Қазақстан Республикасында әйелдер еңбегін қорғау және оны ұйымдастыру


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I-бөлім. Әйел және гендерлік саясат . . . 8
1. 1«Әйелдерді әлеуметтік қолдау» мәселесінің мәні мен эволюциясы . . . 8
1. 2Әйелдер еңбегін қорғауды құқықтық реттеу . . . 12
II-бөлім. Әйелдердің мәселесінің әлеуметтік қорғалуы мен құқықтық реттелуі . . . 19
2. 1Әйелдердің тұлғалық қасиетін қалыптастыру . . . 19
2. 2Репродуктивті денсаулық қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі ретінде . . . 27
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдық еңбектің бір бөлігі ретінде, әйелдердің еңбегі өзіндік ерекшелігі және маңыздылығы бар жүйені құрайды. Әйелдердің еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары өзіндік құрылымы мен мазмұны, тұрақты даму бағыттары және құқықтық реттелуі бар қатынастар болып табылады, сондықтан оларды ерекше әлеуметтік-құқықтық санат ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, әйелдердің еңбегі ғасырлар бойы қоғамда орын алып, бірақ аяғына дейін шешілмеген «әйелдер мәселесінің» құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тақырыптың ғылыми қызығушылығы - әйелдердің қоғамдағы шынайы жағдайын сипаттайтын байланыстар мен қатынастарынан туындайды.
Курстық жұмыстың өзектілігі соңғы жылдардағы әйелдердің құқықтық-әлеуметтік жағдайының күрт өзгеруімен тығыз байланысты. Бұл мәселенің маңыздылығы - қазіргі уақытқа дейін сақталып келген әйелдердің әлеуметтік теңсіздігі мен оны жою жолдары ғана емес, сонымен қатар, қоғамда болып жатқан алуан түрлі өзгерістермен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасында әйелдер өткен кезеңдермен салыстырғанда өздерінің қабілеттіліктерін іске асыруға және дамытуға бағытталған көптеген құқықтар мен бостандықтарды иеленді. Ғасырлар бойы қарым-қатынастардың субъектісі ретінде мойындалмаған, адамзаттың екінші жартысын құрайтын әйелдер, қызметтің барлық салаларында ерлермен теңдей орын алу туралы құқықтарын батыл мәлімдеп келуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 20 қарашадағы №1677 Жарлығымен 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді. Стратегия мемлекеттің гендерлік саясатын жүзеге асыруға бағытталған маңызды құжат, оны іске асырудың, мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан мониторинг жасаудың құралы, демократияны дамытудың маңызды факторы болып табылады [1; 89 б. ] .
Астанада өткен 2009 жылы 5 наурызда Қазақтан әйелдерінің V форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда әйел азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуына және мемлекетті бақару істеріне қатысуына барлық жағдай жасалғанын атап көрсетті. «Үкімет 2000 жылдан бастап кәсіпкер әйелдерді қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асырып келеді. Ондаған мың әйелдер жеңілдетілген несиелер алып, өздерінің бизнестерін ашты. Алты жылдың ішінде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту» қоры қаржысының 2 млрд. теңгесі игерілді. 2008 жылы әйелдер басқаратын 61 шаруа қожалықтары ауылдық несиелік серіктестіктер желісі бойынша несиелер алды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры әйелдерге сомасы 3 млрд. теңгеге жуық 10 мыңдай несие берді», - деді Н. Ә. Назарбаев [2] . Президент, сонымен қатар, Қазақстанда әйелдерге ерлермен бірге мемлекетті бақару істеріне қатысуға мүмкіндік беретін барлық жағдай жасалғанын айтып, әйелдердің саяси көшбасшылығын күшейту жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілгенін жеткізді.
Әрбір азамат өзінің әлеуметтік-еңбектік құқықтарын толық көлемде іске асыру үшін, қызметкерлердің (ерлер мен әйелдер) негізгі ауқымы, балалары мен отбасы үшін қоғам алдында және бірінің-бірі алдында жауапты отбасы міндеттері бар қызметкерлер екеніне бағытталған жаңа жолдарды қалыптастыру қажет [3] .
Соңғы уақытта көптеген қоғамдық және саяси маңғаздардың көзқарасын білдіріп, мәні бойынша объективті болып табылатын аталмыш тұжырым, еңбек қатынастарын реттеудің нарықтық механизмдерінің қалыптасуы азаматтардың қоғамдық өндіріске қатысу мәселесін күшейтіп, өз кезегінде, біріншіден, әйелдерге кесірін тигізеді. «Әйелдер», жұмыстылық және еңбек қатынастары аясында анағұрлым осал және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі барынша төмен, әлеуметтік-демографиялық санат болып табылады. Сонымен қатар, әйелдерді ерлермен теңсіздік жағдайына қоятын, заңмен бекітілген бірқатар еңбек жеңілдіктері, еңбек жұмыстылығы аясында оларға қатысты «көлеңкі» дискриминацияның пайда болуына алып келеді.
Аталмыш мәселені жетілдіруде түрлі салалар ғалымдарының қосқан үлестерінің маңыздылығын мойындай отырып, дегенмен еңбек аясында әйелдердің құқықтық жағдайы мен әлеуметтік жағдайы құқықтық қорғауды реттеумен байланысты барлық мәселелер кешенін қамтитын, арнайы зерттеудің осы уақытқа дейін болмағанын ескеруіміз қажет.
Әйелдер еңбегін қорғаудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін уақытында және жан-жақты зерттеу, нарықтық қатынастар жағдайында әйелдерге ерлермен теңқұқықта еңбек етуге және осы санаттағы қызметкерлердің еңбегін құқықтық реттеудің тиімді құралдарын табуға мүмкіндік туғызады. «Әйелдер мәселесінің» әлеуметтік негіздерінің жекелеген аспектілері философтардың, әлеуметтанушылардың, экономистердің және т. б. ғылыми жұмыстарында қозғалған. Еңбек қатынастары аясында әйелдердің құқықтық жағдайын және олардың еңбегін қорғауды құқықтық реттеу мәселелері заң ғылымдары дамуының түрлі кезеңдеріндегі мына заңгер-ғалымдардың жұмыстарында көрініс тапқан: Абрамова А. А., Бекходжаев С., Данилова Е. З., Ермакова Е. В., Кожахметова Э. Г., Коршунова Е. Н., Коготкова Е., Михайлюк В. Б., Николаева Л. А., Попова Н. В., Поленина С. В. Севастьянов Г., Татаринова Н. И., Томский И. Е., Толкунова В. Н., Шишкан Н. М., Штифанов В., Шептулина Н. Н., және т. б.
Қазіргі уақытта қазақстандық еңбек құқығының ғалымдары зерттеген әйелдердің еңбек құқығын қорғауға арналған арнайы монографиялық еңбектер жоқ. Бұл мәселеге қатысты жекелеген сауалдар көбінесе әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың еңбектерінен көрініс тапқан. Оларға: Шеденова Н. У. «Социальные проблемы женского труда в условиях рыночных отношений». (Алматы, «Ғылым», 1998) ; Дуненкулова Г. А. Права женщин в Республике Казахстан // Саясат - 2000. - №1; Қисабекова А. И. «Кеңес өкіметінің әйел теңдігіне байланысты қабылдаған деректері мен шешімдері» // ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. - 2003. - №4; Нургазинова Б. Я. «Правовое регулирование труда женщин на предприятиях пищевой промышленности» // Право и государство. - 2003. - №4; Дуненкулова Г. А. Женщины на рынке труда и просто на рынке // Актуальные проблемы международного права в свете Послания Президента Республике Казахстан Н. А. Назарбаева «Новый Казахстан в новом мире»: Материалы международной конференции. Алматы, 2007; Кельмагамбет А. Обеспечение равных возможностей женщин на рынке труда // Труд в Казахстане. - 2008. - №11.
Зерттеудің объектісі. Әйелдер еңбегінің әлеуметтік-құқықтық дамуында өзгеріп отыратын, еңбектік және еңбекпен тікелей байланысты қатынастарда әйелдер еңбегін қорғауды құқықтық және әлеуметтік реттеуде пайда болатын қоғамдық қатынастар кешені зерттеудің объектісі болып табылады.
Зерттеудің пәні. Еңбек аясындағы әйелдердің әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; Әйелдер еңбегін қорғаудың құқықтық жағдайы; Әйелдердің әлеуметтік статусы.
Зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасында әйелдер еңбегін қорғау және оны ұйымдастыру аясында әрекет ететін, өзара байланысқан арнайы құқықтық-әлуметтік нормаларды ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері :
- Ретроспективті талдау негізінде әйелдер еңбегін қолдану аясында еңбек қатынастарының әлеуметтік-құқықтық даму жолдарын зерттеу және талдау.
- Әртүрлі тұлғалардың және қызметкерлер санаттарының құқықтық мына мәртебелеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу: жалпыға бірдей азаматтың құқықтық мәртебесі, азаматтардың жекелеген топтарының арнайы құқықтық мәртебесі және нақты бір тұлғалардың жекелеген мәртебесі.
- Әйелдер еңбегін қорғау аясында еңбек қатынастарын құқықтық-әлеуметтік реттеуде бірлік, дифференциация, дискриминация қағидаларының арақатынасын анықтау.
- Өндірісте әйелдердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық, экономикалық, медициналық, техникалық және өзге де салалардың кешенді жүйесін құрайтын, әйелдер еңбегін қорғаудың жалпы мәселелеріне логикалық-құқықтық талдау жүргізу. Тек қана әйелдерге қатысты қолданылатын, арнайы құқықтық нормалардан тұратын, әйелдер еңбегін ерекше қорғаудың мазмұнын ашу.
- Отбасы міндеттерімен байланысты еңбегі бойынша жеңілдіктер мен әйелдер еңбегін қорғаудың құқықтық әдістерімен байланысты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне талдау жасау және оның олқылықтарын түзету жолдарын негіздеп, көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Бұл зерттеу Қазақстан Республикасында әйелдер еңбегін қорғауды құқықтық-әлеуметтік реттеуге арналған бірінші монографиялық зерттеу. Мұнда әйелдердің әлеуметтік-құқықтық жағдайы, еңбек жағдайына байланысты әйелдердің еңбегін ерекше әлеуметтік қорғауды реттеу мәселелері Қазақстан Республикасының алғаш Еңбек кодексіндегі нормативтік-құқықтық актілермен байланыстырылып, тәжірибе жүзіндегі қайшылықтар мен олқылықтарды көрсете отырып, кешенді түрде зерттелді. Оның нәтижесінде күшінде тұрған заңдар сарапталып, оларды жетілдіру туралы жаңа ұсыныстар жасалды. Нақтылап айтқанда зерттеудің жаңалықтарын қорғауға шығарылған ұсыныстардан көруге болады:
Еңбектік және еңбекпен байланысты қатынастарда қорғаудың ерекше субъектісі ретінде, тек қана тікелей жұмыс істейтін қызметкер әйел емес, сонымен қатар, нақтылы түрде жұмыс істемейтін, бірақ әлеуметтік-құқықтық қатынастарда және еңбек құқығы нормаларымен реттелетін басқа да қоғамдық қатынастарға түскен әйел де танылады.
- Әйелдердің әлеуметтік-әріптестіктің өкілді органдарына қатысуы заң тұрғысынан ешқандай реттелмеген, үйткені қызметкерлердің өкілдері және олардың мүдделерін қорғаушыларының басым көпшілігі ер адамдар, ал кейбір жағдайларда тек қана ерлер, әйелдер жоқтың қасы. Сондықтан қызметкерлердің өкілді органдарының қатарында әйелдердің қатысуын кәсіподақтарға, жұмысберушілерге міндеттеу қажет. Ол үшін органдарда әйел қызметкерлердің минималды үлесін, нақты жұмыс берушіде жұмыс істейтін тұлғалардың жалпы санына қарамастан, әйелдерді осы органдардың құрамына енгізуді ұжымдық шарттарда қарастыруды заңды түрде бекіту керек.
- Әйелдер еңбегін қорғауды құқықтық-әлеуметтік реттеуге қатысты қорғаушылық заңнамадан өзгеше қағидалық антидискриминациялық заңнамаға өту үшін ҚР ЕК-нің 25-бабын келесідей тармақшамен толықтыру қажет: «жүктілігі және емізулі баласының бар болуымен байланысты негіздер бойынша, әйелдерді жұмысқа қабылдаудан бас тартуға немесе олардың еңбекақысын төмендетуге тыйым салынады».
- Әйелдер еңбегіне байланысты кеңінен қолданылатын және мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мекемелер мен ұйымдарда әйелдер еңбегін қорғауды құқықтық реттеу ерекшеліктерін қарастыру. Осыған байланысты, әйелдер еңбегі кеңінен қолданылатын жұмыстар шеңберінің тізімін уәкілетті органның келісімімен ҚР Үкіметі белгілеуі тиіс.
- Барлық кәсіпорындарда әйелдердің жыл сайынғы медициналық тексерілуіне, денсаулық жағдайына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығына немесе жеті жасқа дейінгі баласының ауыруына байланысты жұмысқа шықпай қалған күндеріне орташа күнтізбелік еңбек ақысы, 7 күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын ұйымдарда, мекемелерде жұмыс істейтін үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 35 сағаттан аспауы тиіс.
- Жүкті әйелдер және жас баласы бар әйелдермен еңбек шартын бұзу кезіндегі кепілдіктерді жетілдіруге байланысты ҚР ЕК-не өзгерістер енгізу. Осыған байланысты, ҚР ЕК-нің 185-бабының 1-тармағын келесідей ережеде қарастыру қажет: «жүкті әйелдермен және үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзуға, ҚР ЕК-нің 54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді».
- Ана болумен байланысты әйелдер еңбегін құқықтық-әлкуметтік реттеуде ҚР ЕК-нің нормаларын жетілдіруге байланысты жаңа баптар жобасын ұсыну. ҚР ЕК-нің 191-бапты келесідей басылымда өзгерту:
Басқа жұмысқа ауысуға құқылы әйелдер
1. Бір жарым жасқа дейінгі баласы бар әйелді, бұрынғы жұмысын орындау бала күтуге байланысты мүмкін болмайтын жағдайда, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші негізінде, бұрынғы жұмыс орны бойынша, орташа жалақысын сақтай отырып, бала 1, 5 жасқа толғанға дейін басқа жеңіл жұмысқа ауыстыруға міндетті.
2. Жұмыс беруші жүкті әйелге оның жұмыс істеу режиміне байланысты, өнім шығару нормаларын немесе қызмет көрсету нормаларын, не еңбек көлемін төмендетуге міндетті.
3. Медициналық қорытындыға сәйкес, жүкті әйелді жеңіл және жағымсыз өндірістік факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа ауысу туралы мәселені шешкенге дейін, осының нәтижесінде бос өткізген күндері үшін, жұмыс берушінің қаражаты есебінен, бірақ, үш айдан аспайтын мерзімге, орташа жалақысы сақталына отырып, жұмыстан босатылуы тиіс.
Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығы. Курстық зерттеуде қамтылған фактографиялық материалдар және статистикалық көрсеткіштер, сонымен қатар, қорытынды ұсыныстар зерттеу тақырыбы бойынша келесі жұмыстарда қолданылуы мүмкін:
- Курстық жұмыстың мазмұны оқу мақсаттарында: аталмыш тақырыптың бағдармалық дәріс курсының бір бөлігі («Еңбек құқығы», «Еңбек заңнамасы» және т. б. ), Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының заң факультеттерінде арнайы курс ретінде қолданылуы мүмкін;
- әйелдер еңбегіне, оны нормалау мен реттеуге және осы салада мәселерді шешуге қатысы бар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға, әйелдер қозғалысының өкілдеріне, кәсіподақ қызметкерлеріне, сонымен қатар, тақырыптық және пікірталастық шараларды ұйымдастырушыларға және өзге де маңғаздар үшін қызығушылық тудыруы мүмкін;
- еңбек туралы заңнаманы жаңарту бойынша құқықшығармашылық органдар үшін пайдалы болуы мүмкін.
I-бөлім Әйел және гендерлік саясат
1. 1«ӘЙЕЛДЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ» МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
«Әйел мәселесі» өзінің мазмұны бойынша кең ауқымды. Ол қоғамдық өмірдің барлық сфераларындағы, әсіресе экономика мен саясаттағы әйелдердің қоғамдық орнын, дискриминация мәселелерін, қоғамдық теңдікті қорғау шараларын ұйымдастыруды қамтиды.
Ер мен әйел адамдардың қоғамдық теңдікті іздестіру құқықтарды тартып алу арқылы жүзеге асты - ерлермен қатарлас еңбек ету; оқуына; сайлауға қатысуына мүмкіндік жасалуы. Әрбір қол жеткізілген құқық тек жеңіс қана болмай, өз алдында ол жеңіліс болып табылды. Өйткені бұл әйелге қоғамдағы қосымша орнына қарамастан қосалқы міндеттерді жүктеді.
Біздің мемлекетіміздегі «әйел» мәселесін щешудегі негізгі пункті 1918 жылдан өз күшіне енді. Ол кезде өмірдің барлық сфераларындағы әйел мен ер адам арасындағы теңдік принципі - еңбек ету, білім алу, жанұя өміріндегі азаматтық және заңды құқықтарын - жарияланып қана қоймай, бірінші Совет мемлекетінің конституциясында бекітілген болатын. 1918 жылы ең бірінші жалпыресейлік әйелдердің съездері өтті. Бұл кезде әйелбөлімшесі ашылды. Олар әйелдер арасында мәдени, ағарту және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Теңқұқылық үшін әйелдердің қозғалысы елде ауқымды сипат алды, ол ер адамдар арасында өз қолдауын тапты. Қоғамда жыныстар арасындағы қатынасқа байланысты қалыптасқан дәстүрлі көзқарастар өзгере бастады. Бұл әйелдердің экономикалық тәуелсіздік пен құқықтық тәуелсіздік және ерлермен қатар білім алуына байланысты болды. Әйел мен ер адам арасындағы қатынастың әртүрлі аспектілер бойынша көптеген дискуссиялар өтті: неке және жанұя, еркін махаббат, ата ана үйі, әйелдердің өз денесін және өзін басқару бостандығы.
«Гендерлік» «Ген» деген сөзден шыққан ген-тұқым, генетика-тұқымның өнуі мен организмнің өзгерісін зерттейтін ғылым. Ал гендерлік дегеніміз заңды табиғи оң үрдістіөзінің көздеген саясатына жығатын кесірлі ұйым (1) . Қазіргі таңда гендерлік саясат мемлекет деңгейінде жүргізіліп, әртүрлі іс-шаралар өткізілуде. Еркектер мен әйелдердің тең құқықтылығы мен бірдей мүмкіндіктері дегеніміз қоғамдағы гендерлік теңдікті білдіреді, - деп ұрандатып, қазақ қоғамына, қазақ менталитетіне жат Батыстық үрдісті қазақ әйеліне (қыз-келіншектеріне) әкеліп таңуға бармыз. Гендрлік саясат арқылы қазақтың қыз-келіншектерінің табиғатына тән ерекшеліктерді дамытудың орнына сол қасиеттерін жоғалтатындай жағдай қалыптастырылады. Себебі әйелдерге теңдік беріп, еркекпен теңестіру үшін қазақи үрдістер мен дәстүрлерді толығымен аяққа таптау немесе елемеу қажет.
«Әйел теңдігі» - осы екі ауыз сөз қазақ елінің рухани дүниесіне сонау XX ғасырдың басында еніп, кеңестік тоталитарлық жүйенің қазақ халқын жаппай ұлтсыздандыру мақсатынан туындаған саяси тәсілдерінің бірі еді. Былайша айтқанда Орта Азия мен қазақ елін орындастырудың бұл тәсілін қызыл саясат мемлекеттік деңгейде жүргізіп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан «Қыз қылығымен көрікті», «Қызға қырық үйден тыйым салу» арқылы қыз тәрбиелейтін, мәпелейтін халықтың тамаша ұлттық дәстүрін тез әлсіретуге жол салды. Большевиктік қатаң саясат қазақ әйелдерінің арасындағы жұмысы ең алдымен олардың психологиясын, өмір салтын, тұрмыстық жағдайын ескерте отырып жүргізуді қажет деп тапты. Сол себептен де өлкелік әйелдер бөлімі құрылып, оның құрамына үкімет, заң қызметкерлері, белсенді әйелдер кіріп, олар «әйел теңдігі» мәселесіне бұқаралық сипат беруге тырысты. Елдің ішінде «әйел теңдігі» төңірегінде қоғамдық пікірді тудырып, оған бүкіл қоғамдық ұйымдарды жұмылдырды. Қазақ ауылдарында көп әйел алуды айыптаған үлгілі сот процестері ұйымдастырылып, қазақ әйелдерінің белсенділігін көтеру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Кеңестік өктем саясат әйел теңдігі мен әменгерлікті бір жақты бағалағандықтан, большевиктік насихат қазақ қоғамының ғасырлар бойы тудырған жағымды дәстүрін аяқ асты етуге бар мүмкіндіктерін пайдаланады. Әңгімерлік, көп әйел алудың әйел мүддеден шыққандығын ескермей, оны шығыс халқының көп әйел иеленуге құштарлығынан деп жала жапты. Осы жерде большевиктердің әмеңгерлікті, көп әйел алуды әйел теңдігін аяққа басу деп біржақты түсіндіріп келгенін еске ала кеткен жөн. Ал шындығына келгенде мұның басқаша сипаты да бар еді. Халқымыздың үлкен трегедияларында ұлтымыздың саны сақталып, өсіп-өніп, қайтадан көбеюіне осы қалыптасқан тұрмыстық әдеттер-әмеңгерлік пен көп әйел алу үлкен роль атқарады. Ендеше бұл әдеттің адамгершілік мәні зор екені түсінікті.
Тоталитарлық идеология өзінің құшағын кеңге жайып адамзаттың тең жартысы болып табылатын әйелдер бұқарасы арқылы өздерінің саясатын тез арада жүзеге асыру үшін, қазақ қоғамындағы әйелдердің ерлерге деген ізеттілік, кішіпейілділік, сыйлыстық сияқты ұғымдарын өшіруге әрекет жасап, өздерінің жаңа үлгілерімен алмастыруға тырысып бақты. Сол бағытта әйелдер атеистік насихат жүргізіп, әйелдерді тұрмыстық ұстанымдаран азат ету үшін қызыл отау, қызыл бұрыштар, әйелдер клубы ұйымдастырылды. Кейіннен тұрмыстық қылмыс деп аталып келген көп әйел алу. әмеңгерлік және т. с. с. күреске ұйымдасқан сипат беру үшін «Әйелдердің еңбегі мен тұрмыстық жағдайын жақсарту» комиссиясы (2) мен «Жойылсын қалың мал мен көп әйел алу» қоғамы (3) құрылды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде үкімет мүшесінің бірі қатысқан белсенді әйелдердің ұйымдастыруымен тұрмыстық қылмысты айыптаған жиналыстар болып, әйел бұқарасын қатарға қосу мәселелері талқыланды. Мерзімді басылымдарда әйелдерді басшылық қызметтерге тартудың маңыздылығын түсіндіретін мақалалар жарияланды. Осылайша қазақ әйелінің бала табу, оны тәрбиелеу, еразаматты күту сияқты орындалуы міндетті борышын ескермей, қазақ әйеліне ғана тән ізгілік, инабаттылық, үлкенге ілтипаттылық, кішіге қамқорлық, отбасы, ошақ қасының ұйытқысы секілді қасиеттерін дамытудың орнына сол қазақи болмысты жоюға бар күшін салды.
Қазақ әйелдерінің таптық саяси санасын ояту арқылы қоғамдағы саяси процестерге жұмылдыру кезек күттірмейтін міндет еді. Себебі 20-30 жылдарда елдегі саяси-шаруашылық науқандардың табысты және мерзімінен бұрын аяқтылуы әйелдер бұқарасының қатысуымен жүзеге асырылатын еді. Осы науқандарда ерекше белсенділігімен көзге түскен әйелдерді Өлкелік курстарға жіберіп, саяси білімін жетілдіріп, кеңестік басшылық органдарға жіберу көзделді. Оның үстіне қазақ әйелдерін қоғамдық ұйымдар мен кеңестік органдардың жұмыстарына тарту әйелдерден кеңестік жетекшілер дайындаудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Сондықтанда Өлкелік комитет әйелдер арсындағы жұмысқа барлық партия ұйымдарын тартып, қазақ әйелдерін жоғартлатудың жоспарлы әдісін жасай отырып, оларды практикалық жұмыстарға бекітуді қолға алды. Қалай айтсақ та қазақ әйелдерінің арсында жүргізілген қоғамдық-саяси жұмыстар қиын да әрі күрделі процесс болды. Ұлттық сана мен таптық сананың ара жігін ажыратпай жүргізілген «тең құқылық» деген саясат қазақ әйелдерінің болмысында елеулі із қалдырды. Теңдіктің арқасында әйел күшінің құдіреті көптеген жерлерде басым түсіп, есесіне жесір әйел, жалғызбасты ана, еркікдікті, тәуелсіздікті аңсап, тұрмыс құрудан бас тартқан апаларымыздың саны өскен жоқ па?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz