Өндіріс құрылымының түрлері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

а) Өндіріс құрылымының түрлері

б) Негізгі өндірістің құрылымы, оны құру тәртібі

в) Кеңістіктегі кәсіпорынды орналастыруды ұйымдастыру

Қортынды

Кіріспе

Өндіріс - бұл қоғамның өмір сүруі мен дамуына қажетті материалдық игіліктерді жасау үдерісі. Өндіріс мазмұнын анықтайтын еңбек әрекеті келесі үш кезеңнен тұрады:

- мақсатқа сәйкес жұмыс немесе еңбектің өзі;

- еңбек заты, яғни адамның тиімді іс-әрекетіне бағытталған нәрсенің барлығы;

- адам еңбек заттарын өңдеп, оларды өз қажетін қанағат- тандыруға бейімдейтін еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, құралдар)

Материалдық өндіріс өнімі - табиғат пен еңбек заттарының бірігуінен түзілетін материалдық игілік.

Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.

Ұтымды өндірістік құрылымды құру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

- кәсіпорын цехтарының құрамы, қуаты берілген өнім көлемін дайындауды қамтамасыз ететін мөлшерде белгіленеді;

- әрбір цех және қойма үшін аудан көлемі есептеліп, олардың кәсіпорынның бас жоспарында кеңістіктік бойынша орналасуы анықталады;

- кәсіпорын ішіндегі барлық көліктік байланыстары, олардың жалпы мемлекеттік (кәсіпорыннан тыс) жолдарман өзара қатынасы жоспарланады;

- өндірістік үдеріс барысында еңбек заттарының цехаралық қозғалысының ең қысқа маршруттары белгіленеді.

Өндіріс бөлімшелеріне цехтар, телімдер мен зертханалар жатады, оларда негізгі өнім (кәсіпорын шығаратын), жабдықтаушы өнімдер (сырттан әкелінетін), материалдар мен жартылай фабрикаттар, пайдалану үдерісінде өнімге қызмет көрсету және жөндеуге қажетті көмекші бөлшектер, бақылау- тексерулерден, сынақтардан өтеді, технологиялық мақсатқа әр түрлі энергияны пайдаланады.

Жұмыскерлерге қызмет көрсетуші бөлімшелеріне тұрғын үй-коммуналдық бөлімдер, олардың қызметтері, фабрика-асхана, буфеттер, бала-бақша (ясли), санаторий, пансионаттар, демалыс үйлері, профилакторий, медициналық санитарлық бөлімшелер, еркін спорттық қоғамдар, техникалық оқыту бөлімдері және жұмыскер, инженер-техникалық қызметкерлер, қызметкерлердің біліктілігін, мәдени деңгейін жоғарылатумен шұғылданатын оқу орындары кіреді.

Өндіріс құрылымының түрлері

Өнеркәсіптік мекемеде өндірістік құрылымның үш түрі белгілі: заттық, технологиялық және аралас (заттық - технологиялық) .

Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, телімдері олардың әрқайсысы белгілі бір өнімнің бір бөлігін (агрегатын, бөлшегін) немесе белгілі бір топтағы бөлшектер дайындау нысанына сәйкес құрылады. Заттық құрылым, негізінен ірі сериялы және жаппай өндірісті механикалық құрастыру және құрастырма цехтарында қолданылады. Автомобиль зауытында қозғалтқыш, шасси, беріліс қорабын, шанақты жасау цехтары; станокжасау зауытында - станина, шпиндель, біліктер, корпустық бөлшек дайындау цехтары; аяқ киім фабрикасында арнайы аяқ киім және т. б. цехтары заттық құрылымға мысал бола алады.

Заттық құрылымның үлкен артықшылықтары бар. Ол цехтар арасында өндірістік байланыс түрлерін шектейді және жеңілдете түседі, бөлшектердің қозғалу жолдарын азайтады, цехаралық және цех көлігіне кететін шығындарды азайтады, өндірістік цикл ұзақтығын қысқартады, жұмыс сапасы үшін қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады. Цехтардың заттық құрылымдары жабдықтарды техно- логиялық үдерістің жүру барысында орналастыруға, өнімділігі жоғары станоктар, құралдар, штамптар мен жабықтарды қолдануға мүмкіндік береді. Осының барлығы, заттық құрылым өнім шығару көлемін, еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге септігін тигізеді.

Технологиялық құрылым айқын технологиялық даралануды анықтайды. Мысалы, құйма, ұста-штамптау, механикалық, құрастыру цехтарының болуы. Өндірістік құрылымның бұл түрі цехты басқаруды жеңілдетіп, адамдарды орналастыруда епті әдіс табуға мүмкіндік береді, өндірістің бір өнім түрінен екінші түріне ауысуға жеңілдік жасайды. Кемшіліктері: өнім қозғалысында қарсы маршруттың туындауы, цехтардың өндірістік өзара байланысының шиеленісуі, құрал-жабдықтарды басқа технология бойынша қайта құруға көп уақыт кетендігі, жоғары өнімді арнайы станоктарды, құралдарды қолдану мүмкіндігінің шектеулігі. Олардың барлығы еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне кері әсер етеді.

Аралас (заттық - технологиялық) құрылым бір зауыттың ішінде заттық және технологиялық қағидаға сай ұйымдасқан негізгі цехтардың болуымен сипатталады. Мысалы, жаппай өндіру кәсіпорындарында дайындау цехтары (құйма, ұсталық, пресстік), әдетте, технологиялық қағида бойынша ұйымдасқан, ал механикалық- құрастыру цехтары - заттық қағидаға сәйкес. Бұл түрдегі кәсіпорындар машина жасау, жеңіл өнеркәсіп (аяқ киім, тігін, жиhаздық) және бірқатар басқа да салаларда кеңінен пайдаланылады.

Өндірісті бұл түрде құрудың артықшылықтары келесілер: цехішілік тасымалдар көлемін азайту, өнім жасауға кеткен өндірістік циклдың ұзақтығын қысқарту, еңбек жағдайларын жақсарту.

Негізгі өндірістің құрылымы, оны құру тәртібі

Өндірісті ұйымдастыру түрі деп өнеркәсіптік кәсіпорынның ұйымдастырушылық және техникалық деңгей ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасымен түсіндіріледі. Өндірісті ұйымдастыру түріне бірқатар факторлар ықпал етеді: мамандану деңгейі, өндіріс ауқымы, дайындау көлемі мен қайталануына байланысты өндірілетін көп өнім атауларының күрделілігі мен тұрақтылығы. Өндірістің үш негізгі түрін ажыратуға болады: жеке-дара (жекеленген), топтамалы (сериялы), жаппай.

Жеке-дара (жекеленген) өндіріс - өнім жекеленген немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен айналысатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән.

Бұл түрдегі өндірістің маңызды ерекшеліктері:

- көбінесе қайталанбайтын өнімнің көп атаулығы;

- технологиялық мамандану бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру;

- бөлшектер мен агрегаттардың тұрақты атаулысын, белгілі бір жұмыскерлерге құрастыру және құрастыру операцияларын бекіту мүмкіндігінің болмауы;

- әмбебап құрал-жабдық пен технологиялық жасақтауды пайдалану;

- қолдан құрастыру мен аяқтау операцияларының үлкен көлемінің болуы;

- өндірістік үдерісте қамтылған жоғары білікті әмбебап- жұмыс- керлер санының басым болуы;

- өндірістік циклдің ұзақтығы;

- аяқталмаған өндірістік өнімнің көлемі едәуір болуы;

- ағымды (оралымдық) - өндірістік жоспарлау мен өндірісті басқаруды орталықсыздандыру;

- өнім сапасын бақылау үдерістерін автоматтандырудың қажетсіздігі;

- өнім сапасын басқаруда статистикалық әдістерді пайдалану мүмкіндігінің болмауы;

- еңбек үшін төленетін еңбекақының салыстырмалы көп болуы.

Топтамалық өндіріс - бірыңғай өнімнің кең атауларын (номенклатурасын) ұзақ уақыт бойы қайталанып отыратын жағдайда топтамамен дайындауды білдіреді.

Топтама (серия) деп өндірісте партиялап, бір мезгілде немесе бір ізділіктімен үздіксіз жоспарлы мезгілде қайталанып отыратын құрылысы бірдей өнімдер қатарын шығарумен түсіндіріледі.

Топтамалы өндіріс үдерісін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері:

- едәуір көлемде дайындалатын, қайталанып отыратын өнімнің салыстырмалы үлкен атауларының тұрақтылығы;

- бірнеше бекітілген операцияларды орындау үшін жұмыс орнын мамандандыру;

- өнімдерді топтамамен дайындау, бөлшектерді партиямен өндіру кезеңділігі;

- технологиялық жабдықтау, арнайы және маманданған құрал-жабдықтардың басымдылығы;

- қолдан құрастыру және аяқтау операцияларының көлемінің аздығы;

- орта білікті жұмыскерлер санының басым болуы;

- өндірістік цикл ұзақтығының аздығы;

- оралымдық - өндірістік жоспарлау және өндірісті басқарудың орталықтануы;

- дайындалатын өнім сапасын бақылауды автоматтандыру; өнім сапасын басқаруда статистикалық әдістерді қолдану;

- бөлшек пен өнімдердің конструкцияларын бірыңғайландыру;

- технологиялық үдерістер мен жабдықтануды бір түрге келтіру.

Топтамалық өндіріске ұшақ және мотор құрастыру зауыттары мысал бола алады.

Бір кезде дайындалатын өнімнің санына байланысты топтамалық өндірісті ұсақ, орташа және ірі топтамалы деп атайды.

Жаппай өндіріс - бірдей өнім түрінің шектеулі атауларын көп көлемде дайындаудың үздіксіздігі және салыстырмалы түрде ұзақ кезеңімен сипатталады. Жаппай өндіріс мекемелеріне автомобиль, трактор зауыттарын, ауылшаруашылық машина жасау зауыттарын жатқызуға болады. Жаппай өндіріс - кәсіпорындарында біратаулы өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін шоғырландыруға мүмкіндік беретін, өндіріс мамандануының жоғары түрі. Өндірісті ұйымдастырудың бұл түрінде әр түрлі өнімдер бір мезгілде және үздіксіз шығарылып отырады. Жаппай өндірістің басты шарты - бөлшектер, тораптар мен агрегаттар құрастыру кезінде олардың сапасын стандарттау мен үйлестірудің жоғары деңгейінде болуы керек.

Жаппай өндірісті ұйымдастыруға келесі ерекшеліктер тән:

• өнімнің аз номенклатурасын қомақты көлемде қатаң бекітілген тәртіппен өндіру;

• жұмыс орындарының, әдетте, бір белгіленген операцияны орындауға мамандануы; жұмыс орындарын операцияларды орындау кезегіне қарай орналастыру;

• арнайы және мамандандырылған құрал-жабдықтардың және технологиялық жабдықтардың үлкен меншікті үлесі;

• кешенді - механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық үдерістердің жоғары пайызы;

• операцияға даярлану - қорытынды уақытының аз мөлшері;

• қолдан құрастыру және аяқтау жұмыстар көлемінің күрт қысқаруы; жұмыс орындарын жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі;

• әрқайсысы өзіне бекітілген бір операцияны орындайтын біліктілігі жоғары емес жұмыскерлер еңбегін қолдану;

• топтамалы өндіріспен салыстырғанда өндіріс циклының ұзақтығының аздығы;

• өндірісті басқару мен жоспарлауды орталықтандыру;

• өндірісті үздіксіз алыс жерден бақылап отыру;

• кәсіпорынға автоматты басқару жүйесін ендіру (КАБЖ) ;

• өнімнің сапасын бақылауды автоматтандырудың жоғары деңгейі;

• өнім сапасын басқарудың статистикалық әдістерін кеңінен қолдану.

Кеңістіктегі кәсіпорынды орналастыруды ұйымдастыру

Өндірістік құрылымға бірқатар факторлар әсер етеді:

- кәсіпорынның салалық қатынасы - шығарылатын өнім түрлері, оның конструкторлық қабілеттері, пайдаланылатын материалдар, дайындамалар алу және өңдеу тәсілдері;

- конструкцияның қарапайымдылығы және өнімнің технология деңгейі;

- өнім сапасына қойылатын талаптар деңгейі;

- құрал-жабдықтар мен технологиялық жабдықтандырулар құрамы;

- әмбебап, арнайы, стандартсыз құрал-жабдық, конвейерлі немесе автоматтық желілер;

- құрал-жабдықтарға және технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету және ағымдық жөндеуді орталықтанған және орталықсыздандырылған түрде ұйымдастыру;

- өнім номенклатурасы өзгеріске ұшыраған жағдайда өндірістің шұғыл, әрі көп шығынсыз жаңа өнім өндіруге көшу қабілеті;

- негізгі, көмекші, қосымша және қосалқы цехтарда өндірістік үдерістің сипаты.

Негізгі өндіріс сипатына байланысты әр түрлі саладағы кәсіпорындардың өндірістік құрылымының өз ерекшеліктері болады.

Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі жолдары:

- кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;

- цехтар мен өндірістік кәсіпорындар құрудың неғұрлым озық үлгілерін іздеу және жүзеге асыру;

- негізгі, қосымша және қызмет көрсетуші цехтар арасында ұтымды қатынасты сақтау;

- кәсіпорынды жоспарлауда ұтымды, тұрақты жұмыс жасау;

- жеке кәсіпорындарды біріктіру; өндірісті шоғырландыру негізінде қуатты өнеркәсіптік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер құру;

- кәсіпорынның барлық бөлімдері арасындағы пара-парлықты қамтамасыз ету;

- өндіріс бейінін өзгерту, яғни өнім шығару сипатының өзгеруі, мамандану және бірлестіру;

- өндірісті күрделендіруді дамыту;

- кең тарапты үйлестіру және стандарттау есебінен өнімнің конструкциялық және технологиялық біртектілігіне қол жеткізу;

Қортынды

Кәсіпорын ішінде негізгі өндірістік құрылымдық бірлігі болып цех саналады (цехсыз басқару құрылымды кәсіпорындарынан бөлек) .

Цех - жалпы өндірістік үдерістің белгілі бір бөлігін (өндіріс кезеңін) орындайтын, әкімшілік қатынастағы жеке буын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті ұйымдастыру принциптері
Жетiлген бәсеке мен монополия – нарықтық экономиканың қарсы түрлерi
Ұйымдастырушылық құрылымды пайдаланудағы қазіргі тенденциялар
ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КӨЛЕМІН ТАЛДАУ
РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ РЫНОК
Монополияның экономикалық және әлеуметтік салдары
ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУ ТҮРЛЕРІ
Рынок құрылымы және рыноктағы монополия табиғаты
Баға құрылымын жетілдіру түрлері жайлы мәлімет
Жоба ұғымының анықтамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz