құжаттарды сұрату жолымен облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган жүзеге асырады. Туроператордың немесе турагенттің сұратылған құжаттарды отыз күн ішінде бермеуі оның лицензияның қолданысын тоқтата тұруға негіз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сонымен, Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы туроператордың немесе турагенттің белгі бір тұлғаға (туристке) туристік қызметтер көрсетуі кезінде оның мүліктік немесе өзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік қызметтегі сақтандыру түрлері, мәні және мақсаты
Еліміздегі сақтандыру ісінің құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру бойынша ұсыныстар
Сақтандырудың экономикалық категоря ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі. Оны реформалау және даму жағдайлары, басымды бағыттары
Турагенттік және туроператорлық қызмет сақтандыруының мақсаты мен міндеттері
Туристік сақтандыру қызметтері нарығындағы қалыптасқан жағдайлары
Сақтандыру жауапкершілігінің деңгейі
Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері
Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттелуі
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері мен нысандарды қолдана отырып кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершілікке тарту
Пәндер