АҚШ-тың білім беру жүйесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
АҚШ-тың білім беру жүйесі
Америка Құрама Штаттары, АҚШ (ағылш. The United States of America, USA) -- Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі. АҚШ климаты біркелкі қоңыржай және субтропикті болып келеді. Ал солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады.
АҚШ - көптеген атақты тұлғалардың отаны.Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Роберт Фултон, Томас Эдисон, Марк Твен және т.б. бар.
Жалпы АҚШ-та 1700 екі жылдық колледж, 600 мемлекеттік және 1800 жекеменшік төрт жылдық колледж бен университеттер бар екен.
АҚШ-тағы білім стандарттарының төрт артықшылықтан тұрады. Олар:
1. Оқушыларды мұқият колледжге және өз мансабына жетуге даярлау үшін стандарт пен бағалау критериін қабылдау;
2. Жоғары білікті мұғалімдерді мектепке шақыру;
3. Артта қалған мектептердің жағдайын өзгерту;
4. Көрсеткіштерді бақылап отыру үшін мәліметтер қорын құру.
АҚШ-та оқу стандарттарының ережелері білім және бизнес саласындағы кәсіпкерлермен, жұмыс берушілермен бірге жасалады. Кәсіпкерлер мен компаниялар жеке нұсқаушыларды иеленуге құқылы немесе өз қызметкерлерін колледждерге жіберіп, оның ақысын төлей алады.
АҚШ-та жоғары оқу орны деген ұғымның нақты анықтамасы жоқ.Негізі орта мектебінен кейін дайындықты жүзеге асыратын әр білім беру ұйымы, сондай-ақ орта білім беру кейінгі (post -secondary school) деп аталатын ұйымдар бірдей мүмкіндік деңгейде колледж, мектеп, институт немесе университет деп аталу мүмкін. Жоғары білім - АҚШ-тағы қымбат заттарының бірі болып табылады.
АҚШ университеттеріне халықаралық талапкерлерді қабылдау және саралау тәртібі ЖОО мәртебесіне байланысты болады. АҚШ ЖОО-ларына түсу үшін халықаралық студенттерге қажетті құжаттар:
-сауалнама
-эссе-дәйектеме
-ұсыным хаттар
-транскрипт,диплом көшірмесі,аттестат көшірмесі (ағылшын тіліне аударылған және нотариуспен куәландырылған)
- Студенттің қай бағдарламаға тапсыратынына байланысты (TOEFL, SAT, GRE, GMAT және т.б. ) тесттердің қорытындылары.
Аккредитация. АҚШ-та Білім Министрлігі жоқ. Тек бір департамент біліммен айналысады. Білім қызметіне рұқсат қағазы жоқ.Оның орнына университеттер аккредитация алады. Сонымен қатар бұл жерде көптеген аккредитациялық ұйымдар бар және бір ұйымнана немесе бірнеше ұйымнан рұқсат алуға болады немесе рұқсат алмай-ақ жұмыс істей беруге болады.Сондықтан да университет таңдау кезінде бұл факторды түсіну және зерттеп білу өте маңызды.Аккредитация рейтингке, беделіне және сол университеттің білім беру сапасына әсерін тигізеді.

Колледждер: жергілікті, техникалық және бастауыш білім.
Бұл білім мекемелері университеттегі бастапқы екі жылмен салыстырмалы оқу бағдарламасын ұсынады. Бұдан төрт жыл оқудың нәтижесінен деңгей алуға болады. Одан басқа жергілікті колледждердің ерекшелігі - олар студенттерге мамандық беретін жалпы, техникалық және кәсіби білімнің курстарын ұсынады. Олардың міндеті әр тілеушіге білім беру болғандықтан, жергілікті колледждер негізгі талаптарға сай келетін студенттерді қабылдап, оқытудың төмен бағасы мен пәндердің үлкен таңдауын ұсынады.
Төртжылдық колледждер мен университеттер
Колледж және университет терминдері бірдей болмаса да, олар Америка Құрама Штаттарында бірін-бірі жиі алмастырады.Әдетте колледждер бакалавр деңгейін алуға мүмкіндік беретін оқытудың төртжылдық бағдарламасын ұсынады. Колледждер жоғары бастауыш білімнің бағдарламаларын ғана ұсынып немесе университет бөлігі ретінде тәуелді болып қала бере алады.
АҚШ-та екі мыңнан астам дәстүрлі төртжылдық колледж бен университет бар, олардың әрқайсысында өз өзгешелігі бар. Колледж өз бетімен мақсатын, мамандандыруды және студенттерді қабылдау ережелерін белгілейді. Мысалы, гуманитарлық колледждер гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдарға және тілдерге сүйенеді.
Көптеген фондтар мен үкіметтік емес ұйымдар әр жыл сайын мемлекеттің жоғары оқу орындарының бағаламасы жөнінде өзгеше есеп дайындайды (мысалы, Карнеги классификациясы бұл жерде тек қана америкалық университеттер сараланады). Ең озық дегендердің қатарына формалды емес клубтың (басында футбол клубы) құрамындағы университеттер кіреді - Гарвард, Пристон, Йель, Коламбия, Браун, Дартсмут, Корнелл, Пенсильвания және т.б.
Бакалавр деңгейіне ие болу үшін студенттер белгілі сынақ бірліктерін жинап, қажетті емтихандарды тапсыру керек.
АҚШ-та бакалавр деңгейіне қарағанда магистр деңгейі мамандандырылған қызметке бағытталған (музыка, бизнес басқару, техника, педагогика және т.б.). Бакалавр деңгейі бар адамдар 1 - 2 жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан білім беру жүйесінің жалпы құрылымы
Қазақстан білім беру жүйесінің жағдайы
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері
АҚШ-тың әлемнің ең қуатты еліне айналуы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ экономикасының дамуы
Оқушыларға білім беруде шетел мектептерінің білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін анықтау
Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде
Англиядағы білім беру жүйесі
Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының саяси процестеріне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері
АҚШ миграциялық саясатының келешегі
Пәндер