Ауру тарихы жайында


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

РМҚК МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА : Ішкі аурулар пропедевтикасы

ФАКУЛЬТЕТ : Жалпы медицина

АУРУ ТАРИХЫ

НАУҚАСТЫҢ АТЫ-ЖӨНІ: _Омаров Қуанышбай Әміржанұлы

ОРЫНДАҒАН : Узганов Д.

ТЕКСЕРГЕН:

АҚТӨБЕ, 2017 ЖЫЛ

ПАСПОРТТЫҚ БӨЛІМ

Науқастың аты-жөні: Омаров Қуанышбай Әміржанұлы

Жасы: 68

Жынысы: ер

Ұлты: қазақ

Білімі: орта

Мамандығы: теміржолшы

Қызмет бабы мен жұмыс орны: зейнеткер

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Шұбарқұдық ауданы

Клиникаға түскен уақыты: 22. 11. 2017ж

Жолдама беруші: жедел жәрдем

Клиникаға түскендегі болжам диагнозы: ОКС

НАУҚАСТЫҢ АУРУХАНАҒА ТҮСКЕНДЕГІ ШАҒЫМДАРЫ

ШАҒЫМДАР: Демікпемен, Физикалық күш түскенде жүректің ретсіз соғуымен, тыныштықтағы ауру . Физикалық жүктемені көтере алмау, кеуде қабырғасы ине сұққан тәрізді шаншып ауру. Науқаста 15минуттан асатын ауырсыну болған . Тыныс алу жүйесі жағынан (демікпе, тұншығу, жөтел, қақырық тастау, қан түкіру) ешқандай шағым жоқ; бас айналу, бас ауруы жоқ.

ОСЫ ШАҚ АУРУ ТАРИХЫ (ANAMNESIS MORBI)

Науқас Омаров Қуанышбай бұрын кадиологтың тізімінде болмаған 2017жылдың тамыз айында физикалық жүктеме кезінде ентігуді байкаған, бірақ медициналық көмекке жүгінбеген . Больницаға түсерден 1апта бурын демікпе жиелеген, төсекте горизантальды қалыпта жата алмаған, жүрек тұсы ине қадағандай шаншып ауырған соң жедел жәрдем шақыртып БСМП ауруханасына кордиалогия бөліміне 22. 11. 2017ж келіп түскен .

АУРУДЫҢ ӨМІРБАЯНЫ (ANAMNESIS VITAE)

Науқас Омаров Қуанышбай Әмәржанұлы Ақтөбе облысы, Шұбарқұдық ауданында 1949 жылы қараша айында дүниеге келген. Анасы уақытында босанған, ана сүтімен қоректенген. Өсуі мен дамуы жасы мен жынысына сәйкес. Бала кезде қызылша, қарамық, безгек, соқыр ішек болған. Тұрмыс жағдайы орташа қызметкер отбасында үш баланың ішіндегі екінші бала болып туылған. Мектепке 7жасында барып, орта мектепті 1966 жылы аяқтады. Мектеп қабырғасында дене шынықтыруға қатысқан . . . Отбасы жағдайы - үйленген. Бір қызы, бес ұлы, 19 немересі бар. Жоғарғы оку орнын бітірмеген Тұрмыс күйі орташа. Киімі, тамағы жеткілікті . Осыдан 10-15 жыл бұрын шылым шеккен, Теміржолда жұмыс жасаған Жұмыс істеу кезінде ешқандай зақым, жарақат алмаған. 1950 жылы аппендоэктомия (соқыр ішекті алып тастау) болған. . Туберкулезбен, вирусты гепатитпен, тері венерологиялық аурулармен ауырмаған. Зиянды әдеттері (темекі шегу, ішімдік, есірткі) жоқ. Тұқымында әкесі мен шешесі тыныс ауруларымен ауырып, қайтыс болған. Ешқандай дәрілік препараттарға, өсімдіктерге аллергиясы жоқ. Жыныстық жетілуі

ЖАЛПЫ ҚАРАУ

АУРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Сана сезімі айқын, ауруға көзқарасы бірқалыпты. Төсектегі қалпы - ортопноэ қалып. Бет әлпеті келісті, эмоциясы сақталған. Дене құрылысы дұрыс. Конституциясы гиперстениялық. Эпигастральды бұрыш 90 градустан жоғары Температурасы - 37, 0. Бойы 172 см, салмағы 78 кг, күйлілігі орташа. . Тері жамылғысы мен көзге көрінетін шырышты қабаттары:боз, ақшыл, акроцианоз байқалады. Пигментация, бөртпе, геморрагия, тыртық, ойық, жаралар, ісік байқалмайды. Терісі құрғақ, серпімді. Лимфа бездерінің үлкеюі байқалмайды. Тырнақтары деформацияланбаған, сынғыш келген.

МҮШЕЛЕП ҚАРАУ:

Басты қарау - шаштың ішінде тыртықтар, жаралар, ісіктер жоқ. Бетті қарау - жаралар, ісінулер, ойықтар жоқ. Бет терісінің түсі күлгін қызғылт.

Ауыз қуысын қарау - ауыз ішінде бөртпелер, ісіктер жоқ.

Құлақты қарау -көгерулер жоқ.

Көздерді қарау - көздің белокты және кілегейлі қабығының сарғаюы байқалмайды, қабақтардың ісінуі байқалмайды.

Мойынды қарау - тыртықтар, жаралар жоқ.

Кеудені қарау - жаралар, бөртпелер жоқ.

Бұлшықеттер жүйесін қарау - сезімталдығы бұзылған, ауырсынулар бар.

Қол-аяқты қарау - қолда қасылған іздер, жаралар жоқ. Аяқтарында варикозды кеңеюлер, тыртықтар байқалмайды.

Сүйектер мен буындарды қарау - буындары сықырламайды, активті қозғалыс.

ТЫНЫС МҮШЕЛЕРІН ТЕКСЕРУ

ҚАРАУ:

Мұрынмен қалыпты түрде дем алады. Кеуде сарайын қарау - түрі гиперстениялық, қос симметриялы. Қабырға аралықтары кеңеймеген, жауырындары тығыз бекіген, бұғаналары симметриялы орналасқан. Оның екі жағының тыныс алуға қатысы бірдей. Кеудемен демалады. Демалыстың тереңдігі: қалыпты, жиілігі - 18. Омыртқа жотасының қисаюы: лордоз, кифоз, сколиоз жоқ.

СИПАП КӨРУ (ПАЛЬПАЦИЯ) :

Кеудеде ауыратын жерлері бұлшық еттердің жарақаты, қабырғааралық невралгия, плевраның жарақаттары жоқ. Кеудені сипап тексеру - кеуденің төс маңы, бұғаналық орта, алдыңғы, ортаңғы және артқы қолтық асты, жауырын асты және омыртқа маңы сызықтар бойымен оң және сол жақта ауыратын жерлері байқалмайды. Кеуде сарайының серпімділігі иілгіш. Дауыс дірілінің күші бірдей.

ӨКПЕ ПЕРКУССИЯСЫ:

Салыстырмалы перкуссияда - келесі нүктелерде оң және сол жағында анық өкпелік дыбыс естіледі:

  • бұғана орта сызығы бойымен 2 қабырғааралықта (бұғана үстінде және бұғана астында) ;
  • ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен 3 қабырғааралықта;
  • ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен 5 қабырғааралықта (жауырын үстінде, жоғарғы бұрыш және төменгі бұрыш деңгейінде жауырынаралық кеңістікте, жауырындардың төменгі бұрыштары астында) ;

Топографиялық перкуссияда - оң және сол өкпе ұшының биіктігі бұғана үстінен 3 см жоғары, Кренинг кеңістігінің ені 7см, ол сол жақта оң жақпен салыстырғанда аздап кеңдеу. Өкпе шеті экскурсиясы 6 cм.

Өкпенің төменгі шекарасы:

Перкуссия сызықтары
Оң өкпе, қабырғааралық
Сол өкпе, қабырғааралық
Перкуссия сызықтары: Парастернальды
Оң өкпе, қабырғааралық: 5 қ/а
Сол өкпе, қабырғааралық: -
Перкуссия сызықтары: Бұғана орталық
Оң өкпе, қабырғааралық: 6 қ/а
Сол өкпе, қабырғааралық: -
Перкуссия сызықтары: Алдыңғы қолтық астылық
Оң өкпе, қабырғааралық: 7 қ/а
Сол өкпе, қабырғааралық: 7 қ/а
Перкуссия сызықтары: Ортаңғы қолтық астылық
Оң өкпе, қабырғааралық: 8 қ/а
Сол өкпе, қабырғааралық: 8 қ/а
Перкуссия сызықтары: Артқы қолтық астылық
Оң өкпе, қабырғааралық: 9 қ/а
Сол өкпе, қабырғааралық: 9м/р
Перкуссия сызықтары: Жауырындық
Оң өкпе, қабырғааралық: 10 қ/а
Сол өкпе, қабырғааралық: 10 қ/а
Перкуссия сызықтары: Паравертебральды
Оң өкпе, қабырғааралық: 11 кеуде омыртқасының қылқан тәрізді өсіндісінің деңгейінде
Сол өкпе, қабырғааралық: 11 кеуде омыртқасының қылқан тәрізді өсіндісінің деңгейінде

Төменгі өкпе шекарасының қозғалысы:

Оң жақтан: бұғана орта сызығы бойымен - 7 см, қолтық астында - 6 см, жауырындық сызықта - 6 см.

Сол жақтан: қолтық асты сызықта - 6 см, жауырындық сызықта - 7 см.

ӨКПЕ АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ:

Везикула тынысы естіледі. Ысқырық сырыл байқалмайды. Крепитация, плевра үйкеліс шуы, өкпе-жүрек шуы анықталмайды. Бронхофония жоқ.

ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ

ҚАРАУ:

Жүрек маңындағы кеуде қуысы деформацияланбаған. Жалпы қарағанда терінің түсі бозғылт ақшыл тартқаны байқалады. Акроцианоз бар. Жүрек тұсында ерекше белгілері жоқ. Стокс жағасы, Мюссе симптомы жоқ. Моын веналарының ісінуі, тері асты кеуде және іш қуысы веналарының кеңеюі, көзге көрінетін ұйқы және перифериялық артериялар пульсациясы байқалмайды. Жүрек томпағы визуальды анықталған жоқ.

СИПАП КӨРУ (ПАЛЬПАЦИЯ) :

Жүрек ұшы соққысының күші азайған. Кеуде сарайының пульсациясы, эпигастрий маңының және бауыр пульсациясы жоқ. «Мысық пырылы» симптомы байқалмайды. Артерия пульсі ырғақты, қатаң пульс (pulsus durus), толықтығы азайған, кейде пульс әрең анықталады. Пульс жиілігі қалыпты - 72.

ПЕРКУССИЯ:

Жүректің шала тұйық шекарасы: оң жақ жүрек шегі - IV қабырға аралығында төстің оң жағынан 1 см сыртқары орналасқан, сол жақ жүрек шегі - V қабырға аралығында сол жақ бұғана орта сызығынан 1 см солға қарай ығысқан, жүректің жоғарғы шегі - сол төс маңы сызығы бойында III қабырға аралығында орналасқан.

Нағыз тұйық шекарасы: оң жақ жүрек шегі - IV қабырға аралығанда төстің сол жақ жиегі бойымен, сол жақ жүрек шегі - V қабырға аралығы деңгейінде 2 см орта бұғана сызығынан ішке қарай, жоғарғы шегі - сол жақ төс маңы сызығы бойымен IV қабырға аралығында.

Шала тұйық сызығының көлденең сызығы - 3+8=11 см. Жүректің кофигурациясы қалыпты. Тамыр будасының ені - 5см.

АУСКУЛЬТАЦИЯ:

Аускультация кезінде жүрек тондары әлсіреген, ырғақты. Патологиялық шулар естілмейді.

АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ

Ішті қарау:

Іштің түрі қалыпты, мөлшері орташа, симметриялы, тыныс алуға қатысады, көзге көрінетін іштегі перистальтикалық және антиперистальтикалық қозғалыстар ырғақты, тері асты веналар анастамозы көрінбейді, жарық және операциядан кейін пайда болған тыртықтар жоқ.

Іш пальпациясы:

Іш аймақтарындағы ауырғандық, алдыңғы іш қабырғасы бұлшық еттерінің тартылуы, жарық тесіктері, іш қуысындағы жиналған сұйықтық анықталмады. Іш қуысындағы ағзаларға жалпы сипаттама: сигма тәрізді ішек беті тегіс, сәл тығыз, диаметрі бармақтай, ауырмайтын, қорылдамайтын, перистальтикасы баяу, қозғалғыштығы 5 см-дей ішек бөлігі; бүйен ішек беті тегіс, жұмсақ эластикалық, цилиндр тәрізді, диаметрі 2 саусақ еніндей ішек бөлігі болды; тоқ ішектің өрлеу және құлдырау бөліктері қозғалатын, сәл тығыздау, ауырмайтын, диаметрі 2 см-дей цилиндр тәрізді құрамдар; тоқ ішектің көлденең бөлігі доға тәрізді иілген, диаметрі 2, 5 см-дей цилиндр тәрізді құрам. Ол ауырмайды, жоғары не төмен жеңіл ығысады; асқазан қозғалғыштығы шектелген, кейде қорылдайды; бауыр шеті қабырға иінінен 1-2 см төмен, сүйір, консистенциясы жұмсақ, беті тегіс, бауыр ойығы анықталмайды; талақ, өт және ұйқы безі пальпацияланбады.

Іш перкуссиясы:

Іш қуысында асцит, ісік белгілері жоқ. Жай перкуссияны қолдана отырып, асқазанның жоғарғы және төменгі шекаралары анықталды. Мендель симптомы теріс болды. Су шалпылы тек тамақтан кейін пайда болды. Бауыр өлшемі: 10*9*8 см. Талақ өлшемі: ұзындығы - 6 см, көлденең ұзындығы - 5 см.

Іш аускультациясы:

Асқазанның төменгі шегі кіндіктен 2 см жоғары. Бауыр және талақ үстіндегі іш пердесінің үйкеліс шуы анықталмады. Ішек перистальтикасының шуы естілмеді.

НЕСЕП БӨЛУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ

Қарау:

Белдеме аймағында ісіну, қызару белгілері анықталмады. Терісі құрғақ, қасыну іздері, қабықтанулар, геморрагийлер жоқ. Бүйрек тұсы симметриялы, қалыпты.

Пальпациясы:

1 дәрежелі нефроптоз: бүйрек түрі - ірі бұршақ тәрізді, консистенциясы - шымыр - серпінді, үсті - тегіс, өзі жылжып, орнынан қозғалып тұрады. Ауырсыну нүктелері анықталмады.

Перкуссиясы:

Пастернацкий симптом оң.

Аускультациясы:

Бүйрек артерияларын арқа жақтан тыңдағанда систолалық шу естілмеді.

ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕНІ ТЕКСЕРУ

Қарау. Қалыпты жағдайда қалқанша безі көрінбейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕДИЦИНАЛЫҚ ІС – ҚҰЖАТТАР ТҮРЛЕРІ
Әлеуметтік медицинаның пәні. Қазіргі заман әлеуметтік медицинаның негізгі бөлімдері
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде төрт түлік малдың алатын орны
Туберкулез(тарихы, этиологиясы, патогенезі, түрлері, диагностикасы, емі, алдын алу)
Жас балардағы СПИД проблемасы тек
Оба ауруының таралу жолдары
Патопсихология және психопатия түрлері
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Дәлелді медицинаның екінші және үшінші этаптары
Оба ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz