Қазақстандағы ЖЭС және оның нәтижелері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі

Тақырыбы: Қазақстандағы ЖЭС және оның нәтижелері

2017-2018 ж

Қазақстандағы ЖЭС және оның нәтижелері

Жоспар:

  1. ЖЭС-қа көшудің әлеуметтік- экономикалық және саяси болжамдары
  2. Кәсіпорындары шаруашылық есепке көшірілуі
  3. Тауар-ақша қатынасы қызметінің кеңеюі(сауда еркіндігіне мүмкіндік беру, табиғи еңбек нарығын ақшаға алмастыру, 1922-1924 ж. ж. ақша реформасы)
  4. Азық- түлік диктатурасын алып тастау
  5. Социалистік капитализмге дейінгі және стихиалық нарықтық тенденциялармен күрес:«кім-кімді» мәселесі
  6. Экономиканың түрлі құрылымдарының қалыптасуы
  7. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер-су реформасымен оның нәтижелері
  8. ЖЭС-тың әлеуметтік-экономикалық нәтижелері
  9. Өндірісті, көлікті, ауыл шаруашылығын қалпына келтіру ісінің басталуы
  10. Кооперативтік қозғалыс
  11. Сауданың дамуы
  12. Тарихтағы ЖЭС-тың аяқталу кезеңі мәселесі
  13. ЖЭС идеологиясынан алшақтаудың басталуы
  14. 1927-1928 ж. ж. ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде күштеу әдісіне көшудің басталуы
  15. Өлкедегі мәдени өмір
  16. Ұлттық зиялылардың пісіп жетілген идеялары: М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, Ш. Құдайбердіұлы т. б. қызметі, шығармашылығы
  17. Жаңа қазақ кеңес зиялыларының қалыптасуы
  18. Қазақстандағы медицинаның дамуы

ЖЭС-қа көшудің әлеуметтік- экономикалық және саяси болжамдары

Азамат соғысы аяқталып, Кеңес өкіметі бұрынғы Ресей империясының барлық аумағында орнады. Алайда елдегі жағдай бұрынғыдан бетер апатты сипат алды. Одан әрі жалғастырылған «әскери коммунизм» саясаты халықтың арасында наразылық тудырды. Партияның өз ішінде жікке бөліну көрініс бере бастады. «Әскери коммунизм» саясаты экономиканың толық күйреу кезеңінде жургізіліп, ең соңында өндірістің кері кетуіне әкеп соқты. 1920 жылдың бас кезінде кең көлемді жоспарлау мен басқару женіндегі мәселелерді шешу үшін кұрылған Орталық жоспарлау комитеті мен Бүкілодақтық Халық шаруашылығы кеңесі сиякты құрылымдар өз міндеттерін аткаруға кабілетсіз болып шықты. Национализацияланған кәсіпорындар мемлекеттік бақылауға көнгісі келмей, өздерінің азың-аулақ енімдерін қара базар арқылы өткізуге тырысты. Мемлекет шаруаларға «айырбас» үшін ете жұтаң өнеркөсіп тауарларын ғана ұсына алды. Тауарлардың өте тапшылығы, олардың қымбаттығы шаруаны өз өнімдерін сатуға шығаруға ынталандырмады, артық өнімдер дереу тартып алынды. Нәтижесінде сатуға арналған өнімдердің көлемі елеулі түрде кыскарды.

Ірі жер иеліктерінің ұсақталуы, теңгермешілік, коммуникациялардың бұзылуы, қала мен деревня арасындағы экономикалық байланыстардың үзілуі, азық-түлік салғырты шаруалардың томаға-тұйыкталып, натуралдық шаруашылыққа қайта оралуына әкеп соқты. Оның үстіне азық-түлік салғырты саясатын-ауыл шаруашылық өндірісінің артық өнімдерін армия мен қалалардағы жұмысшылардың мұқтаждықтары үшін тартып алуды одан әрі жалғастыру шаруалар үшін көтере алмас ауыр салмақ еді. Бұл большевиктер өкіметіне қарсы шаруалар бүлігіне әкеп соққан деревнядағы наразылықтың басты себебі болды. Большевиктерге қарсы шаруалардың көтерілістері барлық жерлерде бұрқ ете түсті.

Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі Кеңес елінің жағдайын В. И. Ленин «куйзеліс, жоқшылық, қайыршылану» деп сипаттады. Империалистік және Азамат соғысы, «әскери коммунизм» шаралары бүкіл елдің экономикасын, соның ішінде Қазакстанның шаруашылығын да ауыр күйзеліске ұшыратты. Мәселен, 1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4, 7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары- 50, 3, орыстар- 31, 1, украиндары- 14, 4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Егіншілікке жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шаруашылығында көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп, астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3, 6 млн. десятина болса, 1922 ж. 1, 6 млн. десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2, 1 млн-ға, жылқы- 2 млн-ға, қой- ешкі 6, 5 млн-дай, түйе- 0, 3 млн-ға азайды. Жалпы алағанда осы жылдары барлық мал түрі 10, 8 млн. басқа кеміді.

Қазақстанның өнекәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шаруашылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6, 5 пайыз құрады. 1920 жылы мемлекет иелігіне алынған 307 кәсіпорынның 250-і өз жұмысын тоқтатты. Мұнай өндіру 1913 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есеге, көмір өндіру- 5 есеге азайып кетті, мыс рудасын өндіру мүлдем тоқтатылды. Спасск байыту фабрикасы, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары қаңырап қалды. Өнеркөсіптің үлесі халық шаруашылығы жалпы өнімінің- 6, 3%-ын ғана құрады. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді.

Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты экономикалық бірнеше меншік түрі: патриархалдық, ұсақ тауарлық, капиталистік жекеменшік, мемлекеттік- капиталистік және социалистік меншіктер орын алды. Бірақ олардың экономикадағы көлемі әр түрлі еді. Қазақстан экономикасында социалистік үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.

Қазақ ауылында капитализмге дейінгі қатынастар таза түрінде болған жоқ. Олар капиталистік қатынастармен тоғысып немесе ұштасып жатты. Қазақстан халқының таптық құрылымының елдегі орталық аудандарынан айтарлықтай айырмашылығы болды. Мұнда ұлттық буржуазияның тап ретінде қалыптасу процесі аяқталмаған еді.

Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік неғұрлым көп және қайырымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді.

Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметін салғырттан, яғни «әскери коммунизм» саясатынан салғырт кейде солай аталатын бас тартуға, жаңа экономикалық саясатқа көшіге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.

Бұл арада «әскери коммунизм» саясатының социализм орнатуда неғұрлым тар түсінігі болғанын да айту керек. Ол азық-түлікті күштеп алу, ірі, орта және ұсақ кәсіпорындары қоғамдастыру, сауда-сатыққа, рынокқа тыйым салу, ақша айналымын токтатып, сол арқылы жаңа қоғам орнатуға болады деп әрекеттенудің көрінісі. Оның тұсында өкімет барынша орталақтандырылып, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі пайда болды. Барлық партия мүшелері әскери жағдайда деп танылды. Көп адамдар мүндай жағдай социализмге барар жолды қысқартады деп есептелді. Әрине «әскери коммунизм» социализмге жеткізетін шара емес, ділгерліктен туған болатын. Сондықтан оны жаңа экономикалық саясатпен, төтенше жағдайда енгізілген салғыртты енді салықпен ауыстыру уақыт талабы еді.

Социализмнің экономикалық іргетасын қалау үшін жаңа техникалық база негізінде ірі өнеркәсіпті қалпына келтіріп, оны қайта құру қажет еді. Бұл үшін бәрінен бұрын жұмысшыларды азық-түлікпен, өнеркөсіп салаларын шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын қалпына келтіру керек болды.

Жаңа экономикалық саясат белгілі бір шамада капитализмге уақытша жол беру арқылы мемлекет қолында халық шаруашылығының өміршіл тұтқаларын сақтап қалуға есептелген пролетарлық мемлекеттің ерекше саясаты болуға тиіс еді. В. И. Лениннің пікірінше, ЖЭС-тің негізгі мәні-елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе бойынша жүруге тиіс еді: ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру, селолық ұсак тауар өндірушілерді көтермелеу; ауыл шаруашылық техникасын Кеңес өкіметі өңдей алмай отырған шикізатқа айырбастау жолымен сырттан алу.

Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу РКП(б) X съезінде қабылданды. 1921 жылы 20 наурызда Компартияның X съезінің күн тәртібіне екі маңызды мәселе қойылды: біріншісі-партияның ішіндегі фракцияларға тыйым салу, екіншісі - шаруаларға үш жыл бойы ауыр салмақ болған азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру. БОАК съезде жаңа экономикалық саясатқа көшу бағытын бекітті. Негізгі кұжаттар съездің соңғы күні, асығыс түрде қабылданғанын айтып өту қажет. Съезден соң азық-түлік салығы жөніндегі қарар басқа экономикалық шаралармен толықтырылуға тиіс болды. Елде бүлінген шаруашылық жағдайынан шығару үшін оны азық-түлікпен қамтамасыз ету қажет еді. Бұл міндетті шешу үшін бәрінен бұрын шаруаларды ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді арттыруға ынталандыру қажет болды.

Жаңа экономикалық саясаттың мәні

Ж Э С

Шаруалардың «әскери коммунизм»

саясатына наразылығы.

ЖЭС-тің сатылары

Азық-түлік салығын енгізу

Жерді жалға беру

Жалдамалы еңбекті пайдалану

Тұтынушылар кооперациясы

Еңбек міндеткерлігін жою

Ұсақ кәсіпорындары жалға беру

Мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық есеп енгізу

Ақшаның тұрақтануы.

Ауыл шаруашылғыгдағы табыстар.

Өнеркәсіпті қалпына келтіру.

Сауданың дамуы

Ауыр өнеркәсіптің нашар дамуы.

Одақтық маңыздағы экономиканың қалыптасуы.

Басқарудың әміршілдік әдісі(стилі) .

+

\mathbf{-}

Сондықтан да азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру жөнінде шешім қабылданды. Заттай саллықтың орташа мөлшері азық-түлік салғырты мөлшерінен 30-50%-ға төмендетіліп, егілген егін көлемі мен топырақтың құнарлығы да есепке алынды. Салық заттай түрінде салынып, оның мөлшері ертерек, алдын ала, егін себу жұмыстары басталғанға дейін хабарланды. Салық жианлатын бүкіл өнімнің 5%-ын ғана құрады. Егін шаруашылықтарынан тыс мал шаруашылығына да заттай салықтар салынды. Бастапқыда 13 салық енгізілгенмен, кейінірек олар бірыңғай ауыл шаруашылық салығымен алмастырылды. 1924 жылдан бастап ол ақшалай алына бастады. Азық-түлік салығына көшу шаруаларға өз шаруашылғын жоспарлау мен ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын өз бетінше пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде ЖЭС-тің негізгі белгілерінің бірі болған рынок пен тауар-ақша қатынастарын қалпына келтіруді талап етті.

ЖЭС-тің енгізілуімен жерді жалға беру мен жалға алуға, жалдамалы еңбекті қолдануға рұқста етіліп, ауыл шаруашылық, несие. тұтынушылар кооперациясын дамыту көтермеленеді. «Әскери коммунизм» кезінде енгізілген еңбек міндеткерлігі мен еңбекке мобилизациялау жойылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілді.

20-шы жылдардың бас кезінде Қазақстанда жүргізілген аграрлық реформалар ауыл шаруашылғының дағдарыстан шығуына маңызды рөл атқарды. 1921 жылдың ақпан-сәуір айларында Қазақ АКСР ОАК қазақ еңбекшілеріне қоныс аудару басқармалары патша үкіметі қазақ әскерлерінің пайдасына 1916-1917 жылдары тартып алған, помещиктер мен капиталистерге кеткен, қоныс аударушылар заңсыз басып алған жерлерді қайтарып беру жөнінде декреттер қабылдады. Бұл декреттермен жер пайдаланудың әділетті тәртібі орнатылды. Қазақ еңбекші шаруалары бұл декреттерді қуанышпен және алғыс сезіммен қарсы алды. Қазақтарға Ертіс өзенінің бойындағы он шақырымдық алқап пен бұрын қазақ әскерлеріне тиісті болған Жайық өзенінің сол жағалауындағы жерлер қайтарылды. Бұл аумақтағы барлық қазақ және шаруа шаруашылықтары осы аудандар үшін тиісті мөлшердегі жер үлесін пайдалану құқығын сақтады. Кейінірек Жайықтың сол жағалауындағы жерлердің бір бөлігі межеленіп, қазақтардың пайдалануына шұрайлы жайылымдар берілді. Көкшетау уезіндегі барлық бос жатқан жер қорын Кеңес үкіметі қазақ еңбекшілеріне берді. Сібір және Орал қазақ әскерлерінің меншігіне берілген жерлер қазақтың еңбекші халқына қайтарылды.

Осы кезеңде кедей қазақтардың негізгі бұқарасы мен батрактар байларға, кулактар мен дәулетті станица қазақтарына тәуелді болған Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда жер-су реформасын жүргізудің қажеттігі туды. Халықтың осы бөлігінің шаруашылығн көтеріп, олардың жер мен суға деген құқықтарын жергілікті қоныс аударушылармен теңестіріп, қазақтар мен кулактардың артықшылықтарын жою қажет болды. Түркістан Республикасы Кеңестерінің IX съезі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда жер-су реформасын жүргізу мен кедейлер Одағын құрудың қажеттігі жөнінде шешім қабылдады.

1921 жылғы қаңтарда болған қазақ кедейлерінің съезінде Қазақстанның оңтүстігінде жер-су реформасын жүргізу жөніндегі мәселелерді шешуге тиіс «Қосшы» одағын құру туралы шешім қабылданды. «Қосшы» одағын құру, оның жұмысын жолға қою және жер-су реформасын жүргізудің белсенді қайраткерлері О. Жандосов, А. Розыбақиев т. б. болды. Осы одақ қызметінің арқасында қазақ еңбекшілері олардан тартып алынған жайылымдар, жыртылатын телімдер мен мал айдайтын жолдар қайтарылды. Кедейлер мен батрактар жерге, малға ие болды, оларға ауыл шаруашылық құрыл-саймандары берілді. Жер-су реформасы жүргізілуіне байлар, кулактар, қазақтардың басшы топтары жанталаса қарсылық көрсетіп, дүние-мүлікті, астықты, ауыл шаруашылық құрал-саймандарын жойды. Мұндай қарсылықтарға қарамастан жүргізілген аграрлық реформалар қазақ кедейлері мен батрактарын жермен қамтамасыз етіп, іс жүзінде қазақ халқының теңсіздігін жойды.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көші туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10, 4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6, 0 миллион пұттан асқан жоқ. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзетуге мүмкіндік алды.

Алайда, жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтар да кездесті. Атап айтқанда. 1921 жылы жазда Еділ өзені бойынның, Солтүстік және Батысы Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда республикада 2, 3 млн. адам ашыққан. Осы қиын-қыстау кезеңдерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанда 4475 мың пұт астық, 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Жұт пен қуаңшылықтан зардап шеккен кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұттан астам тұқымдық дән берілді. Бұл дәне 1921-1922 жж. бір миллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда Қазақ Республикасы халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді.

Жаңа эконоомикалық саясат- халық шаруашылығына әкімшіл- әміршілдікті сақтай отырып, белгілі дәрежеде капитализмге уақытша ерік беруге есептелген пролетариат мемлекеттің ерекше саясаты. Жаңа экономикалық саясат аз уақыт әрекет етіп, барлық саланы біртұтас қамтыған жүйе болып қалыптасып үлгермеді.

Кеңестердің Қазақстандағы 1921-1925 жылдардағы жүргізілген экономикалық саясаты қарама-қайшылықтарға толы болды. Революцияның шалғай аудандар мен ұлттық шектері аймақтарға көрсеткен қолдануының маңызы жөнінде көп айтылды. Жаңа билік Кеңес өкіметінің Мәскеу мен Ресейдің негізгі астықты аудандарына нығаюына көп көңіл бөлді. Орыс емес халықтардың мұқтаждықтарын мен оларға қамқорлық жасау іс жүзінде емес, көбінесе сөз жүзінде көрсетілді. Сәсіздіктердің себептері шаруаларды жермен, тұқыммен, керекті құрал-саймандармен қамтамасыз ете алмаған, ауыл шаруашылығының дамуын қандай да бір жоспарлы арнаға бағыттай алмаған мемлекеттің өзінде болды. Қазақтарға сол ез үшін ең қажетті нәрсе- олардың мал шаруашылғымен айналысуға, дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар мен мәдени салттарды сақтауға мүмкіндік беретін экономиканы қалпына келтіру еді.

Халық шаруашылығн қалпына келтіру басталғанымен, ол баяу жүрді. Халықтың жаппай наразылығы жалғаса берді, өйткені рынок іс жүзінде қаңырап қалған еді. Дегенмен Қазақстанның мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы біртіндеп күш ала бастады. Егілген жер көлемі ұлғайып, 3, 0 млн гектарды құрады. Орал, Ақмола, Семей губернияларының астықты аудандарына бұл көрсеткіш соғысқа дейінгі деңгейге жетті. 1925 жылы 1914 жылғы өніммен бірдей 92 млн пұт астық жиналды. Мал басының саны екі еселеніп, көшпелі мал шарушылығы біртіндеп қалпына келе бастады. Қазақстандағы өнеркәсіптің қалпына келтіруі шикізат пен отынның, маманданған жұмысшы қолының жетіспеушілігі, айналыстағы қаржының аса тапшылығы жағдайларында басталды. Алайда экономиканы қалпына келтіру үрдісі айқын байқалды. 1925 жылдың соңына қарай өнім өндіру деңгейі 1920 жылмен салыстырғанда 6 есе дерлік өсіп, шамамен соғысқа дейінгі деңгейдің үштен екісіне жетті. Бүкілодақтық маңызы бар Орал-Ембі мұнай тресі, Алтын руда, Атбасар түсті металл, Алтай қазақ полиметалл трестері құрылды. Оларға тәжірибелер мен техниктер келді. Қазақ жұмысшыларының саны өсті. Толық емес мәліметтер бойынша, Қазақстаннің ірі өнеркәсібінде, жол қатынасында, совхоздарында 1925 жылы 40 мыңға жуық жұмысшы және қызметші істеген. Олардың ішінде қазақтар саны артты. Қазақтар мұнай өнеркәсібінде жұмысшының басым көпшілігі, кен өнеркәсібінде- 45 пайыз, тоқымашыларда- 30 пайыздан астамын қамтыды. Республика өнекәсібіндегі жұмысшылардың жалақысы 1921-1925 жылдары (салыстырмалы бағамен) 1, 5 есе өсті, ауыр өнекәсіптегі жұмысшылардың жалақысы одан да көп болды. Әлеуметтік сақтандыру, тегін медициналық көмек, еңбекті қорғау жөнінде мемлекеттік бақылау жүйелері жүзеге асырылды. Қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында (Риддерде, Доссорда, т. б. ) мемлекет есебінен тұрғын үйлер құрылысы басталды. Өнекәсіп орындарының 60%-ынан астамы іске қосылды.

Қазақстанның ауыл шаруашылығында елулі өзгерістер жүрді. Бірыңғай ауыл шаруашылық салығы енгізіліп, оның жалпы көлемі 100 млн. Сомға төмендетілді. 1925 жылы 46 мың кедей және әл- ауқаты кем шаруашылықтар мал және құрал-сайман алуға, жер жырту мен егіс егуге мемлекеттен қарыз алды.

1925 жылы мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе көбейіп, 26 миллионнан асты. Осы шаруалардың нәтижесінде республиканың ауыл шаруашылығнда орташаландыру процесі бой көрсете бастады.

Сауда кең құлаш жайды. 1926 жылы Қазақстан аумағында 200-ге жуық жәрмеңке жұмыс істеді. Экономикадағы жағдайдың жолға қойлып келе жатқанына темір жолдарының тоқтаусыз жұмыс істей бастауына дәлел болды. Қазақстанда ескі магистральдармен қатар жаңадан салынған Петропавл-Көкшетау, Славогород-Павлодар тармақтары мен Омбы темір жолының Семей бөлігі толыққанды пайдаланыға берілді. Ертіс, Сырдария, Жайық өзендеріндегі өзен көлігінің жұмысы қалпына келтіріліп, жаңдана түсті.

Тұтас алғанда Республика бойынша 1925 жылы қазанда ауыл шаруашылық кооперациясының жүйесінде 322 690 мүшіс бар 2811 бірлестіктері жұмыс істеді, олардың ішінде 62 546 мүшесі бар бір мың қазақ бірлестіктері де бар еді. Сонымен қатар қазақ және қоныс аударып келген шаруашылықтардың төрттен бірінен көбі (27, 1 пайыз) бірлестіктерге қамтылды. Бірлестіктер қатарына 96 коммуна, 557 артель, 58 жай серіктер кірді. Тұтыну кооперациясы көшпелі ауылда кеңінен дамыды. Олардан басқа республикада 35 совхоз және 4 мыңнан астам шаруалар комитеттерінің өзара көмек қоғамындары жұмыс істеді.

Кооперациялық құрылысты жүргізуде орыстар арасында шаруалардың өзара жәрдемдесу комитеттері, ал қазақтар расында Қосшы одағы маңызды рөл атқарды. 1925-1926 жылдары шаруалардың қоғамдық өзара жәрдемдесу комитеттері 335 мың, ал Қосшы одағы 140 мыңнан астам ауыл шаруашылғының жұмысшыларын, кедейлер мен орташаларды біріктіреді.

Алайда, Қаазақстанда жаңа экономикалық саясат негізінде өнекәсіпті қалпына келтіру 1925 жылы аяқталмай қалды және ол жалпы одақтық деңгейден едәуір төмен болды. Республикада өнеркәсіпті қалпына келтіру 1927 жылға дейін созылып, екі жылға кешігіп аяқталды. Өлкедегі өнеркәсіп салалары, соның ішінде өндірігш күштерін дамыту нашар жүрді, ірі ауыр өнеркәсіп ошақтары болмады, өнеркәсіпте негізінен тұтыну құралдарын, шикізат өндіру жетекші орын алды. Өнеркәсіп құрылысын өрістетуге негіз болатын табиғи пайдалы қазбалар, яғни жер қойнауындағы байлық әлі жете зерттелмеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоталитарлық жүйе жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай
Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары
Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде
Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1921-1939 жж.)
Қазақстандағы ЖЭС. Жер-су реформасы
Жел жылдамдығы және генератордың айналу жылдамдығы
Күн жылу электр станциялары
Шикізат материалдарының сипаттамалары
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Жылу энергиясын алу үшін күн энергиясын пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz