Таза бұлақ


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Таза бұлақ

Эссе

«Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға»

(А. Құнанбаев)

Жайсаңбек Молдағалиевтің «Таза бұлақ» шығармасы қазақ халқының тарихында өзіндік орны бар, өз заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педогог Ыбырай Алтынсариннің «қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кіріскен» педогогикалық қызметіне арналған. Ыбырай Алтынсарин - қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Жастарға оқудың есігін айқара ашып, болашағын меңзеген өнер мен білімнің жаршысы, өз өмірін халқы үшін тер төгіп еңбек етуге арнаған нағыз ұстаз ретінде тани аламыз. Жалпы Ыбырай Алтынсариннің заманы тарихқа көз салар болсақ, патшаның қарулы күшіне сүйенген жергілікті әкімдер мен феодалдар халық қанын сүліктей сорып, буынын босатып, діңкесін құртып, өмр тауқыметін тарттырған заман болатын. Қайраткердің осынау бір ауыр кезеңде өмір сүріп, жасымай, талмай елі үшін еңбек еткені біздер үшін ардақты іс деп білеміз.

Ыбырай оқытушылық, ағартушылық жұмысты өзіндік жеке мақсат деп білген жоқ. Оның тек қоғамдық мәніне терең түсініп, сол игілік үшін өзін құрбан етуге даяр болған адам. Қазақ еліндегі қараңғылықтың торын бұзып, надан қазақтың көзін ашу, сауатты қылу, патша өкіметінен осы надандық үшін бірнеше ғасырлар бойы тартқан аянышты халыққа аз да болса көмек етуді азаматтық борышым деп білді. Алайда қазақ халқының молдаалардың оқытып жүрген ілімі адам баласын дұрыс ойдан адастырып, қазақ балаларын оқытуға қырсыз болып тұрғанын Ильминскийге жазған хаттарының бірінде айтады: « Сіз - қазақ халқы ұғымтал, ақылды, бірақ оқымағын халық дейтініңізге мен сенімдімін. Қазақтарды оқыту жөнінде бастықтарымыз бекіністердің жанынан мектеп салудан гөрі, үйлерінің онсыз да қызыл төбелерін боятқанды, онсыз да ақ қабырғаларын ақтай түскенді тәуір көреді». Міне, осындай ортаның наразылықтарына қарсы күресе жүріп қазақ балаларын оқыту, оларға мектеп ашу жұмыстарын қажырлықпен ілгері бастырған еді. Сонымен қатар Ыбырай мектептің мақсаты тек білім беру ғана емес, соған қоса, елді мәдениетті тұрмысқа баулу, жақсылыққа жетелеу деп зор үміт артып, ұстаздардың жүріс-тұрысы, киім киісі, үсті басын күтуі алдында отырған шәкіртіне үлгі, сондықта датазалыққа көп көңіл бөлуді меңзейді.

Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметіне арналған шығарманы оқи отырып, ұстаздықты өз кәсібін, барлық шәкіртін, мектебін, қоғамның мүддесін ойлаушы адам ретінде түсінеміз. Қазіргі ойланып отырсақ, Ыбырай Алтынсариннің шашқан тәлім-тәрбие ұрығы зая кеткен жоқ. Оның аңсаған армандары қазірде жүзеге асып жатыр.

Ендеше, бүгінгі білім мен бәсекелес заманда казақ халқының биіктен көрінуіне ұстаздардың жаңашылдығы, жан-жақты берген тәрбие арқылы көрінері анық. XXI ғасыр - білімділер ғасыры. Олай болса ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты дамыған парасатты ұрпақ тәрбиелеу ұстаздардың, болашақ ұстаздардың міндеті екендігін естен шығармаған жөн.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шашпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рахат, шын бақытын тапса адам.

(402 сөз)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақы есебі мен экономикалық көрсеткіштері және Бұлақ-Астық шаруашылығына кеткен шығын есебін талдау
Туған жердің табиғи байлығы
Сусыз тіршілік жоқ
Қарқаралы тауларындағы туристік базалардың және емдеусауықтыру орындарының сипаттамасы
Студенттің практика бойынша есебі
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН (1841-1889). Өмірі мен педагогикалық қызметі
Ландшафттық карталардың түрлері
Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері
АЛАКӨЛ көлінің емдеу қасиеттері
Ыбырай Алтынсарин ағартушы педагог
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz