Іскерлік мәжіліс



Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Іскерлік мәжіліс-белгілі бір міндеттерді ойластырудың және көпшілік болып қабылдаудың кең тараған тәсілі. Қазіргі техникалық құралдар мен басқарудың ғылыми тәсілдері кеңінен қолданылып отырғанына қарамастан, іс-әрекеттің мұндай формасы қазір де рөлін жойған жоқ. Оның үстіне үнемі күрделеніп отырған басқару жүйесі жағдайында іскерлік мәжіліс ерекше маңызды бола түсуде.
Жеке дара ойластырудан нәтиже шықпаған жағдайда, басшы жұртшылықтың пікіріне жүгініп, қажетті мамандар мен қызметкерлерді таңдайды. Іскерлік мәжіліс барысында қойылған міндеттер қаралады да, мұнда әртүрлі пікірлер айтылып, оны шешудің ең қолайлы жолдары таңдап алынады.
Өзіңіздің тікелей айтқан ұсынысыңызбен қоса, тиімді ұйымдастырған әрбір мәжіліс маңызды оқу-тәрбиелік функция атқарады. Іскерлік мәжілісте қызметшілер пайдалы ұсыныс айтуға сауатты сөйлей білуге, өз ойын айқын жеткізуге, өзінің дәлелі мен позициясын өткізуге дағдыланады. Бұл процесте басшы ерекше орын алады. Ол мәжілісті өткізу тәртібін ойластыруы, мұның оқу-тәрбиелік жағын қарастыруы тиіс. Мұнда мәжіліске қатысушылардың да іскерлігі өріс алады: Олардың өзара идея алмасудағы біліктілігі, міндетті шығармашылықпен шешуі, басқару қабілеті арта түседі. Іскерлік мәжіліс басшыға да пайдалы, оның ұйымдастырушылық, жауапкершілік, сенімділік, кадрлармен жұмыс істеу қабілеті жетіле түседі.
Алайда мәжіліс әрқашанда тиімді бола бермейтіндігі өкінішті. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көптеген басшыларымен мамандары көпшілік уақытын шаруашылықтағы, сондай-ақ басқармалардағы, трестердегі және басқа да ұйымдардағы әр түрлі жиналыстарға, мәжілістерге, кеңестерге қатысумен өткізіледі.
Кез келген мәселені ұжымның қатысуымен көпшілік болып талқылап шешудің толып жатқан формасы бар. Бұған жататындар: съездер мен конференциялар, жиылыстар, мәжілістер, семинарлар мен симпозуимдар, іскерлік кеңестер т.б. Бұл формалардың әрқайсысы белгілі бір критерий бойынша - шешілетін міндеттердің маңыздылығы мен мазмұнына, өткізу ауқымы мен уақытына қарай жіктелуі мүмкін. Іскерлік мәжілістің жіктелуін қарастыралық.
Іскерлік мәжіліс шартты түрде қарастырылатын мәжілістің ерекшеліктеріне қатысушылардың құрамы мен сапасына, мәжілісте қаралатын мәселелердің ауқымы мен санына, құрылымы мен ұйымдастырылуына, мәжілісті өтілу тәртібіне орай бөледі.
Келтірілген жіктеулер қызмет бабындағы мәжілісте толық қамтылмауы мүмкін. Оны өткізу стиліне қарай американдықтар диктаторлық, автократиялық, пікірлесу, еркін кеңесу деп бөледі.
Бізде шешілетін мәселелерге орай мынадай жіктеулер қолданылады:
Проблемалық - мұның міндеті - басқаруға қолайлы шешім іздестіру, бұл талқылау нәтижесінде жәнеде дауысқа салу арқылы қабылданады. Мұндай мәжілістің схемасы: баяндама жасау, баяндамашыға сұрақтар беру, жарыссөзге шығу, шешім шығару.
Нұсқаулық мәжіліс- оның міәндеті-жоғарыдан төменге қарай басқару схемасы бойынша жарлық беру, қажетті байланыстар орнату, оларды жедел орнату. Басшы жиналғандарға сай мекеменің, кәсіпорынның әкімшіліктері немесе жоғары органдар қабылдаған шешімдерді хабарлайды. Кей жағдайда нұсқауды тек айтып қана қоймай, нақтылап түсіндіреді, орындау мерзімін белгілейді.Қабылдаумен және орындау үшін құжат формасындағы директиваларды тартумен салыстырғанда нұсқаулық мәжілістердің артықшылығы да міне, осында. Алайда соңғысы алғашқысымен ауыстырылмауы тиіс. Мәжіліс өткізіле тұрса да құжаттар таратылуы, бұлар мәжіліс материалдары бойынша айқындалуы, дәлелденуі тиіс.
Жедел мәжіліс - оның міндеті - басты өндірістегі күнделікті істің жайы туралы мәлімет алу болып саналады. Өзінің мақсаты мен өткізу санаты жағынан бұл диспетчерлік мәжіліске ұқсайды. Мұнда басқару схемасы бойынша төменнен жоғарыға мәліметтер беру қамтамасыз етіледі. Мәжіліске қатьысушылардан қажетті мәліметтер алған мәжіліс төрағасы осал тұстарды айқындап, жедел шешім қабылдайды.
Мұндай мәжілістерде баяндамалар да ұзақ сөйлеушілерде болмайды, тек пікір алысады.
Іскерлік әңгіме мен келіссөздің сәтті өтуі мына төмендегі серіктестер арасындағы нормалар мен қағидаларға байланысты:
Нақтылық. Іскер адамға қатысты ең маңызды этикалық норма. Келіскен уақытты нақты минутына дейін ұстау керек. Кез-келген кешігу сіздің істегі жауапсыздығыңызды білдіреді.
Шынайылық. Қабылданған міндеттерге ғана емес,серіктесіңізбен қарым-қатынаста ашық болуыңыз керек.
Әдептілік. Келісім барысында әдептілікті ұстай отырып,белсенділік пен қайсарлықты да қолданады. Келіссөзді жүргізуге кедергі болатын факторлардан аулақ болу керек: өзара конфликттен және орынсыз сөздерден аулақ болу.
Тыңдай білу. Әрдайым назар аударып тыңдаңыз. Сөйлеуші адамды бөлмеңіз.
Дәлдік. Әңгіме нақты болу керек,фактілерді,сандық анықтамалармен қажетті ақпараттарды ескеру керек. Түсініктер мен категориялар келіскен түрде және серіктестерге түсінікті болу керек. Пікірлер схемамен және құжаттармен бекітілуі тиіс.
Келіссөз жүргізу нақты бір нәтижеге жетуге бағытталып, мақсаты алдын-ала белгіленетін және диалог арқылы жүзегі асырылатын іскерлік қарым-қатынастың бір түрі.
Келіссөздер қиын немесе жеңіл жүруі мүмкін. Серіктестер оңай немесе қиын тіл табысуы мүмкін, болмаса тіпті ортақ келісімге келе алмаулары мүмкін. Бұл ретте субъективтік факторларды да естен шығармау керек: серіктестердің қабілеті, білігі, келіссө жүргізу шеберлгігі. Келіссөз үстелінде іскерлік, кәсіби, коммуникативтік тәжірибесі әр түрлі адамдар жолығуы да мүмкін. Олардың темпераменті, қарым-қатынас жасау стилі, білімдері де әр түрлі болады.
Келіссөздерді жүргізуге алдын-ала үлкен дайындық керек. Келіссөздерді жүргізуде мынадай кемшіліктер жиі кездеседі:
-Немқұрайдылық (Холодный запуск): келіссөздің мақсаты мен маңызын, қиыншылығы мен салдарын терең түсінбеу. Бұл жағдайда келсіссөзді қарсылас басқарып кетеді де, сіз тек мақұлдаушы не тыңдаушы тарап болып қаласыз.
-Алдын-ала жоспардың, бағдарламаның болмауы (Отсутствие программы) : Қойылуы мүмкін максималды, минималды талаптарға дайын болмау. Келіссөзде ойыңызды алдын-ала жүйелеп алған дұрыс, болмаса оны қағазға түсірген жөн.
-Ең бастысы өз пайдам! (Главное, чтобы меня устраивало!): тараптардың бірінің өз мүддесін барлығынан жоғары қойып, басқа тараптар үшін келетін пайданың қызықсыз болып қалуы. Өзімшілдік салдарынан тараптардың мүдделерінің тоғыспауы серіктестің келісім жүргізуге деген ынтасын түсіреді.
-Бәрін өз бетімен жіберу (Пускать все на самотек): серіктестің өзіне не керек, неге керек, қандай талаптар керектігін және қарсы тараптан күтілетін нәтижені болжай алмауы. Мұндай жағдайда келіссөз жүргізу тиімді болмайды.
-Тіл табыса алмау (Коммуникативные заморыши): тараптардың бірінің дөрекілік, әдепсіздік танытуынан келіссөздің өз мақсатына жетпеуі. Мысалы:серіктестің сөзін тыңдамау (немесе тыңдай алмау); диалогқа түспей, монолог сөзбен сөйлеу; -іскерлік ұстамдылық таныта алмай, сабырсыздыққа бой алдыру, сезімге берілу; өзінің сөзін дәлелдемей, тек көзқарасының дұрыстығын өзінше алға тарту; хабарының болмауы, яғни жаңа деректер мен ұсыныстар ұсынбай, тек мәселені шешуге кедергі кетіретін бұрыннан мәлім көзқарастан аса алмау; екі жаққа да ортақ мүддені, пайданы ескермеу;

Темперамент (лат.temperamentum - бөліктердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік мәжілістер мен келіссөздер өткізу
Іскерлік мәжілісті ұйымдастыру және өткізу
Басқару қызметінің мәдениеті және іскерлік этикасы
Мәжілісті өткізу
Басқарушы және басқару жүйесі
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы жайлы ақпарат
Іскерлік және кәсіби этика
Текст материалдарын ағылшын тілдерінде жылдам тере білуі
Мемлекеттік кызметтің түсінігі, мемлекеттік аппаратты жетілдіру жолдары
ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
Пәндер