Отбасы мен неке мәні мен мазмұнын ашу



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі.
Еліміздің тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы біраз
жылдар өтті. Қазақстан мемлекетінің мығым болу-болмауы осы отбасы
мен неке құқықтарының реттелуіне байланысты. Кешегі патшалық және
кеңес өкіметі бұрыннан мызғымай келе жатқан отбасы және неке
заңдарымыздың тамырына балта шауып, іріткі салғаны бәрімізге аян.
Қазір Қазақстан үшін отбасы және неке мәселесі бірінші
орында тұрған мемлекеттік саясатқа айналуы қажет. Өйткені, Қазақстан
мемлекетінің мығым болу-болмауы осы отбасы және неке
құқықтарының реттелуіне байланысты. Сол себепті де, бұл тақырыптың
маңыздылығы өте зор үлкен. Бұл мәселеге мемлекеттік тұрғыдан қарап,
оның маңызын ешуақытта да төмендетуге болмайды.[2.13.]
Отбасы – ұлттық және рухани дәстүрлер мен құндылықтарды
үйрететін бір мектеп. Отанға деген борыштарымыз алғаш осы
отбасындан басталады.
Отбасылық құқықтың негізгі қайнар көзі 1998 жылы 17
–ші желтоқсандағы “ Неке және отбасы туралы заңы ” болып табылады.
Неке отбасы заңы 7 бөлімнен , 29 тарау, 213 баптан тұрады.
Қазақстан Республикасы үшінші мың жылдықтың табалдырығынан тәуелсіз
ел ретінде аттап, құқықтық – демократиялық мемлекет негізін
қалыптастыруға кірісті.
Тақырыптың маңсаты: Отбасы мен неке жайлы қағида – ережелердің
түсінік бере отырып, оның мәні мен мазмұнын ашу барысында , қазіргі
отбасы жағдайы туралы негізгі ерекшеліктерін белгілеп, олар отбасы
және неке нормаларында орын тауып, нақтылы көрсетілуін анықтау.
Тақырыптың міндеттері:
- Неке және отбасы ұғымы және отбасылық қатынастарды
мән бере отырып анықтау.

- Отбасы түрлерінің ерекшеліктерін ашып көрсету.
- Неке мен отбасын қорғауды талқылау.
- Некеге тұрудың шарттары мен тәртібінің ерекшеліктерін ашып оның
рөлін анықтау.
- Некені тоқтату және оның негігі тәртібімен танысу.
- Некені тоқтатудың құқықтық салдарын ашып көрсету.

Зерттеу обьектісі: Отбасы мен некедегі құқықтық қатынастарды орындау
және бұзуға байланысты істерді қарау соттардың заңдылықтарын
қолдану.
Зерттеу жұмысының дерек көзі. Отбасы және неке құқықтары әрине,
қоғам, мемлекет болғаннан соң, оның күн тәртібінен түспей, үнемі
қадағаланып отырады. “Неке және отбасы туралы” 17.12.98 жылғы
Қазақстан Республикасының Заңы.[9]“Құқықтық жәрдем көрсету және
азаматты, отбасылық сондай-ақ қылмыстық істер бойынша ” Конвенция
03.01.93.[13] және Қазақстан азаматтарының шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ тұлғалармен жасасқан некесін тіркеудің тәртібі туралы
Әділет Министірлігінің Хаты 21.01.97.[14] “Некені бұзуға байланысты
істерді қарау кезінде соттардың заңнамаларды қолдану туралы”
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының Қаулысы
28.04.2000.[15] ҚР Заңы Азаматтық іс жүргізу кодекс 13.07.99.[11]
Бұл жұмыстың теориялық негізінде еліміздің заңгер - ғалымдары:
Т.М.Культелиев, С.З.Зиманов, С.С.Сартаев, Г.С.Сапарғалиев, М.Т.Баймаханов,
А.Ж.Жакипова, З.Ж.Кенжалиев, т.б. еңбектері қарастырылады. Тек соңғы
кездерді мерзімді баспасөздерде отбасы және неке жайлы мақалалар жарық
көре бастады.
Зерттеудің методологиялық негіздері: Зерттеудің методологиялық және
теориялық негізі - диалектика заңдары, әдеуметтану, педагогика және
психология ғылымдарының негізгі қағидалары жалпы мемлекет және
құқық теориясы, отбасы және неке ғылымдарының басты – басты қағидалары
мен тұжырымдары. Зерттеу барысында диалектикалық – материалистік,
жүйелік, тарихи, салыстырмалы, логикалық, ұлттық ерекшеліктерді
үйлестіру, талдау, жинақтау әдістерін кеңінен пайдаландық.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы: Негізгі идеялары мен қағидалары,
тұжырымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасындағы отбасы және
неке заңдарын кемелдендіруге, отбасын ыдыратып-күйретпей бекем
ұстауға септігін тигізеді, тарихи сананы қайта оятып, патриотизмге
баулиды, тек тазалығын сақтап, иманды болуға, үлкенді – құрметтеуге,
кішіні – іззеттеуге тәрбиелейді. Бұл зерттеу материалдарын кез-келген
құқықтанушылар, сот пен прокуратура, неке сарайы кызметкерлері,
азаматтық хал актілерін тіркеу мекемесіндегілер, студенттер
пайдалануына әбден болады.
Жұмыстың құрылымына келетін болсақ, ол кіріспеден, үш бөлімнен
және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың
жалпы көлемі 29 беттен тұрады..

1. Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынастар ұғымы.
1. Отбасының түрлері.

Заңдылық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала
асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан
туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін
тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтарымен
байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығын отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке
қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан
Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңы болып табылады.
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар
арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын
отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті
және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең
құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. [1.10. ]
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын
тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер
кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық
жасап, материалдық көмек көрсетсе-бұл да отбасы.
Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-
біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. [3.22.]
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан,
отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық
қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық
жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен , адамгершілік,
ізгілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет.
Сүйіспеншілік. Қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір
қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптаға сүйенеді (үлкенді
қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға
жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелеріне өзара келісім
бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне
қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға
араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастар
салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі
реттеледі, өйткені бұл қатынастардың обьектісі материалдық игілік болып
табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланыста. Мәселен,
отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және
жеке мүліктік емес қатынастарды реттуге азаматтық заңнама қолданылады,
өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.[9.6]
Туыстық және туысқандардың түрлері.
Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын
өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің
арасындағы қатынастар: өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кәмелетке
толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген
қатынастардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондықтан да мұндай
қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір
негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы
түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық.
Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтығына негізделеді. Туыстық
жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстық жоғары тармағы ұрпақтан
арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.),
төменгі тармақ – арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге,
шөбереге және т.б.).
Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негізделген. Мысалы,
бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары, бір жағдайда ортақ
атасы - әжесі, ал енді бір жағдайда – атасы болып табылатын көкесі мен
жиені.[2.55]
Мысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде
жақын, сондай-ақ алыс туыстық та есепке алынады. Бүгінгі күні
мүрагерлердің алты кезектілігі анықталған. Оларға: балалары, ерлі-
зайыптылар мен ата-аналарынан басқа (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының
туыстары, толық туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары,
сондай-ақ оның әжесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі
тәтелері (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтелері
(үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінге өзге
туыстары (төртінші кезеттілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем
дегенде он жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары өгей әкесі мен
өгей шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз
асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мүрагерлер
кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады.[6.26]
Сондай-ақ өсиет бойынша мүрагерлер де болады. Қайтыс болуына
байланысты өзіне тиесілі мүлікті бөлуде азаматтың разылығын білдіретін
өсиет деп атайды. Азамат өзінің бар мүлкін толығымен немесе бір бөлігін
өзіне жақын адамдарға, болмаса тіптен жақын емес адамдарға қалдыруын мұра
қалдырушының өзі шешеді. Бұл процеске ешкімнің араласуына құқығы жоқ.
Сондай-ақ мұра қалдырушы бар мүлкін заң тұлғаларына немесе мемлекетке өсиет
етуі мүмкін.[10.32.]
Туған ағалары мен қарындастары толық туыс және толық емес туыс болып
бөлінеді. Толық туыстар - бір ортақ ата-анадан тарайтын аға-іні, апа-
қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына
іні-қарындастар толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың әкесі бір,
шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды. Қазақстанның
отбасылық заңнамасы құқықтық жағынан ағасына іні-қарындастарды толық туыс
не толық емес деп айырамыз.
Толық емес туыс аға-қарындастары ерлі-зайыптылардың бұрынғы некелерінен
немесе некеден тыс туған туыс аға- қарындастармен шатастыруға болмайды.
Олардың ортақ әкелері де шешелері де жоқ, демек, олар туыс емес, сүйек
жақындары деп танылады. Ері мен оның туыстары бір жағынан, әйел мен оның
туыстары-екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар.
Өгей әке-шешесі және өгей ер бала менқызы да сүйек жақындар деп
есептеледі.[3.28]
Отбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы. Отбасының толық
және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата-анасы, балалары және
әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да ұрпақ өкілдері – атасы мен
әжесі болады.
Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен
сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса,
балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және
еңбекке жарамсыз ерлі-зайыптыны бағып – қағу үшін алимент төлейді.[4.41]
Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің
қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет
жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және
толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.

2. Неке мен отбасын қорғау.

Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады: юрисдикциялық
және бейюрисдикциялық. Біріншісінде – отбасының құқығы бұзылған немесе
дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды
қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал
актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер
органы.
Екінші түрі – отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі
азаматтар мен ұйымдардың іс-әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді
мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей-ақ өздері іске асырады. Мұндай
іс-әрекеттерді – құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған
баланың ата-анасы тәртіп бұзушы баланың ата-анасымен кеңесіп, оған
кешірім сұрауға ұсыныс жасайды және т.б.[1.36.]
Сот арқылы қорғау - отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып
табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары,
тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар - әкімдіктер үлкен рөл атқарады.
Мысалы, әкімдіктер ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай
балаларды есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмек
көрсетуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп алуға, сондай-ақ
алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты
шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін. [15.19.]

2. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі.
2.1 Неке жасы.

Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе бұзу үшін
тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі-зайыптылардың
құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді.
Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізілуімен ғана айналысып қоймай,
сондай-ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік
береді. Ерлі-зайыптық қатынастар, әдеттегідей ғұмырлық, яғни некеге тұру
белгілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады.
Қазақстан мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу органында
тіркелген неке ғана танылады.[4.35.]
Өмірде адамдардың некеге тіркелмей – ақ тұруы және жалпы
шаруашылықты бірлесіп жүргізуі жиі кездеседі. Мұны азаматтық неке немесе
некелік қатынастар деп атайды. Азаматтық некеден туған балалар да тіркелген
некеде туған балалар сияқты заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар
әдетте тараптар үшін заңдылық салдар туғызьайды. Мәселен, ерлі-
зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі туындамайды, еңбекке
қабілетсіз еркек пен әйел еңбекке қабілетті еріненне әйелінен міндетті
түрде мені бағып-қақ деп талап ете алмайды. Азаматтық некеде ерлі-
зайыптылардың өз міндеттерін орындауы ерікті түрде жүзеге асырылады және
заңмен реттелмейді. Ата- аналарының азаматтық некеден туған балаларын
тәрбиелеу мен бағып-күтудегі міндетінің бұған қатысы жоқ.[6.22]
Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік,
нәсілдік, ұлттыұ, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай
азаматтардың құқықтарын шектеудің кез-келген түрлеріне тыйым салынады.
Ерлі-зайыптылар қатынасына туыстарының араласуына жол берілмейді.
Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі
және олардың неке жасына жетуі болып табылады.
Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол
жарамсыз деп танылуға мүмкін. Некеге тұру келісімі некені тіркеу
рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және
оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата-аналардың немесе
туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанымен, қай жағынан алып
қарағанда да ата-анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі
күмәнсіз.[9.11.]
Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге
тұрушылар белгілі-бір рухани және күш-куат кемелдігіне ие болуы керек,
ол белгілі-бір жаспен байланысты. Біздің заманымызға сәйкес неке жасы – 18
жас.
АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі
жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың
некеге тұруына ата-аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі.
Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке
толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады.
Соның өзінде басқа да дәлелді себептердің болуы мүмкін.
Некеге тұратын адамдар медициналық, сондай-ақ медициналық -
генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері
бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай
тексерулернекеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі
тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық құпия
болып табылады және ол негеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен
адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.[4.38.]
Болашақ ерлі-зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы
келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде мәлімдеуі керек. Ал олардың
біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмоған
жағдайда қалай істеуі керек ? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына
келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұрудың қалайтындықтары
жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді.
Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік
азаматтық хал актілерін тіркеу органында қиылады. Некені сенім хат бойынша
немесе өкілдер арқылы қиюға тыйым салынады. Некені сенім хат бойынша
немесе өкілдер арқылы қиюға тыйым салынады. [15.6.]
Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра
алады. Алайда оларды мемлекеттік тіркеу АХАТ-та емес, бас бостандығынан
айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі.[14.8.]
Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген
некесінің болуы, болашақ ерлі-зайыптылардың жақын туыстығын, некеге
тұрушылардың біреуінің іс-әрекетке қабілетсіздігі, сондай-ақ бала асырап
алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.

2. Некелік шарт.

Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген
ұғым.
Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі-зайыптылардың
некеде тұрғандығы немесе оны бұзған жағдайлардағы мүліктік құқықтары мен
міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде
жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.
Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай-ақ
адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айрықша атап көрсету керек.
Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік
нотариусқа жүгінуі керек.[5.10.]
Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай-ақ некеде тұрған
кез-келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субьектілері не ерлі-
зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін
(күйеу мен қалыңдық). Ерлі-зайыптылар, яғни АХАТ органдарына тіркелмеген,
бірақ бірге тұратын және біріне-бірі қамқорлық көрсететін адамдар некелік
шарт жасаса алмайды.[5.15.]
Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар)
ата-аналарының немесе қамқоршылығының келісімімен ғана некелік шарт жасаса
алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетімен некелік шарт жасасуына тыйым
салынады деген сөз.
Ресейде 16-ға толған кәмелетке толмағандар және толықтай іс-
әрекетке қабілетті деп жарияланғандар өздері дербес некелік шарт жасаса
алады (әдетте – бұлар еңбек шарты бойынша жұмыс жасайтын немесе
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және міндетті түрде некелік шартқа қол
қою арқылы некеге тұрғысы келетіндер).[9.9.]
Некелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып
табылмайтындығын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі-
зайыптылардың неке шартын жасасу немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті
түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады.
Бірақ сонымен бірге неке шартына ерлі-зайыптылардың некеге тұратын
адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс. Некелік шартқа ерлі-зайыптылардың
мүліктерінің құқықтық тәртібі белгіленеді, онда ерлі-зайыптылар мүлкі
ортақ, үлестік немесе бөлек болуы мүмкін. Егер ерлі-зайыптылар некелік
шартта біріккен меншік тәртібін таңдаған болса, демек, жалпы мүліктерді
бөліскен кезде үлестері бірдей (тең) деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану зерттеулері
СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТІСІ (ТЕЗИСТЕРІ)
Тәуке хан кезіндегі Жеті жарғы
Жыныстық мінез-құлықтың отбасында алатын орны
Отбасылық қарым - қатынас
Отбасы әлеуметтануы пәнінен лекциялар жиыны
Толық емес отбасындағы оқушылардың өзіндік бағалаулары мен білім беру жетістіктері дамуының теориялық негізі
Отбасылық қатынастардың негізі - неке
Ел басымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақтың әдет - ғұрып құқығының бастаулары
Пәндер