САН ЕСІМДІ ПРОБЛЕМАЛЫ ОҚЫТУ


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

САН ЕСІМДІ ПРОБЛЕМАЛЫ ОҚЫТУ

Мазмұны:

Кіріспе . . .

1. Оқыту теориясы және түрлері . . .

1. 1. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдері . . .

1. 2. Проблемалы оқытудың теориялық қасиеті . . .
1. 3. Проблемелық оқытудың негізгі ерекшеліктері . . .

2. Сан есім туралы жалпы түсінік . . .

2. 1. Сан есімнің жалпы сипаттамасы және түрлері . . .

2. 2. Сан есімді оқыту әдістемесі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға ұмтылыстан туған үрдіс. Осындай үдерістен білім беру салалары да шет қалған жоқ. Соның әсрінен қазақ тілін оқыту үрдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы ұйымдастыруға алып келді. Бұл үрдіс оқушылардың білімін арттырып қана қоймай, оның сана сезімін, ойлау қаблетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жақты дамытуға арналған.

Бұл білім беру саласында оқушыға жаңа көзқараспен қарауды үйретті. Мұндай көзқарас оқушының жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына, әдеби тілде сөйлеуіне, оқытуды демократияландыру мен ізгілендіруге ықпал етті. Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесі әдіскер ғалымдардың басты назарында.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев 2006 жылдың 1-наурызындағы халыққа жолдауында: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қаблеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деген. Сонымен қатар, білім беру сапасын арттыру, дам қарқынын күшейту және дербестендіру, қоғам мүшесінің ой өрісінің даму деңгейін көтеру керек», -деген.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілгендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұғаның қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай туғызу болып табылады.

«Оқыту технологиясы» ұғымы педагогикада және жеке әдістемеде әсіресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның пайда болуы техногендік өркениеттің дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдері мен АҚШ-та «технология» ұғымының өзі де, оған байланысты мәселелері де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. Оқыту технологиясы - бұл оқушылардың қызметін құру. Мұнда оқушылардың өнімді қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқу жағдайларында басымдылық береді. Кең таралғандығы мен негізділігінде, білім беру тарихындағы айқын белгіленген мәні орнына қарамастан, сол ұғымның мазмұнын ашу, оның көлемі үнемі талдану үстінде және бүгнгі күнге дейін түсініктемесі жоқ.

Проблемалы оқыту оқыту процесін күшейетін болғандықтан, ол активтендірумен теңестіреді. «Оқытды активтендіру, мектеп оқушыларының белсенділігі», «оқушының танымдық белсенділігі», «Прблемалық оқыту» терминдері көбінесе сараланбай қолданылады. Алайда, бұл ұғымдардың мазмұнын анықтауда, белсенді оқытудың мәнін түсінуде де пікір брлігі болмады.

Заманауи білімдендірудің мақсаты шығармашылыққа баулу екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты ашу. Осыған орай проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми - оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні+ мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Зеттеудің басты тақырыбы сан есмдер болып табылады. Сан есімдер сөйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей қарым - қатынасқа түсе бермейді. Олардың тікелей ттіркесетін негзгі сөздері - зат есімдер, зат есімнен жасалған туынды сын есімдер және етістіктер ғана. Өзге сөз таптарынан басқа да сөздерді талғамайтын, ғана, ақ демеуліктерін атауға болады. Ал сан есімдердің өз ара бір - бірімен тіркесуі күрделі сан есімдерде кездеседі.

Зерттеудің мақсаты: Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың логикалық қаблетін, оқ еңбегіне қызығушылығын арттыру, оқушылардды өздігінен саналы ұмыс жасай білуге үйрету, сонымен қатар, сан есімді осы оқыту тәсілі арқылы оқытып, берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне қол жеткізу.

Зерттеудің міндеттері:

-Оқытудың түрлерімен танысу;

-Ғылыми - әдістемелік әдебиеттердегі проблемалық оқытудың теориялық негізін анытау;

-Проблемалық оқытудың негізгі ерекшеліктерін қарастыру.

-Сын есімді оқытуда проблемалы оқыту тәсілін қолдану әдісімен танысту.

1. Оқыту теориясы және түрлері.

1. 1. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдері.

Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады. Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады. Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:

1. екі жақты сипаты;

2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;

3. оқыту жағынан басқаруы;

4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;

5. бүтіндік пен бірлік;

6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.

Міндетті оқыту - ағартушы саясаттың ұстанымы, осыған сәйкес заңнама тәртібінде белгілі бір жастың балалары белгіленген мөлшерде білім алуы тиіс. Барлығына жалпы және ақысыз білім - бірнеше жүзжылдықтар бойындағы халық массасы негізгі демократиялық міндеттерінің бірі.

Ашық оқыту - бірқатар шетелдердегі мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыру тәсілі. Ашық оқытуға сынып-сабақтық жүйеден және берілген мөлшерлер негізінде үлгерімді бағалаудан бас тарту, оқу кеңістігінің «ашық», икемді ұйымдастырылуы, оқу топтарының жылжымалы құрамы, сонымен бірге оқу жұмысының түрлері мен тәсілдерін баланың еркін таңдауы тән.

Оқыту тәжірибесі - табиғи тәжірибенің әр түрлілігі, ол психикалық құбыластардың (зерттеу мәнін құрайтын) шақырылумен қатар, оның тәжірибе жағдайларында қалыптасқанымен ерекшелінеді. Оқыту тәжірибесі психологияда тек зерттеу үшін ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой дамуының, яғни тұлғаның үйренушілік деген қасиетінің диагностикасын жасауында қолданылады.

Енгізілген оқыту - тәжірибелі нәтижеге жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылатын және жоспарланатын оқу әрекеті, ал бұл үшін қажетті білімдер жолшыбай игеріледі. [1]

Дистанциялық оқыту - бұл кез келген жерде тұратын әр адамның кез келген колледж немесе университеттің бағдарламасын оқуға мүмкіндік беретін білім технологиясы. Бұл мақсатты іске асыруы қазіргі заман ақпаратты технологиялардың бай жиынтығымен қамтамасы етіледі: оқулықтар және тағы басқа басылымдар, оқытылатын материалдарды арқылы жіберу, видеосуреттер, компьютер телекоммуникациялар арқылы өткізілетін пікірталастар мен семинарлар, оқу бағдарламаларының ұлттық және аймақтық теледидардан және радиодан жүргізуі, кабельді теледидар және дауыс поштасы, екі жақты видеоконференциялары, және т. б. дистанциялық оқыту оқушыларға оқытудың орны мен уақытын, негізгі қызметін үзбей, оның ішінде алыс аудандарда тұратын адамдарға оқыту мүмкіндігін, пәндерді таңдау еркіндігін, ғылымның, білім мен мәдениеттің көрнекті өкілдерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. [1]

Инклюзивті оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.

Контекстік оқыту - болашақ кәсіби еңбектің пәндік және әлеуметтік мазмұны байланысқан және бұл арқылы студенттің оқу қызметін маманның кәсіби қызметіне аударудың шарттары қамтамасыз етілетін оқыту. Контекстік оқыту кәсіби оқытудың негізгі қарама-қайшылығын, яғни маман қызметі сапа жағынан өзге оқу қызметінің құралдарымен қамтамасыз етілу қажеттілігін, өтеуге мүмкіндік жасайды. Бұл қарама-қайшылық контекстік оқыту студенттер қызметі қозғалысының динамикалық моделін іске асыру арқылы өтіледі: өзіндік оқу қызметінен (мысалы лекция формасында) квази кәсіби (ойын формалары) және оқу-кәсіби (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, өндіріси к тәжірибе және т. б. ) арқылы өзіндік кәсіби қызметке. А. А. Вербицкиймен жасалынады.

Политехникалық оқыту - оқушылардың қазіргі заман өндірісінің жалпы ғылыми ұстанымдарын игеруге, өндірістің техникалық құралдарымен жұмыс істеудің тәжірибелік әдістері мен дағдыларын үйренуге және дамуына қарай қазіргі заман техникасы мен технологиясын білу қабілеттілігін қалыптасуына бағытталған оқыту. Қазіргі уақытта политехникалық оқыту техникалық кәсіптердің мамандарын дайындайтын арнайы оқу орындарында қамтамасыз етіледі.

Проблемдік оқыту - оқытылушылардың іздену қызметіне, олардың шынайы өмірлік және оқу қарама-қайшылықтарды айқындау мен шешуге негізделген белсенді дамыта оқыту. Проблемдік оқыту іргетасы мәселені (теориялық және тәжірибелік мүддедегі күрделі танымдық мақсатты) қозғау мен негіздеу болып табылады. Егер мәселе оқытушыларды қызықтырса, сонда проблемдік жағдай туындайды. Оқу үрдісінде мәселеліктің үш деңгейі болуы мүмкін: проблемалық мазмұндау, жартылай-іздену және зерттеу деңгейлері.

Бағдарламалы оқыту - алдын ала кұрастырған оқыту бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін оқытудың бір түрі, ол әдетте бағдарламалы оқулықтар мен оқыту машиналары арқылы іске асырылады. Бағдарламалы оқыту барысында оқытылатын адамның материалы мен қызметі өлшемдерге(дозаларға) және қадамдарға (оқыту кезеңдері) мүшеленеді; әр қадамды орындауы бақыланады, материалдың келесі өлшемін меңгеруге ауысуы өткенді игеру сапасына байланысты болады. Бағдарламалы оқыту Б. Ф. Скиннер, Н. Краудер, атамекен психологтары мен педагогтары - А. И. Берг, В. П. Беспалько, А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин ЮА. Самарин, Т. А. Ильина құрастырған.

Дамыта оқыту - оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына беттеу. Дамыта оқыту тұжырымдамасында бала мұғалімдегі оқыту әсерлерінің объектісі ретінде емес, ал оқытудың өздігінен өзгеретін субъектсі ретінде қарастырылады.

1. 2. Проблемалық оқытудың теориялық негіздері.

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, "жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді”.

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою - проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!” деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.

Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың тиімді жақтары:

- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.

Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.

Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

Проблемалық оқыту - оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдана отырып білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:

Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;

Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру; Кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту;

Оқу материалдарында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;

Білімге қасиеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгеру; Оқудың бала өміріндегі еңбегімен байланыстылығы;

Оқушының өз бетімен ізденуге үйрету олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту;

Оқушының белсенділігін арттыру.

Проблемалық жағдайды құрудың әдістемелік тәсілдері төмендегідей:

Мұғалім оқушыларды қарама-қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығудың жолдарын өздеріне қалдырады;

Біркелкі сүраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;

Сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позициядан қарастыруды ұсынады;

Нақты сұрақтар қояды;

Проблемалық теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды;

Проблемалық міндеттерді қояды;

Проблемалық жағдайдың құрылуы және оның оқу проблемасына ауысуы, проблемалық міндеттердің құрастырылуы;

Проблемалық оқытудың бастапқы кезеңдері ғана, әрі қарай оқушылар оқытушының бағыттауымен келесі шығармашылықпен ойлау операцияларын шешуге тиіс;

Проблеманы шешетіндей варианттарды ұсынып, болжамдарын айту;

Болжамдары теориялы және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;

Қорытынды жасау;

Шешілген проблеманың дұрысытығын тексеру.

Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:

Проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатындай жеткілікті мотивациямен қамтамасыз ету;

Әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы (белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы) ;

Шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;

Педагогтың оқушымен диологының өзара түсіністік пен сыйластыққа құрылу;

Оқытушы көмегі арқылы;

Проблеманың пайда болуының шешілуіне дейінгі кезең;

Проблемалық ситуацияның пайда болуы;

Болжамды дәлелдеу;

Проблемалы сұрақты қою және оның қиыншылығының мәніне жету, түсіну;

Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру;

Болжам арқылы шешу тәсілдерін табу.

Проблемалық оқыту тарихы зерттеу әдісінің пайда болуымен тығыз байланысты болды да, оны жан-жақты зерттеу 60 жылдардан басталды. Проблемалық оқыту идеясы мен принциптері психолог ғалымдар С. Л. Рубинштейн, Д. Н. Богоявленский, Н. А. Менчинская, А. М. Матюшкин еңбектерінде көрініс тапса, мектеп оқу үрдісінде қолдану мәселесі М. А. Данилов, М. Н. Скаткин сияқты әдіскерлердің еңбектерінде қарастырылды. Проблемалық оқыту мәселесімен Т. В. Кудрявцев, Д. В. Вилькеев, Ю. К. Бабанский, М. И. Махмутов, И. Я. Лернер сияқты ғалымдар да айналысты. Қазіргі кезеңде де бұл мәселені басқа да педагогика ғылымы өкілдері қарастыруда.

Проблемалық оқыту технологиясына көптеген ғалымдар әр түрлі анықтама береді. В. Оконь проблемалық оқыту «Проблемалық жағдай тудыру, проблема көтеру, қойылған мәселелерді шешуде оқушыларға қажетті көмек көрсету, ол шешімдердің дұрыстығын оқушылардың дәлелдеуі, оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелендіру және бекіту үрдісіне басшылық жасау сияқты іс-әрекеттердің жиынтығы деп есептесе, Д. В. Вилькеев ғылыми ізденуге негізделген оқыту проблемалық оқыту бола алады деп есептейді[1, 130 б] . Д. В. Вилькеев ғылыми ізденуге негізделген оқыту проблемалық оқыту бола алады деп есептейді. В. Кудрявцев бойынша, проблемалық оқыту дегеніміз теориялық зерттеулер нәтижесін тәжірибеде қолдану және талдау. Мұндай пікірді М. И. Махмутов, Ю. К. Бабанский сияқты ғалымдар да қолдады. Мысалы М. И. Махмутов «Проблемное обучение. Основные вопросы теорий» деген еңбегінде проблемалық оқытуға мынандай анықтама береді: «Проблемалық оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталады және ол оқыту арқылы іске асырылады» [3] . Бұдан проблемалық оқыту оқушылардың ой-санасының белсенді жұмыс атқаруы нәтижесінде және оладың ой-өрісін өз бетінше шығармашылық жолмен дамыту нәтижесінде жүзеге асады деген қорытынды жасауға болады. Проблемалық оқыту оқушы ой-санасын белсендіретін ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Проблемалық оқыту нәтижесінде туындайтын белсенділіктің мәні оқушы берілген материал негізінде өз бетімен жаңа ақпараттар тауып, оны талдап және іс жүзінде, яғни тәжірибеде қолдана алуымен айқындалады. Басқаша айтқанда, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан, меңгерген білімдерін пайдалану арқылы білімді одан әрі жетілдіру, тереңдету және дамыту болып табылады. Оқушыға бұрыннан игерген білімдерін жаңа проблемалық жағдайды шешуде қалай пайдалану керектігін оқытушы да көрсетіп бере алмайды, кітаптан да ала алмайды. Ол тек оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы ғана іске асатын үрдіс. Жаңа проблемалық жағдайды шешу үшін оқушы өзі ізденеді, зерттейді, анықтайды, жаңа мәселелердің түйінін шешеді.

Кез келген ізденіс, зерттеу жұмысы кезінде проблема туындай бермейді. Мысалы, оқушы оқытушының берген тапсырмасын өз бетімен орындауы, сол сияқты ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысып, оған материал сұрыптауы да мүмкін. Бірақ ол одан ешқандай мәселелер түйінін шешпейді. Бұл да оқытудың белсенді түрі болады, өйткені оқытушы берген білімді оқушылар қабылдап және оны өмірде іске асырады. Ол проблемалық оқыту белсенділігі бола алмайды. Проблемалық оқыту белсенділігі оқушылардың өз бетінше шығармашылық жолмен ой-өрістерін дамыту, білімдерін жетілдіру болып табылады. Оқушылардың ой-өрісін шығармашылық жолмен белсендіру танымдық қызығушылықты қалыптастыратын проблемалық жағдайлардың туындауымен байланысты. Проблемалық жағдай дегеніміз - өзіне күрделі әрі қиын қандай да бір тапсырмаларды шешуге қажетті мәліметтерді оқушының өзінің іздеп табуы. М. А. Матюшкин сөзімен алсақ, проблемалық жағдай дегеніміз «особый вид умственного взаимодействия объекта и субъекта, характеризующийся таким психическим состоянием субъекта (учащегося) при решении им задач, который требует обнаружения (открытия или усвоения) новых, ранее субъекту неизвестных знаний или способов деятельности».

Осы айтылғандарға орай, қандай жағдайда проблемалық жағдай туындайды және оны шешудің жолдары қандай? деген сұрақ туындайды.

Проблемалық жағдай туғызуда мынадай ережеге сүйену керек:

  1. Проблемалық сұрақтарды оқушылардың білмеуі.
  2. Проблемалық сұрақтарды шешуде оқушылардың бұрынғы қалыптасқан білімін пайдалану, ол жетіспеген жағдайда жаңа ұғымдарды іздестіру.

П. И. Пидкасистый проблемалық жағдай туғызу мен оны шешудің 5 кезеңін былай деп көрсетеді:

1 Проблемалық жағдай туғызу.

2 Проблеманы шешу жолдарын іздестіру және оған өз ой тұжырымын беру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Проблемалық оқытудың негізгі ерекшеліктері
Сан есімді проблемалы технологиямен оқыту әдістемесі
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқытудың мәселелері
Қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс - тәсілдері
Шығармашылық ойлауды дамытудың әдіс - тәсілдері
Жаңа технологиямен оқыту идеясын жүзеге асыру
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Қазақ тілі 2 сынып оқулығының құрылымы мен құрылысы
Бастауыш сыныптарындағы оқу – тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz