КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ . . . 4
2. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . -
- Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы. . 25
- Кәсіпорында кассалық операцияларды жүргізу тәртібі . . . 25
- Банктегі есеп айырысу шоты бойынша есебі . . . 27
- Қолма қол ақшаны алу, қабылдау, беру және кассаға кіріске алу, кассалық құжаттарды рәсімдеу тәртібі . . . 29
- Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі . . . 30
- Негізгі құралдар есебі және амортизациясы . . . 33
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35
Кіріспе
Студенттердің өндірістік практикалары Ережеге сай басқа кәсіби ұйымдарда, мекемелер мен кәсіпорындарда өткізіледі.
Ұйымдарда, мекемелер мен кәсіпорындарда өткізілетін практика практика базасы мен университет арасындағы келісімшарттың негізінде жүзеге асады. Практика базасы ретінде оның өтілу ерекшеліктеріне сай Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар таңдалып алынады. Күндізгі және сырттай бөлімнің студенттері практиканы кафедра тарапынан белгіленген орындардан өтеді.
Практиканың өту мерзімі оқу процесінің күнтізбелік кестесіне және оқу жоспарына сәйкестендіріліп жасалады. Практика мерзімдері студенттердің теориялық дайындығы мен практика базасының және университеттің оқу-өндірістік (академиялық күнтізбе мен оқу процесінің кестесіне сәйкес) мүмкіндігіне сай тағайындалады. Практика өтілетін орынға студенттерді тең бөлу үшін оқу топтарының практикасын оқу жоспарында көрсетілген практика мен демалыс кезеңдері бойынша кезектесу жолымен жүзеге асыруға болады.
Мен «Есеп және аудит» мамандығының студенті Бұлантаева Айжан өндірістік іс-тәжірибемді 2 мамыр айынан 7 шілде айы аралығында «АзияСпецТехПром» ЖШС-нде бухгалтерия бөлімінде бухгалтердің көмекшісі ретінде іс-тәжірибеден өттім.
Бұл практикалық жұмысымды атқарғанда осы мекеменің барлық іс қағаздарымен, соның ішінде бухгалтерлік жазбаларымен сондай-ақ ұйымдық құрылымымен, жалпы қаржылық жағдайымен танысып өткіздім.
Іс-тәжірибе мақсаты: теоретикалық білімді ары қарай тереңдетіп, бекіту, қаржылық - экономикалық талдау аймағында қажетті іс-тәжірибелік дағды мен іскерліктерге ие болу, есептік - аналитикалық жұмыстардың автоматтандырылуының бағдарламалық тәсілдерін пайдалану, мекеме жұмысының нәтижелерін объективті бағалау, шаруашылық етудің тиімділігінің ары қарай өсу резервын анықтау, ұсынылған тауар, жұмыс және қызметке деген сұранысты толығымен қанағаттандыру жолдарын іздеу.
Іс-тәжірибенің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Кәсіпорынмен, оның құрылымымен, өнімнің технологиясымен, өндірістік және басқарушылық бөлімшелердің негізгі қызметтерімен танысу;
Мекемедегі есептік жұмыс іс-тәжірибесін, басқару құралының құрылымын, есептеу мен талдаудың қолданылатын тәсілдерінің автоматтандырылуы, қаржылық құжатнамалар мен құжат айналымының сызбасы құрамы мен мазмұнын зерттеу;
Есептеу мен талдау ұйымының сыни талдауы, олардың ары қарай толық жетілуіне ұсыныстар енгізу.
Шаруашылық субъектінің ұйымдық құрылымы
Алматы қаласындағы ауылшаруашылығы техникаларын алып-сатумен, жөндеумен айналысатын кәсіпорын болып табылады.
Шаруашылық субъект Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
«АзияСпецТехПром» ЖШС ұйымдық - құқықтық мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өзінің атауы бар мөртағбасы мен мөртаңбаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
«Азия СпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Азаматтық Кодекске және Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 22 сәуіріндегі “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы” заңына сәйкес құрылған.
Серіктестіктің Алматы қаласындағы Казкоммерцбанкте ашылған ағымдағы шоты бар (N 014477506) . Салық төлеуші ретінде салық комитетіне тіркелген, салық төлеу бойынша тіркеу N 600400025292
Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы - қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Бұл жоғарғы орган серіктестіктің қызметімен байланысты кез келген мәселені талқылауға құқылы.
Серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша ынтымақты жауапкершілікті әрбір қатысушының енгізілген салымы шегінде атқарады.
Кәсіпорынды басқару функциясын жүзеге асырушы - директор. Ол серіктестіктің қаржы - шаруашылық қызметімен байланысты барлық іс-әрекеттердің жүзеге асырылуына жауап береді.
Төменде «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқару құрылымы келтірілді (1. 1 сурет) .
Директор
Қатысушылардың жалпы жиналысы
Жабықтау бөлімі
Бухгалтерия бөлімі
Маркетинг бөлімі
Кадрлар бөлімі
1. 1 сурет - «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқару құрылымы
Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, өзінің қызметіне байланысты Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбайтын кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыруға қажетті азаматтық құқықтары бар және міндеттемелерді атқарады. Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметі мүліктік, экономикалық және қаржылық дербестік негізінде жүзеге асырылады.
Серіктестік қызметінің негізгі бағыттары төмендегілер:
- жалпы комерциялық қызмет;
- бөлшек және көтерме сауда ұйымдастыру;
- сауда делдалдық қызмет;
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі мақсаты - өздерінің ұсынып отырған тауарларына деген заңды және жеке тұлғалардың сұранысын қанағаттандыру және сол арқылы көп мөлшерде табыс табу.
Серіктестік қазіргі кезде алыс жақын шетелдерден сатылып алынған ауылшаруашылық машиналарын (1. 2 сурет) және күнделікті халық тұтынатын тауарларды сатып-өткізумен айналысады.
1. Тұқым себетін машина 2. Тракторлар
3. Комбайн 4. Топыраққа минералдық тыңайтқыштарды
енгізуші қондырғы
1. 2 сурет - «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сатып-өткізетін ауылшаруашылық машиналары
«АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
ұйымдық құрылымы және қаржылық жағдайы
«АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жоғарыда аталған қызмет түрлері тұрақты түрде жүзеге асырылып отырады. Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі 2010 жылы 3200, 0 мың теңге таза табысты құраған болса, 2011 жылды кәсіпорын 2400, 0 мың теңге таза табыспен аяқтады.
«АзияСпецТехПром»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономикалық даму жағдайын оның соңғы жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері арқылы сипаттауға болады.
Төмендегі кестеде (1. 1) «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015-2016 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштері келтірілді.
1. 1 Кесте - «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
2015-2016 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері
Ауытқу-лар
(+, -)
* Ұйымның қаржылық есептілігінің мәліметтері бойынша құрылды (қосымша 1, 2)
Кестенің мәліметтерінен серіктестікте есепті жылы тауар сатып-өткізуден түскен табыс өткен жылмен салыстырғанда 27197, 2 мың теңгеге немесе 22, 2
пайызға көбейгендігін көреміз. Бұл көрсеткіш сатып-өткізілген тауардың
көлемінің көбеюімен және құнының өсуімен байланысты болып отыр.
Серіктестіктің сатып-өткізілген тауарларының өзіндік құны 2016 жылды
өткен жылмен салыстырғанда 18011, 8 мың тенгеге немесе 17, 3 пайызға артқан. Өзіндік құнның артуы да жоғарыда аталған себептерден туындап отыр. Кәсіпорынның жалпы табысы есепті жылы 18625, 2 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9185, 4 мың теңгеге немесе 49, 3 пайызға көбейген.
Негізгі өндірістік құралдардың құнының жоғарылауы кейбір көлік құралдарының жаңалануымен түсіндіріледі, яғни есепті жылды (2016) өткен жылмен салыстырғанда негізгі өндірістік құралдардың құны 9834, 2 мың теңгеге артқан. Серіктестіктің жұмыскерлерінің саны есепті жылда 4 адамға немесе 11, 8 пайызға көбейген.
«АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі де жылдан-жылға төмендеп отыр. Серіктес-тіктің таза табысының мөлшері 2016 жылы өткен жылмен салыстырғанда 800, 0 мың теңгеге немесе 25, 0 пайызға төмендеген (сурет 1. 3) .
Сурет 1. 3 - «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
2015-2016 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері
«АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайына талдау жасау мақсатында, зерттеу жүргізілген кәсіпорынның табыстары мен шығыстары жөніндегі қорытынды есеп нысаны қарастырылды (1. 2 кесте) .
Кестеде келтірілген мәліметтерден «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тауарды сатып-өткізуден түскен табысының 2016 жылды өткен жылмен салыстырғанда 27197, 2 мың теңгеге немесе 22, 2 пайызға көбейгендігін көреміз. Сонымен бірге сатып-өткізілген тауардың өзіндік құны да 18011, 8 мың теңгеге немесе 17, 3 пайызға көбейген.
Тауарды (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен табыс пен сатып
өткізілген тауардың (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының айырмасы болып
табылатын жалпы табыс зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 9185, 4 мың теңге немесе 49, 3 пайызға көбейген. Тауардың өзіндік құнына кірмей шегерістерге жататын кезеңдік шығыстар өткен жылы 14187, 8 мың теңгені құраса, есепті жылда олар 10092, 7 мың теңгеге немесе 71, 1 пайызға көбейген. Салық салынғанға дейінгі кәдімгі қызметтен түскен табыс зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 907, 3 мың теңгеге немесе 20, 4 пайызға азайған. Ал табыс салығы бойынша шығыстардың сомасы 107, 3 мың теңгеге немесе 8, 7 пайызға азайған.
1. 2 Кесте - «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015-2016 жылдардағы табыстары мен шығыстары жөніндегі көрсеткіштер
* Ұйымның қаржылық есептілігінің мәліметтері бойынша құрылды (қосымша 2)
Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын таза табыс сомасы есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 800, 0 мың теңгеге немесе 25, 0 пайызға төмендеген. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі шаруашылық қызметінің нашарлағандығын, соның нәтижесінде есепті кезеңнің аяғында оның шамасының өткен есепті кезеңдермен салыстырғанда едәуір деңгейде төмендегендігін көрсетеді (сурет 1. 4) .
Сурет 1. 4 - «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015-2016 жылдардағы табыстары мен шығыстары жөніндегі көрсеткіштер
Активтер, меншікті капитал және міндеттемелер кәсіпорынның қаржылық жағдайын бухгалтерлік баланста анықтауға (бағалауға) тікелей байланысты элементтер болып табылады.
Қаржылық қорытынды есептің негізгі элементі болып табылатын кәсіпорын активтеріне сипаттама беру үшін сол активтердің соңғы жылдардағы нақты бары және олардың құрамы мен құрылымындағы болған өзгерістер зерттеледі. Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорын активтерінің құрамы мен орналасуына талдау жасау үшін төмендегі талдамалық кесте жасалынды (1. 3 кесте ) .
1. 3 Кесте - «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі
2016 жылғы баланс активтерінің құрамы мен орналасуы
сомасы,
мың теңге
сомасы,
мың теңге
үлесі,
%
Активтердің құны,
барлығы
* Ұйымның қаржылық есептілігінің мәліметтері бойынша құрылды (қосымша 1)
Кестеде келтірілген мәліметтерден «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің активтерінің нақты құнының 2016 жылы өткен жылмен салыстырғанда 15851, 6 мың теңгеге немесе 47, 4 пайызға өскендігін көреміз. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ары қарай дамуының куәсі болғандықтан оның жұмысын оң бағалауға мүмкіндік береді.
Активтерге талдау жасауда олардың қалай орналастырылғандығын және есепті жылда неге көбірек көңіл аударылғандығын, кәсіпорынның өндірістік потенциалының, оның негізгі құралдарының жағдайының қандай екендігін, сондай-ақ, мүліктердің жұмылдырылу жағдайын анықтау қажет.
Қысқа мерзімді активтердің баланс валютасындағы үлес салмағын, яғни кәсіпорын активтерін жұмылдыру коэффициентінің жоғарылауын анықтау керек. Ол қарыздарды жабу үшін қажетті қаржылардың үлесін сипаттайды.
Қысқа мерзімді активтер құнының кәсіпорындағы барлық мүліктің құнына қатынасы ретінде анықталатын жұмылдыру коэффициенті есепті жылдың аяғында 38, 5 пайыз болды, яғни көрсеткіш оның жыл басындағы шамасымен салыстырғанда 0, 2 пунктке төмендеген. Қаржылық көзқараспен қарағанда бұл
коэффициенттің төмендеуі мүлік құрылымындағы теріс қадам болып табылады,
яғни ол көрсеткіш кәсіпорын мүлкі айналымының баяулағандығын, оларды пайдалану тиімділігі төмендегендігін көрсетеді. Кестенің мәліметтерінен ұзақ мерзімді активтердің кәсіпорын активтерінің құрамындағы үлесі қысқа мерзімді активтердің үлесіне қарағанда жоғары екендігін көреміз. Егер есептің жылдың басында ұзақ мерзімді активтердің үлесі, қысқа мерзімді активтердің үлесінен 22, 6 пайызға (61, 3-38, 7) артық болған болса, жылдың аяғында 23, 0 пайызға (61, 5-38, 5) артық болды.
Есепті жылда ұзақ мерзімді активтердің құны 9834, 3 мың теңгеге немесе 48, 0 пайызға жоғарылаған, ал қысқа мерзімді активтердің құны 6017, 3 мың теңгеге немесе 46, 5 пайызға өскен, яғни қысқа мерзімді активтердің барлық активтердің құрамындағы өсу тенденциясы жоғарылаған (сурет 1. 5) .
Сурет 1. 5 - «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі
2016 жылғы баланс активтерінің құрамы мен орналасуы
Ары қарай төмендегі 1. 4 кесте бойынша кәсіпорынның қысқа мерзімді активтерінің құрамы мен құрылымына талдау жасаймыз.
1. 4 Кесте - «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қысқа мерзімді активтерінің құрамы мен құрылымы
Өсуі (+)
төмендеуі (-) , %-бен
сомасы,
мың теңге
1. 1. Тауарлы-материалдық
босалқылар (қорлар)
* Ұйымның қаржылық есептілігінің мәліметтері бойынша құрылды (қосымша 1)
Кестенің мәліметтері жалпы кәсіпорын активтері динамикасының жоғарылағандығын көрсетеді. Ал олардың жекелеген элементтері бойынша жүргізілген зерттеулер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның материалдық айналым құралдары есепті кезең ішінде 85, 6
пайызға көбейіп, 12550, 8 мың теңгені құраған. Олардың қысқа мерзімді активтердің жалпы құнындағы үлес салмағы есепті жыл ішінде 13, 9 пайызға жоғарылаған (сурет 1. 6) .
Сурет 1. 6 - «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
қысқа мерзімді активтерінің құрамы мен құрылымы
Есепті кезең ішінде кәсіпорынның дебиторлық борыштары азайған. Егер оның шамасы есепті жылдың басында 2482, 0 мың теңге болған болса, жылдың аяғында 2113, 7 мың теңгені құраған немесе 14, 8 пайызға төмендеген. Бұл көрсеткіштің төмендеуі кәсіпорынның қаржылық жағдайының біршама жақсарғандығын көрсетеді. Кәсіпорынның ақша қаражаттары есепті жыл ішінде 598, 5 мың теңгеге немесе 16, 2 пайызға көбейіп, 4289, 4 мың теңгені құраған.
Зерттеу жүргізу барысында кәсіпорынның балансында көрсетілген дебиторлық борыштардың құрылымындағы өзгерістерді зерттеу, оның нақты құнына қатысты баға беру қажет.
Төмендегі 1. 5 кестеде «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серік-тестігіндегі дебиторлық борыштың 2016 жылғы құрамы мен құрылымы келтірілді.
1. 5 Кесте - «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі дебиторлық борыштардың 2016 жылғы құрамы мен құрылымы
Бір жылдағы өзгеріс
(+, -)
Құрылымның өзгеруі
(бағ. 4 -бағ. 2)
* Ұйымның қаржылық есептілігі мәліметтері негізінде құрылды (қосымша1)
Кестеде көрсетілгендей «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қысқа мерзімді дебиторлық борыш 2016 жылдың ішінде 368, 3 мың теңгеге немесе 14, 8 пайызға азайған. Оның ішінде сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 70, 8 мың теңгеге немесе 4, 2 пайызға азайған. Маңызды өзгеріс дебиторлық борыштың құрылымында орын алған.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштарының үлесі есепті жыл ішінде 68, 0 пайыздан 76, 5 пайызға дейін 8, 5 пунктке төмендеген, ал басқа да қысқа мерзімді дебиторлық борыштардың үлесі жылдың аяғында 22, 3 пайызды құрады, яғни жылдың басындағымен салыстырғанда 7, 3 пунктке азайған. Сонымен бірге, кестенің мәліметтерінен
зерттеу жүргізілген серіктестік жұмыскерлерінің қысқа мерзімді дебиторлық борыштарының үлесі есепті жылы 1, 2 пунктке төмендегенін көреміз (1. 7 сурет) .
Сурет 1. 7 - «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі
дебиторлық борыштардың 2016 жылғы құрамы мен құрылымы
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы басым түрде өзін-өзі қаржыландыру, яғни меншікті капитал есебінен жүзеге асырылады. Меншікті қаржы ресурстары жетіспеген жағдайда ғана сырттан қаржылар тартылады.
Меншікті капитал мен міндеттемелердің ара қатынасы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәнін ашып көрсетеді. Сондықтан меншікті капи-талдың нақты мөлшерін ғана анықтап қоймай, оның кәсіпорын капиталының жалпы сомасындағы үлес салмағын анықтаудың маңызы зор.
Қаржылық қорытынды есеп активтері құралу көздерінің құрамы мен құрылымына талдау төмендегі кесте (1. 6. ) бойынша жасалынды.
1. 6 Кесте - «АзияСпецТехПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі активтерінің құралу көздерінің 2016 жылғы құрамы мен құрылымы
Реттік номері
үлесі,
%
%-бен 5 бағ/
1 бағ
х100
Оның ішінде:
1. 1. Капитал
* Ұйымның қаржылық есептілігі мәліметтері негізінде құрылды (қосымша1)
Кестенің мәліметтерінен кәсіпорын мүлкінің құралу көздерінің есепті жылда 15851, 6 мың теңгеге немесе 47, 4 пайызға көбейгендігін көреміз. Бұл негізінен кәсіпорынның міндеттемелерінің көбеюінен болып отыр. Капиталдың
шамасы есепті жылдың аяғында өткен жылмен салыстырғанда 604, 0 мың теңгеге немесе 14, 8 пайызға төмендеген. Ал міндеттемелердің шамасы есепті жылы өткен жылмен салыстарғанда 16455, 6 мың теңгеге жоғарылаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz