Туристік фирмадағы дағдарыс және оны шешу жолдары



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік жұмыс және Туризм кафедрасы

5В090400 - Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Әлеуметтік мәдени сервистегі бизнес - жоспарлау

Тақырыбы: Туристік фирмадағы дағдарыс және оны шешу жолдары

Курс:_________________________
Тобы:_________________________

Студент:_______________________
Жетекші:______________________

Қорғауға жіберілді "_____"________2017 ж.
Қорғалды "____"________________2017 ж.

Астана 2017ж

Кіріспе

3
1 Туристік фирма: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары
5
1.1 Туристік фирмада жоспарлаудың маңызы
5
1.2 Туристік фирмаларда маркетингті қолданудың маңыздылығы
8

2 Туристік фирмадағы дағдарыс

12
2.1 Дағдарыстың негізгі себептері
12
2.2 Туристік фирамадағы дағдарысты болжау

13
3 Туризмдегі турфирмадағы дағдарысты шешу жолдары
21
3.1 Дағдарысты алдын алу
21

Қорытынды

25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

27

Кіріспе

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.
Еліміздің алдында тұрған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мен белгіленген міндеттерді шешуде туризмді дамыту және туристік фирмаларды ұйымдастырудың маңыздылығы жоғары. Сондықтан да мемлекет тарапынан туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлініп, жергілікті және орталық атқарушы органдарға нақты міндеттер жүктеледі. Осыған байланысты кәсіпкерлікті ұйымдастыру, рұқсат ету жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нақты іс-шаралар қабылданып, жүзеге асырылып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі кезге дейін кәсіпкерлікті дамытуға арналған бірнеше арнайы мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, іске асырылды. Қазіргі кезде Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры елімізде кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай өзіндік үлесін қосып келеді.
Еліміздің даму стратегиялары, мемлекеттік бағдарламалары, Елбасының жыл сайынғы жолдауларының барлығында да кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдау мәселесі ұмыт қалған емес. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан жолы - 2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауында Шағын және орта бизнесті дамыту - XXI ғасырдағы Қазақстандағы индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі, - деп атап көрсеткен болатын. Демек туризмдегі кәсіпорынды, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту арқылы индустриялық - инновациялық даму, жаңа жұмыс орындарын құру, халықтың әл-ауқатын арттыру, ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету және өзге де бірқатар маңызды міндеттер шешімін табатын болады. Бұл туризмнің экономикадағы рөлінің жоғары екендігін, оны ұйымдастыру, дамыту мен қолдауға баса назар аудару қажеттігін көрсетеді. Сондықтан елімізде туристік қызметті ұйымдастыру мәселесін теориялық - әдістемелік және ғылыми - талдамалық негізде қарастырудың маңыздылығы жоғары.
Туризм дамуы, елде салыстырмалы түрде жақын арада басталды. Бiрақ жылдан жылға бұған көбiрек мән берiлуде. Саланың дамуын жақсы функционирлеу, қолдау көрсететiн iс-шараларсыз мүмкiн емес, соның iшiнде үкiмет жағынан, яғни дамыған сала мемлекетке үлкен пайда әкелуi мүмкiн.Шетелдік туристік ұйымдардың өркендеп өсуінің бірден бір көзі олардың көрсететін қызметтерінің сан алуандығы мен сапасы болып табылады, ал Қазақстанда бүгінгі таңда барлық қажетті атрибуттары бар толыққанды біртұтас туризм жүйесі әлі жоқ. Туристік ұйымдардың көбісінде әлі қызмет көрсетудің жарнама, сату қызметі, көлік, орналастыру, тамақтандыру, сынды компоненттер жолға қойылмаған. Осы айтылғанның барлығы әлі де болса даму сатысында ғана.
Туристік фирма - азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Туристік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Фирма жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын фирма жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын фирма ретінде тіркеледі.
Бұл курстық жұмысымда туризм қызметінің түсінігінен бастап, оны ұйымдастыру, қызметін жүзеге асыру, дамыту, тиімділігін бағалау, туристік қызметті ұйымдастырудың өзге де теориялық негіздері мен туристік фирмадағы дағдарыс және оны шешу жолдары қамтылған.

1 Туристік фирма: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары

1.1 Туристік фирмада жоспарлаудың маңызы.

Туризм жүйесін басқару стратегиялық (болашақта жобаланған) көріну мен болжаушылыққа негізделуі керек. Көріну негізінде (туристік фирманы болашағын көрсететін өзіне бөлек суреттер) менеджменттің жетекші ойы болып тұра туристік фирманың саясатын жасайды. Ол қарым-қатынастың ортақ мақсаттары мен қағидаларын көрсетеді, өмір сүру қабілеттлігі мен осы құрылымның дамуын қамтамасыз етеді. Жоспарлау - ұл басқару үрдісінің бір кезеңі болады, осы жерде әр түрлі туристік құрылымның мақсаттары, сонымен қатар оларға жету әдістері анықталады. Кейбір жағдайларда туристік фирмалар өздерінің алдына қойған мақсаттарына жеткеннен кейін жұмыстарын тоқтатады, ал басқа туристік фирмаларда жаңа мақсаттар қойылады, бұрынғыдан маңызды. Бұл туристік фирмадағы жоспарлаудың өзінің бір рет пайдаланатын іс әрекет екенін көрсетпейді. Бұл үздіксіз үдеріс анықталған мүмкіндіктер, шарттар және факторлар есебі арқылы жаңа жолдарды зерттеу және туристік фирма қызметінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру.Туристік кәсіпорын саясатын құру көбінесе басшылықтың жоғарғы деңгейінде іске асырылады. Туристік фирманың саясатының барлық жағдайы, дұрыстығында, жетекші туристік бейне түрінде көрсетіледі. Жетекші бейне өзінде ұзақ мерзімді мақсаттарды, философияны, саясатты, кәсіпорын мәдениетін және оның заң шығаратын құқықтарын қосады. Нақтылы туристік аймаққа сәйкес ең бірінші оның бәсекелестікке қабілеттілігі туралы айтулуы дұрыс. Нақты жоспарлаудың функциясы келесі жұмыс түрлерін қосады:
* өлкенi дамыту мақсаттарының туризмнің орнатылатын басқаруларын өңдеуге араласу;
* бәсекеге қабілеттіліктің орнының ағымдағы талдауы (нарық, тікелей және жанама бәсекелестер, сұраныс, жабдықтаушылар, сала);
* өлкенің бәсекеге қабілеттілігін, оның айрықша позициясының стартегиясын құрастыру;
* өлкенің бәсекеге қабілеттілік стратегиясын жандануын жүзеге асыру - ең бастысы туристік фирмаларға кеңес беру, инновациялық менеджментті өткізу.
Сөйтіп, туристік фирма қызметін жоспарлау кезінде ақпараттық өңделу кезеңінде сапалық, сандық және болашақтағы мақсаттардың уақыттық анықталуын, амал мен тәсілдерді, қалыптасуды, фирманы басқару мен дамыту жүйелерін түсіну керек,
Туримдегі ұйымдастыру қызметі. Туристік фирмада жасалынған қайсысы болмасын жоспарда әрқшанда ұйымдастырушылық кезең кездеседі, басқаша айтқанда жоспарланған мақсаттарға жету үшін нақты шарттардың жасалу кезеңі болып табылады. Басқарудың бірінші үдеріс кезеңінде анықталған - жоспарлау кезеңінен кейін, фирма құрылымын құру туралы сөз болады және оның мақсаттарға жету үшін барлық керекті заттармен қамтамасыз ету.
Туроператорлар жұмысын ұйымдастыру үлгісі негізінде туризмді басқарудағы ұйымдастырушылық функцияны өзімізге тым көрнекі көруімізге болады. Осылай туроператор өндірістік, саудалық, ақпараттық мәселелерді, жаңа өлкелерді игеру мақсаттарын және т.б. шешеді.
Бұл процесс персоналды және фирманың алға қойған мақсаттарына жету үшін амалдарды біріктіру. Айтылып кеткендей, жоспарлаудың негізгі мақсаты -- бұл әр түрлі әдіс арқылы екiұштылықтың мәселесінің шешiмiн табу. Өзгерістерге бейімделу қажеттілігі -- жоспарлауға маңызды бір мән беретін факторлардың бірі болып табылады. Сонда да, жоспарлау қандай да маңызды болмасын , бұл тек қана басы ғана. Көптеген әр түрлі жоспары бар және оны жүзе асыру тұтас сызбасы (құрылымы) жоқ туристік фирма жетістіктерге жетпейді. Себебі, жоспарлау функциясы және ұйымдастырушылық функция бір-бірімен тығыз байланысты. Кейбір ой-пікірлерде жоспарлау және ұйымдастыру бірігіп кетеді делінеді.
Жоспарлау ұйымның мақсаттарын жүзеге асыру үшін көріністерді дайындайды, ал ұйым басқару функциясы ретінде жұмыс құрылымын дайындайды, оның ең басты құрамдас бөлігі болып адамдар болып табылады.
Ұйымдастыру функциясы турфирманың барлық мамандарын бір жерге біріктіру болып табылады. Оның негізгі міндеті болып, миссияны, ролді, жауапкершілікті, әрқайсысының есеп берушлігін анықтау болып табылады. Ұйымдастыру үдерісі жұмысты құрады және туристік фирманың көлеміне, оның мақсаттарына, технологияларына және персоналға байланысты бөлімшелерге бөледі. Туристік фирма өзінің жоспарын жүзеге асыру үшін және соның негізінде өзінің мақсаттарына жету үшін бар элементтер қатарын жіктеу қажет. Ұйымдастырушылқ функцияны жүзеге асыру процессінде келесі ұстанымдар қатарын негізге алу керек:
* жоспарлау кезінде табылған туристік фирманың мақсаттарын анықтау және талдау;
* осы мақсаттарға жету үшін керекті қызмет түрлерін анықтау;
* әр түрлі міндеттерді әр кадрларға (еңбекті бөлу) тапсыру және оларды басқарушылық жұмыс топтарына немес бөлімшелерге біріктіру;
* жұмыстық қарым-қатынасты орнату арқылы әрбiр топқа тапсырылған әр түрлi қызметтер түрлерiн үйлестiру;
* мақсаттар бірлігі - әр ұйымдастыру бөлімінің мүшесі ортақ игілікке жұмыс жасайды, басқаша айтқанда ешкім туристік фирманың мақсаттарына қарсы жұмыс істемеу керек.
ҚР стастистика агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша 2016 жылы елде 1007 -- туристiк ұйым қалыптасқан. Қазақстандық кәсiпорындармен 80 елдiң туристiк фирмаларымен келiсiмдiк қатынас бекiтiлген. 40 - алматылық және 13 - облыстық турфирмалар, 8 - мемлекетке чартерлiк әуе қатынасын жүзеге асырады. Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларының туристiк фирмалар жүйесi анағұрлым дамыған. Осы облыстың және қалалардың туристiк ұйымдармен жыл сайын экскурсанттар мен туристердiң 88 % қызмет көрсетiледi [5].
Статистикалық және әкімшіліктік деректердің зерттеулері бойынша туристік қызмет 2016 жылы республикаға келушілердің есебінен 2016 жылы 16 пайызға өскені. Туристік индустрияның дамуы бойынша туризмнің барлық түрі кіру туризмі 12,8%, шығу туризмі 38,5%, ішкі туризм 12,5% өсті. Туристік қызмет бойынша көрсетілген қызмет 59,3% өсіп, 53863,0 млн. тенгені құрады. 2016 жылмен салыстырғанда сатылған жолдама 1,9 есеге өсіп, бюджетке 13890,7 млн, тенгені түсірді[5].
2016 жылы 1007 туристтік фирма 51 жеке кәсіпкерлік туристік іс-әрекет жасап, 567,0 мың келушілерді қабылдады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 105% деңгейіне жетті. Қазіргі таңда қызмет атқаратын туристік фирмалар саны: Алматы қ. (587), Астанада (57), Қарағанды қ. (54), Павлодар қ. (48) және Алматы облыстарында (47) құрайды. Жалпы алғанда Қазақстандағы туристік фирмалар туристерді қабылдау қызметінен гөрі оларды шет елдерге шығаруды көбірек жүзеге асырады. Негізінен туристерді шет елге шығарғаннан гөрі ("Жаңа - Арқа", "Гульнар - тур" фирмалары), халықаралық туристерді қабылдау анағұрлым тиімді болар еді.Қазақстанда туристік қызметпен 2003 жылы 691 туристік ұйым айналысқан. Бұл ұйымдар 177091 туристке қызмет көрсеткен. Жалпы көлемдегі көрсетілген қызметтің көрсетілу барысында сыртқы, ішкі, шығу және кіру туризмінің үлесінің өсуіне қол жеткізілді. Қазақстандағы қонақ үй бизнесі одан әрі дамытуды талап етеді. Сондай- ақ ойын - сауық индустриясы, демалысты ұйымдастыру, сервистік деңгей, бағалардың қызмет сапасына сәйкестігі дұрыс жолға қойылуы тиіс[5].
2017 жылы ішкі туризмді дамытуда ең көп үлесті Алматы қаласы алады, мұнда келген адам 55819 адамды құрайды. Алматының әсем табиғаты мен қолайлы ауа-райы жылдың қай мезгілі болса да ішкі туризмді дамытуға қолайлы, туристерге ыңғайлы болып келеді. Мұнда туристердің қыдыратын жерлері де демалатын жерлері де көп болғандықтан, көбінесе туристер Алматы қаласына баруды қалайды.Екінші Маңғыстау облысы (42647), мұнда іскерлік туризмге байланысты шетелден қонақтар мен инвесторлар сапарға шығады[6].
Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы Каспиий теңізіне демалушылар да көп. Болашақта ішкі туризмді дамыту мақсатында Ақтау-Сити қалашығы орын алып, туризмнің лорталығына айналмақшы. Ол кезде туристер саны 5 есеге көбейеді деп болжануда. Үшінші кезекте Шығыс-Қазақстан облысы (33321), мұнда табиғат көріністерін тамашалауға және Қатон-Қарағай қорығына арнауы сапар шегушілер саны күннен-күнге көбеюде[6].
2016 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған[5].
Cтатистикалық мәліметтерге жүгінсек, туристік фирмалармен (резиденттер емес) өткен жылы елімізге 39 640 адам келсе, соның 324-і ғана атбасын Оңтүстік Қазақстан облысына бұрыпты. Дегенмен, бейресми мәлімет бойынша, өздігінен әулие аралап келетін туристер саны жылына 150 мыңға жуық. Ішкі туризмді алайық, өткен жылы туристік фирмалардың қызметін елімізде 157 998 адам пайдаланса, Оңтүстікке барғаны -- 1309 адам. Биылғы бірінші тоқсанда 88 адам оңтүстік өлкесіне барған. Айта кетелік, келушілердің басым бөлігі Ақмола облысы мен Алматы және Астана қалаларында болуды қалайды екен. Тағы бір дерек, туристік фирмалармен қызмет көрсетілген келушілер саны өткен жылы еліміз бойынша 459 337 болса, оңтүстікте -- 6103 адам болған. Жалпы, өткен жылы туризм түрлері бойынша туристік фирмалар қызмет көрсетілген сырттан келушілер 9 пайызды құраса, сыртқа шығушылар -- 56, ішкі туризм 35 пайыз болған. Әрине, туристік фирмалардың көмегіне жүгінбейтіндер де жоқ емес. Осы арада айта кетелік, Туризм және спорт министрлігінің сайтында туризм жөнінде ақпарат мүлде аз. Барының өзі жаңалауды қажет етеді. Статистика агенттігінің сайтынан алынған жоғарыдағы мәліметтер оңтүстік өңірінің мүмкіндігі толық пайдаланылмай отырғанын аңғартады[7].

1.2 Туристік фирмаларда маркетингті қолданудың маңыздылығы

Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы оның пайда болуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасаумен жоғарылайды, рынокты қалыптастыру, экономикалық еркінділік, бәсекелестің дамуы.
Туристік қызметтегі маркетинг концепциясы:
:: Рынокты зерттеу және болжау;
:: Рынокта туристік өнімді тарату әдістерін өңдеу;
:: Тиімді баға саясатын анықтау;
:: Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құру;
:: Маркетинг жоспарын өңдеу.
Туристік маркетинг дегеніміз - ірі туристік ұйымның туристік экскурсиялық қызметтің жаңа, тиімдірек түрін жасауда және оны жасап, өткізу арқылы, ол туристік өнімнің сапасын жақсарту негізінде пайда табуға бағытталған қызметін үйымдастыру және басқару жүйесі.
Туристік маркетингтің негізгі қызметтері - рекреациялық мұқтаждықты, сұранысты, монопольды және коммерциялық бағаны, рынокты сегменттеуді қалыптастыруға бағытталған әрекет.
Туристік маркетингтің қызметтеріне келесілер жатады:
:: Рыноктық сұранысты анықтау;
:: Өнімнің оңтайлы ассортиментін анықтау;
:: Өндірістің құрылымын анықтау;
:: Тиімді шешімдерді қабылдау;
:: Өткізу саясатын жасау.
Туристік фирма баға құрудың белгілі бір саясатын ұстана отырып, сату көлеміне де, және түсетін пайдаға да әсер етеді. Баға көлеміне ішікі факторлар (кәсіпорын мен маркетинг мақсаттары, маркетинг кешенінің стратегиялары, шығындар, баға құруды ұйымдастыру) және сыртқы факторлар (рынок түрі; турөнімнің бағасы мен құндылығы арсындағы байланыс; бәсекелестік; экономикалық жағдай; делдалдардың мүмкін болатын реакциясы).
Баға құру саясатына әсер ететін туркәсіпорынның мақсаттары; рынокта көп уақыт әрекет ету, пайданы көбейту, рыноктық үлесін ұлғайту, турөнімнің сапасы жағынан жетекшілікке ие болу. Баға құруға әсер ететін негізгі факторлар - шығындар, тұгынушылар көзқарасы, бәсекелестер бағалары. Бағаны анықтаудың ең оңай тәсілі, ол шығындарға негіздеп баға құру. Баға құрудың дұрыс тәсілі-қажеттіліктерді анықтау және турөнімнің бағасы мен тұтынушының құндылығының ара-қатынасын анықтау. Баға құрудағы саясатқа сондай-ақ бәсекелестер бағасы мен олардың бағаның өзгеруіне қатысты мүмкін болатын реакциясы. Сондықтан, бәсекелестердің бағасын зерттеу-баға құру кезіндегі негізгі элемент болып табылады.
Тұтынушылардың қажеттіліктерін білу ең маңызды мәселе екені бәріне түсінікті. Осының мақсатында туристік фирмалар маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары болып рыноктың сыйымдылығы мен конъюктурасы, тұтынушылары, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар, өнім табылады. Туристік кәсіпорын маркетингі көптеген факторлар әсеріне байланысты (экономикалық, табиғи, әлеуметтік - мәдени және т.б.). Кәсіпорын маркетингі практикасындағы факторлар мен оларды қолданудағы күрделі өзгерістерді қарастыру керек. Мысалға, қазіргі кезде көптеген елдер бос уақытын спорт пен демалысқа кетіруге тырысады, туристік фирма іс-әрекетіне бейімделуге және туризм сферасындағы т.б. даму беталысын көрсету міндеті болып табылатын туристік маркетингті дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашады. Мысалы, Қазақстан Республикасында негізінен спорт, жүзу, аң аулау саласына бағытталған. Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызметтің массалық өндірісінің құралдарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек.Туристік аймақтың тартымдылығын анықтайтын факторларға келесілерді жатқызуға болады: 1) аймақтың қолайлығы; 2) табиғаты және климаты; 3) келушілерге тұрғылықты халықтың қатынасы; 4) аймақтың инфрақұрылымы; 5) бөлшек сауда жағдайы; 6) баға деңгейі; 7) спорттық және білім беру мүмкіншіліктері; 8) мәдени және әлеуметтік сипаттар.
Турөнімді жылжытудың негізгі қүралының бірі болып, халықаралъқ көрмелер мен кездесілерге қатысу болып табылады. Олар турөнімге ғана емес және турфирмаға назар аударуға мүмкіндік береді. Маркетингтік бөлімнің мұндағы қызметі болып жатқан, болашақта болатын кәсіби көрмелер туралы ақпарат жинау болып табылады. Осыған байланысты екі стратегиялық бағыт орнатылады - біреуі әлуетті агенттерді бірге жүмыс істеуге тарту (риsһ) және екіншісі тұтынушыларға бағытталған (рull). Кәсіби көрермендер көрменің үшін бірінші күн арналады. Көрмеге турфирманың өнімін көрсететін жарнамалық материал дайындалады. Көрмеге дайындалу кезінде шетел тілдерінде визиттық карточкаларды қажетті көлемде дайындайы қажет. Ең негізгісі жарнамалық стендті жасауы қажет.
Туристік көрмелерге қатысудың екі мақсаты бар: 1) партнерлік байланыстарды және агенттік тораты кеңейту; 2) өзінің өнімдеріне түпкілікті тұтынушыларды тарту.
Стендте жұмыс істеу үшіе турфирма ең көзге түсімді, эрі пысық қызметкерлерін қояды. Олар шетел тілдерін білуі қажет. Стенд - турфирманың қызметі жайлы толық мәлімет беретін витрина.
Тур операторлармен жұмыс істеуге агенттерді тартудың тағы бір
құралы презентацияларды ұйымдастыру. Презентация кәсіби көрме жүмыс
істеп жатқан күндері, аумақтардағы жаңа филиалдардың ашылуына
байланысты немесе туристік мерзімнің ашылуымен байланысты
ұйымдастырылады. Презентацияны ұйымдастырумен маркетинг бөлімі айналысады. Презентация салтанатты түрде мейрамханаларда, клубтарда жүргізіледі.Ұйымдарга демеушілк көмек, Турфирмалар әр түрлі қоғамдық шараларда демеуші ролін атқаруы болады. Маркетинг бөлім елде, қалада қандай шаралар өтіп жатқандығын іздестіріп, ол жерлерге қатысу туралы шешім қабылдайды. Негізі қоғамдық өмірде мағызы бар және БАҚ - да үлкен резонанс алатын оқиғаларға демушілік жасайды.
Оперативті маркетинг. Турфирманың маркетингтік бөлімі агенттік торап арқылы және Интернет жүйесі арқылы жүргізілетін барлық сатулардың мониторингін жүргізеді. Сатулардың жүргізілуінің бағытын бақылау мақсатында есеп беру бланктары жасалады.
Жарнамалық қызмет. Турфирманың жарнамалық қызметін жүргізудің негізгі бағыттары болып жарнамалық стратегияны және медиажоспар жасау, медиажоспардың орындалуын бақылау, БАҚ - да жарнаманы ұйымдастыру, каталогтар жасау, пресс - конференцияларды жүргізу және т.б. жарнамалық әрекеттер.
Шетелде турөнімнің жарнамасымен тек турфирмалар ғана емес, сонымен қатар, федералды және жергілІкті құрылымдар, қонақ үйлер, театрлар, музейлер, тематикалық парктер, мейрамханалар және басқалар. Мысалы, Голландидағы қызғалдақтардың өскендері жайлы БАҚ - ғы күшті жарнама рақылы білуге болады. Аты әйгілі Кекенхоф өзінің ғажайып гүлдері бар брошюраларын элемнің түпкір - түпкіріне жібереді. Бұл брошюраларда парктың тарихы туралы, қандй көлікпен ол жерге жетуге болатындығы жэне бағаларының қандай екендігі туралы толық ақпарат бар. Қазіргі кездегі турфирманың қызметі рыноктық ортада жүргізіледі. Сұраныс пен ұсыныс қаңдары, еркін бәсекелестік турфирманы рыноктық ойынға бас ұруға әкеледі. Маркетинг фирмаішілік және сыртқы орта шындығымен байланыстыратын механизм болып табылады. Ол рыноктың конънктурасы, рыноктағы бәсекелестер, туристік лектерің бағыттары, туристік өнімнің өзгеруі, тұтынушылардың талғамы мен көзқарасының өзгерісі жайлы ақпапарт береді

2 Туристік фирмадағы дағдарыс

2.1 Банкроттылықтың негізгі себептері

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген дағдарыс төнуі мүмкін. Бұл дағдарыс бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Қаржылық-экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіп кәсіпорындарға кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы 07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеуталабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.
Баланстың қанағаттанғысыз құрылымы борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктін жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептері:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
-- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
-- инфляцияның аса жоғары деңгейі;
-- фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
-- бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
-- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
-- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
-- өндіріс көлемінің төмендеуі;
oo ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасының кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
-- ақталмаған жоғары шығындар;
-- өнімнің төменгі рентабельділігі;
-- өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
-- үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
-- ескі басқарма басшыларының нарықты ұруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Қазақстан Республикасының Банкроттық жайында Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады. Банкроттық, борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе Банкроттық жайында Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.
Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болғанда, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық ауруын және одан арылу жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.

2.2 Кәсіпорынның банкроттылығын болжау

Кәсіпорынның банкроттылығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенденцияларды зерттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттігінің темендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.
Қаржылық жағдайдың динамикасының негізгі тенденциялары мен қызмет нәтижелерін формаланған және формаланбаған әдіс арқылы болжауға болады. Инфляция қарқынының күшті болуы, шығындар нормасының орталықтандырылып бекітілмеуі және келісім-шарттар жасау кезінде алдын ала төлеудің кең таралуы жағдайында, жабдықтау келісім-шартына отырған кезде болжау дәлдігі төмендейді. Осындай кезде қаржылық жағдайды болжау, табыстардың есеп беруге қатысты өзгермелі параметрлері -- өндіріс көлемі, шаруашьшық субъектілер қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша шығындардың бағдарлама жүйесі қаржылық есеп беру және электронды кесте негізінде құрылуы мүмкін.
Қаржылық жағдайды болжау -- перспективалық талдаудың негізгі міндеті. Талдаудың бұл түрі, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесін зерттеу негізін болашақ міндеттерін анықтау, стратегиялық басқару міндеттерін шешу үшін әкімшілікті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Мақсатқа сәйкес талдауды жүргізу, орта мерзімді болашаққа (2-3 жыл) және ұзақ мерзімді болашаққа негізделуі керек.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджерлердің қақтығыс жағдайының туындау себебі
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын pr-технологиялар туралы
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR - технологиялар
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR-технологиялар туралы ақпарат
Туристік кәсіпорындардың сыныптандырылуы
Шығыс Қазақстан облысының туристік фирмаларының маркетингтік қызметіне баға беру
Туристік мекемедегі PR технолоиялар
Туризмдегі жарнаманың ролі
Туризмдегі HR менеджмент жүйесін дамыту
Туристік фирманың қысқа мінездемесі
Пәндер