Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі


Жоспар
Кіріспе . . . 3
I Тарау. Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі.
§1. 1. Құқықтық сана түсінік және оны қалыптастру жолдары . . . 8
§1. 2. Құқықтық мәдениет түсінігі оның мәні13
II Тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтудағы құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың рөлі.
§ 2. 1. Құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы қалыптаструдың теориалық әдістемелік негізі. . 17
§ 2. 2. Қоғамда құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы қалыптастру мәселелері. 20
Қорытынды. 26
Пайдаланылған әдебиеттер. 29
Кіріспе.
Қазакстан Республикасының Конституциясында барлық азаматтардың, ұлттардың, халықтардың бостандығын, құқықтарын, мәдениетін, тілін қорғауға мемлекет кепілдік береді - деген.
Мемлекеттің өкілетті органдарында, құқықтық нормаларда мәдени-ағарту мекемелерінің, көркемөнерпаздар ұжымдарының, халық театрлары мен ән-би ансамбльдерінің, мәдениет мектептерінің жұмысы, тілекталаптары жиі талқыланып, мемлекетіміздің мүмкіншілігіне сәйкес іс-әрекеттер жасалып, тиісті нормативтік нормалар қабылдануда. Еліміз экономикалық дағдарыстан шығып, нарықты экономикалық жүйені толық калыптастыру процессі аяқталса, мәдениет мәселесі мемлекет пен қүқықты кызметінің негізгі бағытына айналады. Өйткені мәдениеті төмен дәрежедегі елдер еркениеггі елдер қатарына кіре алмайды. Бұл мәселе Казақстан Республикасының Конституциясында ашық айтылған.
Қазіргі қоғам азаматтарының мәдени құқығын қалыптастыру
міндеттерін шешуде қуқық қорғау органдары, соның ішінде ішкі істер
органдары үлкен рөл атқарады. Әрине, ол үшін полиция қызметкерлерінің өздері мәдени құқықтың жоғары деңгейінде болуы тиіс. Осыған орай ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәдени құқығын кетерудің маңыздылыгын ерекше атап көрсеткен жөн, әрі
мүның өзі нақты үйымдастырылған құқықтық тәрбие жұмысы
нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Құқықтық тәрбие қызметі қызметкерлердің жоғары адамгершілік сапасын айқындауга, олардың үйымдастырушылық және тәртіптілік деңгейін көтеруге, қызмет борышы сезімін нығайтып, кәсіби мәдениеттін қалыптастыруға белсенді түрде көмектеседі. Өз кезегінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық мәдениеті өздері қызмет атқарып жүрген нақты қүрылымға тән жағдайда, қоғам өмірінің барлық тәртібіне сәйкес қалыптасады. Бүкіл үжым қызметінің заңдылықты қатаң сақтай отырып, табысқа жетуі, нәтижелерінің тұрақтылығы жеке қүрамның қажетті деңгейде қүқықтық мәдениетке тәрбиеленуінің объективті алғышарты болып табылады.
Заңи білім құқықтық сананы қалыптастыруда аса зор рөл атқарады, алайда ол қүқықтық мәдениетке қатыстылығы жағынан оның деңгейін дамытудың алғышарты ғана, кәсіби құқықтык, мәдениет ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың әрбір өкілінің қүқықтық санасының айнасы іспеттес. Ол нормативтік кесім тілінде, тергеу хаттаміасы тәсілінде және ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтармен пікір алысу нысанында көрініс табады. Демек, кәсіби қүқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін тәренбие мен білім беру жүмыстары аздық етеді, бүл үшін ойластырылған. Жан-жақты және мақсатты шаралардың тұтас кешені қажет.
Қоғамның құқықтық мәдениетін көтеру - бұл проблеманың бір жағы ғана. Бұл міндетті жалпы, реттелетін көп қырлы әлеуметтік қатынастар, шаралар кешенін қолдана отырып, орындауға болады. Әрине, бұған ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби құқықтық мәдениетін көтерудің тиімді жолдарын іздестіру және жүзеге асыру үдерісі өзгешелігі ерекше тән. Проблеманың осы аса маңызды қыры зерттеушілер назарынан қағаберіс қалып, шын мәнін де ғылым мұнымен мүлдем айналыспай келді деп ашығын айтуға болады. Кәсіби құқықтық мәдениетті дамыту шаралары атүсті қамтылып, оның өзінде құқықтық тәрбие қызметінде ғана айтылып жүргені жасырын емес. Ұсынылып отырған шаралардың сөзсіз кәкейкестілігіне мән берілуі, олардың өзара байланыстылығына, әмбебаптылығына және ауқымдылығына талдау жасау керек.
Келтірілген теориялық олқылықтарды ескере отырып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қүқықтық мәдениетін кетеру.
Оқьгту нысанына қарамастан жоғары оқу орындары ішкі істер органдары жүйесі үшін болашақ кадрларды шынайы біліктілігі жоғары адамдар етіл даярлауы тиіс. Бүгінде күндізгі нысанда заңи білім алатындарды жоғары талап дөңгейінде даярлап, ал сырттаи оқитындарға қажетті теориялық білім беру мен тәжірибе негізін төмендетіп алушылық байқалып қалып жүр. Сырттай оқитындардың сабақтарға қатысуына бақылау жасаушылық жоқтың қасы деуге болады, оқытушылар оқу бағдарламасында көзделген заңи білім көлеміи толық игерулеріне талап қоймайды. Соның салдарынан жоғары оқу орындарын бітірген мамандар күрделі, шыгармашылықты, шынайы кәсіби шеберлікті қажет ететін істерді шешуге қабілетсіздік танытатындарын жасыруға болмайды. Кәсіби құқықтық мәдениет деңгейінің төмендігі, адамдармен жүмыс істей алмаушылық, жеке шешім шығаруға дәрменсіздік сияқты келеңсіздіктер кадрларға дүрыс білім мен тәрбие берілмеунің "жемісі" деп білеміз. Біздің ойымызша, шүғыл шаралар қабылдамбай, атап керсетілген келеңсіз үрдіс одан әрі сақтала беретін болса, мүның өзі заңи білімнің айтарлықтай құнсыздануына, заңгерлердің кәсіби қүқықтық мәдениетінің төмендеуіне, елдегі заңнама мен құқық тәртібінің нашарлауына әкеліп соғуы, Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтык, қоғам орнату үдерісіне кедергі келтіруі мүмкін.
Осыған орай қазіргі кезеңде заң ғылымында Қазақстан Реслубликасындағы жоғары заңи білім беру жүйесіне түзету енгізу қажеттілігі туралы мәселе көтеріліп, осы саланы реформалау жөнінде нақтылы үсыныстар айтылуда. Мысалы, А. Е. Бектүрғанов мен А. Х. Хаджиев өздерінің "Заңи білім беруді нарықтық экономика мен құқықтық мемлекет құру жағдайындағы талаптарға сәйкес жетілдірудің тұжырымдамалық негізі мен параметрі" деген мақаласында: " . . . қоғамда батыл түрде жүргізіліп жатқан қайта құруларға қарамастан заңи білім беру дәл осындай өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Заңи білім түрі белгілі деңгейде жетілдірілгенімен, оның мазмүн жағы тұтастай алғанда заңи кадрларды даярлаудың бұрынғы үлгісінен қол үзбегендеп айтуға болады", дейді. Бүдан әрі авторлар Қазақстан Республикасында жалпы стратегиялык, міндеттерді үкімет деңгейнде шеше отырып, заңи білім беру құрылымы мен мазмүнын елеулі түрде өзгертетін түжырымдама жасау қажет екенін еске салады: "Тұжырымдамада заңи білім берудің мазмүны мен қүрылымын, кәсібі параметрі талаптарын, қүқық зерттеушілердің рухани ізгілік келбетін айқындайтын түбегейлі принциптер көрсетілуі тиіс. Осыған орай Тұжырымдама параметрлері ұлттық заңи білім берудің халықаралық заңи білім беру жүйөсіне шоғырлануын қамтамасыз етуі қажет. Тәуелсіз мемлекеттің заңи білім беру жүйесінің тарихи терең тамырлы, халықтардың мәдени дәстүрлерінің рухани-адамгершілік қүндылығына арқа сүйеген ұлтық мазмүны болуы керек".
Ұлттық заңи білім беру сапасының өзекті мәселесі туралы айтылған осынау оймен, аса маңызды проблеманың шешімі жөнінде үсынылган нақтылы шаралармен келіспеуге шараң жоқ. Тұжырым даманың негізгі қағидаларын дайындау және жүзеге асыру заңи білім беру жүйесі мен құқықтық реформажөніндегі елеулі оң өзгерістер жасауға мүрындық болып, заңгерлік мамандықтың беделі мен әлеуметтік мәнін кәтеруге, білім беру, тәрбие технологиясын жетілдіруге, кәсіби құқықтық мәдениет деңгейін кетеруге мүмкіндік туғызар еді.
Кәсіби құқықтық мәдениет дерексіз ғылыми категория емес, ол әлеуметтік заңи жағдайлардағы шынайы ақиқатты айқындаушы сапалы заң шығару қызметіне жәнө елдегі заңдылыққа едәуір дәрежеде байланысты. Қолданыстағы заңнаманың сапасы туралы мәселө асы маңыздылығымен қатар өзіне заңи, әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да бірқатар аспектілерді жинақтаған күрделі де, көп қырлы ұғым. Заңдар әлеуметтік өлшемдер жәнеалғышарттар түрғысынан алғанда жогары сапалы, қоғамдағы шынайы қарым-қатынастарды бірдей көрсетуші, заңшығарушы органның сол арқылы мемлекеттің, барлық халықтың еркін дәл бейнелеуші.
Заң шығару қызметінің құқықты мәдениетін көтеру үшін бұл аса жауапты үдеріске ғалымдарды тәжірибесі мол мамандарды, қоға, екілдерін көптеп тартуталап өтілед қабылданатын заңның құқықтық сапасы көп ретте заңды дайындаушылардың біліктілік деңгейіне, оларды шешетін мәселесі теориялық және тәжірибелік ойлау қабілетіне, заң ресімдеу шеберлігіне байланысты болады. Заң сапасы онык тиімділігінің ажырамас шарты, түпкі нәтижесі де осыған тәуелді. Заң шығару техникасының қажетті деңгейіне сәйкес келуі мүмкін, бірақ оның ақыры әлеуметтік әділдікке нұқсан келтіріп, реттелуші қатынастардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмай кері әсерін тигізетінін де естен шығармаган жөн .
Әрине, заң шығарушы өзіндік қүқық шығармашылық қызметінің қоғамдық-қүқықтық салдарыны қандай болатынын алдын ала болжай алмайтыны белгілі. Қабылданған заңға адамдар қалай қарайтыны да ол үшін жұмбақ, өйткені, әлеуметтік өмір өте күрделі, заңи ақиқаттар қилы. Бірақ бұдан мемлекет өзінің заңнамалық күш жігерінің немен аяқталатынын аддын ала болжамауы қажет деген ұғым тумаса керекті. Заң шығару органының құқықтық мәдениеті бүқаралық және қоғамдық құқықтық сананың құқықтықтін, құқықтық технологиялық тұрақты түрлерін түсінуі, интуициялық сезінуі, түйсінуі қажет.
1. 1. Құқықтық сана түсінігі және қалыптасту жолдары.
Құқықтық санаға нақты түсінік беру үшін бірінші сананы анықтап алуымыз қажет. Адам тарихи қалыптасқан іс әрекеттер, дағды мен тәсілдерді игеріп, әсіресе тілді үйрену нәтижесінде айналадағы заттар мен құбылыстардың объективті заңдылықтары.
Сана-объективті шындықты идиалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мәнжайын, мазмұнын, ұғымын білуіне белсенді қызымет атқаратын психикалық процесстердің заңды нәтижесі болып табылады. Сана шындықты бейнелеудің миханизімі мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология мен психологияның және жалпы танымның ең басты катигориалардың бірі. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Сана адамдардың қоғамдық-өндірістік іс әрекетімен еңбек процессінде пайда болып, тілдің шығуымен тығыз қалыптасады.
Сана тарихи тәжірибені, білім мен ойлау тәсілдерін байына сіңіріп, шындықты, рухани идиалды игеріп, алда тұрған мақсат міндерді белгілеп, адамзат қоғамның бүкіл практикалық іс-әрекетін бағыттайды.
Қоғамдық сана - объективті дүние мен қоғамдық болмыстң адам санасында бейнеленуі. Қоғамдық сана адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалады. Сана қоғамның рухани мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Қоғадық сананың түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер, дін, қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың түрлерінің әрқайсысының өз обьектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді. Идиологияның саяси құқықтық нысандары қоғамның экономикалық қатынасын саяси және құқықтық тілде, ал өнер көркемдік образдармен, морол адамдардың мінез-құқының белгілі қағидалары мен ережелері түрінде бейнелейді.
Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисымен байланыс жасау сипатына қарай әр түрлі болады. Мысалы, идиологианың сайаси және құқықтық түрлері басқа нысандарына қарағанда экономикалық базиске жақын тұрады. Бұлар қоғамның өндірістік, шаруашылық қатынастарын тура, тікелей бейнелеп, олардың төте ықпал жасауымен қалыптасады. Қоғамдық сананың түрлері тарихи өзгерістерге түсіп, белгілі тарихи кезенді осы нысандардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қалғандарын өзіне бағынышты етеді.
Құқықтық сана - қоғамдық сананың бір түрі. Саяси және моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиісті мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қылмыс және оны жазалау, қоғам мүшелерінің құқықтары мен көзқарастары жатады. Антагонистік қоғамда таптардың өзіне тән құқықтық санасы болады. Оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірінде алатын орнына байланысты. (1)
1. Н Назарбаев Қазақстан 2030; Ел Президентінің Қазақста. халқына жолдауы - Алматы 2006жыл, 4 басымдық, 4-2 тармақшасы, 6 бет.
Құқықтық сана - сезім белгілері мыналар;
-Құқықты белгілеу,
-Құқықтық түсіну,
-Құқықтық құрметтеу,
-Құқықтың дұрыстығына және әділдігіне сену,
-Құқықты сақтауға дағдылану,
-Құқықың талаптарын бұлжытпай орындау.
Құқықтық сана - Қазақстан Республикасының азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, олардың қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалауына, құқыққа басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдерінің, әсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана қоғамның құқықтық өмірін жандандру және дамытуға үлкен үлес қосады.
1. Құқықтық сана - құқықтық нормаларының қалыптаструдың қажетті шарты. Олай дейтін себебіміз, құқықтық нормалар заң шығару органның саналы түрдегі ерікті қызымет арқылы өмірге келеді. Адамдардың белгілі бір мүдделері мен қажеттіліктері заң нормаларында бейнеленбестен бұрын, ол нормаларды құрушы лауазымды тұлғалардың ойсанасынан өтеді. Сондықтан да құқық нармаларының сапасы олардың қоғамдық даму қажеттілігіне сәйкес келеді, ол нормаларды құратын органның құқық көзқарасы, құқық санасының деңгейімен тығыз байланысты болады.
2. Құқықтық сана құқық нормаларының нақты және толығымен іске асырылуының ең басты шарты. Құқықтық нормаларының талаптары тікелей азаматтарға қойылады. Бұл талаптарда олардың саналы түрдегі ерікті әрекетте арқылы орындалады. Яғни неғұрлым құқықтық сананың деңгейі жоғары болса, соғұрлым құқық нормаларының ережелері нақтырақ орындалады.
Қоғамдық мәдениет саласында құқық мәдениетінің жетістіктерін ғана басқарып, реттеп отырады. Мәдениет өзінің даму процессінде қоғамның рухани байлығын, халықтың сана сезімін дамытып, жоғары дәрежеге көтереді. Құқықта өз кезегінде мәдениетті қорғап, реттеп отырады. Осыдан келіп құқықтық мәдениет қалыптасады. Ол өзара байланысты элементтер арқылы танылады:
-қоғамдағы құқықтық сананмың жағдайы, құқықты түсінудің деңгейі, заңдылықтың талаптарын орындал қажеттілігін түсіну;
-заңдылықты сақтау;
-заң шығарудың ерекшелігі, оның мазмұны мен нысанына көңіл бөлу;
-сот, прокуратура басқада заң органдарының жұмыс атқару сипаты.
Сонымен сана - объективті шындықты идеалды түрде бейнелеуің адамға тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мәнжайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызымет атқаратын психикалық процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т, б. ) заңды нәтижесі болып табылады. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. (2)
2. Заң журналы, 11/2007. 24 бет.
Сана адамның өзара іс-әрекетінің нәтижесінде өмірге келі, дамып, ескіріп жанарып отырады. Бұл бір-бірмен тығыз байланыста дамып отырады. құбылыстарды, қатынастарды бейнелейді. Ол жаңа нормалардың, қабылдану және олардың процесін қамтиды. Саяси, моральдық, ұттық, т. б, көзқарастар құқықтық сана-сезімге ықпал етеді. Қоғамның даму процессін, құбылыстардың сана - сезім құқықтық тұрғыдан сезініп, сол позициядан қорытынды тұжырымдар жасап, баға береді. Мысалы: құқықтық қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтық тәртіп т. б.
Қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң сақтау үшін құқықтық сана-сезім маңызы өте зор. Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде дамыту керек, әсіресе заңгерлердің, органда қызымет атқаратын азаматтардың білімі, тәжірибесін, сана-сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тәртіп болады.
Халықтың, әсіресе, заңгерлердің белсенділігі үш түрлі, үш деңгейде болады; біріншісі - құқықтың субъектілері өзара қатынасты тек дұрыс басқарып, жаңалыққа ұмтылмау - сылбыр енжар деңгейі; екіншісі - эвристикалық деңгей - құқықтық субъектілердің жаңалыққа талпынып, мәселенің шешудің жаңа жолдарын табу; үшіншісі - интелектуалдық деңгей - жаңалықты ашуда үзілістің болмауы, жоғары дәрежеде белсенділікті көрсету. Белсенділіктің соңғы екі түрі құқықтық сана - сезімнің дамуына өте зор әсер етеді.
Құқықтық сана-сезімнің басқа нысандарына қарағанда құқықтық сана адамдардың ой-өрісіне, рухани ойлану процесіне зор әсер етеді. Себебі құқықтық қатынаста адамдар нормотивтік актілерді бұлжытпай орындаулары керек, екі жақты құқық пен міндет бар, дұрыс орындалмаса жауапкершілік бар. Сондықтан құқықтық қатынастардың субектілеріне ауыртпашылық айтарлықтай мол. Құқықтық сана-сезім өзінің құрылымы жағынан екі түрге бөлінеді; құқықтық идиология және құқықтық психология. (3)
Құқықтық идиология дегеніміз-қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды құқық тұрғысынан ғылыми жүйеге келтіру. Құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастар белгілі бір жүйеге түсіріліп, ғылыми негізде дәлелденген күйде болады. Бұл идиология қоғамдағы әр бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды біріктіріп, дамытады. Құқықтық психология дегеніміз - қоғамның құқықтық сезімін, ақыл-ойын, әдет-ғұрпын, дәстүрін біріктіру. Жеке адамдардың, қоғам мүшелегінің әр-түрлі топтарының санасында-заңдарға олардың қолданылуына байланысты туған әсерлер, көңіл-күйі және сезімдер жатады. Қоғамдық көлемде осы мәселелерді біріктіріп дамытып, халықтың сана-сезімін көтеріп, демократияны нығайту, құқықтық мемлекет қалыптастру.
(3) Қазақстан Республикасы Конституциясы 2006
Құқықтық сана-сезімнің жүйелері мен түрлері:
- Қатынастың субъектілеріне қарай құқықтық сана-сезім үшке бөлінеді: жекелік, топтық, қоғамдық сана-сезім. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен бірге олардың өз дербесдігі болады. Әр жеке адамның сана - сезімі әр деңгейде болады; өте жақсы дәрежеде, жақсы, орташа, нашар дәрежеде. Егер топтың, басым көпшілігінің сана-сезінінің өте жақсы дәрежеде болса, онда бұл топтан жақсылықты күтуге болады.
- Мазмұнының тереңдігіне қарай құқықтық сана-сезім тағыда үшке бөлінеді: күнделікті құқықтық саналығы, кәсіпқойлық құқық саналығы, теориялық құқық саналығы. Адамдардың күнделікті құқықтық сана-сезімі олардың рухани, парасаттылық, инабаттылық, өмір тәжірибесі арқылы қалыптасады.
Кәсіпқойлық құқық саналығы қоғамның әр саласында жұмыс істейтін заңгерлердің тәжірибесі арқылы қалыптасады. Олардың құқықтық білімі де, тәжірйбесі де мол болғандықтан сана-сезімдері көпшілігінің жағары дәрежеде болады. Сондықтан құқықтық нормалар дұрыс орындалып, заңдылық, құқықтық тәртіп жақсы дамиды.
Теориялық құқық саналығы қоғамдағы заң ғылымының жан-жақты, жақсы дамуы арқылы қалыптасады.
Құқықтық сананың тарихи даму кезеңдері мен типологиясын жобамен төрт дәуірге бөлуге болады; көне дәуір, орта ғасырлар, жаңа кезең және қазірзі заман. Көне дәуірде ешқандай құқықтық сана деген жеке заңды ұғым болған жоқ. Орта ғасырда да құқықтық сана толық қалыптасқан жоқ, аздап бұл туралы пікірлер болды.
Қазіргі заманда құқықтық сана өмірде де, ғылымда да жан-жақты зерттеліп қоғамның, мемлекеттің дамуына зар үлес қосуда, мемлекеттік аппарат күрделі дамуда, заң шығармашылық процес сапалы жұмыс жасап, қоғамдық барлық қарым-қатынасты реттеп басқаруда. (4) .
Сонымен, құқықтық сана-қоғамдағы құқықтық құбылыстарға адамдардың сезімдерінің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі; ол заң шығарудың, нормотивтік актілердің дұрыс орындалуның, құқықтық сапалы даму.
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдағы сана - сезімнің объективті даму процессіне сәйкес құқық саналығының маңызын дамытып, нығайтып отырады. Құқықтық сана-сезімнің мазмұны төрт жүйедегі қарым-қатынастарды қамтиды; қоғамдағы нормативтік актілердің даму, жаңару, орындалу, қорғалу процестері оған халықтың сана-сезімінің әсерін, көз қарасын, іс-әрекетін біріктіреді.
Құқықтық сана-сезімнің негізгі функциялары: бірінші-халықтың құқықтық білімін арттыру; екінші-сана-сезімді дұрыс дамыту үшін тәжірибелік жұмысты жақсарту; үшінші-қоғамдағы қатынастарды реттеуді, басқаруды жақсарту үшін адамдардың сана-сезімін көтеру. Құқықтық сана-сезім нормотивтік актілердің негізгі, қоғамдағы қатынастарды дұрыс реттеуші, басқарушы күш.
4. Саяхат журналы 8/2006жыл 147бет.
Ол құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, дұрыс орындалуына және оның болашағын дұрыс болжауға өте зор әсер етеді.
Құқықтық сана сезімнің ерекшеліктері:
-құқықтық сана-сезімнің қоғамдық тек нормативтік актілер мен ының негізгі шешуші михонизімі деуге болады.
Адам тарихында қалыптасқан іс-әрекеттер әр түрлі еңбек ету арқылы, сонымен қатар айналадағы дүниеге өзін қарама-қарсы қойып, белгілі мақсат іс -әрекетпен шұғылданды, сол объективтік шындық туралы өзінің білетін түсінігі мен біліміне сүйенді.
Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисіне сәикес болды.
1. 2. Құқықтық мәдениеттің түсінігі оның мәні.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz