XVIII-XX ғасырлардағы қазақ мәдениеті


Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі
Тақырыбы: XVIII-XX ғасырлардағы қазақ мәдениеті
Қарағанды 2017ж.
Жоспар:
1. XVIII ғасырдағы Ресей экспедициясы
2. Қазақстанды зерттеудегі орыс ғалымдардың атқарған рөлі.
3. Қазақ Әдебиеті.
4. Ақтамберді жырау.
5. Бұқар жырау.
6. Тәтіқара.
7. Үмбетей Тілеуұлы.
8. Шал Күлекеұлы.
9. Дәстүрлі билер соты.
10. Тарихи әңгімелер.
11. Шежіре.
12. Музыка өнері және айтыс.
13. XVIII ғасырдың соңында ашылған мектептер.
14. Қазак ауылы.
15. Қазақтардың қысқы және жазғы тұрғын үйлері.
16. Мал шаруашылығы.
17. Өрт қою.
18. Жұт
19. Халықтық мал емдеу тәсілі.
20. Шөп шабу ісінің дамуы.
21. Егіншілік кәсібі.
22. Аңшылық.
23. Балық аулау.
24. Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары.
25. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.
XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҒЫЛЫМЫ МЕН БІЛІМІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ
XVIII ғасырда патша үкіметі Қазақстанның тарихын, этнографиясын, географиясын белсенді түрде зерттей бастады. Ол зерттеулер Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының үлкен бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуді қабылдаған 30-40 жылдардан кейін бұрынғыдан да күшейе түсті. XVIII ғасырда қазақтардың өздерінің ежелгі бірегей мәдениетінің төлтмалығын сол күйі сақтап қалған болатын. Олардың мәдениетінде ақындардың, жыраулардың және билердің шығармашылығы көрнекті орын алды. XVIII ғасырдың аяқ кезінде Ресеймен шекаралас аймақтарды алғашқы мектептер ашылды.
1. Ресей ғалымдарының Қазақстанды ғылыми зерттеуі.
Қазактар Ресейдің кол астына өткен бойда-ақ өлкені ғылыми түрғыдан зерттеу үрдісі басталды. Зерттеу жүмыстарымен ғылыми мекемелер де, жеке адамдар да айналысты. Ресейлік көптеген зерттеушілер қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және этнографиялык материалдар негізінде іргелі еңбектерін жазды.
Қазақстанды XVIII ғасырда кешенді зерттеудің алғашкы әрекеттері
М. В. Ломоносовтың
есімімен байланысты. Ол өлке аумағын зерттейтін ғылыми экспедициялар ұйымдастырудың және оның географиялық картасын жасаудың бастамашысы болды.
1768-1774
жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик, табиғат зерттеушісі
П. С. Паллас
басқарды. Ол экспеди- цияның жұмысына белгілі ғалымдар, саяхатшылар
И. П. Фальк
және
И. Г. Георги
қатысты. Экспедиция бағыты Солтүстік-Батыс, Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанның жерлерін басып өтетін болып белгіленді. Бұл экспедиция жүмысыныц нәтижесі ретінде П. С. Палластың
«Ресей империясының әр турлі провинциялары бойынша жасалған саяхат»
атты үш бөлімнен түратын еңбегі жарық көрді (СПб., 1773) . Онда казақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде күнды материалдар бар.
Зерттеуші ғалым
И. Г. Георги
Қазакстан аумағына дербес экспедиция үйымдастырды.
1796
жылы ол
«Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың, сондай-ақ олардың турмыстық әдет-гұрыптарының, тургын үйлерінің, киім-кешектерінің және басқа да назар ауда- рарлық ерекшеліктерінің сипаттамасы»
атты жан-жақты да байсалды жазылған жұмысын әзірлеп, жария етті. Ол кітапта қазактардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары, сондай-ақ шаруашылық өмірінің ерекшеліктері туралы аса кұнды деректер келтірілген.
Ресейдің зерттеушілері Қазақстандағы жұмыстарын өлкені отар- лаудың мүдделерін басшылыққа ала отырып жүргізді. Қырғыз-қай- сақ экспедициясын құрған И. К. Кириллов «Қыргыз-қайсақ және қара- қалпақ ордалары туралы түсіндірулер » атты еңбек жазып калдырды. Онда автор казак пен каракалпак жерлерін егжей-тегжейлі сипат- тады: табиғат жағдайларын, пайдалы казба байлықтарын және сау- да жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азия халыктары және казақтармен сауда-экономикалык байланыстар орнатуының мүмкіндіктерін және мұның пайдалы екенін дәлелдеп шыкты.
Кіші жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П. И. Рычков қызықты еңбектер жазып қалдырды. Өзінің іргелі еңбектерінің арқасында «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Ол кезде Орын- бор өлкесіне Кіші жүздің жерлері де қарайтын. П. И. Рычков «Орын- бордың тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» деген кұнды еңбектерін жазды. Ол еңбектерде қазақ- тардың Еділ-Жайық өңіріне Хақназар ханның билігі кезінде келгені жөнінде, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің күрамына отуінің бары- сы туралы егжей-тегжейлі баяндайтын деректер бар. Автор Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор шекаралык шептерінің са- лынуын, Ресейдің Орта Азия және казак даласымен сауда-саттык байланыстарының калай орнатылғанын бастан-аяк баяндайды. Ол Орынбордан Бұхараға бара жатқан көпестерге жергілікті халыктар- дын тарихы жөнінде, тіпті араб тілінде жазылған болса да, әдебиеттер ала келуге тапсырыс беретін. П. И. Рычков Е. Пугачев көтерілісіне байланысты оқиғаларды да жан-жақты суреттеді. Ол қазак халқының тілі мен мәдениетін терең білді, казак фольклорының көптеген үлгі- лерін жинастырды.
XVIII ғасырдың аяқ кезінде және бір орыс офицері И. Г. Андреевтің « Орта жуз қыргыз-қайсақтарының сипаттамасы» еңбегі жа- рык көрді. Автор Сібір шекаралық шебінде ұзак уакыт кызмет етіп, қазақ халкының өмірі мен түрмысын жақсы зерттеген еді. Ол өзінің кітабында Орта жүздің тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрыптары мен салт- жоралары жан-жақты суреттеледі. Сондай-ақ қазактардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады.
Өскемен бекінісінде қызмет еткен орыс офицері генерал-майор А. Д. Скалон алғашқылардың бірі болып бірегей орыс-қазак создігінжасады. Мұның өзі жергілікті халықты орыс мәдениетіне тартудың алғашқы кадамдары және орыстардың қазак, тілін үйренуге деген талпынысының бірі болды.
2. Қазақстанды зерттеудегі орыс ғалымдардың атқарған рөлі.
Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлі кәсіп пен мамандық иелері - ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет етті.
Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі
Орынборға, Омбыға, Ташкентке - Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан
өлкелерінің әкімшілік орталықтарына шоғырланды. 1830 жылы «
Отечественные записки»
журналында орыс офицері Б. С. Броневскийдің
«Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар»
атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстік-шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен егжей-тегжейлі құнды деректер берілген. Белгілі тарихшы
А . И. Левшин
(1799- 1879)
«Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы»
деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол
«Қазақ тарихының Геродоты»
деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді.
Семенов-Тян-Шанский
(1827-1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым «Ресей. Толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық серияның
«Қырғыз өлкесі»
және
«Түркістан өлкесі»
деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген.
Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері
В. В. Велъяминов-Зернов
XVI-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын мұқият зерттеді. Ол
«Қасымов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу»
,
«Кырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер»
деген еңбектер жазды.
Торғай облысының мал дәрігері А. И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған.
Торғай облысының әскери губернаторы Л. Ф. Баллюзек
«Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар»
деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезінде орыс шенеуніктеріне қазақтың билері мен сұлтандарынан дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырма беретін. Ол сондағы жиналған материалдарды өндеп, кітап етіп шығарды.
XIX ғасырдың орта кезінде
M M. Красовский
«Сібір қырғыздарының аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы қазақтардың өмірінен көптеген егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. Аса көрнекті орыс ғалымы, тарихшы әрі этнограф Н. Н Аристов «Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы жазбалар», «Үлкен орда қырғыз-қазақтарының және қырғыздардың этностық құрамын анықтау тәжірибесі» сияқты тағы басқа да теңдесі жоқ тарихи-этнографиялық еңбектер жазып қалдырды.
Григорий Николаевич Потаниннің Қазақстанды зерттеудегі рөлі.
Г. Н. Потанин
(1835-1920) Жәмішев селосында Сібір казактарының отбасында дүниеге келді. Ол - Ресейдің аса ірі қоғам қайраткері, публицист, географ-ғалым әрі этнограф. Омбы кадет корпусында оқыды, сонда жүріп Шоқан Уәлихановпен танысып, дос болды. Қазақтың тілін, тұрмыс-тіршілігін, Қазақстанның тарихы мен географиясын өте жақсы білді. XIX ғасырдың 60-90-жылдары Қазақстан, Орталық Азия, Моңғолия, Урянхай өлкесі, Қытай жәнеТибет жерлеріне бірнеше ірі саяхат жасады. Сол сапарлары кезінде қазақ фольклоры үлгілерін жинап, зерттеді. Г. Н. Потанин қазақ халқының Ә. Бөкейханов, М. Шорманов, К. Өскенбаев, И. Сәтбаев, сондай-ақ Шыңғыс Уәлиханов сияқты көрнекті өқілдерімен достық қарым-қатынаста болды. Ғалым қазақ ертегілеріне, наным-сенімдеріне, халық поэзиясының үлгілеріне, тарихы мен этнографиясына талдау жасаған мақалалар жазды. Атап айтқанда, ол қазақтардың өмірінен
«Қырғыз жәрмеңкесінде»
,
«Қырғыздардың сауда-саттығы»
,
«Шоң би»
,
«Қазақ-қырғыз ұрпақтары туралы»
,
«Ең соңғы қырғыз ханзадаларының отауында»
сияқты басқа да мақалалар жариялады. Замандастары оны қазақ халқының адал әрі шын берілген сүйікті досы деп білді. 1915 жылы қазақ зиялыларының көшбасшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтар Г. Потанинге деген зор құрметтің белгісі ретінде Орынборда оның 80 жасқа толған мерейтойын салтанатты жағдайда ұйымдастырып, атап өтті. Қазақтар оны
«Греке»
деп құрметпен атайтын.
Әбубәкір Диваевтың зерттеулері.
Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуші ғалымдардың бірі Әбубәкір Диваев (1856-1933) болды. Ол Орынбор қаласында дүниеге келген, башқұрт болатын. Орынбор кадет корпусында оқып жүріп, қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қызығушылық танытады, XIX ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде отставкаға шыққан ол өз өмірін қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеу ісіне арнайды. Ол әуесқой археологтардың Түркістан үйірмесінің, сондай-ақ Орыс географиялық қоғамының мүшесі болды. 1917 жылға дейін Ә. Диваев 100-ден астам тарихи-этнографиялық еңбек жариялады.
Ғалым Қазақстанның ежелгі тарихын жазу кезінде фольклорлық материалды пайдаланудың маңызды екенін атап көрсетті. Ол қазақтардың «Тазша бала», «Жалмауыз кемпір» ертегілерін жазып алды. Сондай-ақ «Қырғыздардың ауру-сырқаулары мен оларды емдеу тәсілдері», «Аспан денелері қырғыздардыңкөзқарасы бойынша» деген мақалалар да жариялады. Ә. Диваев орыс ғалымдарымен қосылып, қазақтың 4000-ға жуық мақал-мәтелін жинады.
Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы.
Қазақстан орыстың атақты ақыны Александр Сергеевич Пушкинге ерекше әсер етті. 1833 жылы ұлы ақын Пугачев көтерілісінің болған жерлеріне сапар шекті. Соның барысында Орал мен Орынборға да тоқталып өтті. A. С. Пушкинді қазақтардың ауыз әдебиеті қатты қызықтырды. Ол қазақ халқының тарихына, оның мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне аса қызығушылық танытты. Сол жылы А. С. Пушкин Орал қаласында болғанда қазақтың «
Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
эпосының бір нұсқасын жазып алды. Ол өзінің
«Капитан қызы»
атты әйгілі повесінде Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісін суреттеумен қатар қазақ халқының өмірі мен тұрмысын да, олардың сол оқиғаларға қатысын да баяндайды. Ұлы ақынның бұл повесі орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауымының өкілдері арасында, әсіресе ориенталистер арасында қазақ халқына деген орасан зор қызығушылық тудырды.
Қазақстан аумағында Ресейдің аса белгілі ғалымдарының бірі Владимир Иванович Далъ сегіз жылға таяу, 1833-1841 жылдары тұрып, еңбек етті. В. И. Даль қарапайым көшпелі халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне көп көңіл бөлді. Ол өзінің хаттарының бірінде былай деп жазды: «Тағы дa көшпелілік салтында тұрып жатырмын. Бұл дегеніңіз рақат өмір! Тіпті одан кеткім де келмейді». Қазақтармен қызыға әңгімелескен В. Даль халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын зерттеуге кірісті. Оның соншалықты зор құштарлықпен еткен еңбегінің арқасында қазақтардың XIX ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы құнды материалдар жазылды. В. Даль қазақтар өмірінен
«Майра», «Түнгі күзетші»
сияқты бірнеше әңгіме және «Бикен мен Маулана» атты повесть жазды. 1845 жылы
«Бикен мен Маулана
» повесі Парижде француз тілінде жарияланды. Еуропаның қарапайым оқырмандары қазақ деген халықтың бар екенін сол хикаят арқылы танып білді.
Саяси жер аударғандардың Қазақстанды зерттеуі.
XIX ғасырдың орта кезіне қарай Қазақстан саяси жер аударылғандар тұратын орынға айнала бастады. Декабристер, петрашевшілдер үйірмесінің мүшелері, Польшнадағы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқандар жер аударылып келді.
Орыс акыны
А. Н. Плещеев
1850-1859 жылдары он жылға жуық Қазақстанда саяси айдауда болды. Ол Ақмешітте жүрген кезінде қазақтармен бірге болып, Қоқан хандығына қарсы күреске қатысты. Ол қазақтарға зор кұрметпен қарады, олар туралы былай деп сүйсіне жазды:
«Қазақтарга қызыға қараудан көз тоймайды. Жарқын жүзді, жомарт жүректі жандар. Оларды сыйламау мүмкін емес . . . »
Ол бүкіл өмір бойы қазақ халқына деген шын пейілді ыстық махаббатымен құрметін атап айтумен өтті.
Қазақстанда жер аударылып келген Польшаның революционер-демократы
Адолъф Янушкевич
те XIX ғасырдың 40-жылдарында Орталық Қазақстанға жасалған ғылыми экспедицияға белсене қатысты. Сол сапары кезінде күнделік жазып жүрді. Кейін ол күнделік поляк тілінде жарық көрді. А. Янушкевич өзінің күнделігінде қазақ даласы тұрғындарының тарихын, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін суреттейді. Ол өзінің бір хатында қазақ халқы туралы былай деп өте жақсы жылы лебіз білдіреді:
«Кұдіреті күшті құдай осыншама қабілетті етіп жаратқан бұл халықтың адамзат өркениетінен тыс қалып қоюы мүмкін емес . . . жергілікті көшпелі номадтардың күткен күні ертең-ақ туады, сөйтіп олар өздеріне қазір жоғарыдан менсінбей қарайтын өзге халықтардың арасынан лайықты да құрметті орнын ойып тұрып алатын болады».
Польшадан Семейге жер аударылып келгендердің бірі Северин Гросс болатын. Ол да қазақтарға зор құрметпен қарады. Атап айтқанда, қазақтың ұлы ақыны Абай Кұнанбаевпен дос болды. Қазақтардың әдет-ғұрып құкықтары туралы құнды материалдар жинастырды. Кейінірек сол жинастырған материалдары негізінде Омбы қаласында «Қазақтардың тұрмыстық заңдарын оқып үйренуге арналған материалдар» деген кітап шығарды.
Тарас Григорьевч Шевченконың Қазақстанда болуы.
Украинаның ұлы ақыны әрі суретшісі Тарас Григорьевич Шевченко 1847 жылдан 1857 жылға дейін Қазақстанның Кіші жүзі аумағында айдауда болды. Оның жер аударылуына ақынның бостандықты аңсаған өлеңдері себеп болған еді. Ол өзінің өлеңдеріне украин халқының бостандық пен тәуелсіздік алуға деген асқақ арманын арқау етті. 1847 жылы ол саяси айыбы үшін 33 жасында дербес Орынбор корпусына солдат етіп жіберіледі. Украинаның ұлы ақыны, талантты суретшісі Қазақстанға жер аударылып Ресей империясының солдатына айналады. Ол солдаттық борышын Орынбор, Ор бекініс-қамалдарында, Маңғыстау түбегіндегі Новопетровск бекініс-қамалында өтеді. Т. Шевченко мен жергілікті қазақтардың арасында достық жылы қарым-қатынас орнады.
Патша үкіметі оның қазақтар туралы жазуына тыйым салды. Солай бола тұрса да Т. Шевченко
«Түрмеден қашқан»
(«Варнак») атты повесть жазды. Онда қазақтардың аянышты ауыр халі суреттелді. Кейінірек Т. Шевченко
«Егіздер»
повесінде бұл тақырыпты тереңдете түсті.
Қазақ кедейлерінің азапты ауыр өмірі Т. Шевченконың салған суреттерінде шыншылдықпен бейнеленді.
«Бақташы бала»
,
«Салт атты қырғыз», «Келі түйген келіншек», «Боранда», «Қайыршылар»
деген туындылары дала кедейлерінің өміріне арналды. Суретшінің бейнелеу өнері саласында қалдырған мүрасы 450-ге тарта суретті қамтиды, ал соның шамамен 350-ге жуығы Қазақстан тақырыбына, оның табиғатына, адамдарының өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне арналған. Ұлы ақын жергілікті халық арасында зор сый-құрметке бөленді. Қазақтар «ақын Тараз» деп құрметпен атады. Жергілікті қазақтардың өмірімен жақын танысқан ол қазақ және украин халықтарының тарихи тағдырлас мақсат-мүддесі ортақ екенін айқын көре білді.
Қазақсатан аумағындағы ғылыми мекемелер мен кешендерді зерттеулер.
Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеуде Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы елеулі рөл атқарды. Қоғамның Қазақстанда, онымен шекаралас аумақтарда - Орынборда, Омбыда, Семейде және Ташкентте бөлімдері мен бөлімшелері ашылды.
XIX ғасырдың 70-жылдары Қазақстан аумағында облыстар құрылғаннан кейін олардың барлығында да статистикалық комитеттер пайда болды. Олар Қазақстан халқының тарихы, мәдениеті және шаруашылығы жөнінде құнды деректер мен мәліметтер жинастырды. Ол материалдар облыстарда жыл сайын мұқият шығып тұратын «Шолуларда» және «Естелік кітапшаларда» жарияланып тұрды.
Батыс Қазақстанның тарихын зерттеуде Орынбор ғылыми мұрагат комиссиясы көп жұмыс атқарды. Ол 1887 жылы құрылған болатын. Комиссия мәжілістерінде мұрағаттык дерек көздері негізінде әзірленген ғылыми баяндамалар талқыланды. Ол материалдар «Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының еңбектері» деген атпен жарияланып тұрды.
1895 жылдан бастап Қазақстанның оңтүстік аумағын археологиялық тұрғыдан Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі зерттеуге кірісті. Үйірме мүшелері археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, оның нәтижелерін ғылыми басылым беттерінде жариялап тұрды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанның далалық уездерін Ф. Щербина бастаған экспедициялық топ зерттеді. Экспедицияға қатысушылар «Қырғыздардың (қазақтардың. - авт. ) жер пайдалануы туралы материалдар» деген атпен 12 томдық еңбек әзірледі. Бұл топтың жұмысына Қазақстанның әр түрлі уездеріндегі білімді қазақтар да белсене қатысты. Атап айтқанда, экспедицияның жұмысына «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Ә. Бөкейханов, Омбы мал дәрігерлік мектебін бітірген А. Исин, сондай-ақ О. Базанов, Р. Мәрсеков, Е. Итбаев, М. Шомбалов, Д. Сатыбалдин сияқты окыған жастар қатысты. Бұл материалдар XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы қазақ шаруашылығының жай-күйі жөніндегі теңдесі жоқ деректеме болып табылады. Сонымен катар қазақ халқы туралы құнды деректер Ресей империясының 1897 жылы өткізілген Алғашқы жалпыға бірдей халық санағы кезінде жиналды. Онда Қазақстанның шаруашылық қызметі, мәдениеті, тарихы, сондай-ақ халқының саны жөнінде аса қажетті мәліметтер мол болды.
Ағылшын, неміс және француз зерттеушілері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz