Лондон Олимпиадасы



Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Лондон Олимпиадасы
1.1. Елордада Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада және ХІV Паралимпиада ойындарына дайындық және қатысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Лондон Олимпиадасы туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3 XXX жазғы Олимпиада Лондон 2012 ойындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.4 Қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.5 Ашылу салтанаты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.6 Жабылу салтанаты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.7 Логотиптер және графика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.8 Жарыс түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.9 Олимпиада ойындарына қатысуға жолдамаларға ие болған Қарағанды қаласы спортшыларының тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
1.10 ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе
Олимпиада ойындары немесе Олимпиада (гр. ΟλυμPIιακοί Αγώνες) төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Ежелгі Грекияда болған дәстүр, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды. Алғашқы кезде тек қана жазғы Олимпиада ойындары, төрт жылда бір рет өткізіліп отыратын, дүниежүзілік соғыстар болған жылдарды қоспағанда. 1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Бірақ 1994 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар екі жылдық айырмашылықпен өтіп тұрады.
Олимпиада ойындарының ұраны -- Citius, altius, fortius немесе "тезірек, жоғарырақ, күштірек"..
Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған. Ол кезде олимпиада ойындары бес күн өткізілген, бағдарламасына жүгіру, күрес, ат жарысы, қоссайыс, бессайыс сияқты спорт түрлері кірген. Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа кигізіліп, құрмет көрсетілген.
Алғашқы үш орынға орналасқан спортшылар немесе командалар, медальдарға иеленеді. Жеңімпаздар алтын медальға (шынында күмістен жасалып, алтын жалатылған), екінші орынға орналасқандар күміс медальға, ал үшінші орындағылар қола медальға ие болады.

1.1 Елордада Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада және ХІV Паралимпиада ойындарына дайындық және қатысу шеңберінде Самұрық-Қазына АҚ басқарма төрағасы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ Лондон Олимпиадасында Ұлттық құраманы қолдау мақсатында 900 млн. теңгеге жуық қаржы бөлді.
Бұл туралы Астанада Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
Бүгін елордада Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада және ХІV Паралимпиада ойындарына дайындық және қатысу шеңберінде Самұрық-Қазына АҚ мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум бойынша, Қорға Лондон қаласында өтетін ХХХ жазғы Олимпиада және ХІV Паралимпиада ойындарында ҚР Ұлттық құрамасының ресми әріптесі дәрежесі берілді.
Отандық спортты қолдау біздің жұмысымыздың ерекше бағыты. Бұл біз бұлжытпай ұстанып келе жатқан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттары ғана емес. Спортты қаржыландыру - елдің болашағы, қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарының денсаулығы мен бәсекеге қабілеттілігі үшін инвестиция беру, - - деп атап өтті Ө. Шөкеев.
Осыған байланысты Самұрық-Қазына Елбасының тікелей тапсырмасымен біздің командамызға демеуші болуға, ресми әріптесі болуға шешім қабылдап отыр. Жыл сайын 13-14 спорт түрін қаржыландырып келеміз. Қазір де командамыздың барып келуіне мол шығын кететіні белгілі. Соған орай, Самұрық-Қазына өз бюджетінен 900 млн. теңгедей қаржы бөлді, - деп түйіндеді сөзін ол.
Қазіргі уақытта Қор отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосуда. Ауыр атлетика, грек-рим және еркін күрес, теннис, волейбол, гандбол тағы басқа спорт түрлерін, Астана баскетбол клубы мен Барыс хоккей клубын қаржыландырып, қолдау көрсетуде.
Жалпы алғанда, Қор компаниялары тобы биыл спорттың олимпиадалық түрлері бойынша 14 федерацияға 8,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлуде.

1.2 Лондон Олимпиадасы туралы
Бастауын ежелгі Грекия жерінен алатын әйгілі олимпиада ойындарының 2012 жылы Лондон қаласында өтетені осыдан 7 жыл бұрын анықталып қойған еді. Еншісіне Жазғы олимпиада ойындарын өткізу бұйырған Лондон қаласы әлемдік 9 қаланың ішінен таңдап алынды. 2004 жылы 18 мамырда Халықаралық олимпиада комитеті үміткер 9 қаланың 5-уін ғана дауысқа салуды дұрыс деп шешім шығарды. Олар: Лондон, Париж, Мадрид, Нью-Йорк, Мәскеу қалалары. Алғашқы дауысқа салу нәтижесінде барлығы сәтті өтіп, екінші айналымда Мәскеу қаласы дауыс жинай алмай қалды. Үшінші айналымда Нью-Йорк, төртінші айналымда Мадрид аз дауыс жинап ең соңында Лондон өз бәсекелесі Париж қаласынан бесінші айналымда басым түсіп, 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарын өткізу құрметіне ие болды.
Биік мәртебе мен зор сенімге ие болған ресми Лондон олимипаданы өткізуге қызу дайындық жасады. Барлығы 40 мыңға жуық адам олимпиаданың дайындық жұмыстарына тартылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 13 мың полицей мен 17 мың әскери күш жұмылдырылып отыр. Қауіпсіздік саласына жұмсалған жалпы шығыны 585 миллион фунт стерлингті құрады.
Олимпиада ойындары үшін стадион жасақталып, ол жерде жеңіл атлетика, ашылу және жабылу рәсімдері өтеді. Су орталығында су спортының барлық ойындары ұйымдастырылады. Лондон велопаркінде велотрек, Ривербанк аренасында желектегі хоккей, баскетбол аренасында баскетбол мен гандбол, Коппер бокс кешенінде гандбол мен бессайыстан жарыс өтеді.
Олимпиаданың эмблемасы көпбұрышты фигураларға ұқсас етіп жасалған 2, 0, 1, 2 сандарын бейнелейтін London сөзі жазылған төрт түрлі көк, жасыл, сары, тоқсары түсті болып жасалған. Ал, жеңімпаздарға берілетін медальдардың диаметрі 85 мм, қалыңдығы 7 мм , салмағы 375-400 гр болады. Авторы Дэвид Уоткинс болып табылатын бұл медальдің алғашқы бетінде олимпиаданың эмблемасының нұр сәуелесіндегі кейпі, келесі жақ бетінде жеңіс құдайы Ника мен Темза өзендері бейнеленген. Олимпиадаға арналып 2100 медаль жасалды. Жазғы Олимпиаданың ресми әнұраны ретінде Muse тобының Survival әні таңдап алынды. Ашылу салтанаты Таңғажайыптар аралы деген атаумен 2012 жылдың 28 маусымы күні Астана уақытымен 02.00 сағатта ашылады. Олимпиаданы ресми түрде Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета ашады деп күтілуде. Жабылу салтанаты құрметі Пол Маккартниге берілді.
Алты құрлық көз тігіп отырған осы олимпиадаға еліміз зор дайындықпен қатысқалы отыр. Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан спорттың 25 түрінен 115 отандасымыз бақ сынайды. Айта кетерлігі, Биылғы Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары алғаш рет семсерлесу, судағы поло және әйелдер боксынан жолдама ұтып алды.
Лондонда өтетін Олимпиада ойындары жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне төленетін бір жолғы төлемақы көлемі де қомақты. Атап айтсақ:
1-орын - баламалы мөлшерде 250 000 АҚШ доллары;
2-орын - баламалы мөлшерде 150 000 АҚШ доллары;
3-орын - баламалы мөлшерде 75 000 АҚШ доллары;
4-орын -- баламалы мөлшерде 30 000 АҚШ доллары;
5-орын - баламалы мөлшерде 10 000 АҚШ доллары;
6-орын - баламалы мөлшерде 5000 АҚШ доллары.

Қазақстандықтар төменгі спорт түрлерінен бақ сынайды:
1 Ауыр атлетика
2 Байдарка және каноэмен есу
3 Таэквондо
4 Велошоссе
5 Байдарка және каноэде есу слаломы
6 Спорттық гимнастика
7 Көркем гимнастика
8 Нысананы көздеу
9 Стендік ату
10 Судағы поло
11 Бокс
12 Семсерлесу
13 Синхронды жүзу
14 Академиялық есу
15 Еркін күрес
16 Әйелдер күресі
17 Грек-рим күресі
18 Дзюдо (ерлер мен әйелдер)
19 Әйелдер боксы
20 Қазіргі бессайыс
21 Ашық суда жүзу
22 Теннис
23 Садақтан оқ ату
24 Жеңіл атлетика
25 Жүзу
Міне, осындай 25 түрлі спорт түрінен 115 отандасымыз еліміздің атынан қатысады.

1.3 XXX жазғы Олимпиада Лондон 2012 ойындары

XXX жазғы Олимпиада ойындары (ағылш. 2012 Summer Olympics, фр. Jeux Olympiques d'été de 2012) -- отызыншы Жазғы Олимпиада oйындары. 2012 жылдың ойындары 27шілде мен 12тамыз аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өтті. Лондон Олимпиада ойындарын үш рет қабылдаған алғашқы қала болды. Оған дейін Лондон 1908 жылы және 1948 жылы қабылдаған болатын.

Олимпиада қаласын таңдау

Лондондағы 2012 жылдың жазғы Олимпиада b ойындарының баннері.
Үміткер қалалардың ұсынысын қабылдау рәсімі 2003 жылдың 15 шілдесінде тоқтатылды. Осы уақытта бәйгеге қатысуна 9 қала ниет білдірген болатын: Гавана, Стамбұл, Лейпциг, Лондон, Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Рио-де-Жанейро
2004 жылдың 18 мамырында Халықаралық олимпиада комитеті барлық ұсыныстарды саралап болған соң 5 қаланы ғана қалдырды. Осы қалалардың ішінен 2005 жылдың шілдесінде Сингапурда өтетін ХОК-нің 117 сессиясында жеңімпаз қаланың аты аталуы керек болатын. Аталған бес қаланың қатарында Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Лондон қалды.
Лондон қаласы 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының астанасы ретінде 2005 жылдың 5 шілдесінде таңдалды. Өз елінің ұсынысын қолдаған үкімет басшыларының ішінен Сингапурға арнайы келген жалғыз Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэрғана болатын.
Олимпиада ойындарының астанасы белгілі болғаннан кейін, келесі күні Лондон қаласында террористік акт болды.
2012 жылғы Олимпиада астанасына дауыс беру
Қаланың аты
Мемлекеттің аты
1 Раунд
2 Раунд
3 Раунд
4 Раунд

Лондон
Ұлыбритания
22
27
39
54

Париж
Франция
21
25
33
50

Мадрид
Испания
20
32
31
--

Нью-Йорк
АҚШ
19
16
--
--

Мәскеу
Ресей
15
--
--
--

Әзірлену және дайындалу
Лондонның Олимпиадалық ойындарды Ұйымдастыру комитеті (LOCOG) ұсыныстың сәтті қабылдануынан кейінгі ойындарды ұйымдастыру шарасын бақылайтын мекеме ретінде құрылды және өзінің алғашқы отырысын 2005 жылы 3 қазанда өткізді. Лорд Коудың төрағалығымен комитет ойындардың жүзеге асырылуы мен өткізілуіне жауап береді, сонымен бірге Олимпиадалық Тасымал ұйымы (ODA) нысандар мен инфрақұрылымның құрылысына жауапты. 2006 жылы сәуір айында Олимпиадалық Тасымал ұйымы құрылған болатын.Нысандар және инфрақұрылым

Олимпиада стадионы (Лондон)

O2 аренасы

Уэмбли стадионы

Желкенді спорт түрінен сайысуға арналған айлақ

2012 жылы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар жаңа орындарда, әлдеқашан бар және тарихи нысандардарда, сонымен қатар заманауи құрылыстарда өткізілетін болады, соның ішіндегі ең танымалы -- Гайд Парк пен Атты Гвардия.
Үлкен Лондонның маңында үш аймаққа бөлінген алып спорттық нысандар орналасады:
1. Олимпиадалық аймақ -- Олимпиадалық қалашық орналасқан жер;
2. Өзендік аймақ -- қала шығысындағы Темза өзінінің айналасы;
3. Орталық аймақ -- қаланың орталығы мен батыс аймағы.
Олимпиадалық аймақ
* Олимпиада стадионы -- жеңіл атлетика, ашылу және жабылу салтанаты.
* Сулы орталық -- ашық суда жүзуден басқа барлық суға қатыстқы спорт түрлері.
* Лондондық велопарк -- велотрек және BMX.
* Ривербанк арена -- көгалдағы хоккей.
* Баскетболдық арена -- баскетбол, гандбол.
* Коппер бокс -- гандбол, қазіргі бессайыс.
* Олимпиада қалашығы (Лондон)
Өзендік аймақ
* Көрме орталығы (Лондон) -- бокс, семсерлесу, дзюдо, үстел теннисі, таэквондо, ауыр атлетика мен күрес.
* O2 аренасы мен Гринвич аренасы -- бадминтон, баскетбол, гимнастиканың барлық түрі.
* Гринвичтік парк -- ат спорты және қазіргі бессайыстың кейбір бөліктері.
* Казармы королевской артиллерии -- нысана көздеу
Орталық аймақ
* Уэмбли -- футбол.
* Уэмбли аренасы -- бадминтон, көркем гимнастика.
* Лаун-теннис пен крокеттің Бүкілағылшындық клубы -- теннис.
* Лордс крикет граунд -- садақ ату.
* Риджентс-парк -- велошоссе.
* Хорс Гардс Пэред -- жағажай волейболы.
* Гайд-парк -- триатлон мен ашық суда жүзу.
* Эрлс Корт -- волейбол.
Лондоннан тыс аймақтар
Қаладан тыс аймақтарда бірнеше спорттық стадиондар орналасады. Ұлыбританияның бес қаласында футбол бойынша іріктеу сындары өткізіледі:
* Хэмпден Парк, Глазго;
* Миллениум, Кардифф;
* Олд Траффорд, Манчестер;
* Сент-Джеймс Парк, Ньюкасл;
* Ковентри қаласының стадионы, Ковентри.
Сонымен қатар Лондонның сыртында мынадай нысандар орналасады:
* Броксбурнның ескекпен кедергілер арқылы өту орталығы, Уэлтэм Кросс;
* Дорни Лейк, Дорни -- академиялық есу мен байдаркада және каноэде есу;
* Уэймут пен Портлендтың желкенді спорттының Ұлттық академиясы, Портленд аралы;
* Хадли қала сыртындағы паркі, Хадли қамалынан алыс емес -- маунтин-байк.
Қоғамдық тасымал құралдары

Олимпиадалық Javelin тасымал көлігі

Олимпиада алауы Кардиффте
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) өзінің алғашқы сынындағы Лондонның қоғамдық тасымал құралдарына қойған бағасына қарағанда, оның қазіргі ойындарға арналып түзетулер мен жетілдірулер жасалғанын атап кетті. Лондонға арналған транспорт жүйесіне (TfL) 2012 жылға дайындалу барысында бірнеше жаңартулар мен өзгерістер енгізілді. Және де Docklands Light темір жолы мен Лондонның солтүстік бөлігінде темір жолының модернизациялануы ерекше болды. Network Rail мәліметтері бойынша, 4000-нан астам темір жолдар Ойындар кезінде жұмыс жасап тұрады, және теміржол операторлары күні-түнімен жұмыс кезегінде қалмақ.

1.4 Қаржыландыру
Ойындарды бөлектеп қондыруға, нысандар мен инфрақұрылымдарды салуға, және де Олимпиада қалашығының жер редевелопментімен жұмыс жасау үшін қаржының мол бөлігі кетті. Ойын ұйымдастырылуын жеке қаржы көздері қаржылардыруына қарамастан, көптеген демалыс орындары мен саябақтарға байланысты шығындарды мемлекет өзі көтереді.
Алғашында бөлінген бюджет Pound 2,4 млрдты құраған, бірақ бұл қаржы жетіспеуіне байланысты 2007 жылы шамамен төрт есеге, Pound 9300000000 ($ 14460000000) дейін өсірілген. Тесса Джоуэлл қайта қаралған құжаттарды 2007 жылы 15 наурызда Бірлестік Палатасында жарияланған болатын.
* Олимпиададағы нысандар мен инфрақұрылымдардың құрылысы -- Pound5.3 миллиард;
* Топтық спорт және паралимпиадалық қаржыландыру -- Pound400 миллион;
* Қауіпсіздік және полиция -- Pound600 миллион;
* Төменгі Леа алқабын регенерациялау -- Pound1.7 миллиард;
* Резервтегі фонд -- Pound2.7 миллиард;
* Қосылған құн салығы (ҚҚС) -- Pound800 миллион.
Еріктілер
Еш ақша төленбейтін еріктілер үшін алдағы ойындарда үлкен жұмыс күтіп тұр. 2004 жылы 70000 еріктілердің басты мақсаттары анықталды. 2010 жылы еріктілерді қабылдауға 240000-нан астам өтініштер келген. 2012 жылғы ақпан айында Себастьян Коу өз сөзінде: Біздің еріктілер ойындар кезінде сегіз миллионнан астам сағат үздіксіз жұмыс жасау қажет және оларсыз еш ойындар өтпес. Еріктілер Олимпиадалық стильдегі киімдер киетін болады. Оның ішіне қарақошқыл және қызыл жейде, күртешелер мен жабағылар енеді. Және олар сарғыш шұлық пен қоңыр-сарғыш туфлилер киеді. Сонымен қатар олар тіркеуден өткен суреті бар бейдждермен жүреді.
Қауіпсіздік
Олимпиадалық ойындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теңдесі жоқ шаралар қабылданған. Бұл шараға шамамен 40 мыңнан астам адамдар тартылмақ, соның ішінде 13 мың полиция өкілдері мен 17 мың әскери қызметкерлер. Ұлыбритания үкіметі қауіпсіздікті сақтау мақсатында зенитті-ракеталық комплекс Рапираны кірістіру мүмкіндігін қарастырған. 2012 жылғы Олимпиаданың қауіпсіздігі үшін бөлінетін бюджет құны 585 миллион фунт стерлингті құраған.
Демеушілер
2011 жылдың күз мезгілінде Лондонда Кока-коланың ұйымдастыруы бойынша Move to the beat компаниясы өз жұмыссын бастады. Сонымен қатар әлемдік демеушілер: Acer, Atos, Coca-Cola, Dow Chemical Company, General Electric, McDonald's, Omega SA,Panasonic, Procter & Gamble (P&G), Samsung, Visa. Дүркіреген шоуға танымал спортшылар шақырылған, сонымен қатар ХХХ Олимпиада әнұрандарының бірі Anywhere In The World әні шырқалды. Әннің авторы Марк Ронсон әннің дыбысын басуда әр түрлі спортшылардың қозғалыс кезіндегі шыққан дыбыстарды пайдаланған. Ал әннің өзін атақты әнші Katy B орындайды.

1.5 Ашылу салтанаты
Толық мақаласы: 2012 Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты
Жазғы XXX Олимпиада Ойындары 27-шілдеде 2012 жылы Ұлыбритания уақыты бойынша кешкі BST (UTC+1) 21:00 ЛондондағыСтратфорд стадионында салтанатты түрде ашылды. Көрініс Ғажайып аралдары (Isles of Wonder) деп аталды. Олимпиада стадионына жиналған 80 мың көрермен Олимпиада ашылуын тамашалады.
1. 6Жабылу салтанаты
Толық мақаласы: 2012 Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты
Лондондағы 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 2012 жылдың 12 тамызында өтеді. Жабылу салтанатында Борис Джонсонның олимпиадалық туын Лондон мэрі 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарын өзіне қабылдайтынРио-де-Жанейро қаласының мэріне табыстауы көрініс табады.
1.7 Логотиптер және графика
Логотип 4 дұрыс бұрышталмаған көпбұрыштардан тұрады, олар Олимпиаданың сандарын білдіреді, яғни -- 2, 0, 1, 2. Бір бөлігінде London сөзі қосылған, ал басқа бір бөлігінде -- олимпиадалық сақиналар орын алған. Логотип төрт түспен берілген нұсқалармен белгілі: көк, сарғылт, жасыл және қызғылт; арасында қара түсті нұсқалары да кездеседі.

Логотиптің Паралимпиадалық және түрлі-түсте берілген нұсқалары
Логотипті Wolff Olins компаниясы бір жыл шамасында жасады және оның құны 400 мың фунт стрелингке бағаланды. 2012 жылдыңнаурыз айының басында Иран Республикасы 2012 Олимпиада ойындарына байкот жариялауы мүмкін екенін білдірді. Оның себебі Олимпиада логотипіндегі Zion сөзінің астында -- Сион сөзі жасырылған, яғни сионизм мағынасын білдіреді. Иран мемлекеттік Олимпиадалық комитетінің басшысы Бахрам Афшарзадех логотипті нәсілшілдік деп атады. Сонымен қатар логотиптісвастикалық белгіге ұқсас деп жариялаған.
Ойындар тұмары

Уенлок пен Мандевил
Ойындар бойтұмарын 2010 жылдың 19 мамырында жариялаған болатын. Автордың мәлімдемесі бойынша, Болтон құрышының екі тамшысынан шыққан Уенлок пен Мандевил болған. Тұмар есімдерін Ұлыбританияда алғашқы Олимпиадалық сайыс болып өткен Мач-Уенлок қаласы мен алғашқы Паралимпиадалық ойындар болып өткен Сток-Мандевил қалашығының құрметіне арнап атаған екен. Екі тұмардың көздері біреу, олар велошабандоздың бас киімін киеді, және онда Ойындардың логотиптері бейнеленген.
Медаль

2012 Жазғы Олимпиада ойындарының алтын медалі (екі жағынан көрсетілген)
БІр медальдың диаметрі шамамен 85 миллиметр болады, ал қалыңдығы 7 миллиметр. Жалғыз бір жүлденің салмағы 375-400 грамм аралығында болады. Sky Sports мәліметтері бойынша, бұл Ойындар тарихындағы ең үлкен медальдар болып саналады екен. Олимпиадаға барлығы 2100 медаль жасалынып шығады.
Әр түрлі мәртебедегі жүлделерде сәулелермен көмкерілген сол Ойынның логотипі болады. Медальдың арғы жағында жеңіс құдайы Ника мен Темза өзенінің суреті орналасады. Бұл жобаның авторы ретінде дизайнер Дэвид Уоткинс болды.
Әнұран
Лондондағы Олимпиаданың ресим түрдегі әнұраны ретінде Muse тобының Survival (қаз. Өміршеңдік) әні таңдалды. Әнұран Олимпиаданың ашылу салтанатында және жеңімпаздарды марапаттау сәттерінде ойнатылады. Ән алғашқы тақырыптардың бірі болды.
Ювяскюля университетіндегі денешынықтыру социологиясының фин профессоры Ханну Итконенге олимпиадалық әнұранның мәтіні бойынша бірнеше сын айтты. Оның айтуы бойынша, онда ешқандай спорттық рухқа қатысты ешнәрсе айтылмағаны, және ән мәтінінде бірігуге шақыратын, өмір деген -- күрес екенін түсіндерітіндігі баяндалады.
Жарыстар барысы
Қатысушы құрамалар

Атлеттер саны бойынша құрамалардың бөлінуі
300+
100+
30+
10+
4+
1+
204 Ұлттық Олимпиада комитеттерінен (ҰОК) 10 500-ден астам атлеттер қатысты. Бұл Ұлыбритания тарихында болған 1948 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпида ойындары мен 2002 жылғы Манчестердегі Достастық ойындарынан асып түсті.
2011 жылдың маусым айындағы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) кезекті отырысында ХОК мүшелігінен айырылып қалған Нидерланд Антиль аралдары Олимпиада комитетінің үш спортшысы мен ҰОК мойындалмаған Оңтүстік Суданның бір спортшысы Олимпиада туының астында жарысқа қатысатын болады.
1.8. Жарыс түрлері
2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының барлық сайыстары спорттың 26 түрінен және 39 спорттық түр бөліктерінен өтеді:

Академиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемнің жетекші спортшыларының нәтижелеріне талдау жасау
Еліміздің спорттағы жетістіктерінің тарихы
PR-дың әлемдік ірі спорт бәсекелерінде алатын орны
XXX жазғы Олимпиада ойындары
Дене шынықтыру және спорт
Қазақ боксының тарихы
СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА
Елбасымыз — олимпиаданың алғашқы алаугері
Білім жетілдіру жоспары
Пәндер