Access мәліметтер қорын сақтау жүйесі тақырыбында электронды оқулық құрастыру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
«Access мәліметтер қорын сақтау жүйесі» тақырыбында электронды оқулық құрастыру»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Павлодар
2016
Қазақстан Рeспубликасының Білім жәнe Ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мeмлeкeттік унивeрситeті
«Кәсіптік оқыту» кафeдрасы
Қорғауға жібeрілгeн
20___ж. «___»
Кафeдра мeңгeрушісі К. Ш. Арынгазин
(қолы)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«11 сынып оқушыларына арналған «Access мәліметтер қорын сақтау жүйесі» тақырыбында электронды оқулық құрастыру»
5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша
(қолы)
Павлодар
2016
МАЗМҰНЫ
Электpондық оқытудың мультимедиалық технологиялаpын
пайдалану аpқылы оқыту үдеpiсiн жетiлдipу мүмкiндiктеpi
MS Access-тi үйpенуде компьютеpлiк оқыту жүйелеpiнiң
құpылымы және пайдалану
MS Access-тi үйpенуде компьютеpлiк оқыту жүйесiн жасау
негiздеpi
«Информатика» пәні бойынша 11 сыныпқа арналған күнтізбелік
жоспар
«MS Access бағдаpламасында мәлiметтеp қоpын құpу және өңдеу»
тақырыбында сабақ жоспарын жоспарлау
Кіріспе
ҚР-ның Президенті Н. Назарбаев жыл сайынғы жолдауында білім саласына ерекше басымдылық беріп, жастардың білім -біліктілігін жетілдіру үшін барлық жағдай жасауда «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек» «Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ» [1] деп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру үшін нақты мақсаттар жүктеген болатын. Аталған бағыттардың табысты іске асырылуы ең алдымен, тек білімнің сапасымен анықталатыны белгілі. Осы негізде қазіргі таңда білім мен ғылымды инновациялау мен модернизациялау экономикалық дамудың басты бағытына айналды. Еліміздің дербес даму бағыты айқындалып, халықтың тарихқа деген көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңдағы негізгі міндеттердің бірі - «білім беруді жаңа инновациялық жолмен дамыту болып отыр».
Зерттеудің көкейкестілігі : Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым мәнге ие болуда. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі болып білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. Соған сәйкес өркениет дамуының қазіргі кезеңін ақпараттандыру және ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес.
Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктіктерімен тепе-тең саналуда. Осыған орай, осы бағытта болашақ мамандардың меңгерген білімі мен дағдылары болашақта қоғам дамуының жолдарын анықтауға мүмкіндік бермекші. Сол себепті білім беруді ақпараттандыру педагогтарды даярлауда кәсіби қасиеттері мен деңгейлеріне жаңа талаптар ұсыну арқылы олардың жұмыстарында нақты қайта құруларды талап етуде. Педагогтарға программалау саласынан маман болу міндетті емес, өйткені оны сол мамандыққа сәйкес кәсіби дайындықтан өткен маман атқарады, алайда педагогтан программалаудан негізі түсінігі мен программист еңбегінің мәнін түсіне білу талап етіледі. Бұл өз кезегінде түрлі кәсіптегі мамандардың өзара тікелей және шығармашылық байланыс орната отырып жұмыс істеулеріне себепші болмақ. Қоғамға қажеттісі - кәсіби іс-әрекетке функционалды дайындығы бар ғана емес, сонымен бірге шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасқан маман.
Компьютерлендіру мен ақпараттандыру проблемасына А. А. Әдіқадыров, Е. Ы. Бидайбеков, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, Ж. К. Нурбекова, А. Бешенков, Б. С. Гершунский, А. Л. Денисова, В. А. Извозчиков, В. А. Каймин, А. А. Кузнецов, Э. И. Кузнецов, М. П. Лапчик, Н. В. Макарова, Е. А. Мащбиц, Ю. А. Первин, И. В. Роберт, Ю. А. Шафри, және т. б. еңбектері арналған. Компьютерлерді білім жүйесінде қолданудың психологиялық аспектілері Т. В. Габай, В. В. Давыдов, Б. Ф. Ломов, В. Я. Ляудис, Е. И. Машбиц, В. В. Рубцов, Н. Ф. Талызина, О. К. Тихомиров, Н. А. Шаломова және т. б. еңбектерінде орын алған.
Бүгінгі күні республика көлемінде білім беруді ақпараттандыру проблемасы төмендегі басты ғылыми мектептер негізінде жан-жақты және нақты зерттелу үстінде:
- профессор Г. К. Нұрғалиеваның білім беруді ақпараттандыру жағдайында электронды оқулықтарды дайындаудың педагогикалық мәселелері мен түрлі оқыту мақсатындағы программалық құралдарды жасау проблемалары (Ш. Т. Абишева, Г. Б. Ахметова, А. С. Кадырова, Г. Кудебаева, А. Х. Накпаева, Н. М. Сагитова, А. И. Тажигулова, Н. Даумов) ;
- профессор Ж. А. Қараевтың ақпараттық технологияны (компьютерді) жалпы орта білім беретін мектептің оқу үрдісінде, кәсіби дайындықта пайдалану және орта, жоғары оқу орындарында информатикаға оқыту проблемалары (М. Б. Есбосынов, С. В. Рах, К. З. Халикова, Ж. С. Сардарова, С. Т. Мухамбетжанова, Б. К. Тульбасова, Г. Г. Бегаришева, Б. Абықанова, О. К. Ахметова) ;
- профессор Е. Ы. Бидайбековтың студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға әдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және соған сәйкес информатик-мамандарды дайындау мәселелері (Ш. Шекербекова, Г. А. Абдулкаримова, Е. А. Вьюшкова, А. Ибашова және т. б. ) .
Дегенмен, жоғарыда аталған жұмыстар, елімізде информатиканы және информатикалық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік береді. Алайда, қарқынды дамып бара жатқан заманда мектеп бағдарламасының өзгеруі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану себеп болып отыр.
Зерттеу мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылайтын информатика пәніне негізделген мәліметтер қоры электрондық оқулығын әзірлеу
Зерттеу нысаны: Жалпы орта білім беретін мектепте 11 сынып информатикасының оқыту үрдісі.
Зерттеудің пәні: Жалпы орта білім беретін мектепте информатика пәні
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер сабақтарды ұйымдастыру үшін компьютерлік бағдарламалары және оны қолданудың әдістемесі жасалса, онда оқушылардың білімді меңгеру сапасы артады, өйткені бұл жағдайда жүйелі, жеке іс-әрекеттік және дербестік тәсілдер жүзеге асып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен саналылығы артады.
Зерттеудің міндеті:
- электронды оқытудың теориялық негіздеріне шолу жасау;
- электрондық оқулықтарды дайындау мәселелерi;
- оқу процесiнде электрондық оқулықтарды пайдаланудың алғы-шарттары;
- «Мәліметтер қоры» тақырыбына электронды оқулық әзірлеу;
- мектептегі информатика оқулықтарына талдау жасау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Педагогикалық ғылымдардың түбегейлі зерттеулерімен, информатика әдістемесінің негіздерімен, білім берудегі жеке-даралық теориялармен айқындалады. Зерттеудің теориялық негізіне оқыту үрдісінің және педагогикалық жүйегің құрылымы мен логикасы жөніндегі қазіргі түсініктер басшылыққа алынды. Солардың ішінде, ҚР тұрақты даму тұжырымдамасы, ҚР Конституциясы, «Білім туралы» заңы, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, 2011-2020 жж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- мектептегі информатиканың оқу үрдісін ұйымдастырудың қазіргі кездегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін дараландыруды қамтамасыз ету.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Мәліметтер қорымен жұмыс істеуді ұйымдастыру технологиясын мектептерде пайдалану.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Информатиканы оқытудың әдістемелік кешенін құраушы ретінде жоғарғы сынып оқушыларына арналған дәрістер, практикалық тапсырмалары дайындалып, тест тапсырмасының құрылымы ұсынылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Жалпы орта білім беретін мектептерде электрондық оқытуды қолданудың ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Электрондық оқытуды қолданудың әдіснамасы
Барлық дамыған елдерде оқушыларды ДК-мен аса тиiмдi жұмыс істеуге дайындауға арнайы мақсат қойылған. Бірақ, мектептің оқу үдерісінде ДК-мен жұмыс істеудің мүмкіндіктерімен оны игерудегі пайдалана білудің айырмашылықтар бар.
Компьютерді жеттік меңгерген қоғам электрондық оқытуды қолданатын мұғалімдерге өз мүмкіндіктерін жүзеге асатындай бағалауын және осыған сәйкес оқыту әдістемесін дұрыс таңдауға мақсат қояды. Осыған сәйкес келесі сұрақ туындайды: адамның қандай жеке-психологиялық ерекшелiгі оның компьютерді пайдалануға ықпал жасайды?
ЭО қолдану икемді ойлауға, жақсы жадысы, ақыл-ойды жоғары деңгейдегі дамытуға әсер етеді. Бірақ адамның даралық өзгешелігі оның интеллектуалдық дайындығымен және таным үрдісінің ерекшелігімен сайылмайды. Сонымен қатар, жетік білім алуға оқушылардың туа біткен психофизиологиялық ерекшеліктері (адамның жұмыс істеу қабілетін анықтайтын жүйке жүйенің күштігі және жүйке процесінің өту жылдамдығын анықтайтын лабилділігі) әсер етеді.
Психологтардың айтуынша, компьютермен жұмыс істеген кезде, зейінділік, ұқыптылық, мұқияттылық және адалдылық деген тұлғалық ерекшеліктері үлкен рөл атқарады. Негізінен оларды кез келген адамда айқындалатын әмбебап ерекшеліктерінде және кез келген істі меңгерген процесінде көрінуі мүмкін. Ең алдымен, бұл ерекшеліктердің қалыптасуы оқушылардың ынтасы мен табандылыққа байланысты. Бірақ компьютерге бағадраламаны жүктеудің қаталдығының салдарынан үнемі онымен жұмыс істейтін адамға қатыгез талаптарды қояды. Бұл талаптарды орындамаса компьютер жұмыс істемейді. Компьютер осы жағдайда оқу үрдісіне байсалды, тәртіпті ықпал етеді [2] .
Бұл сұрақтың жауабына бірінші ретте ақпаратты таратуға ұмтылған, тұлғаның когнитивті құрылымның қалыптасу мәселелерімен айналысатын-педагог, психологтар қызығады. Қазіргі жағдайда бұл сұрақтар әртүрлі баспалардың және бейнетаспалардың қосымшаларында жаңартылып жатыр, сонымен қоса, басқа түрдегі сұрақтар толықтырылуда: психикаларына зақым келтірмей, адамдарға қалай ақпаратты ықпал жасау болады? Құпия емес? ақпаратты беру мәселелеріне көп назар аударылмағандықтан, ұйғарылған сұрақтың нәтижесі қарама-қарсы боп шығады. Өкінішке орай, көптеген мамандардың (физиологтар, психологтар, педагогтар және т. б. ) ақпаратты санасына қарама-қайшы әсер ететін жасырынды үдеріс бар екені туралы айтылуда. Осындай қайшылықтар әсіресе балаларда да байқалады. Бұл қайшылықтар балаларда когнитивті құрылымдар қалыптасқан кезде көрінеді.
Осындай қайшылықтарды алдын ала жоймаса, кеш болады. «Ақпарат - байланыс техника ғылымның ұғымы болса да, өзінше кішіпейіл, физиологиялық және де психологиялық болып келеді: өйткені барлығы да адамның адамға семантикалық ақпаратты техникалық каналдардан беруден басталды», деп айтады Леоньтев А. Н. Ақпарат адамға бірнеше негізгі каналдар арқылы жетеді. Біріншісі - сезім мүшелері. Сонымен қоса, біз ақпаратты қиял және генетикалық жолдары арқылы аламыз. Әр түрлі жолдармен санаға түскен ақпарат «қабылдаған» күйімен және бір әдіспен сақталынып, бір механизммен біздің өмірге ықпал етеді. Адамға көбінесе бір уақытта бірнеше сезім мүшелеріне әсер ететін және де, адамның қабылдау каналдары неғұрлым көп болса, солғұрлым ақпараттар жақсы қабылданады. Сондықтан аса жарқын қалған естеліктер визуалды бейне, дыбысты, көрнекі және түсінікті аспектілері болып табылады. Сонымен қоса, осы аспектілерде ұсталынбайтын компонент бар, бұл компоненті эмоция деп атайды [2] .
Адамның санасындағы ой - формалары өте ұйысқан түрде сақталынып, өзінің қасиеттерімен кішкентай галографиялық пластинкалардың бөлшектеріне ұқсатады: ал олар, адамның санасында тіріліп, біртұтас ақиқат эффектіне қалыптастырады.
Адам санасының терең қабаттарына енгізілген ой, мінез-құлығына да әсер етеді. Бұл сананың позитивті жақтарының ерекшелігі афоризмде былай көрсетілген: «Все, что разум осознает и во что верит, можно осуществить». Жасерекшелік психологияның жетістіктерін пайдалансақ, Ж. Пиаже «быстрого развития» концепциясынан (Маргулис Е. Д., Монахов В. М. ) тағы басқадай жұмыстарда қарастыратын болсақ, саналы өміріне ықпал ететін, адамның негізгі ақпараттық ресурстары қалай қалыптасатынын көрсетуге болады. Тұлғалық резонанстың әсерінен адам кішкентай кезінен-ақ бастап, ағзаға және өмірге қажетті, тіршілік ету үшін ақпаратты қабылдайды. [3], [4], [5, б. 7] .
Бүгінгі күнге дейін ақпараттың анықтамасын төрт компонентке бөлуге болады: субъект - ақпаратты өзіндік береді; субъект - ақпаратты қабылдап алады; және де ақпаратты жеткізетін объектіні тану үдерісі ретінде белгіленді.
Жоғарыда айтылғандардын келесі қорытынды жасауға болады: ақпаратты жеткізу кезінде ситуацияның потенциалын максимал түрде ашу керек, таңдап алған объектіге ақпаратты берген кезде, оның позитивті қабілетіліктеріне көз салу және оның қызығушылығын арттыру үшін әрекет жасау. Ақпаратты неғұрылым шығармашылық жолымен берілсе, соғұрылым үлкен жетістіктерге жетуге болады.
Айтылып кеткендердің барлығын педагогика жағынан қарастырайық. Қазіргі жағдайдағы педагогика практикасында генетикалық ақпаратты мүлдем қарастыруға болмайды. Ал оқушылардың шығармашылық, жаңадан елестерді жасауға мұғалім өте сирек қолданады. Сонымен, оқу үдерісінің жаңартылуы мен интенсифтігі тек қана бір жолмен жаңартылады, әрине бұл ақпараттарды көру, есту болып келеді. Келесі негізгі қадамымыз, ақпараттардың өзара бірмезгілде үйлесіп байланысуі.
Атап айтқанда қазіргі кездегі компьютерлік технология, яғни электрондық технология дәл осындай мүмкндіктерді ашып отыр. Осыдан басқа, қазіргі Windows-технологияларының кез келген интерфейс элементтерін жасауда ерекше мүмкіндіктері баршылық. Олар: қандай да бір мезетте компьютерді «тірі жанға», экранның сырт келбетін өз талғамына, бейнелік, түсті, есту және ДК-ны өз иесінің мінез-құлқына келтіріп, жасай алады. Оқушы ДК-мен өзіндік жұмыс жасаған кезде, әртүрлі және басқа оқу жоспарының бөлімдеріне кіруге қызығушылығы артады. Электрондық оқыту педагогикалы әдістемесін байытып, еркін, жанжақты тұлғаны дамытуға әсер етеді.
Педагогика қызметтігі, оқу үдерісіне жөнімен қарау, оқушылардың белсенділігі, білім берудің жекеленуі қазіргі педагогиканың тенденциялары оқу үдерісіндегі электрондық оқытудың қолданысы мұғалімнің ролін түбегейлі қарауына ой салады.
Жаңашыл ұстаздарға балама түрінде әр жастағы топтардың оқушыларымен жұмыс істеуді ұйымдастырудың сұлбалары ұсынылған. Осындай жаңартпалардың тиімділіктеріне қарамастан, олардың барлығы да, оқу үдерісінің материалдық базасы негізінде жасалына бастады. Бірақ та, осы жаңартпалардың ешқайсысы да жоғары деңгейге көтеріле алмаған. Оқу үдерісінің материалдық базасы өзгергеннен кейін, яғни компьютерлерді енгізгеннен кейін, терең педагогикалық ізденістерге жаңа көкжиектер ашылды. Сонымен қоса, оқу үдерісін жаңадан құруға ізденуге кірісті. Бірақ осындай позитивті өзгерістермен қатар негатив аргументтелген көзқарастарда бар.
Ең алдымен, компьютер оқушы мен мұғалім арасындағы байланыстарды шектеп, мән-маңыздылығын төмендетеді деген пікірлерден алдын ала сақтағым келеді. Бір сөзбен айтқанда, педагогикалық қарым-қатынастарды шектейді.
Керісінше, компьютер мұғалімнің оқушымен одан да жақсы және тығыз қарым-қатынаста болу үшін, техникалық және технологиялық қолдау көрстеіп, уақытын үнемдетеді.
Компьютер бақылау функциясын көп орындайды және де оқушының жіберген қателеріне оперативті болады. Барлық жіберген қателер уақытында тіркеліп, тек қана өзі білетіндей етіп, жасырынды қалдырады. Осындай жағдайда оқушы негативті эмоцияларға ие болмайды. Және де мұғалімнің оқушыларға деген қарым-қатынасы өзгермей, бос уақыты көп болады.
Компьютер, оқушымен серіктестік жолға кіріскеннен кейін, оқушыға өзіне лайық, оқу жоспарын орындауда кететін уақыттың және ритмді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Және де мұғалімді бұл үдерісті үнемі тексеруден және белсенді етуден қолын босатады. Сабақтың үстінде бос уақыты көбейіп, сыныптағы жағдайды жалпы тұрғыдан көріп, әр оқушыға жеке-жеке көңілін бөле алады.
Сонымен, ДК тек қана педагогикалық қарым-қатынасқа бөгет болмай, ал керісінше, шексіз көп мүмкіндіктерді ашады. Оларды тек қана уақытында көріп, дұрыс қолдана білу керек.
Электрондық оқытуға қарсы болушылардың пікірлерін айтып кетейік
- оқу үдерісінің тиімділігін үнемі жақсартпайды;
- рациалды емес қолданады;
- «оқулық беттерін ашу» ролін атқарады;
- оқушыларды интеллектуалды жұмыс істеуге, есте сақтау, ойлану және жалпы шығармашылық потенциалдарын ынталандырмайды.
Жүйелі түрде берілетін қажетті білімдерді алудың орнына оқу үдерісін ойын - сауыққа айналдырады.
Осы айтылғандардың ешқайсысы да, ешқандай сынауды көтере алмайды. Осындай пікірлерді айтатын адамдар, ДК-мен жұмыс істеп көрмегендер немесе өз жұмыстарын компьютер арқылы ұйымдастыра алмайтындар. Құзыретсіз екенін жасыру үшін осының барлығын да, істемеу үшін «ғылыми» тұрғыдан дәлелдеуге тырысып жүргендер бар.
Осындай пікірлерден кейін, мұғалімнің қызметі өзгертіліп, жаңа жағдайда өз атақтарын сақтап қалу үшін қиын мақсат қойылады. Мұғалімге келесі жәйтті ескеру керек, оқушылар компьютерлік коммуникацияларының мүмкіндіктерін қолдана отырып, дәстүрлі сабақтарға қарағанда, мұғалім білмейтін жаңалықтарды ашып отырады. Бұл - жаңа педагогиканың табиғи ахуалы, білім берудің жаңа парадигмасының сипаттамасы. Осы жағдайда мұғалімнен абсолютті «білгіштік» емес, ғылыми өмірдің өтіп жатқан құбылыстарын түсінуін талап етеді. Осындай жұмысты атқару үшін, қазіргі жағдайда кез келген мұғалім дайын деп айтуға болмайды. Өйткені, мұғалімдерді дайындайтын ЖОО осыған жүйелендірілмеген.
Сабақ жақсы техникалық, программалық және әдістемелерімен қамтылған кезде ғана осының барлығы іске асатынына күмән келмейді. Ал мұғалім компьютермен жұмыс істеудің дағдыларымен және өз рөлінің өзгертетіне көз жеткізу керек.
Мұғалімнің оқу үдерісінде электрондық оқытуды қолданудың негізгі функциялары: оқу материалын және тапсырмаларын жинақтау, оқу үдерісін жоспарлау, оқушыларға ақпаратты беру формаларын жасау, оқу материалын бақылау, оқу үдерісін түзету. Бұл функцияларды іске асырудың ерекшеліктерін қарастырайық.
Электрондық оқытудың көмегімен оқу үдерісін жоспарлануы жоғарыда айтылып кеткендей, жеке жоспар жекешелендіру түрінде жасалуы керек. Оқу үдерісінің жекешелендіруі келесідегідей өткізіледі: оқытылатын ұғымдардың тізбектеп берілуі, оқу материалы мазмұнының әдісі бойынша (индукция, дедукция), материалдың ғылымилығының деңгейі және ұсынылатын анықтамалары мен түсіндірмелері бойынша. Соңғы жылдары мектептерде оқу үдерісін жекешелендіру негізгі идеяның бірі болғаны анық. Мектеп оқушыларының жеке қабілеттеріне сүйене отырып, қоғамда өмір сүруге және оған пайда әкеле алуға дайындау қажет.
Машбиц Е. А. психологы мақсатты түрде оқытуды «жеке» және «жекелеу» ұғымдарына бөлуді дұрыс деп ойлайды [6, 7 бет] .
Машбиц Е. А айтуынша жеке білім алу келесі принцип бойынша оқытылу керек: бір оқушы - бір компьютер. Жекелеу оқытуда - оқушының ерекшеліктерін ескеру керек. Жекелеу тек қана стандарт бойынша алған білім емес, оның психологиялық ерекшеліктері де қарастырылады.
Жалпы айтқанда жекелей оқыту деп оқушының психологиялық ерекшеліктері көрсетілген, стандартты емес білім беру моделін айтады. Сонымен қоса, бұл модельдерді алдын ала білім беру жүйесіне енгізу керек.
Сонымен білім беруді жекелеу болу үшін, ол дара болу керек. Футрурологтар және ғылым мен кәсіптерді ұйымдастырушы мамандардың айтуынша - бұл мәселені шешуде компьютер үлкен рөл атқарады.
Қазіргі таңда компьютер өзінің мүмкіндіктерімен мектепте екі түрлі қызмет атқарады: білім алу пәні және білім алудың техникалық құралы ретінде.
Компьютерлендіру болашақ ұрпақтың мінез-құлығына, имандылыққа, психика мен өмірлеріне қалай әсер ететіні әлі белгісіз. Бірақ оқушылардың ДК-мен жұмыс істеуіне көзқарастары әртүрлі болып келеді. Компьютерлендіру саласында мамандандырылған педагогтар және психологтар ойынша оқушылардың компьютерге деген оң көз қарастарының қалыптасуы маңызды деп айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz