Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
а) Халықаралық сауда теориясы
б) Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары
в) Халықаралық сауда субьектілері
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін республика үкіметі алдында әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастар саласында білікті мамандар даярлау мәселесі тұрды.
Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.
Сол ғалымдардың бірі-ағылшын саяси экономикасының классигі А.Смит Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалады. Егер кез-келген басқа бір ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда тауарын сатып алған анағұрылым тиімді болар еді , - деп атап көрсетті А.Смит өз еңбегінде.
А.Смит бұл көзқарасы экономикалық мұрада Абсолюттік артықшылық теориясы деп аталып кетті.
Бұл теорияда негізгі идея - еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізгі, яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысуы тиіс екендігі. Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Сыртқы сауда да фритретерствоны (еркін сауда), немесе протекционизмді (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
Өйткені кез келген-ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажетгілігін алдын-ала анықтайды.
Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.
Атап айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы мүмкін. Өйткені, елдің экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары даму локомотиві болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.

Халықаралық сауда теориясы.

Халықаралық еңбек бөлінісі өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде халықаралық сауда шығады десек, мамандануы көптеген варианттарының ішінен қандайын таңдап алу тиімді ? деген сұрақтар туындайды.
А.Смит Франция, Португалия,Шотландия елдеріндегі шарап өндірісін мысылға келтіреді. Бұл мысалда салыстыру құралы ретінде өндірістің абсолюттік шығыны (бір дана тауарды шығаруға қажетті адам саны) алынады.
Франция мен Португалияда шарап өндіру шығындары аз болғандықтан, Шотландия шарап өндіру тиімсіз болатындығы анық.
А.Смиттің теориясын талдау нәтижесінде оның бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады. Солардың ішіндігі артықшылықтарды атап көрсетейік:
Біріншіден, өндірістің мүмкіндіктері,сол өндірістің жүзеге асырылуының қолайлы жағдайлары табиғи факторлар мен анықталады;
Екіншіден, егер табиғи артықшылықтарға жаңа технологиялардың жетістіктерін қоссақ, онда теорияның маңызы одан да арта түсер еді.
Сонымен қатар бұл теорияның кемшіліктері де бар:
Біріншіден, әдістемелік жолдардың шартты түрде болуы.
Мысалы, А.Смит өз зерттеулерінде екі елді ғана салыстырады,бірақ та шын мәнәнде тәжірибеде былай болуы мүмкін емес;
Екіншіден, ағылшын саяси экономикасының классигі ақша айырбасының моделі емес,тауар айырбасының моделін қарастырады;
Үшіншіден, абсолюттік артықшылық халықаралық саудаға маңызды турде әсер ете алмайды,өйткені тауар өндірісінің альтернативті (балама) құны халықаралық сауданың құрылымына әсер етеді.
А.Смиттің Абсолюттік артықшылық теориясында аталып өтілген кемшіліктерді ағылшын саяси экономикасының тағы бір классигі Д.Рикардо Компартивті (салыстырмалы) артықшылық теориясында жоюға тырысты.
Елдер арасында айырмашылықтың болуы - Рикардо теориясының негізі болып табылады. Осыған сәйкес төмендегідей тұжырым жасалған: кез келген елде оның табиғи-климаттық жағдайларына қарамастан кез келген тауар өндірісін іске асыруға болады.
Мысалы, Қазақстанда да лимон өсіруге юолады, бірақ Жерорта теңізі маңызында орналасқан елдермен салыстырғанда Қазақстанда өсіру өте көп шығынды қажет етеді.
Сондықтан, біз үшін лимонды Қазақстанда өсіруден көрі, сол елдерден сатып алу өте тиімді болмақ.
Рикардо халықаралық сауда теорияларын дамытудағы сіңірген еңбегі өте зор.
Мысалы,екі елден (Англия мен Португалия)тұратын қарапайым экономиканы қарастырайық.Олар пайда әкелетін екі өнімді (мата мен шарапты) шығарады деп есептейік.
Бірақ, олар бір ғана еңбек факторын қолданады.
Матаны өндіруге қажетті еңбек мөлшерін А әрпімен, шарап өндіруге қажетті еңбек мөлшерін Б әрпімен, ал жалпы еңбек ұсынысын В әрпімен белгілеік.
Егер де әрбір елдің ресурстары шекдеулі болса,сонымен бірге шығарып жатқан екі тауардың біреуінің қосымша данасын шығаратын болса,онда ол екінші тауарды шығарудан бас тартуға мәжбүр болады.Оны төменгі мына теңсіздікпен көрсетсек:

aLV*QV+aLt*Qt Англия үшін (1)
(2)
a*LV*Q*V+a*Lt*Q*t * Португалия үшін

Осы келтірілген теңсіздіктер негізінде өндірістік мүмкіндіктердің шегін көрсетуге болады,яғни көлбеу сызық матаның құнына тең,ал матаның құны шараптың мөлшерімен өрнектеледі.
Әрбір елде пайда әкелетін өнімнің қандай мөлшері шығарылатындығын анықтау үшін баға көрсеткішін пайдалану қажет.Әрбір сектор өндірістік фактордың біреуін ғана пайдаландықтан, еркін бәсеке өндіріс факторларының құнына бағалардың тікелей тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алды.
Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формасы болып есептелген еді, ал қазіргі кезде шетелдік иевестициялау (атап айтқанда трансферті) халықаралық экономикалық қатынастардың жетекші формасы болып санслады.
Осыған қарамастан, халықаралық сауда өзінің масштабы мен функциялары бойынща халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде маңызды орынға ие болып отыр, яғни басқаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық жалпы көлемінің 80 процент үлесін алып отыр.
Халықаралық сауда- әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді.
Ғылыми- техникалық революцияның, өнеркәсіптік өндіріс специализациясы мен корпорациясы әсәрінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық өзгерістер ұлттық экономикалардың өзара әсерлесуін күшейтеді.
Ұлттық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы - дүниежүзілік нарықты құрайды.
Дүниежүзілік нарық әлемдегі тауар- ақша қатынастарының даму процесі кезінде қалыптаса бастады, яғни XVI дүниежүзілік нарық деген түсінік пайда бола бастады.
Жалпы алғанда, дүниежүзілік нарық күрделі түсінік болып табылады.
Бұл түсінікті терең зерттеу үшін оны екі аспектіде қарастыру керек:
біріншіден, дүниежүзілік нарық абстрактылық түсінік болып табылады, яғни ол кеңістік аспектіде қарастырылады;
екіншіден, дүниежүзілік нарық заттық аспектіде қарастырылады.
Осыған сәйкес дүниежүзілік нарықтың қарастырылу аспектілеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.
Дүние жүзінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне қатыспаған елдер жоқтың қасы деген тұжырым жасауға болады.
Дүниежүзілік нарықтың мәнін, құрылымын және әрбір элементінің автономиялылығын түсіну үшін графикалық әдістерді пайдалану өте тиімді болып табылады.
Ұлттық нарық - бұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде елдің ішкі және сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын сфера.
Сыртқы сауда дегеніміз - белгілі бір елдің басқа елдермен сауда жасауы.
Сонда барлық елдердің сыртқы сауда операциясын жүзеге асратын сфера - халықаралық нарық деп аталады.
Сыртқы сауда операцияларының 4 негізгі түрі бар:
* экспорттық операция - шетке шығу арқылы шет елдік контрагенттік тауарды сату;
* импорттық операция - шеттен әкелу арқылы шет елдік контрагенттен тауарды сатып алу;
* реэкспорттық операция - бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату;
* реимпорттық операция - бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.
Ұлттық нарық пен халықаралық нарық бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ олардың өзара айырмашылықтары да бар.
Халықаралық сауда - бұл халықаралық тауар-ақша қатынастарының сферасы, дүние жүзіндегі барлық елдердің саудасының жиынтығы.
Халықаралық сауданың мәнін ашу үшін оның формаларын 1-схемадан көруге болады.
Халықаралық сауданың формалары төмендегідей жіктеледі:
* аукциондар және аукциондық сауда;
* биржалық сауда;
* халықаралық көрмелер мен жәрменкелер;
* машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы;
* қарама-қарсы сауда;
* шекаралық сауда.
Енді осы формалардың әрқайсысына сипаттама берейік:
Аукцион дегеніміз алдын ала көруге қойылған таурларды белгілі бір уақытта, белгіленген орында сату формасы.
Аукцион белгілі бір тауар түрлері бойынша өтеді, мысалы, бағалы аң терісі, жүн, өнер туындылары, антикварлық және кейбір бірегей тауарлар.
Аукционның ерекшелігі сатушының тауар сапсына жауапкершілігінің шектеулілігі.
Акциондық сауда - нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында акционға қатысқан бірнеше немесе көптеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы
Халықаралық сауда жайында
Әлемдік сауданың құрылымы және қазақстанның әлемдік саудадағы болашағы
Қазақстан экономикасының дамуы
Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері
Халықаралық сауданың теориялары
Халықаралық сауда теориясы туралы
Қазақстанның халықаралық сауда қозғалысына қатысуы
Халықаралық сауда классикалық теориясы
Қазақстанның экспорты мен импорты
Пәндер