Лиро-эпостық жырдағы көнерген сөздердің лингво-танымдық мәнін ашу



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Көнерген сөздер туралы түсінікпен таныстыру
2. Лиро-эпостық жырдағы көнерген сөздердің лингво-танымдық мәнін ашу.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ертеден келе жатқан көне лиро-эпостық жырлардың ішінен мол жайылған жырлардың бірі "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры. Бұл жырда Қозы мен Баянның біріне-бірі шын көңілмен, сүйіспеншілік сезімімен, адал ғашық болған екі жанды көрсетеді.Қозы Көрпеш- Баян сұлу жырының көптеген нұсқалары бар. Бұл жырды XIX ғасыр бойында орыс ориенталистері жинап, бастырған еді. Ең алғаш бұл сюжеттің башқұрт тіліндегі бір нұсқасын 1812 жылы Т. Беляев жазып алып, Қазан қаласында жарияланған. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырының қазақ арасындағы сюжеттерін 1830 жылдардан бастап белгілі шығыстанушы Г. Саблуков, орыс халқының ұлы ақыны А.С. Пушкин жазып алады. Бұлар жырдың қазақ тіліндегі нұсқасын бастауы алмаса да, Қозы Көрпеш жырымен орыс оқырмандарын тұңғыш рет таныстырады. Бұдан соң бұл жырдың бір нұсқасын Жанақ ақын аузынан қазақтың тұңғыш ағартушысы, демократы Ш. Уәлиханов жазып алған. Бұл өзіне мектеп жасаған дарынды айтушы, қобызшы Жанақтың өз аузынан шыққандықтан және Шоқанның, Г.Н. Потаннинің жақсы бағалаған жыры болғандықтан Қозы Көрпеш дастанының бір құнды варианты делінеді. Жалғыз - ақ Жанақ нұсқасы Шоқанның қолжазбаларымен бірге Тезек төренің ауылында жойылған, бізге келіп жеткен жоқ. Шөже нұсқасы да революциядан кейін жазылып алынған. Оны бізге жеткізген Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының қолжазбалар қорында Шөже жырының тағы бір үлгісі бар. Айтушысы - Мұқан Машанов, жазып алған (1905) - Бозтай Жақыпбаев. Жырдың тағы бір варианты институттың қолжазбалар қорына 1947 жылы Ұлытау өңірінен келіп түскен-ді. Соның бәрін Ы. Дүйсенбаев тапқан Әбдірахманов, Фролов, Батырханов нұсқаларына қосамыз. Қозы Көрпеш жырының ел ішінде басқа да варианттары болуға тиіс деп ойлаймыз.
Қозы Көрпеш жырының варианттарын сюжетіне қарай үш түрлі салаға жіктеуге болады:
1. Мұнда жырдың көпшілік сюжеті трагедиялы болып келеді. Оған Шоқан - Жанақ, Березин, Пушкин, Чеканский, Кастанье, Машанов, Тверитин, Әбенов, Жылқайдаров, Батырханов, Дербісалин, Ұлғашев нұсқалары, барыбы, башқұр, ұйғыр тіліндегі, тағы басқа бірнеше ұсақ кестелер жатады. 2. Жырдың бұл саласында трагедиялық аяқтама жоқ. Оларда Қозы мен Баян феодалдық қоғам жағдайында өздерінің армандарына жетеді. Бұл - В.В. Радлов пен Бейсембай нұсқасы. В.В. Радловтың қазақ арасынан жазып алған Қозы Көрпеш жыры трагедиясыз болса, барыбы татарларынан жазып алғаны- трагедиялы. 3. Соңғы салаға жататын нұсқалар - Қазақ ССР Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында сақтаулы тұрған Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазбалары. Бұл варианттарда Қодар қолынан өлген Қозы кейде отыз бір жыл, кейде жеті ай, енді бірде үш күнге тіріліп, Баянмен уақытша қосылып, біраз өмір сүргеннен соң қайта өледі.
Зерттеу жұмысының нысаны: Қозы Көрпеш- Баян Сұлу жырындағы көнерген сөздердің лингво-танымдық сипаты.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Аталмыш жырдағы көнерген сөздерге когнитивтік талдау жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Көнерген сөздер туралы түсінікпен таныстыру
2. Лиро-эпостық жырдағы көнерген сөздердің лингво-танымдық мәнін ашу.
Зерттеудің жаңалығы: Жырдың ең құнды жағы - тіл байлығында. Онда араб-парсы сөздері мейлінше аз, байырғы халық сөзінің мол лексикалық қорына негізделген. Тіліңде қазіргі жастар біле бермейтін, кейде жолсыз ұмытылып бара жатқан көне сөздер баршылық.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебеттер тізімінен тұрады.

1 Көнерген сөздер туралы түсінік
Тіл - тарихи құбылыс. Ал лексика халық өміріндегі барлық өзгеріс, өсу процесін белгілеп беретін айна іспеттес. Біз сөз байлығымызды үйрене отырып, одан халық тарихын да үйренеміз. Халық тұрмысындағы өзгеріске байланысты кей ұғымдар ескіріп, оны аңғартатын сөздер қолданудан қала бастаса, жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер дүниеге келіп жатады.
Тілдегі сөздердің көнеруі не біржолата жоғалуы - күрделі құбылыс, ол өте ұзақ уақытты қажет етеді. Белгілі ұғымның көнеленуіне байланысты оны аңғартатын сөздің де қолданысы сирей бастайды. Яғни актив қабаттан пассив қабатқа көше бастайды деген сөз. Одан әрі бірте - бірте ұмыт болып, тіл де бүтіндей қолданылудан қалады, бірақ бұл процесс әр кезде дәл осындай бірқалыппен жүре береді деуге болмайды. Кейде сирек қолданысқа түскен сөз актив қабатқа қайта оралуы мүмкін. Мысалы, әулет сөзі бұрын бір атаға жататын үрім-бұтақ, тұқым зәузат деген мағына беріп, рулық дәуірде актив қабатқа жатса, Қазан революциясынан кейін сирек қолданылатын, тек өткен дәуірді суреттейтін шығармаларда кездесетін сөзге айналып еді. Қазір шахтерлер әулеті, қойшылар әулеті сиақты тіркестер де жиі қолданылып жүр.
Көнерген сөздерді түсінікті, түсініксіздігіне қарай көне сөз, көнеленген сөз деп бөлуге болады.
А) көне сөздердің мағынасы түсініксіз, олардың мағынасын тек этимологиялық талдау арқылы ғана анықтауға болады. Ондай сөздер сөз тіркестерінде жиі кездеседі. Мысалы: түмен басы (он мың), көз шырымын алу, кежегесі кейін тарту, сазасын тарту (жаза), кебін киген келеді, кебенек киген келмейді, аунап-қунап (сергу), қару - жарақ асынып(құрал); Ә) көнеленген сөздер қолданылудан қалғанымен мағынасы аздап түсінікті болып тұрады. Мысалы, сауға(араша), ұлы(балық), садақ, жақ, жебе, сауыт, берен т.б. Бұл топқа кейінгі дәуірде ғана архаизм қатарына ауысқан қызыл әскер, саужой(ликбез), кедейлер комитеті совдеп, рабфак, МТС т.б. сөздерді де жатқызуға болады.
Көнеру процесі кенет бірден бола қалатын қүбылыс емес, әуелі, қолдану жиілігін бәсеңдетіп, пассив сөзге ауысады да, соңынан жаңа ұрпақтың біреуіне жеткенмен, кейінгілерге еркін жете алмай, түсініксіз болып ұмтыла бастайды. Бара-бара қолданудан біржола ығысып, кейбіреулері тілден жоғалып та кетуі мүмкіп. Көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне карай көнерген сөздер архаизмдер жоне историзмдер болып екі сала бөлінеді.
Қоғам дамуының барысында көптеген ұғым ескіріп оны аңғартатын сөз де актив лексика қатарынан қала бастайды. Бұндай сөздер негізінен тарихқа байланысты болып келеді. Мысалы: құл, бай, манап, шонжар, жалшы, күң, хан, уәзір. Бұл сөздер халқымыздың өткен өмір тарихын, қоғамдық құрылысын көрсетеді. Тарихты ол сөздерсіз білу мүмкін емес. Сондықтан да көнерген сөздердің бұл түрін тарихи сөздер деп атайды. Тарихи сөздер мағыналарына қарай бірнеше топқа бөлінуі мүмкін:
1. Әкімшілік басқарумен байланысты туған историзмдер: хан, ханша, ханым, ханзада, так, таж, уәзір, бек, бекзада, датка, патша аға сұлтан, ауылнан, болыс , старшын, би, казы, атшабар шабарман нөкер, құл,күн, орда малай, бикеш,, бәйбіше,тоқал, дуан,елубас, г б.
2. Әскери атақ пен қару-жараққа қатысты историзмдер: Садак, жак, жебе, қорамсак, оқшантай, сауыт, қалкан, айбалта, найза, жасақ, қосын, шеру, сарбаз, дулыға, байрақ, адырна, қозы жауырын, ақберен, шарайна, наркескен, кіреуке, аламан, білтелі мылтык, шиті мылтык, алдаспан т. б.
3. Совет тұсында пайда болған историзмдер: нарком, губком, совдеп, рабфак, алшылар комитеті, кедейлер комитеті, партия ұясы, қызыл эскер, қызыл отау, нәп, нәпман, косшы, өзара салық, БК(б)п, ұя қатшы, сауатсыздықты жою (саужай). старба, қара айғыр, төраға т. б.
Көнерген сөздер, әсіресе, историзмдер ауыспалы мағынада қолданылып неше алуан экспрессивті мән тудырады. Мысалы: балық суында патша, жігіт еліндс патша (мақал). Ынтымақ -- оқ өтсе сауыт. Татулық -- тамаша саулық (мақал) Ер азамат белгісі. Түзде мырза, үй де құл (мақал). Қараша үйден ханша шығар (макал). Жалғыздың жағы жоғалса да табылмас. Көптің оғы жоғалса да табылар (мақал). Шықсаң ұзақ сапарға, Арымас ат -- от арба (мақал). Историзмдердің кейбірелеулерінің тура лексикалық мағыналары көнергенімен ауыспалы мағыналары сол күйінде тілде сақталады.
Историзмдер көнерген бетте ескіріп кетсе, қайтып тілге оралмайды.Тарихи сөздердің қазіргі қазақ тілінде синонимдері болмайды, ал архаизмдерде ол бар. Олар негізінде көне дәуірге қызмет еткен, сол кездің ұғымын ғана бере алады. Дегенмен тарихи сөздер кейде жаңа ұғым үшін жаңа мағынада қолданылып, актив лексикаға енуі мүмкін. Мысалы, би сөзі дойбы ойынында дамка ұғымында қолданылады. Қазы сөзі жюри ұғымында айтылып жүр.
Тарихи сөздер ғылым және көркем әдебиет стилінде қолданылады. Ғылыми стильде ғылым тарихы, қоғам тарихын баяндау үшін қолданылады. Ал, көркем әдебиетте көбінесе тарихи тақырыпта жазылған шығармаларда әлеуметтік тұрмысты ашып суреттеу үшін қажет.
Тарихи сөз зат-ұғымның ескіруіне байланысты болса, архаизмдер ұғымның емес, атаудың ескіруіне байланысты қалыптасады. Мысалы: ұлыс(халық), тілмаш(аудармашы), бодан(халық) т.б. Архаиздердің аңғартатын ұғымы жойылмайтындықтан, оның жаңа атауы синоним болып келеді. Мысалы: поезд - отарба, ұшақ - аэроплан, шкаф - кебеже, киімілгіш - адалбақан т.б.
Ендеше архаизм әр халықтың күн көріс тіршілігіне салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпына, дүние танымына қарай әр дәуір де өзгеріп басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер. Қазақ тілінде архаизмдердің мынадай түрлері бар:
1. Мата-кездеме атауларымен байланысты архаизмдер: торқа, мақпал, шайы, пайы, мауыты, биқасап, борлат, лостек, ақсақ, репес, манат, дүрия, патсайы, берен, тұқаба т. б.
2. Салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты архаизмдер: сауьн айту , ас беру, ұрын бару, құда түсу, кит кию, тілеу азық, мертік ас, жарыс қазан, тоқым қағар, отқа салар, бесік кұда, бел құда, жеңгетай, беташар, тасаттык, бастаңғы, қол кесер, шашу, барымта, көрімдік, қалың мал, байғазы, өлітірі, қырық жеті.
3. Киім-кешек, ыдыс-аяк атауларына қатысты архаизмдер: шидем, шекпен, күпі, кебіс, сәукеле, жарғақ, саба, кісе, жаулық, қоқы, жағлан, күлапара, қол жаулық, кебеже, шара аяқ, көбіс, сапты аяқ, түтқыш, казан қап, көнек, асадал, талыс, шөншік, керсеп астау, кебене, т. б.
4 Діни ұғымға қатысты архаизмдер: қиямет қайым, мүңкір-нәңкір, қазірет, біродар, зікір, жаназа, мүпти, підия, ақирет, қажы, құшыр, сәлде, жарапазан, әзірейіл, періште, сәресі, айт, ішірткі, ораза, иігір, бойтұмар, әулие, әнбие, жар болу, аян беру, кітап ашу, құран шығарту, бата оқыр, дем салу, үшкірту, аптау, ұшықтау, пірге кол тапсыру, шариғат, ақтық байлау, жайнамаз, дұғалық, жыртыс т. б.
5. Ай аттарына қатысты архаизмдер: наурыз -- март, көкек -- апрель, мамыр -- май, маусым -- июнь, шілде -- июль, тамыз -- август, қыркүйек -- сентябрь, қазан -- октябрь, қараша -- ноябрь, желтоқсан -- декабрь, қаңтар -- январь, ақпан -- февраль.
6. Үй тұрмысына, мал атауларына қатысты архаизмдер: лашык, итарқа, жаппа, шошала, жолым үй, ергенек, иткірмес, дағара, қақыра, аран, Опан ата (қой), Қамбар ата (жылқы), Ойсыл қара (түйе), Зеңгі баба (сиыр), Шекшек ата (ешкі) т. б.
7. Әр түрлі ұғымга қатысты архаизмдер: аламан, алапа, албан, алаш, аластау, ақсарбас, дат, ақсақалдық, ақшом, ақшомшы, керуен, ақ сүйек, ақтаяқ, сүндеттеу, ақыретшіл, жаушы, жоралғы, мор, бұзачшық, тоғанақ, томыртқа, т. б.
8. Жалпы түрік тілдеріне тән архаизмдер: будун, ұлық, ұлыс, жұрт, тәңрі, толағай, адақ, дарқан, бек, мешін, т. б.
Тарихи сөздердің актив лексикадан шығу себебін білу оңай, өйткені түгелдей өткен өмірдегі қажетсіз зат, құбылыс, ырым, дінге байланысты сөздер. Ал архаизмнің актив лексикадан шығу себебін түсіндіру біршама күрделілеу. Өйткені будун - сөзінің орнына араб тілінен енген халық, тілмаш сөзінің орнына аудармашы деген сөздердің келуін тілдің ішкі және сыртқы заңдылықтарымен дәлелдеу керек болады.
Архаизм лексикалық және семантикалық архаизмдер болып екіге бөлінеді. Лексикалық архаизмдерге: бітік (жазу, хат), будун (халық), қолаң (бел, белбеу), сын(мола, қорған), т.б. қазіргі тілімізден ұмыт болған сөздер жатады. Ал, семантикалық архаизмдерге бұрын да, қазіргі актив лексикада жиі қолданылатын сөздер жатады. Мысалы, ару, сағын, өң, қылық, қарындас, алып сияқты сөздер қазіргі тілімізде көпшілікке толық түсінікті. Бірақ бұрынғы ару (таза,күмәнсіз), сағын (ойлау, еске алу), өң (алды, әуелі), қылық (мінез, тәртіп), қарындас(туысқан), алып (батыр,ер жүрек), сөзі түсініксіз де, тек ару(сұлу), сағын(күту), қылық(кісінің көзге түсер қимыл әрекеті, сөзі), қарындас(бірге туған өзінен жас қыз), алып(үлкен).
Архаизмдердің бүгінгі қолданыста жүрген синонимі болғандықтан шығармаларда тек стильдік мақсатта қолданылады. Егер өткен дәуірдің ұғымын бүгінгі сөзбен (жаңа синониммен) берсе, көркем әдебиеттің әсерлі де айшықты шығуына көлеңкесін түсірген болар еді. Архаизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы үш түрлі стильдік мақсатен жүзеге асады:
А) Автор суреттеп отырған белгілі бір дәуірдің колоритін жасау, анық тарихи шындықты оқырманның көз алдына елестету үшін қолданылады.
Ә) Архаиздмер автордың көтеріңкі стиль жасау мақсатында қазіргі дәуірді суреттеген шығармаларда қолданылуы мүмкін.
Б) Кейде архаизмді ирония, сатира, комедия туғызу үшін арнайы тілдік құрал ретінде жұмсайды.
Тарихи сөздер мен архаизмдердің бір-біріне ұқсастығы мен өзгешелігін анықтап саралап шықса, мынадай қорытынды шығаруға болады:
1. Архаизмдер қазіргі бар зат не ұғымдардың ескі атауы да, тарихи сөздер дәуірі өткен, қазір жоқ заттар мен құбылыстардың атауы.
2. Архаизмдердің актив лексикада синонимі болады, ал тарихи сөздердің синонимі болмайды.
3. Архаизм жаңа атаудың пайда болуына байланысты қалыптасса, тарихи сөздер зат пен құбылыстың қазіргі заманда жоқ болуына байланысты пайда болады.
4. Тарихи сөз тек номинативтік, әрі стильдік бояуға ие. Сондықтан да тарихи сөз өткен дәуірді баяндау мақсатында қолданылса, архаизм сонымен бірге көркем шығармада кейіпкер тілін даралау, ойнақы - ирония туғызу үшін пайдаланылады.
Сонымен қорытындылай келгенде, мынаны ескерген жөн. Көнерген сөздердің көнеру дәрежесі үш түрлі болады:
1. Әбден үмытылып, қолданыстан біржола шыққан көнерген сөздер. Бұл тәрізді архаизмдердің мән-мағынасын белгілі деректерге сүйеніп, сұрап білу арқылы болмаса, қазіргі кезде мүлдем түсініксіз болады да, ешқандай туынды сөз жасауға қатыспайды. Мысалы, Керекейді атпа, қонжығы жетім қалады (макал). Асабасы жоқ, асқа жарымас (мақал). Бірдің кесірі мыңға, Мыңның кесірі түменге (мақал). Осындағы керекей -- аюдың ұрғашысы, қонжық -- аюдың күшігі, асаба -- дастарқан ағасы, тамада, түмен -- он мың деген ұгымды білдірсе керек. Бұл сөздердің мағыналары іздестіріп. сұрап білу арқылы ғана анықталып отыр
2. Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған, көнерген сөздер - бүлдіршіндей (бүлдіршін, баданадай (бадана), сүйріктей (сүйрік), алпамсадай (алпамыс), еңгезердей (еңгезер), бырдай (быр), дардай (дар), тығыршықтай (тығыршық), абажадай (абажа), добалдай (добал), қаршадай (қарша), зәредей (зәре), шырадай (шыра), т. б.
Жеке сөз ретінде қолданыстан шығып қалғанымен, мақал-мәтел мен фразеологиялық тіркестердің құрамында әлі де қолданыла беретін көнерген сөздер: торқа -- жібек, жарақ, -- қару, күсу -- жеру, қунау -- сергу, қырым -- алыс, сауға -- араша, кент -- қала, жарлық -- бұйрық, азар -- өкпе, зейнет -- рақат, түлен түртті -- сор. Архаизмдер жеке сөз түрінде де, сонымсн бірге сөздің көнерген бір мағынасы ретінде де кездсседі. Мәселен, Таныған жерде бой сыйлы. Танымаған жерде тон сыйлы (мақал) дегендегі тон деген сөз ертеде киім мағынасында жұмсалған болса, казіргі кезде бұл сөз бұл мағынада мүлдем колданылмайды. Сол сияқты тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз тәрізді жан-жануарлардың аттары өздерінің заттык лексикалық мағынасының үстіне революцияға дейін белгілі бір жылдың (әрбір 12 жылда бір рет қайталанатын) атауы ретінде де жұмсалып келген болса, бүгінгі күнде бұл сияқты қолданыстар (мағыналар) тілімізден шығып қалды деп семантикалық архаизмге айналып кетті. Сондай-ак, күн бір жауса, терек екі жауады (макал) дегендегі терек сөзі қазіргі әдеби тілдегі ағаштың бір түрі ретінде емес (тополь), жалпы ағаш деген үғымды білдіріп тұр. Демек, терек деген сөздің де бастапқы мағынасы семантикалық архаизмге айналып кеткендігін көреміз. Терек сөзінің алғашқы мағынасы (жалпы ағаш деген ұғымды білдіруі) мақал-мәтелдер мен жергілікті халықтың сөйлеу тіліндегі ерекшелік ретінде кейбір облыстарда (Гурьев) сакталған. Сайып келгенде, архаизмге жататын сөздердің көнеруі ескі сөздерді күнделікті қолданыстан, ығыстырып оның орныша неғұрлым ыңғайлы, жаңа төлеу сөздердің келіп басуымен тығыз байланысты.

2 Жырда кездесетін көнерген сөздерге когнитивті талдау

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырындағы көнерген сөздерді тақырыптық жағынан былайша топтастыруға болады: салт - дәстүр мен әдет-ғұрып атаулары, қару-жарақ атаулары, киім-кешек, мата, ыдыс-аяқ атаулары, сол замандағы лауазымдар мен тұрмыстық ұғымдарға қатысты.
Салт - дәстүр мен әдет-ғұрып атаулары халқымыздың дүниетанымындағы ерекше орны бар құбылыстарының бірі. Этнографиялық ерекшеліктеріміз іспеттес жырда осы атаулардың бүгінгі күнде ұмытылып бара жатқан түрлері ұшырасады. Солардың бірі - бел құда (еже-қабыл) немесе баталасу.
Торсықтағы малтаны шайып ішіп,
Іште жатқан балаға бата қылды.[1..14]
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде , баталасу ұғымына мынадай анықтама береді: 1. Құдай, Құран атымен анттасу, серттесу. 2. Екі жақ ризаласып, құда болысу. Яғни мұнда іште жатқан балаға бата қылды деген тіркесті пайдаланғандықтан ата-аналары әлі дүниеге келмеген нәрестелерді күні бұрын атастырып, белқұда болып қояды. [2..114]

"Құдая, ер Қозының жолын қыл деп!" - деп,
Баршасы көп зарланып қылған аза.
Құдайым құр тастамас, сірә, көпті,
Дұға қылып, тасаттық тарап кетті.[1..26]
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде тасаттық бұл - 1. белгілі бір тілектің орындалу мақсатымен Құдай жолына мал сойып, жұртқа тамақ беру,құрбан шалу әдеті.2. Садақа, құрбандық [2..787].
Тасаттық сөзi араб тiлiнен аударғанда -- құрбандық -- құрбандық шалу деген мағынаны бiлдiредi [8..32]. Ғасырлар қойнауынан бiзге келiп жеткен қазiргi тасаттықта көне шамандық iлiм мен ислам дiнiнiң ықпалын байқауға болады. Тасаттық - жауын шақыру ғұрпының ұжымдық түрде орындалатын түрі. Тасаттық сөзі белгілі бір тілектің орындалу мақсатымен құдай жолына көпшілік атынан мал шалу мағынасында қолданылады. Этнографиялық әдебиеттерде ислам дінінің әсерінен шаман дінінен келе жатқан бұл дәстүр көптеген өзгерістерге ұшыраған. Сиқырлап жауын-шашын шақыруды күн жайлату дейді. Ескі наным бойынша сиқырмен жауын-шашын шақырып, дауыл тұрғызатын дағды болған. Күн жайлатудың бұрын мынадай шарты болғанға ұқсайды:қылаң, ақ боз жылқының, яки маралдың ішінен шығатын қызыл тасты бір ыдысқа салып, үстіне су құйып арбау-шақыруды оқитын, бұлт шақырып, жаңбыр жаудыратын.[9..89]
Жырда он сан Ормамбет елінде Қарабай мен Сарыбай дейтін екі бай болады.Қарабайдың тегі түрікпен, Сарыбайдың тегі Ноғайлы. Қарабай мен Сарыбай Балталы, Бағаналы еліне көшіп келеді. Балталының елі, оның биі Тайлақ бұларға ерулік беріп, құрметтейді.[1..12]
Сөздікте көрсетілгендей, ерулік беру - ауыл ортасына жаңа үй көшіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Алпамыс батыр» жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Лиро - эпостық жырлар
Қырымның қырық батыры жырының лексикалық сипаты
“Қозы Көрпеш - Баян сұлу” лиро - эпостық жыры
Қыз Жібектің аулы
Фольклорлық шығармаларды оқытудың қажеттілігі
«Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты
Өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуы
Қыз Жібек жыры және оның поэтикасы
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер