Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау мәні және мазмұны



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 бөлім. Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау: мәні және мазмұны.
1.1 Банкроттық түсінігі, түрлері және себептері.
1.2 Қазақстан Республикасында төлем қабілетсіз кәсіпорындардың дамуын талдау.
1.3.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын диагностикалау әдістері.

2 бөлім. Банкроттыққа қарсы жоспарлау
2.1Банкроттықты басқарудың сандық және сапалық факторлары
2.2 Банкроттыққы қарсы стратегиялық жоспарлау
Қорытынды

1 бөлім. Кәсіпорынның банкроттығының мәні және мазмұны.

1.1 Банкроттық түсінігі, түрлері және себептері.
Кәсіпорынның банкроттығы нарықтық қатынастарды қамтыған Қазақстан экономикасы үшін жаңа құбылыс емес. Қазақстан экономикасында шаруашылық субъектілердің банкротқа ұшырауының көптеген алғы шарттары бар. Кәзіргі уақытта бұл саладағы нормативтік база қабылданып және дамытылып жатыр. Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Банкроттық туралы Қазақстанда үш заң актісі қабылданды. Бірінші заң 1992 жылы 14 қаңтарда қабылданып, 1992 жылы 1 ақпанда күшіне енді, ал екіншісі - Президенттің 1995 жылғы 7 сәуірдегі заң күші бар Жарлығы. Бірақ қабылданған заң актілері көп мәселелерді шешпеді, дауларды қарау кезінде көптеген қиындықтар байқалды. Мұндағы заңдарды жаңарту қажеттігін туғызатын ең басты себеп - банкроттыққа байланысты мәселелердің біріңғай жүйеленбегендігі еді. Мәселен, қайта ұйымдастыру, кредиторлардың мүдделерін қорғау жолдары шешілмеген. Кредиторлардың өз мүдделерін қорғауларына мүмкіндік беретін құрылтай жиналысы қалыптаспаған екен.
Ерекше талаптарды қажет етпейтін істерді жүргізу процесі нақты реттелмеді, іс жүргізуді қозғау үшін қажетті құжаттар тізімі болмады. Осыған байланысты соттар өтініштерді қабылдаудан бас тартты. Яғни, заңды жүзеге асыру механизмі болмады. 1995 жылы және 1996 жылдың алғашқы жартысында шаруашылық субъектілерін банкрот деп тану туралы келіп түскен барлық 257 өтініштің 98-і қайтарылды, 15 өтініш қабылданбады, сөйтіп, тек 144 талап - арыз материалды қарауға қабылданды, бұл берілген арыздардың 56 пайызы ғана. Ең негізгі мәселенің бірі - талап-арыз, өтініштерді орындау реттелмеді. Мысалы, талап-арыз иесінің сотқа шағымданған сәтінен бастап, сот шешімі қабылданғанға дейін 1 айдан 3 айға дейін уақыт берілетін. Ал осы мерзім ішінде ұяты шамалы борышкер негізгі қаржыны жұмсап немесе несие берушіні шығынға отырғызатын басқа да әрекеттер жасап үлгеруі мүмкін ғой.
Банкроттық туралы заңдардың жетілмеуінен және борышкердің дәрменсіздігіне қатысты нақты критерийлердің және сот шешімін орындау механизмінің жоқтығынан төлем қабілеттілігі жоқ көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер күнделікті айналымнан шығарып тасталынбады, мұның өзі экономиканың дамуына кері әсер етті. 1996 жылдың бірінші жартысында берілген талап-арыздың 17 пайызын және іс жүргізуге қабылданған істердің 30 пайызын құрайтын бар-жоғы 43 іс бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер (бұлар негізінен шағын жеке фирмалар) дәрменсіз деп танылған (сот қорытындысы материалдарынан), ал шын мәнінде тап қазір банкроттыққа ұшырау жағдайындағы кәсіпорындар бұдан әлдеқайда көп кой. Банкроттық туралы заң тәжірибесі көрсеткеніндей, арыз бергеннен бастап, сотпен белгіленген әрекет - кәсіпорын таратылғанша немесе қайта ұйымдастыру жөн-жосығын қолдану аяқталғанға дейінгі сот өндірісінің бүкіл жөн-жосығын қамтуы керек.
Жаңа заң жұмыс жасаушы субъектілердің дәрменсіздігін реттеудің тиімділігін арттыру, төлем дағдарысын, экономикалық процестерге мемлекеттік әсер етудің түрлері мен реттемеуді жеңу, кәсіпорындар дәрменсіздігін болдырмау мақсатында құрылымдық саясатқа бағыттау, қолдағы қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, экономиканы дамытудың артықшылық бағыттарын қолдау, әлеуметтік салаларды жеңілдету мүддесін қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстан Респупликасының Президенті 1997 жылы 21 қаңтарда дәрменсіз борышкерді ақтауға бағытталған арнаулы жөн-жосықтарды жүргізудің шарттары мен тәртібін айқындайтын, Банкроттық туралы Заң күші бар нормативтік-құқықтық актіге қол қойды.
Аталған заң Азаматтық кодекстің 44-бабына (2-бөлім) сәйкес қазыналық кәсіпорын мен мекемеде ақша қаражаты жетіспеген жағдайда олардың міндеттемелері бойынша тиісті мүлік иесі субсидиялық жауап беретін болғандықтан қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады. Азаматтық кодекстің аталған ережесі осындай заңды тұлғаларға қатысты банкроттық жөн - жосықтарды қолданудың практикалық мәнін жоққа шығарады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қатысты (олардың ұйымдық - құқықтық түріне тәуелсіз) банкроттық жөн-жосықты қолдану ерекшеліктері арнайы заңдарда көзделуі керек.
Заң актілерінде банктерге, сақтандыру компанияларына, кейбір заңды тұлғалардың зейнеткерлік қорларына қатысты банкроттық жөн - жосықтың ерекшеліктері белгіленуі мүмкін. Заң, сондай-ақ Азаматтық кодекстің 21-бабымен және арнайы заңдармен реттелетін жеке кәсіпкерлерге қолданылмайды.
Жеке кәсіпкерлік туралы жаңа заң кәсіпорындар дәрменсіздігін болдырмау, құрылымдық саясатқа бағыттау, экономиканы дамытудың артықшылық бағыттарын тиімді қолдану мақсатында банкроттың әлеуметтік салдарын жеңілдету үшін қажетті шаралар қабылдап, экономикалық процестерге әсер етудің түрлері мен тәсілдерін айқындайды.
Нақты шаруашылық үрдістегі кәсіпорынның банкроттығын іс - әрекеттегі әлді және әлсіз байланысқан әртүрлі факторлармен түсіндіруге болады. Артық жағдайдағы факторларды белгілеп, кәсіпорын банкроттығын былай бөлуге болады:
кәсіпорынды дұрыс басқармағандықтан туындаған банкроттылық (маркетингтік стратегияны ойластырмағандықтан);

ұдайы өндірісті қолданудағы өнім сұранысын кеңейтіп жүзеге асыруда инвестициялық ресурстың жетіспеушілігінен туындаған банкроттылық;
келісілген өндірістегі өнімнің бәсекеге қабілетсіздігінен туындаған банкроттылық.
Банкроттылық түсінігі оның түрлерімен сипатталады. Заң және қаржылық тәжірибесінде кәсіпорын банкроттылығының келесі түрлері анық көрініс табуда:
1. Нақты банкроттылық. Кәсіпорынның болашақ кезеңде өзінің қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге толық қабілетсіз.
2. Техникалық банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін сипаттайды, яғни дебиторлық қарызының мерзімінен өтіп кетуінің себебінен. Кәсіпорынның дебиторлық қарыз көлемі кредиторлық қарыз көлемінен артық болады, ал активтерінің сомасы қаржылық міндеттемелер көлемінен артық болады.
3. Әдейі банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін басшысы немесе құрылтайшысы әдейі жасайды. Кәсіпорынды өзінің мүддесі немесе басқа тұлғаның мүддесі үшін экономикалық зардапқа әкеледі.
4. Тиімді банкроттылық. Несиелік міндеттемелерінің мерзімін ұзарту немесе несиелік қарыз сомасын жеңілдету мақсатында кәсіпорын өзінің өтірік төлем қабілетсіздігін кредиторларға жариялаумен сипатталады.
Борышкетдің банкроттылық ісі қаралғанда келесі процедуралар қолданылады:
бақылау;
қаржыны қалпына келтіру;
сыртқы басқару;
конкурстық өндіріс;
халықаралық келісім.

Бақылау процедурасы. Оның мақсаты борышкердің мүлігін сақтауды қамтамасыз ету және борышкердің қаржылық жағдайын талдаудан өткізу.
Қаржыны қалпына келтіру - борышкердің толығымен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және қарызын қайтару, қарызды төлеу кестесіне сәйкес.
Сыртқы басқару - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында борышкер өз өкілеттілігін сырттан келген басқарушыға береді.
Конкурстық өндіріс кредиторлардың талабын қанағаттандыру мақсатында банкрот болған борышкерге қолданылады.
Халықаралық келісім бір жақтың ерікті түрде талаптарын жарым - жарты қайтарып алуын және екінші жақ қалған талаптарды қабылдайтынынбілдіреді.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
- инфляцияның аса жоғары деңгейі;
фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
бәсекелестіктің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.
Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмауы;
жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
өндіріс көлемінің төмендеуі;
ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
ақталмаған жоғары шығындар;
өнімнің төменгі рентабельділігі;
өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы [Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау].

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлердің көбісі мұндай жағымсыз жағдайдан сәтті құрылуда, бірақ банкротқа үшырау құбылысы кәсіпкерлік әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Зерттеулер бойынша алғашқы жылдар ағымында 23,7%, алғашқы 4 жыл ішінде - 51,7%, алғашқы 6 жыл ішінде - 62,7% банкротқа ұшырағандығын көрсетіп отыр. Банкротқа ұшыраудың негізгі себептері мыналар:
Экономикалық факторлар - 47,4%6
Қаржылық қиыншылықтар - 38,4%,
Кәсіпкерлік тәжірибенің болмауы - 7,1%,
Кәсіпкелік нәтиженің жаман болуы - 3,4%,
Басқалар - 3,7%
Банкротқа ұшырау себептері сыртқы және ішкі де сипатқа ие болуы мүмкін. Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау, процент ставкасының өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, анағұрлым жетілген құрылыс материалдары мен құбылыс өндірісі технологиясының пайда болуын жатқызуға болады. Іс - жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық фирмаларға бірдей, бірақ кейбіреулері оларға төтеп беріп, қызметін одан ары қарай тиімді жүргізе алуда, ал басқалары сәтсіздікке ұшырауда. Фирманы банкрот болуға алып келетін көптеген себептерн тиімсіз менеджментпен байланысты және оларды үш бағытта топтауға болады:
Стратегиялық сипаттағы қателіктер
Жалпы менеджмент проблемалары
Қаржы есептік жүйе мен тәжірибедегі кемшіліктер.
Осы бағыттардың әрқайсысын 1 кестеде жете, толық қарастырамыз
1-кесте
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері
Фирмалардың банкротқа ұшырау себептерінің мінездемесі

1.Стратегиялық сипаттағы қателіктер
1.Маркетингтік мүмкіндіктері жете бағалай алмау. Кәсіпорынның жаңа даму стратегиясын дайындаудың орнына пайдалылығы төмен өндіріс қуаттылығын арттыру. Нәтижесінде фирма өткір кассалық бюджет тапшылығына ұшырайды.
2.Бизнеске қатысы жоқ салаға әртараптану. Жұмыс істеп жатқан бизнестің ақша ағынын маңызды негіз жоқ бола тұра басқа бизнесті бастауға жұмсау.
3.Маркетингтің тек жақында ғана көруі. Бизнестің нарықтық мүмкіндіктер тұрғысынан емес, пайда болған идеялар тұрғысына негізделуі. Бизнесті ұйымдастырудағы нақты мүмкіндіктерге маркетинг талдауының жүргізілмеуі.
4.Жобаның үлкен болуы. Компания ақша ағынынын көлеміне көңіл аудармастан үлкен жобаны бастайды, ал мұның жанында кәсіпорын қуаттылығының күшеюі мен қосымша жұмысшы күшінің тартылуының нәтижесінде ақша қаражаттарына деген қажеттілік те арта түседі. Фирма үлкен жобаны бастау үшін жеткілікті ақша қаражатының бар екендігіне көз жеткізу қажет.
5.Жоспарлаудағы кемшіліктер. Шоттарға төленетін төлемдердің кідіруінен немесе тапсырмалардың қысқаруынан өндіріс көлемінің төмендеп кетуі сияқты күтпеген жағдайларда фирма өзінің әрекеттерін (өндірісті тоқтату қуаттылықты азайту және т.б.) жоспарлау қажет.
2. Жалпы менеджмент проблемалары
2.1 Басқарушылардың шеберлігі мен тәжірибесінің және ноу - хау-дың жетіспеушілігі. Кәсіпорынның өсу кезеңдерінде менеджерлер өз стратегияларын тікелей басқарудан менеджерлік басқаруға ауыстырулары қажет.
2.2 Қаржы менеджментігіндегі жетіспеушіліктер. Жаңа фирмаларда ереже бойынша қаржылық міндеттер жәй бухгалтерияға қатыстырылады. Компанияда ең басынан кәсіби қаржыгер болу керек.
2.3 Менеджерлердің негізгі қызметкерлерінен айырылуы көбінесе сындарлы болуы мүмкін, әсіресе қандай да бір өндіріс әдістері саласына ғана тиісті бөлімді қажет ететін кәсіпорындар үшін.
3. Есептік - қаржы жүйесі мен тәжірибедегі кемшіліктер
3.1 Баға қалыптастыруда салалық стандарттар мен нормативтердің болмауы өндірілген өнім құнының дәрежесі мен оның пайдалылық дәрежесін алдын ала анықтауға мүмкіндік бермейді.

3.2 Фирманың экономикалық жағдайын басқару талдауының жетіспеушілігі немесе мүлдем жоқ болуы (тауар - материалдық құндылықтарды, жұмыстардың орындалу көлемін және т.б. талдау).
3.3 Кассалық бюджетке көңіл аударудың орнына қателесіп, аудару тәсіліне көңіл аудару, бизнесті айтарлықтай қаржы проблемасына әкелуі мүмкін.

Қазіргі зерттеулерде бизнес сәтсіздігінің не екендігін дәл түсіндіретін бір мәнді түсінік жоқ. Біреулер бұл түсінікті банкротқа ұшырамаумен байланыстырады, басқалар банкротқа ұшыраумен қатар кәсіпорынның бірігу, басқа компания тарапынан сатып алынуы сияқты әр түрлі себептерден кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау және бейдағдарыстық бағдарламаны әзірлеу
Ұйымдағы дағдарыстардың пайда болуы және қауіптілігі. Антикризистік басқарудың рөлі және функциялары
Экономикадағы банкроттықтың дамуы және рөлі
Корпорация қаржысын дағдарысқа қарсы басқару
Коммерциялық ұйымның банкроттық рәсімдеріне түсінік
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері
Банкроттықтың негізгі рәсімдері
Кәсіпорындардың банкроттығы
Ағымдағы міндеттемелер
Банкроттық рәсімдерді қолдану негіздері
Пәндер