Құқықтық мемлкет идеясын қарастыру



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
І. Тарау. Құқықтық мәдениетің түсінігі 3-
5 бет
§1. Құқықтық мәдениет қалыптастырудың 6-8 бет
теориясы мен тәжірибесі
§2. Құқықтық мәдениеттің субъектісі құрамы, деңгейі 9-10 бет
ІІ- тарау. Қазақстан Республикасын құқықтық
жолмен мәдениетті реттеу.
§1 Құқықтық мәдениетің мемлекетті нығайтудағы рөлі 11-13 бет
§2. Құқықтық сана, құқықтық мәдениет байланысы 15-21 бет
Қорытынды
22-24 бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
25-26 бет

Кіріспе.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік дербес ел
болып еңсесін көтергелі әлемдік кеңістікпен қарым-қатынасты жаңа сатыға
көтеру стратегиясы мемлекеттік саяcи бағдарламаның ең басты шарттарының
біріне айналып отыр. Қазақстан әлемдегі барынша қабілетті елу елдің
қатарына кіру үшін тек экономика, саясат, білім беру, мәдениет және т.б
шараларды іске асырып, дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет
құруды көздейді.
Қазақстан ғалымдары құқықтық мемлекет мәселесіне байланысты сұрақтармен
айналысқан. Құқықтық мемлекеттің негізгі мәселелерінің бірі- жеке тұлға мен
қоғам арақатынасы туралы зерттеу жасағандар Ғ.Есім, С.Б. Бөлекбаев, Ә.Н.
Нысанбаев. Т.б Көптеген ғалымдарымыздың еңбектері құқықтың және
мәдениетінің негізі болып табылады. Отандық мәдени әлеуметтік құндылықтар
саласын зерттеп жүрген Бейсенова Б.Қ. Қабыкенов Б.С. Наурызбаева А.Б. т.б
[1]
Қазіргі кезде құқықтық мемлекетке кеңінен қолданып жүрген анықтама
мынадай: Құқықтық мемлекет- ол құқықтың ұйымдасқан түрі мен саяси биліктің
құқықтың субъектісі ретіндегі дара тұлғалармен ашық арақатынасы
Тақырыбтың өзектілігігі. Құқықтық мемлекет идеясы ежелгі дүниеде туындады.
Ежелгі Грекия философтарының еңбектерінде азаматты саяси адам қоғамның
заңдарын орындауға міндетті екені атап көрсетілген.
Ежелгі Грекия философы Платон былай деп жазған: Мен заңында күші жоқ және
біреудің билігінде болатын мемлекеті таяуда күйрейді деп ойлаймын. Мен заң-
билеушілерге үстемдік еткен жерде, олар (билеушілер ) оның құлы болған
кезде, мемлекет және оған құдай сыйлаған қаншама игіліктер аман қалды деп
есептеймін [2]
Көрнекті философтардың еңбектерінде құқықтық мемлекет идеясының жан-
жақты негізделгенін, оның құндылықты мәні халық егемендігін биліктің
қайнар көзі ретінде бекітуінде, оның еркіндіктері мен құқықтарына кепілдік
беруінде, мемлекеттің қоғамға бағынуында жатқанын айтуға тиіспіз.
Зерттелуі деңгейі. Құқықтық мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы ХYІІІ
ғасырдың соңы мен –ХІХ ғасырдың басында қалыптасты. Құқықтық мемлекет
ұғымының өзі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында неміс ғалымдары К. Велькерт
пен Р.Фон Мольдің еңбектерінде толығымен орнықты. [3]
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жеке және қоғамдық өмірдің бүкіл салаларын
табанды түрде демократияландырумен тығыз байланысты. Өркениетті заңдылық
принциптерін сақтап нығайту және бұзбау керек, құқықты құрметтеу қажет.
Құқықтық мемлекет- адамзат қоғамының гуманизм, әділдік, құқық, теңдік,
демократияшылдық, сонымен қатар қайырымдылық, тұлғаны құрметтеу, аяушылық
білдіру сияқты құндылықтары оның өлшем- бірліктері болып табылатын, құқық
үстемдік ететін, құқық идеясы биік тұратын мемлекет.
Ғылыми әдебиеттерде құқықтық мемлекетке әртүрлі анықтамалар берілген.
Құқықтық мемлекеттің мәнін ашатын көзқарастардың молдығына қарамастан
белгілі қазақ заңтанушысы Қайрат Мәми құқықтық мемлекет туралы
көптеген ілімдерден тікелей және жанама шығатыны- адами тұлға басты назарда
болатын әділетті қоғамдық құрылысқа ұмтылу бәріне ортақ синтездеуші негіз
болады деп дұрыс бағамдайды.[4]
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты мен міндеттері: - құқықтық мемлкет
идеясын қарастыру мақсатында жеке тұлға, құқық, мораль, ізгілік, бостандық
және т.б құндылықтартардың адам өмірінде ролінің маңызды екендігін көрсету.

-құқықтық мемлекет және туралы ілімнің қалыптасу жолын анықтау;
- құқықтық мәдениет, құқықтық сана түсініктерінің мәнін ашу:
- құқықтық мәдениет пен құқықтық сана түсінігімен байланысы,
арақатынастарынын сабақтастығын табу:
Зерттеу объектісі- құқықтық мәдениеттің құқықтық негізі
Ғылыми қағидасы: Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптеріне: құқықтық
заңның жоғарлылығы; қоғамдық өмірдің барлық саласында заңның үстемдігі:
тұлға еркіндігінің бұлжымастығы; оның құқығы мен мүделерінің, ар-
намыстың, абыройдың мызғымастығы; оларды мемлекет тарапынан қорғау және
кепілдік беру; мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі мен сенімі;
биліктің заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлінуі; заңның жүзеге
асуын қадағалайтын тиімді бақылау формалары саяды.
Құқықтық мемлекеттің рухани салада, яғни құқықтық мәдениеттің қалыптасуы
мен құқықтық сананың дамытудың негізі болмақ.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан , қорытынды және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Құқықтық мәдениет қалыптастырудың теориясы мен тәжірибесі
Құқықтық мемлекетті зерттеу ісінің игі нәтижесі, біріншіден, батыс
және шығыс ойшылдардың құқықтық мемлекетке деген көзқарастарын тануға
көмектеседі, екіншіден, өркениет кеңістігінде ойшылдардан қалған жаңа
түсініктің сипатын, құқықтық маңызын ашып беруге талыпыс жасауда.
Мемлекет деген не? Қоғам дегеніміз не? Құқықтық мемлекет, құқықтық сана,
құқықтық мәдениет сұрақтарға өз тараптарынан жауабын айтып кеткен
ойшылдар көп.
Құқықтық мемлекет мәселесіне келгенде, маңызды қырларының бірі мораль
және құқық, олардың арақатынасы мәселесі де шығыс және батыс ойшылдарында
кеңіне орын алған. Осы мәселеге қатысты құнды ой-пікірлер айтылған. Оған
дәлел ретінде Ежелгі Шығыс, Ежелгі Грециядан бастап біздің заманымызға
дейінгі көптеген ойшылдардың көзқарастарны қарастыруға болады.
Құқықтық мемлекет түсінігі ежелгі Қытай философиясының көрнекті
ойшылдарының бірі Конфуцийдың көзқарасынан байқауға болады. Конфуцийдың
этикалық- құқықтық және әдет-ғұрып нормалары мен қағидалары адам өмірі мен
тұрмысының барлық жақтарын қамтыған. Оның идеалды мемлекет деп
отырғаны, ол-құқықтық мемлекет.
Аристотель әділетті мемлекеттің негізін тәрбиеден көреді, ал Цицерон оны
ғылым мен өнермен байланыстырады.[5]
Құқықтық мемлекет мәселесі орта ғасыр батыс және шығыс философиясында да
қарастырылған. Мысалы Ж. Баласағұн мемлекетті заң арқылы басқару ғана
адамдардың теңдігін орнатып, ізгі қарым-қатынастар жасауға жағдай
туғызады.[6] Қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары құқықтық мемлекет идеясын
дамытып, оған зор үлес қосқан Т. Гоббс, Дж, Локк мемлекеттің қалай пайда
болғанын назар аудары қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттің мәнін , оның
негізгі рөлін ашып көрсеткен, Т. Гоббстың айтуынша , мемлекет өзінің
бағыныштыларына азаматтық заңмен тиым салынбаған іс-әрекеттің бәрін жүзеге
асыруы бостандық кепілдігін береді. Г.В.Гегель құқықтық мемлекет идеясын
объективтік идеясын объективтік рухпен байланыстырады. Объективтік рух
категориясына кіретін триада құқықтық мемлекеттің пайда болуын қамтамасыз
етеді.
Құқықтық мемлекет туралы идеясының ең өзекті мәселелерінің бірі-адам
құқығы және оны мемлекет тарпынан қорғалуы.
Ә. Бөкейханов Қазақ баспасөзі арқылы Ресей өкіметінің күштеп енгізген
заңдары қазақ халқының әдет-ғұрып нормаларына қайшы, ал ол өз алдына
зұлымдық пен парақорлықа алып келетіндігін атап өтеді. Құқықтық
мемлекеттің принциптерін әрі қарай дамыта келе, ғалым, А. Байтұрсынов заң
шығарушы органға ерекше назар аудару қажеттігін айтады. Шығарылған және
қабылданған заңдар жергілікті халықтың ерекшеліктеріне , тұрмысына, әдет-
ғұрыпына сәйкес болуы керек деген пікір туғызады.[7]
Қазақ жерінде құқықтық мемлекеттің принциптерін құру барыснда Алаш
партиясының мүшелері М. Дулатов, Е. Гұмаров және т.б Мемлекет қалпы деп
аталатын бағдарламанының бірінші бөлімінде мемлекетті басқаруда
демократиялық принциптердің рөлі жоғары екендігін жариялайды.[8]
Құқықтық сананы көптеген ғылымдар зерттейді. Құқықтық сана тікелей
құқықпен байланысты, сол арқылы қалыптасады, іске асрылады және
дамиды.Құқықтық сананың негіі ретінде табиғи құқық идеясы пайда болды.
Бірақ онда құқықтың қоғамдағы рөлі, жеке тұлға мен мелекеттің арақатынасы,
құқық түсінігі және т.б мәселелерге келгенде көптеген қайшылықтарды
байқауға болады.
Құқықтық сезімнің ерекшелігі- жеке тұлғалар оның пайда болуы себебін
біледі. Сонымен қатар ол басқа да түрлерге ауысады. Күнделікті жасап
жүрген құқықтық іс-әрекеттер автоматты түрде қалыптасып кетеді. Ол да
құқықтық дағды сияқты қандайда іс-әрекетті ойлап жүруден босатады.
Субъектінің қоғамдағы құқықтық дағдысы мен құқықтық әдетінің деңгейі оның
құқықтық мәдениетінің көрсеткішінен білінеді.
А.С. Ибраева жеке тұлғаның құқықтық мәдениетіне анықтама бергенде былай
дейді Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті-ол жеке тұлғаның күрделі
комплекстік қасиеті, көбінесе құқықтық маңызы бар жағдайда жағымжы іс-
әрекетті анықтайды[9] Құқықтық мемлекет идеясының талаптарының бірі осы
жеке тұлғада, құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы. Сонда
құқықтық сананың қалыптасу процесіне қандай факторлар әсер етеді деген
сұрақтың жауаптарының бірі, жеке тұлғаға жүріс- тұрыстың моделі қызығушылық
білдіру қажет. Яғни , қоғамда бекітілген ережелерді қабылдап, соған орай
өзінің санасын бейімдеу.

Құқықтық мәдениеттің субъектілік құрамы, деңгейі

Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал
еткен факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады.
Моральмен, дінмен, өнермен, ғылымен қатар, құқықтық сана қоғамдық сананың
нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше
объектісі бар.
Құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық
мәдениет болып табылады. Ол құқыққа белгілі бір көзқарас қана емес , қайта
, құқықтық білімнің, тұрақты құндылық-құқықтық бағдардың және соларға
сәйкес заң жүзіндегі маңызды мінез-құлықтың бірлігі ретінде көрінеді.
Құқықтық мәдениет қоғамның құқықтық сананың, айнасы деуге болады. Өйткені
бұл мәдениет адам қоғамының өткен формацияларының құқықтық мәдениетінің
жетістіктерін жинақтап, біріктіріп отырады. Құқықтық мәдениет екі бөлімнен
тұрады. Жеке тұлғалардың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші үлес
қосады. Құқықтық мәдениет жалпы-халықтық байлық , ол адам қоғамының тарихи
цивилизациялық жетістігі.
Құқықтық мәдениет тұлғалардың білімінің деңгейіне қарай үшке бөлінеді:
Күнделікті, профессионалдық, теократиялық.
Күнделікті мәдениет жалпы қоғамдық мәдениеттің көлеміндегі жәреже. Бұл
дәреже еңбектенсе өсуі мүмкін. Профессионалдық мәдениеттің бір немесе
бірнеше саласын игеру. Теократиялық мәдениеттің теориясын жақсы білу.
Құқықтық мәдениеттің функциялары; танымдық, реттеушілік, прогностикалық,
нормативтік. Танымдық-құқықтық мәдеиет теориясын дамыту; ретеушілік-
мәдениеті реттеп, басқару, нормативтік- мәдениет бағытындағы нормативтік
актілердің сапасын жақсарту, сол арқылы құқықтың рөлін көтеру күшейту;
прогностикалық –құқықтық мәдениеттің болашағын дұрыс болжау.
Құқықтық мәдениеттің субъектісіне қарай үш жүйеге бөлінеді:
Қоғамдық, топтық және жеке тұлға.
Құқықтық мәдениеттің қызметі үш топқа бөлінеді: танымдылық, бағалаушылық,
реттеушілік.
Танымдылық- халықтық заң білімін білудің деңгейі, рухани сана-сезімнің
жақсаруы. Бағалаушылық тобы төрт жүйеден құралады: құқықтық салалары,
қағидалары. Құрылымы. Функциялары: құқықтық тәртіпті; заңдылықты қорғайтын
органдардың жұмысы: азаматтардың өздерінің баға беруі.
Реттеушілік тобы- қоғамдағы мәдениет бағытындағы қарама-қатынастарды
реттеп, басқару олардың, заңдылық немесе заңды еместігін анықтау.
Мәдениет жүйесін құқықтық реттеудің, басқарудың негізгі бағыттары.
- қоғамның құқықтық сана-сезімін дамыту;
- құқықтық шығармашылықты жақсарту:
- нормативтік актілердің дұрыс орындалуын қамтамсыз ету;
- мемлекеттің құқықтық жұмысының нәтижесінде халықтың рухани және
материалдық мүдделерінің орындалуын жақсарту.
Құқықтық мәдениеттің ең жоғарғы деңгейдегі түрі- профессионал-
заңгерлер. Бұл топқа жататындар: мемлекеттің заңды қорғайтын органдарында
қызмет атқаратын азаматтар және заңгерлердің кәсіпқойлық ғылыми ұйымдарында
жұмыс істейтін мамандар.
Қоғамның құқықтық мәдениетін жетілдіруде заңгерлердің ғылыми және
кәсіпқойлық қоғамдастарының, ұйымдарының маңызы өте зор. Олар
нормативтік актілердің сапасын көтеруге, нормалардың қателіктерін түзеуге,
кемшіліктерін жетілдіруге, құқық теориясын дамытуға көп үлес қосады.
Құқықтық мәдениет екі деңгейден тұрады: адамдардың сана-сезімінің деңгейі
және олардың мамандығының деңгейі. Құқықтық мәдениеттің сапалы немесе
сапасыз екенін қоғамдағы бостандықтың, әділеттіктің, демократияның,
заңдылықтың, құқықтық тәртіптің деңгейіне білуге толық болады. Құқықтық
мәдениет сапасының жоғары дәрежеде болуы құқықтық мемлекетті
қалыптастыруға зор әсер етеді.

Құқықтық мәдениеттің мемлекетті нығайтудағы ролі
Құқықты түсіну жұмыс және құқықтық сауат мәселелері өзара
байланысты әрі бірін- бірі қамтамсыз ететін түсініктер болып табылады және
қоғам өмірінің барлық қырларына қатысты. Азаматтардың құқықтық мәдениеті
деңгейі мемлекет жүргізіп жатқан құқықтық саясат мәселелерінің қаншалықты
тиімді шешіліп жатқанына байланысты.
Құқық саласындағы ахуалды талдау құқық түсіндіру жұмысында, құқықтық
мәдениетті қалыптастыру саласында едәуір белсенді іс-қимыл жасау қажет
екенін көрсетеді. Әділет Министрлігіне. Оның аумақтық органдарына құқық
түсіндіру жұмысын жүзеге асыруда ведомствоаралық үйлестірулерді қамтамасыз
ету, заңнаманы түсіндіруге қатысу бойынша үлкен жауапкершілік жүктеген
Қазақстан Республикасының Әділет органдары туралы заңының қабылданғанына
біраз уақыт болды. [10]
Құқық түсіндіру жұмысын күшейтудің маңызды шарты-заңдық ақпаратқа қол
жетушілікті қамтамсыз ету, кодекстерді, анықтамалық сипаттағы және
көпшілікке арналған заң әдебиеттерін үлкен таралыммен басып шығару.
Осыған орай, халық арасында құқықтық білімді насихаттауда бұқаралық
ақпарат құралдары негізгі рөл атқаруға тиіс.
Халықты Қазақстан Республикасының заңнамасынан көбірек хабарлар ету
мақсатында баспасөзді, қоғамдық пікірді жүйелі түрде талдау, сондай-ақ
құқықтық болжам құруға және мемлекеттік-құқықтық процестердің даму туралы
түсінік жасауға негіз болатын сойнологиялық сұрау салуды жүргізу қажет.
Құқық түсіндіру жұмыс, құқықтық мәдениеті қалыптастыру, құқықтық сауат және
құқықтық тәрбие бойынша 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламаа жобасы
бар.[11]
Құқық қорғау және құқық қолдану жүйелері субъектілерінің құқықтық
мәдениетін жоғарлату бойынша нақты жүйелі жұмысты қолға алу қажет.
Заң ғылымдарының пікірінше, азаматтардың заң жағынан сауатты, заңды талап
қоя білуі мемлекеттік органдарды, барлық лауазымды тұлғалардың өздерінің
қызмет бабындағы міндеттерін орындауда жауапкершіліктерін арттырып,
азаматтардың сұранымдарына дұрыс қарап, шешуге итермелейді.
Қазіргі жағдайда қоғамымыздың құқықтық мәдениетінің қалыптасуы
біркелі емес десек те болады. Шынтуайтқа келгенде, бұқаралық ақпарат
құралдары құқықтық нигилизм, заңдық озбырлық және заңдық мәдениетсіздік
тақырыбын көтермейтін күн жоқ. Құқықтық нигилизмнің етек жою ауқымы
кеңейіп барады. Көп жағдайда құқықтық нигилизм қоғамдамуының тарихи жолы
ерекшелігінің туындысы болып табылады. Көп уақыттқа созылған құқықтық
озбырлық қоғамдық санада тұлғаға қол сұқпаушылық, барлық адамдардың заң
алдында бірдей болуы, сотта іс қараудың әділ болуы сияқты басты
демократиялық принциптердің шынайлығына деген сенімсіздіктің туындауын
алып келеді. Ал қазіргі өтпелі кезеңде қоғамдағы заңдық нигилизм одан да
арта түсуде. Құқықтық реттеудің кенжелеп қалуынан оның қоғамдық санадағы
заңдық нигилизмді азайтуға сертігі болмай отыр, бұл басқасын айтпағанда,
экономикада, сондай-ақ қоғам өмірінің өзге де салаларында криминогендік
алғы шарттың ұлғаюына әкеледі. Бүгін құқықтық мемлекет қалыптастуы
жолында құқықтық қоғамдық өмірде алатын орнына деген бұрыңғы көзқарасты
өзгерту керек. Мемлекет пен құқықтың өзара қатынасында құқықтың рөлі басым
болуы керек, ал барлық мемлекетік органдар заңға , қолданыстағы заң
нормаларына сөзсіз бағынуға тиіс.
Қазіргі қоғамдық қатынастарды заманға лайық ету, құқықтық мемлекетті
қалыптастыру бағытында таңдау жасалған кезде құқықтық мәдениетті, оның
деңгейінің жоғарлату кезек күтрімес мәселеге айналып отыр.
Құқықтық мәдениетті жоғарлату мәселелері-қоғамның өмір сүруінің объективтік
жағдайларының өзгеруіне, мақсатқа бағындырылған идеологиялық, ұйымдық
жұмысқа, әлеуметтік- заңдық шараларды жүзеге асыруға байланысты ұзақ
процесс екенін қайталап айтқан артық болмас. Осындай жағдайда құқықтық
сананы қалыптастыру мемлекеттік билік институттары алдында тұрған аса
маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Осы міндет орындалмай азаматтық
қоғам құру, өмірдің көптеген саласын реформалау, әлеуметтік жағымсыз мінез-
құлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу мүмкін емес. Заңнамаға қол жетушілік,
менің ойымша , нормативтік құқықтық кесімдерді білудің аса маңызды алғы
шарты болып табылады. Қазір демократиялық қоғамға және нарықтық
экономикаға қарай бет бұрыс жасау заңнама рөлінің күрт жоғарлауына алып
келген кезде оған қолжетушіліктің мәні айтарлықтай арта түседі. Оны басқа
басылымдарда қосымша жариялау, заңнаманың ең маңызды ережелері бойынша
мамандарды сөйлетіп, түсіндірме беру мүмкіндігін қарастыру қажет. Құқықтың
көптеген жаңа нормаларын,әсіресе олар бір-біріне қарама-қайшы келетін
жағдайда, ал бұл сирек құбылыс емес, маманның көмегінсіз түсіну мүмкін
емес.

Құқықтық сана, құқықтық мәдениет байланысы
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты белгілі тәртіпті, құқықты жүйені
және тәрбиені талап етеді. Мұның өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді бірінші
кезекке қояды. Келешегіміздің бағдарлы өрістерін кеңейту үшін саналы да
сауатты рухани психолгиялық мәдениеттің қалыптасуы мен жетілуіне жол ашу-
қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлар жаңа әлеуметтік дамудың ондағы
реформалық мазмұннның бағытына қарай бейімделуіне мүмкіндік береді.
Осы тұрғыдан Елбасы Н.Назарбаев мынадай жауакершілікті алға тартады.
перспективаларымздың айқын ұғыну, жолымыздатұрған қиындықтар мен қауіп-
қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау
ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі... біз жаңа мемлекеттті
, жаңа демократиялық көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы
тәрізді жолды басынанкешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз[12] ( Н.
Назарбаев. Қазақстан-2030: Ел Президентінің халқына жолдауы.- Алматы, 1997,
8-9 беттер).
Міне, сондықтан да азаматтардың жаңа әлеуметтік- экономикалық мінез-құлқын
қалыптастыру тұжырымдамалары заң мен құқықтық мәдениетті жетілдіру
қажеттігіне сілтеп отыр.
Қазір елімізде 600-ден астам заң қабылданды. Олар қылмыстық, әкімшілік,
интеграциялық және т.б кешенді мәселелерді қамтиды. Бастыс заң бар, оны
орындау, іске асыру және сыйлау әрі күнделікті өмір салтына әдетке
айналдыру керек дегенмен, кейде түрлі жауапсыздықтарға куә
боламыз.Сондықтан, бұл процестің тәрбиелік бағыты мектепке дейінгі
мекемелерде және оқушылармен, арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында,
көпшілікпен жұмыс жүргізуден басталады ...
Осы орайда , осыдан 15-20 жыл бұрын заңды насихаттау қарқыны күшті болды.

Түрлі, оқу семинарларда сот, прокуратура, әділет, милиция және т.б заң
қызметкерлері түрлі тақырыптарға қысқаша хабарлама жасайтын. Демек,
өткеннің пайдалы тәжірбибесін құқық тәрбиесіне қатысты жаңа мазмұн,
идеологияда қолдану керек.
Қазіргі кезеңде құқықтық сана мен құқықтық мәдеиет мәселелеріне
заңгерлер, философтар, саясатшылар мен әлеуметтанушылар көңіл аудара
бастады. Осыған орай , қазіргі білім дамуының жалпы заңдылықтары мен құқық
мәселелерінің ерекшеліктерін біріктіреді. Мұнда қоғамдағы заң кешенінің
негізгі түсініктік және категориялық аппараттарын үйрену әрі түсіну арқылы
оның ішкі табиғаты ашып көрсетіледі. Әрине, бұл процесс сыңаржақ бағыта
емес, өте күрделі және көп түрлі категориялы білімді біріктірген. Кеңес
дәуірінде құқықтық сана мен құқықтық мәдениет партиялық таптық тұрғыдан
жоғарғыдан кепілдеме берілген дәйектемелер шеңберінде әлеуметтік сұраным
жағдайында талданды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уалихановтың саяси көзқарасы
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам жайлы
Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы
Республика Конституциясы одақтық
Демократиялық мемлекеттің құрылыс формасы мен режим
Мемлекеттік меншік: қалыптасу жолдары, ерекшеліктері және экономикадағы орны
Құқықтық мемлекет белгілері
«Дипломатиялық өкілділік» ұғымына анықтама
Құқықтық мемлекет жайлы мәлімет
Азиялық өндіріс
Пәндер