Сұлулық салонының бизнес-жоспары


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

“Экономика және менеджмент” кафедрасы

Курстық жұмыс

«Creative» сұлулық салонының бизнес-жоспары

Орындаған: БФ - 31 тобының студенті Умбеталиев Е. С.

Тексерген: аға оқытушы Есбулатова А. Ж

Орал қаласы - 2017 жыл

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. 1«Creative» сұлулық институтының ағымдағы жағдайы . . . 5

1. 2 Бизнес-жоспардың мазмұнын талдау . . . 7

  1. Резюме . . . 8

1. 4 Ұйымдастырушылық жоспар . . . 9

1. 5 Бизнес-жоспардың қаржылық есептеулері . . . 17

2 Кәсіпорындағы Бизнес жоспарды жетілдіру жолдары . . . 23

3 Қорытынды . . . 28

4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көптеген ірі батыс фирмаларында кәсіпорынды құру мен оны жетілдіру сияқты дамыту бөлімдері жұмыс істейді. Оның басты қызметі фирманың қабылданған жаңа даму стратегиясымен сәйкес басқарудың өндірістік және ұйымдық құрылымдағы өзгерістері бойынша жасалынатын бизнес-жоспардың қаншалықты мөлшерде фирмаға әкелетін тиімділігі мен әсер ету жағдайын талдап, барынша тақырыптың мазмұны мен мақсатын анықтап талдау. Яғни нарықтық экономикаcы дамыған шетел елдердің кәсіпорындарында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды құрастыруды тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.

Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі. Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады. Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Бизнес-жоспар - коммерциялық iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау құралы болып табылады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Бүгінгі күнде кәсіпкерліктің маңызды мәселелерінің бірі бизнес-жоспарды дайындау болып табылады. бұл тақырьпта тек шетелдерде ғана емес, сонымен қатар біздің елде де көптеген басылымдар мен кітаптардың жарыққа шығарылуы жай емес.

Бұл тақырып шетелде де, бізде де маңызды мәселе болып табылады. Көп тараған кітаптардың бірі ретінде Давид Бангоның "Бизнес-жоспарлау бойынша басқару" атты кітабы айтылуда. Бизнес-жоспарлау бойынша бізде алғашқы аударма ретінде Эрнест энд Янгтың "Бизнес-жоспарын құру" атты кітабын айтуға болады. Бұл кітап кәсіпкерлердің және бизнесті жоспарлаумен айналысатын кеңесшілердің арасында да кеңінен тараған, сондықтан бұл зерттеуде Эрнест энд Янгтың оқу құралында бизнес-жоспарды дайындау тәсілдері негізге алынған.

Алайда, берілген тақырып бойынша зерттеулер әлі де толық қарастырылмаған, әсіресе бұл тақырыптың отандық экономикаға бейімделу мәселеліне тән.

Диплом жұмысының мақсаты. Берілген жұмыстың мақсаты кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы бизнес-жоспарды зерттеу болып табылады.

Мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

  • Бизнес-жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттерін ашу;
  • Бизнес-жоспарлардың дайындалуын қарастыру, бизнес-жоспарды құру жолдары мен мазмұнын талдау;
  • Кәсіпорын бизнес-жоспарын кәсіпорын мысалында зерттеу;
  • Бизнес-жоспарды құру кезінде кездесетін мәселелерді талдап, оларды жетілдіру жолдарын ұсыну.

Диплом жұмысының объектісі ретінде кәсіпорын қаржысындағы қаржылық менеджментінің жоспарлау қызметі табылады.

Диплом жұмысының пәні. Кәсіпорынның бизнес-жоспары болып табылады.

Дипломдық жұмыстың жазу базасы. Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде жоғарғы басқарушы органдардың заңнамалық актілері, ҚР Президентінің үкімдері алынды, әр түрлі мемлекеттік құрылымдардың ақпараттары және ақпараттық жүйелер мәліметтері қолданды. Отандық және шетелдік ғылыми еңбектер кеңінен пайдаланылды. Ақпараттың бір бөлігі кәсіпорын бизнес-жоспары алғашқы құжаттамасын талдау жолымен алынған.

Дипломдық зерттеудің практикалық маңыздылығы бизнес-жоспар құру үрдісінде «Creative» сұлулық институтын қолдану ұсынысын отандық кәсіпкерлік қызметте қолдану мүмкіндігінде.

1 Тарау. Кәсіпорын бизнес жоспарының «Creative» сұлулық институтының мысалында нарықтық экономика жағдайында даму жобасы

1. 1«Creative» сұлулық институтының ағымдағы жағдайы

Дипломдық жұмыстың 2-тарауының мақсаты «Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде» тақырыбының практикалық тұрғыдан сипаттау болып табылады. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құру мысалында «Creative» сұлулық институтын құру жобасын таңдадық. Сұлулық институтты ұйымдастыру кез-келген коммерциялық жоба сияқты пайда табу болып табылады. Сондықтан кәсіпкердің алдында тұратын бірден-бір мақсат -максималды қысқа мерзімде инвестицияны қайтару мен кәсіпорынның болашақ табыстылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.

«Creative» сұлылық институтын құру туралы ой болашақ кәсіпкерде мектеп жасынан-ақ пайда болған. Осы кезден бастап кәсіпкер өз арманына жету үшін барлық күш жігерін сала бастады, өйткені ол жеке кәсіпкерлік ретінде қалыптасудың артықшылықтарын жақсы түсінді, олар келесідей болып келеді:

1. Тәуелсіз жұмыс істеу. Шағын фирмалардың көбі басқару иерархиясын сақтамайды. Бұл ынталы да жігерлі кәсіпкерге іс-әрекет бостандығын береді.

2. Икемді, әрі тез шешімдерді қабылдау мүмкіндігі. Ірі корпорацияларға қарағанда шағын бизнестегі басқару шешімдерін қабылдау құрылымы оңтайландырылған, бұл болып жатқан өзгерістерге дер кезінде әрекет ету мүмкіндігін береді.

3. Жергілікті жағдайға икемді болу. Шағын бизнес жергілікті нарықтың сұраныстарын, салттарын, әдеттерін зерттеуге толық икемделген.

4. Операциялық шығындары төмен болады. Жалақы қоры біршама төмен, жабдықты сатып алу көп инвестицияны талап етпейді, басқаруға арналған шығындар азаяды.

5. Материалды табысқа тез жету мүмкіндігі. Сіз бір мезгілде жалақыны да, бизнестен түсетін үлесақыны да аласыз.

6. Ұзақ мерзімді пайдалар. Егер ісі оңға басса, кәсіпкер өз ісін керек болған кезде тез әрі тиімді сата алады.

7. Бірнеше мамандықты алып жүру. Көп адам әмбебап болуға тырысады (қаржы маманы, менеджер т. с. с. ) .

8. Өзіндік немесе дербес нарық артықшылығы. Әдетте ірі бәсекелес компаниялардың іс-әрекеттері бас кеңселері қарастырған процедураларға тәуелді болады. Шағын бизнес оларға қарағанда ширақ келеді, әсіресе нарық белгілі бір шарттарға немесе белгілі бір мерзімге байланысты болған жағдайда.

9. Кәсіпкерлік рухты сақтай білу. Дүниежүзілік статистикаға жүгінсек шағын фирмалардың инновациялық, кәсіпкерлік рухы өте жоғары болады, оған заманауи салаларда (электроника, гендік инженерия, компьютерлер) шағын бизнестің басым болуы дәлел болады. АҚШ-та шағын кәсіпорындарда істейтіндер арманшыл, қиялшыл болып келеді деседі.

Ең бастысы, жеке кәсіпкерліктің артықшылығы өз табысының тек өзінен тәуелді болауында.

Сұлулық институт қызметтеріне деген сұраныс жылдан-жылға өсіп келеді. Сұлулық институты - ешнәрсе өндірмейді, ғылыми жаңалық әкелмейді, саясатты өзгертпейді, десе де адамдарды өз ғасырына сәйкес етіп әрлейді, әсемдікке баулиды. Сұлулықтың қилы түрін ұсынып адамдардың қоғамда жарқырап жүруіне үлесін қосады, өмір сүруге деген құштарлығын оятады. Бүгінде сұлулық институты ежелгі дәуірдегі сияқты тек ақсүйек байлар ғана емес, барлығы да келе алады. Сұлулық институт жасты да, кәріні де талғамайды, бәріне қуаныш сыйлайтын сұлулықтың ұясы. Кез-келген әдемілік салонының жүрегі - оның жұмыс атқарушы адамдары. Ұйымшыл және кәсібін жақсы білетін ісмерлерді топтастыру өте қиын.

Компанияның жалпы сипаттамасы келесідей:

  1. Компания өндірістік пе, саудалық па әлде қызмет көрсетусаласында жұмыс істей ме?

Сұлулық институт қызмет көрсету сферасындағы тұтыну нарығының кәсіпорны болып табылады. Яғни, сұлулық салонның қызметі халыққа қызмет көрсету болып табылады.

  1. Ол өз клиенттеріне нені және қалай ұсынбақ?

Сұлулық институт келесі қызметтер түрін көрсетеді:

  1. Сұлулық институт: шаштараз, косметологиялық, татуаж, маникюр, педикюр, визаж қызметтерін көрсетеді.
  2. Оқу орталығы: визаж, косметология курстары; психология, имиджмейкер, стилист қызметтері; этикет дәрістері; фотостудия.

Қай жерде орналасқан?

Сұлулық институт Орал қаласы, пр. Евразия 59/2, 3 қабатты ғимаратта орналасқан.

  1. Өз бизнесін қандай география шегінде дамытуды жоспарлап отыр (жергілікті аймақта, ел масштабында, халықаралық деңгейде) ?

Сұлулық институты өз бизнесін Орал қаласының шегінде дамытуды көздеп отыр. Сұлулық институтыныңклиент базасы көбіне әйелдер мен жастар болып табылады, сондықтан, сұлулық салонының келесі бөлімшелерін Орал қаласының оқу орындары көп орналасатын шағым аудандар мен тұрғындардың тығыз орналасқан бөлігінде орналастыруды болжайды.

  1. Кәсіпорынның мәртебесі қандай:

«Creative» сұлулық институты жаңадан ашылған кәсіпорын болып табылады. Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша жеке кәсіпкерлік субъектісі.

  1. Бизнестің мақсаттары:
  • Кәсіпкер және басқа да тұлғаларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.
  • Қызметтердің әрі қарай ұлғаюы мен кеңеюіне қажетті пайда табу.
  • Берілген қызмет түрлеріне сұранысты қамтамасыз ету.
  • Орал қаласының шегінде жаңа бөлімшелерді құру.

Сонымен сұлулық институт қызмет көрсету сферасындағы тұтыну нарығының кәсіпорны болып табылады. Бұл бизнеске мақсатты түрде және үнемі жетілдіре отырып жұмыс істеу қажет, ең бастысы өз жұмысын жақсы көру қажет. Сұлулық институтының жақсы қаражат айналымы үшін 200 тұрақты тұтынушысы болса жеткілікті. Енді келесі бөлімде «Creative» сұлулық институтын ұйымдастыру бойынша әрбір бөлімінің мазмұны көрсетілетін болады.

1. 2 Бизнес-жоспардың мазмұнын талдау

«Creative» сұлулық институтын құру бизнес-жоспарының мазмұны келесідей болып табылады:

Бизнес-жоспардың мұқабасы

  1. Резюме
  2. Кәсіпорынның сипатты
  3. Ұйымдастырушылық жоспар
  4. Қызметтер сипаты
  5. Маркетингтік зерттеу
  6. Экономикалық тәуекелділік
  7. Өндірістік жоспар
  8. Қаржылық жоспар

Берілген бөлімшеде «Creative» сұлулық институтын құру бизнес-жоспарының мәтіндік бөлігі сипатталынған. Бұл жерде бизнес-жоспардың атқарушы резюме, саланың сипаты, ұйымдастырушылық жоспар, маркетинг жоспар, өндіріс жоспары сияқты бизнес-жоспардың қаржылық есептеулердң қажет етпейтін мәтіндік бөлігі көрсетілетін болады. Бизнес-жоспардың алғаш бетінде бизнес-жоспардың мұқабасы берілген. Бизнес-жоспардың мұқабасы кәсіпорынның өзіне тән визит карточкасы болып табылады, онда кәсіпорын аты, мекен-жайы, байланыс телефоны және факс нөмірі, бизнес-жоспардың жасалған жері, жылы және айы көрсетіледі.

Бизнес-жоспардың мұқабасы

«Creative» сұлулық институтын құру жобасының

Бизнес-жоспары

Кәсіпорын мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Орал қаласы пр. Евразия 59/2

Жеке кәсіпкер: Умбеталие Е. С

Орал - 2017

1. 3 Резюме

Бұл бизнес-жоспар сұлулық институтын құруға мақсат етеді. Сұлулық институт келесі қызметтер түрін көрсетеді:

  • Сұлулық салоны: шаштараз, косметологиялық, татуаж, маникюр, педикюр, визаж қызметтерін көрсетеді.
  • Оқу орталығы: визаж, косметология курстары; психология, имиджмейкер, стилист қызметтері; этикет дәрістері; фотостудия.

Жобалық сұлулық институт 2 қабатты ғимараттан тұрады.

Ғимараттың бірінші қабатында сұлулық салоны орналасқан.

  • Шаштараз қызметтер үшін (шаш қию, химиялық завивка жасау, шаш өсірту және т. б. ) 5 жабдықталған орыны болады.
  • Педикюр үшін 4 орыны бар толық жабдықталған, арнайы бөлмесі болады.
  • 3 орыны, жай маникюр мен тырнақ өсіру үшін жабдықталған бөлмесі болады.
  • Косметологиялық қызметтер үшін арнайы жабдықталған 4 бөлмесі болады.
  1. Бет тазарту, эпиляция, фотоэпиляция
  2. Солярий (тігінен, көлденең)
  3. Массаж, татуаж

Ғимараттың 2-ші қабатында оқу центрі орналасады. Оқу центрде, жабдықталған екі бөлмесі орналасады. Бірінші бөлмесінде визаж, косметология, психология, имиджмейкер, стилист, этикет дәрістері теория жүзінде жүргізіледі. Екінші бөлмесінде: визаж, косметология, психология, имиджмейкер, стилист, мәдениет дәрістері тәжірибе жүзінде өтеді.

Сұлулық институтында, жоғары дәрежелімамандар, яғни парикмахерлер, стилисттер, имиджмейкерлер, институтың мүлкін және клиенттердің қауіпсіздігін сақтайтын күзетшілер болады.

Жобаны жүзеге асыру үшін Халық банкіден «SuperLightsi» бағдарламасы бойынша 14% жылдық 12048000 теңге несиеге алынады.

  1. Кәсіпорынның сипаты

Сұлулық институты 2 қабатты ғимаратта орналасады. Кәсіпорынның негізгі қызметі - парикмехерлік, косметологиялық және оқыту қызметтері.

Бұл проект заңды тұлға жеке кәсіпкер ретінде құралады. Сұлулық институтын жақсы жұмыс істеуі келесі мамандар қажет:

Шаштаразшы - 8 адам

Администратор - 1 адам

Бухгалтер - 1 адам

Стилист - 2 адам

Косметолог - 2 адам

Психолог - 1 адам

Мәдиниеттен дәріс беретін мұғалім - 1 адам

Маникюр, педикюр - 5адам

Визаж, косметологиядан дәріс беретін - 1 адам

Күзетші - 4 адам

Еден жуушы - 4 адам

  1. Ұйымдастырушылық жоспар

«Creative» сұлулық институтының ұйымдастырушы директорының ұйымдық-құқықтық нысаны жеке кәсіпкер болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорын шағын бизнес субъектісі болып саналады. Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Сұлулық институт осы талаптарға сай келеді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерi.

1. Жеке кәсіпкерлік субъектілері:

1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағасын дербес белгілеуге;

5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтеулі негізде қаражат (қарыз) беруге;

6) өзінің құқықтық қабілеті шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;

7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға;

8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы сарапшылық кеңестердің жұмысына қатысуға;

9) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына және мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзуға кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту мәселелері бойынша жүгінуге;

10) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге;

11) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына септігін тигізетін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге құқылы.

2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;

2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензиялануға жататын жеке кәсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті[15] .

Сұлулық институтын тұрақты, жақсы жұмыс істеуіне жоғары дәрежелі мамандар қажет. «Creative» Жеке кәсіпкер ұйымдық мамандарының талаптары келесідей:

Бухгалтердің міндеттеріне : Жоғары білімді, тәжірибелі маман болуы керек. Жеке кәсіпкер жұмысын қадағалау, балансын жүргізу, іс-қағаздар жүргізу және т. б.

Бас шеберге қойылатын талаптар: жоғары білімді, тәжірибелі мол, халықпен жұмыс істей алатын, жұмысшылады басқарылатын басқарушы болу керек және т. б.

Шеберлерге қойылатын талаптар: өз ісінің жоғары маманы, тәжірибелі болу керек.

Қызмет жұмысшыларына қойылатын талаптар: Институтын тазалығын; клиенттер мен жұмысшылардың қауіпсіздігін сақтау керек.

Мұғалімдерге: жоғары дәрежелі, тәжірибелі, білікті мамандар болуы керек.

Сұлулық институт ұйымы конкурс бойынша және жеке сұхбат арқылы жұмысқа алынады.

  1. Қызметтер сипаты

Сұлулық институтының негізгі қызметтері - парикмахерлік; косметологиялық және т. б. қызметтерді көрсету. Қызмет түрлері және олардың ақысы:

Қызмет түрлері мен бағасы

Қызметтер түрі
Бағасы
№: 1
Қызметтер түрі: Шашты қию
Бағасы: 1800 және жоғары
№: 2
Қызметтер түрі: Химиялық завивка
Бағасы: 3200-5000
№: 3
Қызметтер түрі: Укладка
Бағасы: 2500 және жоғары
№: 4
Қызметтер түрі: Шашты өсіру
Бағасы: 55000-8
№: 5
Қызметтер түрі: Шашты бояу
Бағасы: 3500 және жоғары
№: 6
Қызметтер түрі: Модельді прическалар
Бағасы: 3500 және жоғары
№: 7
Қызметтер түрі: Африкандық өсірулер
Бағасы: 22000 және жоғары
№: 8
Қызметтер түрі: Мелирование
Бағасы: 3500 және жоғары
№: 9
Қызметтер түрі: Бетті тазарту(чистка лица )
Бағасы: 3500
№: 10
Қызметтер түрі: Пилинг
Бағасы: 5500 және жоғары
№: 11
Қызметтер түрі: Татуаж
Бағасы: 4500 және жоғары
№: 12
Қызметтер түрі: Визаж
Бағасы: 3500 және жоғары
№: 13
Қызметтер түрі: Маникюр
Бағасы: 2000
№: 14
Қызметтер түрі: Педикиюр
Бағасы: 2500
№: 15
Қызметтер түрі: SRA -Маникюр
Бағасы: 3000 және жоғары
№: 16
Қызметтер түрі: SRA -Педикиюр
Бағасы: 3500 және жоғары
№: 17
Қызметтер түрі: Тырнақ өсіру (акриль)
Бағасы: 5000 және жоғары
№: 18
Қызметтер түрі: Тырнақ өсіру (акриль) френч
Бағасы: 6000 және жоғары
№: 19
Қызметтер түрі: Тырнақ өсіру (гель)
Бағасы: 5000 және жоғары
№: 20
Қызметтер түрі: Тырнақ өсіру (гель) френч
Бағасы: 6000 және жоғары
№: 21
Қызметтер түрі: Коррекция
Бағасы: 2400 және жоғары
№: 22
Қызметтер түрі: Художествалық маникюр
Бағасы: 9200 және жоғары
№: 23
Қызметтер түрі: Эпиляция
Бағасы: 2200 және жоғары
№: 24
Қызметтер түрі: Фотоэпиляция
Бағасы: 2100 және жоғары
№: 25
Қызметтер түрі: Солярий(тігінен)
Бағасы: 90минуты
№: 26
Қызметтер түрі: Солярий(көлденең)
Бағасы: 90 минуты
№: 27
Қызметтер түрі: Массаж
Бағасы: 2200 және жоғары

Қызметтер ақысы өзіндік құнға негізделіп қойылған.

21-кесте. Курстық оқулардың түрлері мен ақысы

Курстық оқулар
Курстық оқу айы
Ақысы
№: 1
Курстық оқулар: Визаж - косметология курстары
Курстық оқу айы: 3 ай
Ақысы:

Топтар-42000,

жекеше - 52000

№: 2
Курстық оқулар: Мәдиниеттен дәрістері
Курстық оқу айы: 1, 5 ай
Ақысы:

Топтар-34000,

жекеше - 44000

№: 3
Курстық оқулар: Психолог
Курстық оқу айы: 5 ай
Ақысы: 3200/дәріс
№: 4
Курстық оқулар: Стилист қызметтері
Курстық оқу айы: 5 ай
Ақысы:

Топтар-51000,

жекеше - 62000

№: 5
Курстық оқулар: Шаштаразшы
Курстық оқу айы: 2 ай
Ақысы:

Топтар-44000,

жекеше - 54000

№: 6
Курстық оқулар: Маникюр, педикиюр, тырнақ өсіру
Курстық оқу айы: 2 ай
Ақысы:

Топтар-51000,

жекеше - 62000

Курстық оқулардың құны бәсекелестердің баға деңгейлеріне сәйкес салыстырмалы түрде қойылған.

  1. Маркетингтік зерттеу. Маркетингтік жоспар жасаған кезде келесідей шаралар қарастырамыз:
  1. Сұлулық салонның клиенттерін зерттеу
  2. Мүмкіншіліктерді қарастыру
  3. Көрсетілетін қызметтерді жобалау және оларды дамытуды жоспарлау
  4. Бәсекелестерді зерттеу

Баға қою саясаты салыстырмалы түрде қою керек.

Тұрақты тұтынушыларға жеңілдік карточкалар беруді қарастыру, тұтынушыларды әр жас ерекшеліктерін байланысты баға қою керек.

  • Балалар
  • Студенттер
  • Ерекше клиенттер
  • Ардагерлер мен зейнеткерлерге

Анкета

  1. Сұлулық салонына айына қанша рет барасыз?

а) айына 1-3 рет б) айына 3-5 рет в) айына 5 реттен артық

  1. Қызметтердің қай түрін жиі қолданасыз?

а) Парикмахерлік б) косметологиялық в) nailsқызметтерг) визаж, татуаж

  1. Сұлулық салонына қай уақытта барасыз?

а) 9-14 дейін б) 14-19 дейін в) 19-21 дейін

  1. Сұлулық салонының қайсына жиі барып тұрасыз?

а) Үйдің жанында б) Сенімгерлік в) Әрқилы

  1. Бұл салонында сізге не ұнайды?

а) Баға Б) Сапа В) Бренд Г) Орын

  1. Жасыңыз нешеде?

А) 20 дейін Б) 20-30 В) 30-40 Г) 40-тан жоғары

  1. Отандық өндірушілердің киімін сатып аласыз ба?

А) Иә Б) Жоқ

  1. Қай отандық өндірушінің киімін сатып аласыз?

А) даралық Б) Нуркадилова В) С. Азикхан Г) Сымбат Д) Ешқайсысын

  1. Дизайнерлік қызметтерді қолданасыз ба?

А) Иә Б) Жоқ

  1. Қай критерилерге сәйкес сіз киімді таңдайсыз?

А) Баға Б) Бренд

  1. Біздің оқыту курсттарға қатысыңыз келе ме?

А) Иә Б) Жоқ

  1. Қай мақсатпен?

А) Қызмет үшін Б) Имедж үшінВ) Өзім үшін Г) Жұмыс үшін Басқасы

  1. Институтты таңдаудағы ең басты критерилер?

А) Мерзім Б) Баға В) Сертификат Г) Басқа

Анкета бойынша 50 адамға сұрау жүргізілді. Зерттеулер нәтижесі келесідей:

Біздің потенциалды тұтынушылардың жастық құрамы 57% 20-дан 30-ға дейінгі келіншіктерді құрайды. Олардың 30% белгілі бір салондардың тұрақты клиенттері. Олар 97% сұлулық салонына айына 3-5рет барады. Сұралғандардың 100%шаш араздық қызметтерді, 61% косметологиялық қызметтерді, 56% визаж, татуаж қызметтерді пайдаланады.

Сұралғандардың 62% үйлеріне, жұмыс орнына, оқу орнына жақын жердегі салондарға барады. 80% сұралғандарға салондарда салондағы қызметтер сапасы ұнайды. Қызметтер сапасы, ол-мастерлердің жоғары дәрежесі, салонның ішкі дизайны, кондиционердің болуы және т. б. 75% клиенттер сұлулық салондарына сағат 14-20 аралықтарда барады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспар «Beauty plaza» сән салоны
Самал сұлулық институты - Бизнес жоспар
Шаштараз қызметінің сипаттамасы
Сұлулық салонның ақпараттық жүйесін жобалау
Бизнес-жоспар, оның үлгісі: Алматы қаласында сұлулық институтын құру ЖШС «Самал»
Кәсіпорынның Бизнес жоспар үлгісі
Өнімді өткізудің қаржылық нәтижелерін талдау
Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде
WEB - сайттар түрлері, жобалау кезеңдері. Бағдарламалық жабдықты таңдау
Келіссөздер негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz