Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері
Әлеуметтік жұмыс мамандығы
Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық
түрлері
Жоспары
Кіріспе
І Тарау Қайырымдылықтың даму тарихына шолу
1.1. Орта ғасырлардағы қоғамдық қайырымдылық кезеңі және классикалық
кезеңге сипаттама
1.2. XVIII ғасырдағы қайырымдылық әрекетін жалғастыру
үрдісі ... ... .
1.3. Әр түрлі діни – наным, сенімдердегі
қайырымдылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ Тарау Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық
2.1. XIV – XV ғасырдағы қазақ халқындағы
қайырымдылық ... ... ... ... ... 11
2.2. Егемен еліміздегі қайырымдылықтың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..12
2.3. Республикамыздағы қайырымдылық қорлар және олардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ІІІ Тарау Тәуелсіз еліміздегі қайырымдылық шараларының жүзеге
асырылуы
3.1. Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық
шаралары ... .
3.2. Шет елдегі қайырымдылық жұмыстарының Қазақстанда жүзеге
асырылуы
3.3. Қайырымдылық шаралары деңгейінің өсуі бүгінгі қоғамымыздың
жалпы адамзаттық құндылықтарының
көрсеткіші ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..33
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..34
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі егеменді Қазақстанда қайырымдылық
ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы Кеңес Одағы
кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық
орындар, ұйымдар айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми
тұрғыдан алғанда аса үлкен мән берілмеген. Маркстік идеологтар Кеңес
қоғамын, социализмді әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық
жасайтын қоғам деп түсіндірген. Сондықтан да қайырымдылықты арнайы бөлігі
қарастырмады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоғамдық өмір мен қайырымдылық
саласындағы заңды байланысты, жалпы алғанда ең алдымен қоғамның, сонан соң
әртүрлі әлеуметтік топтардың және жеке тұлғалардың міңез - құлық
нормаларына айналу процесін зертеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Тәуелсіз жас мемлекетіміз аяғынан тік тұрудың күрделі жылдарын
өткізуде. Дәл осы уақытқа дейін болып көрмеген жалпы азаматтық
қажеттілік, имандылық пен қайырымдылық, жанашырлық пен мейірімділік
қасиеттерді қайта қалпына келтіру;
- Қайырымдылық әлеуметтік ұйымдардың саналы мақсаттық іс-
әрекетінде көрініс табатындығын айқындау;
- Адам өмірінің екі өрісі: 1. материалдық, бұл шындығын айтқанда
адамға ен алдымен азық түлік, баспана, киім кешек және тағы басқалар
жағдайлар керек, 2. рухани өмір. Яғни қоғамдағы адамдар бір біріне
тәуелді екендігін түсіндіру.
Қайырымдылық мәселесі көптеген саяси гуманитарлық ғылымдарда
зерттелініп келе жатыр. Қайырымдылықтың тамыры ежелгі болғандықтан, ерте
заманнан бері қарай атақты ірі ойшыл - ғалымдардың, мемлекет
қайраткерлерінің жазған ғылыми еңбектерінде, айтқан нақыл сөздерінде бұл
мәселе жан- жақты айтылып, зерттеліп келуде.Әрине қайырымдылық - ол
әлеуметтік процесс, институт.
Қайырымдылық грек тілінде eleemon- қайырымды, мейірімді, ізгі
ниетті деген мағына береді, ал шіркеу тілінде ол Caritabilis сөзімен
айтылып, қайырымдылық мағынасын білдірген. Тертуллиан, Иероним, Августин
сияқты христиандар грек тілінен eleemosyne, яғни біреудің қайғысына
ортақтасу, аяушылық білдіру деген сөзді алып қолданған. Ертедегі латын
тілінде бұған ұқсас сөз болмаған.
Ағылшын протестант діндарлары 1880 жылы ағылшын тілінде жазылған
жаңа ілімнің аудармасын қайта қарап, ондағы caritas және love деген
сөзбен алмастырған, яғни достық, махаббат деген сөздерімен береді.
Шындығында алғашқы христиан дінінің іс- әрекеті мен ойы соның дәлелі. Осы
тұрғыда алғанда оның қырлары көп, оларды басқа да әлеуметтік гуманитарлық
ғылымдар қарастыруда. Ал социологияға келсек, біз ғылым қайырымдылықты
әлеуметтік институт, процесс ретінде қарап, осы құбылысты социологиялық
нақтылы зерттеулер арқылы негіздейді. Қайырымдылық мәселесі социологияда
ауқымы өте кең жан жақты проблема болғандықтан, оны социологияның бір
саласы немесе салалық социология деп те түсінуге болады.Сонымен,
қайырымдылық проблемасын зерттеу социология ғылымының міндеттерінің бірі
деген тұжырым жасаймыз.[1]
Қазіргі егеменді Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелердің
біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы Кеңес Одағы кезінде де орын алған,
онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар
айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда
аса үлкен мән берілмеген. Маркстік идеологтар Кеңес қоғамын, социализмді
әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық жасайтын қоғам деп
түсіндірген. Сондықтан да қайырымдылықты арнайы бөлігі қарастырмады.
І Тарау. Қайырымдылықтың даму тарихына шолу

Қайырымдылық деген не? Оны қалай түсінеміз? Қайырымдылық
дегеніміз, ол адамға материалдық көмек көрсету, жақсылық жасау,
яғни филантропия. Филантропия деген сөзді грек тілінен аударғанда
адамды сүю деген мағынаны білдіреді екен. Ал енді бұл
қайырымдылықтың негізі қайдан шыққан?
Ертедегі грек тілінде мағынасы игі қайырымдылық
кішіпейілділік, рақымшылдық деген ұғымғы ұқсас сөз болған. Ол
eleemon - қайырымды, мейірімді, ізгіниетті деген мағынада, ал шіркеу
тілінде осы сөз басқа caritabilis деген сөзге айналып қайырымдылық
мағынасын білдірген. Олай болса, ертедегі христиандар грек тілінен
eleemsyne, яғни біреудің қайғысына ортақтасу, аяушылық білдіру деген
мағынадағы сөзді алып қолданған. [1]
Иерусалимде және одан басқа жерлерде, алғашқы христиандар
ең әуелі шағын қауым болып, барлығы бірігіп, тіпті өмір сүруге
қажеттінің бәрі ортақ, әркім өз қажетіне қарай бөліп алып отырған.
Тіпті көптеген дінге нанушылар өздерінің жүрегі мен қанын да бір
деп есептеген, сөйтіп олардың араларында мұқтаж адамдар болмаған.
Сол кездегі достық пен туысқандық қамқорлық деген ұғымды
уағыздаушылар (діндарлар) және діни кітап Библияның осы заманғы
аудармасында қайырымдылық шынайы қамқорлық деп түсіндірілген.
Сонымен қатар, олар оны тек христиандарға тиісті деп есептеген.
әлемге қайырымдылық атты идеяны алғаш танытқан христиан діні емес,
оның қажеті де болмаған. Себебі көне заманғы қалаларда, біздің
эрамызға дейінгі жүздеген жылдар бұрын қайырымдылық өзінің кең
жомарттығымен, мейірімділігімен қарқынды дамыған, ал христиан дінінің
бұл туралы түсінігі де болмаған. Афина, Рим, Греция мен Италияның
кейбір қалаларында бай адамдар күнделікті не аптаның белгілі бір
күндері өз үйінің есік алдына кедейлерге арнап тамақ беруді
дәстүрге айналдырған. Апостолдың замандасы атақты географ Страбон
өзінің Родос аралының тұрғындары атты кітабында халыққа көрсетілген
қамқорлықты айта келіп, онда мыңдаған кедейлерді белгілі бір деңгейде
ұстау үшін мемлекет тарапынан міндетті түрде жылына бірнеше рет нан
таратса, ал бай адамдар өздері тарапынан да оларды жақсылықтарға
бөлеп отырған. Сонымен қатар, кедейлерді тамақтандыру және азық –
түлікпен қамтамасыз ету ауқатты адамдарға салық ретінде жүктелген.
Соның арқасында кедейлер әрдайым тамақсыз қалмайтын болған. Тит
Ливий Рим тарихы атты тарихы кітабында былай дейді: Римнің кедей
азаматтары мемлекеттің қазынасы есебінен өмір сүруге құқылы болған,
оларға нашар, лас жұмыстарды істетпейтін болған. Ал қолы бос
азаматтар басқа мүмкіндіктері болмаған соң өмір сүру үшін
шеберханаларда жалданып жұмыс істеген. Афинада да дәл осылай
кедейлерге үздіксіз қамқорлық, оларды қолдау грек қала
бастықтарының маңызды міндеті болған. Оларға азық – түлікпен қоса
ақша да таратып отырған. Содан Дельфус Шерар Кестнер сияқты
фмлантроптар қайырымдылық мекемелерін құруға мәжбүр болған. Рим
сенаты алғаш рет нан басқармасын құрып, онда кедейлерге арзан
бағамен нан сатып отырған. Рим тарихындағы алғашқы мәліметтерге
жүгінсек, біздің эрамызға дейінгі 439 жылы Тит Ливий осындай
басқарманың ең алғашқы председателі болған. [2]
Европа мәдени тарихи құбылыс, мәдени қоғамдық Европа
мәдени тарихы орта ғасырда пайда болды. Олардың себебі, Рим
империясының құлдырауына және оның территориясында варварлық патшалықтың
құрылуынан басталуы орта ғасырдың 3 кезеңін белгілейді:
1. Бастапқы орта ғасыр (V – XVғ.ғ.) европалық өркениеттің кейінгі
антикалық және варварлық әлеуметтік тұрмыстың синтезі ретінде
құрылу кезеңі;
2. Классикалық орта кезең (ХІ – ХV ғ.ғ.) Европа мәдени орталығы
болған және әлеуметтік – экономикалық және саяси деңгейі дамуымен
қарқыны бойынша Шығыспен салыстырғанда алға шығу мерзімі;
3. Соңғы орта ғасыр (ХVI – XVII ғ.ғ.) Феодолизм құлдырауымен
буржуазиялық қоғамның құрылуы кезеңі.
Сонымен қатар қайырымдылық кезеңі 2 кезеңді қамтиды:
1. Бастапқы кезең;
2. Классикалық кезең.
Орта ғасырда Батыс және Көне Римнің құлдырауында пайда
болып, ІІ ғасырдан бастап ішкі шиеленістер пайда болды. Оның
негізгі белгілері төмендегіше:
1. Құлдық қоғамның жойылуы. Құл және қалалық жүйенің қысқаруы. әрә
жер иеленушілік.
2. Идеологияның дағдарысы келесідей көрініс табады. Азаматтық парыз
бен жауапкершілікке ұмтылу, ескі діни сенімдердің беделінің
төмендеуі, христиан дінінің өсуі.
3. Мемлекеттік территориясын кеңейту мақсаттарда жаңа әскери
жорықтардан бас тарту, бірлік империясының қалыптасуы.
Христиандық шіркеу адам өмірінде үлкен рөл атқарған.
Үйленбеуге серттерін беріп, өмір қызығының барлығынан бас тартқан,
белгілі жарғыға сәйкес жүріп өмірден алыстаған адамдар жиынтығы жеке
мекеме ретінде христиандық монах болып пайда болды.
XI – XVI ғ. тарихында Орта ғасыр жазы деген енді,
феодолизмнің күшінің жоғары деңгейге жеткен кезі. Бұл мерзімнің
негізгі белгілері төмендегіше:
1. Аграрлық төңкеріс өндірістің өсуіне әкелді;
2. Жерді ұрып өңдеуден соқалық өңдеуге көшу;
3. Егістікті және тыңайтқыштарды қолдану.
Батыс Рим Империясының дағдарысы варвар деп аталады. Жорықтардың
күшеюімен сәйкес келеді. ІV – IX ғ. аралығында халықтың ұлы
қоныстануы болды. Оның негізгі белгілері төмендегіше:
1. Патшалық. Патшаның жеке қарауында болды. Ол өзі мұрагерлік
беруге, сыйлауға, бөлуге құқылы болды.
2. Патшалықтың шаруашылық басқарма органдарының біріккен
мемлекетті басқару органы пайда болды.
3. Ішкі тұрақсыздық және патшалық арасындағы соғыс. Тас өңдеу
өндірісінің жоғалуына, басқару мен билік жүйесінің құлдырауы себеп болды.
Бастапқы және классикалық орта ғасыр феодалдар жағынан шаруаларға
жүктеледі. Және көптеген міндеттемелермен сипатталады (салық, әр
түрлі төлемақылар). Бұл бағыттағы жетістіктерге Август және Храбри
жетті.
Англиядан өзгешелігі патша билігі қызметтері шектелмей
белгілі салаларға негізделді. Осылайша Батыс Рим империясының
құлдырауы батыс елдерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Ұзақ
уақытқа созылған қиындықтар кезеңіне жаңа Европалық өркениет пайда
болды. Мемлекеттік қайырымдылық қызметінің әлсіреуінен христиандық
шіркеуге өтті. Орта ғасырда барлық шіркеулер жаппай үлкен бір
маңызды функцияға көше бастады. Бұл функцияның ішіне әлеуметтік
әлемді қолпаштау, әлеуметтік қарама-қайшылықты реттеу жатады. Себебі
көну, кешіру Құдай алдындағы тепе-теңдігі туралы уағыздарға қарама-
қайшылық туындады. Осыдан кейін барлық әлем жұртшылық шіркеу
қайырымдылыққа келуді шақырды
1.2. XVIII ғасырдағы қайырымдылық әрекетін жалғастыру үрдісі
XVIII ғасырдың ортасында филантропия, қайырымдылық әрекетін
жалғастыру француз революциясына енеді. Ал революция елдегі өндіріс
саласының даму қарқынын жылдамдатуға әсер етеді. Француз әділет
басқармасының 1826 – 1886 жылдар аралығындағы статистикалық
мәліметтерінде сауда мен өнеркәсіп орындарының қиыншылықтары,
өндіріс банкроты, еңбек ақының төмендеуі, жұмыс орнының қысқаруы,
осылардың салдарынан елде қылмыстың аяқ астынан көбеюіне әкеліп
соққанын мәлімдеген. Содан мемлекет адамдары, филантроптар өздерінің
жұмыстарын жазалау жүйесін жаңаша көрсету мақсатына арнады.
Сөйтіп, олар ғасырдың соңғы жүз жылы ішінде көптен – көп түрмелер,
түзеу колонияларын салады. Америка Құрама Штатының тәжірибесі
негізінде олар түрмеге оңаша қамау түрін енгізеді. Капитализм әлемінде
қылмыспен күресудің мұндай жолдары өз нәтижелерін бермеген соң,
ағылшын королі Елизавета дәуіріне еліктеп елде қайырымдылық
мекемелерін құру қажеттігн анықтайды. Сөйтіп, қоғамдық көмек
ретінде кедейлерге азық – түлік, ғалымдар мен студенттерге ғылыми -
тәжірибе жасауға, көшені қаңғыбастардан тазарту үшін олар қонатын
баспана, басқа да жағдайлар жасайды. Осылайша буржуазияның жеке
қайырымдылық шаралары тағы құрметке ие бола бастайды. ХҮІІІ
ғасырдың аяғы мен ХІХ Германияда прогрессивті буржуазиялық
педагогикалық ағым дами бастады. Бұл қозғалыс Германия мемлекетінің
саяси – экономикалық жағынан артта қалған кезеңінде дамиды. [3]
Филантроптар Локк пен Руссоның идеяларына үлкен мән
береді. Филантроптық педагогикалық ағымның негізін салушылар деп
Иоганн Бергард Базедовты (1724 - 1790) санайды. Базедов филантроптық
педагогиканың негізгі принципін былай тұжырымдаған: Табиғат!
Мектеп! Өмір! Былайша айтқанда, оқыту мен тәрбиелеу арқылы жас
адамды буржуазиялық ортадан педагогикалық қызметке дайындау.
Нәтижесінде филантроптар алғашқы рет өздерінің интернаттық оқу – тәрбие
мекемесін құрды.
Оның негізін салушы ғалым Базедов алғашқы рет
филантропияда жабық түрдегі тәрбие мекемесін бәрімізге белгілі
интернат деген атпен береді. Ең алғашқы осындай мекеме
И.Б.Базедов Дессауда 1774 жылы ашқан. Бұл мекеменің аты
филантроптық болғанымен, онда негізінен ауқатты адамдардың балаларын
оқытуға арнап, жылына 200-250 талер төлеген. Мектепте бұл
оқушылардан басқа 6 жас пен 18 жас аралығында кедейлердің
балаларын қабылдап, оларды оқытып - тәрбиелеу үшін қайырымдылық
қаржысынан көмек беріліп отырған. И.Б.Базедов филантроптық жұмысты
1778 жылға дейін басқарады. Ұйымдастыру жұмыстары мен әрдайым
қаржының жетіспеуіне байланысты 1793 жылы филантропия жабылуға
мәжбүр болады.
Америка Құрама Штаттары тоқырау жылдарында, ел экономикасы
терең дағдарыста болып, жұмыссыздық елді шарпыған, халықтың 25
пайызы тіршілікке қажетті қаржысыз қалады. Күн көру үшін көпшілігі
үйлерін сатып баспанасыз қалған, әсіресе, әйелдер мен балалар қатты
жәбірленеді. Оларға қалай да болмасын көмектесу қажет болады.
Сөйтіп, 1935 жылы Федеральды Үкімет (Президент Рузвельт) Велфер
атты бағдарламаны қабылдайды. Бұл бағдарламаның басты мақсаты
жалғыз басты әйелдер мен балалар және жұмысқа жарамсыз адамдарға
көмектесу, ал екінші мақсаты әйелдерді еңбек рыногына араластырмау.
Бағдарламаның алдына қойған мақсаты орындалған, олай дейтін
себебіміз, әйелдердің мемлекеттің қайырымдылық көмегіне үйренгені
соншалықты, оларда жұмыс істеуге деген ниет ешуақытта пайда
болмаған. Америка Құрама Штатында тұратын үш адамнан құралған
отбасы мүшелері жылына 12 мың доллар, ал Массачсетс штатында
жылына 7,47 мың доллар алып отырған. Егер осы штатта 100 мың адам
жұмыс істесе, 98,8 мың адам - еңбек еткісі келмейтін жалғыз басты
әйелдер. Себебі мемлекет оларға мұқтажсыз өмір сүруге мүмкіндік
жасаған. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әрбір американдық
көмектен басқа әрбір американдық филантроптар мен ерікті
қайырымдылық ұйымдарының көмегіне сенім арта алады. Көптеген
осындай қайырымдылық үшеуін: Корнеги қоры, Форд және Рокфеллер
қоры қаржыландырады екен. Соңғы 25 жыл ішінде американдық
серіктестіктер халықтың әл – ауқатын, тұрмысын жақсарту үшін 50
миллион доллар жұмсаған. Елде орта есеппен алғанда барлық ересек
американдықтардың 55 пайызы қандай да болмасын бір ерікті
қайырымдылық істеріне қатысады екен. Олар жылына қоғамдық жұмысқа
84 миллиард сағат жұмсап, әрбір американдық өз бюджетінің 1,8
пайызын қайырымдылық мақсатына арнайды екен. Осыдан түскен қаржы
жекеменшік колледждерді, университеттерді, ауруханаларды, балалар
үйлерін, соқырлар мен қарттар үйлерін және Халықаралық Қызыл Крест
мекемелерінің жұмысын қаржыландыруға арналады екен.[3]
1.3. Әр түрлі діни – наным, сенімдердегі қайырымдылық
1054 жылы құрылған Католик шіркеуі қайырымдылық көмек
көрсету бойынша үлкен тәжірибе жинақтады. Қайырымдылық шараларымен
монахтар, қайырымдылық орталықтары айналысты. Сонымен қатар жетімдерге
қолдау көрсету, кедейлерге қайырымдылық жасау істері католик
шіркеуінің маңызды жұмысына айналды. Қайырымдылық жасау аясында
Каритас католик ұйымы ерекше қызмет атқарды. Бұл халықаралық
ұйымдар қазіргі таңда 127 мемлекетте жұмыс жасайды. XVI ғ. пайда
болған протестантизм қайырымдылық жасаудан католик шіркеуінен өзіндік
ерекшеліктерге ие.
Реформаторлар католик қағидаларға қарама – қайшылық танытты.
Протестантизм діни тұрғыда ең алғаш әлеуметтік реабилитациялық
және психотерапиялық қайырымдылық қызметінің проблемаларын көтерді.
Протестантизм қайырымыдылқ шараларының институцианализациясына
бастама салды.
Антикалық мемлекеттердегі қайырымдылық көмек көрсетудің
сипаттамасына Рим империясында христиан дінінің тарауына байланысты
өзгерістер енгізілді.
Хрситиандық моральге сәйкес барлық адамдар, соның ішінде
еріксіз адамдарда түсігуге, сезінуге, қолдауға лайық деп есептеді.
Антикалық Греция мен Римде қайырымдылық көмек көрсетіліп отырды.
Яғни, кедейлерге нан, ақша, киім таратылды. Ал дәулетті адамдар
тарапынан өнер мен ғылымға меценаттық жанашырлық танытты.
Қайырымдылықтың қатарына Антикалық дәуірде басшылар және бай
адамдар қамтылды. Антикалық кезеңде ежелгі Грецияда, Афинада
кедейлерге арнайы қайырымдылық көмек көрсету әлеуметтік үйлерде
жүзеге асырылды.
Ал Үндістандағы кейбір қайырымдылыққа байланысты мәселелерді
қарастыратын болсақ, олардың бірі діни – наным, сенімдермен тікелей
байланысты нашақорлардың пайда болуы болып саналады. Үндістандағы ең
негізгі ритуалдардың бірі отқа слма сусынын құю. Ол сома сусыны
өсімдіктерден жасалынатын болған. Сонымен бірге Ежелгі Үндістанда
суитцидтер, әрі осы іс - әрекетті жүзеге асыруға байланысты
себепшілер мәселелері талқыланды.
Ежелгі Қытай тарихындағы Шан және Чжоулықтар ата – баба
рухына табынантын болған, олар өмірдегі белгілі бір күштер бізді
қорғап жүреді деген ұстанымдарды ұран тұтты және оларға арнап
құрбандық шалды. Шицзин өлеңдер, тақпақтар және арнайы гимндер
жиынтығы болып табылады. Мұнда өздерінің жақындары үшін, әсіресе
қарт, қариямен, ата – анамен өсіп келе жатқан балалар үшін еңбек
етілуі керек делінген болатын. Ежелгі Қытай тарихында 2 құқықтық
философиялық бағыттың мектептері қалыптасты: Конфуцийлық және
легизм. Қайырымдылық жақындарға жақсылық жасау, адамгершілік
мәселелері этикалық Қытай философиясынан бастау алған. Конфуцийдың
ойы бойынша байлық пен қайырымдылық адамдардың белгілі бір
жағдайларына байланысты қалыптасады дейді.
Ислам дінінідегі қайырымдылық. Ислам діні басқа да ілемдік
діндер секілді тұлғаның адамгершілік қасиетінің қалыптасуына зор
көңіл бөлді. Құранда ір түрлі моральдық нормалар адам туғаннан өлгенге
дейінгі кезеңді қамтитын нормалар айқындалған. Құранда қиын жағдайға
душар болғандарға тек қана қайғысына ортақтасып қоймастан, сонымен
қатар көмек көрсетуді атап айтқан. Сонымен қатар Ислам дінінде
жетімдерге қолдау көрсету, зекет беру мәселелері қамтылған.
Жетімдердің мүліктеріне басқа адамдар қолқа салатын болса, тозаққа
барады деген. Және құранда ата-аналардың өз балаларын өлтіруге
тиым салынған. Ересек адамдар құранға сәйкес бұрын қайырымдылық
деп есептегенімен, қазіргі таңда мұқтаждарға көмек ретінде салыққа
айналған зекет төлеу міндетті. Сондай-ақ құранда өз құлдарына
қайырымдылық көрсету мәселелері қарастырылды. [4]
Мұхамед Пайғамбар кедейлерге еңбек етуді үйрету керек
және өз тұрмыс-тіршілігіне қажетті қаражатты табуға үйрету керек
деген. Ислам дінінде қайырымдылық жасаудың үш түрін бөліп
көрсетеді:
1) қайырымдылық жасау;
2) садақа беру;
3) өзінің мал-мүлкінің бір бөлігін мүлкі жоқтарға
бөліп беру.
Иудаизим және қайырымдылық. Қайырымдылық жасау тәжірибесі
ежелгі Еврейлерде алғашқы болып қалыптасты. Ежелгі Еврейлерде
жақынына көмектесу, қайғысына ортақтасу туралы адамгершілік
нормалары болған. Тальмудта қайырымдылық Цдака тура бағыт
ұғымымен байланысты, яғни ауқатты адам материалдық тұрғыдан
кедейлерге көмектесу керек. Сонымен қатар, кедейлерге арналған
арнайы асханалар құрылған. Иудаизм жолын салушылар арнайы
қайырымдылық кассаларын құрды. Және кедейлер осы кассаға кезекке
тұрды. Бұл касса құлдарды сатып алуға және кедей келіншектердің
қалын-малын төлеуге жұмсалған. Біртіндеп келе иудаизмде әлеуметтік
көмек көрсету бағыттары бекітілді:
1) қайырымдылық кассасы арқылы ақшалай көмек
көрсету;
2) азық – түлікпен қамтамасыз ету;
3) киім – кешек тарату.
ІІ Тарау. Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық
2.1. XIV – XV ғасырдағы қазақ халқындағы қайырымдылық
Қайрымдылық қазақ халқына тән қасиет пе?
Біздің ойымызша, сол басқа ұлттан үлгі алсақ та
өзіміздің қанымыз бен жанымызға қайрымдылық мінез әбден сіңген.
Арғы тегі сақтардан бастау алып, түркі тілдес тайпалардан бөлініп,
қазіргі заманғы рулы ел, ұялы ұлт болғанша қазақ халқы ең кем
дегенде бес – алты мың жылдық тарих талқысынан өткені мәлім. Оның
ең басты - халқымыздың ұлттық әдет – ғұрпына, сана – сезіміне,ата –
салтына, азаматтық ар – ожданына ұялаған ерекше қасиеттері.
Қайрымдылық қазақ тіршілігінде түрліше іске асырылып отырған.
Біріншісі - жылу жинау әдет – ғұрпы. Мәселен, әр түрлі себептерден
табиғат апатының салдарынан малынан малынан, үй – жайынан айрылып
қалған адамдарға ел – жұрт , ауыл – аймақ дүние – мүлік, мал жинап
берген.
Екіншісі – көрші – қолаңның, ағайын – туыстың жалғыз аты
немесе сиыры өлсе, оның етін көпшілік болып бөлісіп, орнына
бірігіп мал сатып әперуі. Үшіншісі - алыс сапарға аттанғанда
кедей қауымдастарына сорпа – су деп ұсақ малдан қарасу, мініске
деп жылқы беру, көлік деп көшуге , малға жем – шөп даярлауға қажетті
түйе беріп көмектесуі. Төртіншісі – кедей – кепшіктерге жаз кезінде
сауынға мал беруі. Бай адамдар қашан болсын кедей – кепшіктерге, жетім
– жесірлерге, мүгедектерге, қайыршыларға жәрдем көрсетіп отырған. Айта
берсек, жетіп артылады. Осының өзі – ақ қайрымдылық қазақы қасиет
деуге болады. Қазақ халқы қайырымды болудың қажеттігін балаға ес
кіргеннен бастап айтып, бойына сіңіріп отырған.
Ескіден қалған бір тағылым – Асқақ Темір Қожа Ахмет
Иассауидің ескерткішін салдырғанда оның бір бөлмесіне қазандық
жасап, оған 60 шелек су сиятын Тайқазан орнаттырған. Заманында
осы қазанға 2,5 батпен ақталған бидай, 2,0 батпен ет салып пісіріп,
әр жұма мен дүйсенбі күнднрі алыстан келген табынушыларға ,
сопыларға, мүриттерге, мүсәпірлерге, дәруіштерге тамақ береді екен.
Бұл – сонау XIV -XV ғасырдағы қазақ еліндегі қайрымдылық. Бұрынғының
ауқатты адамдары алдына деген мүгедек – мүсәпірлерге мал – мүлік беріп,
ел қатарына қосқан. Ертедегі байлардың қайрымдылық істерге баруы да
бір жағынан қайрымдылық , екінші жағынан отансүйгіштік сияқты.
Аурухана, мешіт, шіркеу, мұражай сияқты орындарда салдыру қашан да
қай халықта болсын бар. Құнанбайдың Қарқаралында мешіт, ал Меккеге
барғанда қандастары тоқтайтын қонақ үй салдыруы, сол кездегі бай
шонжарларлың қайрымдылық істері. [4]
Қайрымдылықты ісләм діні де қуаттайды. Құран Кәрім мен шариғат
оны заңдастырылған. Әрбір мұсылманның бес парызының ішінде қайыр –
садақа беру де бар. Біз сияқты нарықтық экономикаға көшіп жатқан
мемлекетке ізгілік мәселелеріне көңіл бұрып отыру өте қажет.
Кезінде қандай экономика үстемдік етпесін әр халықтың ерекшелігіне
қарай сапалық белгісі болады. Мысалы, кәрістерге – еңбексүйгіштік,
немістерге – тазалық, тыңғылықтылық, американдықтарға – іскерлік,
жапондарға – қоғамдастық, қазақтарға – қайрымдылық тән екен.
Қайрымдылықты сөз еткенде бүкіл әлемнің бедел биігіне көтерілген
Тереза шешей туралы айтпай кетуге болмас. Оның қайырымдылық жолы
тарихқа өшпейтін із қалдырған. Тереза шешей 1950 жылдан бастап әр
түрлі діни бірлестіктер ашып, оны қайырымдылық орденіне
айналдырған.
2.2. Егемен еліміздегі қайырымдылықтың дамуы
Қазақстан Республикасының Коституциясында белгіленгендей,
Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет. Яғни мемлекет өзінің
бар мүмкіндігін, қамқорлығын өз қоғамының дамуына, ондағы
азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге міндетті. Бүгінге дейінгі
қол жеткізген қол жеткізген табыстарымыз – егемендік, тәуелсіздік
бізге тек қана ілгерілеуге және өркениетке қарай жол ашты. Дербес
мемлекетке айналған тұста біздің Республика аграрлық ел еді. Енді
халықтың жартысына жуығы қоныстанған жерлердегі ұжымшарлар мен
кеншарларға қажетті қаржы тауып беруге жас мемлекеттің шамасы
келмей қалды. Содан Үкімет амалсыздан ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарын жекешелендірді. Нәтижесінде жұмыссыздық басталды.
Халық, әсіресе, жастар үлкен қалаларға көше бастады. Ресми
мәліметтерге сүйенсек 1996 жылдың аяғында Қазақстандағы халықтың 44
пайызы ауылда тұрған екен, ал 1997 жылдың аяғында бұл сан 35
пайызға дейін азайған, әлі де азаюда. Еліміздегі еңбекке жарамды
адамдардың 258 мыңға жуығы жұмыссыз екен. Бұған 5,5 пайызы ақысыз
демалыста жүргендер қосылады және де барлық жұмыссыздардың 41
пайызы 16 мен 29 жастың аралығындағы жастар. Басқаша айтқанда,
Қазақстанды жаңа ғасыр барысына айналдыруға тиіс жас ұрпақ
жұмыссыздардың жартысына жуығын құрап отыр. ...Қазақстанның
гүлденуі үшін Республиканың барлық халықтарының ынтымақтасуына, әр
адамның бақыты мен бостандығына, барлық азаматтардың материалдық
және рухани мәдениетін көтеруге қамқорлық жасау - дейді ел
Президенті Н.Ә.Назарбаев. бұл ретте мемлекет зейнеткерлер,
мүгедектер, көп балалы отбасылар, еңбекке жарамсыз азаматтар
алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық сақтауда.
Әлеуметтік қолдау ең алдымен, халықтың онсыз өмір сүре алмайтын
тобына мақсатты әрі нысаналы сипатта көрсетілуде. Оған дәлел
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылы шілденің 18де Міндетті
әлеуметтік сақтандыру туралы заңын 1997 жылы маусымның 16-да
Мүгедектігі бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы және жасына
байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңы осы
жылдың 20-шы маусымында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңы
және 1997 жылдың 10-шы желтоқсанында Қазақстан Республикасы
Президентінің Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпы
ұлттық қор туралы жарлығы қабылданып, онда Қазақстан
Республикасының Үкіметі тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнінде
жалпы ұлттық қор құру арқылы, оның қызметінің негізгі бағыттарын,
яғни тұрмысы төмен азаматтарға материалдық, қаржылық ресурстарды
беру, қызметтер көрсету, әлеуметтік бағдарламалардың іске асуына
жәрдемдесу, облыстарда халықтың табысы аз топтарын әлеуметтік
қорғау жөніндегі азаматтық қайырымдылық қорларын құру құрастырылған.
Нарықтық қатынастарға көшу жағдайы және соған сәйкес
республикамызда экономиканың тұралап қалуына байланысты жетім
балаларды, көп балалы, жалғыз басты аналарды, қарттарды, сонымен
қатар жағдайы нашар азаматтарды әлеуметтік, құқықтық және
материалдық жағынан қамқорлыққа алу мәселесі қоғам үшін маңызды сипат
алып, оларды үкімет тарапынан дер кезінде шешу табанды түрде талап
етілуде. [5]
Қазақстан экономикасы баяу дамығанымен дұрыс жолмен
келеді, оған қолдан келгенше үлес қосып жатқан қайырымдылық
қорлары, шетелдік компаниялар. Ғасырлар бойы ауыл – ауыл, ата – ана,
ру – ру болып қауымдаса тіршілік кешкен қазақ қоғамындағы әр
ауыл, әр ру белгілі батырлардың, беделді билердің маңында
топтасқан. Сол дара тұлға өзіне паналаған елді жауға алдырмай, аштыққа
ұшыратпай, аман – есен өсіріп - өрбітуді парызы деп санаған. Қазір де
беделді де бірлікті азаматтар маңына бірігіп, шаруашылықтарын жүргізе
бастаған қожалықтар мен шағын фирмалар жұмысын да осы дәстүрдің
ұшынан байқау қиын емес. Тәуелсіз қазақ мемлекетінің жүріп өткен
жолын зерттесек, соңғы жылдар ішінде қазақстандықтардың тұтастығын
мақсат ете отырып, күш – жігерді нақты экономикалық және қоғамдық
өмірді жақсартуға бағыттау бет бұрысын байқауға болады.
Қазақ халқының өткені бай. Соңғы жылдары халқымыздың
өміріндегі шарықтау мен құлдырауы, қуанышы мен жеңісі тарихтың
жарқын беттерінен орын алған. Тарихи құнарға бай топырақтан өнікті
дәнді таба білу – жалпы өркениеттің дамуында жаңа белестерге
жетудің алғышарттарын құрары белгілі. Бұқаралық ақпарат
мәліметтеріне жүгінсек елімізде 1 миллионнан астам мүгедектер бар
екен. Жылына он мыңға жуық ауру еәрестелер дүниеге келетін
көрінеді. Тек Алматының өзінде екі мыңнан астам мүгедек балалар
бар екен. Оған қоса елімізде бір миллионға жуық алкоголиктер,
жазылмайтын дертке шалдыққандар болса, экологияның бұзылуы, атом
сынағының зардабы, бұған қоса жылына он мың адам өндірістен
мүгедектік алатын көрінеді. Араққұмар ата – анасынан қашқан балалар,
тастанды сәбилер, босқындар күннен күнге көбейіп бара жатқан
сияқты. Республика бойынша 1995 жылы Қабылдап - реттеу
мекемелерінен 8873 бала өткен болса, 1996 жылы түскен балардың
саны 11546-ға жеткен, ал 1997 жылы Қабылдап - реттеу мекемелеріне
түскен балалардың саны өткен жылдардағы балалардың санымен
салыстырғанда 36,4 пайыз өскен. Сөйтіп Республикамыздағы Қабылдап -
реттеу мекемелерінің саны 19-ға жеткен. Өткен 1999 да әлеуметтік
сипаттағы шараларға мемлекет тарапынан ерекше маңыз берілді. Еңбек,
жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау салаларының мамандары жергілікті
билік орындарымен бірлесіп, соғыс және еңбек ардагерлеріне,
мүгедектерге, зейнеткерлерге қайырымдылық акцияларын өткізу
барысында ақшалай, азық – түліктей көмектер көрсетілді, әлеуметтік
қолдау айлықтары ұйымдастырылып, кіріптар жандарға материалдық
жағынан түрлі жәрдемдер берілді. Қайырымдылық республикалық
акциясының өткізілуі Батыс Қазақстан облысында жалғыз басты
қарттарға киім – кешек жинауға ықпал етіп 177739 адамға материалдық
көмек жасалған. Жамбыл облысында 1576 адам материалдық көмек
алып, 97 бекетке 868 адамға арнап күнделікті тегін тамақтандыру
орындары ашылған. Шымкент қаласында 40 коммерциялық нүктеде 85
жалғыз басты қарттар мен мүгедектер жандарға күнделікті тегін ас
тегін ұйымдастырылған. Қаржы көлемі мен тамақтандыру, өзге де
көмек қомақты болмағанымен, осындай қиын уақытта адам тағдырына
деген жанашырлыққа үндеген шаралардың маңыздылығында күмән жоқ. [6]

ерекшеліктері
Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің
айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік
қарым – қатынастарын білдіреді.
Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі – рухани –
экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
екіншісі – іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге
ұмтылу).
Сондай – ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық
болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, жомарттық,
әділдік жатады. Ал интеллектуалдық қайырымдылыққа даналық, парасат,
ақыл – ой тапқырлығы мен өткірлігі, сезімталдық жатады Адам өз
ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерді
баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан – жануарларға, табиғатқа
қамқорлық жасау – қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан
жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын,
жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды.
Қайырымдылықты – мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге
болады. Ол кейде кедей – кепшік, жарлы – жақыбай жандарға
көмектесумен, қайыр – садақа берумен де көрініс табады. [6]
Қазіргі кезде әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік көмек
көрсетудің 13500 орындық 68 стационарлық мекемесі жұмыс істейді,
көпшіліктің назарынан республикадағы 68 интернат үйлері де тыс
қалмаған. Президентіміз 2030 жылға дейінгі Қазақстан халқына
жолдауында денсаулық сақтау, рухани толысу, өсіп – өркендеу жөнінде
де көп айтылды. Оның іске асуы үшін біздің әрқайсымыз оған өз
тарапымыздан қолдау көрсетуіміз керек. Осынау қоғамдық және ұлттық
мәселелерді шешу мақсатында оған қол ұшын беру үшін Республикамызда
көптеген қайырымдылық қорлары жұмыс істейді. Ол қорларды атқарып
жатқан қызметі мен алдына қойған мақсат, міндеттеріне қарай
төмендегіше топтастыруға болады. [7]
1. Балалар қайырымдылық қорлары: а) Республикалық
Бөбек балалар қайырымдылық қоры. б) Еліміздің облыс орталықтары мен
ірі қалаларда ашылған балалар қайырымдылық қорлары.
Алматы облыс – Балбөбек балалар қоры, Алматы қаласы - Алматы
– Бөбек, Қызылорда қаласы – Ақ ниет орталығы, Жезқазған облысы –
Сәби орталығы, Қарағанды оьлысы – Бота орталығы, Орал қаласы –
Бөбек қоры, Семей қаласы – Жанашыр қоры, Атырау қаласы –
Балбөбек қоры, Маңғыстау облысы – Бөбек қоры, Қостанай облысы –
Болашақ қоры, Көкшетау қаласы – Болашақ қоры, Оңтүстік Қазақстан
облысы – Бөбек қоры, Солтүстік Қазақстан облысы – Балдырған
қоры, Жамбыл облысы – Өркен қоры, Ақтөбе қаласы – Ақ бөбек қоры,
Шығыс Қазақстан облысы – Бал - бөбек қоры.
2. Мүгедектерге қайырымдылық көмек қорлары:
Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау Жалпы ұлттық қайырымдылық қоры,
Республикалық Бибі - Ана мүгедек әйелдер қоры, Жан атты мүгедек
балалар отбасына көмек қоры, Республикалық мүгедектер қоғамы, Ауғанстан
ардагерлер комитеті қайырымдылық қоры.
3. Рухани қорлар:
Шапағат қоғамдық қайырымдылық қоры, Иман қайырымдылық қоры,
Қазығұрт қайырымдылық қоры, Қазақстан Мұсылман Орта Азия
комитеті қайырымдылық қоры, Арыс қайырымдылық қоры, Фатима
мұсылман әйелдерінің діни қайырымдылық ассоц-сы, Ұшақтағы госпиталь
халықаралық ізгілік қоры, Халықаралық Ақ ниет ізгілік қоры,
Мәдениет пен өнерді қорғайтын қор, Халықаралық рухани бірлестік
конгресі қоры, Ардагер қаламгер қайырымдылық қоры, Абу - Даби
қайырымдылық қоры, Қоныс қайырымдылық қоры, Рухани және моральдық
білім беретін халықаралық ұйымы, Қожа Ахмет Яссауи қайырымдылық
қоры, Халықаралық Нәзір қоры.
4. Халықаралық қайырымдылық қорлар:
Сорос - Қазақстан қоғамдық қайырымдылық қоры, Халықаралық американ
қайырымдылық корпусы, Спешиал Олимпикс Интернеишл халықаралық
қайырымдылық қозғалысы, Helping Haandds International - Руки
помощи - Қол ұшын беру - қайырымдылық қоры, SOS – Киндердорф
Интернационал қайырымдылық қоры.
5. Тұрмысы төмен азаматтарға қайырымдылық көмек қорлары:
Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі жалпы ұлттық қор,
Д.А.Қонаев атындағы зейнетақы қоры.
Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастыққа енуімен көптеген
өркениетті елдерде қалыптасқан әлеуметтік әрекеттерді қабылдады және де
олардың кең көлемде дамуына жағдай жасады. Мемлекеттер арасындағы қатынас
әлеуметтік тілектестікке негізделді. Қазақстанның әлеуметтік қауымдастыққа
енуі дәстүрлі өмір салтын өзгертті. Әлем елі өзара қауымдастыққа
революциялық жолмен жүру арқылы енеді деген көзқарас күйреді. Адам баласы
қоғамында глоболизация деп аталатын - жаңа кезең пайда болды. Халықаралық
ұйымдардың өзара қарым- қатынасы күшейте түсті, соның нәтижесінде
әлеуметтік ұйымдар, олардың ұйымдастырушылары өзара кең түсінікте бола
бастады.
М. Вебердің пікірінше социологияның негізгі мақсаты әлеуметтік
әрекеттерді оның себептері арқылы түсіндіру болып табылады. Халықаралық
әлеуметтік ұйымдардың өзара әрекеттері адамдардың өз ісіне өзі мән беру
арқылы жасалатын және ол іске асырылған жағдайда жауап қайтару мүмкіндігі
ескерілетін іс- қимыл.[8]
Сондықтан әлеуметтік әрекетті түсіндіру үшін ең алдымен
әрекеттерінің өз ісіне берген мағынасын анықтау қажет екіншіден
әлеуметтік әрекеттің себептік мотивтерін анықтау қажет. М. Вебердің
пікірінше әлеуметтік әрекеттер үлкен әлеуметтік өзгерістерге әкеледі.
Сондай ақ әлеуметтік әрекеттер институттар мен топтардың іс- әрекет
сипатына әлеуметтік ықпал етеді. Сөз жоқ, өркениетті елдердегі әлеуметтік
әрекеттер бірінші кезекте қайырымдылық ұйымдарының өзара қарым -қатынасын
жақсарта отырып, қоғамның тұрақталуына толық әсер ете бастады.
Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі.
Соның нәтижесінде оның өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарына қол ұшын беріп,
халықтың әлеуметтік жағдайына көмектесу халықаралық сипат ала бастады.
Бүгінде әлем түбірінен өзгерді, дүние жүзілік саясат өткен ғасырлардын
өзгешелене түсті.
Бұл күнде дүние жүзіндегі бірден- бір беделді де белсенді
гуманитарлық қоғамдық қайырымдылық ұйымының бірі - халықаралық Қызыл Крест
Комитеті. 1863 жылы швецариялық коммерсант Анри Дюнанның бастамасымен
жаралы адамдарға тұрақты көмек көрсету үшін Халықаралық Қызыл Крест
Комитеті құрылған. [9]
1864 жылы Женева қаласында Дипломатиялық конференция болып, онда 12
мемлекеттің өкілдері Халықаралық келісім шартқа қол қойған. Ал 1876 жылы
бұл Халықаралық Қызыл крест Комитеті болып аталды. Осы қозғалыстың
негізін салушы Анри Дюнанның туған күні құрметіне 8 мамыр бүкіл әлемдік
Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамының күні деп белгіленді.
Бұл қоғам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1992 жылғы
Республика Президентінің Жарлығына сәйкес өз жұмысын атқарып келеді. Қоғам
негізінен қарулы қақтығыстарда зардап шеккендерге көмектесу, табиғат
апаттары жайдайында қол ұшын беру, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына
жәрдемдесу, халықаралық гуманитарлық құқықтық принциптерін орындау,
шетелден мемлекетімізге гуманитарлық көмек ұйымдастыру, сондай- ақ ұлттық
қоғамды нығайту жөніндегі жарғылық қызметіне сүйеніп жұмыс шақта, яғни
қарулы қақтығыстар, соғыс кезінде, сондай- ақ ірі табиғат апаты жағдайында
тек ұлттық Қоғам ғана заңды түрде шет мемлекеттерге шығып, Қызыл Крест
және Қызыл Ай қозғалысына кіргендіктен, соның бір бөлігі саналатын,
бүгінде Алматы қаласында орналасқан халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай
Федерациясының өкілдері арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды,
ақпараттарды біліп отыруға құқы бар.[11]
Ұлттық қоғамның әлеуметтік жағдайы нашар адамдарға көмектесу жөніндегі
жобалары мен бағдарламаларын қазір Халықаралық Федерация қаржыландырып
отыр. Дүние жүзіндегі ұлттық қоғамдар қаржылай табыс көзін негізінен
қайырымдылық жасаудан, мүшелік жарналардан, мемлекеттік қызметтен түскен
табыстардан алады. Қызыл Крест және Қызыл Ай Халықаралық Федерациясының
штаб- пәтері Женевада орналасқан.
Қоғам соңғы бес жыл көлемінде Республикадағы тұрмысы нашар әлеуметтік
жағынан әлсіз топтарға, сондай- ақ мемлекттік емдеу мекемелеріне барлығы
40 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсеткен. 1997 жылы бұрынғы Семей
облысына жалпы бағасы 1 миллион 263 мың долларға 19 контейнер азық- түлік
жіберілсе, бұрынғы Көкшетау облысына 1,8 миллион долларға азық- түлік
партиясы бөлініп, ол 9 ауданның 22 мың тұрмысы нашар отбасыларына
таратылып берілді. Ал жетім балалар үйіне 332 мың доллардың киім-кешегі
үлестірілген. Сондай- ақ Германияның Қызыл Кресінен келген жалпы сомасы 5
миллион 433 мың неміс маркасы болатын дәрі- дәрмек, медициналық
хирургиялық құрал -жабдықтар, ауруханалық құралдар Қазақстанның сегіз
облысындағы мемлекеттік ауруханаларға бөліп берілген.
Қазір Жапон Қызыл Крест мен түрік Қызыл Айынан минералды сулар құю
жүйесінен орнатуға қаржы бөлінсе, Германия, Ирландия Қызыл Крестерімен
кішігірім наубайханалар, диірмендер, тамақ өнімдерін шығаратын мекемелер
ашу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Ал Нидерланды, Франция мен Норвегия
қоғамдары медициналық спирт шығаруға, дәрі дәрмектерді орайтын цехтар,
тұрмысы төмен адамдар үшін дәріхана ашуға ниет білдіруде.
Қазақстан Қызыл Крест және Қызыл Ай Ұлттық Қоғамы елімізге
қайырымдылық шараларын жасауда, ал бүгінгі таңда елімізде мейірімділік
қызметінің көмегіне мыңдаған адам мұқтаж болып отыр. Олардың саны ұдайы
өсіп келеді. Жер жерде қайырымдылық асханалары ашылып, онда бір мезгіл
мұқтаж адамдар тамақтануда. Қаладағы жалғызбасты зейнеткерлерге,
мүгедектерге, көп балалы отбасының мүшелеріне, сондай ақ тұрмыс
жағдайлары тым төмен жандарға арналған қайырымдылық шараларының қаржысын
Халықаралық әйелдер клкбы мен Қазақстандағы шетелдік дипломаттардың
жұбайлары бірігіп, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын жәрмеңкеде сатып,
қайырымдылық көмегін көрсетіп отыр.
Америка Құрама Штатының Нью-Йорк қаласында Ашық қоғамдық
институтының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының қоғамдық қорлар
жөніндегі заңына сәйкес Қазақстанда 1994 жылы құрылған Сорос- Қазақстан
қоғамдық қайырымдылық қоры 1995 жылы шілде айында Әділет министрлігі
арқылы тіркелді. Оның құқықтық құрылымы- қоғамдық қайырымдылық қор. [12]
Сорос Қазақстан қоғамдық қайырымдылық қоры. өз жұмысын
Республикамызда коммерциялық негізде емес, білім, мәдениет, ғылым, құқық
қорғау, азаматтық қоғам және қоршаған ортаны, денсаулық сақтау, тіл
білімдері саласында жүзеге асырады.
Ол тапқан табысының жартысына жуығын шамамен 300 миллион американ
долларын қайырымдылық мақсатқа жұмсайды. Қазірде аты әлемге әйгіленген
қаржыгер, осынау маңдай алды миллиардер ақшасын ізгі мақсаттар жолына
аямай, оңды- солды шашып жатқан жомарт жан адамсүйгіш қайырымды филантроп
қана емес, сонымен бірге өзінің ұстанған өмірлік қағидалары хақында пікір
көзқарастарын белгілеп, ондаған құнды еңбектер жазған философ.
Джорж Сорос жоқшылықты көрген, жалаңаяқ жарлының да күйін кешкен,
эмигрант болудың да зардабын тартқан. Сөйтіп жүріп, Лондандағы экономика
мектебін бітіріп, бірнеше фирмаларда түрлі қызметтерді атқарады. 1969 жылы
оның инвестициялық мансабының шұғыл өрлеуі басталады. Сорос кейіннен дүние
жүзілік даңққа бөленген Квантум групп фирмасының басшы иегерінің бірі
болды. Жұмысты қарызға алынған төрт миллион доллардан бастаған бұл фирма
төрт миллиардтан астам қаржыға қожалық етеді. Жыл сайын 35 пайыз өсім
беріп отырған
Квантум групп Сорос компаниясының біреуі ғана. Джордж сорос бір-ақ
күнде 958 миллион доллар табыс табады. Сол бір-ақ күнде атақ даңқы айдай
әлемге жайылады. Сорос қорлары ширек ғасырда әрбір жұмыс күні сайын орта
есеппен 750 миллион доллардың құнды қағаздарын сатып және сатып алып
отырады. [13]
Сексенінші жылдардың басына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz