Жанат Әскербекқызы поэзиясындағы Көк концепциясы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жанат Әскербекқызы поэзиясындағы Көк концепциясы

Ақын поэзиясының негізгі ерекшелігі жаратылыс пен адам болмысы арасындағы үндестік, адам сыры, көнеден келе жатқан ұлттық сипат, көк пен жер арасындағы тіршілік, тылсым дүние, сезім-күй әуендерінен танылады. Көк сөзіне келер болсақ, оның түркі тектестігі, тіпті моңғол, оның арғы жағында бүкіл алтай (тұңғыс-маньчжур, жапон, корей) тілдеріне ортақ дүние екендігі көп талас тудырмайды. Көк сөзі әр түрлі фонетикалық және семантикалық вариант ретінде бұл тілдердің бәрінде де кездеседі. Аталған сөздің тілімізде тамырын тереңнен алатынына ежелгі түркі жазбалары және қазіргі кейбір түркі тілдері деректері куә. Мысалы, М.Қашқари сөздігінде "көкің кім?" сияқты тіркестің аудармасы "сенің шыққан тегің қандай?" дегенді ұғындырады. В.Радловтың көрсетуінше төлеуіт тілінде "көгі" сөзі "ру" мағынасында қолданылған. [1; 101]
Этнографиялық жағынан алғанда көк сөзі қазақ ұғымында аспанның символы: көкке табынудың белгісі болған. Көкті пір тұтып, көкке табыну ізін Алаша хан күмбезінің, Жошы хан, Бестам т.б. көптеген бейіт мололардың көк түспен боялуынан байқауға болады.
Көк концептісі макро концепт. Көк сөзінің астарынан түпсіз аспан әлемі, әуе, зеңгір көк, аспан денелері, аспан күмбезі, мифтік сана, қазақ халқының ұлттық танымы және тек қазақ халқының дүниетанымына сай өсімдік пен көкөністің жалпы аталымы да көрініс табады.
Түйіндеген ойымызға қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілген көк сөзінің үш түрлі омонимдік мағынасы дәлел бола алады:
КӨК І Түпсіз тұңғиық аспан әлемі, әуе.
КӨК ІІ Киіз үйдің керегесін т.б. көктейтін түйенің терісінен жасалған
таспа, қайыс.
КӨК ІІІ 1.Заттың көгілдір аспан тәрізді түсі.
2.Көгеріп шыққан өсімдік.
3.Жеміс-жидек, көкөніс. [2; 407]
Исі түркі тілдерінде көк сөзі мейлінше кең мағынада қолданылады және сол мағыналардың қай-қайсысы болмасын киелі мәнмен назар аударады.

Көк концептісінің фреймдік құрылымы Жанат Әскербекқызының поэтикалық мәтінінде көрініс табуы:
1 - фрейм. "Көк- аспан тәңірінің тұрағы": Түркі халықтарының танымына сай тәңір тұрағы саналатын көк аспан мағынасында қолданған. Сондықтан да, тілек тілегенде қолды көкке жайып, тәу ете жалбарынады, билегенде қол көтеріп, көкті аялағандай қимыл жасаған. "Күн", "ай", "көк пен жер", "ақша бұлт", "жұлдызсыз түн", "аққан жұлдыз", "о дүние", "құс жолы", "ғарыш".
2 - фрейм. "Көк- аспанмен түстес реңк": Көк түс- түркі жұртының танымында Тәңірінің ықыласы түскен киелі түс болып есептеледі. Байырғы түріктер шығысты көк түспен бейнелесе, батысты- ақ, солтүстікті- қара, оңтүстікті- қызыл түспен белгілеген. "Мөлдір көк", "көктеген гүл", "көк терек", "көктайғақ", "көк бел", "байрақ", "бөрі", "көк көл".
3 - фрейм. "Көк- тәңірі сөзінің баламасы": Тәңірі- дүние, тіршілік атаулының жаратушысы, ең құдіретті иесі. "Тәңір", "бір Алла", "құдірет", "үкім", "тәу ету", "тағдыр", "періште", "ібіліс", "пенде", "тозақ", "жұмақ".
Демек, күнге тұрақ болған аспан да, күн көзінің шығар тұсы да, әлемнің әміршісі де, Тәңірінің өзі де көк түсі арқылы "көк" сөзінің ең бір құдыретті де киелі қасиетін танытады екен.

"Көк" концепциясының схемалық құрылымы
Схема - фразеологизмдердің мағыналық құрылымын үлгілеуде қолданылатын тәсіл. Жанат Әскербекқызы шығармаларындағы схеманың қолданысы төмендегідей:

1. Көне де көне көкшіл күн,
Көк мұнар кешіп қол бұлғар. [3;37]
Көк мұнар Күн ашық кездегі ауаның күңгірттігі, буалдырлығы. [ 4; 602]

2. Жерде сәттік тіршілік, көкте- мәңгі,
Көкке шырқап кетті деп сөкпе жанды... [3;51 ]
Көкке шырқады[ұшты] Жоғары шарықтады, аспанға ұшты. [4;344] Бұл поэтикалық қолданыста фразеологизм адам жанының бақилық болуы мағынасында жұмсалып тұр.

3. Мен - өлеңмін,
Көктен қол созып,
Қуат берермін. [3; 67]
Қол созып бірдеңеге ұмтылды, талпынды; дәмегөй болды. [4; 449]

4. Дейміз тағы- Тәңір хақ,
Дал боламыз таңырқап.
Көктен бізге көз тігер,
Сол иеміз жабырқап. [3; 93]
Тәңір хақ тіркесі ақынның өлең өрнектеуде тапқан тәсілі деуге келеді. Себебі, дәл осындай қолданыс әдеби тілде кезедесе бермейді, бұл тіркес "хақ тағала" фраземасының синонимі іспеттес болып тұр.
Хақ тағала көне. Құдай, тәңірінің лауазымы. [4; 744]

5. Көктемім, көктемім, көктемім,
Шағайын шегі жоқ көкке мұң.
Өлеңім тежейді, тоқталам,
Өзегін шер шалған өкпелім... [3; 118]
Мұң шақты Көрген қиыншылықарын, қайғы-қасіретін айтып, көңілдегі шерін кетірді. [4; 520]

6. Пендеге ғашық пешенем
Перінің қызы екенмін.
Көгеріп мұңмен көсегем,
Көңлімді жүдеу етермін. [3;119 ]
Көсегесі көгерді Өркендеп өсті, бағы ашылды. [4;369 ]
Көңілі жүдеді Ренжіді, тауы шағылды. [4; 360]
Шумақтағы алғашқы фразема ақынның асқан шеберлігін танытып, оның фразеологиялық бірліктерді қолдану ерекшелігін танытып тұр. Яғни, Жанат Әкербекқызы өз шығармашылығында фразеологиялық тұтастықты талқандай отырып, өзінің өлең өрнегіне икемдеп, қиюын келтіре қолданады. "Көсегесі көгерді" тіркесін дәтүрлі қалыптан сәл ауыстырып, "мұң" сөзін тұтастықтың ортасына кірістіре пайдаланып, ұйқасқа ұйытқан.

7. Көк мұнар тауға шығып ап,
Созамын көкке қолымды. [3; 119]
Қол созды Бірдеңеге ұмтылды, талпынды; дәмегөй болды. [3; 449]

8. Тәңір- уақыт талқанымды түгесер,
Тәнімді аңдып, тамақтанар түн-есер. [3; 121]
Талқанын түгесті Авторлық фразеологизм. Әдетте ақын-жазушылар тіліміздегі фразеологиялық бірліктердің өңін ғана өзгертіп, реңкін келтіріп қолданса, мұнда мүлде жаңа мағыналы тіркес табылған. "Талқан" сөзіне байланысты қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде тек талқан болды*талқаны шықты тіркестеріне анықтама берілген. Талқан болды*талқаны шықты Қирады, быт-шыт қылды, астан-кестен бүлінді. [4; 656] Ал, Жанат Әскербекқызы Тәңірдің берген ғұмырының өлшеулі екенін меңзей отырып, өмір сүру мерзімнің жеткенін, уақытының таусылуын жаңа тіркес арқылы тың тармақты түйіндейді.

9. Жанымды жұмбақ көк алар,
Тылсымға сөйтіп сіңермін. [3; 144]
Жанды алды 1. Өлтірді.
2. Асықтырды.
3. Қорқытты. [4; 235]

10. Көктүрік құйғытып күлікпен,
Көрінсе, күллі жау үріккен,
Көк сүңгі жол ашар қару боп,
Күдікті түйреген үмітпен,
Осынау даңқыңнан, бабалар,
Тек таңба қаларын біліп пе ең?! ("Тастағы таңба", 227 б.)
Көк сүңгі Бұрынғы батырлардың найза іспетті бес қаруының бірі, асыл найза. [2; 407]
Стереотипке тән ерекшелік - тұрақтылығы. Стереотип - адамдардың қоршаған орта, өмір, дүние туралы қабылдаған, ой-таным түсініктерінің қайталануынан тұрақталған іс - әрекеттері мен дағдылары. [5; 72]
Зерттеушілер стереотиптердің өзіндік белгілеріне қарай бірнеше топтарға бөледі: әлеуметтік стереотип; қарым - қатынас стереотипі; ұлттық стереотип; этномәдени стереотип т.б. Соның ішіндегі ұлттық стереотип - белгілі бір халықтың яғни ұлттың ұлттық ерекшеліктерін қамтиды. Мәселен, ақын лирикасында көк концептісінің мәнін ашатын ұлттық стереотиптер болып халық танымын білдіретін тілдік бірліктер кездеседі. Мысалы:
Көк аспан [зеңгір]- көк жүзі, аспан күмбезі.
Көк тәңір- әлемнің әміршісі, құдіретті күш.
Көк бөрі- мифтік тотем.
Көк жорға- жүйрік тұлпар.
Көк тас- қабір басына қойылатын ескерткіш тас.

Ойсурет - санада бейне, метафора, символ көмегімен танылатын концепт қалыптастыратын ең күрделі форма. [5;74] Мысалы:

1. ...Баяғы мөлдір көгім қалыпты,
Бұлт орамалын маған бұлғады. [3;5]
Мөлдір Тұнық, кіршіксіз таза. [2;599] Халқымыздың танымында аспан әлемі жерден бөлек кіршіксіз, бейбіт тіршілік мекені ретінде сақталған. Осы ой-суретті ақын өзіндік шеберлікпен өзге әлемді аңсаған мифтік сананың көрінісі ретінде байқатады және жансыз бұлтты тіршілік иесіндей бейнелеп, оңтайлы көркемдік шешім тапқан.

2. Жұмақты жайла, жадырап, апа,
Табынар пірім- киелім... [3;13]
Кие көне Бірдеңенің пірі, иесі, қасиеті. [2;394] Ежелгі заманнан қазақ халқы аруақтардың мекені көк деп білген. Адам дүние салғаннан кейін уақытша тұрағынан мәңгілік мекенге жол тартып, содан жердегі пенделерді бақылайды деген сенімде болған. Санада қалыптасқан сол сенім Жанат Әскербекқызының "нағашы апам Тезекбайқызы Рәшидің аруағына" деп арнау еткен жыр жолдарында анық көрініс табады.

3. Келіпті көктем хабары
Көгімде қақты күн күлім. [3;21]
Көк аспанның ажырамас бір бөлігі, аспан денесі, тіршілік бастауы- күн екені мәлім. Ал біз мысалға алып отырған "Күн күлім қақты" оралымы көбіне поэтикалық қолданыстарда ұшырасады. Оның мағынасы тек шуақ шашқан күнмен ғана байланысты емес. Сондай- ақ, ішкі мағынасында тіршіліктің жадырауын, жандануын айшықтайды.

4. Аққан жұлдыз іркіліп жанарыма,
Сау жетті ме... әлде... сәл жаралы ма?!
Мекеніне көктегі телмірді кеп,
Арманды ұшқын боп көзден тарады да. [3;23]
Аққан жұлдыз көрген көзге әдемі құбылыс болғанымен, халық нанымында жақсылық нышаны емес. Адам туған күні аспанда оның жұлдызы да туады, ал өлгенде жұлдызы да сөніп, ағып кетеді деген түсінік бар. Ақын осы нанымды негізге ала отырып, аққан жұлдыз концепциясын "арман" идеясымен астастырып қолданған. Яғни, аққан жұлдыз- сөнген үміт, орындалмас арман кейпінде беріліп тұр.

5. Пенденің сәттік ғұмырын
Бір Аллам білер, сіңілім.
Жылатты-ау сені бейуақ
Құлыныңды ұрлап ұры күн. [3;29]
Жоғарыда атап өткендей халық санасында бұл фәни "бес күндік жалған" тіркесімен байланысты, мәңгілік ғұмыр көкте ғана. Сол "бес күндік жалған" ақын поэтикасында жаңа метафоралық қолданыс- "пенденің сәттік ғұмыры". Ал "ұры күн" көркемдік бейнесі уақыттың талабымен санасуға құлықсыз пенденің амалсыздан өтіп зырғып жатқан күнді жазғыруы екені бізге мәлім.

6. Мұзтаудың демі мұздай-ды
Бұғаулар бойын жүз қайғы,
Тағдырын ойлап шыңының
Жүрегі көктің сыздайды. [3; 33]
Бір жағынан метафоралық қолданыс болса, бір жағынан авторлық ерекше айшық ретінде байқалады. Бұл жердегі "көк" сөзі шексіз аспан немесе мәңгілік мекен идеясында емес, барша дүниені жаратушы күш концепциясында бейнеленген. Осы көркемдік тәсіл келесі мысалдарда да обяуы сан құбыла қолданыс табады:
7. Өн- бойын тұман жасырып ,
Кей-кейде шайдай ашылып,
Айтады сырын аспанға
Жұлдыз бен айға асылып. ("Мұзтау" 33 б.)

8. Есітіп есер күлкіні
Жылады Мұзтау бір күні,
Күңіреніп сол сәт күллі Алтай
Көз жасын аспан іркіді. ("Мұзтау" 33 б.)
9. Алтай ойға шомады,
Адамдарды түсінбей.
Ақша бұлт- қонағы
Ұсынған нәр ішілмей. ("Алтай. Алты қыз аңызы" 35 б.)
10. Мен- өлеңмін,
Көктен қол созып,
Қуат берермін. [3;51]
Скрипт - күрделі формадағы концепт типі. Скриптті қалыптастыратын басты элемент - фрейм. Скрипттің санадағы көрінісі - сценарийлік құрылымның кеңейтілген формасы. Скрипт көзбен көрген, нақты тәжірибеден өткен оқиғалар арқылы, балалық шақтан келе жатқан стереотиптік ақпараттары арқылы жинақталған ақпараттардан құралады. Яғни санадағы дайын сценарийлер мен фреймдерді топтастырып ұғыну. Скрипттің күрделілігі ақиқат дүниені тануда басқа бір оқиғаларды ой елегінен өткізіп, одан концептінің бір қырын танытатын үзіктерін автоматты түрде салыстырып, не ойша ұқсатып сол дүниенің бүтін бейнесін жасауда байқалады. [5;19] Мысалы:

1. Жерде сәттік тірішілік, көкте- мәңгі,
Көкке шырқап кетті деп сөкпе жанды...
Ақын жаны санамас Айды бөтен,
Мен болармын мәңгілік жайлы мекен. ("Ай екеуіміз" 51 б.)
Осы шумақта жоғарыда атап өткен "Көк- аспан тәңірінің тұрағы" атты алғашқы фреймдік құрылымның кеңейтілген формасы жасалып тұр. Сондай-ақ, шексіз әлем -"көк" концепциясы ақын дүниетанымында "Ай" концептісіне астарласып кеткенін де анық байқаймыз. Өзге мысалдарда да "ай" ұғымы адамзаттың ақиқаты сияқты еш мінсіз құбылыс ретінде бейнеленіп отыруында өзіндік ерекшелік бар.

2. Жерді жара, ұмсынып көкке мөлдір,
Пері-қыздың жасынан көктеген гүл. [3;14]

3. Көкшіл сағым ішіне жұтылайын,
Жетекке алып Көк жорға- сезімімді. [3;88]
"Көк- аспанмен түстес реңк" құрылымындағы көк түстің мәнін ашатын скрипт жоғарыдағы мысалдарда көрсетілген. Бұл жерде де ақын дүниетанымында "көк" концептісі бірегей орын алатынын байқау қиын емес. Себебі, әдетте нәзіктікпен алмастырылатын "сезім" ұғымы жүйріктігін танытқысы келгендей "бозжорға" емес, "көк жорға" сөзімен байланыстырылса, дәстүрлі қазақ поэзиясында "елес сағым" болып жүрген "сағым" сөзі де "көкке" телініп тұр. Мұны шексіз аспанмен тұстасқан құбылыс ретінде де, шексіз кеңістіктегі өмірді аңсаған ақын жанының мәңгілік мұраты деп те қабылдасақ жаңылыспаймыз.

4. Көк Бөріге синып, көкке қарап қол жайдым,
Көкірегімде күй ұлп, заман зарын жырлаймын ... [3;133]

5. Күңіреніп, назарланды ма,
Төбемде Көк Тәңірі,
Құтқарар азадан мына,
Құдіреттің жоқ па әмірі. [3;192]
"Көк- тәңірі сөзінің баламасы" құрылымының фреймдерін топтастыру арқылы "көк" концептісінің скриптік моделін алдық.
Әдетте сценарийлер - фрейм-сценарий деп аталады. Г.Снасапова Ғ.Мүсіреповтың Ұлпан повесін лингвомәдени аспектіде зерттей келіп, ондағы мәдени мазмұнды лексемаларды фрейм-сценарийлік тәртіппен қарастыра отыра, мынадай анықтамаларды ұсынады: Фрейм- сценарийлер нақты ұлт өкілдерінің дүние бейнесін айқындап сипаттауға мүмкіндік туғызады; фрейм-сценарийлер белгілі бір дәуірде өмір сүруші нақты ұлтқа қатысты лигвомәдени ақпараттарды жүйелі түрде қарастыруға ықпал етеді; кез келген ұлттық дүние бейнесінен орын алатын фрейм- сценарийлер үнемі өзара байланыста болады; әдет-ғұрыптармен салт дәстүрлерді, т.б. білдіретін фрейм-сценарийлер бір тектес тұрақты көріністер болып табылады. Сондықтан да ұлт өкілдерінің санасында аялық білім фрейм-сценарийлер түрінде сақталады; фрейм-сценарийлер белгілі бір ұлт дүниесі бейнеленген мәтінді түсіндіруге ықпал жасайды. [6; 8]
"Көк" концептісінің сценарийлік құрылымы:

Көкбөрі болып ұраным,
Көк көлді көктей өтер ем
Асау көк болып пырағым,
Балқан тауға жетер ем,
Төсегінен түңілген
Адам жүрер жерлерге
Көк байрақ тігіп кетер ем...

Көк байрақ қылып көтерер едім арымды,
"Көк бөрі тегім, қолда" деп,
Қамалмас едім
Қайраттан ада сорға көп,
... Көк түсті дәуір сағым боп кеткен, қайтейін,
Күңіреніп тұрмын
Көк бөрінің қаңқасы қалған орға кеп.

Күңіреніп атар Шығыстан,
Көкбөрідейін таң ұлып
Киесі болып ұғысқан
Адамнан көрді-ау қатыгездік пен тағылық...
Көңілім қалды...
Көне ғасырға аттанам,
Көгілдір шәйі жамылып... [3;133]
Калейдоскоптық концептілер - бір ғана ақиқат дүниенің санада әр алуан концептілік құрылымдарға салынып бірнеше концепт типтерінде (ойсурет,сценарий, схема, фрейм) көрініс табуы. Ақиқат дүниенің әрбір үзігін (фрагментін) қалыптасқан (стереотиптік) таным шеңберінде емес, қалыптасқан (стереотиптік емес) танымда ұғыну сол дүниені алуан түрлі жағдайда объективтендіруге мүмкіндік береді. Мысалы, М.Мақатаев поэзиясында тағдыр концептісі бірде шыр айналған көбелек кейпінде танылса, бірде аяққа жармасқан мыстан бейнесінде обьективтенеді, бірде қолына қамшы ұсаған ұры арбакеш бейнесімебн беріледі, бірде жағада сауға сұрап жүрген қайыршы кейпінде танылады. Бұл бейнелер тағдыр концептісінің стереотиптік емес , тұлғалық танымын көрсетеді де өмірде жолы болмау, құдайдың ісі, пешененің жазуы, маңдайға жазғаны, өмірдегі құдайдың бұйырғаны деген стереотиптік танымдардың мазмұнымен астасып жатады.

Жанат Әскербекқызы поэзиясындағы колейдоскоптық концепт- "Ай".

1. Сағынған Ай,
Жұмбақ Ай,
Налыған Ай
Саған жеткен ақынның халі қалай? [3; 49]
Бұл мысалда "Ай" тұлғасы мәңгілік мекенмен алмастырылып тұр.

2. Мен адамнан
Айға айналған екенмін,
Талай ғасыр тылсым сырды көтердім. [3;50]
Мұнда ежелгі халықтар нанымына сәйкес айдың бұрын адам кейпінде болғаны және кейін осы қалпына айналғанын айтып отыр.

3. Кеңістікте қалқиды баяу ғана Ай,
Бұлтты кешіп барады аялдамай.
Айды жерге, жұлдызды шыңға ынтық қып,
Қас-қабағын аңдыған аяр дала-ай... [3;23]
Аспан күмбезінің ерекше тұлғасы "айды" бірінші тармақта кеңістіктегі жалғыз дүниедей көшетін бұлт емес, одан озып ай бара жатқандай айшықтайды. Ал келесі тармақта "Айды" Жұлдызбен параллель қойып, жерге бар үстемдікті беріп қойғанын аңғардық.

4. Тәні жаурап, сәл естірте күрсініп,
Аймалаған Айға қылып құлшылық.
Ойлы түннің өресіне бөленіп,
Тыныштыққа балқып кетті тіршілік. [3,23]
Бұл орайда біз жоғарыда талдап кеткен "көк" концепциясымен ұқсастық байқалады. "Ай" тұлғасы өзге мысалдарда аспан әлемі, аспан денесі, ерекше құблыс ретінде жандандырып жырланса, мына шумақта тіпті асқақтап, "тәңір" бейнесіне телініп, асқан шеберлікпен "тіршілік" атаулыны құлшылық еткізіп қойған.

5. Айды етекпен жаба алмайсың,
сұмдық бұл,
Ай жүзінде айдай болып шындық тұр.
Жалтақтасаң жазығы көп жалғанға,
Амалың жоқ, арыңды әкеп түндік қыл. [3;65]

6. Керегі жоқ түнге келіп түнеудің,
Айдан өзге ол сорлыға тіреу кім?!
Ай туғанда бата қылса өзгелер ,
Айға жоқтау айтатұғын біреумін! [3;90]
Мына шумақтардағы "Ай" табиғаты тіптен шарықтайды. "Ай" бұрынғы образды кейіптерінен ада, дүниенің "ақиқат болмысы" ретінде тұлғаланып тұр. Алғашқы тармақта ақиқат ешқашан бүркеуде қалмайды деген мағына қылаң берсе, келесі тармақтарда баршаға мәлім шындық жасырын қала алмайтынын, жасырын қалған күнде де адамның "ар" феномені арқылы әлемге аян болады деп меңзейді.

Қорытынды
Түркі халықтарының тілдік санасындағы "аспан", "тәңірі" ұғымдары бөлінбейтін бірлікте және көне дәуірдің түрлі әлем бейнесінің когнитивтік парадигмасын құрайды. Көне түркі ескерткіштерінде кездесетін метафоралардың халықтың тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәтүрімен байланысы бар. Мысалы, көк турк метафоралы тіркесіне "еркін, күшті, мықты" мағыналары негіз болған.
Көкке табыну, күнді тәңір еті ежелгі халықтарда болған наным-сенімнің жалпы атауы. Мұндай наным Қытайда да болған. Мәселен, "Тянь-Шань" тауын " Тәңір тауы" деп аударып жүрміз. Мұндағы "Тянь- Шань" және "Тәңір" сөздері көк, аспан, аса биік дегенді білдіреді. Сондай ақ, Түрік қағандары сияқты қытай императорлары да өздерін "көктің ұлы", ал жапон императорлары өздерін "күннің ұлы" деуі бұл нанымның сол дәуірлерде Орталық және Шығыс Азия халқтарында таралған ұқсас, тіпті ортақ ұғым екенін аңғартады. [1;187]
Бұл тақырып төңірегінде ең талас тудыратын мәселе, ол : көк түс аспанға байланысты туды ма, әлде аспан(тәңірі) көк түсіне байланысты шықты ма?
Алғашқы адамдар көк күмбезін оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанат Әскербекқызы өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиеттану ілімінде тәуелсіздік жылдарында жарық көрген әйел ақындар поэзиясының өзіне тән ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
Өлең сөздің теориясы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық ізденістер
Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі
Қазақ энциклопедиясы
Қазіргі қазақ поэзиясы және ұлттық болмыс
Характер мен жағдайдың байланысы
Қазақ поэзиясының ұлттық сипаты
Ұлықбек Есдәулет поэзиясының поэтикасы
Пәндер