Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы проблемалары 12 және даму болашағы



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3

1.Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері 5
1.1 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау 5
1.2Туристтік қызметтің экономикалық көрсеткіштері және 7
тиімділігі

2.Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы 12
және болашағы
2.1Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары 12
және даму болашағы
2.2 Туризмды дамытудың негізгі бағыттары 18
Қорытынды 24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе

“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектегі
дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-
өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз
жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін
қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен
келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға
белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық–бұл мемлекет пен
қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының
маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі
министрліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік
компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін
жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм
және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік
Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің
оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік
өндірістің әрбір 15-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе
жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып
табылады. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық
сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер
баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты,
Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей
мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына
шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын
өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және
халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына
қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылына орта
есеппен 8,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты
жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және
туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті
басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік
индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне
қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей,
Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік
көрмелеріне қатысып келеді [1].
Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында
халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді
не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық
туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың
зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту
саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық
өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы.
Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін
табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна
мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.
Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік
өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің
есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде
кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды.
Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал
туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

1.Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері

1.1 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау

Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай – ақ мәдениетпен
және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық
жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік
туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан
бір бөлгін халықаралықинвестициясының 11%- дан астамын, әлемдік өндірістің
әр бір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. 

Туризмнің қазірігі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе
жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып
табылады. Туризімнен табыс, мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль
экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында кееледі. Әлемдік
туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің реакциялық сиымдылығының шегіне
іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар
есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемдік
туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Қазіргі туризм енбекшілердің жыл сайынғы ақылы енбек демалысына шығуы
мен байланысты, мұның өзі адамдардың дем алуға және бос уақытын өткізуге
деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен
халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторларына айналады.

Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауы болмайтын саласы.
Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін
табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна
мұнай, немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек
екен. Бұл ретте, шикі зат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік
өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істеуді. Шетелдік эконмистердің
есебі бойынша, 100 000 турист қалада орташа есепппен екі сағат болған кезде
кемінде 350000 доллар немесе адам басына 1 сағатта 17,5 доллар жұмсайды.
Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал
туризімді дамыту- ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірген әлеуметтік- мәдени
маңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және
мәдени айырбастаудың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін
арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді.

Жұмыс істеп тұрған туристік фирмалардың ең көбі Алматы қаласында
(356), Қарағанды облысында (56), Астана қаласында (48) және Шығыс Қазақстан
облысында (42) орналасқан. Бұл облыстардың кәсіпорындары барлық туристер
мен экскурсанттардың 86 пайызына қызмет көрсетті.
Ірі кәсіпорындар санының үлесі артқанымен де, олардың қызмет көрсеткен
туристер саны азайып келеді.
Ірі фирмалардың есептік жылдағы негізгі атқарған қызметі- алыс және
таяу шетелдерге шығу визасын дайындау болды.
Қазақстан Республикасының туристік фирмалар мен агенттіктер
қызметінен түскен табысы 2016 жылы 1340,3 млн.теңгені және 277000 АҚШ
долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда
сәйкесінше 1,4 және 2,9 есеге аз [2].

Саяхатшылар жалпы санын 2016 жылғы бойынша мәліметтер төменгі кестеде
келтірілген
2014 2015 2016
Шығу туризмі 10 449 972 11 302 476 9 755 593
бойынша
келушілер саны
оның ішінде
ТМД елдері 9 375 785 10 356 151 8 958 939
ТМД-дан тыс елдер 1 074 187 946 325 796 654
Кіру туризмі 6 332 734 6 430 158 6 509 390
бойынша
келушілер саны
оның ішінде
ТМД елдері 5 655 246 5 835 592 5 935 690
ТМД-дан тыс елдер 677 488 594 566 573 700

1-кесте. Шығу және кіру туризмі бойынша келушілер саны [].

Халықаралық туризм адамдардың елдер арасындағы қозғалысын білдіреді.
Оның дамуын талдау кезінде оның транспорт индустриясымен өзара байланысын
анықтаудың маңызы зор.
Бей резидент туристердің көпшілігі сапарға шығу кезінде әуе
транспортын пайдаланады, оның үлесі 85,4 пайыз. Темір жол транспорты мен
туристердің 7,2 пайызы, халықаралық автобустарымен- 3,3 пайыз және тағы
басқалары құрлық транспорт құралдарымен-4,1-і сапар шеккен.
Резидент- туристер де көбінесе әуе транспортын таңдайды. Халықаралық
автобустарды олардың 21,9 пайызы, темір жол транспортын –6,8 пайызы, басқа
да құрлық транспорт құралдарын- 1,1 пайызы қолданған.
2016 жыл ішінде бейрезидент-туристердің негізгі бөлігі республикаға
Германиядан -90 286адам, Ресейден –1 587 409 адам , АҚШ-тан –26 402адам,
Ұлыбританиядан-20 166адам және Қытайдан – 117 465адам келді.
Келген туристердің республикада саяхатта болуының орташа ұзақтығы 16
күнді құрады (ТМД-дан келгендер үшін-3-4 күн, ал ТМД-дан тыс елдерден
келгендер үшін – 17 күнге дейін). Бұл негізінен іскерлік мақсатпен-89,9
пайыз, дем алу үшін –4,8 пайыз, таныстарымен туыстарын көру үшін-1,4 пайыз
және тағы басқа мақсаттармен-3,9 келген адамдар.
Республикаға келген туристердің (6509390 адам) ТМД-дан тыс елдерден
келгендер саны 86,3 пайызды, бұл 2016 жылдың (88,4 пайыз) сәйкес кезеңімен
салыстырғанда 2,1 пайызға төмен. Есептік жыл ішінде 9 755 593 адам туристік
жолдама алды. Олардың 8 958 939-сі ТМД елдеріне сапар шекті, бұл өткен
жылғымен салыстырғанда 2 есе артық шама.
2016 жылы ТМД-дан тыс елдерде болу ұзақтығы 5-6 күнге созылды.
Туристердің неғұрлым көп бөлігі Туркияға - 207 811адам, Қытайға-217
895адам, Германияға - 45 893адам және Біріккен Араб Эмираттарына – 117
607адам жол жүрген. Қалған елдердің алатын үлесі елеусіз. Есеп берген 159
мейманхананың 13 бөлігінен астамы облыс орталықтарында орналасқан. Олардың
ең көп бөлігі Алматы және Астана қалаларында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан,
Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған.
Есеп берген мейманханалардың көпшілігі -138(87 пайыз) жекеменшік
формасында. Мемлекеттік меншікте мейманханалардың 14-і (9 пайыз).
Қонақүйлердің 2\3 бөлігі кәсіпорындар болып табылады, жұмысшылардың
саны 0-50 ге дейін, олардың үштен бір бөлігінде 50-ден 250 ге дейін
жұмысшылар қызмет етеді, тек 5пайызында ғана 250 ден жоғары жұмысшылар бар.
2016-шы жылы қаңтар және қыркүйек айларында қонақүйлерге бір уақытта
орналасу орны 25,4%, ал барлық номерлер саны 66 555 болды. Бір номерге
орташа сыйымдылығы екі адам.
Республика бойынша қонақүйлік кешендегі эксплуатациядан түскен табыс
6976,5 млн. теңге. негізінен мына облыстардағы кешендерден табыс алынған:
Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және
Оңтүстік Қазақстан. Ең көп кері сальдо мына облыстарда қалыптасты: Алматы,
Астана, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда.

1.2 Туристтік қызметтің экономикалық көрсеткіштері және тиімділігі

Туризмнің қалыптасуы мен дамуында оны сала ретінде анықтаушы нақты
экономикалық көрсеткіштері болады. Ол сапасы жағымен бірге туристік қызмет
көрсетудің сандық көлемін көрсетеді. Туризмнің дамуының көрсеткіштері әр
аймақ (мемлекет) үшін төмендегідей:
Туризмнің материалдық-техникалық базасының жағдайы және дамуын
сипаттайтын көрсеткіштер елдердегі туризмнің күшін анықтайды.
Оларға жататындар: мейманхана қорындағы төсек орны және басқада
орналастыру құралдары; тамақтану кәсіпорындарындағы орын саны; ойын-сауық
орындарының саны т.б. Төсек орын қорының күші төмендегідей анықталады.

Кт = Cт х 365 + Ссхt

Кт - төсек-орын қорының күші; Ст - қолданылатын төсек-орынның жылдық
саны; t-сезондық қолданылатын күндер.
Туристік күндерді есептеу үшін келушілер санын, елге келетін әр
туристің орташа мерзіміне (күніне) көбейту қажет. Туристік күндер туралы
ақпарат қоғамдық инфрақұрылым жоспарлауда және материалдық-техникалық
базаны дамытуда мамандар үшін қажет дерек болып табылады.

Кт = Ст х Кор

Кт - туристік күндер; С - туристердің саны; Кор - күндердің орташа
саны.
Қазақстан Республикасының статистикасы бойынша туристердің болу
мерзімінің орташа мерзімі 2000 ж. 16 күн, сондай-ақ 2016 жылы 32 күн
болған, ал туристердің келу саны 2000 жылы 228,3 мың, 2016 жылы 6 509 390
адам. Осыған байланысты туристердің күні
2000 ж. = 228,3 х 16 = 3652,8
2016 ж. = 6 509 390 х 16 = 104150240
Бұл есептеуден көрінгендей 2000 жылы туристердің күні төмен, ал
туристердің орташа болу мерзімінің төмендеуіне байланысты. Тағы да
себептерінің бірі фирмалардың ішкі туризммен айналысуының көбеюінен деп
санаймыз. Оған төмендегі көрсеткіш дәлел: 2000 ж. 31,6% болса 2016 жылы
68,4% ке өскен.
Осы есептеулерге байланысты әр туристің бір тәулікте қанша қаржы
шығаратыны белгілі болады. 2000 жылы туризмнен түскен табыс 1876,42 млн
тенге, ал 2016 жылы 3,366 млрд тенге, (2001 жылы төмендеу себебі туристік
күндер азайған).
Ал туристтердің қаржы шығару соммасын төмендегідей шығаруға болады.

Кжалпы сомасы = Кт х Кор (тәулікте)

Шығаратын қортынды туристердің бір тәулікте шығаратын қаржысының
орташа көлемі өссе, туристердің жылдық шығаратын қаржының көлемі азаяды.
Төмендегі кестеде Қазақстан Республикасының туристік қызметінің
экономикалық көрсеткішін көруге болады (2-кесте).

Көрсеткіштер аты Өлшем 2000 ж. 2016 ж. Ауытқу
бірлігі
(+-) %
1 Төсек-орын қорының мың 332304 975504 70242 1,2
қуаты
2 Туристік күндер Туркүн 3652,8 5382,2 -1302,4 0,4
саны
3 Туристердің мың теңге 315236,64 3456734,32 90068,32 0,7
шығаратын
қаржысының көлемі

2-кесте. Қазақстан Республикасының туристік қызметінің экономикалық
көрсеткіші

Соңғы 10 жылдықта әлемдегі туризм саласы көп өзгерістерге ұшырады.
Мысалы: 1950 жылы әлемде 25,3 млн туристер болса, 2016 жылы 700 млн - ға
артты. Қазіргі кезде туризм бүкіл әлемде кеңірек тарауда. Бірақта олардың
өсу деңгейі әр аймақта әр түрлі оны 2-ші кестеден көруге болады.
Туризм, болып жатқан дағдарыстарға қарамастан тұрақты дамуда. Әлемдік
туризмде 2 бағыт көрініс тапқан. Біріншісі сыртқы экономикалық және саяси
факторларға әсері, екіншісі соған қарамастан қиындық жағдайында өз көлемін
тез арада қалпына келтіру.Әлемдік туризмнің даму деңгейі төмендегі кестеде
келірілген [3].

региондар Туристердің келуі %-тік Туризм түсімі АҚШ %-тік
млн. адам өзгерісі млрд. долл. өзгерісі

2013 2014 2015 13
14 13
14 2013 2014 2015 13 14 1415 Африка 21,5
23,2 24,9 7,4 7,5 8,3 9,0 9,6 4,5 5,9 Америка 115,4
118,5 120,2 5,4 1,4 112,7 118,8 121,2 5,8 2,1 Шығыс Азия және
тынық мұхит регионы
87,5
88,0
86,9
1,0
-1,2
81,3
76,6
73,7
1,1
-3,8 Европа 350,2
361,5 372,5 3,6 3,0 216,5 218,2 226,1 5,8 3,6 Таяу Шығыс 14,1
14,8 15,6 6,1 5,3 7,7 9,1 9,7 10,5 6,4 Оңтүстік Азия 4,3 4,8
5,1 5,1 5,0 3,9 4,3 4,4 6,5 2,8 Барлық әлем 594,1
610,7 652,2 3,8 2,4 435,1 435,9 444,7 1,0 2,0
3-кесте. Әлемдік туризмнің даму деңгейі

2016 жылғы көрсеткіштерге қарасақ АҚШ-тағы және Таяу Шығыстағы күшті
экономикалық дағдарысқа байланысты туризм 1,2 % төмендеген, табыс 4%-ке
қысқарды. Туризмнің Африкада дамуы 7,5% өсті, оның себебі Оңтүстік
Африканың табиғатына қызығушылықтың артуынан болды. Европадағы туризм
индустриясы жалпы аймақтағы экономикалық өсу бағытына байланысты.
Туристік көрсеткіштерге ықпал еткен жағдай әлемдік көрмелердің, әр түрлі
спортты глористардың әсерінен болды. Қорыта айтқанда әлемдік туризмнің
қазіргі жағдайына талдау жасап төмендегідей қорытындыға келуге болады.
- саяси және экономикалық дағдарыстарға қарамастан, туристтік секторда
туризм қызметінің екендігі көрінеді;
- Аймақтар арасында бәсекелесудің күшейгені байқалады.;
- Жекелеген туристік компаниялардың капиталдарының шет елдік нарыққа шығу
белсенділігі көрінеді;
- Туризм өндірісіне қызмет көрсетудің бірігуі жүріп жатыр.
Осы жағдайларға байланысты жаңа мыңжылдықтың алғашқы 10 жылдығы
туризмнің дамуының негізгі белгілері айқындалады.
- Халықаралық туризм қызметінің көрсеткіштерінің өсуі.
- Әлемдегі экономикалық және саяси жағдайлардың туризмге тигізетін әсері.
- Туризмнің анықтаушы факторлары әлеуметтік-демографиялық өзгерістер,
электрондық хабар, коммуникациялық жүйе болады.
- Аймақтардағы туризм қызметінің дамуы Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия
елдеріне ауысады деген болжам бар.
Сонымен көптеген елдердегі туризмнің дамуына талдау жасай келе,
түсінгеніміз ішкі туризмнің дамуына көңіл бөлу қажет.
Тиімділік – түсінігі қандайда бір болмасын нақты тиімділік, яғни
натижеге жету .
Экономикалық тиімділік – ол шаруашылық процессі белгілі бір мөлшерде
ақшалай, материалды, хабарлау ресурстары, жұмысшы күші шығындарынан нақты
табыс табу нәтижесі.
Ал, туризмнің экономикалық тиімділігі ұтыс табу. Ол:
- мемлекеттік масштабта туризмді ұйымдастыру;
- аймақтың халқына туристік қызмет көрсету;
- туристік фирмалардың өндірістік-қызмет көрсету процессі.
Туризмнің экономикалық тиімділігі қоғамдық еңбекті жалпы тиімділігі
және нақты көрсеткіштерімен, критерияларымен белгіленеді.
Критериялар алға қойған мақсатқа жету, оның дұрыс шешім екенін түсіну.
Критериялардың қажеттілігі өндірістік қызмет көрсету процессінің тиімділігі
есептеуде қандай позициядан қарастыру қажет екенін көрсетеді.
Қоғамдық өндіріс бүкіл қоғамның мүддесін қорғайтын болғандықтан, жалпы
қоғамның көздеген мақсаты орындалғандығымен бағалануы тиіс.
Туризмдегі тиімділік проблемасын қарастырғанда жүйелі түрде қарау
керек. Туризмді ұйымдастыру құрылымы негізінен үш буыннан тұрады:
- әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылымның салаарылық кешенді жүйесі;
- аймақ көлемінде жеке шаруашылық салалары;
- туристік шаруашылық субъектісі (туристік фирмалар).
Сондықтан да, туризмнің тиімділігін үш аспекте қарастырамыз: қоғамдық
деңгейде (халық шаруашылығы саласында, жеке туристік фирмада). Барлық
критериялардың комплексті тиімділігін жинақтау үшін, қоғамдық деңгейде
қойған мақсаттар жүйесі және жеке мақсаттарды көрсету қажет . Бұл үшін
критериялар мен мақсаттар ағашы әдісін қарастырамыз. Әдістің бұл
көрсеткішінде әр мақсатқа нақты критериялардың сай келуі мақсатқа қол
жеткізудің дұрыстығын көрсетеді. Төмендегі суреттен көруге болады [4].
Елдің экономикасына туризмнің жағымды ықпалы, туризм елде жан-жақты
дамыған кезде болады.
Туризмнің экономикалық тиімділігі туризм елде халық шаруашылық
кешенінің салалары мен қатар дамығанда ғана көрінеді. Туризм елдің ұлттық
табысын құруда қатысады .
Туризмде ұлттық табыстың үлесі Германияда 9,6% , Швейцарияда 11%.
Туризмнің елдің экономикасына тікелей ықпалы – ол туристердің
туризмнің қызметі мен тауарларына шығарған қаржысы.
Туристердің келген жерінде шығарған ақшасы табыс алып келеді, әрі
қарай тізбектеліп кете береді: шығын-табыс-шығын... Осы процес туризмнің,
елдің экономикасына жанама ықпалы болып саналады. Туризм қызмет көрсету мен
тауарға екінші сұраныс тудырады. Елдің экономикасына туризмнің жанама салуы
туристердің нақты бір уақытта және орында қызмет пен тауарға шығарған
шығынның қайталану әсері көрінеді. Бұл әсер мультипликация әсері немесе
мультипликатор деп аталады.
Мультипликатор – таза ұлттық өнімнің тепе-теңдігінің ауытқуының
арақатынасы, шынайы таза ұлттық табыстың осы өзгерісін туындатқан
инвестицияға қажетті шығындардың бастапқы өзгерісі:
М=∆4ҰӨ∆ТҰӨ ,
М – мультипликатор;
∆ТҰӨ - таза ұлттық өнім;
∆И – инвестициядағы бастапқы өзгеріс.
Осыдан шығады: ∆ТҰӨ=М*∆И
Туризмнің мультипликаторлық табысының қызметін төмендегідей мысал
арқылы түсіндіруге болады.
Табыс – ол фирмалармен кәсіпорындардың туристік қызмет пен тауарларды
сатудан түскен түсім. Аймақтың табысы – ол осы түсімнен алған салық.
Туристік фирмалар жергілікті қызмет пен тауарларды сатып ала бастағанда,
туристердің ақшасы аймақтың экономикасына толық жұмыс істей бастайды. Осы
тауар мен қызмет көрсетудің сатушылары туристерден ақша алып, оны
жұмыскерлеріне жалақы ретінде төлейді, олар оны тағы да тауар мен қызмет
көрсетуге жұмсайды. Осылай қайталана береді.
Туристерден түскен ақшаның жартысы салыққа, жинақтау қорын құруға,
импорттық тауарлар сатып алуға, яғни басқа аймақтарда шығарған тауарларға
кетеді. Швейцарияның ғалымдарының бағалауы бойынша туризмнің қызмет көрсету
өндірісінен түскен табыстың мультипликаторы елдер мен аймаққа байланысты
өзгеріп отырады. Ол 1,2-ден 4,0-ке жетеді. Мысалы, аймақтағы
мультипликатор 2,5-ке тең. Туристік индустрияның инвестициясының алғашқы
өсуі 40 млн. теңге; сонда туристік қызмет көрсетудің таза ұлттық өнімінің
өсуі 100 млн. теңге (2,5*40).
Туризм әлемдік нарықта көзге көрінбейтін экспорт болып саналады. Ол
елдің төлем балансына ықпал етеді.

2. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және
болашағы

2.1 Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және
даму болашағы

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік
экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп
елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және
сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм
әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде,
оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда.
Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін
ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері
мол, оның 32 салаға жанама ықпалы бар(турфирмалар, көлік түрлері,
мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер,
тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз - әлемдік өндірісте әр 9 адамның
жұмыс орны деуге болады.
Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі,
орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы
аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің
қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады.
Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің
12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді
[5].
Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және
қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал
болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін
факторлар:
- кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;
- туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;
- сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;
- аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;
- алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы;
- халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын бизнестің дамуы;
- қызмет көрсету секторының өсуі;
- елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.
Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің
туристік фирмаларымен келісім жасаған . Туризмнің дамыған аймақтары –
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары
, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары . Осы облыстардың және қалалардың
туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды . Қазақстаннан
туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея,
Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей,
Қытай, Германия, Пакистан, Польша және Турция. Туристерді тасымалдауда
авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға
қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. Эйр-
Казахстан-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық
авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар.
Ал автомобиль транспортының ролі шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау
маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының
қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде Сайран автовокзалы үлкен
қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде, қазіргі
сұранысқа сай автокөліктер өте аз.
Теміржол көлігі Қазақстан Теміржолы 14 бағытта жұмыс істейді.
Олардың қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді.
Алматы-Астана маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары
ешқандай сын көтермейді.
Ал орналастыру құралдарына келсек, көпшілігінің қабылдау мүмкіншілігі
төмен, номерлердің бағасы жоғары, сондықтанда жабылып жатыр.
Қазақстан туризмнің дамуына түрткі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы. Туризмды дамытудың негізгі бағыттары
Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі жайлы
Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы мен болашағы
Қазақстандағы туризм саласын дамыту міндеттері
Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуы
Экологиялық туризм ұғымы
Қазақстан туризмін дамытудағы орналастыру индустриясының маңызы
Пәндер