ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе
3
Кіріспе: 1. ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
3: 5
Кіріспе: 1. 1 Туризмдегі туристік фирмалар туралы ұғым
3: 5
Кіріспе: 1. 2 Туристік бизнестің түсінігі және оның Қазақстандағы қалыптасу ерекшеліктер
3: 7
Кіріспе: 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ (Шығыс Қазақстан облысының туристік бизнесі мысалында)
3: 12
Кіріспе: 2. 1 Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қаржы бизнесінің ұйымдастырылуы
3: 12
Кіріспе: 2. 2 ШҚО -ң «Gvidon Tour» туристік фирмасындағы туризм саласындағы қаржы бизнесі мәселесін талдау
3: 16
Кіріспе: 2. 3 ШҚО - дағы туристік бизнесті дамыту мәселелерін талдау
3: 18
Кіріспе: 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ (Шығыс Қазақстан облысының туристік бизнесі мысалында)
3: 21
Кіріспе: 3. 1 Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қаржы бизнесінің ұйымдастырылуы
3: 21
Кіріспе: 3. 2 Қазақстанда туристік бизнес қызметін жетілдіру жолдары
3: 23
Кіріспе: ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 25
Кіріспе: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 27

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ҚР Президенті Н. А. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңғырту - Қазақстанның басты бағыты» атты Жолдауында ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын[1] . Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша Маркетингтік сараптамалық зерттелім орталығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен американдық консалтингтік компаниясы «Қазақстан экономикасының қызмет көрсетіп отырған бәсекеге қабілетті және потенциалды перспективті секторларына баға беру және олардың дамуы жөнінде ұсыныс» жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты - Қазақстан экономикасының болашағы бар салаларының бәсекеге қабылеттілігін көтеру. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы оның таңғажайып мәдениетінде (мәдени-танымды), бай табиғи әлеуетіне (экологиялық туризм), қызмет белсенділігінің өсуіне байланысты қызмет туризмімен, сонымен қатар демалыстың белсенді түрімен, мысалы, спорт және сол сияқты басқа да туризм түрлерімен айналысуға болатындығымен ерекшеленеді. Туризм 2015 жылға дейінгі мемлекеттің экономикалық дамуының басым секторларының бірі деп атап көрсетілді.

Туризм саласындағы қаржы бизнесінің тиімді дамуы үшін және бұл саладағы проблемаларды шешу үшін бүкіл әлемде әр түрлі кооперациялар формалары құрылады: стратегиялық альянстар, қаржылық-өндірістік топтар, консорциумдар, кластерлер. Бұларды құру Қазақстан экономикасының келешекте дамуы ретінде қарастырылады. Қазақстан экономикасының алдыңғы қатарлы салаларын дамыту стратегиясына сәйкес, туристік кластерді құру бағдарламасын іске асыру басталды.

Туризм саласындағы қаржы бизнесінің дамуы - бұл адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға, тұрғындар өмірінің сапасын арттыруға, қоршаған ортаны және мәдени мұраны қорғауға бағытталған осы заманғы экономиканың бірегей салаларының бірі. Туризм дамуы көлік, байланыс, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру сияқты экономика секторларына дем беріп, ықпал етеді және экономиканы құрылымдық қайта құрудың ең келешекті бағыттарының бірін құрайды.

Туристік индустрия қызметтерінің сапасын арттыру және оның инфрақұрылымын дамыту мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Туризм және спорт министрлігі елімізге бірнеше туристік орталықтар салу тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

Сөйтсе де, қазіргі уақытта қолда бар туристік ресурстарды тиімді пайдалану, маркетинг қағидаларын басшылыққа ала отырып бәсекеге қабілетті қазақстандық туристік өнім әзірлеп нарыққа ұсыну, соның негізінде кіру туризмінің үлесін жоғарылату мәселелеріне қатысты ғылыми негізделген зерттеулер әлі де жеткіліксіз деуге болады. Осы мәселелердің толық зерттелмегендігі диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін айқындады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты туризм саласындағы қаржы бизнесінің дамуы мәселелері мен олардың шешімдерін жетілдіру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

- Туризмдегі туристік фирмалар туралы ұғым

- Туристік фирмалардың жұмыс істеуі, қызметтері

-Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қаржы бизнесінің ұйымдастырылуы

- ҚР туризмдегі жеке кәсіпкерлік мәселелерін талдау

- ШҚО -ң «Gvidon Tour» туристік фирмасындағы туризм саласындағы қаржы бизнесі мәселесін талдау

- ШҚО - дағы туристік бизнесті дамыту мәселелерін талдау;

-Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қаржы бизнесінің ұйымдастырылуы

- Қазақстанда туристік бизнес қызметін жетілдіру жолдарын зерттеу.

Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісі ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы «Gvidon Tour» туристік фирмасы алынды.

Зерттеу пәні - Шығыс Қазақстан облысындағы туристік фирмалардың кластерлік қызмет көрсету процесінде туындайтын экономикалық-ұйымдастырушылық қарым-қатынастар жиынтығы.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Туризмдегі туристік фирмалар туралы ұғым

Қазақстандағы туристік фирмалардың құрылуының ұғымы мен түсінігіне тоқталу үшін, алдымен туризм анықтамасын үш топқа топтастырып алайық.

Бірінші топқа- туризмді рекреация түрі, бос уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның мәдениетін және білім деңгейін жоғарылатуды үйлестірген қызмет көрсету саласын қолдану (адамның физиологиялық, интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтіру) ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.

Туризм анықтамасының екінші тобы - оны халық миграциясының бір түрі ретінде қарастырады, қозғалу актісімен, саяхатпен, кеңістікті жеңумен туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.

Анықтаманың үшінші тобы -туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде сипаттайды, оның түрлері қасиеттер мен қатынастарының бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін ашады.

Туристік фирмалар, мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен байланысты емес, халық миграциясының бір формасы ретінде қарастырылады. Туристік фирмалар басында адамдардың өз тұрақты мекен - жайынан басқа жерде қозғалысы және уақытша болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл ұғымның мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырады және толықтырулар енгізілді. БҰҰ 1954 жылы қабылданған анықтамасы бойынша, туризм - бұл денсаулықты нығайтуға, адамның денесін шынықтыруға әсер ететін, тұрақты мекен - жайдан тыс жерлерге барумен байланысты активті демалыс [2] . Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша: «Туризм-жеке тұрғындардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты».

Тур операторлармен жұмыс істеуге агенттерді тартудың тағы бір құралы презентацияларды ұйымдастыру. Презентация кәсіби көрме жүмыс істеп жатқан күндері, аумақтардағы жаңа филиалдардың ашылуына байланысты немесе туристік мерзімнің ашылуымен байланысты ұйымдастырылады.

Презентацияны ұйымдастырумен маркетинг бөлімі айналысады. Презентация салтанатты түрде мейрамханаларда, клубтарда жүргізіледі. Ұйымдарга демеушілк көмек, Турфирмалар әр түрлі қоғамдық шараларда демеуші ролін атқаруы болады. Маркетинг бөлім елде, қалада қандай шаралар өтіп жатқандығын іздестіріп, ол жерлерге қатысу туралы шешім қабылдайды. Негізі қоғамдық өмірде мағызы бар және БАҚ - да үлкен резонанс алатын оқиғаларға демушілік жасайды [3] .

Оперативті маркетинг. Турфирманың маркетингтік бөлімі агенттік торап арқылы және Интернет жүйесі арқылы жүргізілетін барлық сатулардың мониторингін жүргізеді. Сатулардың жүргізілуінің бағытын бақылау мақсатында есеп беру бланктары жасалады.

Жарнамалық қызмет. Турфирманың жарнамалық қызметін жүргізудің негізгі бағыттары болып жарнамалық стратегияны және медиажоспар жасау, медиажоспардың орындалуын бақылау, БАҚ - да жарнаманы ұйымдастыру, каталогтар жасау, пресс - конференцияларды жүргізу және т. б. жарнамалық әрекеттер.

Шетелде турөнімнің жарнамасымен тек турфирмалар ғана емес, сонымен қатар, федералды және жергілІкті құрылымдар, қонақ үйлер, театрлар, музейлер, тематикалық парктер, мейрамханалар және басқалар. Мысалы, Голландидағы қызғалдақтардың өскендері жайлы БАҚ - ғы күшті жарнама рақылы білуге болады. Аты әйгілі Кекенхоф өзінің ғажайып гүлдері бар брошюраларын элемнің түпкір - түпкіріне жібереді. Бұл брошюраларда парктың тарихы туралы, қандй көлікпен ол жерге жетуге болатындығы жэне бағаларының қандай екендігі туралы толық ақпарат бар. Қазіргі кездегі турфирманың қызметі рыноктық ортада жүргізіледі. Сұраныс пен ұсыныс қаңдары, еркін бәсекелестік турфирманы рыноктық ойынға бас ұруға әкеледі. Маркетинг фирмаішілік және сыртқы орта шындығымен байланыстыратын механизм болып табылады. Ол рыноктың конънктурасы, рыноктағы бәсекелестер, туристік лектерің бағыттары, туристік өнімнің өзгеруі, тұтынушылардың талғамы мен көзқарасының өзгерісі жайлы ақпапарт береді

Туристік қаржы бизнестерін сату мен өткізудің маңызды элементі өте көп. Көп турфирмалар жарнаманы сатуды жылжыту үшін қолданады. Сатудан түскен пайданың 5% жарнамаға жұмсалады.

Жарнаманың көптеген анықтамалары бар, бірақ барлығында ортақ сипат бар:

1. жарнама-тура емес байланыс құралы;

2. жарнама-жаппай байланыс құралы;

3. адамдардың үлкен санына арналған.

4. жарнама персоналды сатумен тығыз байланысты.

5. Мақсаты-тұтынушының назарын аударып, тауарды тікелей емес жылжытатын агентіне айналдыру.

Жарнаманың мақсаты-тұтынушының назарын аудару, қызығушылығын туғызу, ақпарат беру. Жарнама құралдарын 6 суретте көруге болады. Туристік фирма мұндай әдістерде өткізуді ынталандыру үшін қолданады. Мысалы: бірыңғай топтар (студенттер, зейнеткерлер) үшін өлі сезондарда авиабилеттер, қонақ үй нөмірлері арзанырақ. Сонымен қатар, кәдесый беру, акциялар жасау. Қоғаммен байланыстар - ол фирманың коммуникациялық қызметінің бір бөлігі. Мақсаты-фирмаға деген көзқарасты жақсарту.

Турөнімді жылжытудағы қоғаммен байланыстардың басты тәсілдері: басылымдардағы ақпарат, пресс-конференциялар, жәрмеңкелерге және т. б. қатысу көрсету орнын тұгынушыларға жақындату табылады. Жоғарыда аталып кеткен маркетинг кешенінің персонал, орта және процесс сияқты қосымша құрамдастары туристік фирманың қызмет көрсету стандартының негізі болып табылады. Әрбір қызмет түрлері өндіріс, тұтыну, қолдану және белгіленуіне қарай өзгеше ерекшеліктерімен сипатталады. Сол себепті жекелей қызмет түрі маркетингін, оның өзгешелігін есепке ала отырып қарастыру маңызды мәселе.

Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызметтің массалық өндірісінң құралдарын жетілдіруге мүмкіндік берерді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек.

Туристік фирмалардың қызметін жетілдіру үшін туристік фирмаларға тек қана маркетингпен айналысатын бөлімдер ашу қажет. Бұл маркетингтік бөлімдердің қызметтері келесідей болуы тиіс:

1. Бәсекелестерді зерттеу;

2. Агенттік тораппен жұмыс істеу;

3. Арнайы көрмелер мен кездесулерге қатысу;

4. Презентацияларды ұйымдастыру;

5. Ұйымдарға демеушілік көмек көрсету;

6. Оперативті маркетинг;

7. Жарнамалық әрекет [4] .

Бәсекелестерді зерттеу мақсатында маркетингтік бөлімнің қызметкерлері тұрақты негізде БАҚ - на мониторинг, өзінің агенттерінен және кәсіби көрмелерде ақпарат, бәсекелестердің қызметімен байланысты мәліметтер жинауы қажет. Бәсекелестердің каталогтары, және ондағы тарифтер зерттелуі тиіс. Бұл каталогтардан олардың тарифтері қандай, олар қандай отельдер ұсынады, туристік пакет қандай қызметтерден тұратынын білуге.

Туристiк қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмiмен айналысатындығын көрсеттi, ал бұл, бiрiншi кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына әкеп соғады. Тек қана 1999 жылы 57, 1 миллион АҚШ доллары республикадан тыс шетке шығарылған. Республика азаматтарының шет елге тауарлар сатып алу, кейiннен оны сату мақсатында баратын жолсапарлары, бұрынғысынша бұқаралық сипат алып отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристiк қызмет көрсету рыногының жай-күйiн анық көрсетедi. Ол экономикалық дағдарыс кезеңiнде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбiнесе туристiк фирмалардың тиiстi тәжiрибесiнiң және бiлiктi мамандарының жетiспеушiлiгiне байланысты туристер мен «чартер ұстаушылар» арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулi көмек көрсеттi. Қазақстанның тұтыну рыногының төрттен бiрiн «қапшықтау» бизнесi тауарлармен толтырады және тұтастай алғанда, бiр мезгiлде тауар өткiзу мен сату жүйесiндегi 150 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етедi. Қазақстанның iшкi сауда айналымындағы жыл сайынғы «қапшықтау» саудасының көлемi шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды.

1. 2 Туристік бизнестің түсінігі және оның Қазақстандағы қалыптасу ерекшеліктері

Туризм саласындағы қатынастарды реттеуші ұлттық нормативтік актілерде негіз болып қолданылатын түсінік, анықтама, терминдер түсіндірмесіне мемлекеттердің белгілі бір топтық және экономикалық көзқарастары айтарлықтай әсер етеді. Бұл проблема үнемі оқуды қажет етеді, онымен әр түрлі үйымдар айналысады, солардың ішінде Ұлттық Лига, БҰҰ, ДСҰ, Экономикалық бірлестік және даму ұйымдары сияқты халықаралық ұйымдар.

Бұл проблемаға жүйелі және кешенді көзқараспен жақындау, туристика ғылымының пайда болуына өз әсерін тигізді.

Туризм аймағындағы Ресейдің жетекші ғалымдарының бірі В. А. Квартальдің анықтамасы бойынша, «Туристика - бұл туризмді оқытатын, әр түрлі ғылыми пәндерді синтездейтін ғылым және ол жалпы туризм тұжырымдамасын құрумен жэне дамытумен айналысады. Туристика ғылым ретінде өзіне ғылыми тану пәні және туризмді дамытуды талдап жіктеу бойынша ғылыми көзқарастар жүйесі ретінде біркелкі кешенді көзқарасты талап етеді».

Туристика субъектісі турист болып табылады, ал объектісі - туризм индустриясы, пәні - туристік өнім. Бұл барлық элементтер өзара байланысты және тәуелді.

Американ ғалымы Д. Джеффристің ұсынған жіктемесі бойынша туристік өнім түсінігіне келесі негізгі кұраушылар кіреді:

- көлік құралдары;

- трансфер;

- тұрғын-үймен қамтамасыз ету формасы;

- демалыс мерзімі;

- саяхат маршруты, аялдамалар арасындағы арақашықтық. Ең толығырақ және жүйелі көзқарасты швейцар ғалымы Е. Крипендорф ұсынды, ол туристік ресурс және саяхат мотивтері негізінде турөнімнің жіктемесін анықтады[13, 209 б] :

- табиғи факторлар, климат, пейзаж, топография, флора және фауна, географиялық орын;

- жергілікті тұрғындар ерекшеліктерімен байланысты факторлар: тіл, менталитет, қонақжайлылық, фольклор, мәдениет;

- біркелкі инфрақұрылымның бар болуы: көлік және коммуникация құралдары, энергиямен және сумен қамтамасыз ету;

- туристік құралдар: орналастыру орындары, ойын-сауық орындарының бар болуы, ескерткіштер саудасы.

Туризм сияқты ғылымның негізгі түсініктерінің бірі «туризм» болып табылады. Туризм - бұл кең спектрлі элементтер жиынтығын қамтитын көп аспектілі, жан-жақты түсінік.

Экономикалық, әлеуметтік және саяси сала қызметтерінің даму динамикасы нәтижесі туризмге әсер етеді, сондықтан оның жаңа түрлері мен типтері пайда болып отырады. Сонымен қатар, туризм түрлерінің кеңеюі мен толығуы саяхат мотивтерінің өзгеруімен де байланысты болады (1-кесте) .

Көрсетілген жүйе аяқталған және әмбебап болып саналмайды, себебі туристік-экекурсиялық қызмет көрсету тәжірибесінде туризм түрлерінің бір-бірімен заңды бірігуі болып отыратыны белгілі, ал туристік қызмет көрсетудің жаңа тенденциялары үнемі қосымша қызмет номенклатурасының жоғарылауын талап етіп отырады, сонымен қатар қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен формаларының пайда болуына сәйкес әсер етеді.

1-кесте. Туризм түрлерінің жіктелуі

Жіктелу белгілері: Жіктелу белгілері
Туризм түрлері: Туризм түрлері
Жіктелу белгілері: Саяхат мақсаты
Туризм түрлері: Рекреациялық, релаксациялық, экскурсиялық, іскерлік, конгрессиялық, этникалық, коммерциялық, спорттық, білім аду, діни
Жіктелу белгілері: Маусымдық белгі
Туризм түрлері: Жазғы, қысқы, маусымаралық
Жіктелу белгілері: Қолданылатын көлік түрі
Туризм түрлері: Автобусты, авиациялық, теміржодды, жаяу, автокөліктік
Жіктелу белгілері: Жасаралық принцип
Туризм түрлері: Балалық, жасөспірімдік, орта жасты, ке-меліне келген жасты
Жіктелу белгілері: Саяхатты ұйымдастыру формасы
Туризм түрлері: ¥йымдастырылған, езбетінше
Жіктелу белгілері: Саяхат мерзімінің ұзақтығы бойынша
Туризм түрлері: Қысқа мерзімді (3-6 күн), орта мерзімді (7 -14 күн), ұзақ мерзімді (15 және одан жоғары күн)
Жіктелу белгілері: Туристің тұрақты тұрғылықты мемлекеті
Туризм түрлері: Ішкі, кіру жэне шығу
Жіктелу белгілері: Мобильдік деңгей бойынша
Туризм түрлері: Қозғалмалы, стационарлық, аралас
Жіктелу белгілері: Саяхат географиясы
Туризм түрлері: Континентаралық, халықаралық, аймақтық, жергілікті, шекаралық
Жіктелу белгілері: Қатысу формасы
Туризм түрлері: Жеке, топтық, жанұялық
Жіктелу белгілері: Қозғалу әдісі
Туризм түрлері: Жаяу, дэстүрлі көлік қүралдарын пайдала-ну арқылы, экзотикалық көлік құралдарын пайдалану арқылы
Жіктелу белгілері: Қодданылатын ресурстар
Туризм түрлері: Таулы, теңізді/көлді, қалалық, экскурсиялық, ормандық, далалық
Жіктелу белгілері: Әлеуметті-экономикалық статус
Туризм түрлері: Бизнес-туризм, конгрессиялық, білім беру, шоппинг
Жіктелу белгілері: Туристердің тұтынуы мен моти-вациясы
Туризм түрлері: Жаппай конвейрлі, сараланған
Жіктелу белгілері: Қаржыландыру көзі
Туризм түрлері: Әлеуметтік, инсентивті-тур, жеке турлар
Жіктелу белгілері: Қызмет көрсету деңгейі
Туризм түрлері: Элиталық пэкидж-турлар
Жіктелу белгілері: Туристік баланс қорытыңдысы
Туризм түрлері: Активті, пассивті
Жіктелу белгілері: Қызмет көрсету бағдарламасы
Туризм түрлері: Эксклюзивті, инклюзивті

Туристік баланс қорытындысы бойынша туризм жіктемесі туризмнің экспортты-импортты функциясын анықтайды. Егер мемлекет туристік баланстың оң сальдосын иеленсе, актив пассивтен жоғары болса, онда активті туризмнің жоғары дәрежеде екенін айтуымызға болады.

Туристік қызмет эволюциясы, ең алдымен тұтынушылар қа-жеттіліктерінің және нарық талаптарының өзгеруінен пайда болатын туризмнің жаңа түрлері мен типтерінің пайда болуына әсер етеді. Жалпы бұл үдеріс үнемі оқып отыруды және туристік фирмалар мен басқа да туризм инфрақұрылымының барлық кәсіпорындары қызметінде тәжірибе жүзінде пайдаланып отырылуын талап ететін, динамикалық және үзіліссіз болып табылады.

Туристік қызметтің тиімді дамуы үшін және бұл саладағы проблемаларды шешу үшін бүкіл әлемде әр түрлі кооперациялар формалары құрылады: стратегиялық альянстар, қаржылық-өндірістік топтар, консорциумдар, кластерлер. Бұларды құру Қазақстан экономикасының келешекте дамуы ретінде қарастырылады. Қазақстан экономикасының алдыңғы қатарлы салаларын дамыту стратегиясына сәйкес, туристік кластерді құру бағдарламасын іске асыру басталды.

Қазіргі уақытта бизнестің түсінігіне деген көптеген көзқарастар бар. Американдық ғалым М. Портер берген анықтама бойынша, кластер - бұл географиялық орналасуы бойынша көрші компаниялар және олармен байланысты ұйымдармен өзара байланыстағы белгілі бір салада қызмет ететін жэне жалпы қызметті сипаттайтын әрі бірін-бірі толықтыратын топтар. Бұл келтірілген классикалық анықтама жалпыланған формада әр түрлі қызмет саласындағы құрылып жатқан кластерлі білім беру мәнін сипаттайды[5, 356 б] .

Туристік бизнестің пайда болуы оның, ары қарай жақсы дамып кетуінің кепілі болмайды. Ең бастысы - экономикалық қоршаған ортаның, яғни оның сапасы және аймақтың басқару органдарының тікелей қатысына байланысты. Қоршаған экономикалық ортаға құқықтық-нормативтік база және туризм инфрақұрылымы сияқты дәстүрлі элементтер ғана емес, сонымен қатар жұмыс күшінің сапасы, белгілі бір жабдықтаушылар типін жатқызатын ұқсас және демеуші фирмалар, туризм бойынша мамандарды дайындаумен қамтамасыз ететін және маркетинг бойынша ақпараттарға, технологияларға және басқаларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін университеттердің бар болуы сияқты арнайы шарттар тізбегі жатады.

Туристік бизнесті құрушы компаниялар жаңа технологияларды енгізу және басқаруды ұйымдастыру әдістерін жетілдіру негізінде бірін-бірі толықтырып отырады. Кластердің географиялық кеңістікте жинақталуы, инфрақұрылымдық жэне экономикалық аумақ деңгейі сараланған экономикасы дамушы мемлекеттерге ерекше қажет. Кеңістіктегі жақын орналасу мультипликатор нэтижесін береді және компанияның өндірісі мен тиімділігін арттырады.

Туристік бизнестің дамуы ұйымдастыру механизмін белгілейтін және бір аумақтағы субъектілер арасындағы өзара байланысты құратын мемлекеттің қатысуымен іске асырылуы тиіс. Сондықтан, кластерді дамытуды қарқындандыру үдерісінде мемлекеттің макро және мезо деңгейдегі саясаты ерекше орын алады. Аймақтық деңгейде кластерді мемлекеттік реттеуде кластерге қатысушылардың күш-жігерін біріктіру тиімді болады.

Туристік кластердің ядросы болып, туристерді тарту бойынша қызмет көрсететін, қызмет жабдықтаушылары - туристік агенттіктер болып табылады. Қонақүйлер, демалыс үйлері, көлік компаниялары туристік бизнес звеносы болып табылады және туристік агенттіктердің көрсететін турпакеттер қызметіне толықтай кіреді.

Туристерді тарту орны туристік кластердің өте қажетті жақтарының бірі, себебі олар тек қана туристердің сұраныстарын көрсетіп қоймай, әрбір мемлекеттің жақсы жақтарын жеке көрсетеді.

Туримнің қаржы бизнесін дамыта отырып өмір сүру циклін бірнеше кезең немесе сатылар арқылы көрсетуге болады.

Бірінші саты - бұл оны құрудың сілтемелерінің болуы, мысалы, белгілі бір аймақта бірнеше турфирмалар мен отельдердің болуы. Қазақстандағы туристік кластердің дамуы шартты түрде мемлекетте бар туристік-рекреациялық ресурстарға, жоғарғы класты отельдердің құрылысына, ойын-сауық индустриясының дамуына байланысты.

Келесі саты - кластердің пайда болуы - туристік нарық қатысушыларының негізгі қызметке жинақтала басталуы және өздерінің мүмкіндіктері арқылы жалпы қызметті өткізуіне шартты байланысты.

Туримнің қаржы бизнесін дамытудың үшінші сатысында сол қызметпен байланысты аймақтағы жаңа қатысушылар тартылады, жаңа байланыстар барлық кластер субъектілерінің арасында пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Халықаралық туризмнің тарихи даму эволюциясын қарастыру
Туристік қызметті мемлекеттік реттеу қағидаттарықағидаттары
Қонақжайлылық индустриясындағы ақпараттық технологиялар
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы. Туризмды дамытудың негізгі бағыттары
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR - технологиялар
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы
Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде
ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ТАЛДАУ
Туристік бизнес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz