ТІЛ БІЛІМІНДЕ ӨРІС ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №3(133) . 2011(108-б)
Ә. А. Сапарова
ТІЛ БІЛІМІНДЕ ӨРІС ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Өріс теориясы тіл біліміне көптеген көзқа- растармен 20 ғасырда пайда болды. Тіл білі- мінде өріс терминін ең алғаш қолдаған Г. Ипсен болса, ал лексиканы семантикалық өрістер ар- қылы зерттеудің теориялық негізін салушы Й. Трир болды. Ғалым озінің ғылыми зерттеу еңбектерінде сөздік құрамның белгілі бір ұғым- ға топтасқан және бір - бірімен тығыз байла- ныста болатын сөздердің тобынан құралатын- дығын атап көрсетті. Ол сөздің жеке тұрып ешқандай мағынаға ие болмайтындығына, оның маынасы тек өріс құрамында ғана анықтала- тындығына назар аударды. Ғалымның бұл тео- риясы сынға түссе де, лингвистика саласын- дағы сәтті қадамдардың бірі болып, басқа ғалымдардың осы мәселеге қызығушылығын арттырды. Й. Трирдің бұл идеясын кейіннен В. Порциг, А. Мартине, А. В. Суперанская, Г. С. Щур, А. М. Кузнецов, Ю. Н. Караулов, Ю. Д. Апресян сияқты ғалымдар жалғастырды. Тіл білімінің теориялық, әдістемелік жағы- нан қалыптасуы мен дамуына, тілдегі лексика - семантикалық топтарды салыстыра, салғастыра зерттеуде отандық ғалымдарымыз М. М. Копы- ленко, А. Е. Карлинский, С. С. Құнанбаева, С. Е. Исабеков, М. Т. Сабитов, Б. Қ. Қалиев, З. Қ. Ахметжанова, Қ. Т. Рысалды, Т. Аяпова және т. б. қосқан үлестері зор. Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте өріске - «совокупность языковых (гл. обр. лекси- ческих) единиц, объединенных общностью содер- жания и отражающих понятийное, предметное или функциональное сходство обозначаемых явлении» деген анықтама берілген. «Өріс» ұғымы тіл ғылымында тілдің әртүрлі деңгейіне жататын, бірақ бірыңғай мағыналарды білдіретін тіл бірліктерінің жиынтығы ретінде түсіндіріліп, сол бірліктердің өзара байланысын көрсетеді. Өріске берілген анықтамаларда оның төмен- дегі ерекшеліктері атап көрсетіледі: 1) өріс жүйелі қатынастар арқылы бір - бірі- мен байланысқан тіл деңгейіндегі құралдардың жиынтығы; 2) өрісті құрайтын әртүрлі тіл құралдары қандайда бір ортақ мағынаға ие болады; 3) өрістің тек қана ортақ бір мағынасы емес, бір біріне қарама қарсы екі мағынасы болады; 4) өріс көлденең және тік кесінді түрінде көрсетуге болатын күрделі құрылымнан тұрады. Өрістің көлденең кесінді бойында оның семан- тикалық түрлері - микроөрістер, ал өрістің тік кесінді бойында оны құрайтын тілдік құралдар жатады. Сондай - ақ лексика - семантикалық өрістерді лексика - семантикалық топтар ретінде қарастырған ғалымдар да бар, А. Уфимцева, Ю. Н. Караулов, А. Е. Карлинский т. б. Олардың пікірінше лексика - семантикалық өріспен лек- сика - семантикалық топтардың бір - бірінен еш айырмашылықтары жоқ, олардың екеуіне де тән құбылыс олардың ортақ мағына арқылы топта- сулары, бір өріс аумағында қолданылулары. Лексика немесе сөздік құрам қайсы тілдің болса да барлық сөздерінің тұтас жиынтығын қамтиды. Өмірдегі болған семантикалық құбы- лыстар мен заттардың бәрі де белгілі бір сөздер- мен аталады. Тілдің лексикалық құрамы оның басқа салаларының қай - қайсысынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрамның тілдік категориялар ішіндегі ең бір өзгерімпаз, дамы- ғыш болатын себебі, ол адамдардың қоғамдық өмірінің барлық саласымен бүкіл тіршілігімен тікелей байланысты, қоғам өміріндегі өзгеріс- терді, жаңалықтарды тез қабылдайды және тіке- лей атап көрсетеді. Ш. Құрманбайұлы «Лексемаларды талдауда ұғымдық өріс, лексикалық өріс деп жіктеп және алғашқысында басқа назар аударғаннан гөрі оларды тұтастыққа, бірлікте қарастырған дұрыс» деген пікір айтады. Лексика - семантикалық өріс - бұл қандай - да бір жалпылаушы (интегралды) белгілері бойынша біріккен, яғни мағыналарының ортақ компоненттері бар тілдік бірліктердің жиын- тығы. Ю. Н. Карауловтың айтуынша лексика - семантикалық өрісте лексикологияның синони- мия, антонимия, полисемия және сөз бен ұғым- ның арақатынасы сияқты қатынастар байланы- сып жатыр. Жалпы тіл білімінде «өріс» теориясы тілдің барлық деңгейлеріне қатысты қолданылады: лексикалық топтар немесе парадигматикалық өрістер. Лексикалық жүйені зерттеу семантика- лық өріс пен мағыналық құрылымды анықтау- дың бірден - бір мүмкін жолы болып табылады. Лексика жүйесіндегі лингвистикалық, экстра- лингвисти-калық белгілері бойынша топтасатын сөздер тобы лексика - семантикалық өріс ретінде қарастырылады. Ол туралы ғалым В. А. Москович: Вестник КазНУ. Серия филологическая, №3(133) . 2011 109 «Өрістік құрылым - тілдің лексика - семанти- калық жүйесінің негізгі ұйымдасу принципі», - дейді. Семантикалық өріс теориясы лингвист ға- лымдар арасында үлкен пікірталасқа түссе де, тіл білімінде әлі ле болса өз шешімін толық таппаған. «Өріс - мағына ортақтығының негізінде біріккен және білдіріп отырған құбылыстары- ның ұғымдық, заттық немесе қызметтерінің ұқ- састықтарын бейнелейтін тілдік бірліктердің жиынтығы болса, лексика - семантикалыщқ өріс екі жолмен - ұғым және сөз арқылы анықта- лады. Мағына арқылы сөз семантикалық өрісті құрайды. Ұғым қатынастың екі үлкен түрі: «бар болу» мен «болу» қатынасы арқылы бірігіп, оған төрт қатынас енеді: 1. мәндес сөздер (синонимия: әдемі - сұлу) ; 2. қарама - қарсылық (антонимия: қатты - жұмсақ) ; 3. гипер - гипонимиялық қатынас( тек түр термині: ағаш - қайың) ; 4. бір текке енетін түр ұғымы (емен - шырша) . Сөздерді лексикалық - тақырыптық топтарға бөлу заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қызметтеріне негізделеді. Мәселен, жиһаз атаулары, киім - кешек атаулары, дене - мүше атаулары және т. б. Сөздерді тақырыптық клас- сификация жасау заттар мен құбылыстардың тектік (гипероним), топтық (гипоним), түрлік (эквоним) қатынастарына негізделеді. Лексика - семантикалық және лексика - тақырыптық топтардың жалпы ұқсас белгілері де бар. Себебі екеуі де танылған объективті шындықты белгі- лейді. Лексика - семантикалық топтың тақы- рыбы, тақырыптық топтың семантикасы бо- лады. Сондықтан семантикалық топ тақырып- тық топқа, тақырыптық топ семантикалық топ- қа кіреді. Тіл жүйесі - жүйенің қарапайым элемент- терінің өзара қатынастарының сипаттарымен анықталатын және осы жүйенің құрылымын білдіретін белгілі бір құрылғыдан, ұйымдардан, реттіліктен тұрады. Лексика жүйесін лексика - семантикалық өріс тәсілі арқылы зерттегенде, алдымен өрістің құрылымын анықтау және оны айқындап алу негізгі мәселе болып табылады. Н. И. Букетова тілдің сөзжасамдық жүйесі де өріс түрінде берілуі мүмкін екендігін айтады және семантикалық өрістің принциптерін сөз- жасамдық өріс құрылымдауында қолдануға болатынын көрсетеді: 1. Тұтастық (целостность) принципі (das Ganzheitprinzip) . Сөзжасамдық жүйе сөзжасам- дық бірліктері бар тұтас жүйе болып табылады: түбірлік және сөзжасамдық морфемалар, мо- дельдер, жаңа сөз жасау алгоритмдері. 2. Реттеу, ретке келтіру (упорядоченность) принципі (das Prinzip der Geordnetheit) . Бұл принципте сөз жасаушы барлық жүйе өзіне тән бірлікте сипатталады. 3. Өзара анықтау (взаимоопределяемость) принципі (das Prinzip der Wechselbestimmtheit) сөз жасаушы мағына аффикстермен, мысалы, бір нәрсені кішірейтіп көрсету - chen немесе - lein суффикстері арқылы берілуі мүмкін. 4. Шекараның еркінділігі (произвольность границ) принципі (das Prinzip der Wohlgeschiedenheit) сөзжасам жүйесі шекарасының тұрақ- сыздығында. Зерттеуші таза сөзжасам құбылы- сына қатысты сапалық және зерттеу аралығына, синхрония мен диаронияға қатысты, сандық параметрлерін өзі анықтайды. 5. Тұтастық (сплошность) принципінде (das Prinzip der Luckenlosigkeit ) бір жағынан, бұрын дәстүрлі түрде ескертпеге кірген сөз жасау жүйесіндегі құбылыстан тыс, екінші жағынан сөзжасам анализінің барлық әдістері мен сөз- жасам бірліктерін қолдануға болады. Ю. Н. Караулов семантикалық өрісті екі жол- мен: ұғым арқылы (ономасиологиялық тұрғыда) және сөз мағынасы арқылы (семасиологиялық тұрғыда анықтауға болатынын атап өтеді. Тілді сипаттаудың өрістік принципін лекси- калық мағынаны сипатттау үшін қолданады. Өріске енетін сөздерге төмендегідей белгілер тән: 1. Өріс ішіндегі сөздер бір - бірімен жүйелі байланыста болады. ; 2. Өрісті құрайтын элементтердің жалпы мағынасы бірдей болып келеді және олар тілде бірдей қызметтте жұмсалады; 3. Өріске біртектес және әр тектес элемент- тер ене алады. 4. Өріс кемінде екі парадигматикалық қатар- дан тұратын элементтерден құралатын микро- өрістерге бөлінеді. 5. Өріс құрамында орталық және шеткері аймақтар болады. Олардың шегі қай кезде нақты болмайды; 6. Бір өрісте орталық аймаққа жататын эле- мент басқа өрісте шеткері аймаққа жатуы мүмкін. Тақырыпқа арналған ғылыми еңбектерді зерделей келе, қазіргі тіл білімінде семантика- лық өріс теориясын зерттеу жұмыстарының саны күннен күнге артып отырғанымен өріс ұғымына берілген нақты ереже және лексика - семанти- калық өріс терминін қолдануда бірізділік жоқ екенін аңғарамыз. Осы тақырыпқа негізделген 110 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №3(133) . 2011 жұмыстарда лексика - семантикалық өрісі әр түрлі ұғымдарды қамтиды. Семантикалық өріс - тематикалық қатарды түзейтін сөз бен сөз тіркестерінің жиынтығы, өзінің жиынтығы арқылы белгілі бір саланы қамтитын сөздер мен сөз тіркестері. Ғ. Хасанов «Семантикалық өріс» деп ата- латын мақаласында семантикалық өрісті
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz