Виртуалды əлемді 3D ұсыну жəне анимация


\
Ақпараттық коммуникативтік технология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Виртуалды əлемді 3D ұсыну жəне анимация.

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Виртуалды әлем деген не?
  2. Модельдеу
  3. Оқу үрдісінде 3d-технологиясын қолдану қажеттілігі
  4. Проекция терезесі.

ІІІ Қорытынды

ІV Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Виртуалды шындық - компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік-уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты - қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесі. Виртуалды шындық сөздің тар мағынасында «электронды көзәйнек» киіп алғаннан кейін пайда болатын ойындық немесе техникалық қажетті жасанды шындыққа жатады. Бұл жағдайда сана компьютер құрастырған мүмкін әлемге енеді, онда виртуалды түрде көріне, сезіне және әрекет ете алады. Сөздің кең мағынасында виртуалды шындық - бұл сананың кез келген өзгертілген түрлері: жүйкелік шатасу, наркотиктік немесе шараптық мас болу, гипноздық қалып, наркоз, ұзақ уақыт тар кеңістікте қалған адамдардағы психикалық өзгерістер (түрмедегілер, су асты кемелеріндегі т. б. ) . «Виртуалдың (ақиқат) ұғымында парадокс бар: қарапайым сана оны «қиял, иллюзорлы, ойдан шығарылған» деп есептейді. Бұл парадокс шындықты бағалаудан да туындайды. Өйткені, XX ғ. философиясында реалдықты мойындауға қатысты материалистер мен идеалистер бөлінуі бұрмаланып жіберілді. Материя мен сана оппозициясы тіл - шындық қарсы қоюымен ауыстырылды. «Қайсы бұрын болды?» деген сұрақтың орнына тіл мен шындықтың прагматикалық маңызын айқындау алдыңғы қатарға шықты. «Шындық» сөзінің өзі тілдік форматқа жатады. Сол себепті жасанды иллюзорлы шындық виртуалды деп аталады, ол басқа «шындықтардан» шынайы болып табылады. Бақытты және бақытсыз адамдардың шындығы әртүрлі. Еуропалық экзестенциалист әлемді шығыстық уағызшыдан басқаша көреді. Сондықтан кез келген шындық виртуалы болып табылады

Адамдардың бәрі суретті жақсы сала алмайды. Сондықтан адамзат ұзақ жылдар графикалық бейнелерді құруды механизациялау тырысты және бұған есептеу техникасының арқасында қол жеткізеді.
Компьютерлік графикада екі бағыт бар : бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу . Графикалық редакторларының түрі көп. Олардың бірі сурет салу үшін, екіншілері - 3D графика құру үшін қолданылса, үшіншілері күрделі инженерлік сызбалар жасауға мүмкіндік береді.
Графикалық редакторды таңдау біздің мақсатымыз бен компьютердеріңнің мүмкіндіктеріне тәуелді. Мысалы, сабаққа хабарлама толтыру үшін стандарттық программа - Paint графикалық редакторын пайдалаңсақ, жеткілікті. Бұл программа сурет салуға және дайын суреттерді өзгертуге мүмкіндік береді.
Ал егер суреттерден сапалы монтаж, коллаж, үлкен көлемді баннер жаасау керек болса, онда әрине Paint графикалық редакторының оған мүмкіншілігі жетпейді. Сондықтан Adobe Photoshope, Corel Draw, PhotoFilter, Autocollage сияқты әртүрлі редакторларды қолдануға болады.

Өзгертетін бейнелерді алу.

Бейнелерді біз сканерден, фотоаппараттан, web-камерадан, бейнебаяндар коллекциясынан немесе файлдан ала аламыз.
Paint графикалық редакторында жұмыс істей отырып, өздерінің мәтіндеріңнің көркемдеулерін, Жұмыс үстелі үшін фондық бейнелер құрды, қарапайым фотомонтаж жасауды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселерді үйренеміз.
Өз мүмкіндіктері бойынша Paint заманауи талаптарға жауап бере алмайды. Бірақ Paint ортасында графиканы өндеу қағидаларын ұғып алсаңдақ, одан күрделірек программаларды игеру жеңілдейді.
Қазіргі уақытта

біз виртуалдық, нақтылық деген ұғымды жиі еститін болдық. «Виртуалдық» термині латынның «virtualis» сөзінен шыққан. Бұл ұғым ортағасырлық христиан философиясында абсолютті жалпы мәннің жалқы заттармен байланыстығын түсіндіру үшін қолданылған. Содан бері ұмыт бола бастаған терминді физиктер жалған элементарлық бөлшектерді атау үшін қайта жаңғыртқан. Олар виртуалды бөлшектер деген тіркесті «мүмкін әлем» түсінігімен байланыстырған. Сөйтіп, 70-жылдардың соңына дейін бұл терминнің электронды әлемге де, ақпараттық технологияға да еш қатысы болмаған еді. «Виртуалды шындық» ұғымын 70-жылдардың соңында Массачусетс технологиялық институтында ойлап тапты деген де дерек бар. Ол шындықтың компьютердің көмегімен берілген үшөлшемді макроүлгісін анықтау үшін пайдаланылған.

Бастапқыда ол үлгілер әскери салада әлдебір техниканы сынақтан өткізу алдында қолданылған құрылғыларға қатысты айтылған. Ал Жарон Ланье терминді жаңа компьютерлік өнімдерге байланысты пайдаланып, ол көпшілік айналымға компьютермен бірге еніп үлгерді. Виртуалды шындық шын өмірге зиянын тигізбей, өз алдына балама әлем жасап алу мүмкіндігін берді. Виртуалды шындық - шындықты имитациялайды, оны симуляциялайды, яғны, сол шындыққа ұқсас, бірақ өмірде жоқ өзіндік бір шындықты туғызады.
Сонымен, виртуалды өмір деген не? Нақты өмір деген не?
Айналымыздан көретін мысық, ит, шелек, монитор сияқты нысандарды біз қолмен ұстап көре аламыз, өйткені олар нақты, шынайы заттар. Тіпті жедің өзі нақты құбылыс, себебі, желдің күші нысандарға әсер ете алады. Ал енді монитордағы жүгіріп бара жатқан адам бейнесін қарайық. Монитордағы бейне біздің пернетақтамен беретін бұйрықтардың нәтижесінде қозғалады және бұл уақытта біздің көңіл күйімізге біршама жақсы әсер береді.

Сонда компьютер ойындары арқылы берілетін әсерлер де нақты болғаны ма? Мүмкін адам сезінетін нысанның барлығын бірдей «нақтылық» разрядына жатқызуға болмайтын шығар. Онда нақты нысан белгілеріне нені жатқызуға болады? Тағы да мониторға қараймыз. Жүгіріп бар жатқан адам көпқабатты үйдің төбесіне секіріп шығады, одан келесі . йдің төбесіне секіріп кетеді . . . жасырынады . . . және әрі қарай жүгіре береді. Ал енді өз үйіміздің терезесінен сыртқа қараймыз. Монитордан көрген жағдадйы сырттан көре аламыз ба? Биіктіктен парашютсыз құлаған адамның әрі қарай жүгіріп кетуі екі талай. Себебі: гравитация күші әсерінен нысан өзгереді.
Неліктен компьютерлік ойында адамға гравитация әсер етпейді? Жауап: бұл ойынды жасаған программалаушының шешімі. Оның өзі жасаған ойын әлемінде физикалық заңдарды елемеуге, бұзуға билігі болды. Десек те терезенің сыртында физикалық заңдылықтарды бұзуға билігі жүрмейді. Өйткені нақты нысандар әрқашан физика заңдарына бағынады. Ал программалаушы нысан мен құбылыстың нақты өзін емес, тек қана нысанның математикалық сипаты мен нақты немесе ойдан құрастырылған әлемнің құбылысын ғана құрады., сондықтан да ондай көріністер компьютер жадында ғана болатындықтан оларды виртуалды нысандар деп атайды.
Виртуал ұғымы - белгілі бір жағдайларда мүмкін болатын, қолданылатын деген мағынаны білдіреді. Виртуалдық деп - тиісті жағдайларда қандай да бір мақсат үшін нысандар, субъектілер, санат, қарым-қатынас, әрекеттер, еліктеу көмегі арқылы міндетті немесе болуы мүмкін құбылыстарды айтамыз.
Виртуалды әлемде қандай болмасын кез келген заңдылық қолданылса да, ол нақты өмірге ұқсайтын жағдайда біз оны мойындаймыз. Әдетте біз бала күнімізден оттың күйдіретінін, допты қабырғаға лақтырсақ, оның кері секіретінін, тас пен қауырсынның әртүрлі жылдамдықпен құлайтынын білеміз. Егер осының бәрін виртуады әлемде дәл осылай ойгатсақ, онда бұл әлемге түсен адам өзін нақты өмірдегідей сезінетін болады.
Әрине мұндай нақтылыққа тек компьютер ойындарындағы ұқсастықты алатын болсақ, онда ол соншалықты принципті болмайды. Бірақ физикалық әлемде ұқсастықтар қоршаған ортаны танып-білу мен оны талдауда маңызды орын алады. Мысалы, көз алдарыңа дауыл жиі соғатын аймақта қала тұрғызу керектігін елестетеіп көріңдерші. Мұндай аймақта тұрғызылатын үйдің мықтылығы қандай болуы керек? Адам өміріне қауіпті болмайтындай етіп, қателіктерді жібермей қалай есептеуге болады? Мүмкін компьютерге ол аймақтың физикалық сипаттамасын сала отырып, үйдің үлгісін жасау керек болар. Содан кейін желдің анықталған күшінің үлгісін жасап және оның ғимаратты қирату әсерін қарастыру керек. Егер виртуалды дауыл виртуалды үйлерді қиратса, оның еш қорқынышы жоқ, өйткені ғимараттың сипаттамасын өзгертіп, қайтадан дауылдың әсерін тексеруге болады. Нәтижесінде ол жерге үйлер салу экономикалық тұрғыдан пайдалы ма, жоқ па екенін алдын ала білуге болады. Компьютер арқылы нақытылықтың көрінісін ұсыну тәжірибелік мағынаға ие болатыны анық.
Компьютерлік техниканың негізінде кеңістік-уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты - қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесін виртуалды шындық деп атаймыз.

Модельдеу
Модельдеу. Модельдеу үдерісіне нысанның түпнұсқасын танып-білу мақсатымен нысан-үлгілер құрылады. Үлгіде зерттелу мақсатына қарай түпнұсқаның қасиеттері болуы керек. Қазіргі уақытта нысанның сипаттамасы немесе құбылстар арнайы программа арқылы компьютер жадында жазылып сақталатындықтан компьютерлік үлгі жасау кеңінен қолданылады.

Басқа да модельдеу сияқты компьютерлік модельдеудің де түрлері бр. Мысалы, математикалық модельдеуде қандай да бір құбылыс немесе үдеріс математикалық формулалар арқылы сипатталса, оның нәтижесін есептеу компьютерсіз күрделі болмақ. Сондай-ақ графикалық модельдеуді алатын болсақ, онда құбылыстың немесе үдерістің көрінуі шешімін табады. Мұндай модельдеу құблысты күрделілігіне қарай икөрнекі түрде ұсыну үшін керек. Және модельденетін жүйенің нақты өмірдегі нысанмен өзара әрекеттесетінін көрсететеін нақты өмірдегі модельдеуді қолданылу аясы біршама кең(телевизия саласы, ядорлық физика және т. б. ) және маңызды тәжірибеге, мағынаға ие.
Бірқалыпты кеңістік және үшөлшемді орта. Декарттың кеңістіктің көрінісі өзара перпендикуляр үш ось: Х, Y, Z сияқты екені белгілі. Бұл біздің қабылдауымызда нысанның ұзындығын, биіктігін және енін көрсетеді. Алайда, осы сипаттамаларға ие болса да нысан тағы да өзгере алады. Нысанның өзгеруі үшін төртінші өлшем - уақытқа байланысты болады. Осылайша біз нақты нысандары бар бірқалыпты кеңістікке ие боламыз. Бірқалыпты кеңістікті компьютерде модельдеу үшін үшөлшемді модельдеу орталары бар.

Мұндай орта кеңістктің ауқымын пішіндеп, оны әртүрлі нүктелерден бақылауға, нысанды қозғалтып және өзгертуге мүмкіндік бреді .

Үшөлшемді модельдеу әртүрлі деңгейдегі күрделілікті қамтиды :
- Қарапайым 3D модельдеу. Үлгіні ықшамдалған пішінде құруға болады.
-Күрделі 3D модельдеу. Құрылатын үлгінің ұсақ-түйек детальдарының барлығы қамтылады.

3D анимация.

Үшөлшемді модельдеу ортасында нысандарды құрып қана қоймай, оларды анимациялауға да(уақыт бойымен орнын, қасиетін өзгерту) болады. 3D анимация дегеніміз не? Бұл өлшемді сахна мен нысандарға негізделген қазіргі уақтыттағы анимация бағыты. 3D анимациясы мультфильмдерде, жарнама роликтерін құруда, көрмелер мен өрнекті суреттерде қолданылады.
Үшөлшемді графика ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық нысандарды компьютерде үлгілеу облыстарында кең тарлаған, жалпы қазіргі ақпараттанған уақытта үшөлшемді графика адаммен байланысты саланың барлығында қолданылады десек артық болмас.
Үшөлшемді графика құратын компьютерлік программалар өте көп. Олар: 3D max, blender 3D, K-3D, Wings 3 D6 Panda 3 D6 Sweet Home 3D6 Maya және т. б.

Анимация дегеніміз -суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі. Анимация терміні латының

«anima»-жан сөзінен шыққын, яғни жандану, тірілу деген мағынаны білдіреді. Анимация

құрудың екі жолы бар:

1. Дайын суреттерді қолдану арқылы суреттер жасау, бұл классикалық әдіс деп аталады.

Классикалық әдіс “gif”файлдары арқылы жасалады.

2. Компьютерлік ойындарды жасауды кадрлық анимациялар деп аталады.

Visual Basic тілінде уақытты пайдаланып анимациялау және Move әдісін қолдануға, және

PaintPicture әдісін қолдануға болады.

Мультимедиа дегеніміз-компьютерде аудио және видео ақпараттармен жұмыс істеу

технологиясы. Visual Basic тілінде мультимедиа құрылғыларын басқару үшін арнайы MCI

интерфейсі қолданылады.

Компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік уақыттық континиумды адам тілектеріне

сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты-қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесін

виртуалды шындық деп атаймыз. Модельдеу үдерісінде нысанның түпнұсқасын танып-білу

мақсатымен нысан үлгілер құрылады. Үлгіде зерттелу мақсатына қарай түпнұсқаның қасиеттері

болуы керек. Компьютерлік модельдеудің түрлері бар. Мысалы, математикалық модельдеуде

қандайда бір құбылыс немесе үдеріс математикалық формулалар арқылы сипатталса, оның

нәтижесін есептеу компьютерсіз күрделі болмақ. Сондай-ақ графикалық моделдеуді алатын

болсақ, онда құбылыстың немесе үдерістің көрінуі шешімін табады. Мұндай модельдеу

құбылысты күрделілігіне қарай көрнекі түрде ұсыну үшін керек.

Декараттың кеңістіктің көрінісі өзара перпендикуляр үш ось: Х, У, Z сияқты екені белгілі.

Бұл біздің қабылдауымызда нысанның ұзындығын, биіктігін және енін көрсетеді. Алайда осы

сипаттамаларға ие бола тұрсада нысан тағы да өзгере алады. Нысанның өзгеруі төртінші

өлшем- уақытқа байланысты болады. Бір қалыпты кеңістікті компьютерде модельдеу үшін үш

өлшемді модельдеу орталары бар. Мұндай орта кеңістіктің ауқымын пішіндеп, оны әртүрлінүктелерден бақылауға, нысанды қозғалтып және өзгертуге мүмкіндік береді. 3D графика -бұл

жасанды заттар мен персанаждарды құру, олардың анимациясын шынайы заттар мен

интерьерлерге ұқсастырып жасау. Үш өлшемді модельдеу әртүрлі деңгейде болады.

1. Қарапайым 3D модельдеу. Үлгілі ықшамдалған пішінде құруға болады.

2. Күрделі 3D модельдеу. Құрылатын үлгінің ұсақ-түйек детальдарының барлығы қамтылады.

Үш өлшемді модельдеу ортасында нысандарды құрып қана қоймай, оларды анимациялауға да

болады. 3D анимация дегеніміз не? 3D анимация - үшөлшемді сахна мен нысандарға

негізделген қазіргі уақыттағы анимация бағыты. 3D анимациясы мультфильмдерде, жарнама

роликтерін құруда, көрмелер мен өрнекті суреттерде қолданылады.

ОҚУ ҮРДІСІНДЕ 3D-ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультиплиқацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді.

Қазіргі танымал бағдарламалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді.

3D-технология архитектуралық визуалдауда, автомобиль жарнамалары мен компьютерлік ойындар жасауда қолданылады. Үшөлшемді компьютерлік графика - өте кең сала, ол машина жасауда, архитектурада, құрылыста, медицинада, археологияда, тренажерлар құруда, кино мен теледидарда қолданыс тапқан. Техниканы жетілістіру және 3D моделдермен жұмысты қарапайымдастыру арқылы үш өлшемді графика үйреншікті жазық бейнелерді ығыстыра отырып, өмірдің ажырамас бір бөлігіне айналары сөзсіз.

Қолданылу аймақтары:

архитектуралық жобалау мен интерьерлік конструктрлеу;

теледидар үшін жарнамалық жəне ғылыми танымал роликтер дайындау;

компьютерлік мультипликация және фантастикалық сюжетті ойын фильмдер түсіру;

· машина жасау АПРЖ-де;

· географиялық ақпараттық жүйелерде;

· электротехника және электроникада;

компьютерлік ойындар, кітаптар мен журналдар үшін иллюстрация дайындау;

көркем компьютерлік графика, Web-дизайн;

кеңістіктегі бейненің дамуы;

арнаулы эффектілер.

Компьютерлік моделдеудің уникалды құралдары мен əдістері арқылы ғимараттың виртуалды моделдері құрылады. Осы кезге дейін құрылыс жобалары жоѓары деңгейдегі құрылыс технологиясында өтті. Қазірге кезде құрылыс компаниялары визуалды бейнеленетін инженерлік жобалар жүйесін қолданады. Заманагөй программалар құрылыс есептерін жүргізіп қана қоймай, сондай-ақ құрылыс үрдісін визуалдайды. Сату компаниялары оның дизайны жəне жөндеу жұмыстарымен байланысты 3D моделдеудің компьютерлік программаларын клиентке болашақ жоба туралы дəл ақпарат беру үшін қолданады. Осылайша бұл компаниялардың кірісі пайдасыз сызбаларға жұмсалатын уақытты үнемдеу есебінен арта түседі. Компьютерлік моделдеу жетістігін тек жылжымайтын мүлікпен байланысты адамдар ғана емес, сондай-ақ өзінің шығынын заманагөй компьютерлік құрастыру программалары көмегімен қысқартуға ұмтылатын ірі компаниялар да мойындап отыр.

3D визуалдау архитектура саласына мүлдем жаңа мүмкіндіктер береді. Дəстүрлі архитектуралық идеяларды қол техникасымен көрсетудің орнына компьютерді қолдану өте ыңғайлы. Жаңа жобаларды 3D графика компьютерлік программаларында жасалынған фотореализмді бейнелер түрінде көрсету дамып отыр. Осы технология архитектуралық дизайн облысына өз үлесін қосуға тырысады. Оны қолдану арқылы алынған күрделі жобалар сəттілігі əр бір салада бүгінгі күнде талабы күшті қатал бəсекелестік жағдайында нəтижені көрсетудің нанымдылығынан тəуелді болады. Бұл жобалар архитектураға қызығушыларды заманагөй технологиядан хабардар болып, оны тəжірибеде сауатты қолдануға итермелейді [2] .

IT-технологиясы облысында, əсіресе дизайнерлік мамандарды сапалы білімдендірудің жетіспеушілігі бұл технологияны игерудің қаншалықты маңыздылығын көрсетеді. Интерьер жғне экстерьер дизайнын жасауды экономиканың əр түрлі салаларының IT- индустриясында қолдану қажеттілігі артуда. Заманагөй өндіріс қызметкер-дизайнерлер көптеген программаларды білуін талап етеді, яғни жұмыс берушіге кең профилді жан-жақты маман керек.

Қазіргі заманғы компаниялар 3D-технологияның қандай да бір компонентінсіз жұмыс жасай алмайды. Осыған байланысты программалық қамтамалардың, соның ішінде анимация жəне визуализация бойынша программалардың қолданысы кең таралған. Заманауи IT-технология мамандарын бұл бағытта оқыту бүгінгі күнде əр түрлі оқу орындарында үлкен сұранысқа ие. Əр түрлі үшөлшемді жобалық циклды басқаратын шешімдер жобаның орындалуына қызығушы барлық тұлғаларға оған оның кез-келген сатысында қосылуына жəне олардың компетенциялары шегінде жобалық мəліметтер қосуға мүмкіндік береді. Осылардың бəрінің негізі мəліметтердің сандық форматы боп табылады.

Анимациялық жобалау, media-өндіріс жəне game-индустрия бойынша сенімді жəне функционалды шешімдер ұсынатын 3D компьютерлік моделдеуге қызығушылықтың артуына байланысты бұл өнім экономиканың киноиндустрия, жобалау, жарнама жасау, ландшафт дизайны сияқты салаларында тиімділікке ие. Моделдеудің алдыңғы қатарлы əдістері осы салалардың аниматорларына, дизайнерлеріне жəне инженерлеріне өздері ойлағандай дəрежеде компьютерде жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Идеялар моделге біртіндеп ауысады, қателер мен қайталанатын үрдістер саны кемиді, өйткені модель өзінің нақты өмірдегі протипіне жақын байланысқан. Мəліметтердің сандық форматы жобалаудың барлық сатыларында тиімді бірлескен жұмысқа мүмкіндік береді. Жобалық ақпарат құрылады, басқарылады жəне жалпы қолдану мүмкіндігіне ие. Оны кез келген қажетті орындар қолдана алады. Нəтиженің ерекшелігі көпшілік арасында кең түрде қызығушылықпен қолданыс табатындығында болып отыр.

Статистиқаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген бағдарламаларды жасап шығарушы бағдарламистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.

Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.

Үш өлшемді графика ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық объектілерді компьютерде үлгілеу облыстарында кең таралған. Мысал ретінде үш өлшемді үлгілеудің күрделі нұсқасын - физикалық дененің қозғалатын суретін жасауды қарастыру.

- объектінің шынайы формасына сәйкес келетін виртуалды каркасын (қанқа) жобалау және жасау;

- шынайы физикалық қасиеттері бойынша материалдарға ұқсас виртуалды материалдарды жазу және жобалау;

- объектінің әртүрлі сыртқы бөліктеріне материалдарды меншіктеу;

- объекті әрекет ететін кеңістіктің физикалық параметрлерін баптау- жарық шашу, бет және өзара әрекеттесетін объектілердің қасиеттері;

- объектінің қимылдау жолын беру;

- нәтиже беретін кадрлар қатарын есептеу;

- нәтижесінде шығатын анимациялық рөлге әсерлерді енгізу.

Үш өлшемді графиканың бағдарламалық құралдары. Үш өлшемді графиканы дербес компьютерде өндейтін бағдарламалық құралды үш пакет құрайды. Олар Windows операциялық жүйесімен басқарылатын машиналар нәтижесінде жұмыс жасайды.

Microsoft компаниясының Softimage 3D бағдарламасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік модельдеу және әдістері
Компьютерлік ойындарда
Жоба дайындау үшін компьютерлік бағдарлама мүмкіндіктерін қарастыру
Компьютерлік модельдеу бағдарламаларының түрлері
Еуразия сауда орталығының дизайнын жобалау
Мультимедиалық технологиялар
Жарық көздерін орналастыру
Көріністі терезелердің конфигурациясын баптау
Компьютерлік анимация
Орындалды бағдарламалық құралдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz