Қосалқы станция: құрылымы, кернеу шамасына байланысты ерекшеліктері және қоректендіру әдістері


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қосалқы станция

Жоспар:

  1. Қосалқы станция туралы түсінік
  2. Трансформаторлы қосалқы станция
  3. Кернеу шамасына байланысты ҚС ерекшелігі және орналасуы
  4. Қосалқы станцияларды қоректендіру әдістері
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қосалқы станция туралы түсінік

Электр энергиясын тарату, тасымалдау және түрлендіруге арналған электр қондырғысын қосалқы станция деп атайды. Ол трансформаторлардан, тарату құрылғыларынан, басқару және қосалқы құрылғылардан тұрады.

Функциясына байланысты олар трансформаторлық(ТҚС) немесе түрлендірігш(ТҚС) деп аталады. Комплектті қосалқы станция деп трансформаторлар мен басқа да құрылғылар бірге құралғанда айтады.

Похожее изображение Картинки по запросу преобразовательная подстанция

1-сурет. Трансформаторлық қосалқы станция 2-сурет. Түрлендіргіш қосалқы станция

Электрлік қосалқы станциялар электр энергиясын қабылдау, түрлендіру және тарату үшін кернеу шамасының барлық деңгейінде қызмет етеді. ҚС-ның қуаты, кернеу деңгейі электр желісінің схемасымен, сонымен қатар электр энергиясын тұтынушылардың сипаттамасымен анықталады.

Қосалқы станцияның категориясына мыналар жатады:

1) Ұзын көп тізбекті желілердегі трансформаторсыз электр қон- дырғылары. Бұлар беріктігін арттыратын секциялық желіге, бойлық компенсацияға конденсаторлар орнатуға арналған. Мұндай құрылғыны секциялық қосалқы станция деп атайды.

2) Қалалық желілер мен өнеркәсіп орындары желілеріндегі транс- форматорсыз электр қондырғылары тұтынушыларға қуатты таратуға (бөлуге) арналған. Мұндай құрылғы таратқыш қосалқы станция деп аталады.

Қосалқы станциялардың қолдану орны мен мақсатына байланысты келесі түрлері бар:

  • Ақырғы(концевые) ;
  • Әуе желісіне қосылғын(ответвительные) ;
  • Аралық, өз тұтынушыларын қоректендіруге арналған;
  • Транзиттік;
  • Түрлендіруші;
  • Тяговые(ауырытпалықты)

2. Трансформаторлы қосалқы станция

Трансформаторлық қосалқы станциялар электр энергиясын қабылдау және тарату үшін қызмет етеді. Электр қабылдағыштың қаншалықты қашықта орналасқандығы және тұтынатын қуатының шамасына байланысты келесі 4 түрлі негізгі трансорматорлық қосалқы станциялар қолданылады:

  • Түйіндік таратушы ҚС
  • Негізгі төмендеткіш ҚС
  • Терең кіріс ҚС
  • Трансформаторлық пункт

Түйіндік таратушы қосалқы станция - бұл орталық қосалқы станция. Өйткені бұл жерге негізгі энергожүйеден 110кВ-тан 220кВ-қа дейінгі кернеудегі электр энергиясы беріледі де, трансформацияланып, терең кіріс қосалқы станцияға 35-200кВ аралығында кернеу жіберіледі. Бұл ҚС электрмен қамтамасыз ететін кәсіпорынның сыртында, бірақ жақын аймаққа орналастырылады.

Виды трансформаторных подстанций

3-сурет. Түйіндік таратушы ҚС.

Негізгі төмендеткіш қосалқы станция - Бұл қосалқы станция 35-220кВ кіріс кернеуіне негізделген. Оған кернеу тікелей аудандық энергожүйеден келеді де, кернеу қатты төмендетіліп электр энергиясы кәсіпорындарға таратылады.

Главная понизительная подстанция

4-сурет. Негізгі төмендеткіш ҚС.

Терең кіріс қосалқы станциясы - бұл қосалқы станцияға 35-220кВ кернеу беріледі. Бұл қарапайым коммутациялық схема негізінде құрастырылған. Электр энергиясын негізгі энергожүйеден немесе таратқыш пункттен алады. Терең кіріс ҚС -ы кәсіпорынның негізгі қабылдағыштарының тобын қоректендіруге арналған.

Терең кірісті қосалқы станциялар үлкен энергосиымдылықты кәсіпорындардың жанына орналастырылады.

Подстанция глубокого ввода

5-сурет. Терең кірісті ҚС

Трансформаторлық пункт - бұл алғашқы кернеуі 35кВ, 10кВ немесе 6 кВ болып, 230 және 400В кернеумен қабылдағыштарды қоректендіретін қосалқы станция. Бұларды немесе цехтық қосалқы станция деп атайды.

Қазіргі таңда трансформаторлық пунктті комплектті трансорматорлық қосалқы станциядан жасайды. Трансформаторлар саны өзгеріп отыруы мүмкін. Егер тұтынушылар 3 категориялы болса, онда 1 трансформатор. Ал, 1 және 2 категориялы тұтынушылар болса 2 трансформатор қойылады.

Трансформаторный пункт

6-сурет. Трансорматордық пункт.

3. Кернеу шамасына байланысты ҚС ерекшелігі және орналасуы

330, 500, 750кВ жоғары кернеуге ие айнымалы ток қосалқы станциялары ашық тарату құрылғыларымен(ОРУ), бірнеше трансформаторлармен, ажыратқыштармен жабдықталып, үлкен аумаққа орналастырылады. Әрдайым жоғары маманданған арнайы кезекшінің бақылауында болады. Бұл қосалқы станцияның арқасында бірыңғай энергожүйемен жүйе аралық байланыс орнатылады.

110-220кВ-тық жабық ҚС халқы тығыз орналасқан ірі қалаларда орналастырылады. Олар арнайы қоршалуы керек. Бұнда да әрдайым кезекші болады және шудан халық қорғау үшін арнайы қоршаулар жасалады.

35, 110 және 220кВ ҚС ажыратқыштарсыз, төмен кернеулі КРУН және КРУ-мен жабдықталған. Басқару, қорғау және сигнализация аппараты КРУН шкафында орналасады. Сондықтан арнайы щитті қажет етпейді.

7-сурет. 500кВ-тық ҚС

8-сурет. 110кВ-тық ҚС

4. Қосалқы станцияларды қоректендіру әдістері

Электр желісінің орналасу жағдайына байланысты қоректендерудің екі негізгі түрі бар - ақырғы және өтпелі. Ақырғы дегеніміз қоректендіруші желінің ең соңында орналасады, ал өтпелі дегеніміз қоректендіруші желінің бойында орналасады да, одан бірнеше қосалқы станциялар қоректене алады.

9-сурет. Ақырғы және өтпелі қоректендіру әдісі.

Қосалқы станциямыз сенімді жұмыс жасау үшін желімізге коммутациялық аппарат орнатуымыз керек. Егер айырғыш орнататын болсақ, ол іске қосылғаннан кейін ҚС энергиясыз қалып қоюы мүмкін, сондықтан көп жағдайда май ажыратқыштары қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі жолды айнымалы ток тартылым жүйесінің түйіспелі торапындағы қосалқы станция және секциялау пост фидерлерінің дистанциондық қорғанысын есептеу
Қараой 35/10 кВ қосалқы станциясын тұтынушылар жүктемесінің өсуіне байланысты реконструкциялау және техникалық-экономикалық негіздемесі
Дербес ЭЕМ қоректендіру көздерінің схемалық құрылымы, іске қосылу әдістері және қорғаныс жүйелері
Тыныс алу мүшелерінің жас шамасына байланысты рентгенанатомия және кеуде қуысы мүшелерінің патологиялық өзгерістерін сараптау сұлбасы
Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің құрылымы мен бөлшектерін жобалау
Қанның жасқа байланысты морфо-физиологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері
Трансформаторлық қосалқы станциялардың құрылымы және трансформаторларды есептеу мен таңдау негіздері
Тартқыш қосалқы станциясының ажыратқыш құрылғысының диагностикасы және жөндеу әдістері
Асқорыту жүйесінің құрылымы, қызметі және жасқа байланысты ерекшеліктері
Адам жүрегінің құрылымы мен физиологиясының жасқа байланысты ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz