Оқ тигендегі жарақаттар
Пән: ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности), Защита труда
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Оқ тигендегі жарақаттар
2. Ату аралығын анықтау
3. Оқ жарақаты жолының бағытын анықтау
4. Атылған қаруды анықтау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Мұнда оқты қарудан немесе жарылатын заттан алынған механикалық жарақаттар қарастырылады. Оқ тиген кездегі жарақаттар механикалық, химиялық, термиялық әсерден пайда болады.
Оқ тигендегі жарақаттардың пайда болуы: оқ энергиясына, зақымданған дененің анатомиялық ерекшеліктері (жұмсақ ұлпалар, сүйек, шеміршек) мен жәбірленушінің киімінің қалыңдығына байланысты.
Оқ-дәрінің (патрондардың, артиллерия снарядтарының, миналардың, гранаттардың, жарылғыш заттардың) және оның бөліктерінің (капсюльдер, тұтандырғыштар, детонаторлар) жарылуынан бастап атылатын қарудың барлық түрінен салынатын жарақаттар оқ тигендегі жаралар деп саналады.
Бұл жарақаттар сипаты жағынан алғанда мейлінше алуан түрлі. Олардың көпшілігі таза механикалық жарақаттар болып табылады. Ал басқалары механикалық факторлардың ғана емес, оның үстіне атыстың немесе жарылыстың температуралық, химиялық факторларының да әсер ететіндігінен аралас жарақаттар да болуы мүмкін.
Сот медицина сараптамасын жүргізгенде сарапшының осы жарақаттардың сипаты мен механизміне, қолданылған снаряд пен оқ атылған қаруға, атылған қашықтыққа, зақым келтірілген атыс санына, оқтың кірген және шыққан жеріне, жара жолының бағытына, т.б. қатысты бірқатар сұрақтарға жауап қайтаруына тура келеді. Ал оқ тигендегі жарақаттардың сипаты көптеген себептерге, бірінші кезекте қару мен оқ-дәрінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
1. Оқ тигендегі жарақаттар
Атылатын қару артиллерия және атыс қаруы болып бөлінеді. Атыс қаруы топтық (пулеметтер, минометтер) және қолға ұстайтын (жеке) қарулар болады. Бейбіт кезде сот-медицина тәжірибесінде кездесетін оқ тигендегі жарақаттың басым көпшілігі қолға ұстайтын қарумен жасалады. Қолға ұстап ататын қарулар жауынгерлік (ұрыс винтовкалары, карабиндер, тапанша-пулеметтер, тапаншаларп мен револьверлер), спорт (шағын калибрлі винтовкалар, тапаншалар, револьверлер), аң аулайтын (бір оқпанды, қос ауызды), арнаулы мақсаттағы (дабыл беретін тапаншалар - ракета атқыштар, старт тапаншалары), ақаулы (шолақ мылтықтар), қолдан жасалған қаруларға бөлінеді.
Жауынгерлік атыс қаруы иір ойықты болып табылады. Оның оқпанының ішкі бетінде бұранда тәрізді иәр ойықтары болады, олар оқты айналдырып қозғалтады. Иір ойықтар арасындағы аралық жерлер иір ойық өрістер деп аталады. Қарама-қарсы өрістер аралығындағы қашықтық қарудың калибрі деп аталады.
Жауынгерлік патрондар оқтан, дәрі салған гильзадан және жарылғыш зат салынған капсюльден тұрады. Қорғасын (қазіргі кезде ондай оқтар аңшылық және спорт қаруларында болады) қабықты (қабығы мыстан, мельхиордан, өзегі қорғасыннан жасалатын), оқтар, арнаулы мақсаттағы оқтар (жарқырағыш, бронды бұзғыш, жарылғыш, өртегіш), қолдан жасалған оқтар болып бөлінеді. Сонымен бірге оқ түтінді және түтінсіз болады.
Атылған сәтте оқтын тұтануынан пайда болатын газдың әсерінен қарудың оқпанынан снаряд (оқ немесе бытыра) атылып шығады. Бұл орайда өз осінен екпінді және айналып қозғалатын оқ өзінің алдындағы оқпан ішінде болатын ауаны қозғалысқа келтіреді. Өте жақын жерден атылған жағдайа қатты қысылып шыққан ауа кедергіге бірінші болып әсер етеді және киімді, теріні жырым-жырым етіп, оларға оқ және оның ізінен келе жатқан газ кіреді.
Атылған кезде оқпаннан оқтан басқа да заттар атылып шығады. Олар мыналар:
oo Қызған газдың ауадағы оттегімен реакциясынан түзілетін жалын;
oo Газ;
oo Ыс;
oo Жанып кеткен және шала жанған тығындар;
oo Оқпан ұңғысынан, оқтан, гильзадан ұшқан металл бөлшектер;
oo Егер қару майланған болса, мылтық майларының тамшылары.
Оқ жақын жерден атылған жағдайда бұл қосымша факторлар кедергіге әсер етіп, зерттеу кезінде табылуы мүмкін.
Физикалық қасиеттері жөнінен организмнің коллоидты ортасына ұқсас желатин мен жануарларға тәжірибе жасалған кездегі жаңа зерттеу әдістері (шапшаң түрде киноға түсіру мен рентгенге түсіру) жарақат баллистикасын яғни атылған снарядтың организм ұлпасына әсерін егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік берді. Адам денесіне тиген кезде оқтың орасан зор қысымы соққы толқыны түрінде айналадағы ұлпаларға қас-қағымда әсер етіп, оларды ауытқытып жібереді. Ұлпамен қозғалып келе жатқан оқтың ізінен көлемі оқтан әлдеқайда үлкен қуыс пайда болып, ол тербелген қозғалысты жапсарлас мүшелер мен ұлпаларға өткізеді. Мысалы, оқ сан етінен тесіп өткенде сан сүйегінің сынғаны жиі байқалады. Сондықтан адам денесіне оқтың әсері оның тікелей жасайтын әсері (соққы) мен қиғаш жасалатын әсерінен (бүйір әсерінен) құралады.
Оқ ішінде сұйық немесе қоймалжың нәрсе бар мүшеге тиген жағдайда оқтың гидродинамикалық әсер ететіні байқалады. Мұның себебі - бұл мүшелер (толып тұрған қуық, диастола жағдайындағы жүрек, бас) оқ тиген кезде екінің бірінде жарылып кетеді. Оқтың гидродинамикалық әсері сұйық немесе ми сияқты қоймалжың заттың іс жүзінде сығымдалмайтындығына, оқтың энергиясын бірдей күшпен барлық жаққа беретіндігіне, сөйтіп көп жерден жарылуға себепші болатындығына байланысты.
Оқ тигендегі жарақаттарға сот-медицина сараптамасын жүргізген кезде бірқатар сұрақтар туындайды. Олардың ішінде жиі кездесетін сұрақтар мыналар:
oo Сол жарақат оқ тигендіктен түскен бе?
oo Қандайы кірген және қандайы шыққан жарақат болып саналады?
oo Оқ қандай қашықтықтан атылған?
oo Тұрған адамның денесіне қатынасы жөнінен оқ жолының бағыты қандай?
oo Оқ қандай қарудан атылған?
Нақты қылмысты істің мәнінен басқа мәселелердің туындауы да сирек кездеспейді. Айтар болсақ, сот-медицина сарапшысына кейде:
А) оқ тиген жарақат санының қанша екенін және олардың ретін;
Ә) оқ атылған кезде қаза тапқан адам мен атқан адамның отырған-тұрғанын;
Б) жарақат алғаннан кейін адамның жүргені мен қозғалғанын және т.б. анықтау ұсынылады.
2. Ату аралығын анықтау
Сот медицинасы мен криминалистік тәжірибеде мынадай үш ату қашықтығы болады: 1) тақап тұрып ату; 2) жақын жерден ату; 3) алыс қашықтықтан (алыс жерден) ату.
Тақап тұрып атқан жағдайда қарудың аузы денеге тіреліп тұрады. Бұл орайда қрау денеге толық тіреліп, қысылып тұруы (толық саңылаусыз тақалу), қарудың аузы денеге тимей тұруы ( саңылаулы тақалу), қару денеге қиғаштап тірелген кезде денеге оның аузының жиегі ғана тиәп тұруы (бүйірден тақалу) мүмкін.
Қару толық тақалып тұрған жағдайда жара жолы оқпан ұңғысының жалғасы сияқты келеді, сондықтан атудың барлық қосымша факторлары жара жолын зерттегенде ғана анықталады. Оқ жарақаты жолының бойынан дәрі ұнтақтары, ыстың, мылтықтың майының, металдың іздері табылады.
Егер астанда сүйек болса, жара жолына кірген газ сүйектің бетіне таралып, одан бұлшық еттер мен сүйек қабығына шөгеді. Бұл орайда газ теріні көтеріп, ол қарудың аузына қысылады да, қару аузының таңбаларын (штанцмаркалар, штамптаңбалар) түзеді. Олардың жасалу механизмінде оқ атылғаннан кейін ізінше оқпан ішінде орнайтын босаған кеңістіктің сорып алатын әрекеті айтарлықтай рөл атқарады. Сондықтан штанцмаркалар сүйек тақау жатқан жерлерде ғана емес, басқа жерлерде де, мәселен, іш, бөксе маңынан да байқалуы мүмкін. Оқпан аузының таңбалары, әсіресе айқын аңғарылатындары сирек кездеседі.
Тақап тұрып атудың ең тұрақты белгілеріне оқ кірген тесік маңындағы терінің жарылуы жатады. Мұндай жарықтарды негізінен оқпан ұңғысынан атылып шыққан газ жасайды. Тақап тұрып атқанда оқ кірген тесік маңынан кейде ұлпалардың ашық-қызғылт түске боялуы байқалады. Бұл оқ-дәрі газы құрамында көміртегі тотығының көп мөлшерде болуы себепті карбоксигемоглобин түзілуіне байланысты.
Қарудың аузы денеге қатты қысылмай, денеге түгел тиіп қана тұрған жағдайда тақап тұрып атудың жоғарыда бейнеленген белгілері оншама айқын аңғарылмайды. Бұл орайда газ тері мен қару аузының арасынан шығып, оқ кірген тесік төңірегіне шамалы күйе ізін қалдырады. Ал егер атылған сәтте қару денеге қиғаштау ұсталып тұрған болса, газ бен күйе ашық бұрыштан ішінара сыртқа күйе ізін қалдырады. Сондықтан оқ кірген тесік маңындағы күйе ізіне қарап, атылған сәтте қарудың қалай ұсталып тұрғанын айтуға болады. Сонымен, тақап тұрып атудың жоғарыда аталған белгілерінің ең тұрақтысы - жара жолының бойында күйе мен дәрі ұнтақтарының болуы. Қалған белгілер - терінің жырымдалуы, штанцмаркалар, ұлпалардың алқызыл түске боялуы - тұрақты сипатта болмайды, тіпті олардың кейбіреулерінің, кейде бәрінің де болмауы ықтимал.
Жақын жерден ату дегеніміз денеге оқ тиіп қана қоймай, сонымен қатар оған атудың қосымша факторларының да, мысалы, жалынның, газдың, күйенің, дәрі ұнтағының, қару майының әсер етуі болып табылады. Қарудан алыстаған сайын қосымша факторлар оқтың бағыты жағына қарай кеңейе беретін конус түрінде жайыла түседі. Атқан кезде оқпан аузынан от шығады. Оның себебі - толық жанып үлгірмеген дәрі ауадағы оттегімен түйіскен кезде жарылыс болады. Оқпан аузынан шығаттын оттың сипаты мен көп болуы ең алдымен дәрінің түріне байланысты. Қара дәріден әдетте от едәуір көп шығады, өйткені қатты қызғанымен, жанып үлгірмеген дәрі ұнтақтары көп қалады және олардың термиялық әсері едәуір күшті болады. Олар шаштың үйтіліп, терінің күюін, тіпті киімнің жануын туғызуы мүмкін.
Түтінсіз оқ дәрінің термиялық әсері онша айқын болмайды. Дегенмен де түтінсіз оқ-дәрі салып атқан жағдайда киімнің түктері мен тері түктерінің үйтілгені байқалады. Түтінсіз оқ-дәрінің жатып қалған және ылғал тиген түйіршіктері кедергіге кездескенше жанып үлгермейтін жағдайларда түтінсіз оқ-дәрінің жылу әсері күшейе түседі. Оқ-дәрінің ыстық газы оқпан ұңғысынан атылып шыққанда оның соққы жасайтын күші болып, жарғақ сияқты таңбалар қалдырады. Сонымен бірге түтінсіз оқ-дәрінің газы үнемі жылу арқылы әсер ете бермейді. Дәрінің жануы салдарынан болатын күйе қару аузынан 20-30 см қашықтыққа таралады. Қара дәрі мен түтінсіз оқ-дәрі жанған жағдайдағы күйенің химиялық құрамы әр түрлі болады. Түтінді қара дәрінің күйесі негізінен бос көміртегінің, көбінесе оның тұздарының бөлшектерінен тұрады. Ал түтінсіз оқ-дәрі күйесінің құрамында көмір (көміртегі) болмайды, негізінен металл болады. Бұл күйені рентгенографиялық және спектрографиялық әдістермен анықтауға болады, бұл орайда капсюльдің (сурьма), гильзаның (мыс), оқтың (қорғасын,мыс, никель,мырыш) соққан құрамынан, оқпан ұңғысынан металл (темір) ұнтақтары табылуы мүмкін. Жақын жерден атқанда ысталудың интенсивтілігі мен диаметрі нақты қашықтыққа байланысты келеді. Қашықтық неғұрлым жақын болса, күйе дағы соғұрлым шоғырлана түсіп, ыстану шеңберінің диаметрі шағынырақ болады.
Жарғақ сияқты таңбалар, ысталу таңбасының пішіні де оқтың қаншалықты қиғаш тигеніне қарай дөңгелек немесе сопақша болуы мүмкін. Егер оқ тура тисе, күйе ізі мен жарғақ сияқты таңбаның пішіні шеңбер тәрізді болып, оқ кірген жарақат оның ортасына түседі. Ал егер оқ қиғаштап тисе, ысталған жер мен жарғақ сияқты таңба сопақша пішінді келеді де, бұл орайда оқ кірген тесік оның ортасында емес, сопақша пішіннің кедергі мен оқ бағыты арасындағы сүйір бұрышқа сәйкес келетін бөлігінде болады. Ысталған жердің түсі әдетте бірдей болмайды: одан қара қошқыл және ашық түсті бөліктері байқалады.
Атқан кезде дәрі түгел жанып кетпейді, сондықтан жанып үлгермеген және шала жанған дәрі ұнтақтары оқпан ұңғысынан атылып шығып, жақын жерден атқан жағдайда денеден табылады. Олардың киімге сіңіп, тіпті одан тесіп өтуі де мүмкін. Оқ-дәрі ұнтақтары эпидермисті зақымдап, оған сіңіп қалуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz