ҚР денсаулық сақтау жүйесі жағдайы, жетілдіру проблемалары
Мақала
ҚР денсаулық сақтау жүйесі: жағдайы, жетілдіру проблемалары
Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы он жылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды.
Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштер -- туу, өлiм-жiтiм, өмiр сүрудің орташа ұзақтығы тұрақтандыруға қол жеткiздi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемiнiң көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр. Қазақстанда медициналық мекемелердің 80 % мемлекеттiк меншiкте болса, ал 20% жеке меншікте, демек, медициналық сұрақтарда мемлекет басты роль ойнайды. 17 миллион халқымен Қазақстанның нарық медициналық сыйымдылығы 500 миллион АҚШ долларының сомасына бағаланады. Қазақстанда соңғы жылдары белгілi бiр медициналық-демографиялық өзгерiстер болды. Республикада халықтың саны 2011 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 49,6 мың адамға өстi. 2011 жылы бала туу көрсеткiшi халықтың 1000 адамына шаққанда 17,2-ні құрады және 2001 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өстi. Республикада бала туудың өсу үрдiсi 2001 жылдан бастап байқалып отыр.
Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде 2011 жылы барлық мамандықтардағы 62 239 дәрігер мен 159 870 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Дәрігерлердің жалпы санының 70%-дан астам бөлігін, орта медициналық қызметкерлер арасында - 85%-ын әйелдер құрайды.
1-кесте. Ауруханалық ұйымдар саны.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі.
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік - экономикалық реформалардың қиын жолдары арқылы өзінің әлеуметтік саясатын жүргізіп келеді. Экономикадағы болып жатқан көптеген процестердің арасындағы өзара байланыс әлеуметтік саланың тармақтарының дамуының қарқындылығының жалпы экономикалық өсуді, экономиканың әртүрлі салаларының арасындағы тепе-теңдікті, халықтың өмір сүру деңгейінің сапалық көрсеткіштерін, халықтың денсаулық, білім деңгейінің көрсеткіштерін алдын-ала анықтайтынын дәлелдейді. Бүгінгі таңда халықтың денсаулық көрсеткіштері (орташа өмір сүру ұзақтығы, ана және бала өлімі, ауыру деңгейі және т.б.) әртүрлі мемлекеттер арасында салыстырылатын және әр елдің өркениеттілігінің деңгейін көрсететін факторлардың бірі болып саналады. Сондықтан денсаулық сақтау саласының проблемалары мемлекеттің әлеуметтік-саяси деңгейіндегі өзекті мәселелері деп қабылданып, күнделікті көңіл бөлінетін шараларға айналуы тиіс. Еліміздің дамуының геосаяси болашағы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, экономикалық өсу және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің өсуі қоғамдағы адамдардың табиғи және рухани даму деңгейіне, олардың кәсіби белсенділігіне, өмір сүру ұзақтығына тікелей тәуелді болады. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдықтары ретінде ұлттың интеллектуалды және еңбек әлеуетінің сақталуы, адамдардың психофизикалық денсаулығының жақсаруы, олардың өмір сүруінің сапасының артуы сияқты көрсеткіштер есептелуі қажет.
Мемлекеттік бюджеттің ролі оның мемлекеттік органдар мен әлеуметтік саланы қаржылай қамтамасыз ететін қаржылық база ретінде қаралуында. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатын жүзеге асыратын маңызды құрал бола отырып, ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын шешу және жалпы ұлттық көлемдегі резервтерді құру үшін қажетті ақша қаражаттарын орталықтандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен, мемлекеттік бюджетте шоғырланған ақша қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыруға, оның қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталады. Бюджеттің көмегімен халық шаруашылығы және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жалпымемлекеттік және жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылады. Бюджеттің кірістері мен шығыстарын жоспарлай отырып, мемлекет экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыратын, экономикалық дағдарыстан шығуға жұмсалатын ақша қаражаттарын өз қолында шоғырландырады. Мемлекеттік бюджет әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды роль атқарады. Ол әлеуметтік саланың (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, мәдениет және т.б.) мекемелерін бюджеттік қаржыландыруды жетілдірумен байланысты болады. Болашақта мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік процестердегі ролі күшейе береді. Бұл бюджеттік қаражаттардың бюджеттен тыс қорлармен біріге отырып әлеуметтік дамуды жүзеге асыратын, халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің неғұрлым жоғары деңгейіне көшуді қамтамасыз ететін қаржылық базаға айналуымен байланысты болады. Сонымен бірге, мемлекеттік бюджет халықтың әлеуметтік топтарын материалдық жағдайы бойынша теңестіру мәселесінде айтарлықтай орын алады.
Мемлекеттің денсаулық сақтау саласын қаржыландырудағы араласу деңгейі, елдегі заңдық базаның іс-әрекеті, елдегі саланы ұйымдастыру және басқару әдістерін жетілдіру, медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібі әлемнің әр түрлі елдерінде маңызды ерекшеленеді. Дамыған нарықты экономикалық үлгідегі елдерде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz