Ақпараттың жалпы құрлысы



Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Информатикадағы ақпарат ұғымы

1. Ақпарат ұғымы
Ақпарат-“information”
Ақпарат термині латынның “information” деген сөзінен шыққан, яғни
қазақша баламасы “ түсініктеме, баяндама ”. Ақпарат істің жай-күйі және
біреудің іс-әзекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе
туралы мәліметтер жиыны. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейінқабылдау
механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен
нәрсе.
Мұндай анықтама ақрпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді:
синтаксистік,сематикалық және прогматикалық.
Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандайда бір қабылдап алушы кісі үшін
тек тілдегі белгілер арасындағы қатынасқарастырылып, бұл жерде оның мазмұны
мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты
Сематикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұның меңгеруге мүмкіндік
береді. Мәлімдеменің мазмұны-белгілі бір түрде реттелген білім болып
табылады.
Ақпараттану (Информатика) – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау,
түрлендiру, жеткiзу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн
зерттейтiн жаңа ғылыми пән. Ақпаратты оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек
ЭЕМ-дердi пайдалану мүмкiндiктерi мен олардың жұмыс iстеу принциптерiн
түсiндiрiп ғана қоймай, қоғамдық өмiрде және адамдар арасында ақпаратты
кеңiнен тарату заңдары мен тәсiлдерi туралы түсiнiктерiн бередi.
Қазiргi кезде жаңа ЭЕМ-дер күнде пайда болып отырғандықтан, олардың даму
процесi ғылыми-техникалық прогреске айналды.
Ақпараттанудың негiзгi объектiсi, яғни шикiзаты менберетiн өнiмi
ақпарат болып саналады. Сондықтан “ақпарат” ұғымы ақпараттану мен ЭЕМ-де
жұмыс iстеудiң ең түбегейлi атауларының бiрi болып есептеледi.
Бiз барлығымыз бала кезiмiзден бастап ақпарат алмасу процесiне қатысамыз.
Кiтап, газет, журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде,
мұғалiммен, ата-анамен, достармен әңгiмелескенде ақпарат алады.
Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзiнiң даму барысында
жұмбақталған ақпаратты өсiмдiктер мен тiрi ағзалар арқылы берiп отырған.
Философиялық түсiнiк бойынша ақпарат дегенiмiз нақты әлемдi (өмiрдi,
қоршаған ортаны) мәлiметтер мен хабарлардың көмегiмен көрсету.
Ақпаратты жазу мүмкiндiгi пайда болғаннан бастап, ақпарат алмасу тек ауызба
ауыз айтумен немесе әртүрлi қимылдармен ғана емес, оқу –жазу арқылы да
берiледi. Оқи бiлу және ойын жазып жеткiзе бiлу адамзаттың сауаттылығының
белгiсi болды.
XV ғасырда мәлiметтi қағазға басып шығару станогының пайда болуы
кiтап шығару iсiн жолға қойып, адам ойын тiкелей көпшiлiкке жеткiзуге
мүмкiндiк жасады.
Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын
жабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны
қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез
келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағұлматтар жатады.
Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы-оның жадында сақталып,
қажеттілігіне байланысты өнделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.

Жүйе деп- әртекті элементтер жйынының қойылған мақсаттарға жету барысында
біртұтас және біріктірілген ретінде бір уақыт мезетінде қарастырыларын кез-
келген объекті тусінуге болады. Жүйелер өзара құрамы бойынша да, бастапқы
мақсаттары бойынша да бір-бірімен айтарлықтай ерекшеленеді. Информатикада
жүйе түсінігі өте кен таралған және көптеген мағыналы мәндерге ие. Атап
айтқанда ол техникалық құралдармен бағдарламалар жиынында өте кең
қолданылады. Компьютердің ақпараттық бөлігі деп айтуымызға болады. Сонымен
қатар нақты қолданбалы есептерді шешуде құжаттарды жүргізудің қосымша
процедураларында және есептеулерді басқаруда қолданылатын көптеген
бағдарламаларды есептеуге болады. Жүйе түсінігіне ақпараттық сөзін қосатын
болсақ, оның құрылуымен функционалдануы, іс-қыймыл жасауы мақсаты
бейнеленеді.
Ақпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі
"Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты.
Мақала Байланыс теориясының негізін қалады және ақпарат ұғымына техникалық
мағына беріп қана қоймай оған мөлшерін анықтады. Егер құрылғы бірдей
ықтималдықпен N хабардың бірін жіберсе, онда “жиыннан хабар таңдалған
кездегі ақпарат мөлшері” екі негіздегі логарифм N-ге тең (Бұл мөлшер өздік-
ақпарат деп аталады). Сол мақалада Шеннон былай жалғастырады: Логарифм
негізін таңдау ақпаратты өлшеу өлшем бірлігіне сәйкес келеді. Егер негізі 2
болса нәтижесінде ақпарат бірлiктері бинарлық сандар, немесе қысқаша Тюки
(J. W. Tukey) енгізген биттер болар еді. Екі бірқалыпты дәрежесі бар
құрылым, мысалы – реле, бір бит ақпарат сақтай алады. Осындай N құрылым N
бит сақтай алады...[1] Алгоритмдік байланыс теориясы ақпаратты өлшеудің
қосымша жолын береді. Қысқаша қайырғанда, бұл тәсіл ақпарат мазмұнын
белгілер тізімінің болжамдығына негіздеп өлшейді, немесе басқаша айтқанда
бағдарлама арқылы тізімді есептеу қаншалықты оңай: тізімнің ақпарат мазмұны
ең қысқа осы тізімді есептейтін бағдарламаның биттер саны болып табылады.
Төмендегі тізімнің алгоритмдік өлшемі өте аз болар еді, өйткені ол - оңай
болжауға болатын құрылым, және құрылым ретінде жалғасқанымен өлшемі
өзгермейді. Шеннон ақпараты тізімнің әр белгісі үшін, олар статистикалық
кездейсоқ болғандықтан, дәл осындай ақпарат өлшемін берер еді, ал әр жаңа
белгі өлшемін үлкейтер еді. 123456789101112131415161718192021 Адамдық
көзқараспен қарағанда дәстүрлі ақпарат теориясы мен алгоритмдік ақпарат
теорияларының шектеулері бар. Мысалға, хабар мазмұны дегенде Шеннон “Жиі
хабарлардың мәні бар... бұл байланыстың семантикалық жағы инженерлік
мәселелерге маңызды емес. Маңызды жағы – нақтылы хабардың ықтимал хабарлар
жиынының таңдалып алынған бірі болғандығында” (екпін түпнұсқадан
сақталған). Ақпарат теориясында сигналдар процесстердің бөлігі болып
табылады, субстансия емес; олар бірнәрсе істейді, олардың арнайы мәні жоқ.
Алгоритмдік ақпарат теориясы мен ақпарат теориясын бірге пайдалана отырып
ең кездейсоқ сигнал қалай тәржімеленсе де ең ауқымды ақпаратты қамтиды, әрі
сығыла да алмайды деген тұжырымға келуге болады. Майкл Редди (Micheal
Reddy) "математикалық теория 'сигналдары' 'алмаса алатын құрылымдар' деп
байқаған. Сигналда еш хабар жоқ, онда тек мүмкін болатын хабарлар жиынынан
бір хабарды таңдау қабілеті бар." Ақпарат теориясында "жүйе әр ықтимал
болатын таңдаумен жұмыс істей алатындай жобалану керек, тек таңдалғанмен
емес, себебі жобалану кезеңінде ол хабар беймәлім болған".
Ақпарат жүйесі (А.Ж) дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға
қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау,
сақтау жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер
және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі
ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық
кеңістікті бейнелейтін пәндіксаланы иемденеді.
Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:
-Ақпараттық–анықтамалық жүйелер;
-Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;
-Ақпараттық-қадағалаушы жүйелер.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның
пайдалануы үшін дайындайды.
Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс
тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен
пікірлерді ұсынады.
Ақпаратты – қадағалаушы жүйелерде мәліметте,р адамның қатысуынсыз
ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.
Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер түсінігімен
тығыз байланысты. Автоматтанған ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу
үрдісінде адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамасыз етеді.
Мұндағы басты рөлді компьютер алады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
деп (А. А. Ж) деп- ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін
арналған ақпараттардың экономика математикалық әдістерімен модельдердің
техникалық, бағдарламалық, технологиялық құралдардың және мамандардың
жиынтығы.
Ақпараттық жүйелер құрылымын бағыныңқы жүйелер деп аталатын, оның
жекеленген бөліктерінің жиынтығын құрайды. Бағыныңқы жүйе дегеніміз-
қандайда бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі. Ақпараттық жүйенің
жалпы құрылымын қолдану сферасынан тәуелсіз бағыныңқы жүйелерді қарастыруға
болады. Бұл жағдайда қамтамасыз ететін деп аталатын бағыныңқы жүйелердің
классификациясының құрамдық бөліктері туралы қарастырамыз. Кез келген
ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамасыз ететін бағыныңқы жүйелердің
жйынтығы түрінде ұсынамыз.
Ақпаратты қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесі басқару шешімдерін қабылдау
үшін уақытында қалыптастырудан және нақты ақпаратты беруден тұрады.
1. Ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз- құжаттамалар жүйесінің ұйымда
циркуляцияланатынақпараттық ағымдардың сызбасы жиынтығы және мәліметтер
қорын тұрғызу метадологиясы. Қажаттамалардың унифисирленген жүиесі
мемлекеттік, республикалық,салалық және аймақтық деңгейде құрылады.
Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеті-қоғамдық өндірістің әртүрлі
сфераларындағы басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық
ақпараттытұрғызып, ұдайы жанартып отыру. Осындай мақсаттв құжаттаудың
унифисирленген жүйелеріне қойылатын талаптар орнатылған стандарттар
әзіленеді. Ақпараттық ағымдар сызбасы ақпараттың қозғаушы маршрутын және
алғашқы ақпараттын пайда болуымен нәтижелік ақпаратта қолданылатын орнын
бейнелейді.
2. Техникалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің жұмыс жасауы үшін
арналған техникалық жабдықтар кешені. Техникалық құралдар кешенініңн: кез
келген модельдегі компьютерлер , ақпаратты жинау, өңдеу, беру, шығару
құрылғылары, мәліметтерді беру құрылғылары және байланыс линиялары,
ақпараттың автоматты түрде алыну құрылғылары, эксплотацияық материалдар
және тағы басқалар құрайды.
3. Математикалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің мақсаттарымен
міндеттерін жүзеге асыруғаарналған математикалық әдістер, модельдер,
алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы, сонымен қатар техникалық құралдар
кешенін қалыпты функциялауға жағдай жасайды.
Математикалық қамтамасыз ету құралдарына:
-басқару үрдістерін модельдеу құралдары;
-басқарудың типтік есептері;
-математикалық бағдарламалау, математикалық статистика,массалық қызмет
көрсету теориялары және тағы басқалар жатады.
4.Бағдарламалық қамтамасыз ету- есептеу техникасын қолдау арқылы
ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын
бағдарламалар жиыны. Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге-
ақпаратты өндеудің типтік есептерін шешу үшін арналған және қолданушыға
бағытталған бағдарламалар кешені жатады. Олар ақпаратты өңдеудің үрдістерін
басқару және бақылау, компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге
арналған. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету- нақты ақпараттық жүйелерді
құру барысында қолданады. Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты
белгісі – бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында
ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі – ақпарат алу,
жинау, өңдеу және таратумен байланысты. Ақпарттың көптеген анықтамаларынң
ішіндегі ең орындысы: Ақпарат – бұл айналадағы дүние туралы белгісіздікті
анықтайтын мәліметер. Олар сақтау, түрлендіру, беру және пайдалану
объектісі болып табылады.
Ақпаратты символдық, мәтіндік, дыбыстық және графикалық түрде бере
аламыз.
Символдарды - әріптерді, сандарды, белгілерді және т.б. қолдануға
негізделген символдық тәсіл – ең қарапайым. Бұған мысал ретінде, жүргіншіге
немесе жүргізушіге белгі беретін бағдаршамды келтіруге болады.
Ақпарат ұсынудың мәтіндік тәсілі күрделірек. Мұнда да символдар
қолданылады, бірақ, бір бірімен байланыс түрінде.
Ақпарат ұсынудың графикалық тәсілі көлемді және күрделі. Адам
әрекетінде мәні зор фотосуреттер, схема, суреттер жатады.

Ақпарат беру, сақтау, өңдеу, тарату процесстері ақпараттық процесстер
деп аталады.
Ақпараттық процесс – бұл процесс нәтижесінде ақпаратты қабылдау, жинау,
шығару, өңдеу және сақтауға болады.
Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға
түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі.

Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген
ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның
және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.
Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа
сай есептеулерді шешу.
Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған
және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады.
Модель – қандай да бір объектінің, процестің немесе сыртқы өмірдегі
құбылыстың математикалық немесе басқа арнайы символдың көмегімен
өрнектеліп, шамамен сипатталуы.
Ақпараттық модель – объектінің, процестің, құбылыстың күйін және
қасиетін, сол сияқты олардың сыртқы ортамен өзара байланысын сипаттайтын
ақпараттың жиынтығы.
Ақпараттық модель былай жіктеледі:
• Ауызша (ақпараттық модель ойша немесе сөзбен).
• Таңба (ақпараттық модель таңбаның көмегімен беріледі, яғни кез-келген
формальді тіл арқылы).
1.2. Ақпарат: құрылымы, түрлері, қасиеттері
Ақпарат, ақпарат түрі, формасы және қасиеттері
Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен
немесе сигналдардың көмегімен бейнелену. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның
қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.
Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген
сөзінен шыққан.
Бізді қоршаған ортадағы сан алуан ақпаратты әр түрлі белгілерге
байланысты топтауға болады.
Ақпарат шығу облысына байланысты былай бөлінеді:
• Қарапайым – бұл жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді
бейнелейді.
• Биологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.

• Әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді. Ол адамның
практикалық өмір тіршілігімен тығыз байланысты, сондықтан адамның қанша
тіршілік түрі болса, сонша әлеуметтік ақпараттық түрі мен типін ажыратуға
болады. мысалы, қоғамға байланысты ақпаратты көпшілік, арнайы және жеке деп
жіктеуге болады.
Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей
ажыратады:
• визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады;
• аудиальды – дыбыс арқылы таратылады;
• тактильді – сезім арқылы;
• органо-лептикалық – иіс және дәм арқылы;
• машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады.
Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады.
1. аналогтік, яғни кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын
үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны,
музыкалық шығармалар).
2. Үзілісті, яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-
ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал. Дискретті процесті
сипаттайтын ақпарат (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және
тире).
Информатика тұрғысында ақпараттың негізгі қасиеттері мынадай:
• оның анықталған бір жүйемен үзіліссіз байланысы;
• құрылымдылығы – түскен сигналдардан ақпаратты айқындауға мүмкіндік
береді.
• пайдалығы ақпараттың мақсаты мен міндетін анықтауға мүмкіншілік береді.
• құндылығы, ақпараттың тұтастығымен, анықтылығымен, актуальділігімен,
пайдалылығымен анықталады
Зат пен энергия – біздің әлемнің өте маңызды екі мәні, өте маңызды
екі құрамдас бөлігі. Тура осылар сияқты айтарлықтай маңызды өсімдіктер мен
жануарлардың, адамзат қоғамының тіршілік етуіне қажеттігі жоғарыда
айтылғандардан кем емес, әлемнің үшінші маңызды мәні – Ақпарат (ақпарат).
Ақпарат термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды
білдіретін information сөзінен шыққан.
Үздіксіз ақпаратпен жұмыс жасайтын арнайы ЭЕМ-дер бар, олар аналогтық
машиналар деп аталады. Бірақ олар арнайы есептер кластарымен жұмыс
атқаратындықтан көпшілік қолданушыларға кең таныс емес.
Ақпарат берілуінің басқа пішімдері:
(таңбалы – мәтіндік (әріп, цифр, таңбалар т.б.);
(графикалық (суреттер, бейнелер көмігімен, т.б. көмегімен);
(дыбыстық.
Жалпы алған кез келген мәтін, сурет, дыбыс, музыка, сызба, мәлімет,
электр сигналдары, магниттік жазба барлығы да Ақпарат болып табылады.
Ақпаратты қабылдау, алмастыру, өңдеу және қолдану үрдісі ақпараттық
үрдіс деп аталады.
Ақпараттың өлшем бірліктері
Есептеу техникасында өңделетін және сақталатын ақпарат (оның шығу
тегіне байланыссыз) екілік жүйеде көрсетілетіндіктен (0 және 1-ден (бит)
тұратын алфавиттің көмегімен) сәйкес өлшем бірліктері енгізілген, олар бит
және байт. Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі болса, байт – негізгі
өлшем бірлігі. Байт – 8 биттен тұратын топ.
Ақпараттың қасиеттері.
Кез келген ақиқат өмірдегі объектілерге тән ішкі және сыртқы
қасиеттерін анықтауға болады. Сыртқы қасиеттер объектінің басқа
объектілермен әсерлесу барысында анықталатын қасиеттер болғандықтан,
ақпарат үшін маңызды сыртқы қасиеттер оны тұтынушы (қабылдағыш)
көзқарасынан анықтайтын қасиеттер.
Ақпараттың аталған қасиеттері:
Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен
талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет.
Толықтық қасиеті.
Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл
қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін
анықтайды.
Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті.
Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын
қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын
анықтайды.
Ақиқаттық қасиеті.
Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш
алған уақытта белгілі мөлшерде ақпараттық шуыл болуы мүмкін, ол неғұрлым
аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.
Қатынау мүмкіндігі қасиеті.
Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет.
Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.
Адекваттық қасиеті.
Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске
бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы
мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.
Эргономдық қасиеті.
Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ықғайлылық
дәрежесін көрсететін қасиет.
Бит (өлшем бірлігі)
Қазақша Уикипедияның мағлұматы
Мында өту: шарлау, іздеу
Бит және байт бастауыштары
Ондық Екілік

Шамасы Шамасы
СЫ ЫЕЦ
ЖЕДЕЦ
10001
к 10241
кило- Кі
киби-
10002 К
М кило-
мега-
10242
10003 Мі
Г меби-
гига- М
мега-
10004
Т 10243
тера- Гі
гиби-
10005 Г
П гига-
пета-
10244
10006 Ті
Е теби-
екса-

10007
З 10245
зетта- Пі
пеби-
10008
Y
йотта-
10246
Еі
ексби-



10247
Зі
зеби-



10248

йоби-




1. Ақпараттың өлшем бірліктері.
Ақапаратты талдай отырып, оның сапасын бағалау мен мөлшерін анықтау
қажеттігімен кездесеміз. Ақпараттың сапасын анықтау өте қиын, кей
жағдайларда мүмкін емес. Ақпараттың мөлшерін анықтау, көп мәліметтерді
салыстыру үшін қажет.
Ақпараттың өлшем бірліктері:
1 бит – 0 немесе 1
1 байт – 8 бит
1 Кбайт – 1024 бит
1 Мбайт – 1024 Кбайт
1 Гбайт – 1024 Мбайт
Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына байланысты,
тағы да мынадай ақпараттың өлшем бірліктері қолданылады:

Байттық өлшем
Ондық жүйе Екілік жүйе
Аты Символ Дәреже Аты Символ
Дәреже
МЭК ГОСТ
байт B 100 байт B
байт 20
килобайт kB 103 кибибайт KiB Кбайт
210
мегабайт MB 106 мебибайт MiB Мбайт
220
гигабайт GB 109 гибибайт GiB Гбайт
230
терабайт TB 1012 тебибайт TiB Тбайт
240
петабайт PB 1015 пебибайт PiB ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Молекулярлық биофизика
Жасуша органеллалары қозғалысы
Автокөлік тасымалының көбеюі
ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Жасушаның алуан түрлілігі
Митоз кезеңдері
Клетканың зақымдалуы туралы түсінік
Ғылыми мақаланың жазылуы, тезис құрастыру
Мектеп ұстаздардың қағаз жұмысының автоматтандырылуы және ішкі жүйесінің реттелуін қызмет жасайтын веб парақша құру
Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметі
Пәндер