Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

І. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1 Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері, жалпы жүйесі . . . 4

1. 2 Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функцияналдық жағдайына деген әсері . . . 6

1. 3 Дене тәрбиесінің қалыптасу негіздері . . . 7

1. 4 Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің даму кезеңдері . . . 14

ІІ. ЖАНҰЯДАҒЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

2. 1 Ата - ана арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру, психалогиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер . . . 19

2. 2 Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер . . . 27

2. 3 Дене жаттығуларының оқып үйренудің негізгі әдістер олардың орындалу техникасы . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 35

КІРІСПЕ

Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы күрделі кезеңді басынан кешіріп отыр. Кеңестік дәуір тоқырауға душар етті. Қалыптасқан әкімшілік жүйе қоғам мүшелеріне енжарлықты, селқостықты, жауапсыздықты дамытты. Осы империяның көлеңкесіндегі өмірден Қазақстан кеңестік жүйеден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, жаңа принциптерге негізделген егеменді мемлекет құру үстінде. Бұл үкімет білім беру мен тәрбиелеуді тәуелсіз мемлекеттің талабына үйлесімді құрып, жастарға сапалық жаңа қасиеттерді сіңіруді қолға алып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға батыл кірісті, Тұлғаның өз болмысын тануға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін дамытып толыққанды өмір сүру үшін рухани күш-жігер беру оқу орындарының басты міндетіне айналды. Осы орайдан оқушылардың бойына жаңа сана, жаңа көзқарас қалыптастыруда имандылық пен адамгершілік жағынан құлдыраған нашақорлық, жезөкшілік, маскүнмдік сияқты індеттерден сақтанарлықтай таным түсінік қалыптастыру басты проблема болып саналады.

Әрине, тәрбие ісіндегі келелі мәселе тек айтумен ғана шешілмейді, оның дұрыс жүзеге асуы оқушының арман - мұратына үйлесімді салауатты өмір салтының идеяларының терең ұқтырып бойына сіңіруі. Ал мұның басты құралы нақты іс-әрекет арқылы көзқарас қалыптастыру. Осы орайда орта мектептерде әдеп әліппесіне, отбасылық тәрбиеге байланысты сабақтар өту белгіленіп және сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бағдарламалары қайта құрастырылды. Уақыт талабы бұл құжаттарды әлі де жетілдіре түсінуді және білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамасына үйлесімді құруды керек етіп отыр.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі - түрлі іс-әрекет барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы, пікірлесуі және мұғалімнің, ата-ананың және ересек адамдардың үлгі өнегесі деп білген жөн. Сонымен қатар оқушыға дене тәрбиесін бергенде олардың жас ерекшеліктері, денсаулығы, спортпен қаншалықты шұғылданғандығы, дене шынықтыру жаттығуына қатысуы т. б. ескерілуі керек. Бұларға қоса дәрігерлік мекемелердің ұйғарымы және адамгершілік талаптарға байланысты табиғи нышандар, дербес ерекшеліктерге мүмкіндік беріліп отыр.

І. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1 Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері, жалпы жүйесі

Дене тәрбиесі- тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.

Дене тәрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл - әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік - жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.

Сондай-ақ, дене тәрбиесі - ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отаннын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Дене тәрбиесінің көздейтін мақсаты - балалардың дене мәдениеті мен спортпен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктеір ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психофизиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой адамгершілік және эстетикалық т. б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағыдай жасау.

Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды.

Дене тәрбиесінің мазмұны:

  • Денсаулықты нығайту, ағзасын шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;
  • Ақыл-ой және дене күштерін жұмыс істеу қабілеттерін көтеру;
  • Дененің негізгі қимыл қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшаңдылық) қалыптастыру;
  • Гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
  • Дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;
  • Адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттігі, қайсалығы, табандылығы, тәртіптілігі, жауапгершілігі, ұжымшылдығы т. с. с. ) ;
  • Дене және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі айналысуға қажеттілігін тәрбиелеу;
  • Дененің әр қашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеут. с. с. ;
  • Ұлттық ойындар игеру және олардың пайда болу және даму тарихымен танысу, әдіс-тәсілдерін білу.

Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны дене шынықтыру жөніндегі оқу бағдарламасында және спорт теориясы мен практикасы жөніндегі факультативтік сабақтар бағдарламасында, сондай-ақ, «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру туралы» Ережеде (Алматы, 1993) ашып көрсетілген. Бұл құжаттарда денсаулықты және ағзаны нығайтуға, қимыл-қозғалыс дағдылары мен икемділікті, төзімділікті, шапшаңдықты қалыптастырып, дамытуға баса назар аударылған.

Дене тәрбиесінің мазмұны - бұл баланың жеке басы және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету.

Дене тәрбиесінің мазмұнында оқушыларды дене шынықтыру және спорт жайындағы білімдер жүйесімен қаруландыруды көздейді. Мұндай білімдер оқушылардың ақыл-ой және адамгершілік ой-өрісін кеғейтеді, олардың бойында жалпы мәдениетті дамытады.

Кеңестік дәуірге дейін дене тәрбиесінің ғылыми негізін қалаған аса көрнекті педагог, әрі дәрігер П. Ф. Лесгафт болды. Ол адам денесінің жекелеген мүшелерін дамытуға бағытталған жаттығулар арқылы әсер етуді ұсынады.

Дене тәрбиесінің жүйесі және басқару.

Адам ағзасының негізгі қызметінің қалыптасып жетілуі баланың жастық шағында, әсіресе мектеп жасында жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған әсер ететін барлық факторларды барынша тиімді пайдалану қажет. Осы орайда жас ағзаның қалыпты дамуына мектептегі дене тәрбиесі мақсатты әрі жан-жақты жағдай туғызады.

Бүгінде мектеп қабырғасында дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіне мыналар:

  • Дене шынықтыру сабақтары;
  • Факультативті сабақтар;
  • Дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары;
  • Сабақтан және мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорттық іс-шаралар (үйірмелер, спорттық секциялар, жарыстар) жатады.

Білім беру саласында дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру сабақтары жатады. Ол оқушылардың жан-жақты жалпы дене дайындығын қамтамасыз етуді көздейді.

Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі міндеттері:

  • Қимыл-қозғалыстың жалпы бір кешенді түрлерін жасауға дағдыландыру;
  • Оқушылар әрбір қимыл-қозғалыстың жылдамдығын, ырғақтығын қамтамасыз етіп, оның элементтері жайында түсініктерін қалыртастыру;

Оқушылардың денсаулығын нығайту және дене тәрбиесінің басқа да міндеттерін шешуде дене шынықтыру сабақтарымен қатар, сыныптан тыс дене тәрбиесінің атқаратын қызметтері де ерекше.

Сыныптан тыс дене тәрбиесінің негізгі міндеттері:

  • Оқушыларды дене тәрбиесі жұмыстары мен спорттың әр түрі мен айналысуға кең көлемде қатыстыру;
  • Спорттың әр түрлі бағыттарында олардың ұйымдастыру қабілеттерін шыңдау;
  • Олардың жалпы дене күштерін жетілдіріп және спортқа даярлығын арттыру және спортқа деген қызығушылығын ояту;
  • Оқушылардың дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше айналысуын тәрбиелеу;

Сондықтан дене тәрбиесінің сабақтан тыс жұмыстьарының жүйесі оқыту процесінде атқарылған спорттық ойындар түрлерінің мазмұнымен тығыз байланысты болуы керек.

Сыныптан тыс дене тәрбиесі жүйесінің бағыттары:

  1. Оқушылардың санитарлық-гигиеналық білімдері мен түсініктерін тереңдету, оған қажетті біліктілік пен дағдысын қалыптастыру;

Осы бағытта мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері мен дәрігерлер оқушылармен еңбек, демалыс және дұрыс тамақтану режимі, дене гигиенасын сақтау, дене күштері мен денсаулықты шынықтыру амалдарының маңыздылығы жайында әңгіме жүргізу, баяндамалар жасау, спортшылармен қызықты кездесулер ұйымдастыру, оқушылардың жаппай спорт түрлерімен айналысуға деген қызығушылығы және қажетсінуін тәрбиелеу.

  1. Оқушылардың денсаулығы мен дене күштерін шынықтыруда табиғаттың мүмкіндіктерін пайдалану(күннің көзі, таза ауа, таза су т. б. ) . Мысалы, табиғат аясында серуен құру, саяхат жасау, туған өлкеге жорық жасау, әртүрлі спорттық жарыс ойындарын ұйымдастыру.
  2. Сыныптан тыс дене тәрбиесі жүйесінде оқушылардың спорттық жарыстарын, әртүрлі спорт түрлерімен және дене шынықтыру жұмытарын ұйымдастыру.

Мысалы, спорт секциялары мен үйірмелерін ұйымдастыру, көпшілік спорт жұмыстары, спорттық мейрамдары, әскери спорттық ойындар.

Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында (1997) және «Слауатты өмір салтын қалыптастыру» бағытының бірі - олардың дене тәрбиесін нығайту қажет екендігін атап көрсетті.

Қорыта айтқанда, оқушылардың дене тәрбиесінің нәтижесін арттыруда оқу және сыныптан, мектептен тыс жұмыстарының көптеген құралдары мен амал тәсілдерін кеңінен пайдалану ықпалын оның педагогикалық міндеттерін іс жүзінде шешуге ықпалы және мүмкіншілігі зор.

1. 2 Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функцияналдық жағдайына деген әсері.

  1. Ден жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, көлемі кішірейеді. Дене жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды. Мұнымен қатар бұлшық еттердің өсуі, олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан емес жуандауы әсерінен болмақ. Бұлшық ет созылуы жақсарады, тонусы, қан айналым және бұлшықет қоректенуі жақсарады.
  2. Дене жаттығуларымен айналысқан кезде көптеген капиллярлар кеңейіп қана қоймайды, олардың саныда бірден көбейе бастайды. Әсіресе бас ми капиллярларының саны өсуінің ерекше маңызы бар, кезінде И. М. Сеченов ми даму үрдісінде бұлшықет қозғалысының маңызын талай атап өткен.
  3. Жаттығу кезінде оттегін тұтыну деңгейі бірден көтеріледі, өйткені бұлшықет жүйесі қаншалықты белсенді қызмет істесе, соншадлықты жүрек те әлуетті қызмет етеді. Дене шынықтыруымен, спортпен айналыспайтын адамның жүрек бұлшық еті әр жиырылыс сайын, қолқаға 60мл шамасындай қан сол қарыншадан лықсып шығарылатын болса, жаттыққан адамда жай тыныштық жағыдайда бір жиырылыстың өзінде қолқаға 90-100 мл қан шығарады. Жаттықпаған адамда жүрек минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда пульс жиілігі 1 минут ішінде жүрек 50-60 рет жиырылатын болады. Кейбір спортшыларда пульс 40-тан аспай, бір сөзбен айтқанда, жаттыққан адамның жүрегі әр систола сайын қанды көп шығарады, яғни жүрегі үнемі де, ұтымды жұмыс істейді.
  4. Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын кеңейтеді, қабырға шеміршектерінің икемділігін жақсартады, тыныс еттерін күшейтеді, олардың тонусын жоғарылатады. Тыныстың минуттық көлемі -қалпы 8 л көп болмайды. Ал, тез және бар күшімен жүгіргенде не жүзгенде ТМК 20 есе көбейеді, 120-130 л жетеді .
  5. Дене шынықтырумен айналысу, зат алмасудың бар үрдістеріне және зәр шығару ағзаларының жұмыстарына дұрыс әсер етеді, қан тасмалдау, лимфа жүйесінің функциясын күшейтеді.
  6. Дене жаттығулары жамбас қуысында қанның іркіліп қалуын, қатпаны, гемаройды болдырмайды.
  7. Қандай болмасын дене жүктемесі - склероздық өзгерістерді болдырмайды. Дене жаттығулары адамның психикасына да үлкен әсерін тигізеді. Осының әсерінен жүйке-жүйесінің күш қуаты өседі, ішкі секретция бездерінің жұмысына дем береді және жағымды эмоция тудырады.

Дене шынықтыру мен айналысуды бастайтындар үшін көптеген әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші орынға шығаратындары : сауықтыра жүгіріс, жүріспен алмастырып тұратын жүгіру, аэробика, шейпинг, жүзу, туризм, ерік гимнастикасы, таңертеңгі сауықтыру гимнастикасы, дәстүрлі гимнастика және тыныс алу жаттығулары.

1. 3 Дене тәрбиесінің қалыптасу негіздері

Адамның дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануының тиімділігі - педагогикалық процестің ұйымдастырылуына, ғылыми және материаддык камтамасыз етілу-деңгейіне, баскару және бақылау органдарының жетілуіне байланысты. Дене тәрбиесі жүйесінің, бөдімдері белгілі бір құрамымен, оның атқаратын тиісті кызметімен, өзге қоғамдар жұйесінің өзара байланысының ерекшеліктерімен сипатталады. Барлық осы бөлімдердің жүйе күрылымындағы негізгі мақсаты - адам денесінің жан-жақты жетілуін жүзеге асыру. Жүйенің жұмыс істеу нәтижесі оның бағытының мақсаттылығына және жүйеге енетін бөлімдерді жетілдіруге байланысты.

Дене тәрбиесінің жүйесі коғамның өзте де жүйелерімен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Мәдениеттің, ғылымның, экономиканың және өнердің әсерімен дами өтырып, дене тәрбиесінің жүйесі қоғамдық өмірдің барлык салаларына өзінің әсерін тнгізеді. Жүйенің өз функциясын толық мағынасында орындау - әртүрлі жағдайларға, әуелі қоғамдық-саяси құрылымның сыйпатына тәуелді. Оның себебі, дене тәрбиесінің жүйесі сол құрылымның ішінде онымен бірге дамиды. Бұл ретте мынандай жағдай ескеріледі: мемлекеттік құрылыс қана дене тәрбиесі жүйесінің идеялык бағытымен бірге мүліктік қорын (спорт құрылыстарын салу, арнаулы күрад-жабдықтар дайындау, маманданған кадрлар даярлау, ғылыми жағынан камту, әдістемслік әдебиеттермен жабдыктау, т. б. ) белгілен отырады.

Қазақ еліиің вз тауелсіздік бағытындағы-даму жағдайында дене тәрбиесінің жүйесін жан жакш жетіддірудің мүмкіндіктері молайды. Жаңа дамып келе жаткан коғамның құрамды бөлігі бола отырып, дене тәрбиесінің жүйесі жалпы халыктық, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденіп отыр, Қазіргі кезенде еліміздегі дене тәрбиесінің жүйесі осы қоғамда өмір сүретін адамдардың денсаулығын нығайтумен қоса, тұла бойындағы биодогиялық-психологиялық қасиеттердің жан-жақты жетілуіне барлық жұмысын бағыттаған әлеуметтік ұйым болыи табылуға тиісті. Дене тәрбиесінің жүйесі әртүрлі әлеуметтік топтардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін ескеретін езара байлаиысты жекелеген дене тәрбиесі жүйесін құрап тұрады. Балабақша, орта мектеп жасындағы балаяар, арнайы орта оқу орнындағы, әскери қызметтегі, жоғары оқу орындарындағы жастар осы жүйедегі әлеуметгік ұйым болып табылады.

Жоғарыда аталып өткен жүйенің негізгі түсініктеріне токталатын болсақ, одарға біздер оеы сңбектің соңғы тарауларында каңінен талдау касан өткенбіз. Дегенмен, „дене тәрбиссі", „спорт", „дене шынықтыру", т. б. түсініктердік, өзара байланыстары мен айырмашылықтарыи біду, ен, әуелі, оның ғылыми теориялық аяықтамасын білуді талап етеді,

Дене тәрбиесі негізгі 2 бөлімнен тұрады: біріншісі - спорт, бұл жеке басшн белгілі бір жаттығумен тұрақты түрде шұғылданып, оны айналдыруы. Екіншісі - денешынықтыру, бұл - жеке бастың өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал „Дене тәрбиесі дене шынықтыру" деген түсініктен туындайтын анық негізгі бөлімдерінің бірі болып есептеледі. „Дене тәрбиесі" педагогакалық процесте үшбағытка бөлінеді: жалпы тәрбиесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.

Соңғы кездерде, арнайы спорттық әдебиеттерде жиі кездесетін түсініктердің бірі „физикалық рекреация". Ол белсенді демалысты қамтамасыз етуді. адам бойындағы физикалық қасиеттерді калпына келтіру үшін басқа бір іспен айналыса отырып, дене тәрбиесші тағы бір міндетті шсшуді көрсетеді,

„Физикалық реабилитация" деп денені қайта калпына келтіруді түсінуге болады. Яғни дене шынықтырумен немесе спортпен шұғылдану барысында жарақат алып, яки болмаса басқа ауруларман ауырып денсаулығын уақытша жоғалтқан адамның өз организмінің мүмкіндіктерін қалпына келтіру үшін дене жаттығуларын арнайы түрде пайдалануы.

„Дене шынықтыру мәденнеті" жекеден жалпыға қарай ұласатын, . мәдениет" деген түсінікке жатады. Басқа сөзбен айтқанда, дене шынықтыру халық мәдениетінің бір белігі болып табылады. Дене шынықтыру адамның өзінің денесін дамытып өзгерту жолындағы қызметтің нәтижесі және оны осы жолдағы процесс деп ұғынамыз.

Материалдық игілік деп сабақ, жаттығу өткізуте қажетті әртүрлі спорт құрылыстарын, арнаулы жабдықтар мсн құралдарды каржыландыру мәселелерін, дене тәрбиесі жүйесінің идеологиялық ұйымдастырушылық және ғылыми бағытын қзмтамасыз ететін әлеуметтік іс жүзіндегі жетістіктерді айтады. Барлық материалдык және рухани игіліктер қоғамның дене шыныктыру саласындағы қызметінің нәтижесі туралы бағалауға көмектесетін мәдени дәстүрлер ғана болып коймайды. Сонымен қатар, оны пайдалануға және қолдануға итермелеп, нәтижесінде, алдағы уақытта оны толықтырып отыруды қажет етеді. Материалдық және рухани игіліктер адамдардын қоғамдық, ғылыми, сонымен бірге, педагогикалық қызметінде, өндіріс аясында жасалады. Сондықтан игіліктерді біріншідем, арнаулы ұйымдастырылған педагогикалық процесстерде; екіншіден тұрмыс жағлайында дене жаттмғуларымен айналысу түрінде; Үшіншіден қауымды қамтитын баспасөз, радио, теледидар, т. б, арқылы әртүрлі формада пайдалануға тиістіміз.

Орта мектептердегі өгкізілетін дене шынықтыру шаралары коғамымызда қалыптасқан және жасөспірім балаларды өмір сүруге даярлайтын материалдық, сонымен бірге рухани игіліктердің жиынтығынан құралады. Әрбір қоғам мүшесінің денссін шынықтыру жөніндегі игілік, тұтастай алғанда, ол мемлекет деңгейінің камтамасыз етілуге алынуға тиісті. Ал мектеп көлеміндегі бұл саладағы жұмыстар ағарту мекемелері мен сауықтыру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің үлесіне тиісті.

Дене шынықтырудың құрамдас басты бөлігі - спорт. «Спорт» ұғымының екінші бір жағына тоқталатын болсақ, ол адамаардың дене қызметі мен қоғамымыздағы қалыптасқан материалдық және рухани байлықтарды игілігіне жарету деп білемһ. Сонымен қагар, жарыс арқылы жоғары мүмкіншілігін көрсету үшін арнайы шапшаң қарқын мен морфофункционалдық және психологиялық даярлықты айқындау.

Спорттың басқа да функциялары жеткілікті, Біріншіден спорт өз залына адамның тәрбиелік жағына дұрыс ыклалык тигізумен катар, қоғам өміріне дайындаушылық міндеттерді шеше отырып қызмет етеді. Екіншіден, спорт-өндірістік қызметке жатпайды, және материалдық игіліктерді тікелей өндіруге байланысты болмайды.

Спортқа тән барлық белгідер тұтастай балалар спортында да сақталады. Оны, баланың, сабақтан тыс кездегі кызметінің алуан түрлі болып келуі арқылы анықтауға болады. „Балалар спорты" дегеніміз -арнайы дайындық негізінде, алдын ала үйренген козғалыс, кимыл мүмкіншіліктерін толығынан пайдалану арқылы өз қатарлары арасыңда өткізілетін жарыстарда өнер көрсету.

„Жасөспірімдер спорты" деген түсінікке талдау беретін болсақ, оның шекарасы тек бір жае тобымен, яғни жасөспірімдер тобыменен шыкталады. Бұл түсінік шартгы тұрде алмнып отыр, оның себебі, ; портка кыз балалардың катысуына байланысты.

„Мектептегі спорт"' деген түсінік , катысушылардын жас белгілеріне карағаңда, „балалар спортына" сәйкес. Бұл екі түсініктің айырмашылығы, „балалар спортың" мектептерде және мектептен тыс мекемелер ұйымдастырса, „мектеп спортын" тек мектеп қана ұйымдастырады.

Жоғарыда айтылған спорт белгілері белгілі бір мөлшерде спорттық ойындарда, гимнастикада, саяхатта да болуы мүмкін . Мысалы, маманданушылык кейбір ойындарға, мысалы, спортшқ гимнастикаға ене отырып, оларды спорттың жеке түріне айналдырды, Сонымен бірге спортта ойынның жеке белгілері бар және онда ойын әдісі кеңінен қолданылады. Сол себепті, спорт ойын кызметі деп қаралуға тиісті.

Әлеуметтік-экономикалық негіздер. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамындағы экономика, саясат, ғылым және мәдениет саласындағы жүйелермен тығыз байланысты. Қоғамдык катинастар көрінісінің бір саласы есебінде ол сол жүііедсгі жүрін жатқан өзгерістер әсерімен дамып отырады. Дене тәрбиесі жүйесінің коғамдык өндіріске кірігетіндігі осы байланыстардың нақты негізінің бірі болуына қатысты болады. Алайла қоғамдық өндіріске ол косымша жолдар аркылы әсер етеді. Бұл жүйе тікелей коғамдық өнім жасауға араласпайды. Бірақ ол осы салаға өнлірістік катынастардың субъектісі - адам арқылы дәнекерлік әсер етеді.

Өзінік әртүрлі нысандары арқылы дене тәрбиесінің жүйесі адамның әлеуметтік қызметінің барлық негізгі түрлеріне қатыста. Бұл адамның қозғалыстағы биологиялық қажеттігін қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен бірге әлеуметтік - жеке тұлғаның калыптасуын, қоғамдық қатынастардың жетілуін де канағаттандырады. Адам кесінінің дамуының биологиялық заңдарға бағына отырып, табиғи жолмен де жүзеге асатындығы мәлім. Алаңда казіргі адамнын козғалыс белсенділігі оның дене мүмкіншілігін кажетті денгейде ұстауға әлі жеткіліксіз.

Өзінің арнайы функциясын жұзеге асыра отырып, дене тәрбиссінін жүйесі адамдардын козғалыс белсенділігікін кажеттілігін камтамасыз етуге сол арқылы дененің жетілуін және денсаулықтың жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз етуге толық кабілетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі әдістемесінің пайда болуы мен қалыптасуы
Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелері
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
ҚР дене тәрбиесі мен спорттың дамуын жоспарлау
Жылдамдық және оны дамыту әдістері
Студенттердің кәсіптік - қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі
Дене тәрбиесінен дәрістер жинағы
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны
Мектепке дейінгі мекемелердегі Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні, міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz