Бүгінгі Атымтайлар мен Ы. Алтынсариннің Атымтай Жомарт әңгімесіндегі кешегі атымтайдың ұқсастықтарын дәлелдеңіз


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Эссе

Бүгінгі Атымтайлар мен Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі кешегі атымтайдың ұқсастықтарын дәлелдеңіз

Жомарттық - ысырап пен сараңдықтың ортасы.

Әл-Фараби

Жомарттық - қазақтың төл мінезі. «Қонаққа жалғыз атын сойып беріп, ертесі жүген ұстап отыра беретіні де» сол мінезінен. Жомарт адам бергенін айтпайды. Қазақта «қолы ашықтың жолы ашық» демей ме?! Сондай-ақ қазақта жомарт жігітті қыранға теңейді. Ал, сараң жігітті жапалаққа ұқсатады. Оның мәнісі неде? Өздеріңіз білетіндей жапалақ өзінің тапқан азығын қанатының астына тығып алады. Көбіне олжасын түнге қарай аулайды. Ұстаған жемтігін ағаштың биік жеріне апарып, қанатының астына тығып, жан-жағына алақ-жұлақ етеді. Ал, қыран құс олжалы бола қалса қасына құс атаулының барлығы дерлік жинала қалады. Оларды қумайды, әйтпесе, қыран деген атағы бар, күші жетеді емес пе?! Керісінше, ұстағаннан кейін жан жағына шашып жейді. Сол шашылған ет қалдықтарына басқа құстар таласып қалады. Бейшара құстар сол қыранның жанында жүріп әйтеуір бір тояды.

Қазақ әдебиетінде де сол Атымтайдың жомарттығы талай айтылған. Солардың бірі Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесі. Ұлы жазушы бұл әңгімеде не айтқысы келді, әрі бүгінгі қоғаммен ұштаса ма?

Атымтай Жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып, жұмыс қылады екен. Бұл іс-әрекеттерден нені аңғаруға болады? Адалдық. Қанағатшылдық. Еңбекқорлық. Осы үш ізгі қасиет біріге отырып, кірпіштей қаланып, «адам» атты үлкен үй тұрғызды.

Тарихи деректерге сүйенсек, Атымтай Жомарт - түрлі халық фольклорында кездесетін, әрдайым жағымды образ ретінде сипатталатын кейіпкер. Оның нақты қай жылдары өмір сүргені белгісіз, алайда ғалымдар арасында VI ғасырда өмір сүрген деген болжам бар. Аталған кейіпкер Шығыс халықтары фольклорында хикаяттық, қиял-ғажайып ертегі, тұрмыс-салт ертегі сынды үш түрлі сипатталады. Біз оқып отырған Ы. Алтынсарин әңгімесі оның өмірі мен жомарт болу себебін нақты баяндайтындықтан, осының алғашқысына жатады.

Ал қазір жаһандану заманы. Жылдар өтіп, ғасырлар жылжыған сайын адамдар да өзгеретіні хақ. Пайдасыз тұяқ қимылдамайтын мына замандығы мырзалық қандай? Қазіргі атымтайлар күнде қарапайым киініп, ауылға барып елдің жағдайын жасап, өзінің байлығының барлығын дерлік бөліп бермегенімен, туған жеріне пайдасы тиіп жүргені қаншама?!

Қазақ жеріндегі Атымтай Жомарттардың ізін жалғап жүргендер де бар. Солардың бірі - бизнесте көшбасшы болмаса да, шалқып-тасып өмір сүрер табысы бар, маңдай терін төгіп тапқан ақшасын басқалар шетелдегі виллаларға жұмсаса, ол өзінің туған жерінің қара топырағына тал егіп, оның қоқысын тазалаумен айналысып, мұғалім жалдап жүзден астам баланы шет тіліне тегін оқытып жүрген кәсіпкер Ержан Серікбаев. Әрине мұндай адамдардың қатарын жалғау беруге болады, оған шүкір дейміз. «Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзіме ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын», - деп ойлап, асқан дәулеті болса да қаапайымдылықпен өмір сүрген Атымтай Жомарт пен бүгінгінің «атымтайының» ұқсастықтары да өз адал еңбегімен нанын тауып, еліне, халыққа жаны ашып, шынайы жүректерінен туған ықыластарында болар.

Қорыта айтқанда, қалталы болу үшін білім керек. Байлықты сақтап тұру үшін қанағат пен иман керек. Осы қасиеттерді әрдайым есте ұстасақ, әлі талай шын мәніндегі Атымтай Жомарттардың көбейетіні хақ.

(439 - сөз)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин - ақын
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары
Алтынсарин дер едік
Мектептің жаны - мұғалім
Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері
Ш.Құдайбердіұлы шығармаларындағы адамгершілік мәселесі
Ы.АЛТЫНСАРИН ДӘУІРІ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ АЛТЫН ҒАСЫРЫ
Ыбырай Алтынсариннің әдеби мұрасының мағыналық, көркемдік, ағартушылық құндылығы
Ыбырай Алтынсариннін білім философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz