Өнімді стандарттау, оның қағидалары мен түрлері


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

а) Өнімді стандарттау, оның қағидалары мен түрлері

б) Өнім сапасының техникалық бақылауын ұйымдастыру

в) Техникалық бақылауды жетілдіру жолдары

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өнім сапасының сипаттамасы. Өнімнің сапасы - бұл өнімнің түріне байланысты белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын көрсететін өнім қасиеттерінің жиынтығы (ГОСТ 15467-79) . ISO 8402. Халқаралық стандартына сәйкес, сапа нысанның (қызмет немесе үрдістің, өнімнің т. б. ) қабілетіне қатысты сипаттамалар жиынтығы ретінде қарастырылады.

Функционалдық көрсеткіштер. Функционалдық көрсеткіштер өнімнің берілген қажеттіліктерді қанағаттандыруға функционалдық тұрғыдан жарамдылығын анықтайтын қасиеттерін сипаттайды. Олар функционалдық жарамдылық (қажеттілік, сенімділік, эргономдылық және үйлесімділік көрсеткіштерін біріктіреді.

Функционалдық жарамдылық/қажеттілік көрсеткіштері. Функционалдық жарамдылық/қажеттілік көрсеткіштері өнімнің техникалық мәнін, оның қызметіне қарай берілген ортада өз қызметін атқара алу қабілетін білдіретін қасиеттерін сипаттайды (мысалы, бірлік көрсеткіштер - жүккөтерімділік, сыйымдылық және су өткізбеуді, кешенді көрсеткіштер - калориялығын, өнімділігін т. с. с. ) .

Сенімділік көрсеткіштері. Өнімнің сенімділік көрсеткіштері оның уақыт ағымымен (қойылған шекаралығында) берілген режимдер мен қолдану шартын, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау және тасымалдау шарттарын сақтаған жағдайда барлық берілген сапа көрсеткіштерін сақтап қалуын сипаттайды. Бірлік сенімділік көрсеткіштеріне ақаусыздық, жөндеуге жарамдылық, шыдамдылық және сақтамдылық қасиеттері жатады. Сондай-ақ, сенімділік кешенді көрсеткіштермен де сипатталуы мүмкін, яғни бірнеше қасиеттерін, қамтамасыз ете алатын (ақаусыздық және қайта қалпына келу қасиеті) . Сенімділік көрсеткіштері өнімнің функционалдық көрсеткіштері анықтайтын сипаттамасын толықтыра түседі.

Ақаусыздық көрсеткіштері техникалық жағынан күрделі тауарлардың (фотоаппарат, киноаппараттар, теледидар, кір жуу машинасы және т. б. ) белгілі бір уақыт бойы жұмысқа жарамдылығын (мысалы, техникалық пайдалану коэффициенті) сипаттайды.

Жөндеуге жарамдылық көрсеткіштері. Өнімнің ақауын анықтап, алдын алуға бейімділігін сипаттайды (мысалы, жөндеудің орташа ұзақтығы және техникалық қызмет көрсетудің орташа қиындығы) .

Шыдамдылық (ұзақмерзімділік) көрсеткіштері өнімнің әрі қарай пайдалану мүмкін болмағанша немесе пайдалану тиімділігінің тым құлдырайтын шекке жеткенге дейін жұмысқа жарамдылығын сақтау қасиеттерін сипаттайды. Шыдамдылық үлгісі ретінде жабдықтың орташа қызмет мерзімін және орташа қорын келтіруге болады.

Қалпына келу көрсеткіштері - материал немесе бұйымның сақтау және тасымалдаудан соң қалпына келу қасиетін сипаттайды. (мысалы, берілген сапа көрсеткіштерінің мәніне қайта жету уақыты және қалпына келу деңгейі - қалпына келтірілген бұйымның (өнімнің) сапа көрсеткіш мәнінің бастапқыда берілген сапа көрсеткіші мәніне қатынасады) .

Сақтамдылық көрсеткіштері өнімнің (бұйымның) ақаусыз және жұмысқа жарамды күйін немесе материялдың сақтау барысында, сақтаудан және тасымалдаудан кейін тұтынуға жарамды күйін сақтап қалу қасиетін сипаттайды (жарамдылық мерзімі, кепілдік мерзімі және т. с. с. ) .

Өнімнің эргономдылық көрсеткіштері. Бұл топтағы көрсеткіштер өнімнің өндірістік және тұрмыстық үрдістердегі «адам - зат/бұйым - орта» жүйесінде қолдануға қолайлылығын, жайлылығын сипаттайды. Аталған топқа гигиеналық антропометриялық, физиологиялық, психофизиологиялық психиологиялық шағын топтар кіреді.

Гигиеналық көрсеткіштер - бұл пайдалану барысында адамның ағзасына, жұмысқабілеттілігіне әсер ететін бұйым немесе олардың сапалық көрсеткіштері (жарықтандыру деңгейі, желдетілу, температура, ылғалдылық, гигроскопиялық, шаң-тозаң, шу, діріл деңгейі т. б. ) .

Антропометриялық көрсеткіштер - бұл өнімнің және оның құраушы элементтерінің адам денесінің өлшемін, қалыбын және салмағын ескеру арқылы ұтымды да ыңғайлы жұмыс ыңғайын, денені дұрыс ұстауды қамтамасыз ететін көрсеткіштер.

Физиологиялық және психофизиологиялық сапа көрсеткіштері адамның жұмыс қимылының көлемі мен жылдамдығына, көру, есту, сезу, дәм сезу және иіс сезу ақпараттарына әсер етеді.

Оған өнімнің адамның көру, есту, сезіну, жылдамдық, энергетика және психологиялық мүмкіндіктеріне сәйкестік көрсеткіштері жатады.

Психологиялық көрсеткіштер - «адам-бұйым» жүйесінде ақпарат алмасуына қатысатын сапа көрсеткіштері - адамның түрлі машықтарды жылдам әрі жеңіл игеруіне әсер етеді және берілген бұйымның көмегімен ақпаратты қабылдау және өңдеу қабілетінің көлемі мен жылдамдығына да ықпалын тигізеді. Оған бұйымның адамның бекіткен және жаңадан қалыптастырып отырған машықтарына, оның ақпаратты қабылдау және өңдеу мүмкіндіктеріне сәйкестік көрсеткіштері жатады.

Өнімді стандарттау, оның қағидалары мен түрлері

Стандарт - ағылшын тілінен аударғанда «мөлшер», «мөлшерлеме», «үлгі» дегенді білдіреді. Стандарттау - бұл төменде келтірілген талаптарды орындауға арналған нормалар, ережелер мен сипаттамалар (бұдан әрі - «талаптар») бекіту іс-әрекеті:

- өнім, қызмет, жұмыстың (стандарттау нысандарының) адам өмірі мен денсаулығы, мүлкі, қоршаған орта үшін қауіпсіздігі;

- өнімнің техникалық және ақпараттық ыңғайластығы, санымен қатар, өзара алмасушылығы;

- өнім мен қызмет түрінің ғылым мен техника, технология дамуына сәйкес сапасы;

- өлшеулер бірыңғайлығы;

- барлық қор түрлерінің үнемделуі;

- табиғи және техногендік аппараттар мен өзге де шұқыл жағдайлардың пайда болу қаупін ескере отырып, шаруашылық субъектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- елдің қорғанысқа дайындығы мен мобилизацияға әзірлігі.

ҚР «Стандарттау туралы» Заңы стандарттау саласындағы негізгі ережелер, қағидалар, ұғымдар мен стандарттау жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекітеді . Бұл ережелер барлық мемлекеттік басқару органдары, ведомстволық және меншік түріне, байланыссыз барлық шаруашылық субъектілері үшін (соның ішінде кәсіпкер азаматтар үшін де), сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер үшін бірдей ортақ болып табылады. Кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің өзара және мемлекеттік орындармен қарым-қатынас жасауы мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандартымен бекітіледі.

Стандарттау нысандары болып табылатын өнім, жұмыс (үрдіс), қызмет түрлері кез-келген материал, компонент, жабдық, жүйе, ереже, процедуру, функция, әдіс немесе іс-әрекетке қатысты.

Халықаралық (аймақтық) стандарт - халықаралық стандарттау ұйымы қабылдаған стандарт. Халықаралық сауда және халықаралық әріптестіктің дамуы халықаралық (аймақтық) стандарттауды әзірлеп, кеңінен қолдану қажеттігін туындатады. БҰҰ шешімімен 1946ж. Басшы қызметі халқыаралық стандарттар әзірлеу және стандарттауды дамытуға қолдау көрсету болып табылатын Халқыаралық стандарттау ұйымы (ИСО) құралады. Стандарттау жұмысымен сонымен қатар Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК), Халықаралық метрологиялық заң шығару ұйымы (МОЗМ) . Еуропалық сапа ұйымы (ЕОК), салық зертханаларын аккредитациялау жөніндегі Халықаралық конференция (ПЛАК), электротехникадағы стандарттау жөніндегі Еуропалық комитет (СЕНЭЛЕК), Еуропалық сынақ және сертификаттау шұғылданады.

Мемлекетаралық стандарт (ГОСТ) - бұл стандарттау, және метрология бойынша ымыралы саясат жүргізу туралы келісімге қосылған мемлекеттер қабылдаған стандарт. Мемлекетаралық стандарттар аймақтық типтегі стандарттар болып табылады.

Сала стандарты - бұл мемлекеттік басқару органының өз өкілеттілігі шеңберінде қабылдаған стандарт.

Кәсіпорын стандарты - кәсіпорын бекіткен стандарт.

Ғылыми техникалық инженерлік қоғам стандарты - бұл ғылыми-техникалық инженерлік қоғам немесе өзге қоғамдық бірлестік қабылдаған стандарт.

Стандарттау нысанының ерекшелігіне және оған қойылатын талаптардың мазмұнына қарай стандарттар келесі түрге бөлінеді:

- негізгі құраушы стандарттар;

- өнімге (қызметке) қойылатын стандарттар;

- жұмысқа (үрдіске) қойылытын стандарттар;

- бақылыу әдістеріне (сынау, өлшеу, сараптау) қойылатын стандарттар.

Салааралық мәні бар өнімге (жұмысқа, қызметке) мемлекеттік стандарттар жасалады.

Сертификаттау - бұл үшінші мемлекет өкілеттік берген тарап берілген өнім, үрдіс немесе қызметтің бекітілген тараптарға (ИСО/МЭК) сәйкестігіне жазбаша түрде кепіл беру процедурасы.

Өнімді сертификаттау - өнімнің бекітілген талаптарға сәйкестігін растау іс-әрекеті. Сертификаттау міндетті немесе ерікті сипатқа ие бола алады. Міндетті сертификаттау өнімнің сапасын объективті түрде қадағалау, сондай-ақ өнім қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау құралы болып табылады. Ерікті сертификаттау бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жол ашады.

Сертификаттау нысандарына өндірістік-техникалық мәні бар өнім, халықтық тұтыну тауарлары, кәсіпорынның халыққа көрсететін қызметі, сапа жүйелері, өзге де нысандар жатады. Импорттық тауарлар да сертификаттауға жатады, және негізінен сертификаттау өнім өндірушіде жүргізіледі (келісімаралық сертификаттау және сапа жүйелерін сертификаттау) . Қандай да бір топтағы өнімді сертификаттаудан өткізу үшін кәсіпорындар мен мекемелер сертификаттау жүйелерін құрады. Сертификаттау жүйесіне меншік түріне тәуелсіз кәсіпорын, мекеме және ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер де кіре алады. Сертификаттау жүйесіне біртекті өнімді сертификаттаудың бірнеше жуйесі енуі мүмкін. Осылайша, сертификаттау жүйесі дегеніміз - бұл осы жүйеде белгіленген ережелерге сәйкес сертификаттауды жүзеге асыратын сертификаттауға қатысушылар жиынтығы.

Біртектес өнімді сертификаттау жүйесі - бұл сертификаттау үшін бірдей стандарттар мен ережелер және бірдей процедура жүргізілетін өнімдер тобына қатысты сертификаттау жүйесі. Міндетті сертификаттау жүйесін заң шығарушы орган міндетті сертификаттау туралы шешім қабылдаған соң мемлекеттік басқару органы құрады. Ерікті сертификаттау жүйесін өзіне сертификаттау органы қызметін алған және сертификаттау жүйесі мен сәйкестік белгісін ҚР мемстандартына тіркеуден өткізген кез-келген заңды тұлға құра алады.

Сертификаттау органы - бұл белгілі бір өнімді сертификаттаудан өткізген орган. Сертификаттау органдары сәйкестік белгісін қолдануға лицензия және сәйкестік сертификатын береді, сонымен қатар өздері берген сертификат күшін жояды немесе уақытша тоқтата алады.

Сәйкестік сертификаты - сертификатталған өнімнің бекітілген талаптарға («Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңға) сәйкестігін растау үшін берілетін құлғат. Сертификаттау жүйесінің ережелеріне негізделген бұл құжат өнімнің, үрдістің немесе қызметтің нақты стандартқа немесе басқадай нормативтік құжатқа (ИСО/МЭК 2) сәйкестігін көрсетеді.

Жалпы жағдайда, сертификаттау, кезінде өнімді сынақтан өткізу, өнім өндіру ретін (күйін) бастапқы бағалау, өнім мен өндірісті кейінгі (сертификат берілген соң) инспекциялық бақылау жүргізілуі мүмкін. Сертификат сызбасына қарай онда сертификатты беруге негіз болған барлық құжаттар келтіріледі.

Сынақ - бекітілген процедура тәртібіне сүйене отырып берілген өнім, үрдіс немесе қызметтің бір немесе бірнеше сипаттамасын анықтаудан тұратын операция.

Сәйкестік белгісі - белгіленген тәртіпке сай тіркелген белгі-сертификаттау жүйесінде қабылданған ережелерге сәйкес белгі салынған өнімнің талапқа сәйкестігін көрсетеді. Өнімге сәйкестік белгісін осы белгіні қолдануға сертификаттау органы берген лицензия негізінде өндіруші (сатушы) салады. Сәйкестік белгісі бұйымға және (немесе) оның сырт ыдысына, орамына техникалық ерме құжаттарына салынады. Міндетті сертификаттау кезінде бұл белгіні қолдану ережелері ҚР Мемстандартымен бекітілген. Сәйкестік белгісін қолдану лицензиясы - бұл уәкілетті орган берген құжат, ол бойынша сәйкестік сертификат иегеріне сәйкестік белгісін қолдану құқығы беріледі.

Сынақ зертханасының немесе сертификаттау органының аккредетациядан өтуі. Бұл процедура нәтижиесінде уәкілетті орган ҚР заң шығару актілеріне сәйкес сынақзертханасының немесе сертификаттау органының аталған салада нақты жұмыстар өткізе алу мүмкіндігін ресми түрде растайды. Сертификаттау ережелерінің сақталуын инспекциялық қадағалау (сынақ зертханаларының немесе сертификаттау органдарының) - бұл сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының іс-әрекеті жүйе ережесіне сәйкестігін анықтау мақсатымен жүргізілетін бақылыу. Сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау - өнімнің сертификаттау кезінде расталған, талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін бақылау.

Сертификаттау аккредетация эксперті - сертификаттау (аккредациялау) саласында бір немесе бірнеше жұмыс түрлерін жүргізуге құқық берілген тұлға.

Өнім сапасының техникалық бақылауын ұйымдастыру

Қатаң бәсекелестік күрес жағдайында фирмалар тек өнім сапасын жүйелі түрде басқаруды енгізе отырып қана табысты өркендей алады. Сапа мәселесі барлық өнім және қызмет түрлері үшін көкейтесті болып табылады. Тұтынушылар өнімнің сапасына, ал кәсіпкерлер - оның бәсекеге қабілеттілігіне, яғни тәуекелден арылып, тұрақты пайда әкеліп отыруына мүдделі. Қазақстандық кәсіпкерлер қатаң бәсеке жағдайында жұмыс істеуге даяр болуы тиіс. Сапа мәселесіне көңіл бөлмейтін кез-келген мекеме, оның меншік түріне тәуелсіз, шығынға ұшырады әбден мүмкін. Бәсекеге қабілетті өндірісті қамтамасыз ету үшін олар тұтынушылық қасиеттерін арттырумен қатар өнімнің құнын арзандатуға немесе тұрақтандыруға жол беретін сапа жүйесін құрулары қажет.

Өнімнің сапа деңгейін бағалау. Өнімнің сапасын бағалау өнімді оған бәсекелес түрлерімен барлық қабылданған сапа көрсеткіші жиынтықтары бойынша салыстыруды білдіреді.

Салыстыру нәтижиесі өнім сапасының деңгейін анықтайды. Бағаланатын өнімнің нарықта ұсынылған ұқсас түрлері, әдетте бұл, осы өнім түрін дамытуда қол жеткізілген ғылыми-техникалық жетістіктер және өндіруші мен тұтынушының экономикалық мүдделері базалық үлгілер болып табылады. Бағаланатын өнімнің техникалық жағынан жетілдіруін сипаттайтын көрсеткіштер мәнін сәйкес көрсеткіштердің базалық мәндерімен саластыруға негізделген бағалау түрі өнімнің техникалық деңгейін көрсетеді.

Өнімнің сапасын бағалау келесі кезеңдерден тұрады:

- сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау және оның қажеттілігі мен жеткіліктілігін негіздеу;

- сапа көрсеткіші мәндерін анықтау әдістерін таңдау немесе құру;

- ұқсас өнім топтарын жинақтау және олардың сапа көрсеткіші мәндерін анықтау;

- бағаланатын өнімнің сапа көрсеткішінің нақты мәндерін анықтауға қажетті көрсеткіштер мен бастапқы мәліметтердің базалық мәндерін таңдап алу;

- сапа көрсеткіштерінің нақты мәндерін анықтап, оларды базалық мәндермен салыстыру;

-мүмкін болатын шешім нұсқаларын салыстырмалы сараптаудан өткізіп, ең үздігін таңдау;

- шешім қабылдауға ұсынысты негіздеу.

Өнімнің құны мен сапасы. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау берілген өнімді өзге фималардың сәйкес өнімімен салыстыру негізінде жүзеге асырылады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші өнім құнының тұтыну құнына қатынасымен анықталады. Тұтынушыны қызықтырмайтын өнімнің (мысалы: өнімді өндірудің технологиялылығы) сапалық сипаттамасы қарауға қабылданбайды. Өнімнің сапасын сан жағынан анықтау қиындық туғызады, ол үшін квалиметрияны - өнімнің сапа деңгейін сан жағынан бағалаудың күрделі болғанымен, жарамды әдістерін құраған ғылымды, білу қажет. Тұтыну құнын анықтау жеңілірек, ол үшін өнімді сату құнына оны пайдалану, жөндеу және жою шығындарын қосады.

Тұтыну құны - бәсекелестіктің маңызды факторы болғанмен, ол жалғыз емес. Заманауи әлемдік деңгейге шығу өнімнің тұтынушылық қасиеттері мен (функционалдық, дйзаин) сервис деңгейін талап етеді. Ғылыми-техникалық үдерістің қазіргі кезеңінде өнімнің сапасы ұлттық экономика дамуының түйінді мәселесі болып отыр, дегенмен, олардың өнім сапасын басқаруында өз ерекшеліктері бар (7. 2-кесте) . Қазіргі таңда өнімнің сапасы үшін күрес әртүрлі елдердің қол жеткізген сапа деңгейлерінің өзара шамаласып жақындауына жетіп отыр. Бұған біртұтас әдіс-амал жүйесін құру сапалы жалпы басқару қағидалары жол ашты.

Техникалық бақылауды жетілдіру жолдары

Сапаны жалпы басқару. Сапаны жалпы басқару (Total quality Mmanagement, TQM) - бұл сапаны басқару жүйесі мен әдістерін барлық қызмет саласында - зерттеулер жүргізуден, жобалаудан бастап сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуге дейінгі кезендерде басшылық пен барлық деңгейдегі қызметкерлер қатысуымен жан-жақты, мақсатты түрде әрі жақсы реттелген күйінде қолдануды сипаттайтын концепция. Сапалы жалпы басқарудың мақсаты - бұл өнім мен қызмет сапасын жоғарылата түсуге қол жеткізу. Бұл ғылыми-техникалық үдерістің қазіргі сатысында ұлттық экономиканы дамытудың түйінді мәселесі. Сапаны жалпы басқаруға мыналар кіреді:

- жаңа өнімді жобалау үрдісінде бақылау;

- тәжірибелік үлгі сапасын бағалау, өнім және өндірістік үрдіс сапасын жоспарлау, жеткізілетін материялдың сапасын бақылау, бағалау және жоспарлау;

- материялдарды бастапқы (кіріс) бақылау;

- дайын өнімді бақылау;

- өнім сапасын бағалау;

- өндірістік үрдіс сапасын бағалау;

- өнім сапасы мен өндірістік үрдісті қадағалау;

- арнаулы үрдістер сараптамасы (сапа саласындағы арнайы зерттеулер) ;

- өнім сапасы жайлы ақпаратты пайдалану;

- өнім сапасы жайлы ақпарат беретін аппаратураны бақылау;

- қызметкерлер біліктілігін арттыру, сапаны қамтамасыз ету әдістеріне оқыту;

- кепілдік қызмет көрсету;

- сапа саласындағы жұмыстарды тәртіпке келтіру;

- жеткізушілермен бірлесіп сапа жұмыстарын жүргізу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-да стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және мақсаты, міндеті. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және стандарттар түрлері
Стандарттау объектілері
ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты туралы
Стандарттау сертификаттау,метрология туралы ұғым
Халықаралық сапа
Стандарттау жүйесінің халық шаруашылығындағы маңызы
Нормативтік актілерді жіктеу туралы жалпы түсінік
Стандарттаудың мақсаты
Халықаралық стандарттау және техникалық реттеу (сүт өнімі мысалында)
Сапа менеджменті жүйесінің әзірленген бағдарламасын енгізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz