Зардап шеккендерді жедел көмек көлігімен тасымалдау



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖШС Каспий өңірі Болашақ колледжі

Тақырыбы: Зардап шеккендерді жедел көмек көлігімен тасымалдау

Тобы: ДО-16
Дайындаған:Сағынова. М Жаниязова .Б
Қабылдаған: Келимбердиева.С.М

АҚТАУ,2017ж.
Зардап шеккендерді жедел көмек көлігімен тасымалдау
Жедел жәрдем деп тәулік бойы адам өміріне қауіп төндіретін аурулар мен ауыр жағдайлар туындаған сәттен немесе оқиға болған жерден бастап, емдік-профилактикалық мекемеге жеткізгенге дейінгі уақыт аралығында, науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетеуге ұйымдастырылған жүйені атайды.
Жедел медициналық жәрдем бекеттері міндетіне мыналар кіреді:
1. Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастың немесе оны қоршаған адамдардың денсаулығына және өміріне қауіп төнген жағдайда, кенеттен болған аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, бақытсыз жағдайлар, жарақаттар, уланулар, жүктіліктің және босанудан кейін асқынулар болған жағдайда ЖМЖ көрсету;
2.Науқастарды емдеу-профилактикалық мекемелерге тасымалдау;
3.Төтенше жағдайларда, табиғат, жол апаттарында жою жұмыстарына белсенді араласу;
ЖМЖБ жұмысын ұйымдастырудың негізгі талаптары:
* тәуліктің барлық уақытында ЖМЖ тұрғындардың толық қолы жетуі;
* ауруханаға дейінгі әр-түрлі медициналық көмектің түрлерін жылдам және дер кезінде көрсетуі;
* барлық категориядағы жарақаттанғандар мен науқастарға қажетті ЖМЖ көлемін көрсету үшін жоғары білікті медициналық мамандармен қамтамасыз етілуі;
* нақтылы медициналық мекемелерге кідірусіз жатқызудың қамтамасыз етілуі.
Бригадалардың шақыруға шығу уақытының мерзімдері:
* Жедел медициналық жәрдем -- 4 минутқа дейін
* Жедел тасымалдау -- 30 минутқа дейін
* Жоспарлы тасымалдау -- 90 минут аралығында
Жедел жәрдем (жедел медициналық көмек) міндеттері:
* Санитарлық транспортпен тасымалдауды қажет ететін науқастар немесе жараланғандар тасымалы
* Қоғамдық немесе өндіріс орындарында, көшеде, мекемелерде жарақат алғандарды тасымалдау
* Жедел хирургиялық және созылмалы, инфекциялық аурулары бар науқастарды тасымалдау
* Шұғыл науқастарға арнап ауруханаларда орын бөлу, жедел қан құюлар кезінде қан жеткізу немесе шұғыл консультациялар кезінде мамандарды жеткізу.
* Ғылыми-практикалық, әдістемелік және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
* Жарақаттар мен оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында жасалатын шараларға қатынасу.
* Криминалды жарақаттарды (пышақтау, ату) жергілікті құқық қорғау органдарына, ал шұғыл жағдайларды (су тасқыны, өрт, жол-көлік оқиғалары) жергілікті билік органдарына хабардар ету.
Жедел медициналық көмек персоналының негізгі қызметі:
* Әртүрлі жағдайдағы(ауырып қалғандар, емдік-профилактикалық мекемелерден тыс жағдайлар, табиғи апаттар, катастрофалар) науқастарға стандартты медициналық көмекке сүйене отырып, тәулік бойы, уақытында, сапалы медициналық жәрдем көрсету.
* Шұғыл ауруханалық көмек қажет ететін зардап шеккендер мен инфекциялық науқастарды уақытында тасымалдау.
* Жедел медициналық станция көмегіне жүгінген науқастарға,амбулаторлы науқастарды қабылдауға арналған кабинеттерде медициналық көмек көрсету.
* ЖМКС қызмет атқаратын аймақтағы барлық оқыс оқиғалар мен ситуацияларды денсаулық сақтауды басқарудың муниципалды органдарына жеткізу.
* Жедел медициналық көмек бригадаларының біркелкі комплектілігі, яғни ЖМК бригадасы барлық құрал-жабдықтармен, ауысымы реттелген медициналық персоналдармен толық қамтамасыз етілуі керек.
Жедел көмек көрсеткіштері бар патологиялық жағдайлардың түрлері:
1. Жедел медициналық жәрдемсіз өлімге әкелетін өмірге қатер төну жағдайлары;
2. Өмірге қауіп жоқ, бірақ патологиялық жағдайға байланысты, түрлі уақытта қатер төнуі мүмкін;
3. Өмірге қауіп жоқ, бірақ науқастың қасіретін жеңілдету;
4. Науқас өміріне қауіп жоқ, бірақ айнала қоршаған адамдарды сақтандыру үшін жедел көмек қажет;
ЖМЖБ - тұрғындары 30 мың адамнан асатын қалалар мен аудан орталықтарында ұйымдастырылады және жеке емдеу -- профилактикалық мекеме болып табылады немесе қалалық жедел жәрдем ауруханасының құрамына бір оның құқықтық бөлімі ретінде кіреді.
Тұрғындарының саны аз қалалар мен аудандарда жедел медициналық жәрдем бөлімдері қалалық, аудандық ауруханалардың құрамында ұйымдастырылады. Әр қалада тек бір жедел медициналық жәрдем бекеті болуы керек. ЖМЖ бекеттерін бас дәрігер, оның қосалқы бекеттерін меңгерушілер баскарады.
Үлкен қалалар мен аудан орталықтарында ЖМЖ бекеттерінің кұрамында қосалқы бекеттер (бөлімшелер) ұйымдастырылады. Қосалқы бекеттердің қызмет көрсету аудандарын бекеттің бас дәрігерінің ұсынысымен жергілікті денсаулық сақтау Департаменті бекітеді.
Қосалқы бекеттер 15 минут ішінде көлікпен жету есебімен кұрылады. Қосалқы бекеттердің кызмет көрсету аясы тұрғындардың саны мен жас құрамына, құрылыстардың ерекшеліктеріне, ауданда өндірістік және ауыл шаруашылық мекемелердің тығыздығына, көліктік магистралдардың жағдайына, көлік жүрудің жиілігіне қарай бекітіледі. Жедел медициналық жәрдем бекеттерінде ЖМЖ көрсету желілік бригадалар арқылы атқарылады.
Тұрғындары 70 мыңнан асқан қалалар мен аудан орталықтарында балаларға ЖМЖ көрсету үшін арнайы балалар бригадасы, 100 мыңнан асқан елді мекенде психиатриялық науқастарға ЖМЖ көрсету үшін арнайы психиатриялық бригада құрылады. Қажеттігіне байланысты жас босанған әйелдерді тасымалдау үшін медициналық қызметкері бар көлік бөлінеді. Сонымен қатар мамандандырылған қарқынды терапия көрсететін бригадалар (ҚТБ) құрылады. Сонымен қатар бекет басында ЖМЖ қажет өз бетінше келген тұрғындарға да көмек ұйымдастырылады.
ЖМЖ бекеті 100 мың тұрғынға кем дегенде 2 нөмірлі телефон, радио байланыстар арқылы бригадалармен және емдеу -- профилактикалық мекемелермен, ІІМ (ішкі істер министрлігі) мекемелерімен, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлімдерімен хабарласу үшін байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі керек.
Қарқынды ем бригадалары орта және жоғары буын медицина қызметкерлерінің және тұрғындардың шақыртуымен жіберіледі. Қарқынды ем бригадасын шақырған медицина қызметкерлері бригада келгенше барлық қажетті медициналық іс-шараларды жүргізуі қажет.
ЖМЖ бекетінің бригадаларымен жеткізілген жарақаттанғандар мен науқастар аурухананың қабылдау бөлімінде шұғыл қаралып, қажет болса, ауруханада бос орынның бар -- жоғына қарамастан жатқызылады. Аурухананың қабылдау бөлімінде ЖМЖ бригадасын 10 минуттан артық кідіртуге болмайды (науқас немесе жарақаттанғанды аурухананың кезекші дәрігеріне өткізетін уақыт). ЖМЖ көлігінің біркелкі танитын белгілері (арнайы орналастырылған құбылмалы шам, дыбыс дабылы) болуы қажет.
Санитарлы көлік жұқпалы аурулар тасығаннан кейін міндетті түрде сол аурухананың күшімен залалсыздандырылуы керек. ЖМЖ бекеттеріне, бөлімшелеріне әр -- бір 1000 қалалық, ауылдық тұрғындарға бюджеттен бөлінген қаржы аймағында зембіл мен 1 санитарлы көлік бөлінеді.
Жылына 75 мыңнан астам шақыртулары бар ЖМЖ бекеттерінде бақылау жүргізу үшін арнайы қамсыздандырылмаған бір автокөлік бөлінеді.
Жылына 500мыңнан астам шақыртуға баратын ЖМЖ бекеттерін д е осы мақсатта 2 автокөліктен бөлінеді. Әрі қарай жылына әр 250 мың шақыртуға бір автокөлік бөліну қарастырылады.
ЖМЖ бекеттерінің жұмысы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарының нормативті-құқықтық актілерінің негізінде жүргізіледі. ЖМЖ бекеттері өз жұмыстарын емдеу-профилактикалық, Ішкі істер министрлігінің мекемелерімен және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің бөлімшелерімен тығыз байланыста жүргізеді.
Табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайда дер кезінде емдеу-эвакуациялау, медико-санитарлы, эпидемияға қарсы шаралармен тұрғындарды қамтамасыз ету іс -шараларын ұйымдастыру үшін ЖМЖ бекеттері Республикалық апат медицинасы орталығының бөлімшелері мен Қазақстан Республикасының төтенше жағдай жөніндегі Агенттігінің басқаруымен жұмысын атқарады.
ЖМЖ бекеттері еңбекке жарамсыздық парағын, сот-медициналық қорытынды бермейді, алкогольды масаюды анықтауға сараптау жүргізбейді, сонымен қатар науқастар мен оның туыстарына анықтама бермейді. Медициналық көмек көрсетілген науқастарға, бақытсыз жағдайға душар болған жарақаттанғандарға бекеттің медициналық қызметкері хабарлау парағын береді.
Оперативті бөлімнің жалпы ережелері:
1. Оперативті бөлім ЖМЖ бекетінің құрамына кіретін тәулік бойы тұрғындардан орталықтандырылған шақыртуларды қабылдап дер кезінде ЖМЖ желілік бригадаларын оқиға болған жерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық қауіпті заттар
Стационардағы пациенттің медициналық анықтамасы
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру
Апаттар кезінде халықты емдеу-көшіруді, жайғастыруды қамтамасыз ету
Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары
Үйінділер жағдайындағы іздестіру - құтқару жұмыстары
Автокөлік апаттары
Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi
Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары
Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу ұғымы
Пәндер