Пациентке бағдарланған кеңес берудің негізгі дағдылары



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кафедра Пациентке бағдарлап оқыту

СӨЖ

Тақырыбы: "Пациентке бағдарланған кеңес берудің негізгі дағдылары"

Жоспары:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.2.Науқасқа кеңес беру.
2.3. Күрделі науқасты қайта қабылдау ерекшеліктері.
3. Қорытынды

Кіріспе
"Дәрігерде үш қару бар. Олар : сөз, өсімдік, пышақ"
Ибн Сина
Дәрігер ежелден бері аса ардақты әрі сыйлы атақ еді...
Шынымен де, Ибн Сина айтқандай дәрігердің қолы білуден бұрын, сөзі өткір болуы тиіс, себебі саналы адам бұл табиғаттың ерекше бір жаратылысы. Пациент бұл Дәрігердің зерттеу объектісі болғандықтан, алдымен онымен жақсы қарым-қатынас құрудың маңызы орасан зор болмақ,
"Жасырғанның жарасы асқынады" демекші, біз алдымыздағы адамды не мазалап тұрғанын, қандай күйде екенін біліп емдеу сатыларына кірісе аламыз.
Мәселен, адамдардың темпераменті сан алуан болғандықтан біз болашақ дәрігер мамандығының иестері әрбір науқасқа дара тіл табу қажет, дәл айтқанда дәрігерлік кеңес берудің әдіс тәсілдерін білуіміз керек.
Аталмыш жұмысымның мақсаты аудиторияға дәрігерлік кеңес жайлы ақпаратты таныту болып табылады.

,

Негізгі бөлім
2.1.Науқасқа кеңес беру.
Дәрігердің пациентке кеңес беруге қатысуы сөзсіз дәрі қабылдаудың дұрыстығына оң әсер етеді. Бұл үшін ауру мен Дәрігер арасында игі қатынас орнауы қажет, яғни Дәрігер әңгімелесудің жақсы дағдыларын игеруі қажет.
:: Дәрігер пациенттің емдеуге байланысты сұрақтарына жауап берген кезде максимальді тиімді нәтижеге жетуге өзара сенуді және тырысуды сипаттайтын, серіктестік өзара қатынас пайда болады. Ондай қатынастың орнауы динамикалық прцесс болып табылады.
:: Алғашқы күні әңгімелесудің оң әсері провизорға қатысы жоқ себепке байланысты бірнеше күннен кейін теріс әсерге ауысуы мүмкін.
:: Дәрігер пациенттің дауысы, бет жүзі бойынша жағдайының белгілерін анықтай алуы қажет.
Пациент - Дәрігердің қарым-қатынасының тиімлілігі - егер соңғысы түсінікті ақпарат көзі бола алатын болса, әлеуметтік-экономикалық және мәдени деңгейіне, әдеттері мен қызығушылықтарына байланысты кедергіні жою қажет. Бұдан басқа пациент Дәрігермен талқылаған ақпараттың құпия болып қалуына сенімді болуы керек. Дәрігерге бірінші кезекте пациенттің хабардарлық деңгейін анықтауына тура келеді. Әңгімелесу барысында түсінуге оңай сөздерді пайдалану және күрделі медициналық терминдерді айтпауға тырысуы қажет.Тиімді әңгімелесу ақпарат алушы оған хабарлап тұрған нәрсені естіп түсінген кезде өтеді. Бұған, пациент ақпаратты қайталаған кезде белсенді тыңдау әдісімен қол жеткізуге болады.
Әдетте сұрақтың екі түрі пайдаланылады.
Маған ауру белгілері жайлы көбірек айта аласыз ба? Түріндегі ашық сұрақтардан, иә немесе жоқ жауаптары алынатын сұрақтар қоюмен салыстырғанда, ақпарат көбірек алынды. Пациенттің препаратты қолдану бойынша нұсқауды меңгергеніне көз жеткізу үшін Дәрігер Бұл дәріні қалай қолданылатындығын айтып беріңізші, деп сұрауы мүмкін. Алынған мәліметтерді қорытындылау үшін нақты жауап күтілетін сұрақтарды пайдаланады, мысалы, ерекше ақпаратты жинауға немесе ашық сұраққа бұрын алынған жауапты нақтылауға мүмкіндік беретін Бұл ауру сізгде қашаннан бері? Сұрағын пайдаланады. Бір ретте тек бір ғана сұрақ қою маңызды; екі немесе үш сұрақты бір мезгілде қою әңгімелесуді бұзады.
Дәрігер пациеттің сұрақтарға берген жауабына көңіл қойып, жеке деталбдарды нақтылауы қажет. Әңгімелесу тілектестік жағдайында болуы керек, пациент сөзін қайталап айтуға, айтылғанды ауруға түсінікті болу үшін қайталауға тура келеді. Әңгімелесуді үзу немесе қызығушылығы жоқ екенін көрсету пациенттің сенімін азайтады және мәселені талқылауға дайындығын, соның салдарынан препаратты сатып алуын төмендетеді. Керісінше, пациентті қолдау түсіністік байқату әңгімелесуді жеңілдетеді. Дәрігер пациенттің пікіріне қызығушылық білдіріп және жылы шырай көрсетіп, пациенттің дұрыс шешімін қолдауы қажет.
Аурудың кейбір топтарымен әңгімелесу үшін арнайы әдістеме болуы қажет. Саңырау немесе нашар еститін пациенттерге ақпаратты жазбаша түрде беру қажет. Егер есту қабілеті бұзылған пациент ерін қимылы бойынша оқитын болса, Дәрігер пациенттің қарсы алдына жақын тұруы және әңгімелесу процесінде көз байланысын ұстануы қажет. Бұдан басқа, баяу, бөліп-бөліп, мүмкіндігінше қатты дауыстап сөйлеуге тура келеді.
Тыныштық пен жақсы жарықтың да маңызы зор, өйткені шуда және қараңғыда есту қабілеті бұзылған адамдармен әңгімелесу мүмкіндігін едәуір төмендетеді.Дәрігер сондай-ақ мысалы, дененің зиян шеккен бөлігіне немесе қораптағы нұсқауға ыммен көрсетуді пайдалана алады. Көзі нашар көретін пациентке кеңес бере отырып, Дәрігер бірінші кезекте өзін таныстыруы керек. Өйткені соқыр пациент вербальді емес әңгімелесе алмайды, провизор дауыстық жоғарылығымен және сөзбен пациенттің мәселесіне қызығушылығы мен көңілін бейнелейді.
Пациентпен тиісті ара-қашықтықты ұстау маңызды, Дәрігер әңгімелесудің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті жақын тұруы және пациент үшін ыңғайсыздықты тудырмауы, сондай-ақ өзі үшін ирусты ауруды жұқтыру қаупін тудырмайтын қашықтықты ұстануы қажет. Егер пациент шегініп немесе қозғалса оның орнатқан қашықтығын ұстану қажет. Сондай-ақ көз байланысын ұстану және теріс эммоцияларды болдырмау үшін пациент жүзінің құбылысын қадағалау қажет. Пациент тарапынан да вербальді емес әңгімелесу маңызды. Егер пациент жабық кейіпті қолдарын айқастырса, провизордан денесін бұрыс ұстаса соңғысы қолайсыздық себебін түсініп, оны жоюға тырысуы қажет. Дәрігер те пациент жүзінің құбылысын бағалауы қажет, үрейлену, ашулану, күйзеліс,агрессия және ауру сияқты физикалық белгілері бар екенін қадағалауы қажет.

Науқасқа кеңес беру түрлеріне тоқталатын болсақ, ол әртүрлі адамдар мұқтаж болып және әртүрлі жағдайлармен келетіндіктен науқасуа кеңес беруді, әр адамның жеке ерекшеліктеріне байланысты және олардың проблемаларына байланысты бірнеше түрге бөлуге болады. Ең бірінші, жеке тұлғалық науқасқа кеңес беру. Бұл түрге адамдардың жеке проблемаларына байланысты кеңес беру жатады. Мысалы, адамның өзінен арылғысы келетін психологиялық және мінез-құлықтық кемшіліктер немесе адамдармен қарым-қатынас жасағанда, арасындағы жеке басына қатысты проблемалар, әртүрлі қарым-қатынастар, жолы болмаушылық, психогенді аурулар жатады. Бұл жерге сонымен қатар, адамның өз-өзіне көңілі толмауын, интимді проблемаларды да жатқызуға болады. Екінші түріне, психологиялық кеңес беруде көп кездесетін және өте маңызды мәселенің бірі отбасылық кеңеске жүгінуі. Бұл жерге отбасындағы немесе отбасы проблемалары туындайтын әртүрлі жағдайдағы кеңес беруді айтуға болады.
Күрделі науқаспен жұмыс істеу коммуникация, ғылымының бір бөлігі болып табылады. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін , медицина мамандарын дайындау бағдарламасында осындай пән болмады. Дәрігер-терапевтің науқастармен жұмыс істеудегі жетістіктерінің 80%-ы, оның коммуникативтік дағдыларына байланысты. Хирург және реаниматолог дәрігерлер, жеке тұлғамен емес, адамның физикалық денесімен жұмыс істейді. Дегенмен, бұл жағдай қазіргі кезде талас тудырып отыр.Комада жатқан науқастың, эмоциялық белгімен, айтатын сөзін білдіре алатындығы дәлелденген. Керек десеңіз эмбрионмен де коммуникация жасауға болады екен қазіргі кезде эмбриондық психология туралы ұғым пайда болды. Бұған бір дәлел, түсік кезінде тек биологиялық ұлпа жойылып қан қоймайды, психикалық сезімі бар тіршілік иесінде жойылады. Біздің өміріміз- бүкіл әлеммен адамдармен күнделікті қарым-қатынас жасау. Егер сенің жұмысындағы жетістіктер, қарым-қатынас жасау дағдыларына байланысты болса, онда, оны міндетті түрде меңгеру қажет.
Науқас, жазылған рецептің сапасын емес, мүлдем басқа өлшемдер бойынша, дәрігердің қабілетін бағалайды. Кейбір дәрігерлер, диагностика жасауда, емдік терапия тағайындауда, біліктілігі төмен болса да, өзін жақсы коммуникатор ретінде көрсетуі мүмкін. Көбінесе, қарт науқастар осындай дәрігерлерді таңдайды. Оларға, осы дәрігер, тамаша маман болып көрінеді.Әрбір науқастың, өзіндік коммуникациялық стильі болса, ал дәрігердің әртүрлі коммуникативтік репертуары болуы тиіс. Бірақ, дәрігер науқастың қызметшісіне айналып, олардың жетегінде жүрмеуі керек. Әрбір дәрігердің жаман да, жақсы да жақтары болады, бірақ, науқастармен қарым-қатынас жасауда, шынайы, қарапайым болуы тиіс.
Бірнеше жылдар бойы, дәрігерлер науқастармен қарым-қатынас жасау барысында, көптеген қателіктер жіберді. Дәрігермен науқас арасындағы қарым-қатынас жөніндегі коммуникативтік оқулықтың болмауынан, көптеген мәселелер туындады.

2.2.Күрделі науқасты қайта қабылдау ерекшеліктері.
"Күрделі" науқас деген кім? Күрделі науқас - бұл ауру адам, дәрігерге бұл науқаспен қарым-қатынас орнату, түсінісу қиынға соғады. Әрбір дәрігердің емдейтін күрделі науқасы бар. Олармен жұмыс істеу де, қиынға соғады.Егер, күрделі науқастарды емдеу нәтижесіз болса, оның себептерін анықтап, дұрыс шешім қабылдау қажет.
"Дәрігер-науқас" коммуникациясы- бұл жақсы медициналық тәжірибенің іргетасы. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тезисі. Егер, сіз табысты коммуникатор болсаңыз, онда сіздің медицинадағы қызметіңіз жетістікке толы болады.
Коммуникацияның табыстылығын , науқастың шынайлығына қарап бағалай аламыз. Қарым-қатынас орнатудағы жетістікті, арнайы маркерлердің көмегімен анықтаймыз: біріншісі - шынайлылық. Екіншісі - жеке мәселелерге қатысты ашық байланыс. Жастың айырмашылығына қарамастан, дәрігерге ақыл-кеңес, жеке мәселелерін шешіп беретін адам ретінде сеніп, науқас бар сырын айтуын - ашық байланыс деп атаймыз. Христиандарда, адамдардың 2 категориясына ерекше мәртебе берілген: олар дәрігерлер мен дін қызметкерлері. Оларға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби бейімделу
Науқасқа кеңес беру
Пациентке бағдарланған кеңес берудің базалық дағдылары
Бүкіл жағдайды түсіну есебінен бір мәселеге назар аудару
Онкологиялық пациенттерге паллиативті көмек
Екінші медициналық көмек
Қартаю дамудың бір кезеңі
Топтық би терапиясы
Психотерапияның альтернативті әдістері
Қант диабеті және оның типтері
Пәндер